Мазмұны:

  1. Кіріспе ………………………………………………………………………..1
  2. Негізгі бөлім ……………………………………………………………….2-3
  3. Қағаздың түрлері………………………………………………………….4-5

4.Қағаздың пайдасы…………………………………………………………6-8

5.Қағаздың қасиеті…………………………………………………………..9

6.Қағаздың қасиетін анықтау……………………………………………10-11

  1. Қағаз туралы халық сөздері …………………………………………12
  2. Қорытынды …………………………………………………………………13

Бағыты: экология

Ғылыми зерттеу жұмысының жетекшісі:

КММ «№ 4 орта  мектебі»  Мектепалды дайындық тобының жетекшісі:

Каримова Айжан Еслямгалиевна.

Мақсаты: Қағаздың пайдасын,түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрену.

Міндеттері: Қағаз туралы кітаптармен, оқулықтармен, зерттеулермен танысу; Қағаздың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету; Ғалым, доктор, профессор еңбегімен танысу.

Нысаны: қағаз

Пәні:экология.

Болжам: егер біз қағаз жайлы оқып білсек, онда қағаздың көптеген

сырларын ашар едік.

Нәтижесі: іздену нәтижесінде қағаздың өмірде пайдалы екенін,әртүрлі  қасиеті бар екенін  білеміз.

Қандай жұмыспен айналысқанды жақсы көресің?- десе, көп бала ермексазбен жұмыс деп атайды. Ал мен қағазбен жұмысты ұнатамын.

Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім келеді

Кіріспе:

Бала кезімізде сіздің де, біздің де сүйіп жеген ортақ тағамымыз бар. Әрине, ол – кәмпиттер. Ата-анамыз кәмпит жеуге тыйым салып, сандықтардың түбіне жасырып қойғанда, көзімізден сорамыз ағып жатып, «шіркіііін, есейгенде көп ақша тауып, бай боламын да, кәмпиттің көкесін сатып аламын» деп армандаушы едік. Ал, қазір ес білдік, есейдік, ал кәмпит туралы армандарымыз жайында қалды. Дегенмен, бала кездегі тәтті құмарлық қартайғанша әдетте қалады екен. Көптеген буып-түйілген материалдың басым бөлігін қағаз бен картон құрайды. Себебі олардың қасиеттері, сорттарының түрлі декөп. Қағаз бетіне күнделікті қажетті мағлұматты түртіп жүреміз. Қағазсыз адам баласының өмірін көз алдымызға елестету мүмкін емес.Сондықтан да, бүгін сіздермен қағаз жайындағы қызықты деректерімізбен бөлісеміз.

Қағазды тұрмыста қолданғанымен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін, қасиетін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады.

Негізгі бөлім:

Қағазға тіл бітірген – қалам, Жансызға жан бітірген адам” деген мақал қазақта тегін айтылмаған.

Қағаз қалай жасалады?

Қағаз – ағаш діңдерінен  жасалады.  Қағаз өндіру үшін қолданылатын ағаштар кесіліп, бөрене халіне келтіріледі. Алдымен қабықтары алынып, кейін майда-майда  Бөлшектерге бөлінеді.  Бұл бөлшектер жуылып, ұнтағыш машинадан өтеді. Машинаның ішінде әртүрлі химиялық заттармен араластырылып,  талшықтарға бөлінеді және қамыр халіне келтіріледі. Бұл қамыр  ағаруы үшін жеке бір процедурадан өтеді. Кейін қамыр миксерге (араластырғышқа) салынады. Қамырдың ішіне қағаздың сапасын, суға төзімділігін арттыратын, немесе рең беретін түрлі-түсті химиялық заттар қосылады. Миксерден  шыққан  бір текті халіге келеді.Қамыр жылжымалы  лентаның үстіне төселеді.  Суы сүзілетін және тығыз цилиндрлердің арасынан өтеді. Осылайша қағаз беттері пайда болады. Соңында ыстық цилиндірлердің     арасынан  өтіп,құрғатылады. Фабрикадан  шыққан  қағаздар үлкен рулон түрінде шығады. Оны өңдеушілер қалаған көлемде қырқып сатады.

Қағаздың пайда болуы дүниежүзіндегі ең үлкен жаңалық болып есептеледі. 

