Ғылыми жобаның тақырыбы

Мағжан Жұмабаевтың табиғат лирикасы

МАЗМҰНЫ:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1 – тарау. 

Мағжан Жұмабаевтың өмірі

1.1. Рухың бақытқа бөленсін

1.2. Мағжан Жұмабаевтың тәлім-тәрбиелік көзқарасы

1.3..  Мағжан нәр алған білімділіктің бастауы неде?

1.4.Табиғат лирикасы

ІІІ. Қорытынды

Жұмыстың мақсаты: Қазақ халқы мен әдебиетінің қалыптасу кезеңінде бір ғана тіреу бола жүріп, әдебиеті өнерін өркендетуге және қалыптасуына өзіндік үлес қосқан ерекше жарқын  тұлғалардың бірі-Мағжан. Табиғат лирикасына байланысты өлең жырларды жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Ақынның өмірі туралы деректер

Мағжан ақын Солтүстік Қазақстан облысы, өз  атымен аталатын ауданда  аймақтағы айдынның бірі-Сасықкөл жағасында 1893 жылы маусымның 25-і күні туылған.Бұл өлке бұрын Ақмола облысы, Петропавл уезі, Сарыайғыр болысы, кейіндері Полуденовский болысы(Молодежный совхозы), бертін Бейнетқор болысы, тағы бірде Булаев ауданы деп аталған.

Мағжан Жұмабаев қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, прозашы, ақын, драмматург, аудармашы, ғалым, журналист, педагог-ұстаз, сыншы, әнші, музыкант болған керемет кісі.

Мағжан- текті атадан. Әкесі Бекен дәулетті кісі болған.Оның әкесі Жұмабай еліне сыйлы беделді кісі болған және Меккеге барып қажы атанған.

Алаштың Бес арысы.

1.Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж)

2.Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж)

3.Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж)

  1. Міржақып Дулатов (1885-1935 жж)

5.Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж)

«Бес арыс» деген атпен ел есінде қалған ақын-жазушыларымыздың қазақ әдебиетіне алар орны зор. Бірі тұңғыш қазақ әліпбиін жасаса, енді бірі тұңғыш қазақ романын жазып шықты. Одан да басқа артына мол мұра қалдырып кеткен арыстарымыздың елеулі еңбектері ұлан-ғайыр.

ХХ ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді.

1.1 Рухың бақытқа бөленсін

Жетсе егер қорқынышты қара түнім,

Басса дерт,әлім құрып шықпай үнім,

Көңіл ашар, кеудеме жан кіргізер

Өлең менің-Шолпаным,Айым,Күнім.    (Мағжан)

Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған,өзіндік үлкен өнер,өрнек тудырған, терең сырға,ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын.Жалпы ақындық беті Қазан төңкерісінен бұрын қалыптасқан Мағжан жаңа кезеңде көп нәрселерге байсалды жауап іздейтін,адам тіршілігінің,өмірінің мәнін ұққысы келетін, таланты жетсе,оның құпия сырын ашуға ұмтылады.Талант жайына келсек,өнімді шығармашылық адамы екенін Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген кезінде,1912ж Қазан қаласында «Шолпан»жинағы шыққан тұста танытқан болатын.

1.2.Мағжан Жұмабаевтың тәлім-тәрбиелік көзқарасы.

Мағжан «Педагогика», «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз», «Бастауыш мектепке ана тілі», «Қызыл әскер әліппесі», «Сауатты бол!» оқулықтарын жазды. Алғашқы бөлімде тәрбие ұғымы, оның түрлері мен мақсаты, педагогика пәнімен оның бөлімдері, зерттеу объектілері, т.б жайында сөз болады. «Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, һәм құлық тәрбиесі. Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны…» дей келе Мағжан «Тәрбиеден мақсұт-адамды һәм сол адамның ұлтын, аса барлық адамзат дүниесі бақытты қылу ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлты бақытты» деп, бала тәрбиесі мен ұлт мәселесін бірге алып отырған.Сонымен қатар бесік туралы өте орынды пікір айтқан. «Ұсақ-түйек» көрінетін мәселелерге де ерекше мән берген.

            1.4 Табиғат лирикасы.

  Табиғат лирикасы- XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясында тұрақты жырланған түрі.

  Табиғатты жырлауда ұлы Абай қалыптастырған идеялық-мазмұндық , көркемдік,стильдік дәстүрді жалғастырған ақындардың өлеңдерінің эстетикалық-танымдық әсері мол болды.

    Табиғатты жырлау арқылы ақыңдар өмірге деген құштарлық сезімдерін ұштайды, көмескі тарта бастаған үміті,  сезімі оянады. Табиғат- ақындық шабыттың қозғаушы қайнар көзі, қуатты тетігі.

