Тақырыбы: «Тәтті мұздың сыры неде»

Мазмұны

I.Кіріспе_______________________________________________________5

Ізденіс бөлімі________________________________________________6

  1. Тұжырымдама бөлімі

Тәжірибе___________________________________________________13

Қорытынды_________________________________________________ _18

                                  АННОТАЦИЯ

Зерттеу жұмысынң мақсаты: Балмұздақтың адам өміріндегі пайдасы мен   зиянын анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттер:

  • Балмұздақтың шығу тегін анықтау.
  • Балмұздақ түрлері , жасалу жолдары,өндірушілер жайлы ақпарат жинау.
  • Балмұздақпен байланысты қызықты дәлелдерді анықтау.
  • Үй жағдайында балмұздақ жасап, тәжірибе жүргізу.
  • Сыныптастар арасында сауалнама жүргізу.

Зерттеу жұмысының әдістері:

  • Балмұздақтың құрамы және оның түрлері туралы мағлұмат жинау;
  • Алынған теориялық және практикалық білімдерді жүйелеу;
  • Іздену, тәжірибе жасау.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысын іс-тәжірибеде қолдану: зерттеу жұмысында алынған нәтижелер бүгінде жастың да, кәрінің де, баланың да, дананың да қолынан жиі көріп тұруға болатын бұл өнім түрінің біздің өмірімге ендеп еніп кеткені сондай, оны кейде өзіміздің төл азығымыздай сезінетініміз бар.

                                     АННОТАЦИЯ

Цель исследовательской работы: осознать и определить место и роль мороженого в   нашей жизни.

Задачи:

  • Узнать историю мороженого.
  • Собрать информацию о мороженом: виды мороженого, технология производства, производители.
  • Найти интересные факты, связанные с мороженым.
  • Провести опыты по приготовлению мороженого.
  • Провести опрос среди одноклассников.

Методы исследования: сбор информации, обработка теоретической и практической информации, опрос, анкетирование.

Результат работы и заключение, использованные в практике:

На основе анализа фактов и документов сохранившихся со времен глубой древности и материалов современных исследований, мы пришли к выводу, что история возникновения сладкого десерта – мороженого уходит в далекие прошлые века. И  по сей день мороженое является любимым лакомством взрослых и детей, пожалуй, во всей планете.

Annotation

Aim of research work :Dekermination of   the usefulness and harnfulness of solf for the human body. Study the the technolody of creatingsalt.

Tasks:

  • Collection ot information on the history ot the creation of solf and effect for the human boby
  • Conclusion

Research methods:

  • Collection of information on the types and composition of salt.
  • Systematization of theoret:cal and practical know ledge
  • Research and experimentation

Job performance and conclusion, use in practice:

Determination of the type of salt, proper use in everyday life, knowledge of the usefulness and harm to the human boby, experimenting the evaporation of salt in water, the work in forms aboat the peculiarities of salt.                            КІРІСПЕ                

Аппақ қардай ақ түсің,

Сиқырмысың бақпысың.

Құмармын мен  соншалық,

Соншалықты тәттісің.

Тыңдап үлкен апаны,

Берер болсам бағаны.

Балалардың балмұздақ,

Сияқты ұлттық тағамы.

Жаз маусымында  көшеде, дүкендерде тәтті мұздың түр-түрі қаптап кетеді. Тіл үйірер мұздақты жылы күндері сүйсіне жейміз, ал оның шығу тарихы туралы ойланып көрдіңіз бе?

Балмұздақ– тоңазытылып жасалған тағам. Балмұздақты сүт, қаймақ, қант, сары май,жеміс-жидек, сондай-ақ, дәмді, хош иісті тамақтық заттар қоспаларынан жасайды. Құрғақ қоспаға карамель сірнесі, қышқылдар, жұмыртқа ұнтағы, бал, хош иісті шәрбәт, шырындар қосады.

Балмұздақ – жылдың кез келген маусымында кез келген жастағы адамның жалықпастан жеуіне болатын дәмді тағам. Балмұздақтың пайдасы мен зиянын көңілге тоқып алған болсаңыз, бүгін осы тәтті тағам жайындағы сіз естімеген ең қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.