Бәріміз де күнделікті өмірде қағаз өнімдерін пайдаланамыз. Алайда оның қашан, қалай пайда болғанын, кім ойлап тапқанын біле бермейміз.

Қағазды ойлап тапқан ел – Қытай. Бұл жай ғана сәйкестік емес. Қытай мемлекеті бағзы замандардан-ақ кітап жазу шеберлігімен, басқару төрелігімен мықты болғандықтан, қажетті ақпаратты үнемі қағаз бетіне түсіріп отыруға міндетті болған. Қытай елінде қағаз пайда болмай тұрғанда олар ақпаратты бамбук ағашына, жібек маталарға жазатын болған. Бірақ бұл тиімсіз болатын, біріншіден жібек мата қымбат, ал бамбук таяқшасы ауыр. Сондықтан қытайлықтар жібек өндірген сияқты қағаз өндіру ісін де ойластыра бастады.

Елде бамбук ағашы көп өсетіндіктен қағазды да бамбук ағашынан дайындады. Бамбук ағашын жұқа шырпыға бөлшектеп, әкпен сулап, бірнеше күн бойы қайнатады.Дайын  болған қоймалжың затты арнайы шұңқырда ұстап, мұқият араластырады, кілегей тәрізді зат пайда болғанша үстінен су қосып отырады. Осы  бірнеше өңдеу сатыларынан өткен соң ақыр соңында қатпарлы, жұқа парақтар пайда болады.

Қытайлар ұзақ ғасырлар бойы қағаз өндіру жолын құпия ұстап келгендіктен өзге мемлекеттер оны кеш меңгерді. 751 жылы Тянь Шань жерінде араб-қытай қақтығысында бірнеше қағаз өндіру шеберлері арабтардың тұтқынына түскен. Осы тұтқындардың арқасында арабтар қағаз өндіру кәсібін үйреніп алған.

Қағаздың 600 – дей түрлері  бар. Олар 11 топқа бөлінеді. Міне, солардың  біразы…

  1. Баспалық қағаз(баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.
  2. Жазбалық қағаз(жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.
  3. Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады.
  4. Сіңіргіш қағаз(сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді.
  5. Аппараттық қағаз(таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады.
  6. Көшірмелік қағазарнайы өңделіп дайындалады.
  7. Орамдық қағазтағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады.
  8. Өнеркәсіптік-техникалық қағазпатрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау, т.б.

Талшықты материалдарды ұнтақтау – қағаз өндірісіндегі басты операцияның бірі. Ол үздікті не үздіксіз істейтін аппараттармен жүргізіледі. Ұнтақталған талшық суспензиясына қажетті қосымша заттар қосылып, қағаз массасы тиісті мөлшерге дейін сумен сұйытылады да, аппараттарда тазаланып, қағаз машинасына жіберіледі.

Қағаздың пайдасы:

Адам өмірін қағазсыз елестету мүмкін емес. Себебі, барлық жерде түгел дерлік қағаз түрі қолданылады. Ел басқару ісі қағаздарға жазылады., сөйтіп тартылады. Жаңалықтарды түрлі қағаз беттерінен оқимыз. Сауда жасасақ қағаз ақшаны пайдаланамыз. Кез-келген мекемеге барсақ та, әр-түрлі қағаздарды кездестіреміз.

Мектепке келген алғашқы сыныптан бастап қолымызға кітап, дәптер, қалам алып білім аламыз. Ал оларсыз мектепте білім алу тіпті мүмкін емес. Сондықтан да адам өмірінде қағаздың алатын орны ерекше.

Солай бола тұра, біз қолымыздағы кітаптың, дәптердің, сурет дәптердің, еңбек сабағына пайдаланылатын қағаздардың адамдардың үлкен еңбегінің арқасында қолымызға қолымызға келетінін біле бермейміз. «Оларды қалай және неден жасайды?» деген сұрақтар төңірегенде біз ойлана бермейміз. Тек алдымызда тегін келген кітаптар мен дүкендерден арзан бағамен алған  дәптер тағы басқаларын ұқыпсыз, қалай болса солай пайдаланатын  жиі кездеседі.

Ағаштың қоршаған орта үшін пайдасын біз қоршаған орта пәнінен оқып білдік.

