ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

«Мектеп сөмкесінің бала ағзасына тигізетін кері әсері»

Мазмұны:

І.Кіріспе бөлім

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Мектеп сөмкесінің түрлері мен оларды таңдау талаптары

2.2 Мектеп сөмкесінің оқушының ағзасына тигізетін кері әсері

ІІІ. Практикалық бөлім

Менің зерттеулерім

Өзектілігі: Әр оқу жылының алдында мен ата-анаммен дүкенге мектеп сөмкесін таңдауға барамын. Бұл қуанышты, қызықты оқиға. Өйткені сөмке оқушының басты атрибуттарының бірі болып табылады. Ол ыңғайлы, әдемі және сыйымды болғанын қалаймын. Қыркүйек айының алғашқы күндерінде біз сыныптастардың сөмкелерін қарастыруды жақсы көреміз. Олардың бәрі әртүрлі: түсі, салмағы, безендірілуі. Мектеп портфелі қалай және қашан пайда болды? Бұл мәселе мені қызықтырды. Мен сөмке туралы білуге, дәрігерлердің пікірлерімен танысуға және сыныптастарымның сөмкелерін зерттеуге шешім қабылдадым.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп сөмкесінің әртүрлі жастағы оқушының денсаулығына әсерін зерттеу және артық жүктемені болдырмау үшін ата-аналарға ұсыныстар жасау, бұл оқушының денсаулығына әсер етеді.

Зерттеу міндеттері:

  1. Осы мәселе бойынша әдебиетті оқып үйрену.
  2. Оқушылар арасында қандай портфель сұранысқа ие екенін анықтау.
  3. Портфельдің оқушының денсаулығына әсерін зерттеу.
  4. Ата-аналарға ұсыныстар әзірлеу

Проблема: Бұл зерттеу жұмысының проблемасы осы мәселе бойынша материалды жеткіліксіз зерделеуден және сабаққа арналған оқулықтар мен дәптерлердің көп санымен оқушы сөмкесінің шамадан тыс жүктелуінен тұрады.

Зерттеу гипотезасы: Мен мектеп сөмкесінің оқушының денсаулығына әсері және осы тақырыпты ата-аналармен, мұғалімдер мен оқушылармен ашық талқылау балалардың денсаулығын жақсарта алады деп ойладым.

І.Кіріспе

Соңғы кездері мектеп оқушысының сөмкесі мен оқулықтардың тым ауыр екендігі туралы жиі айтылып та, жазылып та жүр. Шындығында, оқушы сөмкесінің ауыр болуы неліктен?

Кезінде біз де сөмке асынып, ішін кітапқа толтырып алатынбыз. Бірақ дәл бүгінгідей салмағы «зіл қара тас» болмаушы еді. Ауыр сөмкелердің кесірінен мектеп оқушыларының бәрінің болмаса да, біразының омыртқасы қисайып, бойлары өспей қалып жатыр. Көп жағ­дайда мектеп сөмкесінің сапасына емес, бағасына қарап ала саламыз. Тиісті талаптарды сақтамаған­дықтан балалардың ден­саулығына өзіміз артық салмақ жүктеп, дұрыс өспеуіне «үлес» қосып отырмыз.

Мектепке дайындық жұмыстарын бастағанда міндетті түрде алдымен оқушы формасын, сосын сөмке таңдаймыз. Сосын басқа қажетті заттарды алып, сөмкені толтыра бастаймыз. Бос сөмке немесе рюкзактың сал­мағының 1 келіден ас­пауына мән бере бер­мейміз. Жалпы, мектеп сөмкесін таңдаған кезде ең алдымен оның бала­ның омыртқасы мен иығына салмақ түсір­мейтіндей берік құры­лымы болғанын ескеру керек.

Сөмкенің иық бауы­ның жалпақ әрі жұмсақ материалдан тігілгенін таңдаған жөн. Сонымен қатар, таңдаған сөмкеңіз баланың бойы мен жа­сына сәйкес болуы ке­рек. Бұнымен қоса, 1-4 сынып оқушылары үшін әрбір кітаптың салмағы 300 грамнан, ал 5-6 сыныптарға – 400 гр., 7-9 сынып оқушыларына 500 гр. және 10-11 мы­ныптар үшін 600 грамнан аспауы керек.