Іздену жұмысының мақсаты: балмұздақтың адам өміріндегі пайдасы мен   зиянын анықтау.

Іздену нысаны: балмұздақ түрлері.

Міндеттер:

  1. Балмұздақтың шығу тегін анықтау.
  2. Балмұздақ түрлері , жасалу жолдары,өндірушілер жайлы ақпарат жинау.
  3. Балмұздақпен байланысты қызықты дәлелдерді анықтау.

4.Үй жағдайында балмұздақ жасап, тәжірибе жүргізу.

  1. Сыныптастар арасында сауалнама жүргізу.

Іздену әдістері:

  • Балмұздақтың құрамы және оның түрлері туралы мағлұмат жинау;
  • Алынған теорялық және практикалық білімдерді жүйелеу;
  • Іздену, тәжірибе жасау.

Жоспары

  1. Ізденіс бөлімі
    • Балмұздақтың шығу тарихы.
    • Балмұздақтың құрамы мен жасау технологиясы.

1.3. Балмұздақтың пайдасы мен зияны.

1.4. Балмұздақ туралы қызықты деректер.

  1. Тұжырымдама бөлімі

2.1. Тәжірибе

2.2. Қорытынды

Ізденіс бөлімі

1.1.Балмұздақтың шығу тарихы                

Ең алғаш рет балмұздақты Еуропаға Марко Поло әкелген көрінеді. Өзінің кезекті саяхаттарының бірінде ол Қытайда балмұздақтың қалай жасалатынын көреді де, содан кейін оны Италияға алып келіп, ең алғаш рет әзірлеген екен. Басқа бір нұсқаға үңілсек, Екатерина Медичи Францияға Дюка Орлеанскиийге тұрмысқа шығу үшін барған кезде өзімен бірге балмұздақ дайындау мәзірін жақсы меңгерген ас әзірлеушіні ала кеткен екен.  Келесі бір нұсқада былай дейді: Өте ертеде, ағылшындық  І Карл өзінің жақындары мен туыстарына дастарқан мәзірін ұйымдастырып, бас аспазшысына таңқалдырарлық тағам дайындауын бұйырады. Көп еңбектенген бас аспаз  жаңа тағам ойлап шығарады. Ол жаңа жауған аппақ қарға ұқсағанмен, тәтті болып шығады.Қонақтардың таңқалуында шек болмайды.

Сол кезде І Карл бас аспазды шақырып, даярлау әдісін ешкімге айтпауын, тек патша дастарқанына ғана берілу керектігін ескертеді. Ақысына 500 фунт тағайындайды. Кейіннен, 1649 жылдары І Карл билігінен кеткен кезде ас әзірлеуші Де Марко уәдесінде тұрмай, балмұздақ дайындау әдісін  көпшілікке  жариялайды. Америкаға балмұздақ 1774 жылдары жеткен екен. Сауда-саттықпен айналысып жүрген Филипп Лензи есімді саудагер Нью-Йорк газеттерінде өзінің Лондоннан әр түрлі тәттілерді, соның ішінде балмұздақты ала келгенін жарнамалайды.

АҚШ президенті Джеймс Мадисонның  әйелі Долли Мадисон 1813 жылы өзінің күйеуінің бал кешінде қонақтарға балмұздақ  ұсынған көрінеді. Одан кейін балмұздақты қолдан жасау әдісінің өнімі Нью-Джерсидегі Нанси Джонсон деген әйел арқылы жүзеге асқан. Ол 1846 жылы қол құралын ойлап шығарған. Бірақ құралды патенттік тіркеуден өткізбеген. Тек, 1848 жылы 30 мамырда Йонг есімді азамат “Джонсонның балмұздақ жасау фризері” деген атпен  тіркейді. Қазірге дейін балмұздақтың әкесі саналатын американдық балмұздақ өндіруші Якоб Фусселл Солтүстік Америкада, Балтық теңізінде, Мэрилендте 1851 жылы әзірлейді.

