Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы

Жоспары:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

  1. Қазақстанда қор биржасының қалыптасуы, дамуы
  2. Қор биржасының қызметі
  3. Қазақстан қор биржасының биржалық сауда ережесі
  4. Биржаның қызметі реттелетін нормативтік құқықтық актілер
  5. Қор биржасы қызмет көрсететін нарықтар

III.Қорытынды

Кіріспе

Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді. «Биржа» деген термин ежелгі грек сөзі — «бурзэ», яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс кэсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркөсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепші болады.

Қор биржасы— бұл сауда- саттықтардың ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз ету қызыметін оларды тікелей сауда- саттықтың дәл осы  ұйымдастырушысының сауда жүйелерін пайдалана отырып өткізу жолымен жүзеге асыратын, АҚ- тың ұйымдық құықтық түрінде құрылған заңды тұлға (2003  ж. шілденің 2- інде №  461-II “Бағалы қағаздар нарығы туралы ” ҚР Заңы 1- бабында 44- тармағы). Қор биржасының айрықша өзгешеліктері ретінде оның коммерциялық емес ұйым болып табылатындығын айтуға болады (коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық- құықтық түрдегі АҚ- ын құру мүмкіндігі 2003 ж. мамырдың 13- індегі №  415- II “Акционерлік қоғамдар туралы” ҚР Заңы 3- бабы, 3- тармағында көзделген). Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты дағдарысты деп сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы – бұл жалпы нарықтар сияқты экономика-ның жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты ролді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсыныда қор нарығының көптеген артық-шылыктары жарамсыз болып қалады.

ІІ.Негізгі бөлім

  1. Қазақстанда қор биржасының дамуы

ҚР-да қор биржалары 1990 жылдың басында пайда бола бастады. 1992 жылы пайда болып алғашқы «Алматы тауар қор биржасында» онан кейінгі пайда болды. Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздармен мәселелер сирек жүргізілді. Сондықтан да бұл қор биржасының қызметі 1994 жылғы негізінде Орталық Азиялық қор биржасы пайда болды. Бұл аталған биржалар ҚР-ның нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты қажеттіліктерден пайда болып отыр. Өйткені бұған дейін қаржы нарығында болмаған бағалы қағаздардың түрлері жекешелендіру нәтижесінде сауда объектісі ретінде пайда болды.

Дәлірек айтсақ, 1994 жылдың желтоқсан айында Алматы тауар қор биржасы ашылды.

Осы кезде Орталық Азиялық қор биржасының бағалы қағаздармен сауда жасау үшін заңды тұлғалардың ішіндегі жалғыз заңды тұлға болатын. Биржалық сауда механизмдері Орталық Азиялық биржада тәжірибе жүзінде қолдана бастады. Сонымен бірге 1998 жылы мамыр айында Орталық Азия қор биржасы Еуразиялық қор биржасының федерациялық мүшесі болып қабылданды. Бұл федерация 13-ші қор биржаларынан тұратын. Жарғысы бойынша бұл федерацияларға әр елден бір ғана қор биржасы мүше болу мүмкіндігіне ие болды.

Федерацияның негізгі мақсаты –мүше елдердің қор биржасының өсуі мен дамуына халықаралық деңгейде әсер ету болды. Орталық Азиялық қор биржасы жеке акционерлік қоғам ретінде 4 млн. теңге, яғни 200 акция номиналдық құны бойынша 20 мың теңге есебінде құрылды. Қор биржасының қызметі ҚР-ның бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссиясы реттеуі бойынша, яғни лицензиялау негізінде іске асты.

