ТАҚЫРЫБЫ:«Сырға толы мекенім»

                                              Мазмұны: 

Аннотация

І.Кіріспе бөлім: «Әйтеке би ауданы»

ІІ.Негізгі бөлім: Үңгіртас

  1. a) Тарихи мекен;

ә) Табиғи орын;                                          

ІІІ.Қорытынды бөлім:

Кіріспе:

Зерттеу объектісі: Әйтеке би ауданы

Жобаның мақсаты: Әйтеке би ауданының ұмыт болуға айналған этномәдени аймақтарды кеңінен ізденіп насихаттау  , туған өлке туралы білімін тереңдету

Ғылыми жобаның міндеті  Өлкеміздегі  Үңгіртас таулы аймағын қорғауға алып   көркейту,дамыту , әсем табиғатың көрсету . Жастар арасында өлкетанулық  білім мен тәрбиені насихаттау.

Қазақ халқының бар өмірі тіршілігі табиғатпен етене байланысты. Кең даламыздың қойнауы тұнып тұрған тарих десек қателеспейміз. Қазақ тарихында ерекше орны жердің бірі Ақтөбе облысының – Әйтеке би өлкесінде танымдық және тарихи сыры тереңге тартар мұралар мыңдап саналады. Бұл өлкенің шежіресі бағзыдағы ғасырдан қалған аңыз болып саналатын табиғи көркінің көп көрнекілігімен танымал ғажайып өлке. Әйтеке би ауданы табиғаты бай өңір. Аудан жері Мұғалжар тауы үстіртінен солтүстік шығысқа қарай кең жазықтықты алып жатыр. Осы аумақ шығыста Қостанай облысының Жангелді ауданымен, оңтүстік – шығысында Ақтөбе облысының Ырғыз, оңтүстігінде Шалқар, оңтүстік – батысына Мұғалжар, батысында Хромтау аудандарымен шекаралас орналасқан. Жер көлемі 35,9 км.кв. Тұрғыны 26 мың адам, орташа тығызд. 1 км²-ге 0,9 адамнан келеді (2006). Ұлттық құрамы: қазақ 93,6%, орыс 4%, украин 0,9%, татар 0,4%

Әйтеке би – шежіресі мол,қойнында қилы-қилы замандар сырын бүгіп жатқан тарихи өлке,ұлы жұрт. Әйтеке би өңірі – қазақтың қаһарман ханы,өмірі алпарыспен өткен дарынды қолбасшы,ұлы саясаткер,қазақ халқы үшін шексіз еңбек сіңірген Әбілқайыр ханның жатқан жері.Әйтеке би ауданының жері көптеген тарихи оқиғалардың куөсі .Солардың бірі атақты батыр,қазақтың соңғы ханы Кенесарының біздің жерімізде болуы. 

Халқымыздың бірлігі мен тұтастығының ұштағаны,ұйтқы-мәйегі болған данагөйдің бірі – Әйтеке баба есімін иеленген осы өңір-қарт Мұғалжар үстіртінен Торғай алабына дейінгі жеті жұртқа қоныс болған,құс қияғы талатындай байтақты алып жатқан,ұлтымыздың тірлігі мен бірлігін айқындаған,тарихымызда терең із қалдырған тағдырлы оқиғалар өткен,жер бедерін мыңдаған жылдардың таңба қоры мен атаулары айшықтаған аймақ. Ежелгі тарихқа тереңдемегеннің өзінде осы топырақта Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мәңгіліктің бесігіне бөленген,ұлы билердің бірі Әйтекенің атамекені,халқымыздың соңғы ханы Кенесарыны ақ киізге салып хан көтерген. 

1966 жылы 31 қаңтарда Қазақ ҚСР           Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Қарабұтақ ауданынан Комсомол ауданы бөлініп құрылды. 1997жылы Комсомол,Қарабұтақ аудандары бірігіп Әйтеке би ауданы болып аталды. Халқымыздың дана перзенті Әйтеке бидің атын аудан 1993 жылы иеленді. Ауданда 32 елді мекен, 15 ауылдық округ бар. Елді-мекендердің ірілері: Аралтоғай, Аралтөбе, Бөгетсай,Қарабұтақ, Жабасақ, Құмқұдық ауылдары. Ауылдық округтер тізімі: Әйке, Ақтасты, Ақкөл, Аралтоғай, Ұлғайсын,Басқұдық, Жабасақ, Жамбыл, Қайрақты, Комсомол, Қарабұтақ, Құмқұдық,Қызылжұлдыз, Сарат, Сұлукөл, Үшқатты.

