«Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламалары»

Мазмұны 

І. Кіріспе

«Қазақстан – 2030 даму стратегиясы»

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Даму стратегиясы
    • Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау
    • Қазақстан – даму стратегиясының атаулы төрт кезеңі
  1. «Қазақстан-2050» жолдауы

2.1  Қазақстан 2050 стратегиясының негізгі бағыттары.

2.2 Мақсаттары мен жету жолдары.

ІІІ. Қорытынды.

І. Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан азаматтарына жолдаған «Қазақстан – 2030 даму стратегиясы» жолдауы бұл Қазақстан үшін өте қажет. Жолдаудың мақсаты Қазақстанның дамуы барысында 2030 жылға дейін Азияның барысына айналу. Президентіміздің жолдаудағы айтылған сөздері: бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі күнде сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да «көптеген» параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер күллі әлемге Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр. 2030 жылға қарай Қазақстан Оталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен – өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік – жігеріміз арқылы тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болшағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күн нақты іс – қимылдары іске асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз.

Бұл жұмыста табысқажету Қазақстан азаматтарының қолдауына байланысты. Нақ сондықтан адамдардың әл- ауқатының өсуі біздің күллі күнделікті жұмысымыздың күретамыры болуға, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес батыл жүргізуге тиіс. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, мен мемлекет басшысы ретінде, біздің еліміздің мұраты: ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.

ІІ. Негізгі бөлімі:

«Қазақстан – 2030 даму стратегиясында» жеті ұзақ мерзімдік басымдылықты Қазақстан өз алдына мақсат етіп қойды. Олар, ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; негізгі міндеттермен шектелетін кәсіпқой мемлекет. 2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен балаларымыздың балалары кінәрәтсіз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады.

Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратегиялық жоспарды атауға болады.

Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасындағы белді мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті. Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізгі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:

  1. Ұлттық қауіпсіздік;
  2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
  3. экономикалық өсу;
  4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
  5. Энергетика ресурстары;
  6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;
  7. Кәсіпқой мемлекет құру.

Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады.

Еліміздің жетістігі түбінде дұрыс құрылған стратегиялық жоспардың барына және оның шартты түрде орындалуына байланысты. Басшылар күнделікті әрекеттерінде көптеген ұсақ және ірі, белгілі және жаңа, күрделі проблемалармен шұғылдануда. Осы жағдайда олар жеңіл және дағдыланған жолдармен проблемаларды шешуге ұмтылады.

Нәтижесінде туған жағдайлады реттеу үшін басшылар олардың тәуелді болуға мәжбүр болады, аяғында дағдарысқа ұшырайды. Халықаралық тәжірбие бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау қоғамды және мемлекетті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тұжырымдалады.

Сонымен ағымда әрекеттерді ұзақ мерзімді стратегиялық жоспармен ұштастыруы келесі мүмкіндіктерді туғызады:

—   стратегиялық мақсатқа сәйкестілігін бақылау;

—   жағдайдың жетегімен жүрмей, оны реттеу;

—   күнделікті әрекеттерді маңызды мәселелерді шешуге бағыттау.

Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау келесі жағдайлармен түсіндіріледі:

Біріншіден, республикалық бюджетке түсетін кірістің үлкен бөлшегін мұнайдан түскен табыстар құрайды.ал ғылыми-техникалық болжау бойынша, 2030 жылға дейін мұнай және газды жалпылай басқа энергия көздерімен ауыстыру байқалмайды және мұнайға баға тұрақты болады. Бұл экономикалық саясатқа неғұрлым дәл құруға мүмкіндік береді;

Екіншіден, отыз жыл бір ұрпақтың өмірінің әлеуметтік белсенді кезеңі;

Үшіншіден, демографиялық құбылыстар, жаңа капиталдың ұдайы дамуы, дамудың индустриалдық-техникалық кезеңдері де ескерілген. әлемдік тәжірибе бойынша елдер атап айтқанда отыз жыл арасында елеулі нәтижеге жетеді.

