Қан топтары сіз туралы не айтады…

Айболатқызы Альбина

Гипотеза (болжамы)

Қан құю бір жағдайда адам өмірін құтқарып, көмектеседі, ал енді бірде  өлімге әкелді. Сондықтан болашақта әрбір адам өз қан тобын және резус- факторы анық білуге және ешқашан  шатасуға болмайтынын білуі керек.

Зерттеу жүйесі:

Ақпарат көздерін жинақтау, қосымша көптеген ізденістер арқылы материалдар жинау, қан топтарын толық білу, тәжірибені көзбен көру, қорытынды шығару.

Зерттеу әдістері:

Іздену, баяндау, бақылау, талдау, салыстыру, жүйелеу, ой қорыту.

Зерттеу жаңалығы:

Зерттеу барысында көптеген жаңалықтар ашқандай болдым, себебі өзімнің қан тобымды қайтадан тексерту барысында қан тобының өзгермейтініне көзім жетті, өзімнің жақсы көретін тамақ, көкөністердің қан тобыма сәйкес келетінін анықтадым, өзімді тәжірибеге ала жүріп, бойымдағы өнерімнің де дәл қан тобыма сәйкес келетінін және темперамент пен мінезіме де өте сәйкес келетініне толық көзім жетті.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Зерттеу жұмысым кіріспеден, зерттеу бөлімінен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Тәжірибелік маңызы:

Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті дәстүрінің бірі-жеті атадан асқанша бір-бірімен қыз алысып, қыз беріспеу дәстүрі. Аталары туыс, қандары жақын адамдар бір-бірімен үйленсе, олардан туған ұрпақтың өмірге аурущаң, ақыл-есі кем болып туылатынын атам қазақ ежелден-ақ білген. Мұның өзі қан тазалығын және болашақ  ұрпағымыздың денсаулығын сақтауға алтын діңгек екеніне күмән жоқ.

Айболатқызы Альбина

«Қан топтары сіз туралы не айтады…»

Пікір

Оқушының жазған ғылыми жобасымен танысып шықтым. Жұмыс өзінің оқитын сынып деңгейіне, жас ерекшелігіне сай жазылған. Жұмыс барысында қосымша әдебиеттер, ғаламтор материалдары да қосымша қолданылған. Жұмыс мақсатына жету үшін кітапханадан және керекті жерлерден материал жинақтап, бақылау, тәжірибе жасалған. Қосымша мұғалімдерімен жұмыстар жасалған. Зерттеушіміз Альбина тақырыпты ашу мақсатында, қан топтарының өзгермейтініне көз жеткізу арқылы дәрігерлік амбулаторияға барып, қан алдырып, тәжірибеге көз жеткізген.

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты қан топтарының маңызын білу, қан -денені оттегімен қамтамасыз ететін ең маңызды сұйықтық екенін, адам өмірі үшін оның бүкіл ағзасын қамтып тұратын қанның маңызы зор екенін, қан болмаса өмір тоқтайтынын, ал осы қанның өзіндік сырлары өте көп екенін білу мақсатында қызығушылық танытып зерттегені көрініп тұр.

Жобаны зерттеу барысында жалпы қан туралы мәлімет күрделі тақырыптардың бірі екенін дәлелдеген. Бірақ оқушы өз қызығушылығын, білгісі келген маңызды нәрсемен өзін қанағаттандыру мақсатында, қан тобының неше екенін, қан тобының мінезге әсерін, қан тобының тамақтануға қатысын, қан тобының темпераментке қатысы қандай сияқты қызықты мәліметтерді ізденгені және өзіне тәжірибе жасау арқылы байланыстырып жазғаны көрінді.

Алдағы уақытта осы тақырыпты әлі де жан-жақты зерттеп қарастырады деп ойлаймын.

