Мұқағали Мақатаев-ғасыр ақыны

Шүйнши Айжұлдыз

 Мазмұны

Аннотация ____________________________________________________2

Abstract (  ағылшын тілінде )____________________________________3

Зерттеудің мақсаты_____________________________________________4

Зерттеудің жаңалығы__________________________________________5-7                                                                                                                                                                                                                 

Кіріспе________________________________________________________9-11

Негізгі бөлім

1.Арнаулары  __________________________________________________13-16

2.Шығармалары  ______________________________________________  17-21

3.Ақын туралы естеліктер ____________________________________20 – 21

  •  Мұқағали Мақатаев аудармалары
  • Мұқағали Мақатаевтың жары Лашын Әзімжанова

6.Қорытынды________________________________________________ 24-25

  1. 8. Ғылыми жобаның жүргізілуінің күнделігі_________________________27

8.Пікір_________________________________________________________28

Аннотация

Зерттеу жұмысым Мұқағалидің өмірі  мен поэмаларында ерекшелігіне тоқтала отырып адам жанының эстетикалық және рухани мәнін танытудағы ақын шығармашылығының құндылығын таныту.  М.Мақатаев лирикасы тілінің лингвистикалық табиғаты қарастырылған. Ақын шығармаларында сөз қолданыстар бейнелігімен,айшықты мәнерлігімен айқындалып, әрбір ұлт тілінің көрінісі болып табылатындығы айтылған.  М.Мақатаев ешкімге ұқсамайтын сөз өрнектерімен ерекшеленіп, образды сөз қолданыстар ақын лирикасының көркемдігін, шынайылығын, мағыналылығын, ерекшелігін көрсетеді. М.Мақатаев өзінің лирикасының тілі арқылы қазақ поэзиясынада өзінің қолтаңбасын қалдырған ақын.    Поэзия тiлiн лингвистика тұрғысынан зерттегенде, ең алдымен, ондағы образ жасампаздық мәселесi көзделедi. Ал образ жасампаздық тiл элементтерiн жазушының өз қаламында жарата бiлуi арқылы пайда болады.

Жетпiсiншi  жылдар поэзиясына зер салатын болсақ, сол таланттарымыздың  санаулысының  бiрi де бiрегейi, лирикалық асыл сезiмнiң жыршысы болған Мұқағали Мақатаев едi.

“Мен өз дәуiрiмнiң жаңғырығымын” деп Виктор Гюго айтқандай, Мұқағали да 60-70-жылдардағы жыр әлемiнiң жаңалық жаңғырығы болды. Оның бойындағы асқақ азаматтық әуенмен қатар өрбiген биiк рухты  әрбiр шығармасын оқыған сайын түйсiнiп, сезiне түсемiз.

Халықтың бай  ауыз әдебиетiмен сусындаған, Абай поэзия-сын жетiк меңгерген,  Қасымды жатқа  оқыған, Әбдiлдәнi  өзiнiң ұстазы  санаған Мұқағали ешкiмге ұқсамайтын, образды  сөз өрнектерiмен ерекшеленедi. Олай  болса, образды  сөйлемдер ақын лирикасының  көркемдiгiн, мағыналылығын, шынайылы-ғын, жаңалығын көрсетедi.

Кең дүние, төсiңдi аш, мен келемiн,

                     Алынбаған ақым бар сенде менiң.

                     Бұйрат құмдар – бұйығып шөлдегенiм,

                     Бура бұлттар бусанып терлегенiм, – деп ақын өзi айтқандай, сонау биiкке самғаған қазақ жырының өлең өлкесiне сыршыл да шыншыл поэзиясымен айқайлап келiп едi. Ақын лирикасынан үнемi табиғатпен, өзi өмiр сүрiп отырған қоғаммен, өмiрдегi болып жатқан сан қилы оқиғалармен тонның iшкi бауындай қабысып жатқан, оқырманын ойлантуға, сендiруге мәжбүр ететiн ерекше  байланысты байқаймыз. Ақын өлеңдерiн оқығанда тағы бiр байқайтын  ерекшелiгiмiз сөзбен суреттелген өмiр, тiршiлiк құбылыстары  тұтас бiр картинадай өтiп жатады. Осы тұтас картина ұтымды, оралымды, көркем әрi  шебер қолданылған тiл нақышы арқылы көрiнiс бередi. М.Мақатаев өзiнiң тiлiн, стилдiк бояуын  қалыптастырған ақын деп айтуымызға әбден болады.

                                                         Abstract

Speaking about the specifics of aesthetic and spiritual research on the life and promotion of creativity of the poet with popularand the course of the meeting the participants discussed the importance of the human soul. M. the Nature of language language in language Makatayev. The use of the works of the poet beineman the word,a stylized definition of entrepreneurship, it is said that every nation is an expression of the language. M. a Word to anyone not like Makatayev ornament, the figurative use of words the characters are not of his time, the poet the beauty, authenticity, maylaysian, originality. M. Heroes not of his time, the poet of the Kazakh language through his poetising left his signature on Makatayev. From the point of view of linguistics the study of language poetry, in particular, image creation, it provides for questions. And at the end of his Alamanda through the creative image of the writer, knowledge of language elements.

Carefully poetry of the seventies, what kalantaridis snowline apologize, noble feelings when the lyrical singer Mukagali Makatayev.

And Doorn gain” as said Victor Hugo, M. in the 60-70-ies of the Zhyr world news echo. Along with each read of his works, perhaps, everyone of the spirit of high civic tisp this friendship is music, we feel.

Drinking know, is rich in literature, poetry, Abai-criticism, are fluent in, read Asindi, regarded as his teacher M. Bldn anyone not like, the word is not shaped ornament. If the characters are not of his time, the poet the beauty of figurative suggestions, maylaysian, cannot confirm-ness, novelty.

World wide, TSD CX, I,

I don’t have your experience there.

The highest of the white mountains, Sands biiip slegen,

The drill busani tellegen the clouds, like the poet himself, the poems in Kazakh-the winged personification of honest poetry in the United States in the distant edge jirina height and shouting. The poet constantly linecasino with nature, with society in which they live, San events in life, different winners of sound i creative biography of R. esdauletova included, olanta reader, believe me, who are forced due to the particularly observed. When studying the life of the poet poems basitin word that describes another style, one certinaly the phenomena of life in General. Overall, the picture is real, rational, operational, through the artistic language, used in master of color and gives you an idea. M. Makatayev your language, it is possible to say that the poet shaping the stylistic colouring. 