Қазақстанның 2030 даму стратегиясы ел экономикасын қарқынды өсіруге, халықтың әл-ауқатын көтеруге және Қазақстанның әлемдік экономикада жетекші позицияға ие болуын көздеп жасалған бірден бір даму жоспары десек те болды.

Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясы келесі стратегиялық жоспарлар құру жүйесіне негізделеді.

—   әр бес жылда анықталып отыратын 30 жылдық ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар;

—   ұзақ мерзімді жоспардың алғашқы кезеңдерін айқындау мақсатымен он жылдық даму жоспары;

—   мемлекеттік органдарға деректі және міндетті сипаты бар бес жылдық стратегиялық жоспар;

—   1998 жылдан бастап министрліктердің және мекемелердің жұмыстарының жылдық стратегиялық жоспары.

Сонымен, даму стратегиясы төрт кезең бойынша іске асырылатын — бағдарлама құжаты:

І. 1998-2000 ж.ж. — Алғашқы, (нөлдік) кезең. Бұл кезеңде аралық мақсаттарға жету үшін және стратегиялық орындалуын тексеру арқылы тұрақсыздық даму сатысынан, тұрақты даму сатысына көшу жүзеге асырылады. Мысалы, жекешелендіру аяқтау 1998 жылыдың ортасын, қаржы секторын реформалау — 1998 жылы, төлем дағдарысын жою, ауыл кәсіпорындарын реформалау — 2000 жылдан бастап жүжеге асырылды. Осы кезеңде экспорттық мұнай құбырлары іске қосылады.

ІІ. 2001-2010 ж.ж. Бес жылдық және он жылдық стратегиялық жоспарларға негізделген бірінші кезең. Бұл кезеңнің міндеттері: жедел әлеуметтік (кедейлік, жұмыссыздық) мәселелерді шешу; еңбек — қаржы сыйымды өндірісті дамыту; инфрақұрылымды дамыту жабдықтарын іске қосу, т.б. Екінші және үшніші: экпорттық құбырларды іске қосу,  экономикалық өсуді жеделдету,  қолайсыз демографиялық жағдайларды жою, қоғамда орта топты қалыптастыру ұсынылады.

ІІІ. 2011-2020 ж.ж.  Екінші кезең технологиялық өндіріске көшумен, адамдардың дамуына интенсивті инвестиция жұмсаумен, инфрақұрылымды жетілдірумен байланысты. Осы шаралардың арқасында келесі жетістіктер көзделіп отыр:

—   интенсивті экономикалық өсу;

—   қуатты жалпы ағарту потенциалды құру;

—   демографиялық саясатты белсендіру;

—   инфрақұрылымды жаңарту;

—   экологиялық проблемаларға ерекше көңіл бөлу.

ІV. 2021-2030 ж.ж. Үшінші кезең ғылым жетістіктерін кеңінен пайдаланатын өндірістерге жалпылай көшуді және экологиялық таза жан-жақты өндіріс кәсіпорындарына бет бұру, қазақстанның экспортқа шығаратын өнімдерінің түрлерін көбейтуді көздейді. Бұл кезеңде алдыңғы қатардағы әскери күш қалыптасады.

Сондықтан, еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсаты тәуелсіз өркендеген және саяси тұрақты Қазақстанды қалыптастыру.  Осымен қатар ұлттық бірлестікті, әлеуметтік әділеттікті сақтай отырып, барлық халықтың экономикалық әу-ауқатын көтеру.

Стратегияның негізгі экономикалық мақсаты — еліміздің халық шаруашылық құрылымын жайсыз экологиялық жағдайда бірыңғай шикі заттар өндіруден, экологиялық таза аграрлық-индустриалдық елдердің қатарына қосу.

