Ақын Серікбай Оспановтың сан қырлары

АННОТАЦИЯ

 Бұл ғылыми жұмыста Серікбай Оспановтың ақындығы мен атқаратын қызметінен басқа сан қырлы өнер иесі екені туралы айтылған. Дарын  иесінің ақын, әнші- сазгер, домбырашы, күйші, сатирик, ұстаз, ғалым, аудармашы, драматург және нағыз ағаш шебері болғанын нақты іздеп тауып, дәлелдеп жазған.

Жұмыста ақынның өз аузынан естіген әңгімелері қамтылған.

Жұмыс мектеп оқушыларына және ұстаздарға,сонымен қатар ақын туралы тереңірек білгісі келетін оқырмандарға арналған

СЫН-ПІКІР

Изтелеу Аяулымның «Ақын Серікбай  Оспановтың сан қырлары» тақырыбындағы ғылыми  жұмысын  жазудағы  басты себебі, өзі  қызығушылық  танытып  жүрген  Серікбай  Оспановтың   шығармаларын  зерттей отырып, бүгін де көпшілікке беймәлім қырлар ашып, жан-жағынан таныту болды. Өйткені ақынның көпшілікке беймәлім қырларын  зерттеуді өзіне    мақсат  етті.

Изтелеу Аяулымның  ақынның көпшілік біле бермейтін  дарын иесі екенін дәлелдеп   көрсетіп берді.Мен зерттеу   жұмысының  материалын  толық, жеткілікті  деп  есептеймін.

Аяулым – талантты, дарынды, еңбекқор, ізденімпаз  шәкірт.Мен  ұстазы  ретінде   Изтелеу Аяулымның талабынан  үлкен  үміт  күтемін. Оның  жазған  ғылыми  жұмысы   зерттеу   қорына  өз  үлесін   қосады ғой  деген  сенімдемін.

Пікір  беруші:  Панияз Нұржан

«Айсары  орта мектебі»ММ

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімі,  ғылыми  жетекші

МАЗМҰНЫ

І Кіріспе                                                                                                    3

ІІ  Негізгі бөлім

2.1 Ақын, ғалым Серікбай Оспановтың өмір                                         5

жолы мен шығармашылығы туралы

2.2  Сырлы сөзбен өлең өрген                                                                 6

2.3  Ғалым –ұстаз                                                                                    13

2.4  Балалар поэзиясы                                                                             14

2.5  Сатирик, драмматург                                                                       16

2.6  Әнші-домбырашы                                                                            16

2.7 Ақын-ағаш ұстасы                                                                             18

Кіріспе

Жергілікті  ақын Серікбай Оспановтың  мол мұрасынан  бүгінгі жас жеткіншектер тағылым алып,   ақынға ұқсап бағуына ғылыми- жобаның әсері, үлгі –өнеге боларына байланысты зерттеу жүргіздім. Зерттеу жұмысының өзектілігі «Сегіз қырлы, бір сырлы» дарын  иесінің өмір мектебінен өскелең  ұрпақтың үлгі – өнеге алуына үлес қосу. Сондықтан «Ақын Серікбай  Оспановтың  сан қырлары» тақырыбында ғылыми жұмыс жазу мақсат етілді.

Жұмыстың мақсаты: Ақын, ұстаз, ғалымды  жан-жақты зерттеу арқылы беймәлім  қырларын  жас ұрпаққа  кеңінен таныту.

Міндеттері:

-ақынның  өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты білу:
-сан қырлы дарын иесінің беймәлім қырларын  ашу;
-ақынның ағаштан түйген өнер иесі екендігін көрсету;
-ұлағатты  ұстаздың өнегелері жайлы ұғыну.

Жұмысты зерттеуде  әдістері ғылыми жұмыста талдау, жинақтау және салыстыру әдістері қолданылды.

Ендеше, елі текті, топырағы киелі Торғай жері ұлы тұлғалардың қасиетті мекені. Осынау тамаша өлкеде небір ақындар мен жазушы, ғалымдар дүниеге келді. Солардың бірі де бірегейі Серікбай Оспанов. Ең мақтаныштысы осындай  «сегіз қырлы, бір сырлы» дарын иесі- өзімізді жерлесіміз, қостанайлық. Қостанайда тұрады.

Серікбай Оспанов еліміздің әдеби, мәдени қазынасына зор үлес қосып жүрген қоғам қайраткері. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент қызметтерін атқарған. Қазір Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Ол қазақ жырына сыпайы мінезімен, сыршыл жүрегімен, сыңғырлаған өлеңімен келіп қосылған  көрнекті ақын. Оның ақындығы мен атқаратын қызметінен басқа сан қырлы өнер иесі екенін көпшілік біле бермейді. Ол суырып салма ақын, әнші- сазгер, домбырашы, күйші, сатирик, ұстаз, ғалым, аудармашы, драматург және нағыз ағаш шебері.

Әрбір  дарынды адам,  еңбекке бейім, ол шығармашылық  тапқырлықпен     жігерлі еңбек етеді. Серікбай  Оспанов қырықтан астам кітап жазыған. Оның 30-ы таза поэзия. Қалғандары – ғылыми еңбек, оқу құралы, әдістемелік кітаптар.Ақынның ең алғашқы өлеңі «Туған жер» деп аталады. Тұнғыш поэзиялық жинағы «Жүрек лүпілі» 1971 жылы жарық көрді.