1926 жылы Кларенс Вогтың көмегімен үздіксіз жұмыс істейтін ең алғашқы фризер жасалынады. Бұдан кейін өнім көлемді мөлшерде шығарыла бастайды.

Ең қызығы, ежелгі Ресейде де балмұздақтың жасау әдісін білген көрінеді. Десерт тағамдарына олар қант қосып қатырылған сүт ұсынады екен. Кейіннен бұл әдісті фрнацуздар да қолданған. Уақыт өте келе балмұздақтың түрлері жер жүзіне тараған. Әрбір ұлт өкілдері дайындау әдісіне өзгеріс енгізуге тырысқан. Австрия жұртшылығы балмұздаққа шоколод, итальяндықтар түрлі жемістер, жаңғақ дәндерін қосуды ойлап шығарған.

1.2.Балмұздақтың құрамы мен жасау технологиясы.

Балмұздақ өндірісіндегі нағыз жаңалық Италияның Неаполь қаласынан шыққан.Ппариждік Тортони сүттен, қанттан және ванильден жасалған кремді қатыру жолын ойлап тапқаннан кейін жасалды. Тағам осыған орай «Неаполь мұзы» деп аталды. Ал кейін оның тек «мұз» – glace аты ғана қалды. Француздар қазір де балмұздақты осылай атайды. Итальян кулинары жасаған жаңалық зор табысқа кенелді. Ол мұндай дүркіреген атаққа, әсіресе, сицилиялық Прокопионың сәнге айналған және беделді кафесінде сатыла бастаған кезінде жетті. Айтқандай, бұл кафе күні бүгінге дейін бар көрінеді.

Балмұздақ — жұғымды және адам ағзасына жеңіл, шөл басатын сіңімді тағам. Сүттен дайындалған балмұздақта А, В, Д, Е, ал жеміс-жидектен жасалған балмұздақта С витаминдері мол.

Біріншіден, балмұздақ құрамы бойынша қатты ерекшеленуі мүмкін: дайындау барысында, біреулерінде табиғи кілегей, ал кейбіреулерінде құрғақ сүт қолданылуы мүмкін; жидектік немесе жемістік толықтырғыштар шынында табиғи сироп немесе лимон қышқылы қосылған ароматизатор болып шығуы мүмкін.

Сүттің құрамында адамға қажетті витаминдер мен минералдардардың барлығы дерлік бар: кальций, натрий, магний, фосфор, күкірт, хлор, йод, цинк, А, B1, B2, B12, D витаминдері, дисахаридтер, лактоза бар.

Сүт балмұздақтарында майлар мен көмірсулер көптеп кездескенменен бұл балмұздақтар кальцийге бай. Өз кезегінде кальций шаш пен тырнақ өсіміне, сүйектердің мықты болуына ықпал етеді.Өсімдік майлары қосылған балмұздақтарда калорий аз. Бұл балмұздақтарға әр түрлі қоюландырғыш ароматизаторлар мен пайдасы жоқ сутектендірілген өсімдік майларын қосады. Есесіне мұндай балмұздақтар арзан тұрады.

Цитрус жемістері мен әр түрлі жидектердің шырынынан жасалатын мұз кескіндерінің құрамында сүт пен хош иістендіргіштер (ароматизаторлар) кездеседі. Жеміс-жидек мұз кескіндерінде майлар болмағанменен көмірсулар өте көп.

Йогурт, сүзбе, ірімшік қосылған балмұздақтар пайдалы болғанымен оның құрамында қант пен жеміс-жидек алмастырушы заттар көптеп кездеседі.Есесіне бұл балмұздақтарда калорийлер көп.

Балмұздақты жасау технологиясы бойынша тиісті қоспалар араластырылғаннан кейін, арнаулы ыдыста 63—70°С температураға дейін қыздырылып, зиянды микробтар жойылады.

Қоспа цилиндрлінемесе дискілі сүзгімен сүзіледі. Қоюлығы біркелкі болу үшін қоспа гомогенизатор арқылы 150 — 300 атмосфералық қысымнан өткізіледі. Гомогенизатордан өткен қоспатоңазытқышта 2—4°С-қа дейін салқындатылады. Дайын балмұздақтың сапасын тексеру үшін 12—18 сағат сақталады да, өлшеніп бөлшектеледі. Бөлшектеу әр түрлі. Мысалы,Алматы сүт комбинатында балмұздақ гильзаға (қаңылтыр ыдыс) салынып, вафлямен (жұмыртқа, қаймақ араласқан жұқа нан) қапталады немесе арнаулы қағазбен оралады.