Еліміздің 2030 жылға дейін даму стратегиясы Қазақстан Президентінің қойылған мақсаттарға жеткізетін келесідей жеті ұзақ мерзімді басымдықты іске асыру қажеттігін атап көрсетті. Ол басымдықтар төмендегідей жіктеледі:

Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.

Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.

Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген  Экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.

Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл – ауқаты. Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі менмүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.

Энергетика ресурстары мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.

Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. Осы шектеулі секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетін етіп дамыту.

Кәсіби мемлекет. Ісінде адал әрі біздің мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтық өкілдері болуға қабілетті. Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.

Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін бір жылдық, үш, ал кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленгеннақты іс-қимылдарға күш-жігерді жұмылдыра отырып, осы стратегияны талдау жасауға және оны дәйекті түрде іске асруға тиіспіз.

Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен азаматтардың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздің бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.

Сонымен қатар 1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды.

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:

  1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
  2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.
  3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
  4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.
  5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
  6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.
  7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.

ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін “демографиялық апатқа” ұшырайды.

Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудағы міндеттер:

  1. Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту.
  2. Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету.
  3. Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үлкен ерекше көңіл бөлу.
  4. Әлуметтік проблемаларды үнемі шешіп отыру.
  5. Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру.
  6. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту.
  7. Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.

Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.

Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады.

Қазақстан – өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.

Экономикалық стратегия.

Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.

Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:

  1. Үкіметке сауда мен өндіріске әкімгершілігі араласуын жою.
  2. Жекешелендіру процесін аяқтау.
  3. Орталық үкіметті және жергілікті өкімет орындары парасатты орындастыру.
  4. Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру.
  5. Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.
  6. Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.

Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады.

Тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшін өндірісті диверсификациялау қажет.

Алдағы міндет:

  1. Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсету.
  2. Инвестицияларды пәрменді тарту.

2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде мына салалардға көңіл бөлу қажеттісі баса көрсетілді:

  1. Ауыл шаруашылығы;
  2. Орман және ағаш өнеркәсібі;
  3. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі;
  4. Тұрғын үй құрылысы;
  5. Туризм;
  6. Инфрақұрылым жаса

Әлеуметтік стратегия.

Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтерудегі стратегия:
1.Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтына ынталандыру.
2.Әйел мен бала денсаулығын жақсарту және қорғау.
3. Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.

Көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтарының әл-ауқатыының артуы.

Ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі – миграциялық саясат. Ол – халықтың бір елден басқа бір елге қоныс аударуы.

Ресурстарды пайдалану стратегиясы.

Қазақстандағы табиғи ресурстарды, әсіресе энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы:
1. Халықаралық шарттар жасағанда Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу қажеттігін көздеу.
2. Мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру.
3. Әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанның әлемдік отын өндіруші ретіндегі роліне бағыттау.
4. Ішкі энергетика инфрақұрылымын құру мен дамыту, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемааларын шешу үшін шетел инвестицияларын тарту.
5. Ресурстардан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пайдалану.

Көлік пен байланысты дамыту стратегиясы.

Инфрақұрым, көлік пен байланылс саласындағы Қазақстанның міндеті – отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз ету.

Қазақстандағы жүк тасымалының негізі – темір жол. Осы саланың алдында тұрған стратегиялық міндеттер:

  1. Халықаралық көлік және сауда байланыстарын Трансазия магистралі бойынша транзиттік жүк тасуды қамтамасыз ететін негізгі темір жол бағыттарын жаңарту.
    2. Достық станциясын дамыту, Достық-Ақтоғай учаскесін нығайтуды аяқтау.
    3. Барлық көліктік-коммуникациялық монополияларды қайта құрылымдауды жүзеге асыру.

Автомобиль жолдары бойынша:

Жеке меншік магистральдарды салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау.

Әуе көлігі бойынша:

  1. Авиацияда тәртіпті орнату және ұшақтар паркін лизинг пен жоғары деңгейді ұшақтардың белгілі бір көлемін сатып алу есебінен толықтыру.
    2. Әуежайларды қайта жаңарту, қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету деңгейін халықаралық стандартқа жеткізу.