Биржадағы операциялар биржаның ұйымдастыру үшін ірі табыстар алып келеді. Оның себебі қор биржасы мекеме болып табылғанмен шығаратын шығындары тек қана анық құрылымдық ұлғайюына яғни техникалық-технологиялық жағдайына ғана жұмсалады. Биржа өзінің клиенттерімен сауда жасау мүмкіндіктерін тудыра отырып биржа алаңына орын алады немесе береді. Биржалық мүмкіндіктермен табыстары олардың мүшелерінің кіру, әрбір жылы төленіп отыратын жарналарына, есеп айырысу палатасыан төленетін кепілдік жарналарынан биржалық операциялардан алынатын алымдардан көрсеткен қызметі үшін төленетін ақылардан саула тәртібін бұзудан түскен айыппұлдардан т.б.

Қазақстан қор биржасы — Қазақстан, Алматы қаласындағы қор биржа. Биржаның негізі 1993 жылы қаланған. 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы уақиғадан кейін екінші күні – 1993 жылдың 17 қарашасында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және 23 жетекші қазақстандық коммерциялық банктарымен бірлесе отырып, валюталық биржаны ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады. Осыға дейін қызмет еткен Валюталық операцияларды өткізу орталығы (Валюталық биржа) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшесі болған. Жаңа биржаның алдына қойылған мақсаты – теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюталық нарықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады. Заңды тұлға ретінде биржа 1993 жылдың 30 желтоқсанында «Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы» атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді.

1994 жылдың 03 наурызында, биржаның атауын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты, биржа «Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы» атауымен қайта тіркелді.

1995 жылдың 12 шілдесінде биржа өз акционерлерінің биржаның бағалы қағаздар нарығында қызметін дамытуды бастау туралы шешіміне қабылдауына байланысты, «Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасы» атауымен қайта тіркелді. 1995 жылдың 2 қазанында биржа бағалы қағаздар нарығында биржалық қызметті жүзеге асыруға № 1 лицензиясын алды, алайда осы лицензияның қолданысы тек мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттық ұйымдастыру құқығымен ғана шектелген. Қолданыстағы заңнама қор биржасына тауарлық биржа қызметтерін атқаруға тыйым салынуына байланысты, биржа 1996 жылдың 12 сәуірінде «Қазақстан қор биржасы» атауымен қайта тіркелді. 1996 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы биржаға бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыруға шектелмеген лицензиясын берді.

Осылайша 1997 жылдың 05 наурызындағы Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» жаңа заңы қор биржасының қызметін тек бағалы қағаздармен шектейтініне байланысты, биржа акционерлерінің жалпы жиналысы 1997 жылдың сәуірінде «Алматы қаржы құралдарының биржасы» ЖАҚ (AFINEX) жеке заңды тұлғасын бөліп шығару арқылы биржаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, осы ұйым 1997 жылдың 30 шілдесінде тіркелген. 1997 жылдың 01 қыркүйегінен бастап AFINEX сауда алаңына шетел валюталарының және мерзімдік келісім-шарттардың сауда-саттығы ауыстырылды. Ал биржаның өзі 1997 жылдың 03 шілдесінде бұрынғы атауымен қайта тіркеуден өтті.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 1998 жылдың 10 маусымындағы заңы өз күшіне енуімен, қор биржасының қызметіне шетел валюталарының және бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдардың сауда-саттығын ұйымдастыруға салынған тыйым жойылып, AFINEX пен Қазақстан қор биржасын біріктіруге мүмкіндік берді. Осы туралы шешімді акционерлердің 1999 жылдың 06 қаңтарында өткен жалпы жиналысы қабылдады, ал 1999 жылдың 16 наурызында біріктірілген биржаның тиісті мемлекеттік қайта тіркеуі жүзеге асырылды.

2006 жылдың 15 желтоқсанында KASE Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңы ретінде белгіленді. 2007 жылдың 23 тамызында болып өткен KASE акционерлерінің жалпы жиналысы биржаның коммерциялануы туралы шешім қабылдады. KASE коммерциализациясы шегінде дауыс берудің бұрынғы «бір акционер – бір дауыс» принципінен бас тартып, жалпы акционерлік қоғамдардың барлығына ортақ болып қабылданған принципі, яғни, бір акцияға бір дауыс принципіне ауысу жүзеге асырылды.

