Мазмұны

                                                                                                      Бет

Абстракт (Аннотация)………………………………………………………………………3-4

Кіріспе…………………………………………………………………………………………….5-6

І. Негізгі  бөлім

1.1. Жұмыртқаның шығу тарихы, құрылысы……………………………………..7-9

1.2. Жұмыртқаның пайдасы………………………………………………………………9-10

1.3. Жұмыртқаның жұмбақ сырлары…………………………………………………10-15

ІІ. Зерттеу бөлімі

2.1. Жұмыртқа туралы қызықты деректер………………………………………….16-17

ІІІ. Қорытынды……………………………………………………………………………….18

Ұсыныстар………………………………………………………………………………………..19

Қосымша 1

 Абстрак (Аннотация)

Зерттеудің мақсаты: Тағам есебінде пайдаланылатын құстардың сопақ қабығы бар клетка, әрі нәрлі тағамдардың бірі – жұмыртқаның құрылысы, шығу тарихы және оның өмірдегі тигізетін пайдасы туралы түсінік беру, жұмыртқаның пайдасын насихаттау.

Зерттеудің болжамы: тамақ есебінде қолданылып қана жүрген жұмыртқаның химиялық құрамын және оның емдік қасиеттерін жете білетін болсақ, жұмыртқаны жан – жақты тұрмыста да қолдана аламыз.

Зерттеу кезеңдері:

І. Жоба жұмысының тақырыбы таңдалып, зерттеу жұмысына қажетті материалдар жинақталды.

ІІ. Жинақталған материалдарға сараптама жасалды, ғылыми мәліметтер салыстырылды.

ІІІ. Зерттеу жұмысының жобасы жазылды, слайдтар жасалды, жұмыртқаның емдік қасиеттері, тұрмыс пен косметология саласындағы пайдасы бар екені анықталды.

Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы: іздену нәтижесінде жұмыртқаның ең алдымен денсаулыққа пайдалы екенін білдік. Сонымен қатар шаш күтімі, бет күтімі сияқты косметология саласында да пайдасы өте зор екендігі анықталды.

Зерттеу жұмысының дереккөздері: зерттеудің материалы ретінде деректер, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, суреттер, фотодеректер алынды.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: зерттеу барысында жинақтау, салыстыру, сараптау, оны тәжірибеде қолдану сияқты әдістер пайдаланылды.

 Option 1                                                           

Annotation

The purpose of the study: to give an idea of the structure of the egg, the history of its origin and use in life, the benefits of eggs.

Forecast research: With regard to the chemical properties of eggs used in food accounting, and its medicinal properties, you can use eggs in everyday life .

The research`s   stages:

  1. Wehad chosen  the topic of the project , the necessary materials for research project  were collected.
  2. The collected materials were analyzed and scientific data were verified.

III. Written project research, developed the slides, identified the healing properties of eggs, the benefits in everyday life and cosmetology.

 The results and  evolution: as a result of the research, we learned that the egg is primarily useful for health. It was also noted that in the field of cosmetology, such as hair care, facial skin care.

Sources of research: data, explanations, textbooks and works of art, drawings, photographs were obtained as the material of this research project.

Methods and techniques of research:  We had used in the course of the study, such methods as collection, comparison, analysis, application in our  practice .

      Жұмыртқа – тағам есебінде пайдаланылатын құстардың сопақ қабығы бар жыныстық клеткасы. Қабығы аршылған тауық жұмыртқасының химиялық құрамы:73,6% судан, 12,8 % ақуыздан, 11,5 % майлардан, 0,7 % кемірсулардан, минералдық заттардан тұрады. Жұмыртқада адам ағзасына қажетті, тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жинағы бар. Жұмыртқа емдәмдік тағамдар қатарына жатады. Энергетикалық құндылығы 157 ккал.

Сауда орындарына негізінен тауық жұмыртқасы түседі. Суда жүзетін құстар жұмыртқалары балғын күйінде пайдаланылмайды, себебі олардың қабықтарының сыртында инфекциялық аурулар тарататын микроорганизмдер болуы мүмкін. Жұмыртқалар өлшемдері мен массасы құстың түріне, жасына байланысты әр түрлі болады. Тауық жұмыртқаларының массалары 45 – 76 г, үйректікі – 75 – 100 г, күрке тауықтікі – 80 – 100г, қаздікі – 160 -200 г болады.