Ал, қағаз жасау үшін ағаш керек. Сонда бір тал ағаштан қанша қағаз жасалады? Егерде ағашты қағаз жасау үшін кесе бермей, оның орнына басқа амал қолданса болмай ма? Ал, қай жерде болса, сол жерде шашылып жатып экологиаға зиянын тигізіп, ластап жатқан қағаздарды не істейміз? Онсыз да қазіргі еліміздің экологиялық жағдайы өзге елдермен салыстырғанда төмен.Қағаздың мектепте қолданылатын түрлері өте көп. Мысалы: кітап, дәптер, блокнот, күнделік, түрлі-түсті қағаз, плакат, картон, газет-журналдар.Әр оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен, яғни 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін қанша дәптер арнайды. Бұл әрине орташа есеппен, ал есепсіз қалай болса солай арнаған мен жоғалтып алған жағдайларды қоссақ бұдан да жоғары көрсеткішті көреміз. Бұған қоса, әр сабақтан соң сыныпта қажетсіз деп танылған қағаздарды қосайық. Сыртта, аулада, көшеде, жолдарда, мерекелік жиындар мен дүкен-базар аулаларында қаншама қағаздар жатыр? Олар қоршаған ортаны ластап, зиянын тигізіп жатқаны айтпаса да түсінікті. Ал енді осы қажетсіз толып қалған дәптер, қағаздарды не істейміз? Оларды пайдаға жаратуға болмай ма екен? Мысалы: жылына 1 тонна қағаз шығару үшін 8 тал ағашы кесіледі екен. 8 тал ағашы өсу үшін  қаншама жыл, қаншама адамның еңбегі босқа кетеді. Ол ағашты кескен соң, орнына ағаш егуге қанша жылдар керек етеді. Осы орайда айтатын болсақ, қалдықтарды қайта өңдей отырып, сол жолмен алынған шикі заттар есебінен орман қорын үнемдеуге болады екен. Американдықтардың есептеуі бойынша, тұрмыстық қалдықта 34млн. тонна қағаз бар екен. Осы қағаз қалдықтарының әрбір тоннасын өңдей отырып, 17 мың тонна ағашты кесуден сақтауға болады екен. Ағаш ауаны тазалайды, көмір цилицил газын (СО2)  сіңіріп, оттегін (О2), яғни адамның демалуына қажетті ауаны шығарады. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика-көп жылдық ағаштар. Ағаш егу арқылы біз туған жерімізді түлейтеміз. Қазіргі кезде Қазақстандағы барлық ауру түрінің 20 пайызы осы экологияға байланысты туындайтын аурулар. Ендеше, неге ағаштың адам денсаулығына пайдасын біле тұра оларды өндірісте үнемдеу жолдарын қарастырмаймыз?

Ал енді осы қағаздарды мектепте оқушылардан қалай жинаймыз? Ол үшін оқушыларды ынталандыруға мадақтамалар, төс белгілер, газеттер шығарылып арнайы жиындарда ескеріліп беріліуі тиіс.

Қазақ халқында ата-бабаларымыз бір жапырақ қағазды қастерлеп ұстаған «қағаз» ұғымын киелі санаған. Лас жерлерде жатқан қағаздарды өз атымен атау Ислам діні бойынша әдепсіздік саналған. Ендеше, неге сол ата-бабаларымыз қанымызға сіңген қасиетін өшірмей одан әрі жандандырмаймыз. Келешек \

еліміздің жағдайын қазірден ойлауымыз қажет. Себебі, біз келешек Қазақстан азаматымыз. Болашақ жастар, табиғат біздің қоршаған ортамыз екендігін ешқашан ұмытпайық және табиғатты аялай білейік! Сонда ғана болашақ ұрпақ бізден үлгі алып, қазақ елінің өсіп-өркендеп гүлденуіне, әлеуметтік-экономикамыздың жақсауына, көгалдануына өз үлесін қосары анық.

Қағаздың қасиеті :

Әр мектеп жасына дейінгі балалар – кішкентай зерттеушілер. Олар әр нәрсеге қызыға қарайды және де өздеріне берілген тапсырманы қызыға орындайды. Болашағына деген белсенділігін арттыруға көмек көрсету. Осы жастағы баланың іс -әрекетінің түрі эксперимент-зерттеу жұмысын жасау болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар үш жақты іс-әрекет түрін көрсете алады: «Сезіну – Тану – Жасау (істей алу)».