ҚР-да биржа өзінің жеке акцияларын сатудан қаражат алады. «Бағалы қағаздар нарығы» туралы ҚР-ның заңы бойынша қор биржасы:

  1. өзін-өзі реттейтін бағалы қағаздар нарығының кәсібі қатысушылардың акционерлік қоғам ретінде құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  2. биржаның қызметі өзін-өзін өтеуге негізделген
  3. қор биржасы өзінің қызмет етуінде ҚР-ның мемлекеттік органдарына тәуелді емес
  4. қор биржасының қызметі басқа кез-келген қызметтермен бірігуіне болмайды.
  5. қор биржасының қызметі лицезияланады.
  6. қор биржасы өз филиалдарын, өкілеттіктерін құруға құқылы.
  7. Қор биржасының қызметі

– өз клиенттеріне жан-жақты жабдықталған бағалы қағаздарымен операциялар жүргізуге арнайы орындарды беру.

– бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастыру

– бағалы қағаздар котировкасын жүргізу

– өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық кеңес беру қызметтерін көрсету және т.б.

            Биржаның акционерлік қоғам сияқты қор биржасын басқару органдары бар. Олар:

– жоғарғы орган –акционерлердің жалпы жиналысы

– бақылау органы –биржалық кеңес

– атқару органы –басқарма ( ҚР-да биржа дирециясы деп аталады)

– бақылау органы –ревизияның комиссиясы

3.Қазақстан қор биржасының биржалық сауда ережесі мына келесідей бөлімдерден тұрады

  1. Қазақстан қор биржаларына бағалы қағаздарды айналысқа жіберу шарттары:

– мемлекеттік бағалы қағаздар;

– қор биржасының листингіден өткен, арнайы тізімге қосылған биржадағы сатылатын мемлекеттік емес бағалы қағаздар;

– ҚР-да айналысқа жіберілген шетел мемлекеттің мемлекеттік бағалы қағаздары;

– Базалық активтері жоғарыда аталған бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар;

Қор биржасындағы сатылатын бағалы қағаздардың негізгі параметрлері: бағалы қағаздар эмитенті кім болып табылады?, ол қандай түрде шығарылған, оның номиналы эмиссияның көлемі, бағалы қағаздар ұстаушылардың ристкін кім жүргізеді т.б.

  1. Бағалы қағаздар бойынша биржалық қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мүшелік категориялар бойынша олардың құқықтары, трейдрлердің саудаға қатысу шарттары басақа да тұлғалардың сауда залында болу мүмкіндіктері (шарттары).

  1. Биржалар мен саудаға қатысушылардың арасындағы дау, жан-жалды шешу мәселелері.

            Биржадағы аукционның түрлері:

  1. Ағылшын аукционы – бағаны жоғарлату;
  2. Галандиялық аукцион – ең жоғарғы max бағадан бастап төмендету бойынша.

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтер, олардың ерекшелігі.

  1. бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтердің түрлері.
  2. кәсіби қатысушыларға қойылатын шектеулер

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып белгілі бір қызмет түріне лицензия алған заңды, жеке тұлғалар болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болуы үшін осы нарық жөніндегі жоғары білімі, бағалы қағаздар нарығындағы арнайы құрылған оқу орталықтарының белгілі бір кәсіби қызмет түріне берілген куәлігі болуы керек. Кәсіби қатысушылардың барлық қызметтері мемлекеттік бақылау органдарымен қадағаланып, тексеріліп отырады. Мұндай мемлекеттік басқару органы 2002 жылға дейін бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия болып келсе, қазіргі кезде Ұлттық Банк. Бағалы қағаздар нарығының жағдайын Ұлттық Банктегі қаржылық қадағалау реттеп отырады. Жалпы бағалы қағаздар нарығының қатысушылары кәсіби қатысушы болып бөлінеді. Кәсіби емес деп түсінетініміз – олар:

– қор биржалары

– оқу орталықтары

– инвестициялық институттар

Кәсіби, кәсіби емес қатысушылар өз қызметтерін реттеу мақсаттарында белгілі бір ұйымдарды құрады. Ол ұйымдар зейнетақы қорлары ассоцияциясы, сақтандыру қорлары ассоцияциясы, брокер диллерлерінің ассоцияциялары, тіркеушілердің ассоцияциялары т.б.