Жұмыртқаның қатты қабығы ішіндегі ылғалдың ұшпауына және жұмыртқаны сыртқы орта әсерінен қорғайды. Қатты қабық өте майда қуыстардан тұрады, олар әсіресе жұмыртқаның доғал жағында көп болады. Осы куыстар арқылы жұмыртқа ішінен ылғал сыртқа шығады, микроағзалар кіреді және ауа алмасу процесі өтеді. Қатты қабық астында жұмсақ үлдір қабаты бар. Көп сақталған жұмыртқадан сыртқа ылғал буланады да, ақуыз бен жұмсақ мөлдір қабат арасында қуыс пайда болады. Жұмыртқа ақуызы сыртқы, ішкі сұйық қабаттардан және ортадағы тығыз қабаттан тұрады. Тығыз ақуыз мөлшері жұмыртқаның балғындығын көрсетеді. Жұмыртқа ортасында сарыуыз болады.

Жұмыртқаның құнды бөлігінің бірі – сарыуызы. Сарыуыздың жоғары жағында ұрық орналасқан. Сарыуыз майлар мен ақуыздарға, көмірсулар мен минералды заттарға ғана емес, сонымен бірге дәрумендерге (А, В, Д, Е т.б.) де

бай. Адам ағзасына сарыуызы жеңіл сіңеді. Шикі жұмыртқа ақуызы ұзақ қорытылады, тек пісірілген кезде оның сіңуі артады. Жұмыртқалар көптеген тағамның құрамына кіреді.

Тауық жұмыртқасы – тауық өнімі. Оның құрамында толыққанды ақуыздар, майлар, минералды заттар, А, Д, Е, В дәрумендері бар, массасы – 45 – 75 г. Жұмыртқаның сыртқы қабығы – 12 %, ақуызы-56 %, ал сарыуызы – 32 %.
Тауық жұмыртқалары емдәмдік және асханалық болып бөлінеді. Асханалық жұмыртқа жаңа, тоңазытқыштық, известелінген болып белінеді. Емдәмдік жұмыртқа массасы 44 г жоғары және сауда орнына минустық температурада сақталынбаған, басылып шыққаннан соң 7 тәулік ішінде әкелінген және әктелмеген жұмыртқалар жатады.

Асханалық жұмыртқаға массалары 43 г (басып шыққан күніне қарамай) және 44 г жоғары (басып шыққан күні 7 күннен асып кеткен) жатады. Басып шыққан күні 30 күннен асқан және -1 ден -2 °С температурада сақталған жұмытқалар тоңазытқыш жұмыртқалары деп аталады. Сақтау мерзіміне байланысты емес, әк ерітіндісінде сақталған жұмыртқалар әктелген деп аталады.

Тағамдық жұмыртқа – қажетті қоректік заттектердің бәрі болатын бағалы тағамдық өнім. Калориялығы жөнінен тағамдық жұмыртқаның қонымдылығы орташа сиыр етіне пара – пар. Тамаққа негізінен тауық, бөдене, мысыр тауығы жұмыртқасы пайдаланылады. Тағамдық жұмыртқаның сапасын бағалау үшін, стандарттар мен техникалық шарттар белгіленген, сондай-ақ сақталу мерзімі мен әдісіне қарай, сапасы мен массасы есепке алынып, диеталық және асханалық болып бөлінеді.

Диеталық жұмыртқалар – жаңа, сапасы жоғары, суық температурада ұсталмаған, тұтынушыға 7 күннен артық сақталмай жеткізілген жұмыртқа. Тағамдық жұмыртқаның құрамында 26% құрғақ заттек, соның ішінде 12 – 13 % протеин, 12 % липид (липидтің 99 % – ы сарыуызда болады), 1 % көмірсулар және 1 % минерал заттектер бар.

6

І. Негізгі бөлім

1.1. Жұмыртқаның шығу тарихы, құрылысы

     Жұмыртқа (тауық жұмыртқасы ) — дәмді де нәрлі тағам. Қабығы аршылған жұмыртқаның орташа химиялық құрамы: 73,6% судан, 12,8% ақуыздан, майлардан,көмірсулардан, минералдық заттардан (кальций,  фосфор, т.б.) тұрады. 3-кесте [Қосымша 4]