2001 жылы «Сырбай Мәуленов – журналист, публицист» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғағаны үшін 2003 жылғы доцент, ал 2010 жылы профессор атағы берілді.  1982 жылдан Қазақстан Жазушылары Одағының, 2014 жылдан Әлем халықтары Жазушылары Одағының мүшеселігіне енген. Ол көптеген марапаттар мен медальдардың игері. 1986 жылы “Еңбектегi ерлiгi үшiн” медалiмен марапатталса, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов және Б.Майлин атындағы медалдармен марапатталған.

Өмірде өз  орны  бар  Серікбай Оспанов,әсіресе,соңғы жылдарда ғалымдықтың тың соқпағына жол салып,оның жақпар жартас қиясына қарай құлашұрып келеді.Сол сан   қырлы тума талант иесі Серікпай Оспановтың өнегелі өмір мен ақынның беймәлім қырлары екені зерттеп ,зерделеу болмақ.

Негізгі бөлім

2.1 Ақын, ғалым Серікбай Оспановтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы

Серікбай Оспанов – 1945 жылы 1 сәуірде Торғай (қазіргі Қостанай облысы)  облысындағы  Жангелдин  ауданының «Шилі» кеңшарында, «Балдай» қонысында туған. 1968 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1968 — 1978жж. Қазақ радиосында, республикалық «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент қызметтерін атқарған. Қазір Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

4-сыныптан бас­тап өлең жазуды қолға алған ақынның ең алғашқы өлеңі «Туған жер» деп аталады. Оған ауылының қадір-қасиетін, көркем табиғатын арқау еткен. Тұнғыш поэзиялық жинағы «Жүрек лүпілі» 1971 жылы жарық көрді.Сонымен қатар «Жер жүрегі», «Жас керуен» «Жарқын жастық» «Қоңыраугүл» «Батыр туралы баллада» «Тіршілік тамыры»  «Назқоңыр» «Балдай таудың баурайында» «Шашу»т.б.  атты жыр жинақтары әдебиет танушылар тарапынан лайықты бағасын алған болатын. «Жалын»баспасынан 1979 жылы «Қоңыраугүл» 1981жылы  «Айгүл» өлеңдер жинағы жарық көрген. 1982жылы  «Алтын арқау» «Батыр туралы баллада», 1985 жылы «Тіршілік тамыры», 1987 жылы «Назқоңыр» , 1990 жылы «Балдай таудың баурайында» , 1992 жылы «Шашу» , 1992жылы  «Бесік», 1995 жылы «Қадір түні», 2001 жылы «Сага» баспасынан «Публицистика» басылып шығып,өз оқырмандарына жол тартқан екен.

«Ғылым» баспасынан «С. Мәуленов – журналист, публицист» 2004 жылы, «Ахмет өскен ақындық орта» атты оқу құралдары, «Жазушы» баспасынан «Қараторғай» деген өлеңдер жинағы 2006 жылы, «Алтынсариннің айналасындағы адамдар»2007 жылы, «Балалар әдебиеті» баспасынан «Ең жақын кім адамға» атты балаларға арналған өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар жинағы жарық көрді. 2009 жылы «Сағындым Алматымды» ән мәтіндері, 2011 жылы «Қазақ ақындарының публицистикасы» монографиясы шықты. Қостанай аумақтық тарихи зерттеулер институты Ғылыми кеңесінің шешімімен «Тұрсынбай батыр», 2013 жылы «Гүл арасындағы тікен» әзіл, сықақ өлеңдер жинағы, «Ұлы ұстаз ұлағаты», «Бұлттың қызыл бұтағы» өлеңдер жинағы, 2014 жылы «Ұлы ұстаз ұлағаты» «Арақарағай – арман-ай» (ән мәтіндері мен ақынның өз әндері ноталары) жарыққа шықты.

2.2  Сырлы сөзбен өлең өрген

Серікбай ақыннның шын шеберлігін, өлеңдегі өзіндік өрнегін байқатып, мойындатып тұрған табиғат лирикасы дер едім. Ол бүгінге дейін жиырмадан

астам қомақты өлеңдер жинағын берген, қазақ поэзиясында төрден орын алған  ақын. Ақын Серікбайдың   әкесі бес саусағынан өнер тамған ұста, керемет ағаш шебері болған. Әкесіне  арнап  «Түбіт қолғап» деген терең толғанысқа толы философиялық өлеңінде былай жеп жазады:

«Жүруші ем сеніп үмітпен,
Жалғыз ұлды еске алыпсыз.
Жан апа тоқып түбіттен,
Бес саусақ қолғап салыпсыз.
Сонау бір жылдар
Қатер…
Мұң…
Көз алдымнан өтті-ау сәт,
Соғыста болған әкемнің

