Ғылыми жоба тақырыбы: Амандасу

Жұмыстың  сипаттамасы: Халқымыздың  дәстүрлі амандасу, сәлемдесу әдебінің қалыптасу жолдарын білу, әдептілік пен әдепсіздіктің тайталасын, яғни, дұрыс амандаса білудің мәнін ашу.

Мақсаты: «Сәлем беру де – парыз,Сәлем алу да – парыз» деген халық мақалының  сырына үңілу, қазақ халқының сәлемдесу дағдысы, оның мәні туралы зерттелген еңбектерді зерттеу.

Міндеті: Жобаның негізгі басты міндеті жас өскелең ұрпақтар мен жастар қауымының батыс еліне  еліктеп амандасудың қазақ қоғамына бөтендеп кеткенін, денсаулыққа да пайдасы жоқ екенін айту.

Зерттеудің өзектілігі:

Осы күнгі газет  беттерінде:«Қалай есендесіп жүрміз?» деп жан айқайын білдірген ағалар мен апалардың мақаласы көптеп жарияланып отыр. Батысқа еліктеп, беттен сүйіп амандасу, күнде кездесіп жүрсе де, құшақтасып амандасуды ерсі көрген,бұрынғы дәстүрімізге адалдық танытпаған жастарға реніштерін білдірген үлкендердің бұл сынына жастар жағы лайықты жауап қайтарар емес. Аз да болса көпшілікке ой тастау осы ғылыми жобаның негізгі мәселесі болып табылады.

Өзектілік нәтижесі:

Ұлттық әдебіміз, тарих, медицина тұрғысынан берілген мәліметтерден соң, жастар мен жасөспірімдер арасындағы батысқа еліктеп амандасуды ата-бабамыздан қалыптасқан амандасумен алмастыру.

Жоспар:

  1. «Амандасу» сөзі туралы түсінік беру. Амандасу әдебі
  2. Амандасу жөнінде «Хадисте» жазылған өнегелік ақыл-кеңестер.

3.Ата-бабаларымыз қалай амандасты?

  1. Қол алып амандасу қайдан шықты?
  2. Қазіргі қоғамдағы етене араласып амандасу қайдан шықты?
  3. Етене жақындасып амандасуды медицина ғылымы қолдамайды.                     
  4. Қалай амандасу керек?
  5. Қорытынды сөз

«Сәлем» арабтың «тыныштық, бейбітшілік» деген мағынадағы Ассалам» сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Арабтар осы сөзді қолданып амандасады. Мұсылман дінін қабылдағаннан бері қазақтар да алдымен осы сөзден бастап амандасатын болған. Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не қол алып амандасады. Ол «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді екен.   

Амандасу

    Сәлемдесу, амандасу адамның бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсетуі болып  есептеледі. Күнделікті өмірде біз қанша адаммен кездесіп, қанша жұртпен ұшырасамыз. Солардың бәрінде де бірінші кезекте арамызда сәлемдесу, амандасу есендесу жүреді. Адам баласы қашаннан бейбіт, тыныш өмір сүруді аңсап, армандаған. Сол арманның негізінде қолы жеткен зор игілігі сәлемдесу әдебінің қалыптасуында.Амандасудың кереметі сонда – адамдардың бір-біріне жылы мейірім мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, жақындықты берік нық ұстауы деп білемін.

Кім бірінші сәлем беру керек?

  Хадисте жазылған сәлем беру әдептеріне сүйенсек: 

  • Аттылы жаяу жүргіншіге,
  • Жүріп келе адамға,отырған пендеге,
  • Азшылық-көпшілік адамдарға,
  • Жасы кіші пенделерге,отырған жандарға,
  • Ер кісі әйел адамға бірінші болып сәлем беру керек екен. 

«Ассалаумағалейкум» арабша «Ассаламу алейкум» – «сізге Құдайдың тыныштығы болсын» деген мағынаны білдіреді. Демек, мұсылманшылықта сәлем берудің негізі – тілек, екі мүмін кездескен жерден бір-біріне Тәңірінің тыныштығын тілеп, дұға етеді. Мұсылмандардың сәлемдесу формуласы Құран аяттарымен және Пайғамбар (с.а.с.) хадистерімен бекітілген.Жаратқан Ие мұсылмандарға бір-бірінің үйлеріне барғанда жақсылап амандасуларын бұйырады. Есендеспей кірмеуді ескертеді.

ХХ ғасырдың ең үздік шығармасының бірі «Абай жолы» романындағы  ұлттық салт-дәстүріміздің көркем шежіресі деп танылған қалай амандасыпты деген оймен өзіме-өзім осы сұрақ төңірегінде жауап іздеген болатынмын.Қазіргі уақытта жастарымыз күнделікті тұрмыста бетінен сүйіп амандасады.Кездескен сайын  құшақтасып амандасу мүлдем жойылып барады.Сағынысып көрмеген ағайын-туыстар арасында құшақтасып бауырына қысып амандасу түрлеріне мысал келтіруге болады.

                   Мысалға «Абай жолы» романынан үзінді:

«Абай бұл хабарға қуанып, бас ие берді. Сақалы ақ болса да, әлі қапсағай денесі, қайратты жүзі кәрілікке мойымаған Дәркембай Абайға кең құлаш жайды. Дос бейілін шын бере түсін:

– Айналайын жалғызым, арысым! – деп, қапсыра қысып,бетінен сүйді.»

«Сол кезде, қатты жүріп келе жатқан арбаға, ауыл жағынан шауып келіп ілескен бір аттың дүбірі естілді.Абай мен Баймағамбет қатар бұрылып қарасты. Арғымақтай биік қара қасқа, семіз құнанға күміс ер-тоқым ерттеп мінген ересек бала, Әзімбай шауып келген екен.