Сөз реті келгенде айта кетерлігі, біздің еліміз бойынша оқулық мәселесі де басты назар­да тұр. Мәселен, былтыр 86 оқулыққа қатысты сараптама негізінде олар­дың екеуінің салмағы гигиеналық нормативке сәйкес келмеген еді.

Астанада өткен «Жаңа оқу жылына дайындық» баспасөз мәслихатында Денсау­лық сақтау министр­лігінің комитет төрағасы Жандарбек Бекшин балалардың мектеп сөмкесінің салмағына байланысты арнайы жұмыс тобының құрыл­ғанын айтқан еді. Және сөмкелердің сал­мағы артып, кішкентай бала­лардың денсаулығына кері әсер етіп жатқан­дығы да баса айтылған болатын. Балалардың сөмкесі мен оқулы­ғының «артық салмағы» туралы мәжілісте де сөз болғаны белгілі. Сон­дықтан пилоттық жоба қолға алынып, білім ордаларында оқушы­лардың керек-жарағын сақтап қоятын арнайы шкафтар орнатылатын болады. Арнайы құрыл­ған жұмыс тобының айтуынша, мектеп сөм­келерінің ауырлай түсуі сколиоз, остеохондроз сынды ауруларға ұшы­рататын көрінеді. Сон­дықтан бұл аурулардың алдын алу үшін осындай шкафтар орнату керек екен.Осы ғылыми жобамда мектеп сөмкесінің бала ағзасына тигізетін әсерін қарасытартын боламын.

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Мектеп сөмкесінің түрлері мен оларды таңдау талаптары

Жаңа  оқу жылын  бастағанда  мектеп  оқушылары   ата-анасының   жаңа  сөмке алып беруін   күтеді.  Олар оны таза дәптерлерімен, қалам, қарындаштарымен  толтыруға   асығады .Бастапқыда   олар  жаңа сөмкені  мұқият,тиянақты   пайдаланады. Уақыт өте келе ол — қарапайым сөмкеге айналады.  Жыртылып тозады немесе іші шұрқ тесікке айналады. Жалпы, мектеп сөмкелерінің қазір көптеген түрі бар:
Арқасөмке Рюкзак (ағыл. Backpack). Ең танымал мектеп сөмкесі. Ұзындығы реттелетін жалпақтығы әр түрлі баулары болады. Қаттылығы әр түрлі арқасөмкелер де бар. Мысалы, пішінін өзгертетін жұмсақ арқа сөмке. Мұндай сөмке тек жеңіл әрі жұмсақ заттарды тасуға пайдаланған жөн.
Ранец. Өзінің формасын өзгертпейді. Мектеп портфеліне ұқсас түрлері де кездеседі. Өте ыңғайлы, бірнеше қалташықтары мен бөлімдері бар. Арқа баулары жалпақ, әрі ұзындығын баланың бойына ыңғайлы етіп келтіруге болады.
Тележка (rolling bag). Сыртқы түрі чемодан немесе кофр, қосымша конструкциялары, жүк таситын сөмкелерге ұқсас жылжымалы ұстағышы мен дөңгелектері бар. Мектепке көп кітап таситын оқушыларға арналған. Кемшілігі- ондай сөмкелер қымбат, баспалдақтан көтерілу қиын және қоғамдық көліктерде тасу ыңғайсыз.
Tote. Сөмке Tote – үстіңгі бөлігі ашық, екі тұтқасы бар, көлемі жағынан үлкен сөмкелер, көп зат сияды. Соңғы уақытта үстіңгі бөлігі магнитпен немесе замокпен жабылатын түрлері көп кездеседі. Бұл жоғарғы сыныптың қыздарына стильді түрі болып табылады. Оң жақтары- мұндай сөмкені мектептен тыс тасуға болады.
Почтальон сөмкесі, – «почтальонка» (messenger bag). Көп зат сиятын, бірақ көлемі ондай үлкен емес жұмсақ сөмке. Бір жалпақ тұтқасы (ұзартып немесе қысқартуға болатын) және үлкен клапаны бар. Мұндай сөмкеге стандартты мөлшерлі оқулықтар мен дәптерлер және А4 форматты қағаздар мен құжаттар, сонымен қатар ноутбук, iPad, мобильді телефон, жазу құралдары салуға ыңғайлы, жоғарғы сынып оқушыларының арасында кеңінен қолданылады.
Портфель, дипломат. Классикалық стильдегі үлкенлердің құжаттар салатын іскерлік сөмкесіне ұқсатып жасалған. Совет үкіметі кезіндегі ең танымал сөмке. Қазір- ескі модельдер түріне жатады.
Ноутбукке арналған сөмке. (laptop bag), IPod –дың пайда болуымен сөмкенің IPod bag түрлерінің шығуына себепші болды. (сумка для IPod). Мұның ұзын иыққа асатын және жай ғана қолға ұстайтын тұтқасы бар. Негізгісі бұл сөмке ноутбукті сынудан сақтайтын бөлімдері бар.
Мектеп сөмкелерінің бірнеше түрімен таныс болдық. Ал дәл оқулық пен дәптер тасымалданатын сөмкелерге қойылатын сан түрлі талаптар бар. Ендеше, көз жүгіртейік: Ғалымдар мектеп сөмкелерінің иыққа ілер тұстағы жолақтың жалпақ болу керектігін айтады.  Сөмке қымбат болса да әйгілі брендтердің сапалы сөмкесін таңдау қажет. Жас және жыныс ерекшелігіне сай таңдау керек. Бастысы өз формасын өзгертпеген сөмке болуы тиіс. Түс және сурет бұл * өте маңызды. Бала өз қалауымен таңдаған жөн. Ресейлік мамандар осы мәселеге бас ауырта келе, портфельдің салмағы оқушының салмағының 1/10 болуы тиіс дегенді айтады. Балаңыз 27 келі тартса, сәйкесінше, мектеп «дорбасы» да 2,7 келіден артық болмау керек. Ал төменгі сынып оқушыларының сөмкелері 1200 грамның шамасы болса құп.  Өз кезегінде ресейлік санитар-мамандар бастауыш сыныпқа арналған оқулықтардың салмағы 300 грамнан, 5-6 сыныптар үшін — 400 гр, 7-9 сынып оқушыларына — 500 грамнан аспауы керектігін есептеп шығарған. Сонымен қатар сөмкені арқаға ілгенде, сөмке екі иыққа бірдей ілінуі керек.