Екі қолында бес саусақ…–  деп әкесінің соғыстан қолы кеміс болып оралғанын мұңлы күймен еске алса,
Қамығып өтер қалды күн,
Өкініштің өшті ізі.
Артында қалған бар бүгін,
Бес саусағындай бес қызы.
Еске алар мені ешкім жоқ,
Деп жүрем бәрі ұмытты
Бес саусақ қолғап бес қыз боп,
Жанымды апа жылытты, – деп жан тебірентер сыршыл өлең жазған.  Халқымыздың дүл-дүл ақыны Сырбай Мәуленов  Серікбайдың «Тіршілік тамыры» жинағында шыққан мынау өлеңнен үзіндісінде::
«Сыраға сыр айтуға құштар жаным,
Қиялға сізді көріп ұшты арманым,
Осы сіз білесіз бе,
Алғаш рет
Қаламым сіздің үйде ұшталғанын?!
Серікбайдың Сырағаңның, Ға­фаңның қасында жүріп есейгені, бүгіндері халқымызға белгілі ақын екені рас. Оның өмірге осындай сырбаз ақын болып келуі де заңды. Өйткені ол өскен топырақта басқаны айтпағанда, Әбіқай Нұртазаұлы, Ахметхан Әбіқаев, Қайнекей Жарма­ғамбетов сияқты халқымыздың бірегей тұлғалары туған. Бер жағын айтсақ, Серікбай даңқты жерлесіміз, халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің жақын туысы. Бесіктегі бүлдіршін кезінен Әбіқай, Ахметхан, Нұрхан жырларына қанығып өскен Серікбай Алматыға келгенде де Сырбай, Қайнекей, Ғафу, Шәміл сияқты қазақтың айтулы ақын ағаларының арасында болып, олармен бірге поэзия сарайының кірпішін бірге қаласты. Алдында қорған болар осындай атақты ағалары, Бақыткерей, Кеңшілік, Серік сияқты қатар құрбылары, артында ерген Қонысбай, Хамитбек, Әбжан, Айбек, Нағашыбай тәрізді тірек болар інілері бар Серікбай бұл өмірде арманы жоқ бақытты жан емес пе?! Екінші дүниежүзілік соғыстан жаралы болып елге оралған Оспан да  жақындап қалған Ұлы Жеңіске үмітпен қарап, дүниеге шыр етіп келген шақалақ шарананың құлағына азан шақырып бұл есімді мені жалғыздықтан құтқарсын деген тілекпен қойса керек.

Осындайда ақынның төсек тартып әл үстінде жатқан анасына арнаған бір өлеңіндегі:

«Жалғызымыз!» – дедің,

Қиналып айттың, қимадың,

Жалғыз – ақ сөзбен барлығын маған жеткіздің! –

дейтін жыр жолдары оның тұтас тағдырын көз алдымызға әкелгендей де болады.[12]

«Балдай» атауы оны осылай тебірентеді. Бір қасық суының өзі бал татыған Балдай атты құтты қоныс ақындық өнерге аңсары ауып астанаға кеткен Секенді ұзақ жылдар сағындырып, көкейінде мәңгіге ұялап қалған. Ол өзінің баспасөз беттерінде жарық көрген кейбір шығармаларына, осынау алтын бесік атамекенін еске алып, «Балдай Оспанов» деген бүркеншік есіммен де қол қоятынды.

Балдайдан ұшқан темірқанат балапан бұл күнде әлденеше рет қайта түлеп, қазақтың белгілі ақынына айналып отыр. Танымал талант Алтынбек Қоразбаев әдемі ән жазған Секеңнің «Сағындым Алматымды» атты өлеңін білмейтін жан кемде – кем. Бұл ән атақты орыс әншісі Валентина Толкунованың орындауында екі тілде бірдей шырқалады:

Қосамын әнге атыңды,

Тосамын әр хатыңды.

Сағындым алма бағын,

Арайлы Алматымды…

Оның қаламынан туған тырнақалды туындылары 1969 жылы «Жас керуен» аталатын ұжымдық жинаққа еніп, оқырман қауым қасиетті өлең өлкесіне келіп қосылған жаңа есіммен қауышты. Арада екі жыл уақыт өткен соң жас ақын өзінің «Жүрек лүпілі» атты тұңғыш жыр жинағын жариялап, поэзия жанкүйерлерінің жүрегіне жылылық ұялатып үлгерді. Одан соң бірінің ізін бірі қуалай жарық көрген «Жарқын жастық», «Қайнар бұлақ», «Қоңырау гүл», «Алтын арқау», «Батыр туралы баллада», «Тіршілік тамыры», «Назқоңыр», «Балдай таудың баурайында» атты жыр жинақтарында ақынның алуан түрлі тақырыпта сыр шертіп, ой толғаған өлеңдері, балладалары, дастандары өмірге жолдама алып жатты. Бұлардан басқа балалар әдебиетіне қосқан үлесі мен аударма һәм сатира салаларында еткен еңбегі өз алдына бір төбе. Қысқасы, қолына қалам ұстаған ақын Серікбай Оспанов қары талмай, қарымды еңбек етті.

Серікбай Оспанов- өлеңді өнерлеп, өрнектеп жазудан гөрі оны өзінің табиғатынан тудырғанды қалайтын қарапайым қалам иесі. Сондықтан да оның өлеңдері, негізінен, қызықты, қоңыр болып келеді. Ақынның «Шашу» атты өлеңінде бір қарағанда, елең еткізер ерекше ештеңе де жоқ сияқты. Бірақ оқырманды өзіне баурап алар бір жылылық бар. Ол жылылық неде?

Ұлы қолына құс қондырып, келін түсіргенде, тағы сол сияқты қуаныш үстінде кейуаналардың шашу шашып, елдің мәресәре болуы ұлтымыздың ежелгі үрдісі ғой. Бақсақ, шашу жай ғана салт – дәстүр емес, «шашылып жатқан шаттық» екен. Ақын оны образды түрде «көк аспанға салют болып атылған ананың көңіл қуанышы» деп, жиырмасыншы ғасыр перзентінің көзімен көріп отыр. Ананың шашылған қуанышын теріп, онымен тәтті десе тамсанып сілекейін шұбыртқан балаларды қуанту шынында үлкен шаттық емес пе?! Ал осы суретті көзі көріп өскен қазақы оқырманды әсіре қызыл бояумен алдаусыратудың қажеті бар ма, сірә! Әрине, жоқ! Ақынның  өлеңіндегі қарапайымдылық та осындай себептерден туып отыр.Қазекеңнің қызық мінездері көп қой. Әлемде теңдесі жоқ балажанды халық бола тұра сәбиімізді дүние есігін аттаған алғашқы күнінен бастап шектеп, тыйып өсіруге пейіл емеспіз бе?! Ақын назар аударуға тұрарлық осы бір жәйтке елеусіз қарай алмайды.Әрине, үйқасып дұниеге келген сөз тіркесінің бәрі өлең емес. Абайдың мақсаты «тіл ұстартып, өнер шашпақ» болса, бүгінгі ақындарымыздың ешқайсысы да бұл мұраттан бас тартып отырған жоқ.