Жобаның  мақсаты:         Қазақ халқының ақындық жан-жүрегі  кемеңгер Абайдың: «Дүние –үлкен көл, ғалам-соққан жел, алдынғы толқын ағалар, артқы толқын інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер» деген нақыл сөзі бар. Замана толқыны іріктелген көркем өнердің баға жетпес меруерт маржандарын қалдырды. Сол меруерт маржандардың бірі, бірі емес бірегейі-Мұқағали Мақатаев

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл  жырлармен  қалың жұрттың махаббатына бөленген Мұқағали өлеңдері мен поэмаларының көркемдік ерекшелігіне тоқталу.  Адамгершілікке,  табиғатты аялауға, тілді құрметтеуге, парасаттылыққа, шындыққа, отанды, туған жерді сүюге ақын жырларынан үлгі алу.

Зерттеу тақырыбының міндеті:

Ақынның өлең шығармасына  жан-жақты білу үшін ауылдың , ауданның, мектептің, қалалық  кітапханаларға әдейлеп барып түрлі әдебиеттерді қарап, деректерді пайдаланып, күнделік жүргізіп, Мұқағали ақынымыз туралы жазылған еңбектерімен газет-журналдармен ақын туралы жазған көптеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене, мағұлматтар жинақтадым.

Зерттеу  жұмысының  барысы:

а) І. Кіріспе бөлім:

«Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны.».

ІІ. Негізгі бөлім:

“ Мұқағали Мақатаевты  өз өлеңдерінің желісімен  зерттеу»

ІІІ. Қорытынды бөлім:

«Жазылар естеліктер  ол  туралы».

Жұмыстың  деректі  қоры:

а)  Ақынның өлеңдері  мен мысалдары ,тақырыпты материалдар мен қосымша әдебиеттер

Жұмысты  орындаудағы  әдіс-тәсілдер:

*жинақтау

*жүйелеу

*баяндау

*талдау

Жобаның  маңыздылығы:

Іздену нәтижесінде әдебиет- ол көркем өнер. Барлық көркем өнердің биігі, бастысы, ең қызығы, қиыннан қиыстырар, сөзбен сурет салып өрнектейтін асқағы- осы асыл сөз екеніне көзім жетті. Ақын шығармашылығының құндылығының жойылып, жоғалуына жол бермеу, керісінше ақын шығармашылығына келешек ұрпақ терең бойлап, үлгі насихат алуға жол ашу. 

Жобаның  жаңалығы:

Зерттеуші аға, апайларымыздай  мұндай кемеңгер, ақиық ақынымыздың  тұңғиықты шығармаларына тереңнен үңіліп, ашылмаған қырларын, сырларын ашуға  бет бұрдым. Шығармаларын оқи отырып, таныса отырып, шығармаларына терең бойлап, өлең, поэмаларын айшықты тілімен құр  сөзбен сылдыратпай,сөзді құбылта, құлпырта, көркемдік бейнелілікпен сипаттағанына көңіл бөліп, өлең , поэмаларына үңіле отырып зерттеуді жөн көрдім.    «Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық  пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен,шын шабыттан,    шын қуаныштан туған»- деп ұлы ақынымыз  Әбіш  Кекілбаев ақиық ақынымыз туралы ақиқатты айтып еді. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» негізінде бүгінгі ұрпақ бойына өнегелі патриоттық тәрбие беру- өзекті мәселе. Осы өзекті мәселенің жолын табудағы рухани, рухты, потриотиоттық тәрбие беруде-Мұқағали поэзиясы бүгінгі ұрпаққа ауадай қажет деп ойлаймын.  «Отан- отбасынан басталады»- дегендей бүгінгі мен келешек ұрпақтың отбасын, Отанын, туған жерін, қазақ елімізді сүйе білуі, дархан кең байтақ жерімізді қорғай білуі, қамқоршысы болуында ақын поэзиясымен сусындатып ,  терең бойлап оқытып, түйсіндіру арқылы парасатты тұлға қалыптастыра аламыз деп нық сеніммен айта аламын. Себебі Мұқағали поэзиясы тұнып тұрған бүгінгі ұрпақтың бойына нәр беретін поэзия! Отбасын, елін, Отанын, туған жерін,байтақ жерін шексіз сүюге, жан дүниесімен түйсініп қорғауға, құрметтеуге, адами құндылық қасиеттерін толықтыра түсетін, асқақ рухты поэзия! «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атанған жиырмасыншы жүз жылдықтағы ұлттық поэзиямыздың ірі тұлғаларының бірі, әр жүрекке жол тапқан әсерлі өлеңдері оқырман сүйіспеншілігіне бөленген ақын – Мұқағали Мақатаев. Мұқағали Мақатаев өз сөзінде: «Менің қымбатты достарым! Егер сендер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен  бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңде болсын, менің жеке өлеңім өзінше ештеңе құрамайды. Ол поэма іспетті біртұтас». Ағынан жарылған шынайы ақынның «Бүкіл менің жазғаным бір ғана поэма» деуі – шын мәніндегі парасат иесі, өмірге ойлы көзбен қарайтын жанның жан тебіренісі, әлеуметтік ортаға айтар көзқарасы бар ақынның ширыққан үні. Аспан тіреген Ақбас шыңдар, айналасын қарағайлы таулар, аршалы белдер қоршалай көмкерген Шалкөденің жазығы, жалбызды жағасына күміс шашқан тұма суының сыңғыры, мөлдіреп аққан қасиетті Қарасаздың сылдыры бала Мұқағалидың ойын әлдилеп, қиялына қанат бітірген алтын бесігі еді. Мұқағали Мақатаев – Қазақ поэзиясының көгінде кешегі майдангер, ғажайып дарын иесі Қ.Аманжоловтан кейін жарық жұлдыздай жарқ етіп, оқырманды өзіндік сыр-сипаты қайталанбас дарынмен баурап алған ерекше тұлға. Мұқағали Қасымды қай жағынан болсын пір тұтып мақтан еткен.

Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым?!

Қасым солай болмаса, несі Қасым.

Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің,

Әммесінен Қасымның десі басым, – деп толғайды. Қасым тағдыры өз басына келіп, дерт меңдеген шақта да, ол ажал алдына бас имей, Қасымның қайратын өнеге тұтады. М.Мақатаев асқар тау мен дархан даланың жаны-жарқын асыл адамдары мен таңғажайып табиғатының асқақ жыршысы болды. Бұл егіз тақырып ақын шығармашылығында ажырамастан біте қайнасып, кереметтей сіңісіп кеткен.

Таулар менің таусылмайтын бақытым,

Ал, ырысым – ұлан ғайыр кең далам, — деп жырлайды.

Ақын суреттеуінде дала дидары әр қырынан жақсы жадырап ашылады.

