Ең үздік ғылыми жоба «Сегіз қырлы, бір сырлы» Орындаушы: Мұрат Аңсар

Аннотация

Зерттеу жұмысым «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл тақырыпты алу себебім, Ұлы Отан соғысының ардагері Бегниязов Сақтап атамздың  өмір жолы мен соғыстан кейінгі қызмет саласы, өмірдегі  кішігі үлгі боларлық игі істерін насихаттау. Қазіргі ұрпақ сондай халқына сыйлы азаматтарды біліп жүрсе дегім келеді.

Жұмыстың мақсаты:

«Ұлы Отан соғысы аталып» бес жылға созылған қанды қырғын 1941 жылғы маусымның 22-сінде басталған болатын. Биыл жеңіске 71 жыл.

Отанымызға қатерлі күн туғанда көптеген  ер-азаматтар елімізден қан майданға аттанды. Олардың қатарында, соғыс пен тылда аянбай ерлік көрсеткен  Құрық ауылынан: Қойқара Сүйеуов, Бегниязов Сақтап, Айтқұлов Бердімұрат, Қоңыров Әби, Көптілеуова Райса, Бозақаров Ораз, Төлемағанбетов Олжекеш, Айтбаев Қаржаубайлар болатын. Бәлкім бұдан да көп шыған.

Соғыс- жеті жұттың бірі.  Соғыстар  адамзат тарихындағы  қаралы бетте.  Туған жеріңе, отан анаңа жау қауіп төндіріп,  туған жеріңді жаудан қорғау үшін аттансаң, ол- мейірлі міндет, қасиетті борыш.  Әрбір ұлтжанды азамат өз ауылы, қаласынан майданға аттанған ел қорғаған, өнегелі ғұмыр кешкен азаматтарды насихаттап, біліп жүргені абзал. Олар Ұлы Отан соғысына қатысқандары туралы айтылмаса, жекелеген өміртанымдық зерттеулер жоқ. Мысалы:Бегниязов Сақтап туралы материал іздеу барысында  аудандық кітапханада ешқандай материал таба алмағандығымыз бізге қиындық келтірді. Тіпті осы ауылдың өзі қатарлы соғыс ардагерлерінің тізіміне енбей қалуы Бегниязов Сақтап өміріне қатысты зерттеу қажет екендігін көрсетті. Тек қана соғыста төрт рет жараланып келген батырлығы емес, бүкіл өмірін үлгі етерлік өнегелі өмір насихаттау жұмыстың өзектілігі болмақ.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Бегниязов Сақтаптың өмірін зерттей отырып, оның атының, өнегелі өмірінің насихатталуына ықпал жасау.

Зерттеудің әдісі:  Мұрағат деректеріне сүйену. Ардагерлр үйімен байланыс жасау, кейіпкердің балаларымен сұхбат жүргізу.

Зерттеудің өзектілігі:

Шындығына келсек, «Ешкім де, ештеңеде ұмытылмайды» десек те 9 мамыр мерекесі отан қорғаушылар мерекесінің көлеңкесінде қалып қойып жатқандай сезіледі. Сондықтан қазіргі таңда Ұлы Отан соғысының радагерлерінің өмірі мен қызметін зерттеу, насихаттау қажеттілігі бар. Жұмыстың жаңалығы да сонымен айқындалмақ.

Зерттеу қорытындысы жестарды отансүйгіштікке, адамгершілікке үйрету үшін, бекзадалық, мәрттік, тектілік т.с.с қасиеттерді үлгі етуге байланысты м

Кіріспе

Жұмыстың мақсаты:

«Ұлы Отан соғысы аталып» бес жылға созылған қанды қырғын 1941 жылғы маусымның 22-сінде басталған болатын. Биыл жеңіске 71 жыл.

Отанымызға қатерлі күн туғанда көптеген  ер-азаматтар елімізден қан майданға аттанды. Олардың қатарында, соғыс пен тылда аянбай ерлік көрсеткен  Құрық ауылынан: Қойқара Сүйеуов, Бегниязов Сақтап, Айтқұлов Бердімұрат, Қоңыров Әби, Көптілеуова Райса, Бозақаров Ораз, Төлемағанбетов Олжекеш, Айтбаев Қаржаубайлар болатын. Бәлкім бұдан да көп шыған.