Сондықтан да біз қай – қай қаламдасымыздың болса да өлең – жырларынан тек қарапайымдылықты ғана емес, нағыз жауһар поэзияға – хас ару сөз іздеуге хақылымыз. Ондай жыр кестелерін Серікбай Оспанов шығармашылығынан көптеп кездестіруге болады. Ол махаббат тақырыбында жазылған бір өлеңінде:

Бақыт – бұлақ, көргем жоқ қанып ішіп,

Өзің жаққа кеткендей жаным ұшып.

Жүрегімізді алған ба алмастырып,

Әуелде өзі табиғат жаңылысып?! –

деп, ғашық жарын шынайы сырласуға шақырса, келесі бір орамда оқыстан ойға түскен образды тіркестерді түйдектете келіп:

Бақытымның – қолында кілті нұрдың,

Әдемісі де өзіңде күлкі – гүлдің.

Тағы, міне, жатырмын ұйықтай алмай,

Арасында сен тұрсың кірпігімнің, –

деп, сезіміңді селт еткізеді.

Ақынның міндеті тек өрнекті сөзбен сурет салу ғана емес, яки әр шумақ сайын ой түйіндеп, күрделі философиялық қорытындыларымен қарапайым оқырманды таңқалдыру да емес. Сондай ақ жырсүйер қауымды сиқыршыдай арбап, эротикалық суретке телміртіп қойғандай жалаңаш сезімнің жетегінде жіберу де хас қаламгерге лайық қасиет деп танылмайды. Бірақ ақын шығармаларынан біз біртұтас жанды сөз – ой – сезім ұштағанын көргіміз келеді.
Үлкен өмір мен өнер мектебінен өткен бүгінгі белгілі ақын Серікбай Оспанов сонау нарық экономикасы басталып, қаржы тапшылығына ұшырағанға дейін жыл сайын, жыл жарым сайын кітап шығарып, өнімді еңбек еткен. Оның жүйрік қаламынан туған «Жарқын жастық», «Жүрек лүпілі», «Қайнар бұлақ», «Қоңырау гүл», «Алтын арқау тамыры», «Наз қоңыр», «Балдай таудың баурайында» атты жыр жинақтары соның жарқын айғағы. Оның жүректен шыққан өлеңдері оқырман көңілінен шығып, кезінде әдебиет танушылар тарапынан лайықты бағасын алған болатын. Сөйтіп, Серікбай Оспанов бүгінгі күні толған, толысқан сырбаз ақынға айналды.

Серікбайдың қалам тартпаған тақырыбы жоқ десе де болады. Оның өмір мен тіршілік туралы оқырманға ой салатын сан қырлы толғаныстары, туған жер мен махаббат туралы жүректің түкпірінен шыққан шынайы сезім жырлары бір төбе. Торғай топырағында туған кемел жырлардан сусындаған Серікбайға жүрегімен сәуле төккен Сырбайдай сыршыл ақын десеңіз де, Нұрхан мен Ғафудай дауылпаз, төкпе ақын немесе Қайнекейдей баллада жанрының майталман шебері десең де сияды. Осы сөзімізге Серікбайдың «Жетелеген ақ арман алға сенім, ақын Нұрхан жырының жалғасы едім» деген өз өлеңі де куә.
Серікбайдың шығармашылық өміріне толық талдау жасау бұл жұмыста мүмкін емес. Десек те, бұл жолы кейбір туындыларын еске алып өтсек, артық болмайды. Мәселен, ақынның туған жерге деген сағынышын, толғанысын ақынның  жыр жинақтарынан жиі кездестіруге болады. «Ассалаумағалейкүм, қарт Торғай» өлеңі осындай лықсыған ыстық сезімге толы:
Асыл бар ма адамға өз еліңдей,
Өмір зулап барады өзеніңдей,
Далаң дарқан Торғайым, пейіліңдей.
Өзегімдей.
Жүрегіңді әр тасы тербеп өткен,
Қандай ғажап сағынып елге жеткен.
Сенен жырақ кеттім-ау өлең қуып,
Келіп тұрмын ауылға бала болып,
Үлкенге іні, кішіге аға болып
Пана болып мені кім аялаған.
Қарт Торғай-ау өзіңді ана көріп…

Кім-кімнің де туған жерге деген сезімін қытықтайтын жоғары­дағыдай әдемі жыр жолдары Серікбайда көп-ақ. Солардың ішінде «Торғай», «Торғай топырағы жазған жыр», «Ауылға барар қасқа жол», «Торғай сені келеді гүлге орағым», «Суреті тұр көз алдымда Торғайдың», «Балдай» және тағы басқа көптеген өлеңдері оқушы жадында жатталып қалары сөзсіз.