Сонымен бірге жұмыртқаның құрамында тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жиынтығы да бар. Жұмыртқаның неғұрлым құнды бөлігі — сарыуызы. Ол майлар мен ақуыздарға, көмірсулар мен минералды заттарға ғана емес; сонымен бірге витаминдерге (А, В, Д, Е, т.б.) де бай. Әдетте, Жұмыртқа жұмыртқа қабықтарымен (жұқа және сыртқы қатты қабық) қапталып тұрады. Жұмыртқаның сарыуызы ақуыздан аз болады, оның түсі құрамындағы ксантофиль мен каротин пигменттеріне байланысты. Сарыуыздың құрамында 51% су, 16% ақуыз, 31,5% май, әртүрлі мөлшерде В1, В2, Д1, Е витаминдері мен минералдық заттар, т.б. бар. Ақуызда 85% су, 13% ақуыз бар, май, көміртек, минералды заттар өте аз, тек В витамині болады. Жұмыртқаның қалыптасуы (оогенез), әдетте, аналық безде өтеді. Жануарлардың көпшілік түрінде Жұмыртқа дөңгелек не сопақ, сирегірек ұзынша (жәндіктерде) пішінді келеді. Жұмыртқалардың үлкендігі цитоплазмадағы сарыуыз мөлшеріне қарай өзгеріп отырады.

Сарыуыздың түсі (сарғыш түстен қызғылт-сары түске дейін) құстың жеген жеміне, сондай-ақ тауықтың жұмыртқа салу маусымына байланысты өзгеріп отырады. Жұмыртқа—диеталық тағамға жатады. Оның сарыуызы (шикі, шала және қатты етіп қабығымен пісірілген) жақсы қорытылып, жеңіл сіңеді. Шикі ақуыз нашар қорытылады да, организмге сіңуі қиындайды. Пісірілген жұмыртқа ақуызының сіңімділігі едәуір артады. Сол себепті сырқат әрі әлсіз адамдарға шикі жұмыртқа беруге болмайды. Жұмыртқа ұзақ сақтауға келмейді. Қабығындағы саңылаулардан ауамен бірге микробтар еніп, оны тез

бұзады. Ол құрғақ, температурасы 2 градустан төмен емес қоңыр салқын жерде сақталады. Дұрыс сақталмаса (қабығы лас болса, сақталатын орын ылғал тартса) ақуызы сұйылады да сарыуызы қалқып, қатты қабыршағының ішкі жағына жабысып қалады. Сөйтіп жұмыртқа өңезденіп шіриді. Егер жұмыртқа ұзақ сақталса ақуызы мен сарыуызы араласып, дәмі бұзылады. Ол температураның күрт өзгерісіне де шыдамайды. 21 градус және одан да ыстық температурада ұрық жетіле бастайды да, сарыуыздың бетінде сақина тәрізді дөңгеленген қан тамырлары пайда болады. Мұндай жұмыртқадан тағам әзірлеуге болмайды. Жұмыртқаның жарамды не жарамсыз екенін білу үшін оны жоғары жағынан алақанмен жауып тұрып, жаныл тұрған шамға тақау керек. Сонда ескі жұмыртқа күңгірт тартып тұрады. Ал бұзылған жұмыртқадан мүлде жарық өтпейді. «Жатып қалған» жұмыртқа шайқалады, яғни қолға ұстап қозғағанда ішіндегі ақуызы мен сарыуызы араласып кетеді (мұндай жұмыртқа шайқалған жұмыртқа деп аталады). Бұл — ұзақ сақтағандықтан оның ылғалының біраз бөлігі кеуіп, құрғауының салдары. Әдетте мұндай жұмыртқаның ақуызы мен сарыуызы араласып кетеді.

Жұмыртқадан жұмыртқа құймағы мен омлет дайындауға болады. Сондай-ақ олар түрлі тағамдар әзірлеуге, қамырдай дайындалатын тағамдарға салуға, сонымен бірге тағамдарды әсемдеуге пайдаланылады. Қайнатып пісіргенде жарылып кетпеуі үшін оны салқын суға салып, баяу жанған отқа қою керек. Қабығы жарылған жұмыртқаны да пісіруге болады. Бірақ ол ағып кетпес үшін суға тұз салады немесе жарылған жеріне лимон шырынын жағады. Жұмыртқаны суға қатты қайнатып пісіргенде ақуызы қатайып, сарыуызы сұйылады, отын баяулатып, бабымен пісіргенде керісінше болады. Оның сары уызын қатырмай сұйық пісіргенде 2— 3 минут, шала пісіргенде —5 минут, уызын қатырып пісіргенде —10 минут қайнату керек. Жұмыртқаны ұзақ қайнатқанда оның витаминді құндылығы төмендейді. Қабығы тез де жақсы аршылуы үшін піскен бойда салқын суға салу керек. Жұмыртқаны фосфор немесе шыны ыдысқа салып көпіршітеді. Ақуызды тез және оңай көпіршіту

үшін салқындатылады немесе бірнеше тамшы лимон шырынын (лимон қышқылы) қосады. Сарыуызды жылы күйінде көпіршітеді. Жұмыртқа салқын болса ақуыз пен сарыуыз оңай бөлінеді. Ол үшін жұмыртқаның қабығын екі жақ ұшынан инемен теседі. Сарыуыз жұмыртқаның өз қабығында жақсы сақталады. Ал оны шыны немесе басқа ыдыстарға салып сақтау керек болса, оған аздап өсімдік майын қосады.