1.3. Балмұздақтың пайдасы мен зияны.

Балмұздақты бәрі жақсы көреді. Әсіресе, шілдеде оны кішкентай балалардан, қария зейнеткерлерге дейін сатып алады. Ең тәтті және қолжетімді өнімдердің бірі болып қана қоймай, мұнымен қоса балмұздақ денсаулыққа пайдалы: сүт пен кілегейден жасалатындықтан, құрамы кальций, магний және басқа да маңызды элементтерге өте бай.

The iVillage басылымының хабар­лауынша, химиктер балмұздақ құра­мын­дағы триптофан затының жүйке жүйесіне оң әсер ететінін анықтаған. Ғалымдардың айтуынша, мұзды балқаймақ құрамында триптофанның жоғары концентрациясы топтасады. Ал бұл жүйке жүйе­сі үшін, яғни тыныштан­дыратын дәрі-дәрмекке тең.

Диетолог мамандар балмұздақтың зияны мен пайдалы тұстарын айтып жатса, ғалымдар балмұздақтың тек пайдасын ғана айтады.

пайымдауынша, балмұздақтар депрессиядан шығудың бірден-бір жолы.

 Сондай-ақ, балмұздақтың арқасында адам ағзасында серотонин деп аталатын көңіл күй гормоны пайда болады. Көңіл-күйіңізді көтеріп, жаныңызды сергіткіңіз келсе, балмұздақтан дәм татыңыз. Балмұздақтардың құрамында триптофан болады, ол ұйқысыздықтан арылуға жол береді.

Балаларының денсаулығына алаңдайтын ата-аналардың көбі кішкентайларға балмұздақ жеуге болмайды деген пікірде. Алайда, балмұздақ балаларға да пайдалы.

Үш жастан асқан балаларға айына 1-2 рет шоколад қосылмаған сүт балмұздақтарын жеуге болады.Себебі, балмұздақтың құрамында кальций мен ақуыз бар.

Жаздың ыстық күндері басыңыздан күн өтіп, мұрныңыздан жиі қан ағатын болса, аптасына 2-3 рет балмұздақтан дәм татыңыз. Балмұздақ қанның ағуын тоқтатады.

Балмұздақты көпшілік жүріп көше бойымен жаяу келе жатып, жеп жатады. Бұл мәдениетсіздіктің белгісі. Сондай-ақ, балмұздақ өзіне айналадағы шаң-тозаң мен ауадағы зиянды заттарды тез сіңіреді.

Алайда, ата-аналар балаларына шектеу қояды. Яғни, аптасына екі-үш реттен көп емес  бір рет жеуге рұқсат береді. Себебі, тым көп жейтін болса тамағы ауырады деп ұйғарады.

Сондай-ақ бүгінгі таңда шығарылып жатқан балмұздақтардың құрамында крахмал көп болғандықтан, оны мөлшерден тыс жейтін болсақ семіздік пен қант диабетіне әкеліп соғады.

 1.4. Балмұздақ туралы қызықты деректер.

Бәрімізге жақсы танымал «Эскимо» алғашында «эскимо-пай»(эскимос бәліші) деп аталған. Бұл – шоколад пен глазурленген әлемдег ітұңғыш балмұздақ. Оны жасап шығарушы – Кристиан Нельсон есімді америкалық еді. Ол өз балмұздақтарын қала аралап сатып, эскимостар туралы фильм көрсетіп жүрген екен.

Венесуэллалық Coromoto атты балмұздақ-кафесі өз келушілеріне 709-ға жуық балмұздақ түрін ұсынады. Бұ ләлемде ешбіржерде жоқ көрсеткіш. Олжерден пияз, шошқа шыжығы, сәбіз, қызанақ, сыра, майшабақ, спагетти, сарымсақ, тіпт іащы бұрыш қосылған балмұздақтарды жеуге болады.