Оқырманның қашанда сүйсініп, тамсанып оқитыны махаббат жырлары. Ақын Серікбай сезімшіл ақын десек жаза баспаймыз.
«Серікбай өлең ырғағына да өзгеше өң беріп, бояу беріп махаббат жырларын қиялға айналдырып жібереді екен» деп белгілі ақын Тұманбай Молдағалиев

кезінде бекер айтпаса керек.
«Бұл жүрек ақыл айтсаң тіл ала ма,
Мен саған ғашық болсам кінәлама.
Шығып-ап тұрмын міне бас айналып,
Махаббат деген биік мұнараға.
Апыр-ау, не қалаймын, шөлдедім бе,
Ақыл-ау, сен сезімге көнгенің бе?
Сор алып келді ме, әлде бағым ба екен,
Оралып қалдым жаным өрмегіңе…
Нағыз ғашық жанның монологы! Осылай лағыл боп жарқырап, оттай боп жанып тұрған махаббат тақырыбына арналған өлеңдері көп.
Түп-тұнығым менің сол түп-тұнығым,
Тұнықтығым – бұл сенің мықтылығың.
Қуаныш боп, махаббат шуағы боп,
Саған ғашық кеудемнен шықты күнім,

– деген өлең жолдары да жүректе жыр болып оқылып, ән болып шырқалғандай

сезінері сөзсіз. Серікбай халқымыздың дүлдүл ақындары Нұрханның, Қайнекейдің, Сырбайдың, Ғафудың ізін басып келе жатқан лайықты мұрагерлерінің бірі. Әсіресе, Сырағаң Серікбайды өзіне өте жақын тартады екен. Серікбай ақын Сырбай өнегесін лайықты жалғастырып келеді. Шығармашылық жолы мәңгі таусылмайтын сапар. Серікбайдың халыққа көрсетер қызметі әлі алда. Өлеңсүйер қауым одан келешекте зор табыс кү­теді. Ақын мұраты ел үмітін ақтау.Оған Серік­бай ақынның қаламынан туған мына өлең жолдары жауап         беретін сияқты:
«Адаммын, адам болып тіл қатамын,
Жүдеген жүректерді жырлатамын,
Ақ бұлттың арасынан күн боп шығып,
Көз жасын жылағанның құрғатамын»…
Секеңнің «Құдайбергеннің домбырасы», «Алғашқы махаббат» туралы балладалары мен «Нұрқан ақын», «Марал ишан», «Жәнібек тархан» поэмалары қазақ поэзиясында лайықты орнын алған. Поэма демекші, дастан жанрында Торғай ақындары мектебі салған сара жолдың орны бөлек. Әсіресе, Нұрхан ақын мен Сырбай поэзиясының Серікбайға ықпалы ерекше.  Серікбай Оспанов «Жәнібек тархан» атты тарихи поэма жазды. Қазақ поэзия­сында баллада жанрын дамытуға да зор үлес қосқаны даусыз.

2.3  Ғалым –ұстаз

Торғай ауыз әдебиетінің өкілдерінің шығармашылығын терең зерттеген Серікбай ақын олардың өлеңдерінде орамдар мен тіркестің орынды пайдаланылуын, бунақ пен буынның мінсіз өрілетіндігін, тілдерінің көркем айшықтылығын, ғалым ретінде терең зерттеп, талдаған. Оның «Сырбай Мәуленов – журналист, публицист», «Ахмет өскен ақындық орта» деген Ыбырай Алтынсарин жөніндегі туындылар ғылым саласындағы бұрын зерттелмеген тың сала әрі құнды ғылыми еңбектер екенін бүгінде ешкім жоққа шығара алмайды.

Ақын еткен еңбегі үшін әр кезде марапатталып отырған екен.

Ақын, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты,

1982 жылдан Қазақстан Жазушылары Одағының, 2014 жылдан Әлем халықтары Жазушылары Одағының мүшесi. 1986 жылы СССР Жоғары Советi президиумының указымен “Еңбектегi ерлiгi үшiн” медалiмен, 1995 жылы қазақ поэзиясының өркендеуіне қосқан зор үлесі, тарихи Торғай аймағы еңбеккерлерінің қызметі мен тыныс-тіршілігін баспасөзде жариялауда сіңірген ерекше еңбегі үшін және 50 жасқа толуына байланысты ҚР Торғай облыстық Мәслихатының, 2005 жылы Қостанай облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін облыс Әкімінің грамотасымен наградталған. 2003 жылы Қазақстан Аграрлық партиясының Ж.Әбдiрашев атындағы сыйлығын, Қостанай меценаттар клубының, А. Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасын зерттеуде және университет жетістіктерін насихаттауда жоғарғы белсенділік танытқаны үшін А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің А. Байтұрсынов атындағы сыйлығын алады.

Алматыда өткен Қазақстан композиторлар одағы мен республикалық Қазақ радиосы ұйымдастырған “Жаңа ғасыр, жаңа ән” сайысында Ескендiр Хасанғалиевтiң әнiне жазылған “Ауылды аңсау” мәтiнi бас жүлде алған.

2001 жылы облыс әкiмi жариялаған әдебиет конкурсының “Балаларға арналған әдебиет” номинациясында бiрiншi орынды жеңiп алып, лауреат атағы мен әкiм сыйлығына ие болавды. 2003 жылы Қазақ радиосының “ән шырқайық…” бағдарламасында айдың үздiк ән мәтiнiнiң авторы деп танылып, дипломымен, 2008 жылы Қостанай меценаттар клубының сыйлығымен, 2009 жылы 30 кыркүйекте жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин» медалімен, 2013 жылы Астананың 15 жылдығына орай жасампаз еңбегі мен өз ісіне адалдығы үшін Қостанай облысы әкімдігі сыйлығымен, 2014 жылы еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жаңа буын мамандар дайындаудағы нәтижелі еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы қола медалімен, осы жылы «Қостанай таңы» газетінің негізін қалаушыларының бірі, қазақ әдебиетінің зергері, журналист-жазушы, ақын Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл толуы мен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай өткен ақындар мүшәйрасының Бейімбет Майлин атындағы сыйлығының, осы жылдың маусым айында Тың шығармашылық ізденістері және ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған материалдар циклы үшін ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Бейімбет Майлин атындағы арнайы сыйлығымен сондай-ақ Қостанай меценаттар клубының сыйлығымен марапатталды (үшінші рет).