1.2. Жұмыртқаның пайдасы

Жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мол екенін бұрыннан-ақ белгілі. Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер азаматтар жорыққа не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен ауқаттанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.

      Жұмыртқаны қайнатып немесе қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға боладыҚұрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі.

Жұмыртқада калорий аз. Бір жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана бар. Ал майлылығы небәрі 10%. Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді.

Көптеген диеталардың мәзірінде жұмыртқа кездесіп жатады. Себебі, оның арқасында артық салмақтан арылуға және салмақты бір қалыпты ұстауға болады. Тырнақ, шаш өсімі мен көздің көруін жақсартамын, тістерім маржандай таза, сүйектерім мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге жұмыртқаны қосыңыз. Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан қорғап, иммунитетті күшейтеді. 4-кесте [Қосымша 5]

       Жұмыртқа бет күтіміне де пайдалы. Бір жұмыртқа мен бір ас қасық балды араластырып, бетіңізге жағып, 15-20 минут жатып демалыңыз. Кейін жылы сумен шайып жіберіңіз. Бетіңіздің тазарып, нәрленіп, терінің тартылғанын аңғаруға болады. Жұмыртқаның сарысын шашыңызға жағып, 1-1,5 сағаттан кейін жылы сумен жуып жіберіңіз. Бұл ем шашыңыздың жылтыр болып, алдағы күндері ұштанбауына жол ашады.

Көзіңізге сүйел шыққан кезде, қайнаған жұмыртқаны ыстық күйінде басыңыз. Сондай-ақ, қатты тамақ ауырған кезде қайнаған жұмыртқаны жылы күйінде мойныңызға қойып, қайта-қайта домалатыңыз.

Пісірген бәлішім тәтті болсын десеңіз, қамырға жұмыртқа қосуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ, бәліш алтындай жарқырап тұру үшін оны пешке салмас бұрын үстін жұмыртқаның сарысымен бір майлап шығыңыз.

Жұмыртқа таңдаған кезде оның сыртқы қабығына мән беріңіз. Егер де қабықшасы кедір-бұдыр, түсі өзгешелеу болса оны алмаған жөн. Мұндай жұмыртқаның мерзімі өтіп кеткен.

1.3.Жұмыртқаның жұмбақ сырлары

Қазір әр елдің мамандары жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мен зияны жайында қарама қарсы пікірде болып жатыр.  Жұмыртқаның жұмбақ сыры әлі күнге ашылған жоқ. Деседе, бүгін біз оқырмандарға жұмыртқаның пайдалы әрі зиянды жақтарын бірдей жеткізуді жөн көріп отырмыз.

Бір кездері жұмыртқаның сарысы зиянды холестерин көзі деп мойындалған. Шынында да, орташа көлемді әр жұмыртқа құрамында 350-400 мг холестерин бар, ал холестеринді тұтынудың рұқсат етілген күн сайынғы нормасы ер адамдар үшін 390 мг және әйелдер үшін 290 мг тең. Сондықтан адамдарға күніне әрі кеткенде 2 тауық жұмыртқасын жеуге және жұмыртқаның сарысын жемеуге кеңес берілген. Ал кейбір деректерде, дені сау адамға астан келетін холестерин қауіп туғызбауы тиіс. Сондықтан холестеринінің артуымен ауырмайтын адамдарға аптасына 5-6 жұмыртқа жеуге болады. Сонымен қатар, жұмыртқаны пайдасы олардың зияны туралы дәлелдерден асып түседі және күмәнсіз болып табылады.

