1.Тарих латын тілінен аударғанда, өткен оқиғалар жөніндегі әңгімелер, зерттелген, анықталған туралы баяндау. Бірақ, тарих тек қана өткен туралы әңгіме ғана емес, ол нақты оқиғалардың жүйелі дамуы мен өзгеруін зерттейтін ғылым. Сонымен бірге өткен оқиғалар қорытындылай келе, оларға әр адамның, халықтың, жалпы адамзаттың қызығушылығын туғызады. Сол себептен біз өткенді терең білгіміз келеді.

Тарих – ол халықтың жады, ол біздің рухымызды көтеріп, болашаққа жол сілтейді. Отанымыздың тарихын оқу, зерттеу, бізге қай жерде туғанымызды, туған еліміздің қандай екенін, біздің туған жерге деген қатынасымызды, отанымыздың кешегісі мен бүгінгісіне көз жіберуімізге мүмкіндік туғызады.

Қателіктер жібермеу үшін өз еліңнің тарихын білу керек. Тарихи оқиғалар тізбегін ғана емес, әкелер жерінің тарихының негізін, негізгі мағынасын білу керек.

Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады. Ол Отан – ата мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге, тарихи таным – отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу – әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

“Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі – сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.

Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор.

Келешекте өмір сүріп, күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын, өз шыққан тегін, ата бабаларының тарихи тәжірибесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және осыған байланысты жаңа тарихи үрдістер – азаматтардың сана сезімінде елеулі өзгерістер туғызды. Әлемге, халыққа және оның тарихына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Егер бұрын Қазақстан тарихы- Совет Одағының бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса, енді оны әлемдік тарих, Еуроазия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының; Орта Азия халықтарының тарихы тұрғысында қарастыру сезімі туып отыр.

Сондықтан да бүгін Қазақстан тарихын зерделеуде біз жалпы өркениеттік тұрғыны пайдаланамыз, себебі, Қазақстан тарихы- бүкіл әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылады. Оның еуроазия мәдениеті мен тарихына жататындығына көңіл аударуымыз маңызды. Еуропа мен Азияның тоғысуында жатқан Қазақстан аймағы әрқилы халықтар, өркениеттер, мәдениеттерді байланыстыратын “көпір” болды.

Жалпытүрік ортақтықтағы, көшпелі өркениеттін жүйесінде, еуроазиялық халықтардын тарихи-мәдени ортақтықтын дамуында қазақ халқының орының, мемлекеттілігінің ролін көрсету – қазақстан тарихының міндеттерінде маңызды орын алады. Қазақ этностын қалыптасуының негізгі кезеңдерін, оның шаруашылығын, тұрмысын, әлеуметтік құрылысын, және саяси жүйесін ұзақ тарихи уақыт бөлігінде анықтау Қазақстан тарихының міндеттеріне кіреді. Этногенез, мемлекеттілік, көрші этникалық ұйымдарымен, мемлекеттерімен қатынастар, отарлық соғыстар, ұлт-азаттық қозғалыстар – қазақ халқы тарихының негізгі мәселелерін қайта бағалауына, қайта ойлануына көмек ету – Қазақстан тарихының маңызды міндеттерінің бірі. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-таптық қатынастарын сипатталау, жұрттын әр түрлі әлеуметтік топтардын ролін көрсету тарихи ғылымының зор мәселелеріне жатады. Тарихи ғылымында кошпенділердін рухани әлемінің эволюциясы, олардын әлемдік өркениетіне қосқан үлесі, көшпелі дала мәдениеттін егіншілік-отырылықшық мәдениетімен, көрші Ресей, Қытай, Кіндік Азияның халықтарының мәдениеттерімен өзара байланысы және өзара ықпалы жаңа өркениеттік тұрғысынан көрсетіледі.Қазақстан тарихы пән ретінде студенттердін дүниетанымдарын, азаматтық позицияларының қалыптасуына зор ықпал етеді, яғни өз елінің, өз халқының тарихын білу патриоттық сезімдерді туғызады.

Ә)Тарих толқынында 1. Ұлттық келбетті ұлықтайық                                                                                                                                                                                2. Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы                                                                                                                                                         3. Мәдениет келешегі                                                                                                                                                                                                  4. Алаш мұрасы және осы заман                                                                                                                                                                           5. Ұлттық бірегейлік туралы

  1.   Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар
  2.   Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тағылымдары
  3.    Тарихтың шеңберлері ұлттық зерде                                                                                                                                    «Тарих толқынында» – Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. (Атамұра, 1999)«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылы шыққан  «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған», – деп түсіндірді З. Қыбылдинов.

Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған, деді ол.

Сонымен қатар, сарапшы атап өткендей, Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды.

«Кітап жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай өсті.  Ел азаматтары арасында төл тарихимызға деген қызығушылық айтарлықтай артты. Кәсіби тарихшылар үшін ғылыми зерттеулер жүргізуіне барлық жағдай  жасала бастады. 1994 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру басталды. 2013 жылы Елбасы «Халық тарих толқынында» арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасын ұсынды, оның атауы біздің кітабымыздың атымен біршама ұқсас.

Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Тарихтың тағылымы біреу-ақ: ол ешқандай тағылым бермейді дейтін тұжырымға мен үзілді-кесілді қарсымын. Тарихты жеңіл-желпі аңыз сөздердің жиынтығы деп қарайтын адамдар шынында да тарихтан тағылым ала алмайды… Қазақ руханияты дамуының Ресей отарлығы тұсындағы қайшылықты үрдісінің күрделі де қайғылы сипатын жуып-шаю мүмкін емес» — деп атап көрсетті. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихи даму жолындағы ең маңызды оқиға — еліміздің ғасырлар тоғысында, яғни ХХ ғасыр табалдырығында тәуелсіздікке қол жеткізуі. Халқымыздың ешкімге бағынышты болмай, дербес мемлекет болу жолында Алаштың талай арыстары жанын қиды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы талассыз беделі талайлардың таңданысын тудырары анық. Ондай дәрежеге жету үшін азат еліміздің тәуелсіздігі жолында тарихи ерен қызмет атқарғандар қатарында рухани қазынаны жасаушылар — қазақ зиялыларының орны ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 1999 жылғы жарық көрген «Тарих толқыны» еңбегінде қазақ зиялыларының ұлттық идеяны қалыптастырудағы рөліне ерекше маңызды орын берді. Еуропадағы саяси күрестің бет алыс бағдарларынан әбден хабардар, экономика, құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобы шықты. Олардың басым көпшілігі ғылымға емес — утопияға, демократияға емес — авториторизмге негізделген большевизм идеясын қабылдамай, баррикаданың арғы бетіне шығып, өз елінде, өз жерінде отырып азап шеккен қазақ халқының мұң-мұқтажын қорғауды мақсат еткен Алаш партиясын ұйымдастырды.

2,а).Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері
1. Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді.
2. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.).
3. Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды.
4. Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді.
5. Тас дәуірі барлық құралдар тастан жасалған дәуір.
6. Қола дәуірі барлық құралдар қоладан жасалған дәуір.
7. Темір дәуірі барлық құралдар темірден жасалған дәуір.
8. Қазақстанда ең алғашқы адамдар мұнан бір миллион жылдай бұрын пайда болған. Мұндай жаңалықты ашқан археолог Хасен Алпысбаев. Ол 1957 жылы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Қаратаудағы Тәңірқазған, Бөріқазған деген үңгірлерден ең ежелгі өмір сүрген адамдар тұрағын тапты.
9. Алғашқы адамдарға жеке-жеке жүріп өмір сүру қиын болғандықтан топтасып жүретін болды. Осыдан бірте-бірте ру пайда болды. Көп уақыт өткеннен кейін бірнеше ру тайпаға бірікті.
10. Біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстан жерінде сақтардың, ғұндардың, сарматтардың ірі-ірі тайпалары болды.
11. Біздің жыл санауымыздың бас кезінде қазіргі Қазақстан жерінде үйсін, қаңлы, ғұн және басқа да ірі тайпалардың мемлекеттері болған.
12. Біздің жыл санауымыздың бас кезінде-ақ Қазақстан жеріндегі халықтардың сол заманға лайық шаруашылығы, кәсібі болды.
13. Оларда мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қолөнер кәсібі, металл қорыту, аң аулау т.б. дамыды.
14. Шаруашылықтың арасында мал шаруашылығы басым дамыды. Бұған Қазақстан жері қолайлы болды.
15. Қой, жылқы өсіруге көп көңіл бөлінді. Олардан кейін көп өсірілген түйе. Сиыр аз өсірілді.
16. 1960-жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына (Алматыға таяу) жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен.
17. Марқұмға кигізілген бас киімнің, бешпенттің, етегінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ: аттың, барыстың, тау текенің, құстардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай.
18. Біздің заманымызға дейін II ғасыр мен б.з. XV ғасыры аралығында Еуропа мен Азияны байланыстыратын «Ұлы Жібек жолы» қызмет істеді. Ол Қазақстан жерімен өтті.
19. ІХ ғасырда арабтар Орта Азия мен Қазақстанның біраз жерін басып алды. Осыдан бастап Қазақстанға ислам діні тарай бастады.
20. 1218 жылы Қазақстан жеріне моңғол шапқыншылығы басталды.

  1. 1219 жылғы қыркүйекте моңғол жаулаушылары Отырар қаласын қоршады. Ұлы Отырар шайқасы басталды. Қаланы қоршауға қала басшысы Қадырхан басшылық етті.
    22. XV ғасырда қазақ халқы қалыптасып болды. Оның негізін құраған Үйсін, Қоңырат, Керейт, Маңғыт, Қыпшақ, Найман, Арғын, Байұлы, Әлімұлы, Дулат және басқа да көптеген рулар мен тайпалар.
    23. XV ғасырдың 50-60-жылдарында Қазақ хандығы құрылды. Оған ұйтқы болған, алғашқы қазақ хандары деген жоғары атаққа ие болған Жәнібек пен Керей.
    24. Қазақ хандығы тез ұлғайды. XVI ғасырдың басында оның жер көлемі едәуір кеңейіп, халқының саны бір миллионнан асты.
    25. Қазақ хандығының – мемлекетінің XVI – XVII ғасырларда ұлғайып, нығаюына үлес қосқан: Қасым хан (1511-1523), Ақназар хан (1538-1580), Есім хан (1598-1628), Тәуке хан (1680-1718).
    26. Орта ғасырлардағы Қазақстанның атақты қалалары: Түркістан, Отырар, Тараз, Сауран, Сайрам (Испиджаб) т.б.
    27. Орта ғасырлардағы белгілі тарихи-мәдени ескерткіштер: Ахмет Иассауи мазары (Түркістанда), Айша-Бибі мазары (Тараз қаласының жанында), Бабаджа қатын (бұл да сонда), Жошы Хан күмбезі, Алаша хан күмбезі (Орталық Қазақстанда).
    28. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық ғалымдар: Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.), Жүсіп Баласағұн (ХІ ғасыр), Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр), Ахмед Иассауи (ХІІ ғасыр), Өтейбойдақ Тілейқабылұлы, Мұхамммед Хайдар Дулати, Жалайри Қосынұлы (ХV-ХVI ғғ.)
    29. Орта ғасырларда Қазақстанда басқа да көптеген ғалымдар болған. Бұған бір ғана Отырарда Әбу-Насыр әл Фарабиден басқа да онға жуық әл-Фарабилер болғаны дәлел
    30. XVI ғасырдың соңынан бастап 1755 жылға дейін қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық, тәуелсіздік үшін шайқасты. 1755-жылы Жоңғар мемлекеті біржола жеңілді, тарихтан аты өшті.
    31. Жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылар: хандар – Тәуке, Әбілқайыр (Кіші жүз ханы), Абылай; билер – Төле, Қазыбек, Әйтеке; батырлар – Қабанбай, Бөгенбай, шапырашты Наурызбай.
    32. 1731-1917 жылдар аралығында Қазақстан Ресей империясы қоластында болды. Кіші жүз «еркімен» қосылды, қалған жердің бәрін жаулап алды.
    33. Ресей империясы Қазақстанда екі жүз жылдай отарлау саясатының барлық қитұрқы әдіс, тәсілдерін қолданды, қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің дамуына барынша кедергі жасады.
    34. Қазақ халқы Ресей отаршылдарына қарсы, азаттық алу үшін үш жүздей рет қозғалыстар, көтерілістер, наразылықтар ұйымдастырды. Олардың ең ірілері ХІХ – ХХ ғасырларда болды.
    35. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы 1836-1838 жылдары Исатай мен Махамбет, 1837-1847 жылдары Кенесары хан, 1916 жылы А. Иманов, Ә. Жангелдин, Ә. Жанбосынов т.б. басшылық еткен, ұлт азаттық қозғалыстар болды.
    36. ХІХ ғасырдағы қазақтың белгілі ағартушы ғалымдары: Шоқан Уәлиханов (1835-1865), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), Абай Құнанбаев (1845-1904)
    37. 1917 жылы Қазанда Қазақстанда Кеңес Өкіметі орнады, ол өкімет 1990 жылға дейін өмір сүрді.
    38. ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында қазақ халқының бақытты келешегі, ұлттық тәуелсіздігі үшін күресуші үлкен зиялы топ қалыптасты. Олардың басшылары: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқаев, Міржақып Дулатов, Тұрар Рұсқылов, Мұхамеджан Тынышбаев т.б. болды.
    39. 1920-жылы Қазақ Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасы, ал 1936-жылы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы құрылды.
    40. 1941-1945 жылдардағы Отан соғысында асқан ерлік көрсеткені үшін 500-дей Қазақстан Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бұл жоғары атақты Л. И. Беда, С. Д. Луганский, Т. Ж. Бигелдинов, И. Ф. Павлов екі мәрте алды. Әлия мен Мәншүк Кеңестік Шығыс Қыздарынан алғаш реет Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
    41. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзін Егеменді Республика деп жариялады.
    42. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда Президент сайлауы болды. Президент болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
    43. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзін тәуелсіз Республика деп жариялады.
    44. 1992 жылы Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы өтті.
    45. 1995 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды

2,ә) Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, тарихи білім беруді дамыту, тарихи сананы қалыптастыру, тарих ғылымын жетілдіру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының басым бағыттарының бірі болатын. Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасының бастамасымен жүзеге асқан ірі саяси оқиғалар ел тарихында жаңа кезеңдерге негіз болды.

