Ғылыми жоба тақырыбы:

Жастарымның болашағына ұялы телефонның кері әсері

Мазмұны 

  1. Ұялы байланыстың шығу тарихына шолу 
  1. Қоғамдағы ұялы байланыстың адамзат баласына тигізер пайдасы мен зияны 
  1. XXI асыр ақпараттандыру ғасыры болғандықтан болашақ ұрпаққа ұялы байланысты тиімді қолдану шараларын ұсыну 
  1.  Жас ерекшелігіне қарай салыстырмалы түрде көрсеткішін бағалау 
  1. Ұялы байланыстың сан қырлы жаңалықтары 
  1. Қазір қоғамымызда ұялы байланыстың маңыздылығы

Мақсаты: Елбасы Н.Назарбаев «Мен жастарға сенемін» деген сөзінен бастамақшымын.  «Ертеңгі жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын бағыттарды дұрыс таңдата білу»

Кіріспе

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді. Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.[1]

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Бүгінде ұялы телефондарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын «екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі Ресей ұлттық комитеті де дабыл қаққан болатын.

Ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні ұялы телефонға жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен. [5]

   Зерттеу мақсаты

Жастарымызды,  қоғамымызды  улап жатқан  осы бір ұялы байланыстарды  дұрыс қолданылуы   адамзат баласы үшін маңызы зор екенін тілге тиек етпекпін.

1.Ұялы телефонның қосылып тұрғандағы сәулелендіру деңгейі есту, көру, мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді.

2.Ғалымдар зерттеп, қызықты қорытынды жасады; 10 жылдан астам уақыт ұялы телефонды үзбей пайдаланған адамның миына зиянды заттарды енгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Болашақта адамды мидың қатерлі ісігіне шалдықтыруы мүмкін.

  1. Шетелдік ғалымдар телефонды көп қолдану адамды Альцгеймер және Паркинсон ауруына шалдықтырады деп шешті.
  2. Шетелдік ғалымдар Сәуленің әсері кейінгі ұрпаққа беріледі деген. 1 ай бойы түрлі телефон арқылы атжалмандарды сәулелендіру тәжірбиесін жасады. Екі аптадан соң олардың иммундық жүйесі өзгерді. Сәулеленген атжалмандар қанын басқа атжалман тышқандарға екті. Кейін өліп қалды.
  3. Еуропаның электронды ғылыми зерттеу институты жүргізген көрсеткіші, телефон арқылы сәуле қабылдау гемоглобин талшықтарын кеңейтеді.
  4. Телефонға тым әуес адам бүйрегінде тас байлануына, жүрек қан тамырлары ауруына әкеледі. Дәлелдеу үшін, қан айналымын зерттеп, 60 сағат аралығында сәулелендіру жұмыстары жүргізілді.
  5. Зерттеу кем дегенде он жыл бойы телефон қолданған адамдарда ми обырының жиілігі арттыратындығын көрсеткен.
  6. Обыр тудыратын басты себепкер ұялы телефон алғашқы орын алады. Бөлініп шыққан зиянды сәулелер кішкентай баланың қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келеді. Ұзақ уақыт телефонды ұстатуға болмайды.

9.Ұялы телефон ер адамның ұрығына арақ пен темекіден екі есе көп зиян келтіреді деген ой жасады. Себебі ер адамның репродукциялық, яғни бала туғызу қызметіне зиянды.

  1. Швеция ұялы телефонға аллергияның болу ресми мойындаған мемлекет. Егер бойыңызда осы аталған аурулар мен сырқаттар байқалса, швед өкіметінен өтемақы ретінде ақшалай талап ету құқыңыз бар.
  2. Күнделікті тұрмыста көптеген адамдардың хат, электронды хабарлама, телефон қоңырауы келмесе, тағатсызданатынын байқаған. Әр жарты сағатта шырылдамаса, қарағыштап, қуатын тексеріп, алаңдап отыратынын зерттеген. Хат, қоңырау шалу, ғаламторда ұялы телефонмен ену, жолдаумен әуреге түсетін адамдардың қабілеті төмендейтінін зерттеді. Ғалымдар бұны «Ақпарат Құмарлығы» деп атады. [2]