Мектеп сөмкесінің бала денсаулығына тигізер зиян әсері  де жоқ емес.  Жалпы, мектеп оқушыларының іші толы «қоржындарының» ауырлығы мен шамадан тыс заттарды тасуы денсаулыққа кері әсерін тигізбей қоймайды екен. Баланың қан қысымының қалыптан шығуына да осы сөмке әсер ететін көрінеді. Тіпті әлі қатая қоймаған оқушының кеуде сүйектерінің қисаюына әкеп соғады. Ол аз болса, мұның салдары төбе мидың қалыпты жұмысына кері әсерін тигізеді. Дәрігерлер де: «Ауыр  сөмкені бір қолда ұстау немесе сөмкені бір иыққа асыну оқушы үшін зиян. Нәтижесінде скалиозбен ауыруы мүмкін», — дейді. Сондықтан, дәрігерлер балалар үшін ортопедиялық арқасы бар сөмкенің таптырмас құрал болатындығын ерекше атайды. Сондықтан, ең бірінші базар мен дүкендерден сөмке аларда төмендегі талаптарды қатаң ескеріңіз:

  • Сөмке көлемі  арқадан жалпақ болмауы керек;
  • Сөмке салмағы оқушының салмағының 1/10 болуы тиіс;
  • Оның төменгі бөлігі белден төмен түспегені абзал;
  • Ішіне салатын оқулықтарды бір біріне тығыз орналасуы керек;
  • Иықбауы жалпақ, иыққа батпайтын болуы керек;
  • Материалы сапалы болуы жөн. Мамандар кеңесі полиестер;
  • Сонымен қатар қараңғы кезде көзге шағылысатын жарқын түсті жолағы болған жөн, ол жаяу  жүргіншілер жолынан өтер кезде жүргізушілердің көзіне бірден түсін, қауіпсіздіқті қамтамасыз етеді.
    Иә, оқушының өзінде орнықты сөмкесінің болуы оның оқуға деген жауапкершілігі мен белсенділігін оятады. Таусылмас ақыл кені — кітапты жас оқырманымен байланыстырады. Баланың зердесі мен зейінінің дамуына қажетті құралдарды сәйкесінше қолжетімді етеді. Сол себептен де, әрбір мектеп қабырғасын жағалаған оқушының  сөмке асынуды абырой көретінін ескерсек, ұдайы осы ілімдерді естен шығармағанымыз жөн.