Бүгінгі таңда ұлт тарихын ұлықтаудың теориялық-әдістемелік мәселелері, отандық деректану, тарихнама және зерттеу әдістері бойынша жүйелі жазылған қомақты еңбектердің тапшылығы тарих ғылымындағы кешенді ізденістерді зерделеуге бастайтын күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, аталған мәселелердің түйінін тарқату мақсатында Астана қаласында Ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Аталмыш жиынды ҚР Мемлекеттік хатшы М.М. Тәжиннің Отан тарихын әрі қарай зерттеу мен оқытудың өзекті проблемаларына арналды. Бұл жиылыс Қазақстанның тарих ғылымы үшін үлкен серпіліс, әрі тарихи оқиғаға куә болды. Мемлекеттік хатшы М.М. Тажиннің: «…Соңғы жылдары Елбасы Н.Ә. Назарбаев қалыптасқан мемлекетіміздің тарихын бүгіннен бастап қағазға түсіру, оны жүйелеп, зерделеу міндетін алға шығарды. Сол арқылы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсаты көзделді. Еліміздің тарихи санасын қалыптастыру, ең алдымен күнделікті маңызды оқиғаларды хатқа тізіп, елдікті насихаттаудан басталады. Сондықтан бізге түсінікті тілде жазылған ұлттық тарих керек…» – деуінің өзінде үлкен мән бар. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы бекітілді, осы тұжырымдаманың негізінде: «Тарихи білімнің негізгі басымдықтары», «Тарих ғылымының проблемалары», «Тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі» сияқты басты бағыттар қамтылынды. Ата тарихымыздың бұрмаланған беттеріне қоғамдастық ғылым жолындағы ғылыми әлеуеттер өкілдері де айтарлықтай іргелі ізденістер жүргізді. Басталынған іргелі мәселелерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын алға тартты. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы тарихи таным көкжиегін мейлінше кеңейткенін айтпай кету мүмкін емес. Жарияланып жатқан зерттеулердің көптігі соншалық, ғылыми-ақпараттық тасқынға ілесе алмаудамыз. Бұл үдеріс алдағы уақытта артпаса, бәсеңдемейтіні айдан анық. Қазіргі кезде қазақ тарихын зерделеуде қандай проблемалар бар, болса оларды шешудің жолдары қандай деген келелі пікір-алмасуда ең алдымен Отан тарихын зерттеушілерді ғылыми танымның бұрын-соңды қол жетпеген биігіне бастайтын, яғни жаңа методологиялық негізді, тұжырымдар мен ұстанымдарды түзететін басымдықтарға жол ашқан жөн. Методология түзелмей, ғылыми нәтижелер жаңармайды. Әлемдік тарихи ақыл-ойдың үздік жетістіктерімен суғарылған жаңа методология Қазақстан тарихын адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде дәйектей отырып, оның табиғи-географиялық, геосаяси, ұлттық, мемлекеттік, рухани, т.б. өзіндік ерекшеліктері мен болмыс-бітімін зерделейтін әлеуетке ие болуы керек. Сонымен қатар, бірінші кезекте, ұлт тарихының зерттеу методологиясын жетілдіру негізінде Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үлесін жан-жақты пайымдау.Екінші іргелі мәселе – тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін толыққанды қарастыру. Үшіншіден, қоғамтанушы-ғалымдар арасында ең өткір тұрған мәселе – ұлттық тарихты оқыту. Қазақстанда қалыптасқан тарихи білім мен ғылымның дамуындағы негізгі нәтижелерді кешенді түрде қарастыру болып табылады. Ол үшін мынадай іргелі мәселелерге көңіл аударған жөн. Әсіресе, еліміздегі жоғарғы оқу орындарында тарих факультеттері мен кафедраларының құру барысын айқындау, сонымен қатар, оқу үрдісіндегі материалдық-техникалық базалық жағынан қамтамасыз етілуін көрсет, әсіресе, тарихшы мұғалімдерді даярлаудың әдістері мен негізгі бағыттарын ашу, тарих ғылымында ғылыми-зерттеу инфроқұрылымының құрылуы мен ұйымдастыру барысын көрсете отыра, Қазақстанда тарихшы ғалым мамандарды даярлаудың жалпы және жеке ерекшелігін айқындау арқылы тарихшылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызы және нақты бағыттарын көрсету болып табылады. Осыған орай, ұлт тарихының теориялық-методологиялық негізгі бағыттарына осы замандағы дәстүрлі принциптері: тарихилық, жан-жақтылық, шынайылық, логикалық жалпы ғылыми заңдылық, жүйелілік, тарихи салыстырмалық және т.б. әдістерінің қолданылу жүйелілігін жоғары оқу орындарының тарих факультеттерінің оқу үрдісінде, сондай-ақ тарих ғылымына қатысты жазылатын еңбектер мен оқу құралдарын жазуда басшылыққа алынып отырса нұр үстіне нұр болар еді. Әр уақытта да ғылым пікір алмасу арқылы дамиды. Сондықтан, бүгінгі егеменді еліміздің елдігін айқындауда сөз жоқ, ұлтқа тарих керек. Оны дәлелдеп отырудың қажеті жоқ. Бірақ, XXI ғасырға қандай тарих керек? Ол жан-жақты, жүйелі, шынайы, ғылымға негізделген тарих болуы қажет. Ұзақ уақыт бойы ауызша айтылған тарихқа қанағаттанып келдік. Ал, тарихтың ғылыми-деректік тұжырымға көшкеніне біраз болды. Осыған орай, қазіргі XXI ғасыр да, ұлт та бізден жазба тарихты талап етіп отыр. Екіншіден, ғылыми тарих та керек. Сөз жоқ, тарих барлық уақытта да мүмкіндігінше жазылды. Өз кезегінде мінберден сөз алған Мемлекет тарихы институтының директоры, елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяған:«…Қазақстан тарихын оқыту мен зерттеуде олқылықтардың жеткілікті екенін қынжылыспен атай отыра,ғалымдар тарапынан Қазақстан тарихының теориялық-әдістемелік мәселелері, отандық деректану, тарихнама және зерттеу әдістері бойынша жүйелі жазылған қомақты еңбектер тапшылығы көрініп тұр. Әрине, Қазақстан тарихының жекелеген проблемаларына байланысты теориялық-әдіснамалық ғылыми мақалалар мен шағын оқу құралын жазған авторлар кездеседі. Бірақ, бұл ізденістер қоғам сұранысын толық қамтамасыз ете алмай отыр…- дей келе, ғалым Қазақстан тарихынан теориялық-әдіснамалық еңбектер, нұсқаулықтар және оқу құралдарын жазуды күн тәртібіне қою қажеттігін алға тартты. Отандық тарих ғылымындағы басты кемшіліктің бірі – методологиялық кемшілік екенін де атады. «Методологиялық, теориялық мәселелерді анықтап алмай, басқа ғылымдар сияқты, тарих ғылымының да өз дәрежесінде дамуы мүмкін емес. Қазақстан тарих ғылымының міндеті, функциясы не болуы керек? Алдымен, осыны анықтап алуға тиіспіз. Ең басты методологиялық проблема – осы. Қазақстан тарихы ғылымының міндеті – қазақ ұлтының тарихын зерттеу болуы керек» дейді – Б.Ғ. Аяған. Іргесін бекітіп, ірілігін танытқан мемлекеттің бастауы басынан бастап, қилы кезеңдерді түбінен қопара түгендеп, ақ-қарасын анықтап, барын асырып жібермей, кемін бүгіп қалмай айтып, ақиқатты аттамай, жоқтан бар жасамай таразы басында теңестіріп, бүгінгі тыныс-тіршілікпен ұштастырып ата тарихтан асыл қазына қалыптастыру, соны кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, осы дәстүрді жалғастыра бер деу, алдыңғы толқынның парызы да қарызы.

Елбасының ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына орай Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің ұлттық тарихты нақтылау, жаңғырту және дамыту туралы айтылған сөзі қазақтың тарихшы ғалымдарына бір серпіліс, рухани қуат беретіні ақиқат. Кез – келген ұлт пен ұлыстың өз тарихын білмеуі қатер, ол бейқамдық асқынса құрдымға бастайды. «Есі кірген ел ескісін іздейді» деген аталы сөз – шындық. Бұл Тәуелсіздіктің арқасы. Міне, осындай елдіктің арқасында алқалы топтың алдында мазмұнды баяндама жасаған Мемлекеттік хатшының халықтық дүниетанымды қалыптастыруды қозғауы, қазақ елінің қадір-қасиетін, төрткүл дүниеге түгел даңқы жеткен биік абыройын сөз етті. Ел тарихын ой қазанында қорытып жүрген ғалымдар да өз тұжырымдарын жұрт талқысына салды. Сол ұлт руханияты жан-жақты әңгіме арқауына айналған басқосудағы өрісті ой туралы кәсіпқой тарихшылар да өз байлам-пайымдарын ортаға салуда. Бұл жұмыс билік пен қоғам назарында. Соған сәйкес оған тың серпін беру, жаңа бағыттары мен жолдарын айқындау маңызды мәселе. 5-6 маусымда өткен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында және Мемлекет тарихы институтында еліміздің тарихшы ғалымдары өкілдерінің жиналысында айтылған, талқыланған мәселелер осыған дәлел.

Ұлттық сананы қалыптастыру тарихи білім беруге байланысты. 1995 жылы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» жасалып, мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңесте бекітілген. Сонан бергі атқарылған ауқымды жұмыстардың ішіндегі бір төбесі «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылған іс-шаралар ұшан-теңіз. Дегенмен, уақыт бір орында тұрмайды. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану үдерісі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыруда уақыт күттірмейді, керісінше жалғастыруды талап етуде. Шындығында, соңғы екі жыл бойы жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту бағдарламасын қысқарту, тіптен алып тастау туралы қозғалып жүрген пікірлер көпшілікті алаңдатқаны рас. Мына кеңейтілген отырыста Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің өте терең, ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруға байланысты шараларды айқындаған маңызды да байыпты баяндамасы тарихшылар қауымы ғана емес, барша жұртшылықты алаңдатқан күдіктерді сейілтіп, оқытушылар мен ғалымдарға, жалпы қоғамтанушыларға жаңа серпіліс беріп, қанаттандырды десек, артық айтылмаған болар еді. Бұл мәселені жан-жақты талқылап, нақты іске көшу кезек күттірмейді. Қазір жұмыс топтары қызу қарқынмен іске кірісті деуге болады. Олар – оқулықтарға қойылатын талаптарды орындай білу, білім стандарттарын қоғамның бүгінгі қажеттілігі өлшемімен қайта жасау, жоғары оқу орындарында барлық мамандықтар бойынша Қазақстан тарихы пәнін нақты стандартқа сәйкес оқыту. Ал ғылыми-зерттеу жұмыстары ұлттық тарихи сананы қалыптастыру жобасына сай қатарлас жүргізіле беруі қажет. Тарихтың терең зерттелуі – елдіктің, отаншылдықтың белгісі. Қазақ тарихы өркендеп өссе, ұлттың рухы өрлейді. Астанадағы алқалы жиын – біз үшін, тарихшылар қауымдастығы үшін үлкен абырой!

Тарихтағы адам, ұлт және мемлекет факторын оң пайымдау өркениеттік ілгерілеу мен іркілістегі Қазақстан орнын лайықты анықтауға шылбыр ұстатады. Адамзат баласының тәжірибесі тарихи ахуалға қарай аз халықтан да әлемдік тұлға шығатынын, көп халықтың да жаңсақ басуға баратынын айғақтап отыр. Интеллектуалдық ізденісті серік еткен, бәсекеге қабілетті қоғамның тарихқа қосары да, тарихтан алары да мол болмақ. Кез – келген дамудың мазмұны мен нәтижесі жалғастық пен сабақтастықта жатыр. Бұл қағида бұзылған жерде ілгерілеу болмайды. Мыңдаған жылдар бойы желісі үзілмеген сабақтастық қара шаңырақты ұстап қалған қазақтарға ақыл мен қайратты, ыстық жүрек пен сабырды молынан дарытып, жүз жыл жоңғарлармен соғысқанда, 260 жыл отарлау мен тоталитаризмнің қыспағында қалғанда дұшпанына жер бетінен жойып жіберуге мүмкіндік бергізбеді. Қазақ мың өліп, мың тірілді, ХХІ ғасыр қарсаңында азаттыққа қол жеткізді. Ұрпақ сабақтастығын, яғни ұлы дала тарихына тән бірегейлікті сақтап қалған құдірет не десек, ол – ғасырлар бойы үздіксіз түзілген рухани-мәдени байлық, ол – қазақ әйелінің демографиялық тасқынды бәсеңдетпеген ерлігі. Бұлар қазақ этногенезі мен мемлекеттілігінің іргетасын қалады, қуатын арттырды. Тарих – бәсекеге, сұрапыл сынаққа төтеп бергендердің алатын еншісі. Отан тарихын зерттегенде әсте ұмытуға болмайтын методологиялық ұстаным адамдар іс-әрекетімен жасалатын тарихтың екі-ақ негізде өрбитініне қатысты. Бірі – табиғи-ырғақты тарихи үдеріс, екіншісі – отарлаған немесе өктем сырт күштің тегеурінімен жасалатын тарих. Ұлы дала екеуін де бастан кешті.ХVІІІ ғасырдың басына дейін қазақ жеріне келген қытай, араб, моңғол, жоңғар басқыншылары – бәрі сайын даланың табиғи-ырғақты тарихи үрдісін бұза алмады, қайта өздері қазақтанып кетті. Орыс отарлауы да табиғи-ырғақты дамуды шайқалтқанмен, тамырын қиюға ғұмыры жетпеді. Ұлттың табиғи-ырғақты дамуын күйреткен алапат кеңестік тоталитаризм саясатының негізінде қазақ жерінің біраз бөлігі талан-таражға түсті, елі үшін еңіреген зиялылар атылды, қуғындалды, қазақ тілі бейшара халге ұрынды, аштық миллиондаған қандастарымыздың басын жұтты, демография бұзылды. Ең ауыры – ұлттық жөргегінен жеріген, бөтеннің құндылықтарын қастерлеген, аты қазақ, заты бөлек ұрпақтар легінің өсіп шығуына жол ашты. Ұлттың тұтастығына, болашағына, мемлекет тағдырына төнген қатердің жиынтық көрінісінің куәгеріміз. Осы орайда, бүгінгі ұлттық тарихымызға дағдарыс пен іркілістен гөрі ізденіс, теориялық-методологиялық жаңару, қайта өрлеу қажет. Қазіргі уақыт аралығында ата тарихымызды қайтадан зерделеуде ежелгі дәуірден тартып, Астананың ауысуына дейінгі үдерістер жаңаша бағамдалып зерттелуде, бұрын-соңды қолға түспей келген дереккөздер жариялануда. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы тарихи таным көкжиегін мейлінше кеңейткенін айтпай кету мүмкін емес. Жарияланып жатқан зерттеулердің көптігі соншалық, ғылыми-ақпараттық тасқынға ілесе алмаудамыз. Бұл үдеріс алдағы уақытта артпаса, бәсеңдемейтіні анық. Демек, Отан тарихынан, тарихнамасы мен деректанудан, археологиясы мен этнологиясынан жазылған, жазылатын еңбектердің методологиясын қарабайырлықтан, эклектикадан, еліктегіштіктен қорғап, басты назарды тарихи заңдылықтарды дәйектеуші өреге аударатын уақыт келді. Болашақтағы дайындалатын «Қазақстан тарихы» оқулығында қазақ халқының тарихи қалыптасқан жерінің иесі, мемлекетті негіздеуші ұлт екендігін дәлелдей отыра, Отан тарихының кезеңдерінің өзара байланыстылығын дәріптеу арқылы, халқымыздың отарлыққа түсіп, бодандануының себептерін саралап, одан қазіргі ұрпақтың сабақ ала білуін көрсету, сол арқылы қазіргі көпұлтты Қазақстанның беріктігі мен қуаттылығының кепілі – оны мекендеп отырған барша ұлт өкілдерінің достығының тарихи мысалдарын көрсету арқылы «Қазақстандық патриотизмді» қалыптастыру. Ұлттық құндылықтарымыздың бірегей бағытындағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі Қазақстан тарихындағы орнына баға беру. Қазақстан өлкелерінің тарихына барынша назар аудара отырып, осы бағытқа арналған оқулықтар, ғылыми шығармалар дайындауға аймақтағы тарихшылардың біліми – ғылыми потенциалдарын ұйымдастыруды қолға алу бағытында жұмыс жасау. Сонымен қатар, арнайы орта, жоғары оқу орындарында міндетті түрде оқылатын «Өлкетану» пәнін енгізу арқылы ұлт тарихын ұлықтаудың ғылыми арнасын кеңейте түсері даусыз. Тарихтағы адам, ұлт және мемлекет факторын оң пайымдау өркениеттік ілгерілеу мен іркілістегі Қазақстан орнын лайықты анықтауға жағдай жасайды. Адамзат баласының тәжірибесі тарихи ахуалға қарай аз халықтан да әлемдік тұлға шығатынын, көп халықтың да жаңсақ басуға баратынын айғақтап отыр. Интеллектуалдық ізденісті серік еткен, бәсекеге қабілетті қоғамның тарихқа қосары да, тарихтан алары да мол болмақ.Ойымызды қорытындылай келе, Қазақстанда қалыптасқан тарихи білім мен ғылымының дамуындағы негізгі нәтижелерді кешенді түрде қарастырубағытындакәсіби тарихшылар қауымының сүбелі еңбектері таусылмайтын қазына болары анық.

3.Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор. Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер – «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады…».

Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды. Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық – Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды.

