Тақырыбы:Адамзатқа төнген қауіпті дерттің бірі-туберкулез ауруы

Биология және медицина бірлестігі

Мазмұны

І.  Кіріспе…………………………………………………………………..

ІІ.  Маңызы және функциясы……………………………………..

2.1. Зерттелу тарихы…………………………………………………..

ІІІ. Туберкулез ауруы………………………………………………….

3.1.  Түрлері……………………………………………………………….

ІV. Чапаев ауылында өкпе ауруының таралуы…………….

4.1. Чапаев ауылы бойынша (жас ерекшеліктері)………..

4.2. Емдеу әдістері……………………………………………………..

4.3.Себебін анықтау……………………………………………………

4.4.Алдын-алу шаралары…………………………………………….

Адамзатқа төнген қауіпті дерттің бірі

(туберкулез ауруы)

1.Кіріспе.

Туберкулез–адам организмінің бүкіл ағзаларын зақымдайтын инфекциялық ауру. Клиникалық-анатомиялық зерттеулер нәтижесінде туберкулез әр түрлі жолмен барлық организм топтарын зақымдай алады. Туберкулез – хроникалық ауру, салыстырмалы түрде баяу таралатын латентті инфекция түрі, адам ағзасының бүкіл мүшелерін зақымдайтын созылмалы ауру.

Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу жағдайы 2,4 есеге төмендеген. Қазіргі күнде елімізде туберкулезді ерте анықтау үшін диагностиканың халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи әдістері қолданылуда. Барлық облыстық, қалалық және өңірлік туберкулезге қарсы ұйымдардағы бактериологиялық зертханаларда туберкулезді және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезді тез диагностикалау (2 сағат ішінде) бойынша алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар енгізілген: BACTEС MGIT-960, Hain-test и Genе-Хpert. «Туберкулезді уақытылы айқындап, ертерек емделген жағдайда, одан толық айығуға болады. Қазақстанда туберкулезді біріккен (интеграцияланған) бақылау стратегиясы жүзеге асырылуда. Яғни, туберкулез микробактерияларын шығармайтын және айналасындағы адамдарға қауіп тудырмайтын пациенттер тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда амбулаториялық ем қабылдайды. Елімізде туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу нәтижелілігі айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар Қазақстанда туберкулездің алдын алу, диагностикалау мен емдеу тегін және ол мемлекет есебінен жүргізіледі.
Қазіргі таңда туберкулез ауруы әлем бойынша өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Осы орайда, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр мемлекеттің алдына үлкен мақсат қойып, тапсырма берген. Ол дегеніміз, 2020-2025 жылдар аралығында атқарылатын қызметтер және ол қызметтердің нәтижесі. 2020 жылға дейін бізде жүз мың адамға шаққанда туберкулез ауруына алғаш рет шалдыққандардың саны 50-ден аспау керек. 2025 жылы туберкулез ауруының таралу көрсеткіштері жүз мың адамға шаққанда 50-ден аспау керек. Осы 2025-2035 жылдар аралығында аталған аурудан өлім-жітім саны болмауы тиіс. Міне, біздің еліміздің алға қойылған мақсаттарының бірі осы.Бұл мақсатқа жету үшін 2016-2030 жылдарға арналған денсаулық бағдарламасы бар.
–Елімізде туберкулезді жеңуге, жоюға үлкен мүмкіншілік бар. Біздің облысымызда да туберкулезді уақытында анықтап, диаг-
ноз қою үшін үлкен мүмкіншіліктер туып отыр, оның бірі адам ағзасындағы туберкулез таяқшаларын табуға арналған аппараттар. Бұл аппарат екі-үш сағаттың ішінде адам ағзасындағы туберкулез таяқшаларын анықтауға мүмкіндік береді. Екінші негізгі мәселелердің бірі туберкулез ауруларын емдеу үшін арнайы препараттармен уақытында қамтамасыз ету болып табылады. Бұл үшін біздің елімізде тегін әрі орталықтандырылған, республикалық бюджеттен әр өңірге аурудың санына қарай уақытында қажетті препараттар бөлініп отыр.
Туберкулез бағдарламасындағы басты бағыттардың бірі туберкулезді анықтап, дәрі-дәрмектерге төзімділікті белгілеп, тиісті емдеуді тағайындау болып табылады. Скринингтік тексерулердің арқасында туберкулезбен ауыратын науқастардың 70 пайыздан астамында ауруды бастапқы сатысында анықтауға мүмкіндік бар. Ұлттық орталық пен Ғаламдық қордың қолдауының арқасында 2011 жылдан бастап жедел түрдегі туберкулезді диагностикалаудың заманауи әдістері енгізіліпті. Соның нәтижесінде диагностикалық іс-шаралар 3 айдан 2 сағатқа дейінгі уақытқа қысқартылған.
Қазақстан туберкулезбен ауыратын науқастардың емделуіне ақысыз қол жеткізуді қамтамасыз еткен санаулы елдердің бірі болып табылады. Статистикаға сәйкес, соңғы 5 жыл ішінде облыста орта және ірі бизнес құрылымдарының қызметкерлері арасында өндіріс қарқынының төмендеуіне әсер ететін туберкулез инфекциясымен ауыратындар тіркелмеген.
Қазіргі кезде заман талабына байланысты туберкулезбен алғаш рет ауырған адамды, ол туберкулез бактериясын бөлмейтін болса, амбулаторлық жағдайда емдеуге мүмкіншілік бар екен. Жаңадан ауырған адам қоршаған ортаға, өзі араласқан адамдарына қауіптілігі болмаса, ол адамды үй жағдайында емдеуге болады. Олар жергілікті жердегі ауруханаға барып дәрі-дәрмегін алып отырады. Науқастарға қолайлы жағдай жасау үшін дәрігерлер смартфон арқылы күнделікті аурудың дәрі қабылдауын қадағалай алады. Осындай тәсілмен қазір науқас адам үйінде отырып, күнделікті дәрілерін қабылдауда екен.
Соңғы 10 жылдың ішінде біздің өңірімізде жаңадан ауырғандардың саны жүз адамға шаққанда 2,7 пайызға азайған. Туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 4,6 пайызға азайыпты. Ал, жасөспірімдер арасында 8 жасөспірімнің науқастанғаны анықталса, балалардың арасында 13-і тіркелген.
Жалпы аумақтағы аудандарда аурулардың саны бақыланып отырады.–
Ал, балалардың арасындағы профилактикалық жұмыстардың бірі БЦЖ вакцинасын пайдалану болып саналады. Бала дүниеге келгеннен бастап алғашқы төрт күнде осы БЦЖ вакцинасын алуы керек. Ол туберкулезге баланың шалдықпауына бірден-бір тікелей көмек көрсететін, баланың денсаулығын қорғайтын екпе.

Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметіне қарағанда, қазір жер шарында  туберкулезбен 15-20 миллион адам ауратын көрінеді. Әлемде жыл сайын олардың саны 2-3 миллион адамға көбейіп отрады екен. Ал біздін елімізде эпидемологиялық жағдайдын жақсаруына қарамастан соңғы жылдары туберкулез ауруы аса өзекті әлеуметтік және медициналық проблема ретінде қалып отыр. Сондықтан туберкулезге қарсы күресті күшейту бағытында елеулі шаралар жүзеге асырылуда. Соған қарамыстан, әсіресе біздің республикамызда  туберкулез ауруы көп тараған ауру ретінде халық денсаулығына едәуір зиян келтіруде.

Массачусетс медициналық қоғамының деректері бойынша, туберкулез тудыратын бактерия тасымалдаушылары ғаламшар халқының төрттен біріне дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, пандемия емес, аурудың белсенді түрі ғана қауіпті. Дамыған елдерде БЦЖ вакцинациялаудың арқасында ауыру көрсеткіші қауіпсіз деңгейге дейін төмендеді, алайда дамушы елдердегі ахуал әлі де алаңдатады. Ауыр жағдайлардың 80 пайыздан астамы Африка елдеріненде тіркелген. Қазақстанда жыл сайын туберкулезбен ашық түрде ауырудың 23 мың жағдайы тіркелді, соңғы мәліметтерге қарағанда, сырқаттанатындар сәл азайған – жылына шамамен 12 мың.