Қор нарығының кәсіби қатысушылары бағалы қағаздар нарығында қызметін жақсарту мақсатында өздерінің жалпы мүддесін қорғау мақсатында кәсіби қатысушылардың басқа да ассоцияцияларын құра алады. Бұл ассоцияциялардың, бірлестіктердің қызмет көрсетуі, бірлестік мүшелерінің өзара қарым-қатынасы ҚР-ның заңдарымен реттеліп отырады. Мұндай ассоцияцияларға бірлестіктерге мүше болған кәсіби қатысушылар өздерінің жеке тұлғалық шаруашылық тәуелсіздігін сақтайды. Кәсіби қатысушылардың құрылған бірлестіктері коммерциялық емес ұйым болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары деген атқа ие болды.

Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет көрсетудің мынандай келесідей түрлері бар:

  1. Брокерлік – диллерлік қызмет өз клиеттерімен келісімшарт тапсырма негізінде бағалы қағаздармен кәсіби қатысушылардың азаматтық құқықтық операциялар жүргізеді. ҚР-да брокерлік диллерлік қызметтеріне бір лицензия беріледі, яғни брокер бағалы қағаздар мен операцияларды өз атынан, клиенттер атынан да жүргізе алады. Сонымен бірге бағалы қағаздардың қызметті жүргізуге комплексті лицензия бірге берілуі мүмкін. Ол депозиторлық клирингтік қызмет көрсетуге берілетін лицензиялар.
  2. Депозиторлық қызмет – бағалы қағаздарды есепке алу, сақтау бойынша қызмет көрсету, яғни депозитари мүшелеріне, олардың клиенттеріне тиісті болған бағалы қағаздармен операциялар жүргізу барысында техникалық қызметтерді көрсету бойынша қызметтерді іске асыру.
  3. Клирингтік қызмет – ҰБ-пен лицензия берілетін, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды өзара өтеу мақсатында қызмет көрсететін қаржылық ұйым. Клирингтік қызмет көрсетуде бағалы қағаздармен көптеп операция жүргізілетін мекемелер қатысады. Клирингтік операцияларға қатысушылар өзара міндеттемелерін белгілі бір уақыт мерзімінің өтуімен орындалып отырады, яғни белгілі бір мерзімі ол айдың белгілі бір (уақыт) күн болуы мүмкін.
  4. Басқа инвесторлар тиісті болған бағалы қағаздар портфелін басқару бойынша қызмет көрсету.
  5. Эмитенттің бағалы қағаздар реестрін ұстау бойынша қызмет көрсету (тіркеушілер қызметі) акционерлік қоғамдар өз акцияларын шығару мен бірге тәуелсіз тіркеушілерде өз акционерлерінің реестрін ұстауы тиіс. Реестрді ұстау кәсіпорын мен тәуелсіз, тіркеушінің арасында келесімшарт негізінде іске асады. Бұл қызметте акционерлік қоғамның акциясына ие тұлғалар өз акцияларын келесі бір тұлғаға сатуына байланысты өз тіркеушісіне келіп тіркеуші қызметтерімен өзінің шотындағы акцияның бары, белгілі бір бөлігін сатып алушының атына қайта жазу арқылы іске асады.
  6. Кастодиандық қызмет – зейнетақы қорларының кәсіпорын ашқан шоттары мен басқа да активтерін бағалы қағаздар сақтау бойынша қызмет көрсету. Бұл қызметтермен ҚР-да тек қана коммерциялық банктер айналысады.