Соғыс- жеті жұттың бірі.  Соғыстар  адамзат тарихындағы  қаралы бетте.  Туған жеріңе, отан анаңа жау қауіп төндіріп,  туған жеріңді жаудан қорғау үшін аттансаң, ол- мейірлі міндет, қасиетті борыш.  Әрбір ұлтжанды азамат өз ауылы, қаласынан майданға аттанған ел қорғаған, өнегелі ғұмыр кешкен азаматтарды насихаттап, біліп жүргені абзал. Олар Ұлы Отан соғысына қатысқандары туралы айтылмаса, жекелеген өміртанымдық зерттеулер жоқ. Мысалы:Бегниязов Сақтап туралы материал іздеу барысында  аудандық кітапханада ешқандай материал таба алмағандығымыз бізге қиындық келтірді. Тіпті осы ауылдың өзі қатарлы соғыс ардагерлерінің тізіміне енбей қалуы Бегниязов Сақтап өміріне қатысты зерттеу қажет екендігін көрсетті. Тек қана соғыста төрт рет жараланып келген батырлығы емес, бүкіл өмірін үлгі етерлік өнегелі өмір насихаттау жұмыстың өзектілігі болмақ.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Бегниязов Сақтаптың өмірін зерттей отырып, оның атының, өнегелі өмірінің насихатталуына ықпал жасау.

Зерттеудің әдісі:  Мұрағат деректеріне сүйену. Ардагерлр үйімен байланыс жасау, кейіпкердің балаларымен сұхбат жүргізу.

Зерттеудің өзектілігі:

Шындығына келсек, «Ешкім де, ештеңеде ұмытылмайды» десек те 9 мамыр мерекесі отан қорғаушылар мерекесінің көлеңкесінде қалып қойып жатқандай сезіледі. Сондықтан қазіргі таңда Ұлы Отан соғысының радагерлерінің өмірі мен қызметін зерттеу, насихаттау қажеттілігі бар. Жұмыстың жаңалығы да сонымен айқындалмақ.

Зерттеу қорытындысы жестарды отансүйгіштікке, адамгершілікке үйрету үшін, бекзадалық, мәрттік, тектілік т.с.с қасиеттерді үлгі етуге байланысты материал ретінде пайдалануға болады.

Негізгі бөлім.

Ұзақ жылдар бойы ішкі істер бөлімдерінде жұмыс жасаған, елінеқадірлі азамат Бегниязов Сақтап 1919 жылы 10 маусымда дүниеге келген. 3 жасында әке- шешеден бірдей айырылып жас сәби жетімдік тақсіретін тартып өседі. Ол балалар үйінің қабырғасында өсіп, ер жетті. Еті тірі бозбала 1938 жылы  2 жылдық ФЗО-ға түсіп, мұғалім мамандығыналып шығады. 1940 жылы Кеңес Армиясы қатарына алынған атамыз екінші дүниежүзілік соғысты Сталинград қаласында қарсы алады. Жойқын ұрыстар нәтижесінде төрт рет жарақаттанды. Соңғы алған аыр жарақаты салдарынан әскери госпитальда ұзақ емделгген жас жігітті Атырау облыстық партия комитеті ішкі істер органына жұмысқа жұмсады. Қатардағы милициядан подполковник шеніне дейін көтерілген атамыз қауіп-қатерге толы қиын жолдытаңдап алды.

Саратов қаласындағы арнаулы орта милиция мектебін,кейін Қарағанды  қаласындағы жоғарғы млиция мектебін бітіреді.

1959 жылы Атырау облыстық комунистік партиясының жолдамасымен  Маңғыстау даласына келген Сақтап атамыз киелі мекенді қоныс етіп, тұрақтап қалды.

1964 жылы қазіргі Құрық селосына подполковник шенімен ішкі істер бөліміне басшы болып бекітілді.

1973 жылы наурыз айында ішкі істер органдарында жұмыс жасаған жылдарының жетуіне байланыстызейнеткерлікке шықты. Бұдан соң сол кездегі аудандық партия комитетінің брінші хатшысы Ю.Г.Казаченконың ұсынысымен № 1201 жылжымалы механикаландылылған коллонаға кадр  жөніндегі өолім бастығы қызметіне тағайындалды. Өмірі өнегеге толы Сақтап атамыз 1992 жылдың қаңтарында 73 жасында өмірден озды.

Біз бұл мәліметті Бегниязұлы Сақтаптың әңгімесінен жазып алдық. Ол туралы тек «Киелі түбек сақшылары» деген жинақта ғана енгізілген. Ол мәліметтер де көлемі жағынан аз. Маңғыстау облысының Ұлы Отан соғысы ардагерлері жинақталған «Тағзым» жинағанда да оның аты жөні кездеспеді.