ІІ. Маңызы және функциясы

Өкпе (Pulmones, лат. pulmo – өкпе) — адам мен жануарлардың тыныс алу мүшесі. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлінеді әрі тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді онымен қоса оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршіктер сияды. Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы – 2680’120. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюы, ақуыз, май және көміртек алмасу процестеріне қатысады.

Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.

2.1. Зерттелу тарихы

Өкпе құрты ауруы, көксау немесе кеңінен танымал туберкулез ауруы адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны неміс микробиологы Р.Кох 1882 жылы 24 наурызда ашқан. Туберкулез микробактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген, жәй көзге көрінбейтін таяқшалар. Туберкулез қоздырғышы – туберкулез таяқшасы.1982 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Халықаралық туберкулезбен және өкпе ауруларымен күрес одағы 24 наурызды ресми түрде Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні деп атауды ұсынды.
Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.

Ресейде өзге ұлттардан гөрі орыстар осы дертпен науқастанады. Сол сияқты Англияда ағылшындар. Ал Қазақстанда да көбіне қазақтар ауырады.Сондай-ақ туберкулезбен баспанасы жоқ, жұмысы жоқ, ішімдікке салынған я болмаса нашақорлар жиі ауырады.

ІІІ. Туберкулез ауруы

Туберкулез (құрт ауруы) – (лат. тілінде Tuberkulum – төмпешік) – ауа тамшылары арқылы жұғатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын созылмалы жұқпалы ауру. Адам ағзасының тырнақ пен шашты қосқанда, барлық органдары мен тіндерін зақымдайтын туберкулездің өкпеден тыс түрлері де дамуы мүмкін.
Жұқпаның негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезі бар науқас адам, себебі оның қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлінеді. Еденге немесе жерге қақырықты түкірген кезде ол шаңмен араласады. Осындай шаңмен демалған дені сау адамның туберкулезді жұқтыруы әдбен мүмкін. Адам туберкулез таяқшасымен зақымданған шикі сүтті және басқа да сүт өнімдерін пайдалану кезінде, ауру жануарға күтім жасау барысында туберкулезді жұқтыруы мүмкін. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас тиісті ем қабылдамаса, жылына 10-15 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Алайда туберкулезді жұқтырғандардың барлығы науқас болып саналмайды, себебі иммундық жүйе қоздырғыш үшін тежеу бола алады. Иммундық жүйесі әлсіреген адамның ауруға мүмкіндігі жоғары. Көптеген адамдар өмір бойы туберкулез бактериясын жұқтырған болуы мүмкін, бірақ аз ғана бөлігінде ауру дамиды. Туберкулез бактериялары сыртқы ортаға өте төзімділігімен ерекшеленеді. Көше шаңдарында бактериялар өмір сүру қабілетін 10 күнге дейін сақтайды, ал кітап беттерінде өмір сүру қабілетін 3 айға дейін, науқастың киімі мен төсек жаймасында 3 – 4 айға дейін, суда 5 айға дейін сақтаса, қарда – шексіз.
Туберкулез жұқпалы ауру. Ең жиі кездесетін түрі-өкпе туберкулезі. Көп жағдайда сырқат белгісі науқас адамға білінбей басталады да, тек қана Манту реакциясын қойғанда, қақырықты “Кох таяқшасына” тексергенде немесе флюорографиялық байқаудан өткенде табылады.

Туберкулездің белгілері:

-әлсіздік, тез шаршау;

-асқа зауқы соқпау, жүдеу;

-3 аптадан аса жөтеліп жүру;

-түнде немесе ұйқыдан оянған кезде терлеу;

-дене қызуының 37 градустан жоғары көтерілуі;

-түстен кейінгі мезгілде бейжай болуы.

3.1.Түрлері

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде қуыс пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.

Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.

  1. Чапаев ауылында туберкулез ауруының таралуы 

Чапаев ауылы бойынша өкпе ауруының екі түрі кездеседі: 1) Туберкулез ауруының ашық түрі; 2) туберкулез ауруының жабық түрі.