Оны  мынадай зерттеу нәтижесінен көре аламыз: 

Қазақстан халқының ұялы байланысты қолдануы
Бас ауруы Жүйке жүйесі әсері Көзге әсері Құлақ есту қабілеті
55% 45% 70% 40%

Зерттеуміндеттері

Психологтардың зерттеуінше, компьютерлік ойын үстінде адамның ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті және рефлекстері жұмыс істейді екен. Қияли әлемге жіпсіз байланғандардың көпшілігі күнделікті өмірде іс-қимыл траекториясы мен қашықтықты есептеуде қателіктерге бой алдырады. Себебі, 3D-бейнелер кеңістігі шынайы өмірге мүлдем ұқсамайды. Осының кесірінен физикалық іс-әрекетке тек адам саусақтары түсіп, тендонит — қол саусақтары сіңірлеріне шамадан тыс күш түсіру нәтижесінде пайда болатын дертке ұшырайды. Әлемде компьютермен жұмыс жасайтын әрбір екінші адам осы аурумен ауыратын көрінеді.

Дәрігерлердің айтуынша, әсіресе, жас бүлдіршіндер виртуалды әлемнің арқасында уақыт еншісінен тысқары қалып, айналадағы шынайы тіршілікке қызығушылығы төмендейді. Ол ас ішу уақытын өткізіп, ұйқы тәртібін бұзып, сыртқы келбеті мен жеке гигиенасына аз уақытын бөледі. Сөйтіп, саусақтары пернетақта басып отырғандай қалтырап, бас ауруы жиілеп, көздері ашып, ұйқы барысында көретін түстерінің мазмұны өзгеріп, арқасы да сыр бере бастайды. Компьютерлік ойындарды көп ойнайтын адамдар көп жағдайда мойын остехондрозы, геморрой және простатит ауруларына ұшырайды.

Қазір ұялы телефондар оятқыш сағаттарды нарықтан қуып жібермегенмен, біраз ысырып тастады. Адамдарды жұмыстан, балаларды сабақтан қалдырмай, оларды ұйқыдан оятатын болды. Тіпті, ең арзан саналатын 4 мың теңгенің қалтафоны қараңғыда келе жатқан адамға «фонарик» қызметін ұсынады.[6]

Қазір мектеп жасындағы балалар мен жұмыста жүрген жастар ұялы телефоннан бір елі ажырамайды. Түнде ұйықтағанда да қастарына алып жатады. Бұрын құлаққап арқылы музыка тыңдап, жан-жағындағы әлемде шаруалары болмаса, қазір одан зоры шықты. Олар ғаламтор арқылы мобильді агент (м-агент) бағдарламасын ұялы телефон жадысына көшіріп алады да, әлемнің әр түкпіріндегі әртүрлі жастағы адамдардан дос тауып, сөйлеседі. Жөні түзу әңгіме айтса, жақсы ғой. Олардың не туралы айтып жатқанын тексеріп  жатқан да ешкім жоқ. Әйтеуір, қалтафондары қолдарынан түспейтін болды. Мұғалімдердің де сабақ үстінде кей оқушылардың осы кәсіппен айналысатынын айтатынын естіп жүрміз. Мұғалімнен қорықпаған бала, әрине, үйде тіпті еркін емес пе?

Үйінде титтей де шаруа жасамай, керісінше, қолындағы ұялы телефоннан бас алмай отыратын балалар мен жасөспірімдерді де көріп жүрміз. Жаңа технологияның жақсылығы сол — осы арқылы кей жастар достасып, кездесіп, шаңырақ көтеріп те жатыр. Жамандығы жетіп артылады: ұялы телефонның пернетақталарын басамын деп, саусақ пен қолға шамадан тыс күш түсіп, «хат келді» деген белгіні күтіп, осы кездегі желідегі келеңсіздіктерден жүйке де жұқарады, магнитті өрістер де әлсіретеді. Осылайша балалар мен жастар дертке шалдығады. Дәрігер мамандардың мәлімдеуінше, Еуропада жүргізілген зерттеулер ең аз дегенде он жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетіпті. Осы мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, жүйке жасушаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да бар. Мәлімдемеде «Алайда әуе кеңістігіндегі сигналдардың бөлінуі үшін қала орталығы секілді көп адам бар жерлерде төмен деңгейлі сигнал станциясы құрылуы керек. Байланыс әуе жолы арқылы болғандықтан сигнал төңірекке тарайды және жандыларға міндетті түрде әсер етеді» деп жазылды. Ғалымдар сондықтан да ұялы телефон станциялары денсаулыққа қауіп төндіргендіктен, мектептердің ауласы, балабақшалар, ауруханалар, саябақтарда, яғни, қариялар, балалар мен науқастар көп болатын мекендерге құрылмауы керек деген шешімге келіп отыр. [5]