Біздің мақсатымыз : Бегниязов Сақтапты сегіз қырлы, бір сырлы ер-азамат ретінде таныту. Қазақта айтылған «сегіз қырлы, бір сырлы» сөзінің мағынасын келетін болсақ, жігіттің сегіз қырын әдетте біз оны он саусағынан өнер тамған, күміс көмей әнші- жыршы, күйші, өнерпаздарға қарата айтамыз. Алайда, мәселенәі өзге қырына үңіле көрмеген сияқтымыз. Шамасы,қазақтың бұл ұғымының өзге қырлары болса керек.  Оны белгілі жыршы, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Алмас Алматов жігіттің жеті қыры бұл тектілік, бекзадалық, жомарттық, ілімпаздық, мәрттік, батырлық,  байлық, сақилық деп түсіндіреді. Осы қасиеттер шын мәнінде адамның бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттер. Бізге белгілі Бегниязов Сақтап атамыздың бойында бұл қасиеттердің барлығы да бар.

Тектілік.

Шыққан тегі мен тұқымының тазалығы. Бегнияз Сақтапұлының тегіне келетін болсақ, ол кіші жүз ішіндегі Қаратоқай Беріш руынан делінеді. Туылған жері Атырау облысы, Индер ауданы №2 ауыл кейде Есбол ауылы деп те аталады. Сөз басында айтқанымыздай Бегнияз Сақтап 3 жасында әке-шешеден бірдей айырылады. Жетімін жылатпаған ауыл-ел Сақтапты ағасы Манаппен бірге бауырына басса керек. Бірақ 1929- 1931 аштық жылдарында  Сақтап ағасы Манап аштыққа шыдай алмай қайтыс болады. Екінші баланы да өлтіріп аламыз ба деп ойлады ма, тумаластары сақтапты Оралдағы балалар үйіне тапсырады. Заманның аумалы-төкпелі кезі болатын, ел-жұрт бас сауғалап аштықтан құтылар жол іздеп босып кеткен, ол тумаларынан көз жазып қалса керек. Білетінің руы және тегіне айналған әкесінің аты. Тегі Беріш руыннан таралатынын ескерсек, беріш- текті ел. Ол рудан Шығыс Түрік қағандығының іргетасынқалаған Тоныкөк, Есет батыр, Жаубасар,  Есболай,  Саржала батыр,  Құлбарақ, Махамбет пен Исатай  шыққан. Осының өзі атамыздың текті елден шыққандығының дәлелі.

         Бекзадалық

Текті адамнан бекзадалық шығады. Бекзадалық- қасиетті, асыл деген мағынаны білдіреді. Бекзадалық дегеннің өзі сабырлылық, кеңпейілділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды көптеген қасиеттерді қамтиды. Бекзадалық деген төлтума болмыс-бітімді, ұлттық табиғи келбетін сақтау, жан-ділің адал болу, қоғамдағы түрлі құбылыстарға ұстамдылқпен қарау. Сақтап атамыз сырбаз қалыпты адам болған. Үш жерден жаралынып келгендігіне қарамастан ешқшан балаларына «мен соғысқа қатыстым,  біз немістерді осылай қудық» деген әңгіме айтып көрмепті. Қызы Гүлсара апайдың айтуына қарағанда оның соғыстан алған жарақатынан алған кантузиясы да болғанға ұқсайды. Гүлсара денсаулық саласында қызмет еткендіктен «Енді ғана осындай диагнозды өзім қойып отырмын, ол кезде мен жас едім, ойласам сол кісіге кантузияның белгілері толығымен болған еді» – деп есіне алады. Мұндай диагнозбен ол кісіге көптеген жеңілдіктер жасалар еді, мүмкіндіктер де ашылар ма еді. Бірақ елдің мүсіркегенін қаламай мінсіз қызмет ету бекзада мінезінің дәлелі.

Жомарттық пен мәрттік

Жомарттық деген бауырластық, достық, туыстық, қайырымдылық, адамгершілік ілім- ғылымын, бойындағы өнерін халқы үшін жұмсай білудің үлкен тайқазаны. Жомарттық бұл қолда барыңды біреумен бөлісу, ал мәрттік өзіңде жоқты біреуге тауып беру. Бұл қасиеттің екеуі де Сақтап атамызда бар еді. Оған дәлел атамыздың балалар үйінде бірге өскен досының мына бір әңгімесі. Бұл газет бетінде де жарияланған.

  • Мен әке-шешеден ерте айырылып, баладар үйінде өскен жанмын.