Боз далам, күрең далам, жасыл далам.

Кісі емес саған келіп бас ұрмаған.

Құныға құрышым бір қанбай қойды-ау,

Қалай ғана құшармын ғашық далам? – деп сыр төгеді. Мұқағали нені жырласа да поэзиясында өзіндік үні естіліп, өзіндік қолтаңбасы көрініп тұрады. Ақынның туған жері, ауылы, оның адамдары, өз өмірі – поэзиясы. Ол әр уақытта өз халқымен бірге қуанып, халқымен бірге күйініп отырады. Сондықтан ақын жасаған әр образ – сол бір кезең тарихының, өмірінің шынайы бейнесі.

Ақын Дала мен Тауды, Отанды, Жерді шексіз сүйеді, сол арқылы оларға жан бітіріп, көркем тіл арқылы әлем картинасының бейнесін өлеңмен өреді.  Халық даналығы келбетін сөзбен суреттеуде  Мұқағали ақындығы Тұлға ретінде биіктен биікке көтеріліп, өз үні, өз көзқарасымен де оқырманды тербетті.

«Мен таулықпын!

Таудан мен жаратылғам,

Тау деген ана туған дара тұлғам…

Тауға барып, көкке ұшып кетсем бе екен,

ұстап алып, қыранның қанатынан»- деп ақиық ақын өзін мүлде жаңа қырынан танытты, Шынында Мұқағали Мақатаевтың лирикалық поэзиясы – заманымыздың кешегі де, бүгінгі де талаптарымен үндесе, күбірлесе, ымдаса, жымдаса алған өршіл де дауылды жыр үлгісі. Оның сырлы да мұңлы, нұрлы, өршіл жырларынан қуат алып, сусындамаған қазақ баласы кемде-кем.

Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын.
О, поэзия!

“Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
-деген бір өлеңінен-ақ ақынның әрбір

адамның бойындағы құндылық қасиеттер мен адам мен табиғаттың біртұтас мызғымас байланысын, әр адам ойындағы, көңіліндегі қуаныш, мұңын, құндылықтарын Мұқағалиша «Мен» арқылы сезіне, ой жүгірте  алады. Ақынның әр өлеңін оқи отырып, өзіңді сол өлең ішінен таба аласың. Міне , ақынның өлеңіндегі құбылтып, өрнектеп соққан сұлу сөз тізбектерінің сиқыры да осында! Сондықтан мен ақиық ақын поэзиясын тұтастай өзі айтқандай өмірі, ата-ана, ағайын-туыстар,отбасы, елі , Отаны, байтақ дарқан жері т.б.өлеңдерін тізбектей ашып, талдап зерттеуді басты қағидада ұстадым. Бүгінгі таңда әр қазақ баласы Мұқағали поэзиясынан сусындап, өзіне керегін алу керек деп ойлаймын.  Мұқағали – жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың. Жалпы ұлттық рух дегенде, мынадай басты құндылықтарымызды алға тартар едік. Олар – туған жер, өскен өлкеміз, ана тіліміз, тарихымыз, дініміз, салт-дәстүріміз. Міне осы құндылықтардың қай-қайсысы болса да Мұқағали өлең  баянының алтын арқауы. Ақиқ ақыным поэзиясына терең бойлап зерттеуімнің де басты өзекті мәселесі де осы! Өз достарыма, кіші буын ұрпақтарына Мұқағали поэзиясын оқуды үгіттеп, өлеңдерін талдап түсіндіріп, насихаттауды басты парызым деп санаймын!

Зерттеу жұмысының жоспары:

І. Кіріспе бөлім:

«Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны.».

ІІ. Негізгі бөлім:

“ Мұқағали Мақатаевты  өз өлеңдерінің желісімен  зерттеу»

ІІІ. Қорытынды бөлім:

«Жазылар естеліктер  ол  туралы».

І.  Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны. 

«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық

пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен,шын шабыттан,

шын қуаныштан туған».

Әбіш  Кекілбаев 

«Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атанған жиырмасыншы жүз жылдықтағы ұлттық поэзиямыздың ірі тұлғаларының бірі, әр жүрекке жол тапқан әсерлі өлеңдері оқырман сүйіспеншілігіне бөленген ақын – Мұқағали Мақатаев.

Мұқағали Мақатаев өз сөзінде: «Менің қымбатты достарым! Егер сендер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен  бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңде болсын, менің жеке өлеңім өзінше ештеңе құрамайды. Ол поэма іспетті біртұтас». Ағынан жарылған шынайы ақынның «Бүкіл менің жазғаным бір ғана поэма» деуі – шын мәніндегі парасат иесі, өмірге ойлы көзбен қарайтын жанның жан тебіренісі, әлеуметтік ортаға айтар көзқарасы бар ақынның ширыққан үні.

Аспан тіреген Ақбас шыңдар, айналасын қарағайлы таулар, аршалы белдер қоршалай көмкерген Шалкөденің жазығы, жалбызды жағасына күміс шашқан тұма суының сыңғыры, мөлдіреп аққан қасиетті Қарасаздың сылдыры бала Мұқағалидың ойын әлдилеп, қиялына қанат бітірген алтын бесігі еді. Мұқағали Мақатаев – Қазақ поэзиясының көгінде кешегі майдангер, ғажайып дарын иесі Қ.Аманжоловтан кейін жарық жұлдыздай жарқ етіп, оқырманды өзіндік сыр-сипаты қайталанбас дарынмен баурап алған ерекше тұлға. Мұқағали Қасымды қай жағынан болсын пір тұтып мақтан еткен.

Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым?!

Қасым солай болмаса, несі Қасым.

Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің,

Әммесінен Қасымның десі басым, – деп толғайды. Қасым тағдыры өз басына келіп, дерт меңдеген шақта да, ол ажал алдына бас имей, Қасымның қайратын өнеге тұтады. М.Мақатаев асқар тау мен дархан даланың жаны-жарқын асыл адамдары мен таңғажайып табиғатының асқақ жыршысы болды. Бұл егіз тақырып ақын шығармашылығында ажырамастан біте қайнасып, кереметтей сіңісіп кеткен.

Таулар менің таусылмайтын бақытым,

Ал, ырысым – ұлан ғайыр кең далам, — деп жырлайды.

Ақын суреттеуінде дала дидары әр қырынан жақсы жадырап ашылады.

Боз далам, күрең далам, жасыл далам.

Кісі емес саған келіп бас ұрмаған.