2.2 Мектеп сөмкесінің оқушының ағзасына тигізетін кері әсері 

Оқушы сөмкесі шамадан тыс ауыр болса, мектеп әкімшілігіне айыппұл салынуы керек. Елордадағы тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары білім мекемелеріндегі тексеру парағына осындай бап енгізуді сұрайды. Бұл бастаманы көпшілік қолдап отыр. Ата-аналардың айтуынша, бірінші сынып оқушысының сөмкесін бала тұрмақ, ересек адамның өзі әзер алып жүреді. Ұдайы ауыр көтергеннен баланың белі қолы, мойыны ауыра бастайды. Ауыр салмақ оқушының омыртқа жотасына, арқа бұлшық еттеріне, тірек-қимыл жүйесіне кері әсерін тигізеді. Жүре келе, оның салдары басқа аурулардың шығуына әкеледі. Оқушылардың кітаптары ғана емес, сөмкесі де ауыр болуы мүмкін. Балалар қосымша ойыншықтар апарады. Су апарады. Тамақтары бар. Осының бәрі салмақ түсіреді.Дәрігерлер бастауыш сынып оқушыларының күнделікті мектепке ауыр сөмке тасуы тек бойын тежеуден бө­лек, қимыл-қозғалыс жүйесі мен омыртқа­сын зақымдайтынын алға тартады. Бұдан балалардың көбінің сколиоз, кифоз, иық, кеуде сүйектері өзгеріске ұшырайды. Тіпті майтабандылыққа әкелетін қаупі бар. Ауыр сөмкені еңсеріп жүру үшін балаға еңкейіп жүруге тура келеді; одан баланың жүрек қан-тамырларының қызметі бұзылып, көру қабілеті төмендейді. Одан бөлек, үнемі бас айналуы, жүрек айнуы, арқа мен аяқ ауру­лары көбейе бастайды. Ата-ана бұған көп мән бермеуі мүмкін, бірақ баланың бұл ауру­лар туралы айтып, шағым жасауы жиі­лейді.
Біздің елдегі көрініс осылай. Өзге ел­дер­де белгілі бір стандарт бар ма? Салыстырып көрелік. Мәселен, Португалия ғылыми-ме­дициналық орталығының мамандары мек­теп сөмкесінің салмағы барлық оқулық пен оқуға қажет құрал-жабдықтарды қоса есеп­тегенде, бала салмағының 10 пайызын құ­рау керек деп есептейді. Егер баланың салмағы 25 келі болса, сөмкенің ауырлығы 2,5 келіден аспауы тиіс. Ғылыми орталық ұсынған зерттеу нәтижесі бойынша жергі­лікті билік мектеп сөмкесінің стандартын белгілеп қойған. Сол стандартқа сәйкес, ба­лалар артық салмақ арқалап әуре бол­майды.
Ал америкалық Педиатрлар арқаға аса­тын дорбаның өзіндік нормаларын белгілі бір шарттарға сай есептеп шығарыпты. Аме­рикадағы Педиатрлар академиясының зерттеу жұмыстарына сәйкес, мектеп сөм­кесі салмағының көрсеткіштері мынадай болуы тиіс:

1-сынып 1,2 келіге дейін
2-сынып 1,6 келіге дейін
3-сынып 2,3 келіге дейін
4-сынып 2,6 келіге дейін
5-сынып 2,8 келіге дейін
6-сынып 3,1 келіге дейін
7-8-сынып 3,6 келіге дейін
9-11-сынып 4 келіге дейін