2001 жылдың 4 сәуiрiнде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетi ғылыми кеңесiнiң шешiмiмен Серiкбай Оспановқа журналистика кафедрасы бойынша университет доцентi академиялық атағы, Қазақстан Республикасы Бiлiм және Ғылым министрлiгi Жоғары аттестациялық комитетiнiң 2003 жылы әдебиеттану мамандығы бойынша доцент, 2010 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ғылыми кеңесінің шешімімен профессор академиялық атағы берілген.

2.4  Балалар поэзиясы

Серікбай Оспанов балаларға арналған шығармашылығы туралы бір сөз айта кеткен орынды болар. Өйткені ақынның  балауса балдырғандарға арнап жазған көптеген ойнақы өлеңдері сонау сексенінші жылдардан бері «Балдырған» журналында жиі жарияланып, бертін келе «Балауса» баспасынан «Айгүл», «Қайнар бұлақ», «Шашу» деген атпен жеке-жеке кітап болып шықты. Ең кереметі бүлдіршіндерге арналған осы өлеңдердің көбі бүгінде классикалық үлгіге айналып, бастауыш сыныптардың қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақ әдебиеті хрестоматиясына енді. Мәселен, ән жазылған «Ақ бесік» өлеңін алайықшы:

Құшағында бабамның,
Құшағына еніппін.
Сенде жатып анамның
Ақ мамасын еміппін.
Кезге шуақ шашылып,
Мені баурап алыпты.

Ақынның балаларға арнап жазған жұмбақтары:

Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
Қоян

Күші десең, күші бар.
Тісі десең, тісі бар.
Торуылдап ауылды,
Түнде жортар ісі бар.
Қасқыр

Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.
Міне, оқылуында оңай, мазмұны да айқын, көкірегіңде сайрап, жатталып тұратын балаларға арналған осындай тамаша өлеңдер мен жұмбақтардың авторы Серікбай Оспанов екенін орынды мақтанышты.

Секеңнің «Құдайбергеннің домбырасы», «Алғашқы махаббат» туралы балладалары мен «Нұрқан ақын», «Марал ишан», «Жәнібек тархан» поэмалары қазақ поэзиясында лайықты орнын алған. Поэма демекші, дастан жанрында Торғай ақындары мектебі салған сара жолдың орны бөлек. Әсіресе, Нұрхан ақын мен Сырбай поэзиясының Серікбайға ықпалы ерекше. С. Оспанов  балаларға арналған «Мектептен қашқандар мен ертектен қашқандар», «Ешкі неге төрт түлік малға енбеген?» атты пьесалары І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма тетарында қойлып, көрермендер көңілінен шықты.

Өлеңдерi екiншi, үшiншi, төртiншi сыныптарға арналған “Ана тiлi”, “Қазақ тiлi” оқулықтарына енген.

2.5  Сатирик және драматург

Лирикалық өлеңдермен бірге сатиралық жанрына да қалам тартқан. Сатарикалық жұмбақтарды алғаш рет дүниеге әкелген де Серікпай Оспанов. Ақынның 2013 жылы «Гүл арасындағы тікен» әзіл, сықақ өлеңдер жинағы жарық көрген.

Ұлт болашағын ойлаған ақын балаларға арналған өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар жазды.   Ақын өлеңдері  оқулықтарға енген.

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық  қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Серікбай Оспановтың  балаларға арнаған  пьесалары «Мектептен қашқандар мен ертектен қашқандар», «Ешкі неге төрт түлік малға енбеген» көшілік көрермендер көңілінен шықты.

2.6.Әнші-домбырашы
Серікбайдың  өлеңдеріне  жүздеген  әндер  жазылғаны  баспасөз  беттерінде  талай  айтылып,  ол  әндердің  теледидарда,  концерт  залдарында, халық арасында белгілі әншілер мен көркемөнерпаздар орындап жүргенін жұртшылық жақсы біледі. Белгілі сазгерлер Ә.Бейсеуов, Қ.Бексұлтанов, Ә.Телғозиев, М.­­Сәді­ба­ев, жерлестеріміз Қ.Деріпсалдин, Ғ.Құрманов оның өлеңдеріне ән шығарған.

Ертеректе Ресейдің белгілі әншісі В.Толкунова Серікбайдың сөзіне жазылған     «Сағындым Алматымды» әнін «Тамашада» орындағаны көпшіліктің есінде әлі сақталған екен. Осы әуезді ән содан кейін тыңдаушылар жүрегіне жол тауып, ел арасына кең тарап кетіпті. Бұл композитор Алтынбек Қоразбаевтың шығармашылық өміріндегі ең алғаш жазған әні екен.
Өмір деген өзеннің ағысы тәрізді. «Жас өсіп, жарлы байымай ма» дегендей, қасиетті Торғай топырағына жас талантты қаламгерлер өркен жайып өсіп келеді. С. Оспанов екi жүзден аса ән мәтiндерiнiң, отыздан астам әндердің авторы. Сондай-ақ ақынның өзі шығарған әндері «Ойлап сені таптым мен»өлеңін  Қазақстанға еңбегі сіңген әнші Майра Ілиясова, «Тобыл ағадыны» Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншісі Манапбек Кадіров, «Кездесем ертеңді» Азамат Мұқатов орындайды.