Мазмұны:

 

1.Кіріспе……………………………………………………………………………1-2

2.Зерттеу бөлімі

2.1.  Қан тобына көп нәрсе байланысты  ………………….      2-4

2.2.  Адамның мінез-құлқы қан тобына байланысты…    5-7

2.3.  Қан тобына қарай тамақтану ерекшеліктері…………  8-10

2.4. Темперамент пен қан тобының байланысы ………..   11

  1. Кіріспе

Адам өмірі үшін оның бүкіл ағзасын қамтып тұратын қанның маңызы зор. Қан болмаса, өмір тоқтайды.

Ал осы қанның өзіндік сырлары өте көп, олардың кейбірін ғалымдар қазірге дейін нақты шеше алмай келеді.

Біздің әзірге білетініміз -қан біздің барша ағзамыз арқылы өтеді, одан қалдықтарды қуады. Ал оның сапасына көп нәрсе тәуелді, физикалық қана емес, рухани дамуда да оның орны ерекше, ол адамның бүкіл тір­шілік әрекетіне, мінез-құлық, білім деңгейіне, жан-дү­ниесіне, сезіміне, көңіл-күйіне тікелей әсер етеді. Қан айналымы адамда ана құрсағында жатқан кезден пайда болады.

Ересек адам денесінде 5 литр қан болады. Олар мынадай төрт топқа бөлініп қаралады:  О (1-ші), А (2-ші), В (3-ші) және АВ (4-ші) топтар. Әрбір адам өзінің қан тобын білуі тиіс, қан құю қажет болғанда бұл керек болады.

Ал қан құрамы адам жасының ұлғаюына, тұтынған азық, сұйықтар түріне, тұрғылықты жері ерекшелік­теріне қарай өзгере береді.

Әр адам өзінің қандай қан тобына жататынын жақсы біледі. Бірақ қан тобы адам мінезінің қандай екеніне әсер ететінін білмеуі мүмкін. Ал қан тобы мінез қалыптастырушы фактор болып табылады екен.
Қан топтары деген не? Оны кім және қашан ашты? Қан топтарын ашқаны үшін ол не алды? Донордан қан алатын адамды кім деп атайды? Әмбебап реципиент деп қай қан тобын айтады? Әмбебап донор деген қай топ? Резус фактор дегеніміз не? Өз қаныңның тобы мен резус факторын білу үшін не қажет? Міне осының бәрін кез-келген адам білу арқыды, өз өмірінің өзгерісін, өз өмірін ұзарта алады.

Адамның қаны 4 топқа бөлінеді. Қанның топтық қасиеттері иммунитет құбылысына тікелей қатысты. Қан топтарының ашылуына байланысты қан құю ережелері жасалынды.

Қазіргі медицинада қанды тек өз тобына құю қажет деген қағидаты қолданылады. Бұл мақсатпен бүгінде көптеген жағдайларда қанның эритроциттік масса, лейкоциттік масса және т.б. сияқты құрамдас бөліктері ғана құйылады. Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. [Zamana.kz сайты]

2.1. Қан тобына көп нәрсе байланысты

Адамның жалқау, қатал немесе аса мейірімді болуы қан тобына байланысты,-дейді мамандар. Гиппократ та мінездің алуан түрлі болуы ағзадағы сұйықтыққа: өт, сөл, қанның аз-көптігіне қатысты болатынын дәлелдеген болатын.

Бәріміз бірдейміз, яғни екі қол, екі аяқ, бір басымыз бар. Сөйте тұра, бір-бірімізге мүлдем ұқсамаймыз. Ғалымдардың айтуынша, табиғаттағы ақпарат сақтаушы бірден-бір нәрсе – су. Адам ағзасының көп бөлігі судан тұрады. Ол басқа да биологиялық заттармен қосылып, тұлға туралы құпияланған ақпарат береді. Бұл шифрды «адамның өмірі мен дамуы туралы мәлімет беретін биологиялық код, яғни қан тобы» деп атауға болады.
Ойлап қарасаңыз, бір жағдайда әрқайсысымыз әртүрлі шешім қа-былдаймыз. Біреу салқынға шыдай алмаса, енді бірінің ыстықта берекесі кетеді.
Қанды бірнеше топқа бөлу керектігі туралы ХІХ ғасырда айтыла бастады. 1907 жылы чех оқымыстысы Я.Янский қан тобының 4-ке бөлінетінін айтты.
Әлемде ең көп кездесетін қан тобы – 1-ші топ. Жер бетіндегі халықтың 45%-ының қаны осы топтан. 2-ші қан тобы – дүниежүзіндегі адамдардың 35%-ына тән. Адамдардың 13%-ының қаны 3-топқа жатады. Ал, 4-ші қан тобы өте сирек, адамдардың не-бәрі 7%-ында кездеседі екен.