Әйтеке би ауданының картасы

Әйтеке би ауданнан оңтүстіке қарай 99 км шақырым жерде тарихи , табиғаты тереңнен жатқан елді-мекен Ұлғайсын . Ұлғайсын Аралтоғай ауылдық округі құрамында.Ұлғайсын- Тарихы терең, тағылымы ерен , қайталанбас сұлу табиғаты бар өңір.Ұлғайсын өңірі-бір ғасырдай уақыт бұрын бір кездері «мұз жастанып, қар жамылған»  Назаралы әулие өмір сүрген ,қазақтың соңғы ханы , мемлекет қайраткері,әскери қолбасшы, ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Кенесары Қасымұлы 60 сарбазы қарауылдаған жер.

Климаты  континенталды ,қысы 18-26 градус салқын, жазы 15-25 градус жылы, кей жылдары суықтың қыста 30-35 градусқа жеткен кездер болады. Жауын-шашын мөлшері 200-250 мм шамасында.

Топырағы қара,қызыл,қоңыр,құмдауытты,сортаң болып келетін жерлері бар. Бұл өңірдің шаруаға жарақсыз жерлер жоқ. Қара-қоңыр топырақты жерлері тұтасымен егін шаруасына қолайлы, ал құмдауытты аймағы шабындық пен мал жайылымына таптырмайтын жерлер.

Өңір өсімдікке бай және құнарлы болып келеді. Негізгілері: еркекшөп,бидайық,боздық,жусан,изен,тобылғы,көкпек,жиде,лаурын,шүкір,құмаршық,атшоңқай,киіқоты,т.б. Жануарлар мен құстарға бай өңір. Қасқыр,түлкі,қоян,күзен,суыр,балпақ,дуадақ,қаз,үйрек,тырна,қарақұс,жапалақ т.б. .

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақ халқының бар өмірі мен тіршілігі табиғатпен етене байланысты. Әйтеке би өңірінде танымдық және тарихи сыры тереңге тартар топонимдер өте көп. Қарабұтақ жерінің басым көпшілігі Мұғалжар жоталары,таулы-тасты шатқалдар,терең сайлар мен жарқабық жыралар көп кездеседі. Соның ішінде ең маңыздысы және айтып өтерліктей керемет табиғи орын – Үңгіртасқа ерекше тоқталсақ. Үңгіртас-бұл бір таңғажайып, табиғаты керемет бір дүние секілді. Үңгіртас туралы халық арасында көптеген аңыз-әңгімелер тараған.Солардың бірі

Кенесары сарбаздарының қарауыл құрған жері- «Үңгіртас»

XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бас кезінде қазақ елінің көрген қасіреті өте ауыр еді. Ол әуелі қарақұйындай қайта-қайта соғып, халқымыздың ұйқы-тұйқысын шығарған жоңғар шапқыншылығын бастан кешірді. Оған оңтүстік өңірді басып алған Қоқан, Хиуа бектерінің легі қосылады. Міне, осы кезеңде Кенесарының патша үкіметі тартып алған қазақ жерлерін қайтаруды көздеген көтеріліс бастағанын білеміз. Кенесары “жер, су елдікі, атамекен жерден айрылу – елдіктен айрылу. Елді ер қорғайды” деп ұран тастап, қол бастады. Патша үкіметінің дүмпуі күшейіп, Кенесары қолы Ырғыз, Торғай алқабына жылысып, көтеріліс орталығы Кіші жүзге ауысқан кездегі Кенесары жорығының елеулі кезеңі Қарабұтақ жерінде, Қарабұтақ, Талдық, Ор өзендері бойларында өткені, хан ордасының Кілемжайғанға келіп тігілгені тарихтан белгілі. Қарабұтақ жерінің басым көпшілігі Мұғалжар жоталары, таулы-тасты шатқалдар, терең сайлар мен жыралар көп кездеседі. Солардың бірі – Үңгіртас. Үңгір адамға қызмет көрсеткен орын болған. Осы аймақта өткен талай оқиғалардың тілсіз куәгері дерегін бірде кешегі Кенесары сарбаздарының қарауыл құрған жері десе, бірде талай жапа шеккен жандарға да, ұры-қарыларға да, қашқындарға да пана болған деген қилы-қилы әңгімелер бар.Сондықтан боларҮңгіртасты ел аузында кейде «Көлеңкетас» деп те аталады