Ұялы телефон қолданған кезде мына ережелерді үнемі есте сақтаңыз әрі өзіңіз соған жол бермеңіз!

жүйке жүйелеріне әсер ететіндіктен балалардың ұялы телефон қолдану

(18 жастан жоғары)

 ұялы телефонның мидан алыс болуы қажет

 

 

Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесу керек.  Қажеті жоқ әңгімеден аулақ болыңыз!

 

сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек.

 

Жүкті әйелдер ұялы телефон қолданбауы керек, үйде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет.

 

Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін құлаққа жақындатқан дұрыс.

 

Болжамдар

Қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеу.

Неліктен ?  Өйткені бұл уақыт аралығында электромагниттік толқындар әсері өте күшті болады және адам ағасына тез тарайтын көрінеді.

Сөйлесіп болған соң телефонды құлақтың түбінде ұстап тұрып өшірмеу.

Себебі өшірген кезде толқындар лезде құлаққа тарайды. Бұл құлақтың түрлі ауруларына әкеп соқтырады.

Найзағай соғу қаупі жоғары болғандықтан, мүмкін болса, жаңбырлы күні ұялы телефонды қоспау, магниттік күші көбейеді.

Телефонмен ең ұзақ дегенде 15 минуттай сөйлесу. 2-ші пункте айтып өткендей құлаққа зияны көп.

Ұйықтаған кезде 1,5 не 2м алыс жерге қою керек. Электромагниттік толқындарының әсері күшті болғандықтан, ұйқының бұзылуы мүмкін.

Қалтадан бөлек, сөмкеде ұстау немесе қалтаңыздан тастамайтын болсаңыз, қорғаныс қапшығына салып жүріңіз. Қазіргі уақытта жаңалықтардан талай жағдайларды көріп жатырмыз. Алдыңғы қатардағы, сәнді деген телефондарымыз адамға зиянын тигізуде.

Сөйлесер кезде, құлаққаппен сөйлесу. Бұл телефонмен тікелей сөйлескенге қарағанда электромагниттік толқындардың аз таралуына бірден бір көмекші. Бірақта құлаққапты көп қолдануда зиян.

Телефон төсегіңізде жатпауы керек. Жүйке жүйесіне зиянды әсер етіп, ұйқыны бұзады. Таңертең бастың ауыратыны және белдің ауыратыны сондықтан, толқындардың әсер етуі.

Телефонды белде, кеудеге ұстауға әсіресе, шалбардың және пиджактың қалталарында салып жүруге болмайды. Толқындар ағзаның ішкі мүшелеріне зиянды.

Жүкті әйелдер телефонды қолданбауы керек, себебі оларға толқындар өте көп тарайды,үйде жабық ұсталуы қажет. Мүмкіндігінше балаларға телефонды қолдандырмаған жөн.[4]

2011 жылдың аяғына қарай Малайзиялық Enmac компаниясы мұсылман қауымына ерекше сый жасады. Құбыланың орналасқан бағытын көрсететін, намаз уақыты кіргенде автоматты түрде дыбыссыз режімге көшетін және өзге де “ақылды” функциялары бар мобильді телефон шығарды. Телефонға араб тілін қоса алғанда барлығы 30 ұлттың тілінде Құран мәтіні орналастырылды. Сондай-ақ аталған телефоннан Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін де кездестіресіз. Сонымен қатар телефонда орнатылған “Qibla Compass” бағдарламасының көмегімен құбыланың орналасқан бағытын білуге болса, “Zakat Calculator” арқылы зекеттің құнын тез арада есептеп шығара аласыз.