Биржаның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті берген, мынадай лицензиялары бар:

-Ұлттық және шетел валюталарында банктік операцияларды жүргізуге (2012 жылдың 29 маусымындағы № 5.3.3);

-Бағалы қағаздар нарығында қызметтерді (соның ішінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржылық құралдарымен сауда-саттықтарды ұйымдастыру және бағалы қағаздар наығында жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті) жүзеге асыруға (2012 жылдың 19 шілдесіндегі № 4.2.3/1).

4.Биржаның қызметі негізінде келесідей нормативтік құқықтық актілермен реттеледі

1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

2) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы;

3) Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңы;

4) Қазақстан Республикасының «Инвестициялық қорлар туралы» заңы;

5) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 29 қазанындағы № 170 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушы қызметін жүзеге асыру ережелері;

6) «Сауда-саттық ұйымдастырушысының ұйымдастыру құрылымына және қор биржасының листингілік комиссиясының құрамына қойылатып талаптарды бекіту және Сауда-саттық ұйымдастырушысының сауда-саттық жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау бойынша сауда-саттық ұйымдастырушысының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 28 қарашасындағы № 195 қаулысы.

7) «Эмитенттер мен олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің кейбір санаттарына қойылатын талаптар туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 26 мамырындағы № 77 қаулысы.

8) «Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп мойындау ережелерін және бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп мойындау сұрақтары жөніндегі қор биржасының директорлар кеңесінің комитетін қалыптастыру, оның жұмысы және оның сандық құрамы туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 28 қарашасындағы № 196 қаулысы.

             KASE акционерлері

2014 жылдың 01 маусымдағы жағдай бойынша биржаның 57 акционері бар, солардың ішінде банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару компаниялары, жинақтаушы зейнетақы қорлары және басқа ұйымдар бар. «Қазақстан қор биржасы» АҚ жарияланған акцияларының жалпы саны 5 000 000 дананы құрайды, олардың 942 013 акциясы орналастырылған. Қазақстан Реапубликасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамына қатысты кейбір сұрақтар туралы» № 134 қаулысына сәйкес, орналастырылған акциялардың 50,1 % үлесіне «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ иеленген.

KASE Жарғысымен «алтын акция» қарастырылған, бұл акцияның иесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Бұл акция валюталық реттеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары нарығын реттеу сұрақтарына қатысты KASE органдарының шешімдеріне тыйым салуға құқық береді.

            Мүшелері

Биржада мүшеліктің үш санаты бар. Ұйымды қызықтыратын қаржы құралының түрлері бойынша өткізілетін сауда-саттықтарға қарай, KASE валюталық, қор немесе мерзімдік нарық мүшесі бола алады. Бір уақытта аталған екі немесе үш санатқа мүшелік етуге рұқсат етіледі.

 

2014 жылдың 01 маусымдағы жағдай бойынша KASE мүшесі мәртебесіне нарықтың 58 кәсіби қатысушысы иеленген.

Халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу

KASE:

Әлемдік қор нарықтың жалпы биржалық айналымын қамтитын, 80-нен астам әлем биржаларын біріктіретін, Әлемдік биржалық федерациясының аффилиирленген мүшесі;

-Еуропа және Азияның дамып келе жатқан қор нарықтарында қызмет ететін, биржалық индустрияның 50-ге жуық кәсіби ұйымдарын басн қосатын, Еуро-азиялық қор биржаларының федерациясының (FEAS) мүшесі;

-9 ТМД елдерінің 20-ға жуық ұйымдарын біріктіретін, Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы елдерінің Халықаралық биржалақ ассоциациясының (ТМД ХБА) мүшесі;

-Әлемдік биржалар, банктер, брокерлік және инвестициялық компанияларды, сондай-ақ жетекші ақпараттық агенттіктерді, жалпы алғанда 200-ден астам мүшелерді біріктіретін, Қаржылық ақпараттарының таратушыларының және тұтынушыларының халықаралық ассоциациясының мүшесі;

-Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы, 250-ге жуық мүшелерінің басын қосқан, ірі кәсіби бірлестігі – Қазақстан қаржыгерлерінің Ассоциациясының мүшесі;

-Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған (биржалық) нарықтардың қалыптасуы мен дамуына, соның ішінде биржалық заңнаманың дамуына арнайы құрылған, биржалар мен нарыққа қатысушылары арасынан 7 қаржы институттарын біріктіретін, 2011 жылы құрылған Қазақстанның биржалық ассоциациясының (ҚБА) мүшесі.

5.KASE нарықтары

KASE қызмет көрсететін нарықтар:

-шетел валюталары (соның ішінде валюталық своп операциялары);

-мемлекеттік бағалы қағаздар;

-үлестік бағалы қағаздар (акциялар мен пайлар);

-корпоративтік борыштық бағалы қағаздар;

-репо операциялары;

-деривативтер.

            Шетел валюталарының нарығы

Валюталық нарық, KASE құрылған сәттен бастап ұйымдастырылған алғашқы нарықтардың бірі болып саналады. Шетел влаютасының, сол кезде АҚШ долларының, бірінші сауда-саттығы 1993 жылы өткізілді. Бүгін KASE сауда-саттықтарының жалпы көлеміндегі жартысына жуық үлесівалюталық нарықтың еншісінде. KASE осы нарықының негізгі қатысушылары Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі болып табылады.

Қазіргі таңда биржада АҚШ долларының, еуро және Ресей рублінің теңгеге, сондай-ақ еуроның АҚШ долларымен сауда-саттықтары өткізіледі. USD/KZT және EUR/KZT жұптары бойынша, қалыпты мәмілелермен қатар, бір және екі күн мерзімге валюталық своп операциялары жүзеге асырылады.

Әдетте АҚШ долларының теңгеге сауда-саттығының KASE шетел валюталары нарығы айналымындағы үлесі 95 %-дан асады. Күн бойы KASE шетел валюталары бойынша үш: таңертеңгі, күндізгі және кешкі сауда-саттық сессияларын өткізеді. Бірінше екеуі мәміле жасалған күні есеп айырысуға арналған сауда-саттықтар, ал кешкі сессияда, есеп айырысу Т+1 және Т+2 сызбалары бойынша жүзеге асырылатын, валюта саудаланады.

Сауда-саттық күннің соңында әр валюталық құрал бойынша нетто-клиринг жүргізіледі. Есептесулер KASE Есеп айырысу палатасы Клирингілік палатасының мәліметтері бойынша DVP (Delivery Versus Payment – «төлемге қарсы жеткізілім») принципімен жүзеге асырылады. Валюталық нарық мүшелерінің басым бөлігі биржада теңге мен шетел валютасының мерзімдік жеткізілімі тәртіптемесінде жұмыс істейді. Валюталық нарықтың жаңа мүшелері және (немесе) жеке банктер жоғары дәрежедегі тәуекелмен сатылатын валютаның алдын ала жеткізілімі тәртіптемесінде жұмыс жасайды.

Шетел валютасы нарығында есеп айырысу бойынша KASE банк–корреспонденттері болып табылады:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (KZT);

Deutsche Bank Trust Company Americas (USD);

The Bank of New York Mellon (USD);

Citibank N.A. (USD, EUR);

Commerzbank AG (EUR);

«Сбербанк России» ААҚ (RUB).

KASE валюталық нарығы қазақстандық экономиканың маңызды элементтерінің болып табылады. Соңғы жылдары оның үлесінеҚазақстанның банкаралық валюталық нарықтың 50-ден 83 %-на дейін тиесілі. Дәл осы жерде АҚШ долларының теңгеге орташа сараланған бағамы қалыптасады, ал келесі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы болып жарияланады.