Байланыс және телекоммуникациялар желілері бойынша:

  1. Шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға кем дегенде, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беру.
  2. Болашақта әлемнің дамыған елдерінің инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті дербес және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру.

Қазақстанның әлемнің негізгі экономикалық аудандары аралығында орналасуы географиялық жағынан тиімді болып отыр. Ертедегі ірі Ұлы Жібек жолы өткен жерлерде енді темір жолы салынды. 1991 жылы Дружба-Алашанкоу темір жолы салынды, ал 1991 жылы мамырда Теджин-Серахс-Мешхед темір жол торабы (290 шақырымдық) іске қосылды.

Басқару саласындағы стратегия.

Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттер:
1. Мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау.
2. Басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру.
3. Ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.

Қоғамның даму стратегиясы.

Қазақстан елінің 8 артықшылығы баса көрсетіледі:

1) Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі қаланды.

2) Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді.

3) Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел өзгерді.

4) Орасан зор байлық – табиғи ресурстар.

5) Жетекші фактор–адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі.

6) Ауылшаруашылық жерлері.

7) Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігі.

8) Қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.

Қазіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор – адамдар, олардың ерік-жігері, білім-білігі мен күш-қуаты. Қазақстан қоғамы дамуындағы келеңсіз сипаттар:

  1. Коммунистік ұстанымдар рухында тәрбиеленген адамдардың бірнеше ұрпақтары қалыптастырған – діл. Сондықтан бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғырту қажет.
  2. Өндіріс көлемдері төмендеуі әсерінен әлеуметтік ахуалдың төмендеуі.
  3. Азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейінің нашарлауы.
  4. Ұлттық жинақтардың ұлғаюы мен капитал қорларының баялауы.
  5. Кедейлік пен жұмыссыздық проблемалары.
  6. Демографиялық өнімсіздіктің ұлғаюы.
  7. Жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқару.
  8. Заңдардың жартыкештігі және тұрлаусыздығы.

Қазақстанның басты мұраты – ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау.

 

«Қазақстан – 2050» стратегиясының бағыттары

2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.

Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру».

Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды.

«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.

  1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.

Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін Н.Ә. Назарбаев келесі тапсырмалардың шешу қажеттілігін атап өтті:

Біріншіден, бюджеттік, салықтық және ақшалай-кредиттік саясатты жетілдіру бойынша мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.

Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс, ол екі бағытта дамуы тиіс: бірінші жағынан, ұлттық экономиканы жаһандық ортаға енгізу, ал екінші жағынан, ел ішіндегі аймақтарға қарай қозғалу.

Үшіншіден, елдің өндірістік әлеуетіне салынған қайтарым деңгейін арттыру үшін мемлекеттік активтерді басқаружүйесін жаңғырту қажет.

Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет, энергиялық қорларды өндіру және жаңа технологиялармен алмасу саласында ынтымақтастықты дамыту.

Бесіншіден,бізге үдемелі инновациялық индустрияландыру жаңа кезеңініңтолық бағдарламасын әзірлеуқажет, жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес өндірістік активтерді жаңарту қажет.

Алтыншыдан, дүниежүзілік өндірістік нарықтың көшбасшысы болуға септігін тигізетін, ауыл шаруашылығының ауқымды жаңғыртуы қажет.

Жетіншіден, елдің сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған су қорының жаңа саясатын әзірлеу қажет.

  1. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканың жетекшікүші.

Осы стратегиялық бағытты шешу аясында Н.Ә. Назарбаев елімізде бизнесті дамытудың аса мол мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Осыған орай, кәсіпкерлікті қолдаудың тетіктері жетілдірілді, бизнестің өсуіне кедергі жасайтын қателіктер жойылды. Сол себептен отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғайтын күші болу керек, ал экономикадағы кіші және ірі бизнестің үлесі 2030 жылға дейін кем дегенде екі есеге өсуі керек. Н.А. Назарбаевтың ойы бойынша тапсырма кешенін шешкен жағдайда орындалуы мүмкін болады.