Жапонияның қан тобын білуге деген ерекше құштарлығы өткен ғасырдың 20-жылдарында басталды. Мәліметтерге қарағанда, Екінші дүние-жүзілік соғысында кейбір арнайы әскери топтар қан тобына қарай құрылған. Жапондықтар әлі күнге дейін бейсболшыларды командаға осы қағида бойынша алады. Жұмыс берушілер қызметке алуда, маркетинг жөніндегі мамандар – өнімді ұсынуда осыған сүйенеді. Мысалы, Жапонияда әрбір қан тобына лайықтап шығарылған сусындарды кездестіруге болады. Тіпті телеарналардағы таңертеңгілік бағдарламалар «қай қан тобына жататындығын» сұраумен басталады.

Қан тобын анықтайтын құрылғыларды Жапонияда кез келген қоғамдық орындардан, вокзалдан, әмбебап дүкендерден, мейрамханалардан кездестіруге болады.

1971 жылы жапондық доктор Масахико Номи 25-жылдық тәжірибесін басшылыққа алып, адамның мінез-құлқын қанына қарап анықтауға болатыны туралы жазады. «Сіз мұндайсыз, қан тобыңыз қандай?» атты кітап 1,2 млн. данамен тараған.

Қан адамның аура деп аталатын қуаттық халін де қалыптастырады. Мысалы, халық көңілді адамдардың қанын жеңіл деп сипаттайды, ұстамсыз, тез қимылдайтындардың қаны ыстық дейді. Мінезі нашар, көре алайтын адамдардыкін – ауыр қан, жалқау, ештеңеге қызықпайтын жандардыкін суық қан дейді.

Адамның денсаулық күйін де қанына қарап анықтап отырады. Сондай-ақ отбасын құруда да қан тобына мән беру керек деседі. Бұған қатысты мынадай ұғым бар:

  • Ең сәтті жұптық үйлесім 1-ші және 3-ші топтағыларға, 2-ші және 4-ші топтағылардың одағына тиесілі;
  • Ерлі-зайыптылардың екеуі де 1-ші немесе 3-ші топтан болса, бұл да жаман одақ емес;
  • Екеуі де 2-ші, 3-ші немесе 4-ші топтан болса, үйлесуі қиын;
  • 1-ші мен 4-ші, 2-ші мен 3-ші топтағылардың тіл табысуы тіпті де қиын.

Сол сияқты, мамандардың пікірінше, адамдарға кейбір дерттер де қан тобына қарай тән болып келеді екен. Олар былай дейді:

1-ші топтағылар жүрек, көкбауыр, қалқанша без, қан ауруларына (мұның ішінде гемофилия да бар), артритке, радикулитке бейім.

2-ші топтағыларда асқазан-ішек жолы, бауыр, өт жолы, жүрек-қан тамырлары жүйесі дерттері, жүйке жүйесі аурулары, анемия, ревматизм жиі кездеседі.

3-ші топтағылар көбіне суықтап ауырады, жарақат алып қала береді, оларға жүрек-қан тамырлары, вена тамырларының кеңеюі дерттері үйір. Буындары, белі ауырады, шаршағыштық, қаназдық мазалайды. Диабет, қызыл жегі, жаңғалақтық, иммундық қалыпсыздықтар да оларда жиі кездеседі.