Үңгіртас (Ұлғайсын). Әйтеке би ауданындағы Ұлғайсын ауылынан 9 шақырым жерде орналасқан таулы Үңгіртас бар. Таудың биіктігі шамамен 100 метр. Үңгіртас өзен деңгейінен 2,5-3 метр жоғары, кіретін аузы солтүстік-батысқа бағытталған. Таудың қырқа басынан қарағанда өзеннің арғы бетіндегі биік жарқабақтағы үңгірдің есігі бірден көрінеді. Оны өзен табанынан үш бөлек жалпақ тас бөліп тұр. Тастардың жиегі тап-таза ақ қайыр құм жапқан кішкене арал сияқты. Үңгірдің ішіне он шақты кісі сияды. Ауыл адамдарының айтуынша, бұл үңгірдің іші ертеде үлкен болыпты. Бүйіріндегі терезеден шығыс жақ жағалау тегіс көрінеді, артқы таудың үстіне шығатын есік әрі тез қашып құтылуға әрі сыртқы қырқаны түгел шолуға ыңғайлы. Сырт жағынан келу қауіпті ,екпіндеп келген адам терең құзды байқамайды, тік жарлы терең сайға құлап түседі және ол жақта тұрып үңгірді көре алмайды . Ал бергі  беттен  қарағанда үңгірдің есігі екенін бірден айыра алмайды . Үнсіз жатқан  үңгірдің адамға қызмет көрсеткен орын болғанына күмән жоқ . Кешегі  Кенесары Қасымұлы 60 сарбазы қарауыл құрған жерінің өзі біраз жәйттен хабар берсе , талай жапат шеккен жандармен ұры-қашқындардың панасы болғаны ұзын-сонар әңгімелердің өзегіне айналған. Қазіргі таңда Үңгіртастың іші шағындалып қалған. Осы Үңгіртастың жоғарғы жағында Сандықтас деген жер бар. Бұл да бір өзіндік тарихы бар зерттелмей жатқан жер. Осы секілді тарихынан мол мәлімет беретін үңгірлерді жүйелі зерттеу қажет.

Белгілі өлкетанушы Рысжан Ілиясованың «Далам тұңған                       шежіре»кітабында :

Қарабұтақ жерінің басым көпшілігі Мұғалжар жоталары , таулы-тасты шатқалдар , терең сайлар мен жарқабақ жыралар көп кездеседі . Аралтоғай округінің  әкімі Дошаев Абылай үңгіртасты көрсету үшін жол бастады. Тас жолмен шамалы жүргеннен кейін оңтүстік атысқа өрлеп келеміз.Жан-жағымыз  шашыраған тастар , кішкене өзеннің  арнасы жасыл құрақтармен бізбен бірге иретіліп терең сайға ұласып жатты .Тасты қырқа басына тоқтағанда өзеннің арғы бетіндегі биік жарқабақтағы үңгірдің есігі бірден көрінді . Тасты жардың биіктігі 100 метрдей , үңгір төменде , өзен табанында үш бөлік қара су сияқты етіп мөлдіреп жатқан суды жалпақ тастар бөліп тұр , ал тастардың жиегін тап-таза ақ қайыр құм жапқан кішкене арал сияқты , тастың екі жағынан аққан су жолы жіңішкеріп барып , кәдімгі сарқырама сияқты сылдырап ағып жатқаны бергі жағадағы біздерге естіліп тұрды .

Үңгірді көруге экспедицияның жастар қауымы қызыға барып , есігінен өрмелеп ішіне кіріп , артқы есігінен таудың басына шықты , енді біреуі үңгірдің бүйіріндегі терезе сияқты тесігінен басын сұғып дауыстады. Үңгірдің ішіне 10шақты  кісі сиятындай екен дейді ішіне кіргендер. Ауыл аамдарының айтуы бойынша бұл үңгір ертеде үлкен болыпты.Бұл тереңжарқабақ көмкерген сала ирелеңдеп жоғары көтеріле береді . Осы жерден жоғарықтағы Сандықтасқа көлігіміз жете алмай үңгіртасты және оның айналасынағы тамылжыған табиғатты ақсиған қоңыр ала жартастарды мен бүк түсіп , арқсын күнге төсеп жатқан қызғыш тастардың санқилы сурет әлемін қимай аттанып кеттік-деді .

Табиғаты:

Ұлғайсын өңіріндегі  Үңгіртас  тарихи-табиғи мекенің өтіп  жатқан жалғыз өзен ол-Ырғыз өзені.

Ырғыз өзенінің бастауы   қазіргі  Ырғыз ауданынан  басталады , яғни Қостанай облысы Торғай жерінен  Үлкен  торғай өзені  ағып келетін болса , жалғасы  Әйтеке би ауданына келіп тірелет  сол өзенді Ырғыздан ағып келгесін жерде  Ырғыз  өзені деп  атайды . Тарихтың атасы  Геродоттың жазбасының  өзінде Гиргис  өзені деген  прсы патшасы  Даридың  өзі Елек , Ор , Ырғыз өзендерінің ортасындағы жерде болдым , – деген. Тарихи деректерде 90 салалы Торғай , 25 салалы Ырғыз  өзені  деп атайды. Өйткені Ырғызға құятын 25 кішігірім өзен бар.