Зерттеу жұмысы №1.

Ашық түсті ойыншықты алып, оны үстел үстіне қояды. Алдымен әйнек алып,  сол әйнек арқылы ойыншықты қарайды. Біз ойыншықты неліктен көріп тұрмыз?

  • Өйткені әйнек мөлдір.
  • Енді әйнектің орнына қағаз парағын аламыз. Қағаз парағы арқылы ойыншық көрініп тұр ма?
  • Жоқ.
  • Өйткені қағаз мөлдір емес.Бұл  қағаздың қасиеті.
  • Қағаз мөлдір емес.

Зерттеу жұмысы №2.

  •  Үстел үстінде ішінде су құйылған  екі стакан тұр. Бірінші стақанға металл қасықты , ал екіншісіне қағаз сүрткішті (салфетка) саламын.. Қасық салған стақанда не байқадық? Ештеңе. Ал сүрткіш  қағазымызға не болды? Ол толығымен ылғалданды. Сіздер қалай ойлайсыңдар, жаңбырлы күні қағаздан жасалған қолшатырмен далаға шыға аламыз ба? Жоқ. Өйткені қағаз қолшатырдан су өтіп кетеді. Бұл қағаздың екінші қасиеті.
  • Қағаз тез ылғалданады, яғни тез су өткізеді.

 Зерттеу жұмысы №3.

  • Қғазды мыжуға ұсыныс білдіру, келесіде қатты затты мыжыту. Не мыжылады? Не мыжылмайтындығын айтып түсіндіру.
  • Яғни, қағаз мыжылады.Зерттеу жұмысы №4.
  •  Қағаз бен басқа бір затты үрлету арқылы қағаздың  жеңіл екенін анықтау.
  • Үрленген қағаз тез ұшады.
  • Яғни, қағаз жеңіл екенін дәлелдедік.

Зерттеу жұмысы №5

  • Қағаз – баланың қолы жетімді материалдардың бірі. Оны тек қана сурет салуға, жапсыруда т.б. ғана қолдана бермейміз, сондай-ақ әр түрлі бүктеу (оригами) тәсілдері аркылы көлемді көркем  заттар жасауда да қолданамыз және  қағаздан әр түрлі бұйымдар жасаймыз.

Абстракт 

   Зерттеудің өзектілігі: Қағаз (парсыша: كاغد‎ — «кағоз») — өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Италиянша bambagіa, яғни мақта деген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді.

Зерттеудің мақсаттары:

      Қағаздың пайдасын,түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрену. 

Зерттеудің кезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі: тақырыпты анықтау.
  2. Теориялық материалдарды ғаламтордан, кітапханалардан жинақтау.
  3. Қағаздың пайдасы және қасиеттері мен танысу.
  4. Халық арасында қағазды пайдалану дәрежесі.

      Зерттеу әдіс-тәсілдері:

  1. Теориялық материалдары жинақтау
  2. Қағаздың пайдасы мен қасиетін практика түрінде байқау
  3. Қағаздың адам өміріне тигізетін пайдасын үйрену
  4. Қағаздың қасиеттерін игеру

     Зерттеудің жаңалығы:

Қағаздың әр түрлі қасиеттерін зерттеу барысында алға қойылған  барлық мақсаттарға қол жеткіздік. Зерттеу жұмыстары сәтті орындалып, қағаздың түсі мөлдір емес екені, қағаз тез су өткізгіш, қағаз көп заттарға қарағанда өте жеңіл және тез мыжылады, бүктеледі және т.б.қағаз қасиеттері  дәлелденді.

  Жұмыстың нәтижесі мен қортындысы: Зерттеу нәтижеси бойынша қағаздың пайдасы мен қасиеті анықталды.