        ХХ ғасыр басындағы табиғат туралы өлеңінің жырлауында мынандай саралануы байқалады:бірінші-сі-жылдың төрт маусымдық мезгілдерін бір-біріне жалғастыра жырлау. Даланың өзендері мен көлдерінің, таулары мен ормандарының,аспанның,топырағының,өсімдіктерінің ауасыныңөзара үндескен табиғи келісімі сұлулық тұнған әлемін бейнелеуде  ұлттық дүниетанымдарға сай нақыштарға кездесеміз.

Ақын жаны табиғаттың сұлулығын бейнелеп, тануға құштар. Қазақ даласының көркін, жыл мезгілінің ерекшеліктерін Мағжан Жұмабаев айқын бояумен, шебер суреттеген. Тіпті кейде табиғат әлемін адам көңіл күйімен ұштастырып, әдемі жеткізе білген. Мұны Мағжанның немере қарындасы Жамалдың өтініші бойынша жазылған «Түн еді» өлеңінен байқаймыз:

Түн еді. Көкте қаптап бұлт тұрды,

Жел жылады, долы дауыл ұлып тұрды.

Секіріп сары шаш шайтан жындар билеп,

Әлдекім сылқ-сылқ қана күліп тұрды.

Жапан түз, отсыз, сусыз бетпақ шөлде,

Жын-шайтан мекен еткен тағы жерде.

Жас бала-жолдасым жоқ, жапа-жалғыз

Мен келе жаттым батып қанды терге.

Көзімнен жас ақпады, қандар ақты

Табанды тілгіледі тастар қатты

. Қарқылдап қиқу салып қарға-құзғыш

. Жалпылдап жүрегімде шоқып жатты

Мағжан Жұмабаев жазғы, қысқы табиғат көрінісіне өзінің  сезім дүниесін қоса жырлайды.Жанды табиғатты жоққа шығарып тұрған жоқ, лирикалық қаһарманның сезімі, оның қиялы тоғыса келіп, жанды тірі сурет жасап тұр.Мағжан романтикалық қуатты күшке, фантазияға,қанатты ойға ерік берген.Мағжанның табиғатындағы кейіптеу көбінесе адамдар сезіміне,махаббатқа арналады.Бұл-Мағжанның табиғат лирикасының тағы бір ерекшелігі.

«Қысқы жолда» боран бейнесі кейіптеу арқылы жасалған.Абай дәстүрін жалғастыра отырып,өз ерекшелігін танытады.Боран бірнеше қимылда беріледі.Қарды кебінмен алмастырып, жерді өлген адамға ұқсатады.Бұл да –Мағжанның жаңалығы.

Қорытынды

Қорыта келгенде, жалпы табиғат ақын лирикасында кең орын алған. Мағжанның табиғат лирикасы әдебиетіміздегі басқа ақындардың табиғат лирикасынан өзгешерек.М.Жұмабаев лирикасында табиғат құбылысы мен суретін символикалық мақсатта пайдалану тәсілі үлкен бір арналы сала,тұтастай бір поэтикалық әлемге айналады.Ақын табиғат арқылы қоғамдық-әлеуметтік өмірді ишаралап,жан дүниедегі өзгерістер мен сезім күйлерін тұспалдап, емеуірінмен білдіреді.Лирикалық кейіпкердің жан дүниесіндегі құбылыстар,сезімдер қақтығысы,көңіл-күй әуені табиғат суреті мен құбылысына көшіріліп.адам болмысын танытуда табиғат жетекші орынға ие болады.Мағжанның жыл мезгілдері туралы өлеңдерінің негізгі идеясы- «адам мен табиғаттың бірлігі»,ақын өлеңдерінде «адам дегеніміз-табиғат» деген ұстаным жүзеге асады.Табиғат тақырыбына жазылған өлеңдері-қазақ поэзиясын  мазмұндық жағынан да,пішіндік жағынан да байытқан шығармалар болып табылады.

You May Also Like

Қағаз, ғылыми жоба

                     Мазмұны: Кіріспе ………………………………………………………………………..1 Негізгі бөлім ……………………………………………………………….2-3 Қағаздың түрлері………………………………………………………….4-5 4.Қағаздың пайдасы…………………………………………………………6-8 5.Қағаздың…

Ең үздік ғылыми жоба «Жер тынысы тарылып барады»

Ең үздік ғылыми жоба «Жер тынысы тарылып барады» Дайындаған: Кадирова Г.А Менің…

Фразеологизмы в речи современных детей, научная работа

                Тема:     «Фразеологизмы в речи современных детей»                  Секция:      русский язык и…

Жүнді қолөнер саласында тиімді пайдалану, ғылыми жоба

Ата-бабамыздан қалған төрт түлік малдың жүнін қолөнер саласында тиімді пайдалану Орындаған: Нурали…