Біріншіден, адам өзін бизнесте сынап көруіне, елде өткізіліп жатқан экономикалық өзгерістердің толық құнды қатысушысы болуға, кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруға, отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіруге, ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің орта деңгейге көшуге қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға мүмкіндік жасау керек.

Екіншіден, мемлекеттік-жеке серіктестік қағидаттарында берік диалог құру үшін бизнестің нығайту жұмыстарын жалғастыру керек, ол жаңа стратегияны іске асыруда барлық кәсіпкерлердің қызығушылығы мен кең қамтылу мәселесін шешеді.

Үшіншіден, мемлекет өзінің рөлін өзгерту керек, стратегиялық емес кәсіпорындар мен қызмет көрсетулерді жеке қолға беретін кең ауқымды жекелендірудің екінші толқыны қажет.

  1. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.

Осы стратегиялық бағытты орындау мақсатында Елбасы келесі мақсаттарды анықтады.

Біріншіден, мемлекет, әсіресе жаһандық дағдарыс кезінде азаматтарға төменгі әлеуметтік стандартқа кепілдеме беру қажет және экономика мен бюджет өсіміне тәуелді төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдемелерді орнату қажет.

Екіншіден, мемлекетәлеуметтік қолдауды тек бұған мұқтаж топтарға ғана көрсетуітиіс.Қоғамныңәлеуметтік жағдайы төмен топтарына атаулы қолдау көрсетудетолық жауапкершілікалу, әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, аналық пен бабалықты қорғау, оқыту бағдарламасын және жұмыссыздарды қайта даярлауды қамтамасыз ету, жұмыс берушілер мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа белсенді алу бойынша жағдай жасау.

Үшіншіден, аймақтарды дамытуда әлеуметтік үйлесімсіздік мәселелерін шешу бойынша жинақталу маңызды болып табылады, аймақтарды дамытуда басымды мәселелерді шешумен барлық мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау қажет.

Төртіншіден, жұмыскерлердің мүдделерін шешуге бағытталған, еңбекпен қамту және төлеуді қамтамасыз ету саясатын жаңғырту қажет.

Бесіншіден, жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі аналық және бала мәселелерін қорғау болып табылады, елімізде әйелдердің рөлін көтеру, оларға еңбекпен қамтудың икемді түрлерін беру және үйде жұмыс істеуге жағдай жасау керек. Қазіргі заманғы әйел мансап жасауға талпыну керек. Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқаруларға белсенді қатыстыру қажет, әсіресе аймақтардағы жергілікті жерлерде. Әйелдердің бизнес ашу мен жүргізу үшін алғышарттар жасау керек.

Мемлекет пен қоғам жетімдерді асырап алу мен отбасылық типтегі балалар үйінің құрылысын қолдау керек. Балаларды тәрбиелеу – болашаққа деген едәуір салым болып табылады. Бұл мәселеде біз дәл осылай істеу керекпіз және балаларымызға ең жақсы білім беруге талпыну керекпіз.

Алтыншыдан, медициналық қызмет көрсетудің халықаралық сапасын енгізуді жылдам қарқынмен орындау керекпіз. Медициналық кластерлерді құру, жаңа медициналық технологияларды енгізу ауру мен өлім көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

  1. Білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.

Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін, Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, біз дамыған, бәсекеге қабілетті, жоғары білімді ел болуымыз қажет, атап айтқанда қол жетімді және сапалы білім беруді, интеллектуалды мектептер мен дүниежүзілік деңгейдегі кәсіби-техникалық колледждердің дамуына көп көңіл бөлуіміз керек. Осының барлығы біздің жастарымызды жоғары білімді және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

  1. Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.