Ырғыз өзенінде бірнеше   балық түрлері мекен  етеді. Олар: қарабалық ,шортан,сарытабан , алабұға, ақбалық,жалпақ  ақтабан.

                                      Шортан                                                                  Алабұға

         Қарабалық                                                   Ақбалық    

Үңгіртас таулы аймағы өсімдікке бай және құнарлы болып келеді. Негізгілері:еркекшөп,бидайық,боздық,жусан,изен,тобылғы,көкпек,жиде,лаурын,шүкір,атшоңқай,киіқоты,жалбыз т.б. шалғынды мал жайылымына қолайлы жерлер.           

            Қамыс                                                                    Боздық 

        

         Жусан                                                               Бидайық

  

                                                                                               изен

Жануарлар мен құстарға бай өңір. Қасқыр,түлкі,қоян,қарсақ,күзен,суыр,балпақ,саршұнақ,дуадақ,қаз,үйрек,тырна,жапалақ, қасқалдақ  т.б. құстар мен жануарлар түрі баршылық.          

              Қасқалдақ                                                      Үйрек

     

           Қасқыр                                                                 Киік

 

Балпақ                                                   Қабан

Қорытынды :

Өлкетану – белгілі бір аймақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, этномәдениет негіздерін зерттейді.Ендеше біз өлкемізде ұмытылып бара жатқан тарихи құндылықтарымызды,этномәдениет аймақтарды қайта жандандырып,заман ағымына  сай дамытуға тиіспіз .Мен тақырыпты зерттеу барысында өлкемізде зерттелмеген құпия сырлар көп екенін байқадым , шамалы болса да құпия сырларды ашуға септігімді тигіздім деп ойлаймын .

Үңгіртас таулы аймағы ұмытылып бара жатқан этномәдениет аймағына жатады .Демалуға көбінесе ауыл тұрғындары барады.Себебі қазіргі кезде көптеген адамдар шет елдерге барып демалады ,бірақ бұл да дұрыс шығар заманға сай.Бірақ менің ойымша шет елге шықпай тұрып өзіміздің отандық демалыс орындарына баруы тиіс . Өзіміздің елімізде көптеген тарихи, емді, табиғаты көз тартарлықтай жерлер қаншама. Олардың әрқайсысын атасақ саны өте көп .Қаражат жағынан да тиімді .Ауданымызда осындай бір демалыс орындары ашылса деп армандаймын. Аудан тарихында ерекше орны бар мұрамыз- Үңгіртас. Бұл тастың шежіресі ғасырдан қалған аңыз болып саналатын табиғи көркімен ерекшелінеді. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп,  Үңгіртастың орналасқан жерінің ауасы таза,топырағы құнарлы,суы лайланбайтын керемет табиғи орын болғандықтан  мәдени мұрамыз келешекте ұмыт болып қалмас үшін, сонымен қатар өлкеміздің туризмді дамыту  мақсатында бірнеше ұсыныстарым бар:

  • Үңгіртас климаты,суы жағымды , табиғаты әсеем әрі пайдалы болғандықтан жазғы демалыс орталығы ашу қолға алынса.
  • Үңгіртастың тарихи сипаты жоғалмауы үшін жазғы демалыс орталығы қазақы нақышта салынса.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Әйтеке би ауданы энциклопедиясы
  • Ақтөбе обылысының жер-су атауларының картасы
  • Мұсаев.А. «Әйтеке би аймағының этномәдени мұрасы»
  • Р.Ілиясова « Далам тұңған шежіре»
  • «Ақтөбе обылысының топономикалық кеңістігі»
You May Also Like

Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процесстерді…

Қазақ халқының жеті кереметі, ғылыми жоба

Қазақ халқының жеті кереметі Секция: қазақ тілі мен әдебиеті  Жобаның авторы: Артемьева…

Блокты шоғырланған сораптық станцияның тиімділігі, ғылыми жоба

БЛОКТЫ ШОҒЫРЛАНҒАН СОРАПТЫҚ СТАНЦИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ Қабат қысымын ұстап тұру кезінде  қабатқа  су …

САРЫСУДЫҢ ДАЙЫНДАЛУ ӘДІСІ, ғылыми жоба

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «САРЫСУДЫҢ  ДАЙЫНДАЛУ ӘДІСІ»                    Ақтөбе…