3,ә)Қағазда бар                                                                                                                                                                                                                             4. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның щет аймақтарында патшалық шенеуніктердің озбырлығы мен жәбірленушіліктері әлдеқайда көбейді. Қазақстанда, әсіресе Сырдарияныңсолтүстік-шығыс аудандарында, Жетісудің оңтүстігінде және тағы басқа облыстарда қазақтардан жерлердің жаппай тартып алуы жалғасты. Тек бір Жетісу облысында ғана соғыстың алғашқы үш жылы ішінде ең жақсы мал жайылымдары мен егін салатын жерлердің 1800 дес. тартып алынды, ал осы жерлердің иелері – қазақтар шаруашылықты жүргізу үшін аз немесе мүлдем жарамсыз шөл және шөлейт аудандарына күшпен көшірілді. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлері, шенеуніктер, дін басылар, казак әскерлері және Ресей мен Украинадан қоныс аударушы шаруаларға берілді. 1916 ж. ортасына қарай қазақ халқынан тартып алынған жерлердің жалпы аумағы 45 млн.дес. құрады. Соғыс шикізат, азық-түлік, мал және тағы басқа материалдық құндылықтардың үлкен санын жұтты. Осыған байланысты қазақ халқына жаңа ауыртпалықтар түсті: еттің міндетті жеткізілуі, малдың жаппай мемлекеттің меншігіне алынуы, күймелі арбаға жаңа әскери салық енгізілді, земстволық алымдар мен бай болыстық алымдар – болыстық билеушілерді асырау үшін жиындар үлкейді, сонымен қатар жол және басқа жиындар үлкейді. Соғыс басталғаннан кейін жергілікті тұрғындарға қатысты салықтар 3-4-ке, ал бөлек жағдайда – 15-ке өсті. 1916 ж. таптық және ұлттық езгінің, соғысқа қарсы өшпенділіктің өсуі жаппай бола бастады. Қазақстан және Орта Азияның барлық аймақтарын қамтыған 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысы соғыстың жарық көріністерінің бірі болып, елдегі жалпы ұлттық дағдарыстың жетілу процестерін тездетті. Әлеуметттік-экономикалық және саяси сипаттың факторлары, яғни отарлық езгінің күшеюі, жерлердің тартып алынуы, салықтар мен алым-салықтардың өсуі, еңбек етушілерді қанау, аймақтағы қазақ және басқа ежелгі халықтарға қатысты патша өткізген орыстандыру саясаты, соғысқа байланысты көптеген халықтар жағдайының нашарлауы қозғалыстың  маңызды себептері болды. Қазақстан, Орта Азия және жартылай Сібірдің 19-43 аралығындағы «жат» ер адамдарын тыл жұмыстарына әскерге әкету туралы 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы қозғалыстың басты себебі болды, сол адамдарды әрекеттегі әскердің ауданында қорғаныс құрылыстары мен әскери қатынас жолдарын салу бойынша жұмыстарға тартуға жоспарланды. Қазақстан және Орта Азия елдерінен 400 мың адам алынды, соның ішінде Қазақстанның облыстық далаларынан – 100 мың аса адам, Жетісудан – 87 мың адам алынды. Шілденің басында Қазақстанның барлық аймақтарында апатты қозғалыстар басталды, көп кешікпей қаруланған қозғалысқа айналды. Болыс билеушілері, ауыл старшындары және тың жұмыстарында тізімді құрайтын патша әкімшілігінң төменгі агенттері халық ашуының бірінші соққысын өзіне алды. Қазақтарда туу туралы куәліктің жоқтығын пайдалана отырып, олар кедейлердің жас ерекшеліктерін ескермей, тізімге өз еркімен қосты, ал бай балаларын пара үшін әскерге шақырудан босатты. Тәжірибеде тізімдерді құру жүйесі жаппай парақорлық пен қиянат етушілікті тудырды. Сонымен қатар патша өкіметі лауазымды тұлғалар, болыстар, ауыл билеушілері, бұрынғы тұрғындардың төменгі полиция қызметкерлері, имамдар, молла мен мударистер, шағын несие мекемелерінің есеп жүргізуші мен есепшілер, жоғары және орта оқу орындарында оқитындар, үкімет кәсіпорындарының шенеуніктері мен тұлғалары, ақсүйектер мен құрметті азаматтар құқықтарын пайдаланатындарды жинақтарда босатты. Патшаның қатал қаулысы және орындарда оны атқарудың әділсіз әдістерімен жұмыс істегендер, қолына не түссе сонымен қаруланғандар патша өкіметінің өкілдері – болыс билеушілері, ауыл старшындары, полицейлер, казактар, шенеуніктерге: «Адамдарды бермейміз!» – деп шабуыл жасады. Олар тың жұмыстарынан босатылатынына сеніп, болыс билеушілері мен ауыл старшындардың кеңселерін, үйлерін өрттеді, іс қағаздарын, әскерге шақырылғандардың тізімін жойды. Бірте-бірте апаттық қозғалыс ұйымдық сипатқа ие болды: А. Иманов, А. Жангельдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, У. Саурықов, Ж. Мамбетов және т.б. танылған басшылардың жетекшілігімен Торғай және Жетісуда ірі ошақтар пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды жаулап алды және патшаның әскери-отарлық және кең ауқымды орыстандыру саясатына, сонымен қатар ауылдың бай-феодалдық басшыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысқа айналды. Сонымен бірге қозғалыс халық шаруашылығының дағдарысына және халықтың кедейлігіне әкелген империалистік соғысқа қарсы бағытталған. Осында ол Ресейдегі жұмыс тобы мен шаруалардың төңкерістік күресімен қабысты. Қазақ халқының бостандық және тәуелсіздік үшін барлық алдыңғы күресін қорытындылаушы ұлттық және саяси азаттығы 1916 ж. көтерілістің маңызды мақсаты болып табылады. Ұлттық шаруаның кең қабаттары, сонымен қатар өсетін жұмыс тобының өкілдері, қолөнершілер көтерілістің негізгі жылжымалы күші болды. Оған қазақ халқының басқа қабаттарының өкілдері қатысты, олар: билер, сонымен қатар демократиялық зиялылар. Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс оңтүстік облыстарды санамағанда (Жетісу және Сырдария облыстары), көп ұлтты болды, сол көтерілісте қазақтармен бірге ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және басқа халқының кейбір өкілдері қатысты. Қазақ қоғамында патша жарлығына деген қатынасы бір мағыналы емес болды: бай-феодалдық басшыларының белгілі бөлігі, сонымен қатар жергілікті әкімшіліктің шенеуніктері патша өкіметін сөзсіз қолдап, патша өмірінің басты жолаушылары болды; қазақ зиялылардың негізгі өкілдері (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) оған қарсы шықты және халықты қарулы тойтрарысқа шақырды, ал «Қазақ» газетінің біріктіруші либералды-демократиялық зиялылардың басшылары (А.Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов) жасқаншақ позицияда болды. Олар бірнеше рет патша әкімшілігін дайындық іс-шараларды өткізу жұмылдырығымен асықпауға көндіру тырысты, сонымен қатар қарусыз халық патшалық репрессияның құрбаны болатынын біліп, жарлықты орындауда қарсылық білдірмеуге шақырды. Жетісу және Торғай облыстары көтерілістің ірі орталықтары ретінде болды. Семей облысында қарулы тойтарыс жайппай сипатқа шілде-тамыз айында ие болды. Барлық жерде найзалар, аң аулайтын мылтық, суық қарумен қаруланған көтеріліс жасақтар ұйымдастырылды. 17 шілдеде Жетісу мен Торғай өңірлерінде соғыс жағдайы жарияланды. Патша өкіметтері осында ірі әскери күштерді әкелді, әскери гарнизондарды нығайтты, қазақ және қырғыз көтерілісшілеріне зәбір көрсету үшін Жетісудағы қоныс аударушы тұрғындарынан қарулы жасақтарды құрды.көтерілісшілердің патша жазалаушыларымен ірі қақтығысы Асы шатқалы, Қарқара тау алқаптары, Самсы ст. ауданы,  Қастек, Нарынкөл, Шарын, Құрама аудандары, Лепсі ауданының Садыр-Матай болысында және тағы басқа жерлерде болды. Қыркүйек-қазан айының басында жан-жақтан жазалаушылар жасақтарымен ығыстырылған жетісулік көтерілісшілердің маңызды бөлігі өлім таяғын соққан ұрыспен шегініп, Батыс Қытайға кетуге мәжбүр болды. Жетісуда көтерілісшілердің қозғалысы қаталдылықпен басылса, Торғай даласында ол күннен күнге күшейіп, өсіп отырды. Басында А. Иманов пен Ә.Жангельдин тұрған көтеріліс табан тірескен және ең ұзақ болды. Мұрағат құжаттары бойынша көтеріліс басында көтерілісшілер жасақтарының саны 50 000 адамды құрады. А. Иманов оң мың ұйымдастырылмаған көтерілісшілерден он, елу, жүз және мыңдыққа бөлінген тәртіпті әскери жасақты құрды. Әрбір бөлімшенің басына онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасылар қойылды. Мергендердің арнайы бөлімшесі (мергендер жасағы) құрылды.  Әскери кеңес А. Имановты сардарбек – көтерілісшілердің бас қолбасшы етіп сайлады. А. Имановтың көтерелісші әскери бақылап отырған аудандарда төменгі ауыл-болыс әкімшілігі шеттетілді, азамат билігі көтерілісшілер қолына ауысты. А. Иманов ол басқарған кеңес тың қызметін ұйымдастырды, көтерілісшілерге азық-түлік, жылқы, ұстаханаларда қолдан жасалған қылыш, қанжар мен найза және тағы басқалармен қамтамасыз етуді арнайы тағайындалған тұлғаларға  жүктеді. 22 қазанда А. Иманов басқарған 15 мыңі көтерілісші Торғай қ. қоршап алды. Қаланы қоршап алуы бірнеше күнге жалғасты. Ал ол уақытта қалаға үш жақтан генерал-лейтенат А. Лавретеньевтің жалазаушы тобы бет алды. Көтерілісшілер пата жалазаушыларының жылжып келе жатқаны туралы мәліметті алғаннан кейін, Торғай қамаудан босатып, патша әскерінің жасақтарына қарсы шықты. 16 қарашада А. Иманов басқарған 12 мыңдай сарбаз Топкойм пошта станциясының маңында подполковник Катоминнің жазалаушы жасағына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі салмағы жанды күшті сақтау үшін қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 шақырымдай алшақтап, Батпаққары ауданында шоғырланды. Осы жерден 1916 ж. қараша айының екінші жартысынан 1917 ж. ақпан айының ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жорықтар жасалды. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасындағы қақтығыстар Татыр Ақшығанақ, Дұғал-Өрпек, Күйікте өтті. А. Иманов штабы орналасқан Батпаққары ауданындағы күрестер шиеленіскен болды. Олар 1917 ж. ақпан айының екінші жартысында өрістей бастады. Осы күрестер А. Иманов көтерілісшілері Ақпан буржуазия-демократиялық көтеріліске тап болды. Қазақстанда көтеріліске шыққан басқа аймақтарда да патша жазалаушы жасақтарымен қатал күресті жүргізуге тура келді. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 кавалериялық жүздіктер, 11 күшейтілген жаяу әскер шықты, ал торғай көтерілісшілеріне қарсы патша өкіметі 17 атқыш ротасы, 18 казақ жүздіктері, 4 кавалериялық эскадрон, 18 қару, 10 пулет және тағы басқаларын жіберді. Алайда жазалаушылар көтерілісті Ақпан төңкерісіне дейін баса алмады. Тек патша өкімет құлағаннан кейін Торғай облысындағы көтерілістер тоқтатылды. Көтерілісті басу үшін Жетісуға 8750 найзашылары бар 95 ротаны, 3900 қылышты 24 жүздікті, 16 зеңбірекші мен 47 пудеметшіні жіберілді. Жетісуда ондаған қазақ және қырғыз ауылдары жойылды, бейбітшіл халық мейірімсіз қудалауға ұшырады. Патша өкіметімен қудаланған 300 мың қазақ пен қырғыздар немесе Жетісудағы байырғы тұрғындардың төрттен бір бөлігі Қытайға қашуға мәжбүр болды. Сот және тергеусіз атылғандар, қоныс аударушы ауыл тұрғындарынан құрылған жазалаушы мен жасақтардың қолынан қазақ тапқандарды есептемегенде, 1917 ж. 1 ақпанда Түркістан өңірінде генерал-губернатор Куропаткин бекіткен сот шешімі бойынша өлім жазасына 347, азапты жұмыстарға – 168, абақты қамауға – 129 адам кесілді. 1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық тарихында ерекше орынды алады. Империализм және бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында Амангелді Иманов және көтерелістің басқа жетекшілері өз уақытында Сырым Датұлы, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы, Кенесары, Наурызбай Қасымов бастаған тәуелсіздік үшін күреске халықты шақырды. Тұңғыш рет ұлт-азаттық көтерілістен кейін Кенесары Қасымов жетекшілігімен 1916 ж. көтереліс кең аймақтың барлық өңірлерін жаулап алып, бүкіл қазақтық сипатқа ие болды. Көтеріліс антиотарлық және антиимпериалистік бағытқа ие болды, топтық кезең (ауылдың феодалдық басшылығына қарсы күресі) халықтың ұлттық және саяси азаттық көтерілісітің маңызды міндетімен салыстырғанда екінші кезекте болды

5.XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:

Түркістан генерал-губернаторлығы
(Орталығы – Ташкент)
Сырдария облысы
Жетісу облысы

Дала генерал-губернаторлығы
(Орталығы – Омбы)
Ақмола облысы
Семей облысы
Орал облысы
Төрғай облысы

1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледіҚұрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді. XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.

6.соткада                                                                                                                                                                                                                          7.Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ.) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды.Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, Ақмоладан Ш.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев, Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды. Мұсылман фракциясына 36 депутат енді. Бұл фракция «мұсылман фракциясы» және «мұсылман қызмет фракциясы» болып екі топқа бөлінеді. 1907 жылдың 21 сәуірінен мұсылман депутаттары «Дума» газетін шығарып, Думада қаралып жатқан мәселелерді жариялап тұрды. Мұсылман фракциясы Ресейдің шет аймағындағы отарлау саясатын әшкерелеп, парламенттік жолмен кұрес жұргізді. Қазақ депутаттары Нұрекенов, Алдабергенов, Қосшығұлов, Бірімжанов мұсылман фракциясының құрамына, Тынышбаев конституциялық-демократиялық фракция құрамына кірді. Қаратаев алғашқы кезде тіркеу тізімі бойынша кадет партиясыныц құрамына, кейін партиялық фракция мен топтарды толықтай құрған кезде мұсылман фракциясының тізіміне енгізілді. Үкіметтің аграрлық және отаршыл саясатын сынға алған бұл Дума депутаттары құрамы жағынан да, күн тәртібіне қойылған талқылау жағынан да Бірінші мемлекеттік Думадан төрі солшыл болып шықты. Думаның 39-пленарлық отырысында қазақ өлкесіндегі жер саясатына байланысты Егіншілік пен жерге орналастыру ісінің бас басқармасының бастығы князь Васильченко мен Министр Кеңесінің төрағасы Столыпиннің қазақ жеріне қатысты жүргізіп отырған қанаушылық, озбырлық істерін дәлелді фактілер келтіре отырып сынға алып, «қоныстандыру» саясаты қазақ шаруашылығын күйзеліске ұшыратуы мүмкін деген алаңдаушылықтарын білдірді. 1907 ж. 3-ші маусымда таратылды.

Мұсылман фракциясы – Мемлекеттік думадағы мұсылман халықтары өкілдерінің парламенттік фракциясы (1906 – 1917 жылы).
Бірінші Мемлекеттік думадағы 436 депутаттың 36-сы мұсылман депутаттары еді. Олар бүкіл империя мұсылмандарының мүддесін қорғау мақсатында парламенттік фракция құрды. Төрағалыққа белгілі Әзірбайжан қайраткері Ә.Топчибашев, бюро құрамына М.Ралиев, С.Алкин, И.З. Зиятканов, А.Ахметов, Ш.Сыртланов және С.Жантөриндер бір ауыздан ұсынылды. Мұсылман фракциясы депутаттары Мемлекеттік думада құрылған жер, азаматтық теңдік, қаржы комиссияларының құрамына еніп, мұсылман халықтарының мүддесін қорғау жолында қызмет етті. Онда қазақ депуттары А.Бірімжанов пен А.Қалменов қазақ халқының мүддесін көздеді. Мұсылман фракциясы елдегі оппозициялық саяси күштермен бірікті. Олармен бірге Мұсылман фракциясы Мемлекеттік думаның құқын кеңейте түсуді, заң шығару ісімен қатар үкіметті де Мемлекеттік дума қолына тапсыруды талап етті. 1907 жылы ашылған Екінші Мемлекеттік думаға сайланған 518 депутаттың 35-і мұсылман халықтарының өкілдері болды. Бірақ онда мұсылман депуттары бір фракция төңірегіне топтаспады. Олар “Ресей мұсылмандары одағы” және “Еңбек партиясы” бағдарламасын қолдаушылар болып екіге бөлінді. “Ресей мұсылмандары одағы” ұйымының бағдарламасын қолдаушылар МҰСЫЛМАН ФРАКЦИЯСЫна бірікті. Оның төрағасы болып Мұхаммедкәрім Биглов сайланды. Ал бюросы құрамында Б.Қаратаев, Қ.Тевкелев, ұ.Маһдиев, Х.Хасмамедов, Ф. Хан-Хойский кірді. Олар әзірлеген бағдарламада Мұсылман фракциясының мақсатына сай саяси, экономикалық, діни, т.б. бірқатар реформаларды жүзеге асыру жолында Ресейдің мұсылман азаматтары іс-әрекеттерін біріктіруі керектігі атап көрсетілді.

  1. 8. Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.
    Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.
    Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Ихтисад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті.
    Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.
    Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Ихтисад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті.

10.Бірінші дүние жүзілік соғыс.Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):
Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).
Антанта (Англия, Франция, Россия).
Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.
Соғыстың себептері:
Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.
Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.
Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери – өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.
Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:
1. 40899244 пут мақта
2. 38 мың шаршы аршын киіз
3. 3 млн. пут мақта майы
4. 229 мың пут сабын
5. 300 мың пут ет
6. 473928 пут балық
7. 70 мың жылқы
8. 12797 түйе алынды
9. 14 мың киіз үй салынды
Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.
Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті.
Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы – XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.
Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.                                                                                                                                                            Көтерілістің негізгі себептері:
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);
2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;
3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;
4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;
5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;
6. Орыстандыру саясаты.
Көтерілістің қозғаушы күші – өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.
Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:
1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.
2. Революцияшыл топ өкілдері – Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.
3. Либералдық-демократиялық зиялылар – Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық бағыт ұстанды.

12.Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның қазақстанға ықпалы
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында – Оралда (төрағасы – Әлібеков); 11-наурызында – Семейде (төрағасы – Р.Мәрсеков); Омбыда (төрағасы – Е.Итбаев); наурыздың аяғында – Верныйда (төрағасы – И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері «Қазақ» газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы, Ә.Бөкейханов – Торғай облысы бойынша, М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов, Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді. Облыстық съездердің ішінде Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленді. Съезд жұмыстарына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, М.Жұмабаев және басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. Соның арқасында съезд шешімдерінде «Алаш» қозғалысының бағдарламалық талаптары өз көрінісін тапты.

13 Алаш партиясының құрылуы.  Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».

Үш жүз-1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа ШоқайСералы Лапин болды.

«Ислам жолындағы кеңестің» ұйымдастыруымен 1917 жылғы қарашада Қоқан қаласында IV төтенше өлкелік мұсылмандар съезі шақырылып, онда кеңестік билікке балама Түркістан (Қокан) автономиясы құрылғандығы жарияланып, үкіметі құрылды.[1]

 

«Шура-и ислам», , Ислам кеңесі – 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым.Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.[1]

Шуро-и-Улема”, Ғұламалар қоғамы, Ғұламалар кеңесі – қоғамдық-саяси ұйым. 1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте көрнекті қазақ қайраткері С.Лапиннің жетекшілік етуімен құрылған. “Шуро-и-Улема” ұйымы Түркістан өлкесінің жергілікті халқының мүддесін қорғау ислам діні қағидаларымен ұштастырылғанда ғана жүзеге асады деп санады. Соған орай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінен мұндай ұстанымның жүзеге асуын талап етті. Түркістан өлкесіне Ресей Федерациясы құрамында аумақтық автономия берілуін жақтай отырып, олар ұлттық-діни ой-пікірлерді мерзімді баспасөз арқылы насихаттау күнделікті өмірде талас тудыратын мәселелерді Шариғат арқылы шешу керектігін өз ұйымдарының жарғысына негіз етіп алды.

  1. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс— 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды.Көтерілістің шығу себебі

Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.

Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.