– Ассалаумағалейкүм, Абай аға! – деп жанаса кетті.

Абай баланың сәлемін алып, әке-шешесінің амандығын сұрады. Бұл, Тәкежан мен Қаражанның ер жетіп қалған жалғыз ұлы болатын

Сөз қадірін биік қойған қазақ тіпті «Сәлем – сөздің анасы» деп баға  берген. Оны әйгілі Бұқар жыраудың мына бір өлеңінен жақсы байқауға болады:

Әй,айташы,айтсаң айт!

…Құдіретімен жаратқан,

Он сегіз мың ғаламды айт.

Ақтан сия танытқан

Дәуіт пенен қаламды айт.

Сөйлеу үшін жаратқан

Сөз анасы – сәлемді айт!

Қазіргі қол алып амандасу қайдан шықты?

Бұл амандасудың тарихы тым әріде жатыр деп айтуға болады.Кадым заманындағы неандерталь адамы аң аулап жүріп,өзі секілді аяқты жұмыр басты пендені кезіктіргенде оған өзінің қастық жасау ниетінің жоқ екенін білдіру үшін оң қолын жоғары көтеретін болған.Бұл оның :«Көріп тұрсың ғой,мен қарусызбын»,-дегені екен.Бұл ишара ым Мысырда мәлім болған екен.Бұл әдеп кейін Римдіктерге көшіп,кешқұрым кездескен адамдар ең алдымен қару-жарақтарының жоқтығына сендіру үшін оң қолдарын алысу керек болған деседі.

Қазіргі қоғамдағы етене жақындасып амандасу қайдан келді?

Етене жақындасып амандасу мен сәлемдесудің отаны –Европа елдері.Бұл елдерде Қазақ қоғамындай  әдепті емес,керсінше әйел болсын ,ер азамат болсын беттен сүйіп құшақтап амандасады.Ал бұл бізге қалай келді?

Мынандай болжамдар бар деуге болады:

Европа елдері секілді амандасу алдымен қоғамымыздағы жастардың еліктеуінен,

Теледидардан батыс елдердің сериалдарының көрсету салдарынан,

Шетел басқа елдің азаматтарымен кеңінен араласудан;

Бұл осы ма, жастар шетелдің киноларын көріп, соған еліктеушіліктен бе, әйтеуір бір-бірімізбен “Привет” деп бетімізден  ағылшынша «Хелеу» дейміз.

Етене жақындасып амандасуды медицина ғылымы қолдамайды?

Интернет көздеріне кіріп,жақындасып амандасуға медицина тұрғысынан көзқарастарды қарап көрдім.Нәтижесінде көңіл қуантарлық емес.Бұл жолмен жұғатын ауру түрлеріне сан жетпейді деуге әбден болады.Олар: тұмау,өкпе құрты,сифиллис,  герпес гепатит ауруы сияқты терінің бетіне шығады. болады. Соның ішінде герпес ауруы вирусы кең таралған деуге болады.Оның талшық вирусы ағзаға денеге түскен соң бірнеше күннен соң,өршеленіп кетеді.Бірер күннен кейін дене қызуы көтеріліп,әлсіздік пайда болады.Егер адамда тым болмағанда бір рет осы ауруға шалдыққан болса онда герпес ауруының алғашқы формасы бар деуге болады.Жер бетіндегі адамзат баласының 90% адамдар герпес ауруын тасушылар.Бұл тек жеңіл аурудың түрі,Ал осылай амандасу нәтижесінде өміріңізге қауіпті ауру жұқтырмауыңызға кім кепіл бола алады?Сондықтанда медицина ғылымының ақ халатты абзал жандары бұлай амандаспағаны абзал дейді.

Қалай амандасу керек?

Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты-жылы шырай таныту.Онда сәлем беруші мен сәлем алушының қас-қабағына,бет-әлпетіне жылы сөзбен сөйлегені дауысы маңызды қызмет атқарады.Сәлем алу үшін мұның бәрі маңызды.Айталық көз көреді,аяқ жүреді,ауыз жұтады,осылардың барлығы саған  яғни өзімізге қызмет етеді.Адамның тек жылы сөзі,әсем күлкісі әуезді әдемі үні адамға жайлы естілуі шарт.Сол себепті адам баласы  әркім сәлемдесуді емес,қалай сәлемдесуді білу өзінің қас-қабақ,бет-жүз әлпетіне дауыс ырғағын қадағалап алдындағы адамға жақсы әсер қалдыратындай болуына машықтанып талпыну қажет деп  ойлаймын.

Қорытынды сөз

Қорыта айтқанда әркім кіммен,қай жерде қандай жағдайда амандассақта жолығып тұрғаннан кейін  сәлемін алып,амандасу қажет деймін.Қазақ салт-дәстүрлерінен аттап өтпейік,барынша сыпайы сөйлесіп,әдеппен сәлемдескеніміз дұрыс. Алла тағаланың берген азғантай өмірде сыйласып амандасып жөн сұрасып жұргенге не жетеді?Сәлем беру-өткінші міндет емес,өмірлік міндет деп санауға болады.Ендеше амандасудан жаңылуға жа жалығуға да қақымыз жоқ.

You May Also Like

Телефонның адам ағзасына тигізетін зияны мен қоғамдағы пайдасы, ғылыми жоба

ТҮСТЕРДІҢ АДАМ ПСИХОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ, ғылыми жоба слайд

Латын әліпбиінің болашағы -Ахмет Байтұрсынов көзқарасымен! ғылыми жоба

Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы:  Ұрпаққа аманат: Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар Жоспар Ғаламдық…