  1. Ислам барлық нәрсені қамтыған, әр уақытқа жарамды, ғылым мен өркениетке шақыратын дін. Ғылым мен техника дамыған сайын адамзат Исламның құндылықтарын ұғына түсері ақиқат. Қазіргі кездің ғылыми жетістіктерінің бірі ретінде күнделікті пайдаланып жүрген ұялы телефонымызды айтсақ болады. Біздердің қанша уақытымызды үнемдеп, алыс жерлерден хабар алғызып, басқада көптеген маңызды мәселелеріміз осы ұялы телефон арқылы өз шешімін тауып жатады. Дінімізде әр нәрсенің өзіндік әдебі бар екендігі белгілі. Сол үшінде Ислам ғалымдары Құран аятттары мен Пайғанбарымыз (с.а.с)-ның хадистеріне сүйене отырып, ұялы телефонға қатысты бірқатар әдептерді көрсеткен. Ұялы телефон күнделікті өмірде кеңінен қолдынысқа ие болғандықтан, мұсылман қауымы осы әдептермен танысқандығын жөн көріп отырмыз.
    Бірінші: мезгілсіз уақытта қоңырау шалмау;
    Құранда мынадай аят келеді: 

    «Әй мүміндер! Меншіктеріңдегі құл-күңдер әрі ер жетпеген балаларың, осы үш мезгілде рұқсат сұрап кірсін: таң намазының алдында, түсте киімдеріңді шешкен уақытта және құптан намазынан кейін. Сендер үшін осы үшеуі ұялатын мезгіл. Бұлардан кейін (басқа уақытта) сендерге де, оларға да айып емес»[1].
    Бұл ретте қоңырау шалу зиярат жасаумен салыстырылады. Тым кеш, не ерте, сол сияқты түскі демалыс уақыттарында зәру жағдай болмаса зиярат жасалмайтындығы сияқты, өте шұғыл мәселе болмаса бұл уақыттарда қоңырау шалмаған жақсырақ. Өйткені олай істеу басқаларды мазалауы мүмкін.Екінші: телефонды көтермеген жағдайда қайта-қайта қоңыраулатпау;

    Қоңырау шалушы адам қоңырауына жауап берілмеген жағдайда қайта-қайта телефон соғуы жөн көрілмейді. Себебі ол адам намаз, жиналыс сияқты маңызды шаруа себебінен телефонына жауап бере алмауы мүмкін. Бұл тұста ең жақсысы үш мәртеден артық қоңырау шалмау. 

Үшінші: әңгімені сәлеммен бастау;

Телефон құлағын көтергенде сәлемдеспестен әңгімені бастап кету әдептілікке жатпайды. «Сәлем-сөздің атасы» деп айтылғанындай қоңырау шалынғаннан кейін бірден сәлем беріледі Үйге кіруші адам бірінші болып үй иесіне сәлем беретіндігі сияқты, қоңырау шалушы адам да бірінші болып сәлем береді.

Төртінші: қоңырау шалушы өзін таныстыру;

Қоңырау шалушы адам сәлем бергеннен кейін өз есімін атап таныстыруы әдептіліктен.

Бесінші: зәру жағдай болмаса әңгімені тым ұзартпау;

Мұсылман  телефонды  құлағына  ұстап алып бос әңгімелер айтып соның салдарынан алтыннан қымбат бос уақытын зая кетіру-мұсылман адамға жараспайтын іс.. Хадисте де уақытты бос өткізген адамдар жайында былай делінеді: «Көп адамдар бағалай алмайтын екі нығмет бар.

Ол – денсаулық пен бос уақыт» [5].

Алтыншы: қоңырау шалушы сөзді бірінші болып аяқтау;

Бұл тұс та зиярат жасаушыға  ұқсатылады. Онда да телефонның тұтқасын бірден тастай салмай, сөз басында сәлемдесумен бастағандығы сияқты, сөз соңында да амандық тілеп барып тұтқаны қою қажет.

Жетінші: телефон соғылғанда жауапсыз тастап қоймау;

Телефонға қоңырау шалынатын болса, еш себепсіз жауап бермей тастап қою дұрыс болмайды. Өйткені қоңырау шалушы жәрдемге, көмекке мұқтаж не маңызды хабарды жеткізу сияқты тағы басқа шұғыл мәселемен хабарласқан болуы әбден мүмкін.