  1. 16. Ол бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді шешуді жүктейді. Сонымен қатар, тәуелсіздік алған жылдардан кейін еліміздің алдындағы өзекті мәселелердің бірі – жаңа заман талабына жауап бере алатын мемлекеттің ұлттық идеясын жасау мәселесімен қатар, қазіргі модернизациялану жағдайында қоғам өміріндегі ұлттық идея¬ның алатын орнын анықтап, рухани жетілу, адамгершілікті дамыту, идеологиялық біріктіру қызметтерін кеңейту мүмкіндіктерін іздестіру қажеттілігі туды. Қазақстандық көпұлтты қоғамның қазіргі ұлттық даму сатысындағы өзіне тән ерекшеліктердің бірі – әртүрлі құндылықтар негізінде қалыптасқан сан-алуан әлеуметтік-мәдени құрылымдардың қатар өмір сүруі және олардың әрқайсысына сәйкес қоғамдық сана мен мінез-құлық үлгісінің пайда болуы деп айтсақ болады. Сонымен қатар, бұрыңғы концепциялар қайта қаралып, тарихта ұмытылған немесе тоталитарлы кезеңде тыйым салынған құбылыстарды қайта жаңғырту үрдісі байқалуда. Осылайша, қазіргі қоғамдық өмірдің реформалануы мен демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасы мен ТМД-да болып жатқан түбегейлі өзгерістер тұсында ұлттық идеяны қалыптастыру – тарихи қажеттілік, әрі уақыт талабы болып табылады. Жоғарыда айтылғандардан көретініміз, халыққа ортақ бағыт-бағдар беретін ұлттық идеяны қалыптастыру көпұлтты қоғамды біріктірудің маңызды шарты болып табылады. Себебі, өз дамуының белгілі бір шарықтау шыңына жетіп, дамудың түбегейлі жаңа сатысына көтерілудің орасан зор мақсаты жолындағы қоғам мен мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және басқа барлық күштерін біріктіру міндеті туындаған кезде кез келген ел өзінің ұлттық идеясын қалыптастыруға деген қажеттілікті сезінеді. Ұлттық идеяның табиғатын түсіну үшін, алдымен «идея» мен «ұлт» түсініктерінің ғылыми анықтамаларына тоқталуымыз қажет.

Ә) Ұлы тұлға, саяси көсем Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО Бас конференциясының 2-18 қараша аралығында өткен 38-сессиясының шешімімен «Бүкіләлемдік шынайы даңқты қайраткер» деп танылып, атап өтуге қаулы қабылдаған. Соның барысында Қазақстанда Әлихан Бөкейханның мұрасын насихаттау жұмыстары, мерейтойын атап өту салтанатты шаралары жылдың басынан басталып кетті.

20.Түркістан АвтономиясыҚоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар «Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі» 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесімен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік «еуропалық» ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.

  1. Алаш қозғалысы— 20 ғ-дың алғашқы ширегіндеРесей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.

Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатынОсы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды.

23.Қазақстандағы азамат соғысы

Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды.
1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері А.с-ның ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азамат соғысының тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.

  1. Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шеек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты. Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор
    губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С.Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай,1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Антикеңестік күштер Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда да топтасты. Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады. Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықты. Ақ гвардияшыл офицерлер мен юнкерлер Верный қаласына жан-жақтан келіп бас қосып жатты, осы жерде алаш полкі құрыла бастады. Ақ қазақтар диктатурасы Кеңес өкіметін жақтаушыларға қарсы зорлық-зомбылық шараларын жүргізді. Шаруалар депутаттары облыстық Кеңесі газетінің редакторы Березовский, жұмысшы Овчаров айуандықпен өлтірілді, көптеген жұмысшылар мен солдаттар — жергілікті Кеңестердің мүшелері тұтқынға алынды. Азамат соғысының ендігі бір ошағы 1917 жылы
    қарашада Оралда қалыптасты. Осында құрылған Орал қазақ әскерлерінің облыстық «Әскери үкіметі» ақ гвардия офицерлеріне, қазақтардың атаман-кулак элементтеріне сүйенді, оларға жергілікті әсерлер, меньшевиктер және алашордашыАзамат соғысының етек алуына бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия-Венгрия армиясының солдаттарынан құрылған Чехословак корпусы бүлігінің үлкен маңызы болды. Жақсы қаруланған 50 мың адамдық корпус 1918 жылы мамырдың аяғында Еділ бойы мен Сібірде —Транс сібір магистралінің ұзына бойында Кеңестерге қарсы шықты. Корпустың бір бөлігі ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып, Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. Чехословак корпусының бас көтеруі большевиктерге қарсы барлық күштерді қозғалысқа келтірді. 1918 жылы 11 маусымда Кеңес өкіметі Семей қаласында құлатылды.лар белсенді түрде қолдау көрсетті.

Әске­ри ком­му­низм са­яса­ты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азық-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лығы енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды

25.Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы «қырғыз» деген атауды «қазақ» деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды. ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы – алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.Шекарасы -1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен. солтүстік-бастысында – Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде – Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде – Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы – 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша – 7 260,5 мың.  адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) – 911,2 тыс.  адам болды.                      Қазревком мүшелері: С.Меңдешев (1882-1937)1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы; 1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары; 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы; 1937 жылы репрессия құрбаны болды. Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)1915 жылы коммунистік партия мүшесі; 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары; 1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы; 1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары А.Байтұрсынұлы(1873-1937)»Алаш» партиясын құрушылардың бірі – «Қазақ» газетінің редакторы. 1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі. 1937 жылы репрессия құрбаны болды.

26.Жаңа Экономикалық Саясат

Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. [1] Өнеркәсіптегі өзгерістер: Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды. 1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді. 2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді. 3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті. Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер: 1. Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда) 2. Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды. 3. 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды. 4. Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті. 5. Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды.жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. 6. Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды. 7. Жерді арендаға беруге рұқсат берілді. 8. Несие берілетін болды. 9. «Қосшы Одағы» құрылды. 10. 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады. Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды. Сауда: сауда еркіндігі еркіндігі қалыптасты. Оған дәлел: 1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды. 2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді. 3. Жәрмеңкелер ашыла бастады. Мысалы, Ақмола губерниясында «Атбасар» жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл», «Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды. Қазақ жерінде барлығы жеті өлкелік, он үш губерниялық және жетпіс бес жергілікті жәрмеңке ашылған болатын. 4. Жеке саудаға рұқсат берілді. Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы: 1. Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді. 2. Ауыл шаруашылығы дамымай қалды. 3. Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді. 4. Өнеркәсіп артта қалды, дамымады. 5. Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды. 6. Саяси өмірде демократия бұрмаланды. 7. Еркіндік мүлде болмады. 8. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.

Ә)жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтар да кездесті. Атап айтқанда, 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге карағанда республикада 2,3 млн. адам ашыққан. Осы киын-қыстау күндерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4475 мың пұт астық 183 мың пұт картоп жіберді. Түркістан мен Украин республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Жұт пен қуаңшылықтан зардап шеккен кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пұттан астам тұқымдық берілді. Бұл дән 1921-1922 жж. бір милллион гектардан астам күздік және жаздық егістікке себілді. Алайда Қазақ Республикасы халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр болып қала берді.20-шы жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды рөлі болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын жою бағытында іске асырылған шаралар еді. Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістанның көптеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ шаруалары жайылымдарын алды.Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын асыру үшін бұқаралық ұйым Қосшы одақтары құрылды. Оның жарғысы кедейлердің таптық сана-сезімін арттыру, олардың мүдделерін қорғау және Кеңес өкіметіне көмектесу сияқты мақсаттарды іске асыруды көздеді. Одақтарды құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформаларын жүргізуде Ж.Бөрібаев, О.Жандосов, А. Розыбакиев, т. б. қоғам қайраткерлер көрнекті қызмет атқарды. 1921 жылғы наурызда Жетісуда 17 мыңнан астам мүшесі бар Қосшы одағының 99 ұясы жұмыс істеді.

  1. ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫ(ҚазАКСР)– 1920 – 36 жылдарғы кеңестік автономиялық мемлекеттік құрылым. 1919 ж. 10 шілдеде В.И. Ленин “Қазақ (қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы” декретке қол қойды. Ревком құрамына С.С. Пестковский, Б.Қаратаев, Ә.Жангелдин, А.Байтұрсынов, С.Меңдешов, Ә.Әйтиев, т.б. енді. 1920 ж. 30 тамызда Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК құрамында “Автономиялық қазақ (қырғыз) Социалистік Кеңес республикасын құру туралы” декрет қабылдады. Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал обл. және Каспий обл. мен Астрахан губ-ның қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қ. болып белгіленді. 1920 ж. 4 – 12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты. Съезде Қазақ АКСР-дің ОАК сайланып, ХКК құрылды. 1921 ж. соғыс коммунизмі саясатының орнына жаңа экон. саясат енгізілді. 1921 – 22 ж. жер-су реформалары жүргізіліп, 470 мың га-дан аса жер қазақ шаруаларына қайтарылды. 1924 ж. 5 – 10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды. Кеңестік Орта Азия республикаларын ұлттық-межелеу нәтижесінде Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандары Қазақ АКСР-ге қосылды. Патша әкімш. енгізген “киргиз” деген атау 1925 ж. сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атын қайтарып алды. Ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губ. РКСФР-ге өтті. Жаңа әкімш. бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал (құрамына Бөкей обл. уез дәрежесінде кірді) облыстарынан және респ. үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ, Қарақалпақ автономиясы облысы кірді. 1928 ж. Қосшы одақтары нығайтылып, 300-ден астам ұжымшар (колхоз), 5 кеңшар (совхоз) құрылды, губерниялар мен уездер таратылып, округтер мен аудандар құрылды. 1929 ж. 13 округ (Адай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Гурьев (қазіргі Атырау), Қарқаралы, Қызылорда, Қостанай, Кереку (қазіргі Павлодар), Қызылжар (қазіргі Солт. Қазақстан облыстары), Семей, Сырдария, Орал) құрылды. 1929 ж. мамырда ел астанасы Алматыға көшірілді. 1929 ж. жаппай ұжымшарға бірігу қозғалысы басталды. Ол байлар мен кулактарды тап ретінде жою, кеңестік озбырлық тұтатқан көтерілістерді қарулы күшпен басу және көшпелі халықты отырықшыландыру науқандарымен қатар жүргізілді. 1928 – 37 ж. республикада 1–2 бесжылдық жоспарлары бойынша 200-ге жуық ірі өндіріс орындары салына бастады. Олардың ішіндегі ірілері Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту з-тары болды. КСРО-дағы 3-көмір бассейні атанған Қарағанды және Алтайдағы кен орындары тез дамыды. Жедел түрде Түрксіб т. ж. іске қосылды. 1932 ж. бұрынғы округтер таратылып, орнына 6 облыс (Алматы, Ақтөбе, Бат. Қазақстан, Қарағанды, Оңт. Қазақстан, Шығ. Қазақстан) құрылды. 1936 ж. КСРО-ның жаңа конституциясы бойынша ҚазАКСР одақтас республикаға айналды.

29. КСРО тарихы

Кеңес Одағы, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы, КСРО – бұрынғы Ресей империясы аумағының шегінде 1922 – 91 ж. болған мемлекет атауы. 1917 жылғы Қазан төңкерісі нәтижесінде коммунистер (большевиктер) мемл. билікті өз қолдарына алған соң, бұрынғы Ресей империясы құрамындағы неғұрлым дамыған ұлттық құрылымдар (Польша, Финляндия, Балтық теңізі жағалауы елдері) дербес мемлекет болып бөлініп шықты. 1918 ж. қаңтарда өткен Жұмысшы, солдат және шаруа кеңестерінің (бұдан әрі кеңестер деп аталады) біріккен съезінде “Еңбекші және қаналған халықтардың декларациясы” жарияланды. Езілген ұлттарға өз республикаларын құруға мүмкіндік берілді. 1918 ж. 4 – 10 шілдедегі Кеңестердің 5-Бүкілресей съезінде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының (РКФСР) тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1919 ж. наурызда мемл. билік басындағы Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясының РК(б)П жаңа бағдарламасы қабылданып, елде социализм орнату жолдары белгіленді. Бағдарламаға сәйкес ішкі және сыртқы контрреволюциямен күресу үшін 1919 ж. маусымда Ресей, Украина, Белоруссиядағы кеңестер билігін (қ. Кеңес өкіметі) жақтайтын мемл. органдардың әскери, саяси, шаруашылық одағы қалыптасты. 1918 ж. 30 сәуірде Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Түркістан АКСР-і), 1920 ж. 26 сәуірде Хорезм халық кеңестік республикасы, 1920 ж. 8 қазанда Бұхар халық кеңестік республикасы, 1920 ж. 4 қазанда Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Қазақ АКСР-і) құрылды. Қызыл армияның Кавказға жорығы нәтижесінде ондағы ұлттық үкіметтер құлатылып, Әзірбайжан кеңестік социалистік республикасы (28.04.1920), Армян кеңестік социалистік республикасы (29.11.1920), Грузин кеңестік социалистік республикасы (25.02.1921) жарияланды. 1922 ж. 12 наурызда осы үш республика бір федеративтік одаққа (Закавказье Соц. Кеңестік Республикалардың федеративтік одағы, ЗСКРФО) бірікті де, сол жылдың аяғына қарай (13.12. 1922), Кеңестердің 1-Закавказье съезінде ЗСКРФО біртұтас Закавказье Социалистік Федеративті Кеңес Республикасы (ЗСФКР) түріне айналдырылды, әрі оған кірген республикалар дербестігін сақтайтын болды. Ресей мен Жапония арасында болуы ықтимал әскери қақтығыстың алдын алу және ақ гвардияшыларды, интервенцияны жоюға жағдай туғызу мақсатында 6.4.1920 ж. жарияланған Қиыр Шығыс республикасы, алға қойылған мақсат орындалған соң, 15.11.1922 ж. ВЦИК декретімен барша жері РКФСР-ге оның құрамдас бөлігі ретінде қосылды. 1922 жылдың ортасына таман бұрынғы Ресей империясының барлық жерінде дерлік кеңестер билігі орнады. Мемл. құрылымды одан әрі жетілдіру үшін, билік басындағы коммунистер (большевиктер) партиясының жетекшісі Владимир Ильич Лениннің жоспары бойынша, кеңестік республикалардың одағын құру керек болды. Жаңа одаққа кіретін республикалар тәуелсіз және тең құқылы болып саналды. РКФСР, УКСР, БКСР, ЗСФКР Кеңестерінің кезекті съездері одаққа бірігуді жақтап дауыс берді. Осыны негізге ала отырып, 1922 ж. 30 желтоқсанда шақырылған аталған төрт республика кеңестері өкілдерінің 1-съезі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (КСРО немесе Кеңес Одағы) құру жөнінде Декларация қабылдады. Декларацияда КСРО-ға кіру теңқұқылық пен еріктілік негізінде жүзеге асырылады және Одақтан өз еркімен шығу құқы сақталады, әрі басқа да жаңадан құрылған республикалар одаққа өз еркімен кіре алады деп көрсетілді. Съезд КСРО-ны құру жөніндегі келісімшартты бекітті. Одақтың жоғарғы органын – КСРО Орталық Атқару Комитетін сайлады. ОАК-нің тең төрағалары болып М.И. Калинин, Г.И. Петровский, Н.Н. Нариманов, А.Г. Червяков сайланды. ОАК-нің 2-сессиясында Кеңес Одағының үкіметі – В.И.Ленин бастаған КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі құрылды. 1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы Конституциясын бекітті. 20 ғ-дың 20-жылдарының бас кезінен бастап, әсіресе, Ленин қайтыс болғаннан кейін, Кеңес Одағында билік үшін талас-тартыс басталды. Бұл күресте И.В.Сталин жеңіске жетті де, елде өзінің авторитарлық жеке билігін орната бастады. 1925 ж. Өзбекстан Кеңестік Социалистік Республикасы (Өзбек КСР-і), Түрікменстан Кеңестік Социалистік Республикасы (Түрікмен КСР-і), құрылды. 2

  1. Ф.Голощекин 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын «кіші Қазан» деп атады. 1925 жылы Қазақстанға келген соң, мұнда Қазан төңкерісі болмаған, сондықтан «Кіші Қазанмен» желпіп өту керек деген тұжырым жасады. Ф.Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қабылдады. “Кіші Қазанның” мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар:.Ауылдарды «кеңестендіруге» бағыт алу. Қазақ ауылдарында кеңес үкіметінің төменгі сатыдағы билік органдары жергілікті кеңестерді құру міндеті қойылды. Ауылда 1925 жылға дейін коммунистерді және олардың теңестіру ұстанымын қолдамайтын байлар мен ауқатты шаруалардың ықпалы әлі күшінде еді. Көптеген аудандарда ауылдық Кеңестер болмады, немесе Кеңес басшысы байлар табынан да табылатын. Мұндай жағдайға Орталық та, жергілікті коммунистер де қарсы болды.                     1926-1927 жылдары бұрын болмаған жерлерде Кеңестер құрылып, ал бұрыннан қызмет жасап жүрген жерлерде қайта сайлау жүргізілді. Жергілікті байлар ықпалынан кеңестерді қорғау үшін олардың пайыздық құрамын – кедейлер, батрақтар, әйелдер мен коммунистердің қанша болуы керектігін жоғарыдан бекітті. 1927 жылдың қаңтарында ҚазАКСР Орталық Атқару комитеті (ОАК) ауылдық Кеңестерге жер дауы мен су мен жайылымдарды бөлу сияқты кейбір азаматтық және еңбек мәселелерін қарастыру және шешу құқығы берілді.1928 жылға қарай белгіленген пайыздық үлесіне сай ауылдық, болыстық Кеңестердің құрамы 50-60%-ға жаңартылды. Бұл жағдай орталық билікке алыс аймақтарды басқаруды жеңілдете түсті.Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу.Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылы 20 мамырда шыққан Қазақ АКСР ОАК-нің қарары бойынша“Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы бойынша шабындық және жайылымдық жерлерді бөлу құқығы жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерге бекітілді.                                                                                                                                        1926-1927 жылдары 1250 мың десятина жайылымдық және 1360 мың десятина шабындық жерлер ірі байлардан тартып алынып кедейлерге таратылды.

Жерді қайта бөлу негізгі – экономикалық жағдайды жақсарту мәселесіне шеше алмады. Себебі қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі ескерілмеді. Жер бергенімен мал бермеді. Ауылдағы кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес, тіпті орта шаруа қожалықтары да бұл кезеңде ауылшаруашылық құрал саймандарына, егетін тұқым және т.б. заттарға өте зәру болды. Малсыз жерді пайдалану, жер өңдеу техникасының болмауы жерді пайдалана алмады. Сондықтан көптеген кедей шаруалар жерден бас тартып, бұрынғы иелері-байларға қайырып берді. Осылай бұл реформа сәтсіздікке ұшырады. Партиялық органдар жерді тек бөлудің жеткіліксіз екендігін түсіне бастады.