Ал жұмыртқаны шектен тыс пайдалану сүйекті ақауларына алып келеді…Дауысқа, шашқа, тiптi бүкiл ағзаға пайдасы зор деген сенiммен жұмыртқаны шикiдей сiмiретiндердiң ендi бұдан былай ол әдеттен арылғандары дұрыс. Себебi дүниежүзiлiк медицина бүгiнде пiспеген жұмыртқаның пайдасынан гөрi зияны көптiгiн анықтап отыр. Бiрiншiден, жұмыртқаның дауысқа пайдасы бары ғылыми дәлелденбеген. Екiншiден, кез келген шикi аста кездесетiн секiлдi жұмыртқада да көптеген аурудың қоздырғыш вирустары жүредi. Солардың ең бiрiншiсi – құс тұмауы. Көпшiлiгiмiз қолданар алдында жұмыртқаның сыртын жууды бiлмеймiз де. Ал барлық вирус сол сыртқы қабыршығында болады екен. Сонымен қатар сальмонеллез атты адам ағзасына аса қауiптi инфекция шикi жұмыртқада жиi ұшырасады. Жұмыртқаны пiсiрiп жегеннiң өзiнде де оның белгiлi бiр мөлшерiнен артығы ағзаға зиян дейдi дәрiгерлер. Гарвард әскери-медициналық мектебiнiң мамандары аптасына алты жұмыртқадан артық жеген адамдардың өмiр сүру ұзақтығы 23 пайызға қысқаратынын анықтапты. Әсiресе, жас шамасы 40-тан асқандар, қант диабетiмен ауыратындар мен жүрек, бауыр ауруы бар адамдардың жұмыртқаны аса сақтықпен жегендерi жөн.

Жұмыртқа адамдардың күнделікті өмірде ең көп тұтынатын тағамы. Ол қуырып та, асып та жей салғанға дәмді, әрі жеңіл әзірленеді. Алайда жұмыртқа жегенде назар аударуға тура келетін біраз жағдайлар бар.

– Жұмыртқаны шикідей жемеген жөн;

-Жұмыртқаны түнде пісіріп қоймаңыз;

Себебі түнде пісіріп қойсаңыз оның ішінде таң атқанша бактериалар көйбейіп, ол асқазан, ішек-жолдарына зиян.

-Жұмыртқаны өте көп жемеу керек.

Себебі, жұмыртқаның құрамында белок өте көп. Соның салдарынан жұмыртқаны көп жесеңіз заталмасу процесі ұлғайып, бүйректің қызметі қиындайды. Қалыпты жағдайда, балалар мен қарттар, ақыл ой еңбегімен және

дене еңбегімен шұғылданатын адамдар күніне 2 жұмыртқадан артық жемегені жөн. Ал дене қуаты әлсіз адамдар мен операциядан кейінгі қалпына келу мезгіліндегі сапалы белокты толықтауды қажет ететін адамдар күніне 4 жұмыртқаға дейін жеуге болады.

ақуыздан Көпшілікке белгілі, жұмыртқаның ақ бөлігінің көбі су, қалған он пайызы тұрады. Ал, сары уызды ағзаға еш зияны жоқ қаныққан май құрайды. Жалпы алғанда, жұмыртқа құрылымы 13% ақуыздан, соншалықты мөлшерде майдан, 0,67% көмірсудан құралған. Сонымен қатар, жұмыртқаның құрамында лецитин атты пайдалы зат бар, ол А, В, Д, Е дәрумендері мен кальцийге, ақуызға, протеинге, холестеринге өте бай. Бұл минералдар мен дәрумендер денсаулық пен шаш күтімі үшін пайдалы.

Мұны білген адамдар ертеден-ақ жұмыртқадан түрлі маскалар жасап, оны шаш күтіміне арналған косметикалық құрал ретінде қолданған.

Жалпы жұмыртқаның өзін шаштың түсуіне, күңгірттенуіне қарсы, ал, сары уызын майланған шашқа, ақ уызын керісінше, құрғақ шашқа пайдаланған дұрыс.

Шашты нәрлендіру әрі жұмсарту үшін жұмыртқа ағынан жасалған маска пайдалы. Ол үшін 3 ас қасық қаймақ пен бір шай қасық зәйтүн майын араластырасыз да, жақсылап қозғап, жоғарыдан төмен қарай жағып шығыңыз. 30 минут өткеннен кейін шаштың түбіне жеткізе жағыңыз. Әбден сіңу үшін полиэтилен қалпақ киесіз. Кейін басты жылы сумен шайып тастаңыз.

Шашты жылтырату үшін жұмыртқа мен лимон шырынынан жасалған масканы пайдаланып көріңіз. Ыдысқа шашыңыздың көлеміне жететіндей етіп жұмыртқа жарып, 2-3 қасық лимон шырынын қосыңыз. Әбден араластырып, шашқа және түбіне жағып шығыңыз. Целлофан қалта киіп, 20-30 минутқа қалдырыңыз. Жылы сумен немесе кондиционермен шайыңыз.