4-ші топтағылар жыныстық және несеп жолы жұқпалары алдында әлсіз, бүйрек, несеп қабы, асқазан-ішек жолы, жүйке жүйесі ауруларына бейім. Қатерлі ісік те  осы топтағылардың арасынан көбірек кездеседі. Депрессияға, айкезбелікке, емші-көріпкелдікке бейім­дерде қаны 4-ші топқа жататындар.

Мұны да біле жүргейсіздер. Әсіресе қанының қай топқа жататынын білу кім үшін болса да маңызды. [Ғаламтор материалдары]

Осы орайда анам мен әкемнен өзімнің қан тобымды сұраған болатынмын. І-ші қан тобына жататынымды білдім. Жалпы биология деген оқулықтан қанша жасқа келсең де қан тобының өзгермейтінін оқығанмын. Соның дәлелі ретінде аулымыздың дәрігерлік амбуларторисына барып, зерттеу жұмысымен айналысып жүргенімді түсіндіріп, қан тобымды айыртқым келетінін айттым. Сол жерде қан тобымды айырып, сол І-ші қан тобына жататынымды естідім. Бұл мен үшін тәжірибенің бас болатын.

Қан тобын айырту сәтім. (0) І-қан тобы. «Әмбебеп донор»

 2.2.    Адамның мінез-құлқы қан тобына байланысты

Адам қанын 4 топқа бөліп қарастырған дәрігер-ғалымдар осындай қорытындыға келген. Соның нәтижесінде қанның қай тобын қай топқа құюға болатыны  да анықталған.

Халықтың арасында әсіресе, қаны бірінші топқа жататын адамдар көп көрінеді. Шамамен олардың саны 46 пайызға жуық. Одан кейінгі орынды екінші топтағылар құрайды, мұндай азаматтар 42 пайыздың шамасында. Ал, қалған екі топтағылар өте аз деп санауға негіз бар. Мәселен, үшінші топтағылар-9, төртінші топтағылар-3 пайыз.

Қан тобын зерттеушілер әрбір топқа байланысты мінездеме жасаған. Олардың ойынша, бірінші топтағы адамдар ымырашылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл-сықаққа бейім, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді.

Екінші топтағылар сезімтал, сәл нәрседен көңілі қалғыш екен. Сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау көрінеді. Өзіне-өзі талап қойғыш, өз іс-әрекеттерін мұқият бақылап отырады.
Үшінші топ – секемшіл, өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды. Дегенмен, ашуын ақылға жеңдіре алады. Сабасына тез түсіп, болған жәйтті тез есінен шығарады.

Төртінші топтағылар көздеген мақсатына жетуге жан-тәнін аямайды, басқа адамдармен тез тіл табыса алады.

Әр адам өзінің қандай қан тобына жататынын жақсы біледі. Бірақ қан тобы адам мінезінің қандай екеніне әсер ететінін білмеуі мүмкін. Мысалы, бірінші топтағы қан иелері – рухани мықты болып келеді. Тумысынан көшбасшы, өмірге әрқашан құштарлықпен қарайтын жандарды кездестірсеңіз, олар осы бірінші топтағы қан иелері болуы әбден мүмкін. Дегенмен, олар өздеріне айтылған сынды ұната қоймайды, өте ауыр қабылдайды. Есесіне, олар кездескен қиындықтардан қорықпайды, мойымайды. Және бір ерекшелігі, түрлі адамдармен тез тіл табысып кете алады. Сонымен қатар, сырқат не жаралы адамдарға қан құю қажет болса, оның қай топтағы қан иесі екеніне қарамастан, бірінші топтағы қан-кез келген адамға құюға лайық болып табылады.[3]

Мен өзіме қатысты әрбір болжамға дәлелдеме ретінде мәлімет жасап отырмын. Мен І-топтағы ұан тобына жатамын. «Әмбебеп донор» (латынша «donore»- сыйлаушы) деп атайды екен, себебі бұл топтағы қан қалған үш топқа да қан бере адады.