Қазақстанның егіншілік Халық Комиссариатына арнайы тапсырмалар берілді. Губерниялық, уездік және округтік атқару комитеттері жанынан ерекше жедел «бестіктер», ал облыстық атқару комитеттері жанынан ерекше жедел «үштіктер» ұйымдастырылды. Оның құрамын сол аймақтардағы атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер бекітетін болды. Алайда, шабындық және егістік жерлерді бөлу шарасы ауылдан қолдау таба қойған жоқ. Шабындық және егістік жерлерді бөлуді өткізуде бірқатар қиыншылықтар кездесті:

Ÿ жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер партия науқанына бірден белсенді кіріскен жоқ.

Шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу 1927 жылы кең көлемде жүргізіліп, байлардан көп жер, мысалы, бұрынғы Орал губернияснда – 84 605 дес., ал бұрынғы Жетісу губерниясында – 31 961 дес., бұрынғы Семей губерниясында – 17 365 дес., шабындық, егістік алқаптары тартып алынды, кедейлерге берілді. Қалыптасқан кемшіліктерге ерік берген Ф.Голошекиннің «Кіші Қазаны» – шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу сәтсіз аяқталды.

Қазақ ауылының дәстүрлі табиғатымен әлі толық таныса қоймаған Қазақстанның жаңа басшысы қазақ ауылының негізі шаруалар бұқарасын өз соңынан ертіп кетуі үшін терең әлеуметтік өзгерістер қажет екенін, ал, ол 1926-1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу реформасы мұндай терең өзгерістерге барар жолдағы алғашқы қадам ғана екенін ұғына қоймады. Егер Ф.Голощекин айтқандай, 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу қазақ ауылында кеңес өкіметінің жеңісіп қамтамасыз еткен болса, онда 1928 жылғы ірі қазақ байларын тәркілеу де, 1929 жылдан басталған күштеп ұжымдастыру да қажет болмайтын еді.Сонымен «Кіші Қазан» қалыптасып келе жатқан тоталитарлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық негізін жасады. Ф.Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысының әлсіздігін жергілікті партия органдарынан емес, қазақ байынан және рулық қатынста көрінді. Ф.Голощекин өзінің ауылды кеңестендіру. яғни «Кіші Қазан» жасауға бағытталған төңкерістік бағытына бүкпесіз ашық қарсылық білдірген С.Сәдуақасовты ең басты қарсылысы ретінде таныды. «сәдуақасовшылдықты» Қазақстан партия ұйымы үшін аса қауіпті идеялық бағыт етіп көрсетті. кейінгі кезеңдерде олардың қатары көбейіп әр түрлі «шылдықтар» айыптау науқандарына ұласты.