Бал мен жұмыртқа маскасы шашты өсіру қабілетіне ие. Бір жұмыртқаны жарып, ас қасық сұйық балды қосу керек. Дайын болған масканы шашқа жағып, 30 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайсыз.

Жұқа шашты қалыңдатқыңыз келсе жұмыртқа сарысы мен банан езбесінен маска жасаңыз. Бір бананды үккіштен өткізіп алыңыз. Жұмыртқаның ағын сарысынан ажыратып, езбеге қосасыз. Масканы шаш ұзындығы бойынша жағып, полиэтилен қалта киіп аласыз. 30 минут әбден жеткілікті.Жұмыртқаның ақ бөлігі, зәйтүн майы, бадана майы ұштанған шашпен күреседі. Ақ бөлігінен сары бөлігінен бөліп, бір ас қасық зәйтүн майын, бадана байын қосасыз. Целофан қалтаның сыртынан орамал немесе бас киім киіп алғаныңыз дұрыс. 30 минуттан кейін сусабынбен жуып тастаңыз.Ошаған, майсана майынан бір қасықтан алып, лимон шырыны мен жұмыртқа қоспасына қосасыз да, арнайы құралмен жақсылап араластырасыз. Бұл маска үшін де 30 минут жеткілікті.

Жұмыртқа қабығы оңай қортылатын, ағзамызға пайдалы — таптырмас кальций көзі. Жұмыртқаның қабығы, негізінен, кальций, фосфор, темір, калий, магний және кремнийден тұрады.

Венгрия ғалымдары жүргізген зерттеуде жұмыртқа қабығының құрамы адамның тісі мен сүйегіне қатты ұқсайтыны дәлелденген.

Жұмыртқа қабығының ұнтағын жүкті әйелдер, балалар және ересектер кальция жетіспеген жағдайда  қолданады.

Мұндай ұнтақты үнемі қолданған жағдайда:

  • қан қысымы мен жүрек қағысының жұмысы жақсарады;
  • зиянды холестерин деңгейі азаяды;
  • зат алмасу процесі қалпына келеді;
  • қалқанша безі ауруларының алды алынады;
  • гастрит жазылады;
  • қан тазарады;
  • балалардағы рахит пен анемияның алдын алынады;
  • аллергия емделеді;
  • шаш пен тырнақ қатаяды;
  • безеу шықпайды;
  • жүйке жүйенің қызметі жақсарады.

Алайда ұнтақ  кейбір ауруларды емдейтін дәрі-дәрмектің орнын баса алмайды. Бірақ ағзаға аурудан айығуыға көмектеседі.

Мамандардың айтуынша,  жұмыртқа қабығының ұнтағын әзірлеуде тек үй тауықтарының жұмыртқасын пайдаланған жөн.

Жұмыртқадан ұнтақ әзірлеу тәсілі:

Жұмыртқаның ішіндегісінен тазартып, жұқа пленкасын алып тастау керек. Қабықты жуып, 5минуттай қайнатады. 5-6сағат кептіріп, майдалау қажет. Ұнтақты қараңғы жерде және шыны ыдыста сақтаған дұрыс. Сондай-ақ, піскен жұмыртқа қабығынан да ұнтақ дайындауға болады.

Қолдану әдісі:

7 жастан асқан балаларға күніне жарты шәй қасық ұнтақ беруге болады. Ал, 14 жастан жоғары және ересектер күніне 1-2 шәй қасық мөлшерінде қабылдау керек.

Рахит, балалардың тістерінің дұрыс өспеуі, омыртқалардың қисаюы мен осал тістер, кәрі адамдардың сүйектерінің тез шытынағыштығы мен сынғыштығы — сүйектердегі кальцийдің жетіспеушілігінің салдары. Ағзадағы кальций алмасудың бұзылуы қаннның аздығына, тез салқын тигіштікке, аллергияға, еріндегі герпестерге душар етеді.  Ал енді ағзамыздағы бұл жетіспеушілікті түзеу қиындау мәселе. Хлорлы кальций, гипс, бор сияқты нәрселердің адам ағзасына қортылып сіңіуі өте қиын.
Тауық жұмыртқаларының (бөдененікі айтпасада) қабығы 90% кальций карбонатынан тұрады (көмірқышқылдық кальций) да оңай қортылады. Оның құрамында ағзаға қажетті барлық микроэлементтер: мыс, фтор, темір, марганец, молибден, фосфор, күкірт, цинк, кремний және басқалары — барлығы 27 элемент табылады! Ең маңыздысы кремний мен молибденнің барлығы — біздің күнделікті тамағымызда бұл элементтер жоқтың қасы.