Бағалы қағаздар нарығын

Мемлекеттік бағалы қағаздар

Осы секторда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Ұлттық Банкі, сондай-ақ биліктің жергілікті атқарушы органдары шығарған, облигациялары айналады. Барлық муниципалдық облигациялар мен Қаржы министрлігінің облигациялары KASE сауда-саттық жүйесінде орналастырылады. Ұлттық Банк өз ноталарын дербес түрде орналастырады.

Соңғы жылдары кемінде 200 атаудағы мемлекеттік бағалы қағаздарыKASE айналымында тұрақты болып, олардың жалпы құны 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Үлестік бағалы қағаздар

Бүгінгі таңда осы секторда 70-тен астам эмитенттердің қаржы құралдары, негізінен қазақстандық және шетелдік компаниялардың акциялары, саудаланады. Акциялар нарығының жалпы капитализациясы 30 млрд. АҚШ құрайды. Акциялар нарығының салалық құрылымы негізінен өндіруші, энергетикалық және қаржы секторларының үлесінде.

Корпоративтік борыштық бағалы қағаздар

KASE ресми тізіміне, қазақстандық және шетелдік заңнамаға сәйкес, 70-тен астам қазақстандық және шетелдік компаниялар шығарған, 240 атауға жуық корпоративтік облигацилар енгізілген. Сауда-саттыққа шығарылған борыштың жалпы құны шамамен 300 млн АҚШ долларын құрайды. Ресми тізімде банктердің облигациялары басымырақ. Басқа секторлардағы компаниялардың үлесі болар-болмас.

Қор нарығының есептесу инфрақұрылымының тиімділігін арттыру мақсатында және Қазақстан қор биржасына шетелдік инвесторларды тарту үшін KASE бірнеше бағыттарда жұмыс жүргізеді. Солардың арасында бағалы қағаздар нарығында көптарапты нетто-крлирингін және мәмілелердің жартылай қамтылуымен Т+n (0<n<4) сызбасы бойынша есептесу және тәуекел-менеджменттің замани жүйесін енгізу жұмысы болып табылады. Аталмыш жүйе сауда-саттыққа қатысушылардың маржалық жарналарын, сондай-ақ арнайы клирингілік (кепілдік және сақтық) қорларын пайдалануға негізделеді.

Репо операцияларының нарығы

KASE ең ірі нарықтарының бірі – репо операциялары нарығының үлесіне әдеттегідей биржалық сауда-саттықтың жартысына жуығы тиесілі. Ол екі секторға: «тікелей» репо нарығы, мұнда операциялар тікелей (келісім-шарттық) әдіспен жүзеге асырылады, және «автоматты» репо нарығы болып бөлінеді. Соңғысында үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен жүргізілетін анонимді сауда-саттық тұспалданады, мұнда аукционға қазақстандық теңгемен ақша шығарылып, оның бағасы ретінде репо мөлшерлемесі белгіленеді. Репо операцияларының мерзімдері стандартты болып табылады.

Репо операциясының заты ретінде биржада мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар бола алады.

«Автоматты» репо нарығындағы тәуекел-менеджменті жүйесі репо операцияларының мерзімін отыз күнмен шектеу және репо затының бағасын нарықтық бағаға байланыстыруға негізделеді. Жабылу мәмілесі бойынша дефолт жағдайында репо заты операцияның ақша берген тарапында қалады. Мерзімі 90 күнмен шектелген, «тікелей» репо операциясының нарығында, 2010 жылдан бастап міндеттемелер мен өтемақылық төлемдердің тұрақты нарықтық қайта бағалау («mark-to-market») жүйесі қолданылады.

Репо операциялары нарығындағы барлық есеп айырысулар ОД арқылы, бағалы қағаздардың сауда-саттығындағы есептесу сызбасына ұқсас сызба бойынша жүзеге асырылады.