Ұлтымыздың небір таланттарының арманын әлдилеп, ұлы тұлғаларға айналдырған Алматыны сағынатындар аз ба?! Алматы – армандар қаласы. Алматы – үлкен өмірдің есігі.

Алматы – тәуелсіздіктің бесігі.Қала берді Алматыны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы да сағынады. Көп жылдар бойы Мемлекет басшысының Алматыға жұмыс сапарларын жаза жүріп, Алматыны сағынатынын ол кісінің өз аузынан да естіген едік.Ұлы сағынышты мемлекет мүддесінің жолына тәрк етіп, ұлы көштің басын даламыздың келесі жағына қарай бұрған талай азаматтар Алматыны әлі де сағынады.

Алматыға үлкен армандары жоқ адам ғана асықпайды. Ендеше бітпейтін сағыныштан туған ән бар. Бұл ән – Алматыға арналған шығармалардың тәжі десе де болады.Сазы да сөзі де үйлескен, жазылғанына қырық жылдан асса да жұрт жатқа айтатын, хит болудан қалмаған, қостанайлық ақын Серікбай Оспановтың сөзіне жазылған сол ән – «Сағындым Алматымды». ұл әннің туу тарихы талай рет жазылған, айтылып та жүр. Дегенмен, жүрекке жеткізіп жазатын Алтынбек Қоразбаевтай дарынды композитордың бұл туындысының орны бөлек.«Егемен» бетінде бұл ән туралы бұрын да қалам тербеген болатынбыз, енді міне, сол естелікке қайта оралудың тағы сәті түсіп тұр.

– «Сағындым Алматымды» Құрманғазы атындағы консерваторияны енді ғана тәмамдап, Жамбыл облыстық «Алатау» ән-би ансамблін басқарып жүрген кезімде шық­қан еді. Нағыз жастық дәурен, алты жылдық студенттік қызықты кездерімнің бәрі Алматыда өтті. Әнде айтылатын Көктөбе мен Алматының саябақтарында қыдырған күндерімді шын сағынып, әннің алғашқы шумақтарын ептеп құрастыра бастадым, – дейді композитор.Жаңа ән «Тобыл ағады» деп аталады. Тек домбыра ғана емес, үйдегі ағаш табақ, асатаяқ та отағасының қолынан шыққан. Ою-өрнекпен көмкерілген бөлме есіктері де ақынның туындысы. «Шеберлік – аталарымыздан қалған мұра» – дейді Серікбай Оспанов. Ал, тоқсаныншы жылдары тұрмыс қиындағанда бұл өнер күнкөріс көзіне айналған.  Өлеңдерi орыс («Сборник стихов руских и казахских поэтов», «Современник» Москва 1986, аударған И. Жеглов), тәжiк («Тазкирай» «Антология детской советской литературы» Душанбе «Адиб» 1988 ж. аударған Низон Косим) қырғыз («Сарарқа» «Мектеп» баспасы 1988, аударған С. Урманбетов) т.б. ТМД халықтары тiлдерiне аударылған.

Михайл Исаковскийдiң, Сергей Смирновтың, Владимир Костровтың, Николай Старшиновтың, Римма Казакованың т.б. орыс, қырғыз, тәжiк, украин, чечен ақындарының өлеңдерiн, Виктор Широковтың («Рубеж»-«Белес» «Жалын»1982), Раушан Аспандиярованың ( «Часы» – «Сағат» «Жалын»1984) өлеңдер жинақтарын қазақ тiлiне аударған.

2.7 Ақын-ағаш ұстасы

Серікпай Оспановтың ағаштан түйін түйген шебері  екенін көп адам біле бермейді. Қандай өнер болмасын, атадан балаға мирас болып қана қоймайды, тұқым қуалайдынғының бір дәлелі болса керек. Атасы Құрыш, әкесі Оспан өте шебер болған екен. Ол домбыра мен бесік жасаудан басқа қазақта ежелден  келе жатқан астау, ожау,асатаяқ та жасайды. Сонымен қатар

сандықша,есік, тіпті бесіктің шүмегін де  сүйектен жасайды. Шебер: «Мен үшін істелген заттарымның сапасы аса маңызды» дейді.

Әкесі туралы сөз болғанда, тағы да сонау балалық шағының ізі қалған Шилі ауылына аз-кем шегініс жасауға тура келеді.

Бұл елді қоныс аудандағы ырыс-берекесі тасыған қазақы ауыл болған. Әкесін жергілікті халықтың сыйлайтындығы соншалықты, ол сонадайдан көріне қалса, жерлестері «ағаш шебері келе жатыр» деп, оған ерекше ілтипатпен сәлем береді екен.

Көпке белгілі, қазақи ауылдағы ағайындар самауырмен шәй ішетіндігі аян ғой. Әкем марқұм сол қалың жұртшылықтың көңілін қалдырмай, самауырға аса қажетті мұржаларды қаңылтырдан ерінбей жасап беретін.

Ол кісіні кешегі қанды майданды бастан кешкен соғыс ардагері ретінде де күллі аудан басшылары құрметтейтін. Неміс жендеттерімен болған шайқаста сол қолының жартысынан айырылды. Бірақ оған ешқашанда рухы түскен емес. Қанды шайқасқа қатысқанын бұлдап, біреуден ешнәрсе сұраған жоқ.