Аннотация

Бәріміз күнделікті өмірде қағаз өнімін пайдаланамыз, алайда қағазды қалай, қайтіп немесе кім ойлап тапқанын біле бермейміз. Қағаздың пайда болуы дүниедегі ең үлкен жаңалықтардың бірі болып есептеледі. Ол туралы толық мәлімет алғыңыз келсе, кезекті материалымызды оқыңыз. Қағазды ойлап тапқан ел – Қытай. Бұл жай ғана сәйкестік емес. Біріншіден, Қытай мемлекеті көне заманнан бері өзінің кітап жазу шеберлігімен, басқару төрелігімен белгілі болғандықтан, ақпаратты үнемі қағаз бетіне түсіріп отыруға міндетті болған. Алайда ол уақытта адамдар жазу мен сызуға басқа материал пайдаланып, әрқашан тиімді және өте ыңғайлы жазба құралын табуға талпынған. Қытай елінде қағаз өнеркәсібі пайда болмай тұрып, олар ақпаратты бамбук таяқшасына немесе жібек матасына жазатын болған. Біріншіден, жібек мата қымбатқа түссе, бамбук таяқшасы қолайсыз әрі ауыр болған. Екіншіден, тек қытайлықтар ғана ұзақ жылдар бойы жібекті қалай өндіру керек екенін білген. Ал қағаз өнеркәсібінің өндіру техналогиясы жібек мата өндірісіне ұқсас. Бұл өндіріспен айналысатын әйел адамдар жібек құртын (кокон) қайнатып, одан кейін оларды сабанға жайып, суға түсіру арқылы бір деңгейлі қоймалжың зат пайда болғанша қажаған. Артынша қоймалжың затты судан сүзіп алған соң, жібек матасы шыққан. Мұндай механикалық және жылу өңдеуінен кейін сабанда жіңішке бетті талшық қалып отырған. Ол талшық кепкен кезде жазуға жарамды жұқа қағаз парағына айналған. Кейінірек жұмысшылар қағаз өніміне жарамсыз жібек матасын қолдана бастайды. Қағаз жібек матасынан жасалғандықтан, оған «мақта қағазы» деген атау берілген. Уақыт өте келе, адамдарда осы қағазды жібек матасынан басқа қандай заттан жасауға болады деген сұрақ туындайды. 105 жылы Хань империясы салтанат құрып тұрған кезде Цай Лунь атты белгілі атқамінер ескі балық аулайтын тор ауынан жаңа қағаз түрін ойлап табады. Сапасы жағынан жібек қағазынан ешқандай кемшілігі жоқ және құны әлдеқайда арзан. Бұл жаңалық тек Қытай еліне ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге маңызды өзгеріс алып келді. Сондықтан Цай Лунь есімі адамзат тарихындағы ең маңызды жаңалықтың авторы ретінде белгілі. Қағаз өнімі ғасыр бойы дамып, өнеркәсіпшілер оны жаңартып, жетілдіру енгізіп отырған. IV ғасырда қағаз өнімі бамбук таяқшасын шетке ысырады. Сан алуан тәжірибе мен сынақтар қағаз өнімін ағаш, бамбук, қамыс секілді шикізаттардан жасауға болатынын көрсетті. Әсіресе қытайларға бамбук шикізаты маңызды болған, өйткені бұл мемлекетте аталған өсімдік көп өсетін. 

Қағаз туралы халық сөздері: 

Ақиқатында ақыл ой,идея да, қазақтың бюджеттік деректері, бәрі де қағаз бетіне түседі.  Қысқасы қағазсыз өмір жоқ. 

Қағазға тіл  бітірген – қалам,
Жансызға жан бітірген – адам. 
 

Қалам және парақ ойды жазуға көмек бере алады.

Қағазға түскен сөз халықтікіне айналады.

You May Also Like

Қазақтың сәндік қолданбалы өнері –құрақ құрау, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС  Бағыты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ өнерінің              сарқылмас қайнар көзі…

Амандасу, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: Амандасу Жұмыстың  сипаттамасы: Халқымыздың  дәстүрлі амандасу, сәлемдесу әдебінің қалыптасу жолдарын…

Су өсімдіктердің тіршілік көзі, ғылыми жоба

Тақырыбы:   «Су өсімдіктердің тіршілік көзі». Орындаған:   Талғатов Жантемір Рахатұлы Мазмұны Кіріспе………………………………………………………………………3 1.Су…

Күн фотоэлементі және тұрақты магнитті генератор негізінде жасалатын, күн сәулесін пайдалану арқылы, мобилді зарядтау құрылғысы, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы:   Күн фотоэлементі және тұрақты магнитті генератор негізінде жасалатын, күн…