Алғашқы ауырғандар:

2015ж-18; 2016ж-17; 2017ж-18; 2018ж-15; 2019ж-15 адам

Жалпы есепте тұрғандар белсенді туберкулезбен:

2015ж-40; 2016ж-37; 2017ж-35; 2018ж-32; 2019ж-33 адам

Балалар аурушаңдығы:

2015ж-1; 2016ж-0; 2017ж-1; 2018ж-1; 2019ж-2 бала

Жасөспірімдер аурушаңдығы:

2015ж-2; 2016ж-1; 2017ж-1; 2018ж-0; 2019ж-1

Мүгедектер саны:

2015ж-22; 2016ж-21; 2017ж-22; 2018ж-16; 2019ж-12 науқас

4.1. Чапаев ауылы бойынша (жас ерекшеліктері) 

Чапаев ауылы бойынша зерттеу нәтижесінде 15 адамда туберкулез ауруымен ауыратындығы анықталды.Алынған деректер бойынша осы аурумен ауыратын адамдарды жас жас ерекшеліктері бойынша 6 топқа жіктедім.Олар:1) 1935-1965 ж.ж. 2) 1966-1980 ж.ж. 3) 1981-1991 ж.ж. 4) 1992-2000 ж.ж. 5) 2001-2009 ж.ж. 6) 2010 жылдан жоғары жас деңгейлері арасы.Оларды пайызбен шағып есептегенде  1935-1965 ж.ж. туғандарда-7 пайыз ( 1 адам), содан кейін 1966-1980 ж.ж. жалпы үлесі 7 пайыз (яғни 1 адам),  1981-1991 ж.ж. туғандарда- 27 пайыз ( 4адам), 1992-2000 ж.ж. туғандарда- 40  пайыз ( 6 адам), 2001-2009 ж.ж. туғандарда- 7 пайыз ( 1 адам), 2010 ж.ж. туғандарда- 13 пайыз (2 адам). Туберкулез ауруымен ауыратын науқастардың ең үлкен жасы- 1966  жылғы адам, ал ең төменгі жасы –2016 жылғы бала.

4.2.Емдеу әдістері

Қазір туберкулез адамның қай жерінде кездессе де, оны түрлі әдістерді қосарландыра жүргізіп емдейді. Туберкулезге қарсы жұмсалатын барлық емді негізінде үш бағытта жүргізуге болады.

Олардың бірі — жалпы емдеу. Өйткені туберкулезбен дененің бір жері (сүйек, өкпе, без және т. б.) ауырса онық зардабы барлық денеге жайылады. Сондықтан емдік шара алдымен жалпы дененің арқауың нығайтуға, оның қорғаныш күшін арттыруға жұмсалғаны жөн. Жалпы шараның нәтижесінде адамның нерв жүйесі бұзылған қызметін жөнге келтіреді, денеде қоректі заттар алмасуы түзетіледі және бездер жүйесінін жұмысы ширайды.

Екінші бағыты — ағзада ұялаған, оны бүлдіріп жатқан туберкулез микробын өлтіру. Қазір күшті дәрі-дәрмектер жеткілікті, солардың күшімен микробтың өсіп-өнуіне тоқтау салып, ұяларын құртуға болады.

Емдеудің үшінші бағыты — хирургиялық және ортопедиялық тәсілдер. Әрине,   тәжірибеде   осы   айтылған әдістер мен түрлі дәрілер өзара үйлестіреле жұмсалады. Сондықтан толып жатқан емдердің бастысы  гигиеналық-диеталық  режим   болады.

Таза ауа — пәрменді ем. Туберкулезді емдеуде гигиеналық әдістің маңызы зор дедік.

Науқасқа емдік шараның қай түрін қолданса да, та¬за ауаны кең пайдалану жағы көзделуге тиіс.

Туберкулез науқас үшін таза ауаның пайдасы өте көп. Таза ауада ауру жұқтыратын микробтар сирек кез  деседі. Үйдегі ауаның бұзылуына ылғал, кір жуу, ас пісіру, темекі түтіні, лас киімдер сақтау себеп болады.

Таза ауа өкпеге өтіп, онда жиналған қақырықтың шығуына көмектеседі.