Бұл елде ауыр салмақты сөмкені күн­делікті тасып жүрмеудің де жолдары қа­растырылған. Мәселен, АҚШ-тағы кейбір мектептер бұл проблеманы болдырмау  үшін заманауи құрылғылардың көмегіне жүгінеді. Ал кей білім ордаларында сабақ барысында пайдаланылатын негізгі оқу­лық­тарды мектептегі оқушылардың жеке сөрелеріне қалдырып, үй тапсырмаларын арнайы планшеттерге жүктеп берсе, енді бір мектептерде үй жұмысы топтастырылған арнайы конверттер таратылады екен. Ірі штаттардағы мектептің де өзіндік жүйелері бар. Ол мектептерде мұғалімнің, ата-ана мен оқушының жеке-жеке кабинеттері бар. Ұстаз белгілі бір уақыт шеңберінде өз кабинетіне үй тапсырмасын жүктеп қояды, ата-ана үйінде отырып сол тапсырмаларды баласымен орындайды.
Өзге елдердің мектеп сөмкесіне қатысты арнайы бекітілген стандарты бар. Бізде неге олай емес? Биыл жаңартылған білім бағ­дарламасы мектеп сөмкесін тіптен ауыр­ла­тып жіберді. Әсіресе, 1-сынып оқушылары үшін

Мектеп сөмкелерінің иыққа ілер тұс­тағы жолақтың жалпақ болу керектігін айта­ды. Сөмке қымбат болса да әйгілі бренд­тердің сапалы сөмкесін таңдау қажет. Жас және жыныс ерекшелігіне сай таңдау керек. Өз формасын өзгертпеген сөмке бо­луы керек. Түс және сурет бұл өте маңызды. Бала өз қалауымен таңдаған жөн. Ресейлік мамандар осы мәселеге бас ауырта келе, сөмкенің салмағы оқушының салмағының 1/10 болуы тиіс дегенді айтады.

Балаңыз 27 келі тартса, сәйкесінше, мектеп «дор­басы» да 2,7 келіден артық болмауы керек. Ал төменгі сынып оқушыларының сөмке­лері 1200 грамның шамасы болса, құба-құп. Өз кезегінде ресейлік санитар-мамандар бас­тауыш сыныпқа арналған оқулықтардың салмағы 300 грамнан, 5-6-сыныптар үшін 400 грамм, 7-9-сынып оқушыларына – 500 грамнан аспауы керектігін есептеп шы­ғар­ған. Сонымен қатар сөмкені арқаға іл­генде, сөмке екі иыққа бірдей ілінуі керек.
Адамның тәні мен жанын бір-бірінен ажыратып қарау мүмкін емес. Сондықтан ауыр сөмке баланың қан қысымының қа­лыптан шығуына әсер етеді. Тіпті әлі қатая қоймаған оқушының кеуде сүйектерінің қисаюына әкеліп соғады. Ол аз болса, мұ­ның салдары мидың қалыпты жұмысына кері әсерін тигізеді. Қандай да болмасын ауыр салмақ оқушының омыртқа жотасы мен арқа бұлшық еттеріне кері әсер етеді және жас ұлғайған сайын оның зардабы үлкейе түседі. Сондай-ақ сөмкені бір иыққа асуға болмайды. Өйткені ауыр салмақ бір иыққа түсіп дене сүйегі біржаққа қисайып бүйректің төмен түсуіне әкеліп соғады. Елі­мізде мектеп сөмкесінің қандай болуы ке­ректігін қадағалайтын мемлекеттік стан­дарт­тар жоқ. Дәрігерлер ортопедиялық ар­қасы бар сөмке ұстағандары жөн деп есептейді. Шетелде мектеп оқушыларына арналған осындай арнайы сөмкелер кез келген отбасына қол жетімді. Ал елімізде мұндай сөмкелер өте қымбат. Баланың ауыр сөмкесін көтеріп жүруі үшін арнайы бір адам мектепке апарып, алып қайту керек немесе адам жалдауға тура келеді.

Бұл әлеуметтік-психологиялық тәуелділікті ту­дырады. Бұдан балаларда психологиялық то­лымсыздық пайда болады. Яғни, бұл деген сөз бала қиналады, бала ашуланады, жүйкесі шаршайды, көңілі толмаушылық туындайды, мектепке немесе үйге келген соң материалдарды қабылдауы, есте сақ­тауы, жүйелі ойлауы нашарлайды. Осының салдарынан оқуға деген мотивациясы, қызығушылығы төмендейді. Сондықтан бұл мәселені материалдық тұрғыда ғана емес психологиялық тұрғыда да қарастырған жөн.