Құныға құрышым бір қанбай қойды-ау,

Қалай ғана құшармын ғашық далам? – деп сыр төгеді. Мұқағали нені жырласа да поэзиясында өзіндік үні естіліп, өзіндік қолтаңбасы көрініп тұрады. Ақынның туған жері, ауылы, оның адамдары, өз өмірі – поэзиясы. Ол әр уақытта өз халқымен бірге қуанып, халқымен бірге күйініп отырады. Сондықтан ақын жасаған әр образ – сол бір кезең тарихының, өмірінің шынайы бейнесі.

Ақын Дала мен Тауды, Отанды, Жерді шексіз сүйеді, сол арқылы оларға жан бітіріп, көркем тіл арқылы әлем картинасының бейнесін өлеңмен өреді.  Халық даналығы келбетін сөзбен суреттеуде  Мұқағали ақындығы Тұлға ретінде биіктен биікке көтеріліп, өз үні, өз көзқарасымен де оқырманды тербетті.

«Мен таулықпын!

Таудан мен жаратылғам,

Тау деген ана туған дара тұлғам…

Тауға барып, көкке ұшып кетсем бе екен,

ұстап алып, қыранның қанатынан»- деп ақиық ақын өзін мүлде жаңа қырынан танытты.

Өзін қоярға жер таппай, өскен ортадан қиянға қалықтап кетуге ұмтылуы – оның бодандық өмірге қарсылығы. Расында бодандық ғұмыр синдромы әлі де қалған жоқ. Ол ақын ретінде одақтық ғұмыр тірлігіне жасаған қарсылығын жүзеге асыруға оңтайлы әдіс таба алмады, қиналды, тебіренді, шамырқанды, қателіктерге де ұрынды… оның жырындағы астарлау мен алмастырулар, кейіптеулер айтар ойының пәрменділігіне  едәуір септігін тигізіп отырды. «Әдебиет шындықты шындап шегелейді» деген Твардовскийдің тұжырымы Мұқағали Мақатаевқа қаратылып айтылған ба деп те ойлайсың кейде…

Шынында Мұқағали Мақатаевтың лирикалық поэзиясы – заманымыздың кешегі де, бүгінгі де талаптарымен үндесе, күбірлесе, ымдаса, жымдаса алған өршіл де дауылды жыр үлгісі. Оның сырлы да мұңлы, нұрлы, өршіл жырларынан қуат алып, сусындамаған қазақ баласы кемде-кем.

Қырық бес жыл ғана өмір сүрген ақынның тірі кезінде шығармалары өз дәрежесінде кітап болып жарық көре алмады. Шағын-шағын екі-үш кітапшасы ғана басылды. 1976 жылы қайтыс болғаннан бері ақынның мол мұрасы жеке том болып та, екі томдық, төрт томдық болып та жинағы шықты. Тірісінде өз бағасын ала алмаған, алайда шығармалары арқылы халқының ең сүйікті ақынының біріне айналған М.Мақатаевқа 2000 жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді. Алматыдағы бір мектеп, бір көше ақын есімімен аталады. Туған ауылы Қарасазда ақын мұражайы бар.

ІІ.  Мұқағали Мақатаевты  өз өлеңдерінің желісімен  зерттеу

Ол 1931 ж. 9 – шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағали өзінің туған жерін:
Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым,
Айналайын, Қарасаз, қасиетіңнен суыңның,
Сенің әрбір бұлағың, менің әрбір қантамырым емес пе?
Қасиетті тұрағым, қасиетіңнен суыңның – деп өлеңмен өрнектеді.
Табиғаты шырайлы да шұрайлы Қарасаз топырағындағы қаймағы бұзылмаған қазақы ортада өсіп – өнген Мұқағалидың балалығы әуелде мұңсыз басталады. Өзінің бір өлеңінде ақын ол кездерді:
… Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,
Ойнақ салып, құлын – тай қырында жүр.
Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл,
Іркіт исі келеді мұрынға бір,- деп сағына еске алады.
Осы тұста ақынды дүниеге әкелген асыл ана Нағиман апамыздың бір сұхбатта берген жауабындағы мына сөздер ойға оралады: «Мұқағалиым 1931 жылдың наурыз айының сегізінде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан екі апта кейін «Наурыз тойы болады» деп күтіп отырғанбыз. Ал құжатта қалайша ақпанның тоғызы деп жазылғанын білмеймін», – дейді. Демек ресми аталып жүрген 9 ақпан ақынның туған күнін нақтылау да келер күндер еншісінде.

Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».

Мұқағали әжесінің тәрбиесін көбірек көрсе де, анасын ерекше құрметтеп, сыйлаған.Өзінің анасына деген ерекше ілтипаты мен махаббатын өлеңдеріне арқау еткен.

Шеше,  сен  бақыттысың

Шеше,

Сен бақыттысың!

Жыламағын.

Жай  түсіп   жатқанда  да  құламадың.

Тәңіріңнен  мен  едім  ғой сұрағаның,

Сондықтан  жыламағын,жыламағын!

Бармын  ғой,

Тірімін  ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін,мен  өзіңдей  асылданмын!

Таусылып,өз- өзіңнен  шашылмағын,

Байырғы  берекеңді  қашырмағын!

Мен  сенің  қанықпын  ғой көз  жасына,

Өзім  кепіл  тот  басып  тозбасыма.

Екі  жыр  жазсам  саған  бірін  арнап,

«Шеше» деп жаздым  ылғи  сөз  басына.

Тәңірім  кеше  гөрсін  кесірімді,

Аспанға  жазсам  сенің  есіміңді!!!

Құба  талдан  иілген  бесігімді…
Мұқаңның атын нағашысы Бизақ қояды. Мұхаммед пайғамбар мен пайғамбардың төрт шадиярының бірі – Әли сияқты қасиетті қос есімнен құралған атты иеленген бала тегін азамат болмас,–деген ырыммен қояды. Кейін жеңгелері «айтуға оңайландырып» «Мұқағали» атап кеткен екен    Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды.
Ақынның әкесі Сүлеймен 1941 жылы 29 желтоқсанда қан майданға аттанып кете барады. Үш айдан кейін хабар-ошар біржола тоқтайды. Бала Мұқағали өзі де қиын кезеңдегі жетімдікті бастан кешіреді. Әжесі Тиын мен анасы Нағиманның тәрбиесінде  өседі. Қарасазда орны ғана қалған, лашық үйде Мұқағалидың балалық шағы өтеді.
Әкесі Сүлеймен өз қолымен салған сол там, туған үйдің құдіретін жырға қосқан да болатын. Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза болған.

Әке

Сонымен  құладың ба, тас  қамалым,

Қалмады  күйініштен  басқа  амалым.