Сегізінші: қоңырау дауысына жаман мағынадағы әуендерді қоймау

Қоңырау дауысына жаман мағынаға  ие әуендер, әйел адамның сыңсыған дауысы, адамды еліктіретін әндерді қоймауы қажет. Мұсылман адам үшін қоңырау шалынып жатқандығын білдіретін қарапайым белгі болса жетерлік.

Тоғызыншы: әйел адам ер адаммен сөйлескенде дауысын бір қалыпты ұстау

Кей әйелдер ер адаммен сөйлескенде дауысын құбылтып, өзгертіп, әсемдеп жатады. Әсіресе бизнес саласында бұны «имидж» деп танитындар да бар. Психолог ғалымдар ер адам әйел адаммен сөйлескенде сөздің мағынасынан бұрын оның дауыс ырғағын бірінші қабылдайтынын айтады. Бұның арты жаман ойға алып келетіндігі шындық. Шариғатымызда әйел адамның бұндай дауыс құбылтып сөйлеуі дұрыс деп танылмайды. Құранда Алла Сол үшін телефонмен сөйлескенде мұсылман әйел өзінің күнделікті табиғи дауысымен сөйлегені дұрыс.

Оныншы: мешітке кірерде ұялы телефонды сөндіру Мешітке құлшылық ниетімен келген басқа мұсылмандардың құлшылығында, намаздарында, зікірлерінде ықылас танытуға кедергі келтірмес үшін мешітке кіргенде ұялы телефонды толықтай сөндіріп қою қажет. Толықтай деп отырғанымыз кей адамдар мешітке кіргенде ұялы телефонның дауысын ғана сөндіріп қойып, намаз уақытында оның ызыңы (вибрациясы) естіліп тұрады. Бұл да басқа мұсылмандарға кедергі жасайтыны сөзсіз. Сол сияқты сабақ уақытында немесе «ұялы телефоныңызды сөндіріп қойыңыз» деп жазылған кей жерлерде ұялы телефонды сөндіру әдептіліктен деп танылады.

 Ал, ресейлік ғалымдар ұялы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындардың көз жанарына кері әсер ететінін анықтап отыр. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері нәтижесінде сынақтан өткен тышқандардың барлығы дерлік көз жанарынан айырылған. Сондай-ақ, зерттеу барысында сынақтан өткен хайуандардың иммундық жүйесі әлсіреп, бұзылғаны анықталды.

Балаларға ұялы телефондармен  ойнауға тыйым салыну керек. Себебі, бұл құрылғылар балалардың , жүйке жүйесі мен ойлау қабілетін нашарлатады. Сондай-ақ, мамандар құрылғылардан бөлінетін сәуленің бас ауруы, есте сақтау және көру қабілетіне душар ететінін анықтап, ұйқысыздыққа шалдықтыратынын дәлелдеген. Өшірулі тұрған телефон да адам организіміне зиян келтіреді. Сондықтан да мамандар, байланыс құралын өзіңізден неғұрлым алысырақ ұстау керек екенін айтады. Әсіресе мамандар ұялы телефонды бас жаққа қойып ұйықтауға болмайтынын ескертеді. Себебі, телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындар ұйықтап жатқан адамның орталық жүйке жүесіне әсер етіп, ұйықтауға кедергі келтіреді.Айтпақшы, телефонның магниттік толқындары мен сәулесінен бөлек, денсаулыққа зиян келтіретін басқа да тұстары бар екен. Мамандардың сөзіне сүйенсек, гаджеттерді күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде алып жүру өте қауіпті. Өйткені, олар электр тоғын өткізгіш қасиетке ие болғандықтан найзағай ұру қауітін тудыруы әбден мүмкін.Гаджеттердің денсаулыққа қауіпті екенін белгілі болса бүгінде олардан бас тартатындар кемде-кем. Керісінше, телефондарға, планшеттерге, смартфондарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Сәйкесінше, ақпараттық технология қарыштап дамыған сайын, аталмыш бұйымдардың қауіптілігі де жоғарлай түседі.