  1. Қазақ Ауылын Кеңестендіру– Қазан төңкерісінен кейін қазақ ауылдарында жүргізілген саяси-әлеуметтік шара. Қ. а. к. аса ауыр жағдайда өтті. Азамат соғысы жылдарында әскери коммунизм саясатына қарсы жергілікті жерлерде жиі-жиі бас көтерулер болып тұрды. Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды «оңшылдар», «солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер жіберілді. Сталин 1928 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы барлық кеңестердің 2199-ы қазақ шаруаларының, 1209-ы орыс-украин шаруаларының кеңестері болды. Бірақ бұл жаңа сайланған кеңес органдары да өздерін жетекші күш ретінде көрсете алмады. Сондықтан да Голощекин жергілікті ұйымдар мен одақтарға, әсіресе «Қосшы» одағына көбірек арқа сүйеуді талап етті. Жергілікті кеңестердің белсенді органдарға айналуына жоғарыдан жіберілген уәкілдер де көптеген кедергілер келтірді. Олар жергілікті кеңестермен санаспай, басшылық жұмысты өз қолдарына алуға ұмтылды. Бұл кеңестердің беделін түсірді. Оның үстіне қазақ ауылдарындағы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан рулық-туыстық жүйеге қарағанда көптеген мәселелерді шешуде кеңестер қауқарсыз еді. Мұнымен бірге қазақтар келімсек еуропалықтардың үкімет тарапынан өздеріне карағанда біршама жеңілдіктер алуына әрқашан наразы болды. Мұның өзі қазақтар тарапынан үкіметке, оның жергілікті органы деп танылған кеңестерге сенімсіздікті қалыптастырды.Ал селолық кеңестер жиналыстарында кулактар мен ауқатты шаруалар өз ұсыныстарын өткізуге тырысып отырды. Әсіресе орыс қазақтары сословиелік қалдықтар мен атамандық ықпалды сақтап калды. Бұлар да кеңес жұмыстарының жандануына кедергі келтірді. Партиялық өктемдік пен т оталитарлық тәртіптің орнай бастауы вертикалды басқару жүйесін қажет етті. Сол себепті де кеңес ұйымдары демократиялық сипаттағы емес, әкімшіл-әміршіл басқарудың өзіндік сатысына айнала бастады.
  2. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды.Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың қазақтың көшеплі және жартылай көшпелі қожалықтарын отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы кезеңде нақты отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру үрдісін Бүкілодақтық екпінді шараға айналдыруға барынша күш салды. Осы мақсатпен жергілікті жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі халықтар арасындағы отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды. Алайда, мұның ешқайсысы да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Орталық бұл жылдары жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы орынға қойды. Республика басшылығының ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру ұжымдастыру негізінде жүзеге асыру талап етілді.Отырықшыландыру шараларын жүзеге асыруды қиындата түскен басты нәрсе – оған деген бюрократиялық және әкімшіл-әміршіл біржақты көзқарастың орын алуы еді. Осының әсерінен отырықшылана бастаған шаруаны құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмай қалды. Бұл, әсіресе, Қазақстаннан тыс жерлерден ағаш тасып әкелуге байланысты жұмыстарда анық көрініс берді. Ағашпен қамтамасыз ету жоспарлары орындалмай, жаңа құрылыстар бар болғаны 25 -30 % құрылыс материалдарымен ғана қамтамасыз етілді. Ағаш дайындайтын одақтық мекемелер Қазақстанға арнап ағаш тасымалдауға немкетті қарады. Отырықшыландыру үрдісі басталғанда техникалық жабдықтау мәселесі аса үлкен қажеттілікке айналды. Сондықтан, отырықшыланатын қазақ ауылдарын соқамен, тырмамен, тұқым сепкіш машинамен алдын-ала қамтамасыз ету жоспарлары белгіленді. Алайда, Мәскеудегі орталықтардың отырықшыландырудың өзіне жеткілікті көңіл бөлмеуі, ал республика басшылығының өздері бекіткен машинамен жабдықтау жоспарының орындалуын қадағаламауы салдарынан жоспарда белгіленген аз ғана техниканың өзі де қазақ ауылына уақытында жетпей қалды. Арнайы шаруашылық машиналарына бөлінген қаржыны өндіріп алуда жүгенсіздіктер орын алды. Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша машинамен жабдықтауға бөлінген кредитті халықты отырықшыландырудың төртінші жылынан бастап қана төлей бастаулары керек еді. Ал, жергілікті басшы органдар болса бұл тәртіпті о бастан-ақ бұзып, машинаны босатқан бетте оның құнының 30-40 % -ын алдын-ала жедел төлеуді талап етті. Мұның өзі отырықшыландыру барысында бар малын қауымдастырып, өздері қайыршылана бастаған халықтың тұрмысын ауырлата түсті. Жергілікті жерлерге машиналар жеткізу ісіне немқұрайлы қарау да орын алды. Егер егіншілік аудандарына шөп шабатын машиналар апарылса, ал мал шаруашылығымен айналысатындарға топырақ өңдейтіндер жеткізілді. Бұрынғы көшпелі қазақтың ауыл шаруашылығы машиналарының тілін білмеуі, машинамен жабдықтаушы ұйымдар тарапынан үйретудің болмауы отырықшыланған шаруаны бұрынғыша ата-баба әдісімен жұмыс жасауға – шалғымен орып, ағаш соқамен жыртуға мәжбүр етті. Еш қозғалыссыз, ашық аспан астында жатқан машиналар тозып бітті. Мамандар жетіспеді. Округтік органдардың қазақ аудандарын қажетті мамандармен қамтамасыз етуге немкетті қараулары салдарынан материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген, пәтері жоқ және қазақ тілін білмейтін мамандары отырықшыландыру аудандарында көп тұрақтамады. Қазақстанға сырттан келген келімсектерден құралған өндіріс орындары мен кеңшарлардың қазақ шаруаларына қол ұшын бермеуі де отырықшыландыру үрдісін қиындата түскен еді. Қазақстандағы ірі одақтық кәсіпорындар басшыларының байырғы халықтан өнеркәсіп пролетариатын жасауға көңіл бөлмеулері де отырықшыланатын қазақтарды жұмысшылар қатарына тарту жоспарын 66 % -ға ғана орындауға мүмкіндік берді.Қазақстандағы жаппай күшпен отырықшыландыру үрдісі, негізінен, қазақ халқының өзінің қаражатымен қаржыландырылды. Ал мемлекеттік органдар бөлген қаражат бұл шараны жүзеге асыруда қосымша қолдау түрінде ғана көрінді. Отырықшыландыру аудандарын қажетті әртүрлі мамандармен қамтамасыз ету ісі және мамандардың жергілікті жерлерде тұрақтамауы, қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік өмірі басшы адамдар назарынан тыс қалып отырды. 1930 жылға дейін қазақ балаларының оқығаны туралы деректер мүлде жоқ. Ал 1932 жылы қыркүйектегі деректерде мектепте қамтылған оқу жасындағы қазақтар 45 % болған. Отырықшыландыру барысында саяси қуғын – сүргін қатар жүргізілді. Отырықшыландыру қарқыны төмен аудандардағы басшылар егер де басқа ұлт өкілдері болса, олар ұлыдержавалық « шовинизмге», ал олар қазақтар болса онда жергілікті «ұлтшылдық » пиғылға бой ұрды деп айыпталды.1930 – 1933 жылдардағы жоспарларда Қазақстанда отырықшыланатын қожалықтар саны жыл сайын 20000-ға өсіп отыратын болды. Ал бұл, өлкелік партия комитетінің болжауынша бесжылдықтың тұсында қазақ аудандарындағы егістік көлемін 1 млн. гектардан 5 млн. гектарға дейін өсіруге ықпал етуі тиіс еді. Қағазда белгіленген осы жоспарлардың орындалуына орын алған нақты кемшіліктер кедергі жасады. Ешқандай даярлық және түсіндіру жұмыстары жүргізілмеді. Кейбір қожалықтар тіптен өздерінің отырықшыланып жатқанын білген де жоқ. Отырықшыландыруға қажетті орындар батпақты сайлар аңғарларынан, суы жоқ, егін егуге жарамсыз жерлерден «таңдап» алынды. Мұндай жағымсыз көріністердің орын алуына Қазақстан үкіметінің жерге орналастыру мәселесіне жете мән бермеуі де тікелей себепкер болды. Отырықшылану жөніндегі республикалық комитеттің жерге орналастыру және суландыру мәселесіне арналған қаражатты басқа мақсатқа – отырықшыландыру аудандарында құрылыстар салуға жұмсауы да осының көрінісі еді. Жерге орналастырушы және гидротехник мамандарды материалдық жағынан ынталандыруға жете мән бермеген Қазақстан үкіметі, оларға қысым жасауға және оларды жазалауға әрқашан да бейім тұрды. Мұндай отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жекелеген мамандарды «бүлдірушілік» әрекеттері үшін тұтқынға алу және сотқа тарту туралы ұсыныстар жасаулары орын алды. Топырақтанушылардың немесе агрономдардың арасында өз міндеттеріне жауапсыз, үстірт және немкетті қарағандар да кездескен. Олар кейде жергілікті халықтың мүддесін де, пікірлерін де ескермей, жерді өз беттерінше өлшеп, белгілеп картаға түсірді және аудандық қызметкерлерді үгіттеп, олардың келісімдерін алды. Кейіннен осы жерлерде отырықшыландыру іс жүзінде басталған кезде бұл жерлерде тұщы судың жеткіліксіздігі, топырақтың құнарсыздығы анықталып, бұл орындарды қайтадан өзгертуге тура келді.Осындай «тәртіпсіздіктерді» дер кезінде әшкерелеп, оларға кінәлілердіайқындап жазалау үшін отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жанынан «жұмыс үштігі» құрылды. Оның міндеті отырықшыландырудың республикалық комитетіне көмектесу болды. Кеңестік жазалау органдарымен тығыз байланысты болған, Конституцияға қайшы бұл үштік жергілікті жерлерде отырықшыландыру үрдісінің қарқынын күштеп жеделдете түсуге елеулі үлес қосты. Жұмысты қиындата түскен тағы бір мәселе – Қазақстан партия ұйымының басшысы Ф. Голощекиннің отырықшылануы шаруаларға деген көзқарасының дұрыс еместігі еді. Оның ойынша, тұрғын үй, баспана мәселесі екінші қатарға жатқызылды. Ол отырықшыландыруда шаруашылық мәселелері – шөп шабу, егіншілікпен айналасуға үйрету бірінші кезекте тұруы керек деп санады. Ал, шаруа екі жылдай киіз үйде отыра тұруы және бірітіндеп өз күшімен баспананы өзі салып алуы тиіс болды. Осыдан келіп Ф.Голощекин отырықшыландыруға байланысты құрылысты шаруаның отбасына арналған баспана салудан емес, алғаш қора-қопсылар, яғни шаруашылық құрылыстарын салудан бастауды ұсынады. Мұндай қате көзқарас және жұмыс барысындағы асыра сілтеулер ауыр зардаптарға ұрындырды. 1930 жылдан бастап қазақтардың қоныстарынан ауа көшулері үдей түсті. Көп кешікпей-ақ босқын қазақтар Қазақстанның өз ішінде шұғыл көбейді және олар көрші республикалар аумағына қоныс аударды. Олардың саны 1 млн. адамнан асып түсті. Осылайша отырықшыландыру саясаты шын мәнінде сәтсіздікке ұшырады, Қазақстанда 1931-1933 жылдары қолдан жасалған алапат аштықтың кең өріс алуына зор ықпал жасады. Зорлап отырықшыландыру науқанында орын алған өрескел кемшіліктер жаңа шаруашылықтық-саяси науқанда босқындарды орналастыру барысында бірітіндеп жойылды. Алайда, қазақтар эволюциялық өркендеудің табиғи, дәстүрлі шаруашылық жолынан тайдырған зорлап отырықшыландыру шаралары демографиялық және рухани тұрғыдан қазақ халқының өмірінде қасіретті ауыр іздер қалдырды.
  3. Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді.Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды. # Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр — Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды.Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, «Алтайполиметалл» тресі, Атбасар түсті металдар тресі, «Золоторуда» тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, «Южно-Урал-золото», «Ақжал золото» трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді.1926 – 1940 жылдардағы индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941 жылы ірі ауыл – шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикаға айналды. Елде көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940 жылы оның 90 пайызы Қарағанды бассейнінің үлесіне тиді. Қарағанды көмір бассейні Донбасс пен Кузбастан кейінгі КСРО-ның үшінші көмір ошағына айналды.Республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібі де іргелі жетістіктерге жетті. Алматыда аяк киім және екі тігін фабрикалары, Семейде тері илейтін комбинат және ет комбинаты, Атырау балық-консерві және Алматы жеміс-көкөніс комбинаттары, Талдықорғанда, Меркеде, Жамбылда қант зауыттары, Алматыда темекі фабрикасы, нан пісіретін және май шайқайтын зауыттар қатарға қосылып, өз өнімдерін шығара бастады.Алайда осындай жетістіктерге қарамастан КСРО жүйесінде шикізат аймағына айналған Қазақстанның халқы еңбек бөлінісінің адам өмірі мен денсаулығы үшін өте ауыр, аса қауіпті, зиянды бөлігін орындады. Технологиялық өндіріс көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі 3% – дан аспады. Республика өндіріс көсіпорындары тұтыну бұйымдарының 60% – ын ғана канағаттандыра алды. Осылайша әміршіл-әкімшіл жүйе Одақтың біртұтас халық шаруашылық кешеніндегі табиғи қорларға бай Қазақстанның рөлін анықтап берді.Индустрияландыруды жүзеге асырудың барысында Қазақстанда жұмысшы табы қалыптасты. 1930 жылдардың ортасында халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің 24 пайызын жұмысшылар құрады. Индустрияландыру кезеңінде қалалардың урбанизациялану және ірілену үрдісі жүріп жатты. 1940 жылы қала халқының жартысына жуығы 50 мыңнан астам адам тұратын қалаларға шоғырланды.Алайда ауыр өнеркәсіптің карқынды түрде өсуі ең алдымен деревняның ендіргіш күштерін күйрету есебінен болғанын айта кету керек. Өнеркәсіптің қарқынды өсуі келікпен, тұрғын үй кұрылысымен, коммуналды – тұрмыстық қызмет керсетуді жаңғыртумен қатар жүрмеді. Индустрияландыру кезінде экономиканың көпсалалығы, жеке меншік және жұмыссыздық жойылды.
  4. 20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді.Алайда, 20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді. Басты міндет — ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу көзделді. Атап айтқанда, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау, яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды. Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды. Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берілген әмір, нұсқаулар негізінде жүргізілді. Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы — 2354, ал 1929 жылы — 4876-ға жетті. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді. Оларды құру барысында небір сұмдык зорлыққа, күштеуге жол берілді. Ол тұста қабылданған бірнеше қаулы-қарарлардың заңдылығын тексеру барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Кенесінің Төралқа комиссиясының 1992 жылғы желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтірілген деректер мен мағлұматтар колхоздастырудың қандай әдістермен жүргізілгені жөнінде толық түсінік береді.Колхоздастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш жаюы Сталиннің сол жылғы 7 қарашадағы «Правда» газетінде «Ұлы бетбұрыс» деп аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын тәркілеу аяқ-талған болатын. Енді жана экономикалық саясат негізінде жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шара шаруа қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалык саясатын дамыту бағыты тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси өмірде тек «күштеу» шарасының рухы үстемдік етті.Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы саясаттың ең басты шарты — әміршіл-әкімшіл террорға сүйенген экономикалық емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жіберді. «Ұлы бетбұрыс» селолық құрылымдарды қатігез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне мейілінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек керуге итермелеген екінші бірүлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп, алынатын еттің, жүннің көлемі белгілі есептен асып түсті. Салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың жаппай қырылуына соқтырды. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық талап етілді. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929 жылдары осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталды. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді.Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару әкімшілік, зорлық, күштеу әдістерімен жүргізілді. Егер 1928 жылы Қазақстанда колхозға барлық шаруашылықтардың екі пайызы ғана кірсе, 1931 жылдың күзінде шаруаларды 70-тен 100 пайызға дейін колхоздастырған аудандардың саны 78-ге жетті. Бұл тұста өлкеде 122 аудан болатын. Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды. Жергілікті орындарға жеткізілген нұскау бойынша жойы-луға тиісті бай-кулак шаңырактары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3-5 пайызынан аспауы керек деп ескертілді. Бірақ, осыған қарамастан әміршіл-әкімшіл жүйенің асыра сілтеу әрекетімен тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке жеткізілді. Нәтижесінде тек 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп «жер аударылып» жіберілген шаруалар саны 6765 адамға жетті. Ондаған мың шаруалар тұрған округтерінен республика ішінде басқа жерлерге көшірілді.Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік партия комитеті жергілікті белсенділермен бірге кәсіпорындардан сегіз мың жұмысшыны тартты.1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мындай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Биен-Ақсу, Шыңғыстау, Бөрібаев, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегі шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардан 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді.Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, «халық жауы» деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы — 31, 1930 жылы — 82, 1931 жылы — 80 жалған «контрреволюциялық ұйымдар» ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.1933 жылдың басында Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті.
  5. Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Қарапайым рәсімге (қазақ халқы санының жүргізілген санақтар арасындағы арифметикалық алшақтықты анықтауға) негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы, белгілі америкалық маман Марта Олкоттың «Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта Азия қазақтары» атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы айтылады.Батыстың кеңес кезеңін зерттеушілеріне назар аудара отырып, олардың ізденістері бір жағдайларда ақиқатқа ұмтылысты бейнелесе, екінші бір жағдайларда онда объективтіліктің қарасы да көрінбейді, өйткені барлық назар негізінен «тағы бір ілгешекті айтып қалу» ниетінен туатын қасаң пікірлерге аударылады. Бірақ қалай болғанда да отандық тарихымыздың проблемасын біздің өзімізден артық ешкім шеше алмайды. Сондықтан осы бағыттағы зерделік ізденістерді жеделдететін уақыт келді. Және бұл ретте тарихи демография, оның тиімді танымдық құралдарымен және зерттеудің әмбебаптық әдістерімен қоса, елеулі рөл атқаруы тиіс.Кейінгі кезге дейін проблеманы талдау үшін бірінші және екінші Бүкілодақтық халық санағы (тиісінше 1926 жылғы 17 желтоқсанда және 1939 жылғы 15 қаңтарда жүргізілді) деректері бірден-бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашықтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінін шыны 1932—1933 жылдардың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткеннен кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ сондай алдынғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыны екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.1926 жылғы бірінші санақ қорытындысына сәйкес, Қазақ АКСР-і аумағында 3 млн 628 мың тұрғылықты халық мекендеді. Бірақ 12 жыл өткеннен кейінгі 1939 жылғы санақта халық санының 1 млн 321 мың адамға, яғни жинақтап айтқанда 36,7%-ға азайғаны тіркелген. Тарихшы-демографтардың айтуы бойынша тіпті осы цифрдың өзі азайтылып көрсетілген, демек ол факторлық талдау аясында елеулі түрде түзетуді қажет етеді деген сөз. 1930 жылдың ортасына, халықтың сандық құрамы шартты түрде тұрақты болған кезде республика аумағындағы тұрғылықты халықтың саны 4 млн 120 мың адамды құрады.Осы деректер тұрғысынан есептесек, сол зұлмат жылдарда Қазақстан өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллионға жуық адамынан айырылған.Қазақ халық шаруашылығы есеп (Казнархозучет) басқармасы М. Соматовтың жұртқа мәлім мәлімдеме хатында (1937 жылдың 14 қаңтары) Қазақстанның ауыл тұрғындары 1930 жылдың 1 шілдесінен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында 3,4 млн адамға кеміп, ал қала тұрғындары 766,8 мың адамға өскен. Мәлімдеме хатта осы екі аралықтағы қайтыс болғандар айырмашылығы (263,3 мың адам) аштық, індет, жер аудару құрбандары көрсетілмейді.Осыдан келіп тарихшы-демографтар мынадай қорытынды шығарады, демек аштықтың және сонымен байланысты аурулардың салдарынан аталған жылдарда республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыны немесе 42%-ы құрбан болды.Аштық құрбандарының саны туралы мәселе әзірге ашық күйінде қалып отыр деп ойлаймыз. Елеулі түзетуді, шамасы, МКК мен ІІБ, Орталық партия органдарының «К» (құпия) белгісі соғылған, республикалық жэне облыстық мұрағаттарда сақталған мұрағат қоймаларынан айналымға енгізілген материалдардан алуға болатын шығар. Түбегейлі жаңа деректерді «қуғын-сүргін санағы» деген атаумен белгілі
  6. 36. 1920 жылдары КСРО-да социалистік құрылыс мәселелері жөнінде терең идеялық-саяси күрес өріс алды. Бұл күрестегі басты мәселе – КСРО-дағы социалистік құрылыстың үлгісі жөнінде еді. Ол уақытқа дейін социализмнің екі үлгісі: бірі коммунизмге «секіріп өту» мүмкіндігі болған, шаруаларға одан әрі қысым жасау, күш қолдану мен террорға сүйенген әскери-коммунистік демократияны дамыту; екіншісі – өндірушілердің материалдық ынтасын арттыру қағидасына, тауар-ақша қатынастарын жан-жақты дамыту идеясына негізделген ЖЭС-тік үлгісі болған еді. Большевизм басшыларының қай-қайсысы болмасын индустрияландыруды, ауыл шаруашылығын кооперациялау мен мәдени революцияны жүзеге асырудың қажеттігіне еш күмән келтірмеді. Алайда олар социализм құрылысының қарқыны мен әдістері, пролетариат диктатурасының кеңес қоғамындағы әр түрлі таптар мен топтарға деген көзқарасы жөнінде әр қилы түсінікте болды. Бұл уақытта Лениннің өзінде де бұл мәселені шешуде қандай да бір аяқталған, жүйеге келтірілген ұстаным болған жоқ.Осындай жағдайда саяси өмірде біртіндеп мемлекет аппаратын алмастыра бастаған коммунистік партияның үстемдігі мен авторитарлық биліктің күшею тенденциясы өсе түсті. Қазақстанда автономияның жариялануы сөз жүзінде қалып, республика өзін-өзі іс жүзінде толық басқаруға қол жеткізе алмады. Өнеркәсіп орындары, темір жолдар, республиканың халық шаруашылығына қатысы бар нәрселердің бәрі Мәскеудің тікелей басқаруында болды. Демократияға жат сайлау заңдары қазақтардың басшылық қызметтердегі санын шектеп отырды. 1920 жылы қазақтар барлық өнеркәсіп жұмысшыларының бар-жоғы 17%-ын құрады. Бірінші облыстық партия конференциясының 163 делегатының тек 19-ы ғана қазақ болса, 1922 жылы Қазақстан партия ұйымдарындағы қазақтардың жалпы саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті.1920 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды ортаазиялық республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР-іне біріктіру жолымен өзгерту, түркі халықтарының Коммунистік партиясын құру әрекеті орталық өкімет орындарының араласуымен сәтсіз аяқталды. Партияның өлкелік комитеті таратылып, реформаның Т. Рысқұлов бастаған бастамашылары партиялық және мемлекеттік қызметтерден кетуге мәжбүр болды. Өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды. Голощекин билікке келген уақыттан бастап ұлттық басқарушы топ өзара қарсы екі ұстанымға бөлініп кетті. Кеңестік мемлекеттік автономияға жалпыұлттық сипат, мазмұн беруге күш салушы бірінші топ Голощекин ұсынған бағдарламаны қазақ ауылында жасанды түрде “азамат соғысын” тудыру әрекеті ретінде бағалады. Ал келесі екінші ұстанымдағы басшы қызметкерлер Қазақстандағы жағдайға сталиндік орталықтың көзімен қарап, мұнда да басымдылық ішкі Ресей губернияларындағыдай таптық мәселелерді шешуге берілгенін жөн санады. Уақыт бірінші топтың болжамының дұрыс екендігін көрсетті. 1930 жылдары жаңа биліктің экономикалық және әлеуметтік саясатына қарсылық танытқан шаруалардың бас көтерулері бүкіл қазақ даласында өріс алды. Қарулы қарсылық сонымен бір мезгілде ауқаттылар мен орташалардың негізгі байлықтары – малдарын жаппай аяусыз қырып салуға немесе көрші елдерге қоныс аударуға ұласты. Қазақ даласында мал басы күрт кеміп кетті. Ф.Голощекиннің саясатты билік басындағы ұлт жанды зиялылардың ашу-ызасын, қарсылығын туғызды. Мәселен, С.Сәдуақасов Ф.Голощекиннің бұл саясатын “қазақ ауылына бағытталған азамат соғысы” деп бағалап, оның қате екенін, ең бастысы, дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығының тамырына балта шабылатынын, орташаларды жоюға бағытталғанын атап көрсетті. 1925 жылы 1-7 желтоқсан аралығында Қазақстанның бесінші Өлкелікпартия конференциясы өтті. Осы конференцияда Ф.Голощекин орыс ұлтшылдығы мен жерглікті ұлтшылдық туралы және қазақ коммунистері арасындағы «жершілдік» туралы сөз сөйледі. Ф.Голощекиннің алғашқы күндерден бастап алға қойған мақсаты – ұлттық мүддені, елдің экономикалық ерекшелігін ескере отырып жұмыс жасауды ұсынған ұлт коммунистерінің белсенді бөлігін биліктен ығыстыру болса, екінші бір көздегені Алашорда құрамында болған қазақ оқығандарын партия басшылығындағы жауапты қызметтерден қуу болатын. Оның бұл ойын жүзеге асыруына қазақ зиялыларының бетке ұстарларын, Алаш қозғалысының құрамында болған белсенділерін «сенімсіз әлеуметтік саяси элементтер» ретінде сипаттап, оларды алдымен қоғамдық саяси жұмыстардан аластатып, одан соң тікелей қуғындаға 1925 жылдың 29 мамырында Қазақстан партия басшылығына жолданған И.Сталиннің «Ақжол» газеті туралы хат Алаш қозғалысына белсене қатысқан қазақ зиялыларын Кеңес үкіметімен ықтиярсыз болса да, бірлесе отырып, туған халқының мүддесі мен мақсаты, болашағы үшін қайткен күнде де қызмет ету мүмкіндігінен айырды. Ф.Голощекин осы саясат аясында мүмкін болар ауыр зардаптарды, соның ішінде адам шығынын да заңды құбылыс деп есептеді. Ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алған ол оның ауыр зардаптарға соқтыратынын біле тұра өз идеясын жүзеге асыруға белсене кірісті.1923 жылы 17-25 сәуір аралығында Мәскеу қаласында өткен РК(б)П он екінші съезінде ұлт саясаты туралы мәселеге баса назар аударылды.