Деривативтер нарығы

2010 жылы KASE, халықаралық стандарттарына сай, замани тәуекел-менеджмент жүйесімен деривативтер нарығын қайта іске қосуды жүзеге асырды. Осы секторда АҚШ долларының теңгеге бағамына және KASE Индексіне алты айлық фьючерстерімен сауда-саттықтар ашылған. Биржа әрбір жасалған мәміле бойынша орталық контрагент рөлін атқарады және, кепілдік және сақтық қорларының сомалары шегінде, мәмілелердің сөзсіз орындалуын қамтамасыз етеді. Тәуекелдерді неғұрлым азайту мақсатында, жайғасым ашу және келісімшарт бағасының өзгеру шектелімдерін орнатылады.

2012 жылдың 01 ақпанына бастап Биржада жаңа құрылымдық бөлімшесі – Клирингілік палата қызмет ете бастады. Сауда-саттық күнінің нәтижесі бойынша көптарапты неттингті қолданумен клиринг жүргізіліп, клирингілік қатысушылардың нетто-міндеттемелері/нетто-талаптары туралы есеп құрастырылады.

Қорытынды

Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы тек қана бұған дейін болған басқарудың формалары мен әдістерінің трансформациясы, тауар және қаржы нарықтарының функцияларының өзгеруі, экономиканың барлық саласының модернизациялануы ғана емес, сонымен қатар әкімшілік экономика тұсында қажет болмаған кейбір экономикалық қызметтердің, атап айтқанда – қор биржасының және т.б. жандануына әкелді.

Жоспары экономика жағдайында қаржылық ағындардың жылжуы тек экономикалық ведомстволардың шешімімен анықталды. Сондықтан сол кездері қор биржасына қажеттілік те болмады. 90-жылдары Қазақстан Республикасында қор нарығын жаңғырту айналасында үдеріс басталды. Бүгінгі таңда қор нарығы, нарықтық экономиканың басқа сегменттерімен салыстырғанда өте жылдам қарқынмен дамып келеді.

Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.

Биржалық тауар түріне байланысты әлемдік практикада:

  • Тауар (тауарлы-шикізат) биржасы;
  • Қор биржасы;
  • Валюта биржасы болып үшке бөлінеді.

Биржалық сауданың ерекшелігі ретінде, ондағы мәмілелердің әрдайым бір жерде, қатаң белгіленген уақытта – биржалық сеанс өткізу уақытында және де барлық қатысушыларға ортақ, нақты ережелердің болуын айтуға болады. Биржа биржалық құндылықтармен жасыланатын мәмілелердің келісілуі мен орындалуының анық ұйымдастырушылық құрылымын, анық механизмін және мәмілелердің орындалуының сенімділігі жоғары бақылау жүйесін қамтамасыз етеді.

Осы тақырыптың маңыздылығы – қазіргі нарықтық экономика, соның ішінде қазақстандық экономика, құнды қағаздар мен қор биржаларынсыз қызмет етуі мүмкін емес, олар экономиканың ажырамас бөлшегі болып табылады. Қазіргі таңда қор биржалары нарықтық экономиканы тепе-теңдікте ұстаудың қамтамасыз етушісі.

You May Also Like

Мұнай мен газ: өндіріс және пайдалану, реферат

Мұнай мен газ: өндіріс және пайдалану Мұнай мен газдың аралас қоспасы кеніштегі…

Экономикалық талдау негіздері, реферат

РЕФЕРАТ Тақырыбы: Экономикалық талдау негіздері Жоспар Кіріспе………………………………………………………………………3 Экономикалық талдаудың обьектілері………………………………….4 Экономикалық  талдаудың…

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты, реферат

Жоспар: Кіріспе Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары…………………………………………………………..…

Жеке тұлғаның дамуындағы жас ерекшеліктері, реферат

ЕФЕРАТ Тақырыбы:Жеке тұлғаның дамуындағы жас ерекшеліктері Жоспар: 1) Субъектінін іс-әрекеті — жеке…