Олар болса ағзамыздағы биохимиялық реакциялардың дұрыс түзілуінің негізгі себепшілері. Жұмыртқа қабығының құрамы адамның сүйектері мен

тістеріне таңқаларлықтай сәйкес, онымен қоймай жұлындағы қан жасаушаларының жұмысын күшейтеді. Сәйкесінше, ағзаның түрлі радиациялық әсерлерге шыдамдылығы арта түседі.

Тамаққа қосылатын ұнтақталған қабықтардың — ағзаға пайдалы жоғары терапевтік белсенділігі мен бактериалық немесе басқа зиянды нәрселердің жоқтығын көрсетті. Үйрек немесе қаз жұмыртқаларының ондай қасиеті жоқ.

Бір жастан бастап сәбилерге берудің пайдасы айтарлықтай.
Венгриялық доктор Кромпехер төмендегідей кеңестер береді:
— профилактикалық мақсатта жүкті әйелдерге(міндетті түрде);
— 1 жаспен 6 жас аралығындағы балаларға берілуі аса маңызды;
— (19—20)жасқа дейінгі жастарғада артықтығы жоқ;
— ересектерге жылына екі рет жасалған алдын алу шарты(профилактика) пайдалы.

Жұмырқа қабығы ағзадағы радио нуклидтерді шығаруға да үлкен себебін тигізетіндіктен, экологиялық қауіпті аймақтардағыларға пайдасы орсан зор. Себебі ол жұлынға жиналып қалатын стронций-90ды жойып отырады.(күніне 2 ден 6 граммға шейін қолданылуы керек).
Қолдану әдісі тым оңай. Тазалап жуу жеткілікті. Кішкене балалар үшін 5 минутай қайнатылады. 1,5 нан 3 граммдайын жақсылап майдалап(кофеүгіткіштен өткізбеген дұрыс) күнде бір рет жас мөлшеріне байланысты қабылданады. Таңертеңгілік аспен бірге қабылданады (ботқа, қатық). Батыс елдерінің дәріханаларында 1970 жылдан бері сатылады екен.

ІІ. Зерттеу бөлімі

2.1.  Жұмыртқа туралы қызықты деректер

  1. Ең көп жұмыртқа Қытайда өндіріледі. Олар бір жылда 160 миллиард жұмыртқаны сатылымға шығарса, америкалықтар жылына 65 миллиард жұмыртқа өндіреді екен. Бұл екі алпауыт мемлекет жұмыртқа өндіруден көш бастап келеді. Тауық – ең алғашқы үй құстарының бірі. Ол аспан асты елінде біздің заманымызға дейін 1400 жыл бұрын қолға үйретілген. Бір тауық жылына 250 жұмыртқа басады. Алайда бұл ең үлкен көрсеткіш емес, кейбір тауықтар

манипуляцияның көмегімен одан да көп жұмыртқалай алады.

  1. Түйеқұстың жұмыртқасын пісіру үшін толық 2 сағат кетеді. Оны жару өте қиын. Жыртқыштар бұл деликатесті жеу үшін түрлі тәсіл ойлап тапқан. Басқа тірі ағзалар сияқты жұмыртқалар да ауа жұтады. Өйткені жұмыртқаның қабығында 4 л таза ауа сіңіріп, 3 л көмір қышқылын шығаратын ұсақ тесіктер бар. Христиандар жұмыртқаны өздерінің Пасха мерекесіне арнап бояйды. Ал қытайлықтарда жұмыртқа өмірдің жалғасы дегенді білдіреді. Оны алқызыл түске бояп қойса, ол бақыт пен амандықтың символы саналады.
  2. Ең үлкен омлетті мексикалық аспаз дайындаған. Ол 500 саруыздан жасалған және 600 килограмды құраған. Аспаз көмекшілері жұмыртқаны тез тазалаудан рекорд қойған. Олар 8 сағаттың ішінде 12600 жұмыртқа аршыған.
  3. Барлық тіршілік иесі жылына 567 миллиард жұмыртқа жейді. Бұл ескі көрсеткіш. Мамандар оның жыл сайын өсіп келе жатқанын жасырмайды. Жұмыртқа көлемі оның жасына тікелей байланысты. Тауықтың жасы қаншалықты үлкен болса, жұмыртқасы да соншалықты ірі болады.
  4. Ең бағалы жұмыртқа – Фаберже жұмыртқасы. Ол аукционда 18500 фунт стерлингке сатылды.