2.3 Мектеп сөмкесінің ауырлығынан пайда болатын ауру түрі -сколиоз

Қандайда болмасын ауыр салмақ оқушының омыртқа жотасымен арқа бұлшық еттеріне нашар әсер етеді, бұл факт. Және жас ұлғайған сайын оның зардабы үлкейе түседі. Ресей зерттеушілерінің еңбектеріне сүйенсек дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесі 50% сколиоздың пайда болуына әкеледі деп айтуда.  Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis — қисық, қисайған) — омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы.

Сколиоздың туа бітетін және жүре пайда болатын түрлері бар. Жүре пайда болатын сколиоздың себебіне қарай рахиттік, статик, неврогендік және үйреншікті (идиопатик) түрлері болады. Статикалық сколиоз омыртқаға түсетін күштің бірқалыпты болмауынан дамиды. (мысалы, скрипкашылар, тігіншілер, т.б.). Неврогендік сколиоз полиемиелитпен ауырған балаларда кездеседі. Үйреншікті сколиоз арқа, жауырын, бұлшық еттерінің қалыпты дамымауынан болады. Омыртқа бойында орналасқан бұлшық еттердің әлсіз болуы омырқаға түскен әр түрлі күштердің әсерінен омыртқаның біртіндеп бір бүйірге қарай қисаюына әкеледі. Бұл мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Сондай-ақ сколиоздың бөлшектенген (омыртқаның тек бір бөлегінің қисаюы); тұтас (омыртқаның толықтай қисаюы); сыртқы пішініне қарай: біржақты және S тәрізді түрлері ажыратылады. Емі: консервативті әдіс бойынша — арқа, жауырын тұсындағы бұлшық еттерді арнайы гимнастика, массаж, дәрі-дәрмек, әр түрлі корсеттерді пайдаланып нығайту, хирургиялық әдіс бойынша — консервативті ем нәтиже бермеген жағдайда, ауто-гомотранспланттарды қолданып, омыртқаны бір қалыпта бекіту үшін операция жасау. Сколиоздың салдарынан ішкі мүшелер және ми зардап шегеді.

Енді осы «ауыр» және «ыңғайсыз» проблемадан шығу жолдарды іздеп көрдім. Осындай мәселенің туындап отырған себептерін анықтадым:

1- Қазақстанда мектеп сөмкесінің қандай болуы керектігін қадағалайтын мемлекеттік стандарт жоқ (Ресейде 2003 жылы шықты).

2- Мектеп оқулықтарының көп және ауыр болуы.

3- Жасына сай таңдалмаған сөмке.

Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу жолдарын іздеп көрдім:

  1. АҚШ-та ауыр сөмке ұстамас үшін екі комплект оқулық пайдаланады. Біреуі мектепте, екіншісі үйде, әр оқушының өз жәшігі бар.
  2. Қытайда мектеп сөмкесін дәрігерлердің тексеруінен кейін ғана шығаруға рұқсат етіледі.
  3. Тайванда электронды мектеп сөмкесін ойлап табуда. Онда күнделік, дәптер, оқулық болады.
  4. Израильде білім беру министрлігі бекіткен мектеп сөмкесінің массасын ата-аналар комитеті қадағалайды.
  5. Малайзияда оқулықтың орнына ноутбуктер қолданады.
  6. Европаның кейбір мемлекеттерінде оқушылар күнделікті лекцияларын тек көшірме түрінде қағазбен ғана алады.
  7. Швецияда мүлдем сөмке ұстамайды, өйткені 8-сыныпқа дейін оқушыларға үй жұмысын бермейді.
  8. Тағы бір мемлекеттерде әр оқу тоқсанына бөлек оқулық шығармақшы.

ІІІ. Практикалық бөлім

Менің зерттеулерім

«Оқушыларда қандай портфель сұранысқа ие және денсаулық үшін қауіпсіз болып табылатындығын анықтау». Әдіс: оқушыларға сауалнама жүргізу. Мақсаты: 2-4 сынып оқушыларының өздеріне ұнайтын портфельдер туралы пікірін зерттеу.