Балмұздақтан жасалған әлемдегі ең үлкен тортты Пекинде жасап шығарған. Торттың ұзындығы 3 метр ғана болғандығымен, салмағы 8 тоннаны құрайды. Балмұздақ торты – балалардың «Балмұздақтауы» атты қойылымдарының құрметін еәзірленген болатын.

Ең қылмысты балмұздақ 2002 жылы Чилидетір келген. Полиция қызметкерлері шоколад балмұздағының ішіне кокаин тығып жасырып  .

Әлемдегі ең қымбат балмұздақ нью-йорктық Serendipity мейрамханасында сатылады. Бұл мадагаскарлық ваниль толтырылып, жеуге жарамды алтын жапырарқтар мен және әлемдег іең қымбат шоколад пен жабылған таитяндық балмұздақты жеу кім-кімнің болсын арманы. Балмұздаққа қоса гарнир ретінде Парижден әкелін генэкзотикалық жемістер беріледі. Ең бастысы, өзіңізбен бірге алып кетуге болатын алтын жалатылып, бриллинатпен

безендірілген қасық  ұсынылады.

II.Тұжырымдама бөлімі

2.1.Тәжірибе

Үй жағдайында балмұздақ жасау.

Құрамы: (Балқаймақ 30% , қара шоколод, қаймақ 20%. ваниллин,

қоюлатып қайнатылған сүт8%)

Ізденіс жұмысымның екінші бөлімінде мен сыныптастарымның арасында сауалнама жүргізіп, төмендегі көрсеткіштерді алдым.

Қандай балмұздақ тез ериді?

Қандай балмұздақ ұнайды?

Сыныптастарымның балмұздақты тұтынулары 

                                               Балмұздақтың түрлері

 Қорытынды

Адам баласы аптап ыстықтан қорғанудың жолдарын ықылым заманнан­ бері іздеу­мен келеді. Балмұздақтың тарихы біздің заманымызға дейінгі 3000 жыл бұрынғы көне Қытай патшалығынан бас­талады. Сол заманда Қытай патшасының ас мәзірінде мұз­­бен немесе қармен араластырылған же­міс шырыны бол­ған. Кейін келе бұл шырынды қоюлату арқылы дәмді бал­мұздақ пайда болды. Оны Қытай патшасы басқа елдерден келген мәртебелі қонақтарға ұсынып, мақтанатын болған. Бұл керемет дәмді тағамды енді олар құпия сақтауды ұйғарғанмен, балмұздақ дайын­дау технологиясы бәрібір араб, парсы, үндіс­терге бел­гілі болып қалады.

Қорыта келгенде, бүгінде жастың да, кәрінің де, баланың да, дананың да қолынан жиі көріп тұруға болатын бұл өнім түрінің біздің өмірімге ендеп еніп кеткені сондай, оны кейде өзіміздің төл азығымыздай сезінетініміз бар. Дегенмен, шынында да пайда болғанына талай ғасырдың жүзі толған бұл тәтті тағамға қатысты тарихта алуан түрлі шым-шытырық оқиғалардың орын алғанын көбіміз әлі де біле қоймаймыз. Ал ол жөнінде қатпар-қатпар парақтары бар қалың еңбек жазуға да болар еді.

Зерттеу барысында қол мынадай қорытындыға келдім:

Балмұздақты зерттеу барысында мен көптеген  жаңалықтарды білдім.

  • Десертті салқындату тарихын.
  • Өндірушілермен , өндіру технологиясын.
  • Балмұздақ жасау өте қиын және көптеген ебекті қажет етеді.
  • Балмұздақтың 700-дей түрі бар.
  • Маған үй жағдайындағы жасалған балмұздақ ұнады.
  • Балмұздақ адам өмірінде әсіресе балалар өмірінде    үлкен рөл атқарады.
  • Жаз мезгілінде әлем бойынша әрбір үш секунд сайын балмұздақ сатылады екен.
  • Әлем халықтарының ең сүйіп жейтіні – кілегей балмұздағы, одан кейінгі орында шоколад және жеміс балмұздағы тұр.