Зиратың аяқ асты  болмасын деп,

Бұзылған қорғаныңа тас  қаладым.

Шынымен  құладың ба, шым  қорғаным,

Шынымен  өртендің  бе,  нулы  орманым.

Әке, сенің  өміріңді  жалғамасам,

Құрып  кетсін  жер  басып, ұл  болғаным.

Мұқағали орта   мектепті  бітірген  соң өте  сауатты, өткір болғандықтан  ауылдық кеңесте  хатшы, қызыл  отаудың меңгерушісі болып жұмыс  істейді. Комсомол  қызметінде  болды. 1962-1972  жылдар  аралығында «Социалистік  Қазақстан», « Қазақ әдебиеті» газетінде, « Мәдениет  және тұрмыс», «Жұлдыз»   журналдарын-да  бөлім  меңгерушісі,
1972-1973  жылы Қазақстан  Жазушылар  Одағында   әдеби   кеңесші болып  жұмыс  істеді.

Өзі жайлы: туған жері,туған жылы, өмірге деген көзқарасы жайлы «Менің анкетам» өлеңінде толық әрі нақты жазған:

Менің  анкетам
-Туған  жерің?
-Ұланымын, Қарасаз  деп аталатын   ауылдың.
-Туған  жылың?
-1931. Құрдасымын Шәмілдің
-Жынысың  кім?
– Еркекпін  ғой, еркекпін!
Және дағы  тәуірмін

– Шыққан тегің ?
– Шаруамын.
Бар  тірліктен  бағалы  оны  санаймын.Ауылдық кеңесте хатшы қызметінде жүргенде    орыс  тілінен мұғалім  таппай, орыс  тілінің  мұғалімі  болып   орналасады. Мұқағалидің  орыс  тіліне   аса  сауаттылығы   жастайынан орыс  тіліндегі  әдебиеттерді  көп  оқып,   өзін – өзі жетілдірудің  арқасы еді.
– Қайда  істедің ?
– Мынау  «Еңбек  кітапшамнан» танып ал.
– Оқымаған,дипломсыз  демесең,
– Бір  басымнан  бар  мамандық табылар

Мектебіме

Мектебіме айтар әнім,

Сан  рет  қайталадым.

Өзіңнен  алғанымды

Өзіне  қайтарамын.

Мектебім, қия  алмаймын,

Көп  нәрсе  қиялдаймын…

Мәңгілік  оқушын  боп,

Қалуға  ұя   алмаймын.

Өзіңнен,  тегінде,  мен

Аттанам  сенімменен.

Ассалаумағалейкүм,

Дәу  мектеп – өмір  деген.

1949 – көктемде жары Лашынмен отау құрады  Отбасына  арнап шығарған өлеңдері

Лашынға

Бүгін де,кеше де, өткенде

Іздесең қателік  көп  менде.

Қауғадай  басыма   барлығы

Сірә  да  соқпай  бір  өткен  бе…

Іздесең қателік  көп  менде,

Сен  бірақ  түңілме, жек  көрме!

Лайсаң, жауындар,дауылдар

Болмай ма  күн  шуақ  көктемде.

Өмірде кең, даңғыл  жол қайда…

Дауылдар, жауындар  болмай  ма,

Бас  қорғап жататын  ондайда

Айтшы  өзің, мен  шымшық  торғай ма?!

Майгүлге

Қалақтай едің,Қабірінде  қалақ  тұр.

Туғаныңды, өлгеніңді  санап  тұр.

Сенің  аңқау  құлағындай  қалқиып,

Қыр  басынан  қала  жаққа   қарап  тұр.

Қызым  менің,

Гүлім  менің,

Аяулым!

Жатыр молаң  жотасындай  қоянның

Құлпытасытың  құны  маған   бес тиын,

Бірақ  таспен  қалай  жаншып  қоярмын?!

Қойман, ботам.

Керегі  не  көк  тастың.

Қыста  ақ  қар, жазда  шалғын  шөп  бассын.

Өзің  келген май  айында  ақ  нөсер,

Ағыл – тегіл  бізбен  бірге жоқтассын.

Керегі  жоқ  көк  тастың

Ұлыма

Жүре – жүре  мен  өмірге  қанықтым,

Өмір  сырын  жаңа  біліп,жаңа  ұқтым.

Қызбалақтық  күндерімді ұзатып,

Енді,міне, әке  боп  та  қалыппын.

Сен  өмірге  басқа  жолмен бас  қадам,

Әкең  жүрген  соқпақтардан  қаш  балам!

Ұғып ал, сақ  болып  өс, айтайын,

Өмір  жолың  әкең  былай  бастаған.

Мен  әкемнің  тәрбиесін  көрмедім,

Ал  анамның  ақылына  көнбедім.

Тіпті, кеше  щқушылық  кезде  де,

Тізгінімді  ешбір  жанға  бермедім.

Өмірімде  бір  иілген  емеспін,

Менмендігі  менен  өткен  жоқ  ешкім,

Боламын  деп « жалын  жүрек,от  кеуде»

Бола  алмай, қуыс  кеуде  боп  өстім.

Енді, міне, ұлым  маған  қарайды,

Өткір  көзің  өңменіме  қадайды.

Көп  қателік  жіберіппін   амал  не?

Кешір,ұлым,мойындадым, жарайды!

Ағайын – бауырларына  арнап  жазған  өлеңдері

Кешіріңдер

Кешіріңдер, туыстар,

Кешіріңдер, ағайын

Өр  көкірек  бейбаққа  өкпеледің  талайың.

Кірсіз  көңіл  ақ  туын

Жоғары  ұстап, ағайын.

Ақ  киімге  оранып, алдарыңа  барайын.

Кешіріңдер, жараңдар,

Қошақаның болайын.

Сый  сұрағам жасыңнан.

Мейір  күткем  қартыңнан.

Еркелеп  ем  сендерге,

Емін  – еркін шарқ  ұрғам,

Екенмін  ғой  антұрған.

Сөз  өргізіп  артымнан,

Арыла  алмай  келемін

Бала  күнгі  қалпымнан.

Кешіріңдер, достарым,

Кешіріңдер, қастарым,

Есім  кіре  бастады,

Еркелікті  тастадым.

Мен  мен  емес, басқамын… 

Шығармалары

Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).

Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т. б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді.
Аудармалары

Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген

Мұқағали Дантенің“Құдіретті комедиясының”“Тамұқ”деген

бөлімін (1971ж.), Шекспирдің

“Сонеттерін”(1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.

Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)] жарық  көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылыпшықты.
Уолт  Уитмен « Сені  естігем»

Сені  естігем, салтанатты  нәзік  үні   органның,

Жексенбіде  жанай   өтіп, шіркеу  жақта  болғанмын.