Резус-фактор (rhesus) — адамдар мен макака-резус маймылының (аталуы осыған байланысты) эритроциттерінің құрамында болатын антиген. Резус-факторды 1940 ж.австриялық  иммунолог   К.Ландштейнер  (1868 -1943) мен америкалық ғалым  А.Винер  (1907 — 78) ашты. Адамдардың 85%-нда  эритроцит  құрамында оң Резус-фактор, ал 15%-нда теріс Резус-фактор болады.

РЕЗУС-ФАКТОР ЖӘНЕ РЕЗУС-КОНФЛИКТ

Жер бетінде тұрғындардың 85% эритроциттерінде антиген резус-фактор (Rh) бар, оларды резус оң (Rh), ал егер жоқ болса резус теріс (Rh) деп атайды. Rh-теріс қанының плазмасында агглютининдер болуы міндетті емес, алайда Rh+ қанын Rhқаны бар адамға құйса, онда резус-конфликт пайда болады.

Резус фактор оң (Rh+) доминантты, ал резус фактор (Rh) рецессивті белгі болып табылады. Бұл фактордың әсері әйел жүкті болғанда байқалады, егер әйел өзі резус-теріс, ал ұрық (баласы) резус-оң болса резус-конфликт туындауы мүмкін. Жүктіліктің соңғы айларында ұрықтың резус-оң эритроциттерінің фрагменттері анасының қанына өтіп, оның ағзасында антиденелердің түзілуін туғызуы мүмкін, ол антиденелер ана қанынан қайтадан плацента арқылы еніп ұрықтың эритроциттерін бұзады. Теріс-резусты әйелдердің бірінші жүктілігінде антиденелер қалыптасып үлгермейді, сондықтан балаға қауіп төнбейді. Алайда келесі резус-оң жүктіліктерде ұрықтың эритроциттері бұзылып, бала өлі туады немесе түсіп қалуы мүмкін, немесе күні толмай туады да қаназдықпен ауырады. Ондай жағдайда баланың қанын донордың қанымен ауыстырады. Бұны нәрестенің гемолитикалық ауруы немесе эритробластоз деп атайды, мұндай жағдай баланы өлімге әкеледі.[4]

Қазіргі кезде жаңа технология алдын ала, бала тумай тұрып, қанын ауыстыруға мүмкіншілік береді.

Барлық әскери қызметтегілер,  дәрігерлер және де қауіп-қатерлі жерлерде жұмыс істейтін адамдардың құжаттарында, сырт киімінің кеуде тұсында қан топтары, резус-факторлары жазылып тұрады.

2.3.     Қан тобына қарай тамақтану ерекшеліктері

Адам – ​​бұл енді ақылға қонымды болып табылады, және ол жануарлар дүниесiне, көп табиғатқа жақын, және, тиісінше болды бір рет, оның, Дарвиннің теориясы мынадай, сыртқа шықты. Сондықтан оны қолайлы жануарлар сияқты нәрсе, адам түйсікті қандай азық-түлік кезде. Өйткені, жыртқыштар, мысалы, жеміс-жидек және көкөністер жеп ешқашан, және қоректілер Вегетариандық болуын тоқтатады болмайды. Мұндай инстинктивтік селективті арқасында іс жүзінде жүрек және басқа аурулардан зардап шегеді. Бұдан басқа, егер жануарлар әлемінің қатыгез салт-жораларын ескермейтін болса, онда бір түрдің жануарлары табиғаттың осы адамдарға босатылған мерзімге дейін өмір сүріп жатқанын және бірдей жаста өлетінін атап өту керек. Олардың жануарлардың бейнеқосылғысы – бұл өркениеттің нәтижесінде иммундық жүйе әлсіреген адамның жоғалуы және дененің көптеген, соның ішінде өлімге толы ауруларға бейім болған қорғаушы механизмі. XX ғасырдың соңында D’Adamo (naturopathic physicians) әкесі мен ұлы америкалықтар қан тобы мен тамақтанудың өзара байланысын анықтады. Олардың теориясы адамның ас қорыту және иммундық жүйелері ата-бабаларымыздың тамақтанатын тағамдарына бейімделгеніне негізделген.Тамақтану ережелері тұтынылған өнімдердің қан тобына тікелей тәуелділігіне негізделген. Мұндай жабдықтау нәтижесінде олардың зерттеулерге сәйкес зат алмасуды жақсартады, сондай-ақ адамның иммундық жүйесін және ағзаның жалпы денсаулығын белсендіреді, сондай-ақ дене салмағын азайту ғана емес,. өзіне рациондар азаптап және шексіз калория санау үшін қажеті жоқ. [5]