Ол мені өзіне іні тұтып, үнемі қамқорлық жасап жүретін. Сәкең екеуіміз тағдырласпыз . Ол да мен секілді балалар үйінде тәрбиеленген-ді. Қазақта «Аштықта жеген құйқаның тоқтықта дәмі кетпес» дейді. Ол кездеге тапшылықтың, жоқшылықтың заманы еді ғой.  Аяғымыздағы етіктің тозығы жетіп, тігістері кетсе де, өмірге риза болып жүруші едік. Бірде, Жаңа жыл қарсаңында өз қатарластарымызбен бірге бас қоспақ болғанбыз. Сол күні Сәкенді кездейсоқ  кездестірдім. Ол менің хал-жағдайымда сұрастырды да, аяғымдағы етікке көзі түсіп: «Аяғыңдағы етіктің қарны ашып жүр-ау» , – деп әзілдей күлді де, бұрылып кетті. Арада 4-5 сағат уақыт өткен соң, қолында су жаңа етігі бар Сәкең жаныма келіп: «Киіп қарашы», – деп қолыма ұстата салды. Етік аяғыма қон кетті…

«Сәке, мұның өтеуін қалай өтеймін»- деп едім, ол: «Жақсы оқып, азамат болсаң, өтеуі сол»,- жеп жауап қайтарған-ды. Сәкең мейрамдарда киіп жүретін тәуір бешпентін сатып, оның орнына маған су жаңа етік сатып алып берген көрінеді. Міне, балам, жомарттық деген қайда жатыр? Ол ешқашан жасаған жақысылғын жариялауды, оны біреуге бұлдауды да білмейтін жан еді», – деп есіне алады. Қазір бұл достық атадан балағы ұласып, достардың балалары да бірімен-бірі араласып тұратын көрінеді.

Ілімпаздық

Сақтап білім алуына келетін болсақ, досы оны «Өте алғыр еді «Сәкеңнің біздерден  төрт бес жас үлкендігі бар болатын. Ол 1938 жылы 2 жылдық сырттай оқуға (ФЗО) түсіп, мұғалім мамандығын алып шыққан еді. 1940 жылы сырттай оқуын аяқтап, әскер қатарына шақырылды. Сол жылдары менің де осы техникумда оқып жүрген кезім еді. Жаңа айттым ғой Сәкеңді еті тірі, еңбекқор жан деп. Ол сол кезде жүргенде- ақ, техникумның комсомол ұйымының хатшысы болатын-тұғын», деп есіне алады.

Біздің қолымызға оның мектеп бітіру аттестаты түсті. 1939 жылғы берілген куәлікте оның таза үздік бітіргені көрініп тұр. Өте жақсы оқығаны үшін алған  мақтау қағазы да бар. Милиция мектебінде ол төрт пен беске бітірген. Өмір бойы газет-журналдар алып тұрған. Бұдан кейін де алғана мақтау қағаздары да баршылық.

Батырлылық бұл қорықпау емес. Батыр үшін ел намысынан құнды ештеңе жоқ. Ол батыр.  Алртық сөзді жаны сүймейтін Сақтап атамыздың соғыстағы өмірі туралы айтқан мынадай азғантай ғана дерек бар.

  • Балам, өзгеден артық еңбек еттім, ерлік көрсеттім деп айталмаймын,- деді Сәкең, -Алайда, әр адамның өмірінде естен кетпес кезеңдері болады емес пе? Кешегі Ұлы Отан соғысы басталғанда 20 жастағы жалындап тұрған жас жігіт едім. Алғашқы ұрысқа Белоруссияның Бобруйск қаласында жүріп қатыстым. Пулеметші болдым. Жанымдағы көмекшім Янченко деген украйн жігіті еді. Таң алдында фашистер шабуылға шықты. Әуелі ауыр артиллериямен атқылап, алға қарай нық сеніммен беттеп келеді. Соғыстың да өзіндік тактикасы болады. Біз жауды жақындағанша оқ шығармай күтіп жатырмыз. Рота командирінің бұйрығы естілгеннен кейін, жаутобына қарай оқты қарша бораттық. Екпіндеген фашистер қоғадай жапырылып құлап жатты. Бірақ, адам саны жағынан әлдеқайда басым еді. Осылайша, жаудың төрт шабуылын тойратып, бесінші шабуылында қасымдағы көмекшіме оқ тиді. Сол шайқасты аяғынан жаралынып, госпитальге тұстім. Екі ай емделгеннен кейін ротама қайта оралдым. 1941 жылы окопта жатып, Кеңес Одағының коммунистік партиясы мүшелігіне кандидаттыққа қабылдандым. Қиын кезең болса да, өмірімнің естен кетпес кезеңі еді.