Күн сәулесімен емдеу. Туберкулезді емдеуде күн сәулесінің де маңызы күшті. Күнмен емдегенде науқастын қан кұрамы жасарады, дене тканьдары шынығады. Соның нәтижесінде олардың атқаратын қызметі жақсарады. Күн сәулесі, сүйек, буын, без, тері туберкулездеріне қарсы жақсы нәтиже береді. Ал өкпе туберкулезіне күн қауіпті. Сондықтан бұндай адамдарға күн сәулесі сирек қолданылады.

4.3. Себебін анықтау

Туберкулезді анықтау әдістері

Туберкулездің алдын алу үшін профилактикалық шаралар жүргізу, барынша туберкулезді ерте табу (енді басталғанда), жеңіл түр болса тез емделеді. Ол үшін:

1)   Манту сынамасы қойылады. Бұл әдіспен туберкулездің жұққанын анықтаймыз, балалар үшін манту сынамасын қойғызу (алу) керек

2)   Жасөспірімдермен ересектер жылына бір рет флюроографиялық тексеруден өтулері қажет, бұл әдіспен өкпенің ауруларын анықтаймыз, олар: туберкулез, пневмония, рак, т.с.с.

3)   Бакскопия-қақырықты микроскоп арқылы тексеру, әртүрлі уақытта үш реттен Кох таяқшасына тексеру, егер де туберкулез құртын тапқан жағдайда, бірден туберкулездің ашық түрі деген диагноз сол сәтте (микроскоппен) қойылады.

4)   Қаланың барлық емханаларында Манту сынамасымен, флюроография, бакскопия әдістерімен туберкулез науқастарын тауп, тубдиспансерге емге жіберуде.

5)   Науқастар тубдиспансерде емделіп айығып кетуде.

4.4.  Алдын алу шаралары

Туберкулездің алдын алу шаралары
1. БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде міндетті түрде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде милиарлы туберкулезден және туберкулезді менингиттің дамуы мен асқынуын және таралуын тежейді.
2. Уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықталса, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін. Өкпе туберкулезін уақтылы анықтау үшін қақырыққа бактериоскопиялық зерттеу жүргізіледі. Балалардың туберкулезді жұқтыруын уақтылы анықтау үшін Манту сынамасы салынады. Манту сынамасы бір жастан бастап, жылына 1 рет салынады. Нәтижесі 72 сағаттан кейін жарық жерде мөлдір сызғыштың көмегімен папуланы (түйінді) өлшеу арқылы белгілі болады. Папуланың тек көлденең өлшемі тіркеледі, ал қызарған аймағы есептелмейді.
3. Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау – жуу құралдары мен ағын суды пайдаланып қолды, ыдысты жуу, бөлмеге ылғалды тазалық жүргізу және желдету.
4. Дұрыс тамақтана отырып (ет, сүт өнімдері, балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану), салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты түрде денешынықтыру жаттығуын жасау, қалыпты демалыс, таза орта, темекі, алкоголь, есірткіден аулақ болу.
5. Жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану.
6. Ет пен сүтті міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу.
7. Қоршаған орта гигиенасы, мақсаты – анықталмаған және уақтылы ем қабылдамаған науқастардан ауруды жұқтыру қаупін төмендету:

  1. үйді тұрақты түрде желдету;
    2. айналаңдағыларға түкіру – жұқпалы аурудың тарауына ықпал ететін жағымсыз әдет екенін түсіндіру.
    3. көпшілік жүргіншілердің қозғалысы басталмай тұрып, таңертеңгі уақытта көшелер мен аулаларды тазарту, бұл шаңнан мүмкін болатын Кох таяқшасын жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
    4. тура күн сәулелері 5 минут ішінде туберкулез қоздырғыштарын өлтіреді; .
    5.1% натрий гипохлориді қақырықты ерітіп, туберкулез таяқшасын тез жояды;.
    6.Кох таяқшасы 60Стемпературада 20 минуттан кейін және70С температурада 5 минуттан кейін өледі;.
    7. науқас пайдаланған қағаз беторамалдарды міндетті түрде өртеу керек;.
    8. көрпелер мен жүннен жасалған заттарды желге қағу және күнге жаю залалсыздандырудың ең қарапайым әрі жақсы әдісі болып табылады.
  2. сонымен қатар, Кох таяқшасына хлор белсенді әсер етеді, сондықтан хлорамин ерітіндісін, хлорлы әкті зарарсыздандыру үшін жиі қолданады.
  3. Қорытынды

Елімізде туберкулезді жеңуге, жоюға үлкен мүмкіншілік бар.