Әрбір қан тобы белгілі бір диетаға және тиісінше пайдалы тағамға сәйкес келеді. 1, 2, 3 және 4 қан тобы бар адамдар үшін қандай қажет ететін тағамдары да әртүрлі екен.

 

Тамақтану ерекшеліктері

 

Бірінші топтағы  

Шағын сыбаға күн сайын жеуге ұсынылады қышқылдығы жоғары деңгейде, сондай-ақ ет( қозы немесе сиыр,және құс және қосалқы (жүрек, бауыр).  Теңіз  балығы мен теңіз өнімдері (бірақ уылдырық емес).

Олар  картоп, қырыққабат, баклажан, зәйтүн, саңырауқұлақ қоспағанда, жасыл жапырақты, бұршақ, ең пайдалы болып табылады, әсіресе, көкөніс. Жеміс көрсететін әсіресе пайдалы (апельсин, мандарин, қауын, ежевика, құлпынай) өрік және інжір болып табылады. Жұмыртқалардан, дәнді дақылдардан, ұннан және сүт өнімдерінен 1 топтың қанын ұстау керек.Сусын минералды су болып табылады.

 

Менің әкемнің қан тобы-І, анамның ұан тобы-ІІ. Мен І -қан тобына жатамын. Мен ұнатып жейтін тағам (қойдың еті, тауықтың еті, сүт, жұмыртқа, картоп, қырыққабат), мен жақсы көретін көкөністер ( апельсин, мандарин, құлпынай). Мен осы жұмысты бастамас бұрын мұндай қызыққа көз жеткіземін деген ой менде болған емес. Зерттей келе қан тобымның І-екенін, І-ші қан тобындағы адамдар осындай тағамдарды ұнататынын, әсіресе өзімнің осындай тағамдарды ұнатып жейтінімді білгенде толық көзім жеткендей болды.

Бұл тақырыпты зерттеу мен үшін қиындау тақырып екенін біле тұрсамда қызығушылығым бой бермеді. «Шешінген судан тайынбас»- дегендей не болсада алға қарай жүре бердім. Білмегенімді  кітапханашы апайдан, кітапханадан, әртүрлі кітаптар қараумен материал жинақтай бастадым сондағы мені алға жетелеген екінші нәрсе менің биге деген қызығушылығым, ынтам кішкентай кезімнен бастап-ақ білінген екен. Айналып І-ші қан тобына айналып келейін. Бұл адамдар аэробтық типті қарқынды физикалық жаттығуларға (кернеуді жеңілдетудің тамаша жолы) және ептілік пен күш талап ететін спортқа мұқтаж. Шынымен де қолым бос уақытта әртүрлі музыкаларға, теледидардан қарап би үйренемін. Би билегенді өте жақсы көремін. Бір жағынан спорт, денемді жаттықтырам, бір жағынан жақсы әуен мен ырғақ келгенде қарап тұра алмаймын.