  Мысалы өзім тұратын Кентау қаласында қолданылаты нұялы байланыстардың есебі :

Activ

қолданушылары

Beeline

қолданушылары

Tele 2

қолданушылары

63417 59782 3064

 Осы ретте мамандар қарапайым қағидаларды ұстана отырып, ұялы телефоннан келетін қауіптен сақтануға болатынын айтады.

1)Көшеде сөйлесу керек.
2) Телефон тұтқасын құлақтан кем дегенде 1 сантимерт алыс ұстаған жөн.
3) Ұялы телефонға құлаққап  жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз;
4) Телефон тұтқасын астыңғы жағынан ұстағане жөн;
5)Телефонды тігінен ұстау керек;
6)МГц диапозонын ауыстырыңыз;
7) Телефондағы дыбыстық сигналды тыңдамаңыз;
8) SAR-ы (Specific Absorption Rate) төмен телефон таңдаңыз;
Сондай-ақ, телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жазыңыз. Ал, желі “ұстамаса” қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз.  Мұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар  шығарады

Жас ерекшелігі Ұялы телефон Интернет Компьютерлік ойындар
1 2-5 жас 40% 30% 90%
2 6-10 жас 60% 80% 100%
3 10-25 жас 80% 100% 80%
4 30-50 жас 75% 60% 20%
5 50-70жас 50% 40% 10%
6 70 жас 35% 20%

Мына пайдалы  кеңестерге көңіл бөлейік:

1. Ұялы телефонды қажеттілікке қарай пайдалану керек.

2. Үйде болсаңыз, ұялы телефонды пайдаланбай, үй телефонымен

сөйлескеніңіз дұрыс.

3. SAR бойынша ұялы телефон үлгісін таңдаған дұрыс.

4. Жасөспірімдер мен балаларға ұялы телефон пайдалану мәдениетін үйреткен жөн.

5. 12 жасқа дейін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу қажет.

6.Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге үйрену керек.

7. Ұялы телефонмен сөйлескенде құлақты алмастырып, 8 түрінде ұстаған дұрыс.

8. Сөйлесуді SMS қызметіне алмастыруға тырысқан жөн.

9. Динамик арқылы дауыстық байланысқа ұмтылған дұрыс.

10. Сөйлесу уақытын 3 минуттан арттырмауға тырысқан жөн.

11. Екі сөйлесу арасындағы үзіліс уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс.

12. Найзағай ойнауы, күн күркіреуі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау керек.

13. Автомобильде, желіні антеннна ұстамайтын орындарда қолданбаған дұрыс.

Қорыта келе  , XXI  ғасыр –жаңа ақпараттық технологиялардың дамыған заманы. Жастардың қызығушылығы дерлік бәрі ұялы байланысты, олай болса біз  жас ұрпақ  Елбасымыздың  сенімін ақтай отырып,  Қазақстанның жарқын болашағы өз қолымызда екенін ұмытпайық. Компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, интерактивтік құралдарды, электрондық оқулықтарды  пайдаланған жөн ,алайда өз мөлшерінде сақтаған жөн.  Қазіргі компьютерлер- ол ұялы телефондармен алмасты. Кез-келген ата-ана баласының ұялы байланыста белгілі бір мөлшерде отыруын  қадағалап,  немен шұғылданғанынан хабардар болуы қажет деп ойлаймын. Жастарымызды ұялы байланысты өз орнымен тиімді пайдалануға шақырамын!

 

You May Also Like

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздеріндегі ұлтжандылық қасиет, ғылыми жоба

Жоба Жоба тақырыбы: Бауыржан Момышұлының нақыл сөздеріндегі ұлтжандылық қасиет Мақсаты: Бауыржан Момышұлының…

Сүт және сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдар, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Сүт және сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдар» Орындаған: Левчук…

Биологиялық ерітінділердің электрокинетикалық қасиеттері. Электрофорез. Электроосмос. Медицинадағы электрофоретикалық зерттеу әдістері

Биологиялық ерітінділердің электрокинетикалық қасиеттері. Электрофорез. Электроосмос. Медицинадағы электрофоретикалық зерттеу әдістері Кіріспе Негізгі…

Тылсымға толы таңбалы тас. Маңғыстау өлкесі тарихи орындары, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Тылсымға толы таңбалы тас.Маңғыстау өлкесі тарихи орындары»        …