Өзін-өзі тану пәнінен ғылыми жоба.

Тақырыбы: «Қызмет ету қуанышы»

Жобаның мақсаты:

Оқушының өмірлік айқындамасын анықтауы; түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешуі; өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге қиянат жасамау.

Міндеті:

—  өзін танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;

—  күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде қиянат жасамай белсенділік таныту.

 Тақырыптың өзектілігі:

—  «Қиянат жасамау»ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.

—  Болашақта адамгершілікті басты назарда ұстайтын азаматтардың көп болуы;

Мазмұны

КІРІСПЕ——————————————————————————

МАҚСАТЫ—————————————————————————

ӨЗЕКТІЛІГІ————————————————————————–

НЕГІЗГІ БӨЛІМ———————————————————————

Кіріспе

Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі – құндылық бағдар.

Айналамызға риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету әрбір адамның парызы. Кез келген адам рухани өсу негізінде қоғаммен тығыз байланыста болады. Қоғам – адамзаттың рухани айнасы іспетті. Өзімізді үздіксіз біліммен қаруландырып, қоғамның игілігі үшін еңбек етуіміз керек. Біле білген адамға қоғамға қызмет етуден және қызметтің қуанышын көруден артық бақыт жоқ. Адам мұраты – қоғамға қызмет ету мен мән сыйлау. Сонда ғана адамдық борышымызды өтеп, айналамызға шуақ шашқан «толық адам» боламыз. Өзіне сенген, өзін жетілдірген адамнық бойында рухани-адамгершілік қасиеттер молынан болады. Сол қасиеттерді қоғам игілігі үшін сарқа жұмсап, жалпыадамзаттық құндылықтардың салтанат құруына ат салысайық.

Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз.       Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану»  жобасының  авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек  жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі  махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды.

Негізгі бөлім

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі деп ойлаймын. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, әрбір адамның азаматтық парызы.Сондықтан да бізде жүрек жарды ізгі ниетпен  қаламыздағы балалар үйіне, мектебіміздің білім алушылары да  өздерінің жүрек жарды ниеттерімен бөлісіп келді.Дана халқымыздың «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген сөзі бекер айтылмаса керек. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсынып, тұру-әрбір адамның азаматтық парызы деп есептеймін. 

Меніңше, кез келген адамның бойында жақсылықтың дәні жатады. Өйткені бұл қасиеттің өзі – адамдардың бойындағы рухани биік қасиет. Және әрбір адам өмірінде аз болсын, көп болсын жақсылық жасаған әрі өзгелерден жақсылық көрген. Өмірдің өзі жақсылықсыз болмайды: әлем тек қатыгездік пен жамандыққа толып кетсе, адамгершілік те, шын мәніндегі адами өмір де жойылар еді. Кішкентайынан сол дән көп суарылып, жақсы күтім көрген болса, өсе келе өз жемісін бермей қоймайды.

«Жақсылық жүрген жерде, тапшылық болмайды». Шынында солай. Өйткені тарихта неше түрлі жағдайлар болған: аштық та, соғыс та, қуғын-сүргінді де бастан кешірген. Егер сол жақсылық болмаса, бүкіл адамзат жойылып кетер еді. Адамдардың бір-біріне деген қайырымдылығы мен жанашырлығы болмағанда, бұл күнді көрмес те едік.

Ойлап қарасақ, жақсылық жасау түк те қиын емес екен. Ең бастысы, ниет болса болғаны. Жақсылық ол материалдық көмек, не болмаса бүкіл адамзаттық глобалды мәселелерді шешу ғана емес, құстарға дән беріп, гүлдерге су құйғанның өзі жақсылық болып есептеледі. Жақсылық атаулыға шын көңілмен, риясыз пейілмен, қайтарым күтпей жасалған, өзгелерді қуантататын, басқаларға пайдалы болатын амалдардың бәрі де кіреді.

Қорыта келгенде, қазақ халқы қайырымдылықты қастерлі ұғым санап, әрдайым өзара жақсылыққа, адалдыққа үндеген бабаларымыз ізгі істі үлкенді-кішілі бөлмей, қоғамда өзара қайырымдылық пен ынтымақ ортасының орнауына ерекше назар аударған. Сондай-ақ, қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды «қолы ашықтың – жолы ашық», – деп атам қазақ бекер айтпаса керек.

Күтілетін нәтижелер
Әлемді сүйіспеншілікке толтырайық Бұл әлемде барлығы болады:сүйіспеншілік,махаббат,қастық,жауыздық,достық және т.б. Өмірде бәрі аралас,қатары жоқ. Мына әлем үлкен бір кеме секілді,батып кететін сияқты болып,көрінеді де тұрады.Бұл кемеде бәрі бар.Осы кемеден барлық жаман заттар түсіп,суға батып кетсе,әлемде тек сүйіспеншілік пен достық болар еді.Жақсылық қана қалған кеме батпайды,себебі оған ешкім кедергі болмайды,ауыр салмақ та салмайды.Менің мақсатым-жамандықты батыру,сүйіспеншілік әлемін туғызу.Ол әлемде жақсылықтан басқа ештеңе болмайды.Ондай әлемді туғызу үшін әрбір адам еңбектену керек,бұл қоғам еңбегінің нәтижесі.Менің арманымдағы сүйіспеншілік пен жақсылық әлемін бәрі қалайды дегенмен ешкім де еңбек еткісі келмейді. Өздерінің қателігін байқамай біруді түзету,санасу,жамандау,өсектеу ,ұру-соғу деген етістіктер) болмаса бұл өмір тек жарық әлем болар еді,яғни жақсы,әдемі,бір сөзбен айтқанда теңдесі жоқ әлем болар еді.Меніңше әрбірінің қиялында өз әлемі болады,яғни өз армандары жүзеге асқан қиял әлемі.Осы қиялымыздағы,армандар орындалатын әлем-сүйіспеншілік әлемі! Өзін өзі тану тілімен жаздым

Қорытынды бөлім

Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез – құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.
«Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.

Абай 

Жасамайық қиянат                    

Арамызда өкпе, реніш болмасын,
Әрқашанда әділдікті қолдасын.
Адамдарға түсінікпен қарасақ,
Сонда ғана,  гүлденеді болашақ.
Жасамайық адамзатқа қиянат,
Осының бәрін санаңызға ұялат.
Ізгіліктің жолында біз жүрейік,
Бәрін  естен шығармайық, білейік.
Қиянат жасамайық адамзатқа,
Қиянат жасамайық табиғатқа.
Қиянат жасамайық ата-анаға,
Қиянат жасамайық туған Отанға.

You May Also Like

Есту қабілеті бұзылған бaлaлaрмен түзету жұмыстaрын жүргізудің ерекшіліктері, ғылыми жоба

Құрметті мемлекеттік аттестаттау комиссиясы! Құрметті ұстаздар, курстастар! «Есту қабілеті бұзылған  бaлaлaрдың ауызша…

Зімбір, ғылыми жоба

Зімбір тамырының пайдасы Мазмұны: Абстракт…………………………………………………………………………………………………….3-5 Кіріспе бөлім…………………………………………………………………………………………………6 Негізгі бөлім. 1.1 Зімбірдің шығу…

Қымыз, ғылыми жоба

  ҒЫЛЫМИ ЖОБА  Секция: медицина және адам денсаулығын қорғау  Тақырыбы: «Қымыз»  …

Қызанақтың өсуі және адам ағзасына пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Қызанақтың өсуі және адам ағзасына пайдасы» «Қызанақтың өсуі және адам ағзасына…