Серікбай үйдегі жалғыз ұл болғандықтан ба, үнемі әкесінің жанында жүрген. Ол домбыра, бесік, күнделікті тіршілікке қажетті шана, арбаларды жасаған кездері қасында отырып, әлі кішкентай ойын баласы болсам да, оның қолынан шыққан дүниелерге ерекше зейін қоятын болған.

Кезінде ардақты әкеме арнап «Мұра» деп аталатын поэма да жаздым. Онда:

«Қалдырғысы келді ме екен ол мұра?
Домбыра тарту әлде арманы болды ма?
Жалғыз қол боп оралып әкем майданнан,
Қарағайдан жасап берді домбыра», – деген жолдар бар.

Қайран сол әкесін қазір ерекше сағынышпен еске алып отырады екен.. Адам баласы тірі кезінде бір-бірінің қадірін біле бермейді ғой. Ол ақын 8 жасқа толғанда бақилық болды. Бірақ оның түр-түсі, іс-әрекеті, қимыл-қозғалысы әлі күнге дейін көз алдында.

Бес жасқа келгенде, әкесі Оспан кәдімгі қарағайдан домбыра жасап бергені де мәңгілік жадыда қалған.

Қазіргі  күнге дейін әке үмітін ақтауға барынды салып келеді. 4-сыныпта асқар таудай әкесі үлгісі бойынша шана жасап, барша ауылдастарының ақ батасын алады. Алматыдағы университеттің журналис­тика факультетінің 2-курсында оқып жүрген кезінде қарағай ағашынан ойып, домбыра жасаған. Қазақтың бұл ұлттық аспабы – жастық шағының куәсі, барша студент достарының көңілінен шыққан.

Осы домбырасын Қостанай қаласындағы Нұржантанушы, танымал өнер иесі әрі әнші, бұл күндері марқұм Сыздық Әбілғазин аттай қалап, сұрап алған екен. Өзінен үлкен кісінің өтінішін қимай, сыйлап жіберіпті.

Ақын шығармашылығы жайында Сәбит Мұқанов, Әбділдә Тәжібаев, Серік Қирабаев, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Жұмаш Сомжүрек, Есенғали Раушанов т.б. ақындар мен сыншылар пікірлерін білдіріп, жылы лебіздерін айтқан.

Қорытынды

Торғай өңірі ешқашан таланттарға кенде болған жер емес. Арғы- бергісін тергемей – ақ, кешегі Сырбай мен Кеңшіліктің арасындағы ақындарын атап өтер болсақ та екі қолыңның саусағы жетпейді. Оларды жеке – жеке алғанда, әрқайсысы өзіндік бір – бір әлем. Сан салалы өнер иесінің бірі, бірегейі болған  Серікпай Оспановтың өмір жолы жас ұрпаққа сан ғасырлар бойы үлгі болары сөзсіз. Оның өзгелерден бойы да, ойы да, тіпті бүтін  болмысы да бөлек.

Сан қырлы тума талант иесі Серікпай Оспановтың өнегелі өмір мен шығармашылық жолын жан-жақты зерттеу арқылы өскелең ұрпаққа таныту керек деген ойдамын.

Ақынның беймәлім қырлары  әнші- сазгер, домбырашы, күйші, сатирик, ұстаз, ғалым, аудармашы, драматург және нағыз ағаш шебері екені жайында балалар оқып білсе деймін. Өйткені  тума дарын иесінің өнерлерін үлгі тұтса бойларына ұялтса, ұлтымыздың өерлңі де, өнегелі жастары көп болар еді.

Ағаш шебері домбыра, бесік, астау, ожау,асатаяқ, сандықша, есік, бесіктің шүмегін және  ешкінің ішегінен домбыраның ішегін жасайтын нағыз ағаш шебері екенін зерттеп білдім.Ақынмен кездесу барысында көптеген міліметтер жинақтадым.Ұстаның жасайтын бұйымдары  ұлтымыздың болмысы мен ұлттық дүниелері болып келеді.

Серікбай Оспанов ақындығы мен азаматтығын тең ұстаған қадірлі тұлға. Ақынның өлең –жырларын, сан қырлы өнерін бағалаған,үлгі тұтқан ақын:

Сүйіп кетіп Жетісудың жерін де,

Биіктетіп Алатаудың өрінде;

Туған елге  қайта оралған бір ақын,

Отыр әне,Қостанайдың төрінде, [9]

деген жыр жолдарынан  қай жақта , қай жерде болмасын өз бойындағы асыл қасиеттері мен туған елге деген құрметін жоғалтпаған ақынды елі қазіргі таңда құрметтеп отырғаны белгілі.Сол құрметке лайықта.

Ең бастысы, ақын, үлкен өнер иесінің  ұлағатты  өнегелері  қазіргі аумалы заманда жастарға үлгі болары сөзсіз

You May Also Like

Жұмыртқа және оның пайдасы, ғылыми жоба

Мазмұны                                                                                                       Бет Абстракт (Аннотация)………………………………………………………………………3-4 Кіріспе…………………………………………………………………………………………….5-6 І. Негізгі  бөлім 1.1. Жұмыртқаның шығу…

Фаст- фуд немесе жеңіл тағамдардың адам ағзасына әсері, ғылыми жоба слайд

Ротор деген не? Ротор туралы ақпарат

Ротор — генератордың айналып тұрған бөлігі. Ол электромагнитті болып келеді. Генератор жұмыс…

Құрашасай елді мекенінің топонимдері, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Құрашасай елді мекенінің топонимдері» Секция: география,өлкетану Амантай Балнур Қуатқызы…