Елбасының ойынша, бұл стратегиялық мақсаттың шешімі іс-шара кешенімен шартталады, оның ішінде:

— мемлекеттік жоспарлау мен болжамдау жүйесін одан әрі жетілдіру, жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту;

— басқарудың сауатты ортақтандырылуы, орталықтан үкіметтің аймақтық органдарына шешім қабылдау үшін қажетті ресурстар мен құқықтың берілуі;

— кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;

— мемлекеттік апараттың бизнес-қоғамдастықтарымен өзара әрекет етудің жаңа жүйесін орнату, жекеменшік құқығының тұрақтылығына кепілдік беру, келісімдік міндеттемелердің қорғалуы;

— тәртіпсіздікке нөлдік шыдамдылық қағидатын қалыптастыру;

— жемқорлықпен қарсы күресте мемлекет пен қоғамның бірыңғай бағытын қалыптастыру;

— тәртіпсіздік пен жемқорлықты жою бойынша «нөлдік шыдамдылықты» қалыптастыру тапсырмасын орындау үшін құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру.

  1. Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

Қазақстанның ұлттық мүдделерін өрлету үшін республика көп бағытты сыртқы саясатты жүзеге асыру керек, ол келесі қағидаттарды есептеу негізінде іске асуы тиіс.

Біріншіден, аса прагматикалық қағидаттардағы ұлттық мүдделердің сыртқы саясаттық өрлеуі.

Екіншіден, аймақтық қауіпсіздік бойынша жауапкершілікті ұғынудың маңыздылығы және Орталық Азиядағы тұрақтылыққа өз септігін тигізу, аймақтағы шиеленісті жағдайлардың алғы шарттарын жоюға көмектесу.

Үшіншіден, Қазақстан барлық үдемелі халықаралық бастамаларды қолдап, жаһандық қауіпсіздікке өзінің үлесін қосу керек.

Төртіншіден, Қазақстан өзінің қорғаныс қабілеттілігін және әскери доктринасын нығайту керек, қорғаныстық мазмұндағы әр түрлі тетіктерге қатысу.

  1. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.

Бұл стратегиялық басымдылықтың жүзеге асуы қоғамдық келісімінің сақталуы мен нығаюынан тұрады. Осы мақсатта келесі шараларды орындау қажет:

  1. Этникалық айырмашылықтан тыс, барлық қоғамды біріктіретін

Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру.

  1. Барлық этностардың теңдігін ұстануды қамтамасыз ету.
  2. Қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлығының дамуын қамтамасыз

ету, оны барлық салаларда қолдану.

  1. Мәдениетті, дәстүрлерді және өзіндік ерекшелікті барлық сан алуандығы мен айбындылығында сақтау, мәдениеттік дәулетімізді түйірлеп жинау.
  2. Ұлттық интеллигенцияны қалыптастыру.
  3. Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни

сана-сезімді қалыптастыру.

 

ІІІ. Қорытынды:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің 30 жылдан астам уакыт алға озатын даму бағдарламасын бекіте отырып 1997 жылы айтарлықтай батыл қадамға барды. «Қазақстан-2030» Стратегиясы шенберінде реформалаудың ұзак мерзімді бағдарламасының негізгі жеті басымдықтары белгіленді, олар — ұлттык қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды топтастыру, экономикалық өсу, азаматтардың денсаулығын сақтау, білім алуы және жақсы тұрмысы, энергетикалык ресурстар, инфрақұрылым, кәсіби мемлекет. 12 казанда Астанада «Қазақстан-2030» Стратегиясының кабылдануының 10 жылдығына орай конференция өтеді. Қазақстан басшылығы бағдарламаны жүзеге асырудың аралық қорытындыларын шығармақ, расында да олардың мақтанарлықтай реті бар.