Жетекшім Тогжан апаймен түсінік жұмыстарын жүргізу сәтінен

2.4.    Темперамент пен қан тобының байланысы

Бірінші  топтағы қан иелері – рухани мықты болып келеді. Тумысынан көшбасшы, өмірге әрқашан құштарлықпен қарайтын жандарды кездестірсеңіз, олар осы бірінші топтағы қан иелері болуы әбден мүмкін. Дегенмен, олар өздеріне айтылған сынды ұната қоймайды, өте ауыр қабылдайды. Есесіне, олар кездескен қиындықтардан қорықпайды, мойымайды. Және бір ерекшелігі, түрлі адамдармен тез тіл табысып кете алады. Сонымен қатар, сырқат не жаралы адамдарға қан құю қажет болса, оның қай топтағы қан иесі екеніне қарамастан, бірінші топтағы қан – кез келген адамға құюға лайық болып табылады. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді, байсалды, сабырлы. Әзіл айтқанды жақсы көреді.[6] Мен темперамент бойынша флегматикпин. Флегматикке тән мінез түрлері осы бірінші қан тобына жататын менің мінезіме келеді. Психолог, кітапханашы апайдан біраз материалдар қарадым, мен бұған да анық көз жеткіздім.

   Кітапханашы Лида апаймен

Қорытынды

Әр адам денсаулығы үшін,   өзінің қандай қан тобына жататынын жақсы білуі керек. Көпшілігіміз өзіміздің қан тобымызды білмей жатамыз, бұл әрине жақсы емес. Оқыс оқиға болған жағдайда  бұл ақпаратты білмеу бірқатар кедергілер туындататыны белгілі, сонымен қатар бұл ақпарат арқылы жаман ауруларды қабылдауға қаншалықты  қауіптің барын да білуге мүмкіндік бар. Өз қан тобыңызды біліңіз және ол ақпаратты әрдайым жадыңызда сақтаңыз. Және қауіп тудыру ақпаратымен танысып, дер кезінде шаралар қолдануға тырысу керек. Сол ақпарат туралы көп білетіндігіңмен кез-келген адамның өмірін құтқарып қалуыңа әбден болады. Қан тобыңызды біле отырып, қан тобымен байланысты, адамның темпераментін, мінез-құлқын, тұтынатын тағамын, бойындағы өнердің қай түріне икемділігін, қандай аурулармен байланысты болатынын және т.б. қызықты мәліметтер ала аласыздар. Мен осы тақырыпты зерттеп қарауыма айналамда кездейсоқ кездесетін оқиғалар, кейде теледидар кинолары қатты әсер етті. Өзім де болашақта дәрігер болуды армандаймын. Мүмкін бұл менің болашақ арманымның баспалдағы болар…

Алдағы уақытта осы жұмысымды тереңірек зерттеп, әлі де қызықты да құнды мәліметтерге қол жеткізетініме сенемін. Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, мен мынадай ойларды түйіп, төмендегідей ұсыныстар айтқым келеді:

  • Болашақта әрбір адам қан тобының маңызын толық білсе;
  • Әскери қызметтегілер,  дәрігерлердің сырт киімінің кеуде тұсында қан топтарының, резус-факторларының  неліктен жазылып тұратынын білсе;
  • Заманауи технологиялар қарқынды дамыған заманда керекті құрал-жабдықтар қол жетімді болса;
You May Also Like

Мүшел жас-мерейлі жас, ғылыми жоба

Ғылыми жоба «Қазақ халқының салт- дәстүрінің бірі – «Мүшел жас-мерейлі жас. Ғылыми жұмыс…

Велосипед–адам күшімен қозғалатын көлік түрі, ғылыми жоба

МАЗМҰНЫ  Кіріспе   …………………………………………………………………………………………………3 Негізгі бөлім Велосипед туралы мәліметтерге шолу жасау Велосипедтің шығу…

Ата-бабамыздың сандар әлемін жаңғырту, ғылыми жоба

«АТА – БАБАМЫЗДЫҢ САНДАР ӘЛЕМІН ЖАҢҒЫРТУ» Мазмұны: Кіріспе 1.1. Өлшеу не үшін…

Жастарымның болашағына ұялы телефонның кері әсері, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: Жастарымның болашағына ұялы телефонның кері әсері Мазмұны  Ұялы байланыстың…