Естігемін, қараңғыда, құйынды  құз,  ортасында  орманның

Күңіренген  күрсіністен  төңірегім  толған  мұң.

Операдан ғажайып бір,Италия  тенорын  да  тыңдағам,

Квартетте  сопрано  сыңғыр  үнін  сырлаған.

Дел –  сал  – , махаббатым, басымнан  сен  құшқанда,

Сеніңдағы қан  тамырын өң  бойында   тулаған,

Құлағымның  дәл  үстіңде, қоңыраулатып, тыңбаған.

Біршама өлеңдеріне ән жазылды.

«Саржайлау», «Есіңе  мені  алғайсың!», «Тоқта, ботам,атаң  келеді  артында», « Сәби  болғым  келеді», «Дариға, домбырамды  берші  маған», «Аңса, жаным» және т.б.
Есіңе мені алғайсың!
Нұр жауып тұрған көктемде,

Гүл тере барсаң бөктерге,

Қоңыраулатқан аспанды

Найзағай шаншып өткенде,

Есіңе мені алғайсың?

Тұнжырап тұрған орманға,

Тұнжырап жалғыз барғанда.

Мен бар деп мына жалғанда,

Жоқ деген сөзге алданба.

Есіңе мені алғайсың!

Жапырақ жанып жатқанда,

Күз келген күрең шақтарда,

Ағаштар мұңға батқанда

Есіңе мені алғайсың!

Ақ қырау тұрған ақпанда,

Ағаштар сырға таққанда,

Бозарып тұрып ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың, Есіңе мені алғайсың!

Оның өзі қайтыс болғаннан кейін «Өмір-өзен» (1979), «Бәсіре» (1981), «Соғады жүрек» (екі томдық) (1982), «Шолпан» (1984), «Жырлайды жүрек» (1989), «Күнделіктері» (1991), Үш томдық шығармалары (1991-1993) «Жылап қайттым өмірдің базарынан» (1994), «Қарасаздан ұшқан қарлығаш» (1999), «Аманат» (1999), Төрт томдық шығармалары (2002) кітаптары жарық көрген сайын Мақатаев поэзиясы оқырманмен етене жақын қауышып, әр қазақтың сырласына айналды.
Өзінің «Күнделігінде» ақын 1976 жылдың 14 ақпанында былай деп жазыпты :«- Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай. Жалған күйініш, жалған махаббат пен қуаныш, өтірік патриотизм және тағы-тағылар поэзияның жаулары. Көпшіліктің көңілін аулау үшін, рухыңның ыңғайын табу үшін жазу керек. Әрбір жазатын адам оқырманды күлдіріп абыржыта алады (бәрі оның шеберлігіне байланысты), бірақ оның жанына кіріп, есіңде мықтап қалу үшін барынша ашық, сезімтал әрі түсінікті болу қажет. Кейде қарапайым түсіне білетін көпшілік сенің образдарың мен прообраздарыңды артқы қатарға ысырып тастайды. Әрбір оқырман көркем шығармадан өзін, өз жанының бөлшегін іздейді.Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын.
О, поэзия!

“Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да.
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл – жасыл шұғыла шашылганда,
Көк жиек пен көк жиек косылғанда.
Махаббаттан іздедім, сагыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан.
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім   жадырау,жабығыстан,
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің  бүршігінен.
Қуаныштан, түршігу,күрсінуден,
Сені іздедім жүректін дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттардан іздедим, сағаттан да.
Сені іздедім, іздеймин тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?”

Мұқағали – жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың. Жалпы ұлттық рух дегенде, мынадай басты құндылықтарымызды алға тартар едік. Олар – туған жер, өскен өлкеміз, ана тіліміз, тарихымыз, дініміз, салт-дәстүріміз. Міне осы құндылықтардың қай-қайсысы болса да Мұқағали өлең  баянының алтын арқауы. Мысалы ұшаққа отырып сапар шеккен әрбір қазақ баласының ойына Мұқағалидың:
Іргелі қазақ болдық. Сақтар қалып,

Құс міндік темірқанат, аттар қалып,

Әйтсе де мақтанбалық, мақтанбалық! – деген жыр жолдары тұратындай.

Айналайын Ата мекен, Ақ мекен!

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!

Туған өлке тәтті екен ғой,

Тәтті екен ! – дегенде, бойыңда ғажайып

отаншылдық сезімі оянады.

Қазақстан!

Пай, пай, пай!

Ардағым-ай!

Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.

Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,

Өлмейтін махаббатым, арманым-ай! –.

Қазақ рухының басты да жарқын көріністерінің бірі – оның ана тілінің мәртебесінің биік, мерейінің үстем болуы. Қазіргі алапат жаһандану кезеңінде өз тіліміздің туын жоғары ұстау – әр қазақ баласының парызы.
Тіл өнерін, сиқырлы сөз өнерін,

Оңбайсың сөз өнерін тежегенің!

Тілден алмас жоғалса, сөзден қанжар,

Бұл тірліктен бір күнде безер едім.

немесе

Батар, кетер келмеске күнім менің,

Қалар бірақ киелі тілім менің.

Қасіретті шақтардан түңілгенде,

Қасиетті тілімнен түңілмедім, – деген сияқты қанатты жырлар қашан да қазақ халқының қасынан табылар тұмары іспеттес.

Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,

Арулардың айтпай кеткен сырларын.

Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын,

Қобызыңның шанағынан тыңдадым.

Құлазыған сенің құла түздерің,

Не білмеген, не көрмеген, ізгі елім.

Жазылмаған тарихымның жолдарын,

Ауызекі аңызыңнан іздедім.

…Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын,

Домбыраңның пернесінен іздедім.

Тарихымды жазудамын бүгін мен,

Алматы қаласында дүниеден өтті. Негізгі жыр жинақтарын көзінің тірісінде жарыққа шығарды (“Мавр”, “Дариға-жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”). Дүниеден өтер алдын “Реквием” атты толғау-өлеңін жазды.

Шығармалары өзбек, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Ақынның әдеби мұрасын зерттеуде 3 кандидаттық диссертация қорғалып К.Сейтова “Мұқағалидың ақындық мұрасы” (1991), К.Хамидуллаев “Мұқағалидың ақындық шеберлігі” (1993), тіл білімінде З.Қазанбаева “М. Мақатаев лирикасының грамматикалық ерекшеліктері”(1999)], шығармашылығы турасында 700-ге тарта еңбек (мақала, естелік-эссе, роман, поэма, өлең, т.б.) жазылған. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш бар. Мұқағали өлеңдеріне Н.Тілендиев, Д.Рақышев, Ш.Қалдаяқов, І.Жақанов, А.Қоразбаев, Т.Рахимов, М.Рүстемов, Т.Мұхамеджанов, Ә.Тінәлиев, Б.Оралұлы, Т.Досымов, т.б. сазгерлер ән жазды. 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма авторларына М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды. Ал 2008 жылы М.Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалды.