Досының айтуы бойынша: 1942 жылы Сәкеңнен техникум студенттеріне жазған хаты келді. Әрине, ол уақыт «ат ауыздықпен су ішкен кезең еді». Оның окопта жазған хатында: «Қымбатты інілерім, ешқандай ұнжырғаларың түспесін. Біз басқыншы емеспіз. Біз өз Отанымызды, туған жерімізді қорғау үшін мұз төсеніп, қар жастанып жүрміз. Әрқашанда әділдік жеңеді. Осыны ұмытпаңдар. Ал әділдік, біздің жақта», – депті. Қан майданның қақ  ортасында жүрген   азаматтың жалынды хаты жігерімізді қайрай түсті. Сөйткен біздің Сәкең ғой,- деп ардагерлер қария езу тартты. Осындай сөздерді жазу жүректе батырлылығы бар адамда болмақ. Қан майданды кешіп келіп әскери өмірді қайта таңдау батырлық демей немене?

Байлық. Біздің айтпағымыз, материалдық байлық емес. Міне, тұла бойына осындай қасиеттпер жинақталған байлық елдің байлығы, халықтың байлығы. Мен Сақтап атамызды ел байлығына айналған тұлға деп ойлаймын.

Сақилық-парасаттылық.

Сақилық– осы қасиеттердің бәрін бойына жинақтаған адам сақи болады. Жігіттің жеті қыры болғанда бір қыры бұл – иманы. Сақтап атамыз иманы- адалдығында. Оған дәлел ол балаларына үнемі «Мұғалім не бала дәрігері болыңдар, екеуі адмды жемейтін адал мамандық»- деп айтып отырады екен.

Қорытынды:

Осы ғылыми жобаны қорытындылай келе, болашақ ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде Сақтап атамыз туралы бұл деректердің маңызы зор екеніне сенімдімін. Бұл жобаны аяқтай келе мынадай ұсыныстар беремін.

  1. Ұлы Отан соғысы ардагерлері Бегниязов Сақтап туралы деректерді мерекелерде және кездесулерде дерек ертінде пайдалануға;
  2. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аттары мен деректері жинақталған жинақтарға енгізуге маңғыстаулықтар туралы естеліктер жинауға, баспасөзде жариялауға ұсыну.
  3. Өзі 20 жыл басшылық жасаған Құрақ ауылында көшеберуге.

3.Қарақия аудандық газеті 05.2009жылы

  1. Ауызша мәліметтер

П І К І Р І

Мұрат Аңсар бұл жұмысында Ұлы Отан соғысының ардагері Бегниязұлы Сақтаптың өмір жолына тоқтала отырып, оның батырлығын ғана емес жігітке тән қазақ саралаған барлық қасиетке сай екендігін дәлелдеуге тырысқан. Бегниязұлы Сақтаптың ерен еңбегі мен ерлігіне қарамстан, ол туралы мәліметтердің аздығы, оның атының тіпті тиісті әдебиеттерде кездестірілмей қалуы, жұмыстың өзектілігі бола алады. Жұмыс барынша нақты. Сараланған.

Оқушы деректерді дәйектемелермен нақтылап отырыған. Дәлелдеме ретінде суреттер, құжаттар ұсынған. Балаларымен кездесіп,әңгімелескен. Досының пікіріне және хатына да сүйенген. Ізденіс бар.

Жұмыстың құрылысы талапқа сай. Қорыта келе жұмысты қорғауға ұсынуға болады.

атериал ретінде пайдалануға болады.

You May Also Like

Қызмет ету қуанышы, Өзін-өзі тану пәнінен ғылыми жоба

Өзін-өзі тану пәнінен ғылыми жоба. Тақырыбы: «Қызмет ету қуанышы» Жобаның мақсаты: Оқушының…

Microsoft PowerPoint бағдарламасында мультфильмдер жасау, ғылыми жоба

Жұмыстың  тақырыбы:      «Microsoft PowerPoint  бағдарламасында мультфильмдер  жасау» Жұмыстың  ғылыми  бағыты:   Информатика  …

Сырға толы мекенім, ғылыми жоба

ТАҚЫРЫБЫ:«Сырға толы мекенім»                                               Мазмұны:  Аннотация І.Кіріспе бөлім: «Әйтеке би ауданы» ІІ.Негізгі…

Мағжан Жұмабаевтың табиғат лирикасы, ғылыми жоба

Ғылыми жобаның тақырыбы Мағжан Жұмабаевтың табиғат лирикасы МАЗМҰНЫ: І. Кіріспе ІІ. Негізгі…