Осыған орай жақсы нәтижеге жету үшін 2016-2030 жылдарға арналған денсаулық бағдарламасы бар..
Қазақстанда туберкулезді біріккен (интеграцияланған) бақылау стратегиясы жүзеге асырылуда. Яғни, туберкулез микробактерияларын шығармайтын және айналасындағы адамдарға қауіп тудырмайтын пациенттер тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда амбулаториялық ем қабылдайды.

Сонымен қатар Қазақстанда туберкулездің алдын алу, диагностикалау мен емдеу тегін және ол мемлекет есебінен жүргізіледі. Туберкулезді еңсеріп, айығып кеткен адамдар оқып, еңбек етіп, дүниеге дені сау сәби әкеліп, мағыналы өмір сүре алады. Оларға қорқынышпен қарап, қоғамнан оқшаулаудың еш қажеті жоқ.
        Бұның өзі-еліміздегі халықтың тұрмыс деңгейінің, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған келелі іс.Қазіргі қоғамда халқымыздың арасында індетке айнала бастаған өкпе ауруы.Бүгінгі медицинаның адамдарды бұл аурудан құлан таза жазып шығаруға мүмкіндігі мол.Бар мәселе біздердің халық арасында аурудың алдын-алу шараларын, уақытылы және тиімді жүргізе білуімізде болып отыр.

Туберкулезде дененің витаминдерге тарықпауы шарт. Есте болсын, туберкулезбен ауырғанда, кесел қозғанда денедегі витаминдер кеми бастайды. Сондықтан бұл аурудан емделгенде витамин ұмытылмай, қайта оның мол болу жары қарастырылсын. Мәселен, денеде А витамин жетімді болуы үшін сары май, сыр, жұмыртқа, бауыр, сүт, балық майы, томат, бұршақ, сәбіз, абрикос және басқа жеміс-жидектерден жасалған тарамдар дастарханда күнде болуы шарт. Ал В витамині кемімеу үшін бидайдың қоңыр наны, асбұршақ және овощтар күнделікті тағамнан үзілмеуге тиіс. Егер осыларға қоса жұмыртқаның ақ уызын, етті, балықты, бауырды және сүтті тағамға күнде араластырып отырса, онда денеге В2 (рибофлавин) және В6  (пиродоксин) витаминдері жеткілікті барады

Ұсыныс 

  1. 100%-Манту сынамасы балаларға, ФЛГ тексеріс жоспарға сәйкес
  2. «Қатерлі топтағы» және тубқатынастағы балаларды арнайы мектептер мен шипажайларда сауықтыру.
  3. Науқастардың амбулаториялық емін жіті қадағалау
  4. Санитарлық-ағарту шараларын ұйымдастыру.
You May Also Like

Ең үздік ғылыми жоба «Сегіз қырлы, бір сырлы»

Ең үздік ғылыми жоба «Сегіз қырлы, бір сырлы» Орындаушы: Мұрат Аңсар Аннотация Зерттеу…

Туған өлкем Тасты-талды ауылы, ғылыми жоба

Туған өлкем  Бағыты: Гуманитарлық пән бағыты бойынша Секция:    қазақ тілі Мазмұны  Аннотация…

Ұлт болашағы жолындағы біріккен түркістандағы алаш тұлғалары, ғылыми жоба

Тақырыбы:     «ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ БІРІККЕН ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЛАШ ТҰЛҒАЛАРЫ» АННОТАЦИЯ Бұл жұмыста белгісіз…

Күн көлігі және баламалы энергия көздерін алу жолдары, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Күн көлігі және баламалы энергия көздерін алу жолдары»…