№1 Сауалнама

Сізде қандай сөмке болды?

  1. 1-4 сыныптағы сөмкелердің қандай түрі болғанын еске алу ұсынылды.

№2 Сізге сөмкені кім таңдайды?

20 адамның ішінен 3 оқушы  (15%)  сөмкелерді  өздері таңдайды, көбінесе ұл балалар  ата-аналарының қатысуымен 17  (60%) таңдайды.

№3 Сіз мектеп сөмкесін қайдан сатып аласыз?

Сауалнамаға қатысқан оқушылардың  64%  сөмкені  дүкеннен сатып алуға, ал 36% сөмкені  базардан алуға барады.

ІІІ. Қорытынды

Соңғы жылдары мектеп оқушыларының денсаулығының нашарлығы туралы көп айтылып  келеді. Бұл жерде тек мектеп кінәлі емес. Баланың денсаулығын сақтау мен нығайту, ең алдымен, ата-ананың басты міндеті. Денсаулықты жоғалту оңай, ал оны қалпына келтіруге  кей жағдайда бір ғұмыр да жеткіліксіз. Кейде мектеп оқытушыларының бар күш-қимылы жеткіліксіз болады, өйткені баланың мектепке дейінгі өмірі тұтастай текке кеткен, орнын толтыру мүмкін емес болып жатады. Бұл мәселенің шешімін ата-аналарға, дәрігерлерге жаба салуға да болар, әйтсе де бала денсаулығы күн өткен сайын нашарлап, кемістері беки беретіні де сөзсіз. Cондықтан да баланың негізгі уақыты мектепте өтетіндіктен оның денсаулығына жауапкершілік те негізінен мектептің мойнында. Өйткені бала денсаулығы сыныптағы оқыту процесінің қалай ұйымдастырылғанына да байланысты.

Денсаулығы жақсы бала оқыту процесінің барлық түрлеріне қуана араласады, әрдайым жайдары, өмірсүйгіш қалпынан таңбай, құрбыларымен де еркін араласып, ұстаздарына да жылы қабақ танытады. Бұл тұлғаның барлық қырының танылуының негізгі шарты. Демек, баланың бойында денсаулық мәдениетінің қалыптасуына басты мән  беру керек. Бала кезінен денсаулықтың заңдылықтары мен қарапайым қағидаларын бойына сіңіріп өскен бала өскенде  де осы бағыттағы ізденісін жалғастыратыны  сөзсіз.

Жұмыс барысында мен мектеп сөмкесі жөнінде көп және қызықты мәлімет білдім. Мектеп сөмкесін таңдағанда оның салмағына, формасы мен өлшеміне назар аударыңыз. Жоғарғы жағы баланың иығынан аспауын қадағалаңыз, ал төменгі жағы белінен төмен түспеуі қажет, ені баланың иықтарынан кең болмауы, ретке келетін асқыштардың жалпақтығы кемдегенде 8 см болуы керек. Оқушы сөмкесі өқу құралдарын қоса есептегенде өзінің салмағының 10% аспағаны дұрыс. Сөмкеден қажетсіз заттарды тасымаңыз. Дәрігерлер болса, бастауыш сынып оқушысына сөмке, не портфель алып берудің қажетсіздігін айтады. Жобамды қортындылай келе дұрысы, матадан тігілген рюкзакты оқушыларға  қолдануға кеңес беремін. Жобада қойылған мақсатыма жеттім, мектеп сөмкесінің бала ағзасына кері әсерін анықтадым.

You May Also Like

Күн көлігі және баламалы энергия көздерін алу жолдары, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Күн көлігі және баламалы энергия көздерін алу жолдары»…

Бейнелеу өнері арқылы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары, ғылыми жоба

Бейнелеу өнері арқылы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары.         Қазіргі адам…

Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп, жетілу ерекшеліктері, ғылыми жоба

Тақырыбы: Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп, жетілу ерекшеліктері Үй тауығы балапандарымен…

Әл-Фарабидің жаһандық математикалық мұрасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Әл-Фарабидің жаһандық математикалық мұрасы»  Бағыты:        Математика ПІКІР Ғылыми жоба тақырыбы: «Әл-Фарабидің…