№47 орта мектебінің 3 «Г» сынып оқушысы Бекмаханбет Нұрсейттің

«Тәтті мұздың сыры неде?» атты ізденіс жұмысына

ПІКІР

Аталған жұмыс мазмұнында оқушы балмұздақтың шығу тарихын, оның құрамын, адам өміріндегі маңызын, пайдасы мен зиянын анықтауға тырысқан.

Аталған жұмыс мазмұны оқушының жас ерекшелігіне сай құрылған.

Сондай-ақ бұл жобада оқушы балмұздақтың пайдасын анықтауда тесттер, диагностикалық жұмыстар жүргізген.

Жұмыстың тілі жатық, көтерген мәселесі өзекті. Жобаның мазмұнының теориялық және практикалық маңызы бар.

Бекмаханбет Нұрсейттің  жұмысын орындау барысында өзінің ізденушілік, шығармашылық қабілетін көрсетіп,тұжырым жасай білді.

Сондықтан аталмыш жобаны байқауға  ұсынуға болады деп есептеймін.

Жоба жетекшісі:                                   Оразалиева Н.К

Зерттеу жұмысының күнделігі  

Тақырып бойынша іздену Нәтижесі Мерзімі
1 Зерттеу жұмысының тақырыбын белгілеу Әр түрлі материалдарды тарихи тұрғыдан зерттеу 3.10.2018ж

15.10.2018ж.

2 Тақырып бойынша  баспасөз материалдарын жинақтау Тақырыптық көлемдегі ғылыми мақақалар мен авторлардың еңбектерімен танысу. 13.10.2018ж

25.10.2018ж

3 Ізденіс жұмысының тақырыбы бойынша жұмыстың кіріспе бөлімімен жұмыс Жұмыстың өзектілігін анықтап, мақсатын, міндетін, зерттеу бағытын нақтылау. 30.10.2018ж

14.11.2018ж

4 Ізденіс жұмысының тақырыбы бойынша жұмыстың негізгі бөлімінің материалдарымен жұмыс Зерттеу жұмысының аясында жинақталған материалдарды саралап, ғылыми жүйеге келтіру 28.11.2018ж

10.12.2018ж

5 Ізденіс жұмысы бойынша қорытынды бөліммен жұмыс Зерттеу жұмысын қорытындылап, ұсыныстар берілді. 14.12.2018ж

30.12.2018ж

 

 

6 Ғылыми жетекшімен жұмыс Жіберілген кемшіліктер мен түзеулерді қайта қарастыру. 5.01.2019ж

13.01.2019ж

7 Әдебиеттермен жұмыс Библиографиялық көрсеткіш құрастыру. 18.01.2019ж

29.01.2019ж

8 Шығармашылық ізденіс Ізденіс жұмысын жүргізу 31.01.2019ж

8.02.2019ж

9 Жобаны жүйелеп, қосымша материалдармен толықтыру Материалдар дайындау 14.02.2019ж

25.02.2019ж

10 Жинақтау бөлімі Жұмыс толығымен аяқталып, түптелді, слайдтар дайындалды.        27.02.2019ж

13.03.2019ж

 

 

You May Also Like

Жасыл өндіріске – жасыл химия арқылы, ғылыми жоба

Кіріспе  А) Адам- табиғаттың ажырамас бөлігі Тіршілік иелерінің бәріне де қорек, ауа,…

Абайдың шығармашылық өмір жолы, ғылыми жоба

МАЗМҰНЫ  КІРІСПЕ ………………………………………………………………………,……………………. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.1 Абайдың шығармашылық өмір жолы ……………………………………………….. 2.…

Адамзатқа төнген қауіпті дерттің бірі-туберкулез ауруы, ғылыми жоба

Тақырыбы:Адамзатқа төнген қауіпті дерттің бірі-туберкулез ауруы Биология және медицина бірлестігі Мазмұны І. …

Ұлттық ою-өрнектер, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Ұлттық ою-өрнектер» Орындаған: Өмірбаев Дильшат І. КІРІСПЕ. ………………………………………………………………………………1-3…