Мен осы жобамды зерттей келе сауалнама жүргізу керек екенің айғардым қала  тұрғындары, сынып оқушыларымнан жұмыртқаны пайдасы жайлы қанша адам білетін білу үшін сауалнама жүргіздім. Сауалнама қорытындысы

Сұрақтар Ия Жоқ
1  Сіз жұмыртқа адам ағзасына пайдалы деп ойлайсыз ба? 70% 30%
2 Жұмыртқаны асқазан аурулары бар адамдарға жеуге болады ма? 15% 85%
3 Жұмыртқаны піспеген түрінде жеген пайдалы ма? 10% 90%
4 Жұмыртқада дәрумендер барма? 90% 10%
5 Балғын түрінде жұмыртқаны жеген пайдалы ма? 99% 1%
6 Сіз жұмыртқа жегенді жақсы көресіз бе? 93% 7%
7 Дүкен жұмыртқасында пайдалы дәрумендер бар ма? 13% 87%

ІІІ. Қорытынды

Сонымен зерттеу жұмысымды қорытындылайтын болсам, жұмыртқа тек нәрлі әрі жеңіл тағам ғана емес, барлық ем – домның көзі деп айтқым келеді. Олай деуге бірнеше негіз бар. Ең алғаш Үндістан елінде емдік қасиеті айқындалған бұл жұмыртқа :

  • Пайдалы элементтер мен дәрумендердің көзі;
  • Асқазанға ең сіңімді, қуатты тағамдардың бірі;
  • Жұмыртқа қабығы оңай қортылатын, ағзамызға пайдалы — таптырмас кальций көзі;
  • Артық салмақтан арылғысы келген адамдарға таптырмас ем. Жұмыртқада калорий аз. Бір жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана бар;
  • Косметикалық таптырмас құрал, яғни шаш күтіміне, бет күтіміне өте пайдалы;
  • Сүйек сынған кезде оны қатайтушы құрал ретінде де пайдаланады;
  • Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді;
  • Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан қорғап, иммунитетті күшейтеді.

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Ал денсаулығымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз – ақ үй жағдайында емдеп жазуға болады. Адамның бет-әлпеті – оның айнасы. Ал бетіңіз ажарлы болсын десеңіз, қалтаңыз көтермейтін қымбат дүниелерді сатып алмай-ақ, жұмыртқаның көмегіне жүгінсеңіз болғаны.

Деніңіз сау болсын!

Ұсыныс

Зерттеу жұмысымды қорытындылай отырып, мынадай ұсыныс айтқым келеді:

  1. Жұмыртқаның пайдасын көру үшін ең алдымен үй жағдайында тауықтарды өсіріп, олардың өнімін күнделікті тағам рационына қолданса;
  2. Дүкендерде тауық жұмыртқасының диеталық түрлері көп болса екен;
  3. Қарапайым адамдар күнделікті тіршілікте жұмыртқаны тек тағам ретінде емес, емдік мақсатта да жиі қолданса;
  4. Aтбасар қаласында құс фабрикасы ашылып, оның өнімі халыққа арзан бағаға сатылса.

Пікір

Ақмола облысы  Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектептің 2 сынып оқушысы Халелов Мағжанның «Жұмыртқа және оның пайдасы» атты ғылыми – шығармашылық зерттеу жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыс үлкен ізденіс үстінде, жүйелі жасалған деп толық айтуға болады. Зерттеу жұмысы барысында Мағжан үлкен ізденіс үстінде болды, жұмыртқаның пайда болуы, оның құрылысы, оның өмірдің сан-саласында қолданылуы, бір сөзбен айтқанда пайдасы туралы мәліметтер жинақтады, баспасөз материалдарымен танысты, тәжірибеде қолдана білді. Бұл деректер тақырыпты кеңірек ашып, жүйелеуге септігін тигізгені анық. Оқушы өз қызығушылығы мен шығармашылығын ұштастырып, қолдағы бар мүмкіндікті пайдалана білді. Зерттеу жұмысының берері көп екеніне де көзім жетті. Сондықтан болашақта Халелов Мағжаннан үлкен үміт күтемін.

You May Also Like

Халық педагогикасы – ұлттық тәрбие бесігі, ғылыми жоба слайд

Ұялы телефонның адам денсаулығына зияндылығы, ғылыми жоба слайд

Мұқағали Мақатаев-ғасыр ақыны, ғылыми жоба

Мұқағали Мақатаев-ғасыр ақыны Шүйнши Айжұлдыз  Мазмұны Аннотация ____________________________________________________2 Abstract (  ағылшын тілінде…

Үй жағдайында ұлуды өсірудің пайдасы, ғылыми жоба