1999 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды (Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық). 2011 жылы Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы түрлі деңгейде аталып өтпек. Осы мерекеге орай “Ақын, туған күнінмен!” деген Асқаров Алимжан өлең арнаған.

Жары Лашын Әзімжанова:

Мені балаларымен қоса ұйықтатып тастап барып өлең жазуға кірісетін. Осылайша таңды атыратын кездері де бар. Жұмекеңнің: «Мұқаңның шамы таң атқанша сөнбейді» деп әзілдейтіні де содан. Бір жазғанда өндіріп тастайтын. Ал үлкен дүниелерге әбден әзірленіп болған соң барып отыратын. «Ильич», «Райымбек, Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда» поэмалары осылай туған. Мұндайда ұйқыны да, тамақты да ұмытатын. Бізге беймәлім бір құдіреттің әсері ме, көзінде нұр жайнап, жүзінде қан ойнап алабұртып отыратын. Ертесіне жазған өлеңін шабыттанып, мақтанып, шай үстінде ең әуелі маған оқып беретін. Сонсоң үйде отыра алмай қанаттанып, Одақ жағына асығатын. Қайсыбіреулердің осы күнгі айтып жүрген «Мұқаң қызып алып, бұрқыратып өлең жазады» дегені өтірік. Ішіп алып өлең жазушы ма еді адам?! Тұнық сезім, тұма сезім ащыны жұтқан сайын лайланып, былғанбай ма. Өз басым өмірімде Мұқаңның мұндай күйде өлең жазғанын көрген жоқпын.

Бибігүл Төлегенова:

Әлі есімде, 1950 жылдың бас кезі. Мұқағали екеуміз Қазақ радиосында бірге жұмыс істедік. Мен – әншімін, ол – диктор. Біз секілді студенттер үшін бұл деген – үлкен олжа. Менің байқағаным, ол қашанда кеудесін тік ұстайтын. Көңіліне кір жасырмайды. Кімнің алдында болса да пікірін ашық, әрі нық айтады. Бірақ шуағы мол. Әдемі қалжыңдайды. Тектілігі көрініп тұрады. Әйтеуір өзіме деген сый-құрметінен басқа бөгде қылығын көрген емеспін. Талантты, өнерді өте жоғары бағалайтын.

Әбіш Кекілбаев:

Мұқағали – қазақ поэзиясының ұзақ сағынып көрген асыл перзенттерінің бірі. Ол – шын мәніндегі ұлттық құбылыс… Ол халық болмысымен біте қайнасып кеткен ұлы тұлға. Ұлы құбылыс. Ұлы ақын. Мұқағалиы бар халық өлмейді. Мұқағалиы бар әдебиет күннен-күнге жаңара, жасай береді. Тіршіліктің тәттілігі мен ақиқаттың ащылығынан мейірі қанғанша дәм татқан қауымның өскелеңдігі мен өміршеңдігі де осында. Мұқағали халқымен бірге мәңгі өмір сүреді. 

Нұрғали Нүсіпжанов:70-жылдардың басында Мұқағали ақынмен алғаш рет дидарластым. Жаңадан комсомол сыйлығының иегері атанған кезім. Опера және балет театрында үлкен концерт болды. Соның арасында сусын ішейін деп, «Алматы» қонақүйіндегі мейрамханаға кірдім. Ту сыртымнан «Бей, әнші бауырым, аман ба?» деген тұнық, үні зор дауыс естілді. Қарасам, тұлғасы таудай болып Мұқаң өтіп барады. Өлеңін іздеп жүріп оқитын ақынға ұшып тұрып құрмет көрсеттім. Ол кісі де мені сыртымнан едәуір біледі екен. Ағалы-інілі болып, жарасқан қалыпта әңгімелестік. Танымы, білімі бірден жаныңды баурап алды.

ІІІ.  Жазылар естеліктер  ол  туралы.

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

Жазылар естеліктер нешелеген,

Көрерміз онын, бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе –

Көшеді өлең немесе өшеді өлең!

Бүгінде өлеңдері ең көп оқылатын ақын – Мұқағали Мақатаев. Мұнымен ешкім дауласпайды да! Күнделігінде Мұқаң: «Ей, безгелдектер, сендер емессіңдер маған бата беретін. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақ келеді, біздің әрқайсымызды солар өз орнына қояды. Мен өз жайымда мынаны айтамын: Мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын, бәлкім, одан әрідегі ұрпақтың туысымын да» деп жазыпты.

«Жазылар естеліктер мен туралы…» деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағалидың көзін көріп, бірге жүргендер арасында бүгінде ақынның әр ісін аңыз қылып айтып, ақын жайлы естелік жазбағандары кемде-кем.

«Әрине суық қайғы, суық қайғы,

Көңілін халқың саған суытпайды.

Егер де халық өзін ұмытпаса,

Бақыл бол, халқың сені ұмытпайды?!.»

деп  жырлағандай өзінің болашақ күндерін болжаған ақынның ұрпағына, еліне арнаған аманат ретіндегі өзек жарды өлеңі бұл. Осы өлеңнің үшінші жолына назар аударыңызшы; «Егер де халық өзін ұмытпаса…». Барлық нағыз шындық осы үшінші жолда тұр. Демек тек діні, тілі, ділі сау халық қана өзін жоғалтпай, ақынын қастерлейтінін меңзеп тұр.

Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын. Өзінің көзі тірісінде «Ильич», «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?» (1968), «Мавр» (1970), «Шөп жапырақтары», «Сонеттер», «Құдіретті комедия», «Дариға жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмір-дастан» (1976) секілді барлығы 11 кітабы жарық көріпті. Олардың әрқайсысында таңдамалыға ұялмай ұсынатын ғажайып жырлар орын алған. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ», – деп қазақ атамыз тегін айтпаған. Қазіргі айтылып, жазылып жатқан астатөк мақтау, марапат сан алуан естеліктердің ол кезде бір де біреуі жоқ еді.

Мұқағали өмірде көп қиыншылықтарды басынан кешірген, өмірінің рахаты аз болған ақын. Бірақ, шындап ұққан адамға ол өмірдің шын рахатын сезініп кеткен жұмбақ ақын.