1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясын қабылдап, біздің елдің ұзақ мерзімді күн тәртібін, басты мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастырды. Кейін олар 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда қисынды түрде дамытылды. Ендеше Қазақстан халқы қалай жоспарласа, солай өмір сүрді. Халық денсаулығының негізі көрсеткіштері жақсарды. Күтілетін өмір ұзындығы 65-тен 68 жасқа ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайып, бала туу бір жарым есеге өсті.

Он жылда 652 мектеп және 463 денсаулық сақтау нысаны салынды. Бұл – халық өмірінің жақсаруының нышаны.

Биылғы жылғы, елбсы – Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрнеу –  Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты толдауы алты бағыттан тұрады. Оның маңыздылары – 2010 стратегиялық жоспарын іске асыру, дағдарыс шешемін дұрыс қабылдау, адам өмірін жақсартау, ішкі саясат тұрақтылығын жақсарту, ішкі саясатты нығайту болса – еліміз біртіндеп олға қойған мақсаттарды орындауда шешуші қадамдар жасауда.

Дағдарысқа  қарамай зейнетақы төлемі өсті, бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы 25%  өсті, әлеуметтік жәрдемақылар 9% артты.

Ардагерлерге қамқорлық жасалынды. Мұның бәрі – елбасымызың халыққа деген көзқарасының дұрыстығын көрсетеді. Еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы балаларымыздың бақыты артабермек.

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан кешуде. Яғни дағдарыс – бірнеше мемлекеттерді шайқалта бастағынын білесіздер. Кризис біздің мемлекетімізді де айналып өткен жоқ. Кризистің салқын лебі бізге де келді. Біз бұған дейін талай қиындық көріп, бастан өткізген мемлекетпіз. Барлығымыз бір ел болып, бұл қиындықтан еңсеріп өтеміз деп сенемін. Сол сияқты бұл әлемдік кризис уакытшат құбылыс деп ойлаймын.

Біздің тәуелсіз елімізге тағы да берілген үлкен сын деп есептеймін. Осы қиын сындардан және қиын кезеңдерден «Сабыр түбі сары алтын» деп сабыр сақтап ынтымақ бірлігін бекіте түсіп, қиындықтарды жеңсек деймін

Кризис өтеді кетеді, ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады. Алдымызда үлкен белес күтіп тұр. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығы. Дүние дамуымен есептегенде, жиырма жыл деген көп те емес шығар? Бірақ біз үшін үлкен кезең – бір тұтас дәуірмен тең.

Олай болатыны – тәуелсіздік ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқаны. Сол себебті тәуелсіздіктің әрбір жылы біз үшін мәні бөлек, маңызы зор. Барша Қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бірлігінің арқасында біз алмайтын асу, біз жеңбейтін кедергі болмау керек деп ойлаймын.

«Біз қалай жоспарладық, солай өмір сүріп жатырмыз» деді Елбасы Жолдаудағы бір сөзінде. Расында мемлекет басшысы айтқандай, еліміз «Қазақстан – 2030» стратегиясын бағдарға алып, алға қойған мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай жүзеге асырып келеді. Елеміз өткен он жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетті. Елбасы бұл Жолдауында алдағы онжылдықтағ міндеттер мен мақсаттарды бегілеп берді. Сол мақсаттар мен міндеттердің орындалуына баршамыз атсалссақ, алдағы онжылдықта бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткіземіз. Қазақстанның басты мұраты – ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау.

Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады.

You May Also Like

Тез есептеу әдістері, реферат

ТЕЗ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ. Өзектілігі: тез есептеу әдістерін үйрене отырып , болашақта математикалық…

Қазақ кеңестік өнері, реферат

Жоспар I.Кіріспе II. Негізгі бөлім II.1.Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы II.2.Қазақ бейнелеу өнері…

Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері. Жүрек циклі, фазалары, реферат

Жоспар 1. Жүрек – қан тамырлар жүйесінің анатомиялық сипаттамасы. Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері…

Реферат Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы, реферат

Реферат Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы 1, КІРІСПЕ  Зерттеудің…