Әдебиет деген әу баста тілімізге арабтан келіп еніп, қазақшалағанда «асыл сөз» деген мағына беретін әдемі, әрлі сөз болса, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық әлемі осынау қастерлі ұғымға лайық, «қыздың жиған жүгіндей», «қырмызы кілемнің түгіндей» жанды жаратылыс екені дәлел тілемейді. Ол қысқа өмірінде нұсқа, кілең ажарлы да базарлы өлең үлгілерін қалдырып кетті. Бұл – әрине, тіршілікті үлкен жүрекпен өліп-өшіп сүйіп, біздің жүрегімізді бүкіл әлеммен табыстырып, бірге соқтыра алған шынайы таланттың ғана қолынан келетін шаруа. Бұл – әрине, халық қазынасы – дария-тілдің тұнығын терең кешіп, жауһар-маржандарын еркін сүзе алған кемел суреткердің ғана қолынан келетін іс.

Мұқағали атамыз еш қоспасыз қазақ­тың біртуар ақыны болып қала береді. Мен ол  кісінің өлеңдерін ұнатып,қызықтап  оқимын.Себебі  ол  кісінің өлеңдерінде  туған жерге,ана  тілге, ата- анаға деген  сағыныш, құрмет,Отан  алдындағы парыз,табиғат  пен адам  өмірін алмастыра  өмір  сүрулері жақсы, тамаша, түсінікті, қызықты  жазылған. «Жігітті ел мақтаған қыз жақтаған» дегендей, Мұқағали өлеңдерін, оның аңғал қылықтарын ел аңыз қылып әлі күнге дейін айтып жүр. Иә, Мұқағали   –ғажайып, сыршыл, гуманист  ақын.Ол  бізге  көрінбейтін   сиқыр  бояулардан, бізге  естілмейтін   құпия  дыбыстардан   тоят  алатын   жұмбақ  ақын.   Ақын  өлеңдерін   оқыған  сайын   ақиқат  бейнелі   рух, сезім  мен  сананың   бірлігі  көңілге   ұялайды. Мұқағали   поэзиясы –  таңғы  шықтай  мөлдір, мұңлы  поэзия.

Қорыта келгенде,  М. Мақатаев ақындық, өнерпаздық аясы кең шығармашылық тұлға. Оның лирикалары мен поэмаларында өз заманының шындығы, бүгінгі мен болашағы, жауыздық пен ізгілік, зұлымдық пен достық, арамдық пен адалдық, қатыгездік пен адамгершілік атты сан тарау тақырып тұтастық тапқан.Сондықтан да, Мұқағали қалдырған мол мұра қашанда халқымен бірге мәңгі жасайтын асыл қазына екені анық.
Ақын Фариза Оңғарсынованың «Мұқағали ақыны бар халық бақытты халық» деген сөзімен қорытындылаймын. Олай болса, сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан біздер –  бақытты ұрпақтармыз дей келе,

Ақиық ақыным, биікке өрлеп самғаған,

Беті қайтып, қанаты оның сынбаған.
Тағылымы мол, ұлағатты поэзиясы,
Ұрпақ жадында,өшпестей боп сақталған.

  1. Ғылыми жобаның жүргізілуінің бақылау  күнделігі

Қазан

3.10.19ж  бастап жұмысымды жалғастырдым. Ең алдымен ұстазымнан  М.Мақатаев жайлы, шығармалары төңірегінде мағұлматтар алдым.

  1. 10.19ж ауыл, ауданның кітапханаларынан деректер іздедім.

Қараша

29.10- 02.11.19ж  күндері  жетекшім Хамбар С. Екеуіміз  аудандық кітапханаға барып, газет- журналдардан, көркем шығармаларын іздестіріп жинақтадық.

Желтоқсан

03.12- 15.12.19ж  күндері   ақынның шығармалары туралы көптеген ақпараттар, деректер жинақтадым.

Қаңтар

03.01-25.01.20ж  бастап  ақынның әр түрлі тақырыптағы өлеңдері,  арнау,аудармалары өлеңдеріндегі айшықты бейнелілік құбылтуларына көңіл бөліп , жекелей зерттедім.

Ақпан

01.02.20ж күніне бастап ақын туралы естеліктерді жинастырып, материалды жинақтай түстім, ары қарай  іздендім .

Наурыз

04-30.20ж күндері жинастырған деректерім бойынша ойларымды жүйелеп , реттедім.

Сәуір

Барлық жинақтаған материал, деректерді пайдалана, толыққанды жұмысыма қорытынды жасадым 

Бастау ауылы  №2 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Шүйнши Айжұлдыздың «М.Мақатаев- ғасыр ақыны» ғылыми-зерттеу жұмысына пікір

 

        Шүйнши Айжұлдыздың,  тақырыбы: «М.Мақатаев- ғасыр ақыны» тақырыбына  жазылған  ғылыми  зерттеу  жобасында  қазақ  халқының           ақиық  ақыны  Мұқағали  Мақатаев. Зерттеуші  тақырыпқа  байланысты  әдебиеттермен  танысқан. Жұмыста  халқымыздың   ақиық ақыны  Мұқағали  Мақатаевтың өмірі мен шығармалары  ақындық шеберлігі  замандастарының  інжу-маржаны  ой-пікірінің  түйіні,  өмірінің  айнасы  болған  өлеңдерінің тақырыптарына  ой  жүгіртіп,  шолу  жасайды. Шығармаларының   негізгі      тақырыптарын топтап,  саралап, өзінше  түйін жасап,  ойын  қорытындылаған.

Айжұлдыз   зерттеу  жұмысының  өзектілігін  анықтап,  Мұқағалидің өлеңдері қазіргі таңда ең көп   қолданысқа ие  екенін көрсете  білген.      Сонымен  қатар  жобаға  байланысты  қосымша       материал  ұсынған. Жобаның   мақсаты  зерттеу міндеттеріне   сәйкес  келеді.

Жұмыстың  тілі  жаттық,   түсінікті,   автордың  ойы  нақты, тұжырымды.

You May Also Like

Асқабақ пістесі мен күнбағыс пістесінің пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Негізгі бөлім.. 5 Пісте түрлері 5 1.1 Асқабақ және оның пістесі 5…

ТҮСТЕРДІҢ АДАМ ПСИХОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ, ғылыми жоба слайд

Қызылша және оның пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Қызылша және оның пайдасы» Аннотация Зерттеу мақсаты:  Қызылша туралы  мәліметтер жинақтап,…

Жанкент қаласы, ғылыми жоба

Тақырыбы:  Жанкент – ұлылар өмір сүрген қала Жоспары  Кіріспе: Ортағасырлық Жанкент қаласы.…