  7. 37. 1919—1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздық ты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды: Халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі; Жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі; Қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасыныңәлсіздігі. 1919-1920 жж. Орынборда,Ордадажәне СемейдеХалық ағарту институттарыашылды 1921 ж Қазақстанда тұңғыш жұмысшы факультеті Орынборда құрылды 1928 ж Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты 1935 жылы оған Абай есімі берілді (қазіргі Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) 1929 ж Алматы мал-дәрігерлік институты 1930 ж Қазақ ауыл шаруашылық институты 1931 ж Алматы медициналық институты 1934 ж С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), 1938 ж ҚазМУ жанынан аспирантура ашылды. 1940 ж Қазақстанда 35 кәсіби оқу орындары ұйымдастырылды. Қазақ тілінде жазылған оқулықтардың авторлары: Қаныш Сәтбаев – қазақ тілінде бірінші алгебрадан мектеп оқулығын жазды. Ахмет Байтұрсынов – араб әрпінің негізінде жасалған қазақ әліпбиін жетілдірді. Әлихан Бөкейханов геогра фия пәні оқулығын жазды. Профессор Санжар Асфендияров – Қазақстан тарихы оқулығын құрастырды. 20—30-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттін дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, 3. Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді. Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә. Қастеев керемет туындылар жазды. Ол жазған көптеген акварель туындылар «Ескі және жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі. Ә. Қастеев жазған мыңнан астам картиналар мен суреттер «республиканың көркемсурет қолжазбасы» деп бекер аталмаған. Соғысқа дейінгі кезеңде Ә. Ысмайылов, Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар, Б. Сәрсенбаев, О. Таңсықбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды. 1928 жылы желтоқсанда Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 6-шақырылған төртінші сессиясы “Латын алфавитінің негізінде жаңа қазақ алфавитін енгізу туралы” қабылдаған. Соғыстан кейінгі дәуірде қазақ әдеби сынының дамуы 1937-жылғы ойраннан кейін казақ сынының тоқырауға ұшырауы. Ұлы Отан соғысының әдеби сынның дамуына тигізген өзіндік зардаптары. Халық ақындарының шығармашылығына, социалистік реализм мәселелеріне көп назар аударылуының себептері. Елуінші жылдарда әдебиетке партиялық талаптың күшейе түсуі. КОКП ОК — нің әдебиетке қатысты арнайы қаулыларының қабылдануы. Қазақ сыншыларының қуғынға ұшырауы.Дөрекі социологизмнің дауылы тез көтерілгенімен, саябырлап басылды. Әдебиеттің сын саласына білімді жастардың, әсіресе, сынды өздерінің өнерпаздық арнасы деп таныған Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Қ. Жұмалиев, Т.Нұртазин, Б.Шалабаев, Қ.Өтепов, Р.Жаманқұлов, Ә. Қоңыратбаев, Н.Ғабдуллин сияқты сыншылардың, алғашқы қадамдарын сынай бастаған С.Ерубаев пен З.Шашкин, Х.Есенжанов сынды жазушылардың қазақ әдебиетінің әлеміне келуіне байланысты білікті, мәдениетті, эстетикалық сауатты сын өріс алып, аз жылда жетекші тенден-цияға ие болар деген үміт оты жылт етті. 20-жылдарда жемісті еңбек еткен кеп сыншылар өзінің идеялық-эстетикалық нысанасын қайта қарап, өрелі, білімді сын жолына түсті. F. Тоғжанов, X. Жүсіпбеков, Б. Кенжебаев, Ә, Мәметова тағы басқалардың қаламдары құнарлана түсті. Қайсыбіреулері сынмен қош айтысты. Әдебиет сыны мен әдебиетті зерттеу ғылымы үшін бұл дәуірде аса бір қиын, күрделі кезең болды. Партияның идеология саласындағы қаулылары, космополитизмге қарсы күрес ең алдымен әдебиет пен өнерді»бұрмалаушылықтардың» бәрін сын мен ғылымнан көрді. Қазақ әдебиетінде! Ұлтшылдықты» әшкерелемей отырған да сын мен ғылым болып шықты. Сондықтан да Қазақстан орталық комитетінің» Қазақ ССР Ғылым Академиясының тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы»(1947) қаулысы ең алдымен қаһарын сын мен ғылымға төкті. Тарихшылар мен белгілі әдебиетшілер орнынан алынып , жұмыстан қуыла бастады. Қазақстан жазушылар одағындағы ұлтшылдық қателіктер туралы арнайы қаулылар қабылданды. Осылардың нәтижесінде қазақтың ауыз әдебиеті мен тарихының көп шығармалары ескішіл деп жарияланып, оларды оқуға тиым салынды. Батырлар мен эпос кейіпкерлері шыққан тегіне қарай жіктелді. Қобыланды, Алпамыс-байдың балалары, байды қорғаған батырлар, Төлеген-бай баласы, Қыз-Жібек-хан қызы ретінде бағаланды. Қазақтың бай эпосынан кедейдің ішінен шыққан Қамбар батыр мен Тазша бала жайлы ертегілер халықтық деп танылды. Осы саладағы асыра сілтеушілік Е.Ысмайылов пен бірге тарихшылар Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, әдебиет зерттеушілері Қ.Жұмалиев, Қ.Мұхамедханов тұтқынға алынды. Жазушылар одағы жүйесіндегі» ұлтшылық қателері» үшін одақ төрағасы мен кей ақындар жазаға тартылды. Осындай жағдайда әдебиет сыны мен әдебиет зерттеу саласында ғылымдық пікір күтудің өзі де қиын еді. Газет-журналдар бетіндегі мақалалар сынау мен әшкерелеу сарынына құрылды. Олар көрнекті қаламгерлер мен ұлттық мұраға қарсы қоғамдық пікір тудырды. 1953- жылы И.В: Сталин қайтыс болмағанда, Қазақстанда 1937 жылдың қайғылы оқиғалары қайталануы ғажап емес еді. Өкімет басына келген Н.С.Хрущев жеке адамға табыну кезіндегі заңсыздықтарды сынап, демократияға жол ашуға тырысты.Бұл дәуірде туған күрделі еңбектер қатарына» Қазақ әдебиеті тарихы»(1том1948) мен «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі(Қ.Жұмалиевтің басқаруымен-1949), «Совет дәуіріндегі қазақ халық поэзиясының очеркі» (1955-Н.С.Смирнованың басқаруымен) атты ұжымдық зерттеулерді атауға болады. Одан бөлек жеке ақындар шығармашылығына қатысты бірнеше еңбектер жарық көрді. 1954 жылы Абайдың қайтыс болуының 50 жылдығы аталып өтті. Күнделікті әдеби сынға Т.Нұртазин, Қ.Жармағамбетов, С.Сейітов, С.Төлешов, т.б. белсене араласты.Соғыстан кейінгі дәуірдің әдебиеті осындай қиыншылықтарға қарамастан, барлық жанрда ізденіп кемелденуге аяқ басқан әдебиет болғаны бүгін дау тудырмайды. Қазақ қаламгерлерінің таңдаулы туындылары бүгінгі заман мен тарихи тақырыпты қатар жырлауда едәуір табыстарға жетті. Олар одақтық оқырмандар талғамына толып, шетелге танымал бола бастады. Бұл саладағы аға буын ақын-жазушылардың таланты мен тәжірибесі жетекшілік роль атқарды. Мұның бәрі қазақ әдебиетінің әлемдік даңқын көтерген жаңа әдебиетті жасаудың қадамы болатын.                                                                                   39. Кеңес дәуірі кезінде жарық көрген ғылыми зерттеулерде саяси  -идеялық  ахуалдың қалыптасуына әсер   еткен,  факторлардың ролі,  ықпалдары маркстік — лениндік көзқараспен бағаланды. Керісінше, қазақтың кең даласында анда-санда көрініс берген большевиктік идеологияның таралу заңдылығы,  яғни социалистік революцияның болуы дәйекті қажеттіліктен туды деген тұжырым, қағидалар ғылыми зерттеулерде аксиома ретінде дәлелденді. Ал, қазақ қайраткерлері қоғамды күшпен құлатып, дәстүрлі саяси-құқықтық мөдени дамуды ұлт санасына жат институттармен алмастыруға үзілді-кесілді қарсы болды. Философ А.Қасабековтың түсігінше: «XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері  А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов,М.Дулатов,М.Тынышбаев, М.Шоқаев және басқалары өмірдің обьективті жағдайларын өзгертуді күшпен емес, сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек деп уағыздады. Олардың негізгі идеялары-бостандық, тәуелсіздік, отаршылдық езгіден құтылу жолдары және қазақ халқын жалпы адамзаттық құндылыққа жақындастыру болды». Түрікшілдік, түрік етіп көтерген Ысмайылбек Гаспринский (Гаспралы) болды. Ол көзі тірі кезінде, халық арасында «біздің сүйікті ұстазымыз», «халықтың қызметшісі», «түрік-татар ұлтарының ағартушысы», «прогреске жол ашқан» сияқты теңеу, атақтарға ие болған еді. XX ғасырдың басында жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары Ысмайылбек Гаспралыны бүкіл Ресей түркі халықтарыны мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын саяси көсемі ретінде танылды. Оның еңбектерін оқыған қазақ зиялылары түрікшілдікке бас ұрмай кетуі мүмкін емес еді. Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Сералин, Шәкәрім Құдайбердиев, Сұлтанмахмүд Торайғыров, Мағжан Жұмабаев сияқты қазақ зиялылары Ысмайылбек Гаспралының түрікшілдік идеяларын қазақ топырағында жандандырып, ел арасына түрік патриотизмі, түрік бірлігі рухының дәнін екті,  фәлсафасын   уағыздады.Қазақ зиялыларының түрікшілдіктен нәр алған өздерінің көкейлерінен шыққан жалынды сөздері қазақ халқын саяси бостандық пен теңдікке жігерлендіргені хақ.Демек XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси-идеялық ахуалдың қалыптасуына әр мағынадағы қағидалар мен теориялардың ықпал еткені ақиқат болып қала бермек. Сонымен,  қазақ зиялыларының саяси-құқықтық, реформаторлық көзқарастары негізінде ұлттық прогресс, саяси бостандық, отарлық езгінің құрсауынан босану және саяси ұлттық, демократиялық мемлекет құру идеялары жатты. Себебі, қазақ қоғамының даму процесі, ішкі шиеленістер осы идеялардың іс жүзіне  асуына дәйекті жағдайлар   туғызған еді.Жалпы Алаштық интеллигенция арасында большевиктер бағдарламасы әуел бастан — ақ қолдау тапқан жоқ. Олардың түсінігі бойынша, большевиктер ұстанған бағыт Қазақстан емес, тіптен Ресейдің өзіне де азапты болашақ әкелетін бағыт болатын Алаш қайраткерлері ең алдымен большевиктер бағдарламасындағы қоғамдық меншікке көшу туралы пікірді үзілді-кесілді қабылдаған жоқ. Өйткені олардың ойы бойынша, қазақ қоғамы жайында мұндай шаруаға бару мүмкін еместін, тіптен ондай әрекет, біріншіден, оны қабылдауға мүлдем даярлығы жоқ қазақ бұқарасы арасында түсінбеушілік туғызса, екіншіден, әлеуметтік теңдік орнатудан бұрын, әлеуметтік апатқа апаруы толық мүмкін еді. Дәстүрлі шаруашылық түрінің бұзылуы, қазақ шаруаларының жалпы қоғамның қоғамдық меншікке негізделген шаруашылық жүргізуге қай жағынан болса да даярлығының жоқтығын осындай нәтиже бермей қоймайды деп түсінді.Қазақ зиялылары большевиктердің тап күресі туралы теориясын да қолдамады. Олардың түсінігі бойынша, қазақ қоғамы Ресейдегідей таптық жіктелу деңгейінен алыс жатты. Ал сол тарихи кезеңде отарлық езгідегі қазақ жұртына қандай да болсын жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу пуадай қажет болды. Жіктелу керісінше оны әлсіретеді, негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді деп түсінді.Өз ретінде Алаш басшылары болыпевиктердің таптық жіктеу саясатына ұлттық тұтастық, бірлік саясатын қарсы қойды. Мәселен, Ә.Бөкейханов: «Біз қарап отырсақ қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын қылмасақ болатын емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді. Алаштың баласы ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда басыңа бір қиын іс келді. Ақсақал аға, азамат   іні,    отбасы    араздықты,    дауды    қой,    бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл»«Россия мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бірліктен айрылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт қызметін таза ақтар. Жалпы жұртқа мұрындық бол»-деп бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттық ынтымақ қана деп түсіндіруге тырысты.Орынборда болған, Бөкейхан ұлдары бастаған съездің қарары бойынша күллі Қазақстанда «Алаш» партиясы құрылды. Оның губерния-губернияда облыстық комитеттері ашылды, уез-уездерде комитеттері ашылды. «Тіршілік» газетінен басқа газеттерде «Алаштың» жобасы жарияланды.«Алаш» партиясының жобасын эсер меньшевик партияларының, кадет партиясының жобаларынан құрастырып алды, -деген тұжырым бар.Ә.Бөкейхановұлы Сібірге, Омбыға, Семейге келіп баянадамалар жасады. Мысалы: 1917 жылғы қарашаның 21-дегі «Қазақ» газетінің 25 нөміріндегі Бөкейханұлын Семейде қалай, кімдер күтіп алғанын жазған. Семейде Бөкейханұлын құрметтеп алдынан шығып сөйлеушілер: Шайқы Мұсатайүлы, Ахметжан Қозыбағарүлы,Маннан Тұрғанбайұлы,Сұлтанмахмұд Торайғырұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы.                                                                                                                                                               40. ҰОС . ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫ (ҚазАКСР) – 1920 – 36 жылдарғы кеңестік автономиялық мемлекеттік құрылым. 1919 ж. 10 шілдеде В.И. Ленин “Қазақ (қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы” декретке қол қойды. Ревком құрамына С.С. Пестковский, Б.Қаратаев, Ә.Жангелдин, А.Байтұрсынов, С.Меңдешов, Ә.Әйтиев, т.б. енді. 1920 ж. 30 тамызда Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК құрамында “Автономиялық қазақ (қырғыз) Социалистік Кеңес республикасын құру туралы” декрет қабылдады. Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал обл. және Каспий обл. мен Астрахан губ-ның қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қ. болып белгіленді. 1920 ж. 4 – 12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты. Съезде Қазақ АКСР-дің ОАК сайланып, ХКК құрылды. 1921 ж. соғыс коммунизмі саясатының орнына жаңа экон. саясат енгізілді. 1921 – 22 ж. жер-су реформалары жүргізіліп, 470 мың га-дан аса жер қазақ шаруаларына қайтарылды. 1924 ж. 5 – 10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды. Кеңестік Орта Азия республикаларын ұлттық-межелеу нәтижесінде Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандары Қазақ АКСР-ге қосылды. Патша әкімш. енгізген “киргиз” деген атау 1925 ж. сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атын қайтарып алды. Ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губ. РКСФР-ге өтті. Жаңа әкімш. бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал (құрамына Бөкей обл. уез дәрежесінде кірді) облыстарынан және респ. үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ, Қарақалпақ автономиясы облысы кірді. 1928 ж. Қосшы одақтары нығайтылып, 300-ден астам ұжымшар (колхоз), 5 кеңшар (совхоз) құрылды, губерниялар мен уездер таратылып, округтер мен аудандар құрылды. 1929 ж. 13 округ (Адай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Гурьев (қазіргі Атырау), Қарқаралы, Қызылорда, Қостанай, Кереку (қазіргі Павлодар), Қызылжар (қазіргі Солт. Қазақстан облыстары), Семей, Сырдария, Орал) құрылды. 1929 ж. мамырда ел астанасы Алматыға көшірілді. 1929 ж. жаппай ұжымшарға бірігу қозғалысы басталды. Ол байлар мен кулактарды тап ретінде жою, кеңестік озбырлық тұтатқан көтерілістерді қарулы күшпен басу және көшпелі халықты отырықшыландыру науқандарымен қатар жүргізілді. 1928 – 37 ж. республикада 1–2 бесжылдық жоспарлары бойынша 200-ге жуық ірі өндіріс орындары салына бастады. Олардың ішіндегі ірілері Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту з-тары болды. КСРО-дағы 3-көмір бассейні атанған Қарағанды және Алтайдағы кен орындары тез дамыды. Жедел түрде Түрксіб т. ж. іске қосылды. 1932 ж. бұрынғы округтер таратылып, орнына 6 облыс (Алматы, Ақтөбе, Бат. Қазақстан, Қарағанды, Оңт. Қазақстан, Шығ. Қазақстан) құрылды. 1936 ж. КСРО-ның жаңа конституциясы бойынша ҚазАКСР одақтас республикаға айналды.                                                                                                                                                                            41. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның екінші Конституциясы қабылданып, бұрынғы ЗКФСР-дан бөлінген Әзірбайжан Кеңестік Социалистік Республикасы (Әзірбайжан КСР-і), Армения Кеңестік Социалистік Республикасы (Армения КСР-і), Грузия Кеңестік Социалистік Республикасы (Грузия КСР-і), РКФСР-ден бөлінген Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (Қазақ КСР-і), Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасы (Қырғыз КСР-і) құрылып, Кеңес Одағындағы одақтас республикалар саны көбейді. 20 ғ-дың 30-жылдарының аяқ кезінде елдің сыртқы саясатында үлкен өзгерістер болды. 1939 ж. кеңес-герман келісімшарты жасалынып, ол бойынша КСРО құрамына Батыс Украина мен Батыс Белоруссия, 1940 ж. Балтық теңізі жағалауы елдері, Бессарабия, Солт. Буковина зорлықпен қосылды. Осының негізінде 1940 жылы Молдовия Кеңестік Социалистік Республикасы (Молдовия КСР-і), Латвия Кеңестік Социалистік Республикасы (Латвия КСР-і), Литва Кеңестік Социалистік Республикасы (Литва КСР-і), Эстония Кеңестік Социалистік Республикасы (Эстония КСР-і) құрылып, Кеңес Одағы құрайтын одақтас республикалар саны 15-ке жетті. 1941 ж. жазда кеңес-герман соғысы басталды (қ. Ұлы Отан соғысы). Соғыс кезінде тұтас халықтар (балкарлар, шешендер, қалмақтар, қырым татарлары, карашайлар, месхет түріктері, немістер, т.б.) Қазақстанға, Орта Азияға, Сібірге жер аударылды. Соғыс аяқталғаннан кейін КСРО-ға Оңт. Сахалин, Куриль аралдары, Петсамо (Печенга) ауданы, Клайпеда, Кенигсберг (Калининград), т.б. территориялар қосылды. Соғыстан кейінгі жылдары саяси қуғын-сүргін қайтадан басталды (космополиттермен күрес, “Ленинград ісі”, “дәрігерлер ісі”, т.б.). Соғыс кезіндегі бұрынғы одақтастармен (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) арада бәсеке күшейіп, “қырғи-қабақ соғыс” ахуалы қалыптаса бастады. Әлемде екі жүйе (социалистік елдер мен капиталистік елдер) пайда болып, жанталаса қарулану күшейіп кетті. 1949 ж. Семей полигонында КСРО-да тұңғыш атом қаруы сыналды. 1953 ж. көктемде Сталин қайтыс болып, үкімет билігі үшін тартыс қайта басталды. Үкімет басына келген Н.С. Хрущев партияның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. Саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастады. Қудалауға ұшыраған халықтардың РКФСР құрамындағы автон. құрылымдары қалпына келтірілді. Кеңес Одағы құрамында жоғарыда аталған 15 одақтас республикалардан өзге 20 автономиялық республика, 8 автономиялық облыс, 10 ұлттық округ болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Қазақстан мен Батыс Сібірде тың және тыңайған жерді игеру қолға алынды. 1954 ж. алғашқы атом электрстансасы салынды, 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды, 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ бұл жұмыстардың барлығы тоталитарлық жүйе тәртібімен жүргізілгендіктен, ішкі қайшылықтары көп болды. Орыстандыру саясатының күшеюіне қарсылық ретінде ұлт республикаларында наразылықтар бой көрсетті. 1964 ж. Хрущев орнынан түсіріліп, билікке Л.И. Брежнев келді. Жаңа үкімет басшысы жүргізген реформалар ақырына дейін жеткізілмей, сәтсіздікке ұшырады. Экономика экстенсивті жолмен дамыды, елді милитаризациялау әрі қарай жалғасты. Көрші социалистік елдерде реформа жасау әрекеттері – Венгрия (1956) мен Чехословакияға (1968) қарулы әскер кіргізу арқылы басып тасталды. 1979 ж. Ауғанстанға Кеңес Одағы әскерлері кіргізілді. Жанталаса қарулану одан әрі шегіне жетті. 1977 ж. қабылданған КСРО-ның үшінші Конституциясы елдің қоғамдық-саяси өміріне, әлеуметтік-шаруашылық тұрғыда дамуына серпін бере алмады. 1980 жылдың бас кезінде Кеңес Одағы экономикалық тоқырауға ұшырады. 1985 ж. билікке М.С. Горбачев келуімен бірге елде саяси-экономикалық реформалар басталды. Кеңес жүйесін реформалауға тырысу КСРО-ны дағдарысты жағдайға алып келді. Халықтың саяси белсенділігі бірден көтеріліп, ұлттық партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Қазақстанда (қ. Желтоқсан көтерілісі), Балтық теңізі жағалауы елдерінде, Кавказ республикаларында халықтың жаппай бас көтерулері болып өтті. Экономика тұралап қалды, шахтерлердің, кеншілердің, мұғалімдер мен студенттердің, дәрігерлердің үкіметтің саясатына қарсы ереуілдері басталды. Кертартпа күштердің 1991 ж. тамызда мемл. төңкеріс жасау әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Кеңес Одағының бұдан әрі өмір сүруі мүмкін болмай қалды. 1991 ж. желтоқсанда Минск қаласында КСРО-ның бастапқы құрылтайшылары болған одақтас республикалар Беларусь, Ресей, Украина басшылары өздерінің КСРО-ны тарататындықтарын жариялады (қ. Беловеж келісімі). Сөйтіп, КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1991 ж. 21 желтоқсанда бұрынғы КСРО республикалары Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина Алматы қаласында өздерінің Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құратындықтары жөніндегі декларацияға қол қойды. 1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды. Ол жерде «КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ КСР өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады» делінген. 1937 жылдың Конституциясында экономикалық, саяси қорғаныс салалары бойынша өзара ықпалдастықты іске асыру мақсатында басқа да тең құқылы республикалармен еркін түрде одақтасуға құқылығы (13-бап), Қазақ КСР келісімінсіз территориясын өзгертуге тыйым салу (16-бап), жоғарғы республикалық және мемлекеттік биліктің жергілікті органдары қалыптастыратын, заңнаманы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және де азаматтар құқығын, салық салу т.б. мәселелерді қорғау бойынша республика саясатын жүргізу құқықтары бекітілген (19-бап).Сонымен қатар, сот пен прокуратура жүйесі қамтылған. Халық соттары аудан азаматтарының тарапынан құпия сайлау жолымен жалпы, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланып, сот ісін жүргізу қазақ тілінде, ал басқа ұлт өкілдері шоғырланған аудандарда олардың ана тілдерінде жүргізілуі тиіс болған (83-90-баптар).1937 жылдың Конституциясында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған: еңбек етуге құқылығы (96-бап), демалысқа құқылығы (97-бап), қартаю, ауру болу және еңбекке қабілетсіз болып қалу жағдайларында материалды қамтамасыз етілуге құқылығы (98-бап), денсаулық сақтау, сөз, баспасөз, жиын, митинг, көше шерулері мен демонстрацияларға еркіндік берілуі кепілдігі, тұлғаға, тұрғын-жайға, азаматтардың хат жазысу арқылы жеке хат алысуға дербес құқықтары, шетел азаматтарына саяси баспана беру құқығы.                                                                                                                                                                               42. Қазақстандағы екінші репрессия  1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанғы  Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі  үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын- жазушылар жұмыс істеді. Соның ішінде деп слайд арқылы  сол кездегі қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларына тоқталамыз Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыр – қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының  мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді Тұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.Мағжан Жұмабаев – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік,  самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.2. Осы жазалау шараларын ұйымдастыру үшін Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды. 1930 жылдың мамыр айында  КСРО Халық Комиссарлары  Комитеті  «Қазақстанда еңбекпен түзеу  лагерьін  құру туралы»  қаулы қабылдайды. Қазақстан картасында  Карлаг, Степлаг, Алжир т.б лагерьлер пайда болады.  Видеоролик арқылы  түсіндіру. Қазақстанға күштеп көшірілген корей ұлтының бұрынғы КСРО мен Қазақстан территориясына корейлердің қоныстандырылу себебі, тұрмыстық жағдайы кеңестік, ресейлік, қазақстандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектерінен көремізге болады. Ресейдің Қиыр шығысына қоныстанған корейлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын алғаш зерттеген Н. Насекин болды. Оның «Корейцы Приамурского края» еңбегінде кәрістердің тұрғын үйі, тамағы, киім-кешегі, тұрмыстық бұйымдары, үйлену, т.б. салт-дәстүрлері жайында этнографиялық мәліметтер берілген. Кеңестік кезеңде, нақты айтқанда 60-жылдары КСРО-да тұратын корейлердің саяси, әлеуметтік, мәдени тарихына арналған Ким Сын Хваның зерттеу еңбегі жарық көрді. Автор бұл еңбегінде ұлттардың саны, әлеуметтік құрылымы, өмірі, тұрмысы, шаруашылығы, білім беру жүйесінің қалыптасуы, ұлттық театрдың пайда болуы, әдебиеттің даму барысы жайында құнды деректер береді . Республиканың егемендігін алғаннан кейінгі жылдары кеңестік корейлердің тағдырына Оңтүстік Корея зерттеушілері де қызығушылық таныта бастады. Ең алғашқылардың бірі болып Ли Кван Гю мен Тен Генг Су Кеңестер Одағына корейлердің қоныс аударуының себептерін, олардың 40-60 жылдардағы Қиыр Шығыстан Орта Азияға қоныс аударуының негізгі  мақсатын анықтап 1989 жылғы Бүкілодақтық санақ мәліметтеріне сүйене отырып, Кеңестер Одағындағы корейлердің демографиялық өсіміне сипаттама берсе, ал Оңтүстік Корея ғалымы Банг Сан Хе мен өзбекстандық ғалым П.Г. Ким «История переселения советских корейцев» атты монографиясында кеңестік корейлердің қоныс аударуы тарихын мұрағат құжаттары арқылы талдауға алған. Қазақстанның тарихшы-корейтанушысы Г.В. Кан ХХ ғасырдың 80-жж. соңынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстанға күштеп қоныстандырылған корей ұлтының саяси тағдыры, әлеуметтік-мәдени дамуы, экономика саласына тигізген үлесі, корей диаспорасы, Корея мен Қазақстан арасындағы  ұлтаралық қатынастар мәселелеріне арналған еңбектер жазды және жазу үстінде. Оның алғашқы толыққанды ғылыми-құжаттық зерттеуі «История корейцев Казахстана» тарихи очеркінде корейлердің Орта Азия аймағымен байланыстары, корейлердің Қазақстанға қоныс аударуы және оның салдарлары туралы мұрағаттық құжаттар негізінде қызықты мәліметтер береді. Корей диаспорасының қазіргі кезеңдегі мәдени қайта жаңғыруын, көпұлтты Қазақстанда ұлттық татулық мәселелерін қарастырады. Мерзімді басылым беттерінде де депортация мәселесіне байланысты, соның ішінде Қазақстандағы корейлердің күштеп қоныс аударылуы мәселелерін қарастырған мақалалары жарық көрген.Қазақстан корейлері тарихын зерттеуде жетекші орын алатындардың бірі  Г.Н. Кимнің ғылыми еңбектері болып табылады. Оның ғалымдар Г. Ханмен, Д.В. Менмен және Сим Енг Соб, Чан Вонг Чанг, Пэк Тхэ Хен бірігіп жазған еңбектерінің маңызы зор [18]. Бұл еңбектерден қазақ жеріндегі корейлер диаспорасының әлеуметтік-мәдени өмірінен толымды мағлұматтар ала аламыз. Қазақстанда мекендеп корей ұлтының отбасылық салт-дәстүрі, ырым-жоралғылары жайлы, атап айтқанда баланың дүниеге келуінен бастап  жасалатын түрлі әдет-ғұрыптары тарихшы Л.В. Миннің жұмысында қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстанға қоныстанған корейлердің мәдениеті, оқу-ағарту саласындағы жетістіктері, салт-дәстүрін зерттеу барысында ғалымдар Ю.В. Ионованың зерттеулері мен Цой Ен Гын, Ян Вон Сиктің құрастыруымен шыққан еңбегі мен түрлі жинақтарға шыққан мақалалар пайдаланылды.
  8. . Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінін 70% – 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан – 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында  Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудын алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті.

Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танықтан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза  тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

И.В.Панфилов дивизиясы құрамында  жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойында ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мәжбүр болды. Москва түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл  шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 19-шы атқыштар бригадасы да қатысты.

“Барбаросса” жоспары жүзеге аспағаннан кейін 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған “Блау” деген ат қойды. Фашистер бұл жерлерді жаулап алуға үлкен мән берді. Өйткені фашистерге басып алған мемлекеттер территорияларынан мұнай тасу қолайсыз болғандықтан, Кавказ мұнайына үлкен үміт артты. Тағы бір себеп – фашистер Кеңестер Одағының Қара теңіздегі порттарын басып алып, одақтастары – Англия, АҚШ-пен байланысын үзуді көздеді. Сонымен қатар Сталинград қорғаныс өнеркәсіптері көп шоғырланған шикізат көзіне бай орталық болды. Сондықтан фашистер бұл бағыттағы соғыс қимылдарының сәтті аяқталуына үлкен мән берді.

Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда – 69, ал қыркүйекте – 81 дивизия аттандырды. Күш тең болмады. Өйткені кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Москва бағытында күтіп, негізгі әскери күшті осы бағытқа шоғырландырды. Өйткені ”Блау” бойынша, Кеңес барлаушыларын жалған жолға түсіріп, шабуыл Москва бағытында қайта жанданады деген ақпарат таратылған еді. Сталинград бағытындағы шайқастарға төмендегідей  қазақстандық  әскери құрылымдар қатысты: 292-ші атқыштар дивизиясы ретінде қайта құрылған 74-ші Аралдық  атқыштар бригадасы, 387-ші атқыштар дивизиясы, 27-ші атқыштар кейінгі 72 гвардиялық дивизия, 75-ші атқыштар кейінгі 3-ші гвардиялық атқыштар бригадасы. 3-ші атқыштар бригадасы Сталинград түбідегі шайқаста 5 мың фашисті жойып, 3 мың фашист офицері мен жауынгерлерін тұтқынға алды. Сонымен бірге, бұл шайқасқа 81-ші атты әскер дивизиясы, 152-ші атқыштар бригадасы, 129-ші миномет полкі мен 196-ші жеке көпір құрылысы  батальоны қатысты.

1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды.

Қорыта келе, Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда  6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да  құрды. Бұл батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті халқынан және құғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы  еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші  қазақстандық қорғаныс және майдан объктілеріне тартылған. Республиканың мобилизациялық деңгейі тіпті Германиядан да жоғары болды, Германия халқының 12% мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 24% мобилизацияланған. Мобилизацияланған халықтың 50-60% қазақ ұлтынан еді. Қорғаныс, көмір, ауыр өнеркәсіп жұмысшылары соғысқа тартылудан босатылса, Қазақстан тұрғындары түгелімен дерлік армияға шақырылды. Өйткені Қазақстанда шаруалар басым болды.

Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған  қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі.

 

  1. 45. Түркістан легионы – Орталық Азияда туған түркілерден тұратын Вермахттың бөлімі. Кеңес пропогандасы легионның құрылуында Мұстафа Шоқайды айыптаған. Бірақ та кей бір деректерге сүйенсек, мұндай бөлімдерді ашуды немістер 1933 жылдарда-ақ жоспарлап қойған деседі. Негізі, Түркістан Легионы үлкен Шығыс легионының бір бөлігі болатын. Мұны 1941 жылы Мұстафа Шоқайға ұсынады. Бірақ, ол келіспегендіктен Түркістан Легионының басшысы ретінде Уәли Қайюмды сайлайды. Оларды біріктірген негізгі мүдде Түркістанды орыстарды зұлымынан азат ету болды. Бөлім негізінен Қызыл Әскер жағында күресіп жүріп тұтқынға түскен әскерлер мен Еуропа мен Түркияда қоныс аударып кеткен түркі ұлттардан тұрды. Бұл уақыттарда Түркістан өлкесі 23 жылдан бері КСРО құрамында еді. Түркістан Ресей Империясының құрамында 40 жыл ғана болды. Қолына мылтық ұстап келгендерді жергілікті халық жылы қарсы алмағаны сөзсіз. Көпшілігі жаңа үкіметке қарсы бас көтермесе де, оларды саясатын іштей қолдамайтын еді. Бірақ, 1941 жылдардағы Кеңес пропогандасы өте белсенді түрде жайылып жатқандықтан өсіп келе жатқан ұрпақ жаңа, коммунистік рухта өсіп жатқан болатын. Ал, бұл кезекте Кеңес Үкіметіне қарсы бас көтеру мүмкін еместей көрінетін. Бірақ, үкіметтің қысымымен қоныс аударып кеткендер жергілікті халықтың Кеңес шырмауынан азат болғанын шын жүректен қалайтын еді. Осы адамдар арқылы немістер антикеңестік легиондарды құруда шешім қабылдады. Түркістан Легионының Әскерлеріне Ұлы Түркістан Мемлекетінің құрылуы уәде етілген еді. Сонымен қатар, оның құрамына Орта Азия, Башқұртстан, Еділ бойы, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ және Шыңжаң өлкелері қосылады деп жоспарланған болатын.

 

  1. ¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады. Мыңдаған қазақстандық жұмысшылар мен мамандар Ленинград пен Сталинградта, Брянск пен Донбаста, Солтүстік Кавказда, Украинада, Белоруссияда және Кеңес Одағының басқа да аудандарында аянбай еңбек етті.
    Соғыстан кейінгі кезенде білім, ғылым және әдебиетпң дамуында бірқа-тар жетістіктерге қол жеткізілді. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылы-ми-зерттеу институты жұмыс істеді.
    И. Сталин өлгеннен кейін (наурыз 1953 ж) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. Хрущев сайланды Осы кезде Қазақстан Компар-тиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Ж. Шаяхметов босатылып, оның орнына П. Понамеренко, екінші хатшылыққа Л. Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д. Қонаев сайланды. Н. Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам өмірін демократияландыру ба-ғытында әрекет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның XX съезі өтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мәселе қаралды. Бұл съезде сталинизм қылмыстары әшкереленіп, оның қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды. Соған сәйкес Қазақстанда Т. Рыс-құлов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақтал-май қалды. Бұл Кеңес Одағындағы тоталитарлық әміршіл-әкімшіл жүйенің әлі де болса ез күшінде екенін білдірді.
  2. КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.

1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.

Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.

1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.

1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.

 

  1. 48. Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.

1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.

1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.

Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.

1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.

1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.

Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;

1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га). 2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. 4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті. 6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.

Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.

Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.

1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. 2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы – 85%-н болса, 1962 жылы – 29%-ғана болды. 6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. 7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. 9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. 10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.

1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды.Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай алмады.Осыған байланысты 1954ж 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов,2-хатшы Л.И.Афонов босатылып,олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко және Л.И.Брежнев сайланды.Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап,үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1- хатшылары ауыстырылды. Бұрынғы Кеңестер Одағы,оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады.1)1954-1955жж. 2)1956-1958жж. 3)1959-1965жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік облыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды.Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан,тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса,1955ж соңына қарай олардың саны 631-ге жетті.Ал 1958ж ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға,МТС-тар жөндеу станцияларына айналдырыла бастады.Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640мың адам көшіріліп әкеленіп,Қазақстанда 18млн га.тың жер,немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6%игеріліп,республикадағы егістік көлемі 22,4 млн гектарға жетті.Осының арқасында 1956ж алғаш рет миллиард пұт астық алып,Ленин орденімен марапатталды.Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2 мың кг жетті.Оған қоса тың астығы сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады. Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның XX сьезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет-астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды.Осыған сай 60-жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25млн гектар,а жетті.Бірақ та тың игерудің алғашқы жылдарында қол жеткен табыс одан әрі ұштасып кете алмады.Өйткені,жаңадан игерілген тың жерлер 60өжырлардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын,осының салдарынан әрбір гектардың жоспарланған 14-15 ц.астық орнына 1954-1958ж 7,4ц. жиналса,1961-1964ж-6,1ц.,ал 1964ж-3,1ц.ғана астық алынды.Осы кезден бастап еліміз АҚШ,Канада,Франциядан астық сатып алуға кіріседі. Қазіргі таңда экономистер тың және тыңайған жерлерді игермей-ақ,астық өндіру кезіндегі астықты аудандардағы әр гектардан 1ц.өсірсе,бұл тың игеру нәтижесімен теңескен болар еді,-деген пікірде.Оның үстіне тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демокрафиялық жағдайы одан әрі күрделендіріп ,бұрынғы Кеңестер Одағының Еуропалық бөлігі үшін де,Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды.Өйткені,сол кездің өзінде-ақ Одақтың Еуропалық бөлігінде жылдан-жылға селолық жерлерде тұрғындар саны азайып,ал біздің республикамызда керісінше,өсіп отырған болатын.Осы ерекшеліктер ескерілмей,онсыз да саны кеміп отырған еуропалық аудандардан тек 1954-1962ж ғана Қазақстанға 2млн.астам адам көшіріліп әкелінді.Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің,Украинаның және т.б республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды.Екінші жағынан 20-30-жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы,енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты,1959ж санақ бойынша алатын үлесі 30%-ке дейін төмендеп кетті. Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани,ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді.Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп,қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің,баспасөздің саны күрт төмендеп кетті.3 мыңнан астам елдімекенніңаты өзгертіліп,тарихи ұлттық санаға шек қойылды. Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға,мал жайылымдардың күрт қысқаруына алып келді.Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18млн.га астам жер эррозияға ұшырады.Қалыңдығы 1 см.қара топырақтың қалыптасуы үшін,кем дегенде 2-3 ғасыр уақыт керек еді.Жайылым азаюы салдарынан ұзақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды,жылқы 1916ж 4340мың болса,1961ж-1158 мыңға дейін,ал түйе 1928ж санынан 8 есе кеміді. Тың игеру барысында орын алып отырған кемшіліктердің бірқатары КОКП ОК 1965 жылдың наурыз,1966ж.мамыр пленумдарында ашылып,оларды жоюдың шаралары белгіленді.Ауыл шаруашылығының берік негізін жасау,жоспарларды жақсарту,колхоздар мен совхоздарда шаруашылық есепті енгізу,еңбектің моральдық және материалдық қызығушылығын ұштастыру міндеттері қойылды.1966-1970ж республика ауыл шаруашылығын дамытуға 5,5млрд сом қаржы бөлінді.Осының арқасында 8- бесжылдықта ауылшаруашылық өнімі 54% өсіп,Қазақстан Кеңестер Одағының өзіндік ерекше ауылшаруашылық ауданына айналды.Мемлекеттік өорға республикадан әрбір 4- тонна жүн,12- тонна ет және 5- тонна астық түсті. Азық тулік тапшылығын шешу,астық өндіруді арттыру мақсатында тыңжәне тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды.Тың жерлер игерілген аймақтар:Қазақстан,Сібір,Урал,Солтүстік кавказ,Еділ бойы.1954-1955 жылдары млрд 100 млн 1млрд 200 млн пұт астық алу белгіленді.Қазақстандағы тың жерлерді игерген аудандар:Қостанай,Ақмола,Солтүстік Қазақстан,Көкшетау,Торғай,Павлодар облыстары.1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20млрд сом жұмсалды.1954-1962 жылдары республикаға 2 млн-ға жуық тыңгерлер көшіп келді.1954 жылғы тамызда жыртылған жер көлемі:

-КСРО-да-13.4 млн га

-Қазақстанда-6,5 млн га

Тың жерлерді игеруге 10 мыңдаған мамандар,ауылшаруашылығының өндірісінің ұйымдастырушылары келді.1954 жылы 20 мыңнан астам адам келді.Оның ішінде қажетті мамандар азшылық болды.1954жылы Қазақстан тыңында 120-дан астам совхоз құрылды.1954 жыл тың жер астықтың жарпы түсімінің 40% берді.Тың игеру жылдары Қазақстанда 25млн га жер жыртылды.Алайда табысқа алғашқы жылдары ғана қол жеткізді.Тың жерлерді кең көлемде игеру табиғатқа үлкен зиян тигізді.Жайылымдармен жем,шөп дайындайтын жерлер тарылды.Топырақ эрозиясы күшейіп,жердің құнарлы қабаты желге ұшты.Ауылшаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі ет және сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды.Тың жерлерді игеру саясатының жағымды құбылыстары:Қазақстан КСРО ның негізгі астықты аймағына айналды,көп ұлтты республика болды,еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті,жаңа жолддар мен елді мекендер көбейді.Жағымсыз құбылыстары:экологиялық жағдай ауырлады,мал шаруашылығы төмендеді,жер,су аттары орысша аталды,республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді,тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады,тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игеру басталғаннан кейін 20 жыл өткенде ғана құрылды.

 

49-билет

ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын.

“Тоқырау” кезеңі  1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті.

Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ.

Қорыта келгенде, 70-80-жылдары республика экономикасында тұтастай Одақтың халық шаруашылығына тән үйлесімсіздіктердің  бәрі көріне бастады. Бұл ең алдымен басқарудың әміршіл-әкімшілдік әдістерінің әбден орнығуы еді. Экономикалық ынталандыруды жоққа шығара отырып, қалыптасқан жүйе экономиканы экстенсивтік даму жолында ұзақ ұстап қалды. Мемлекеттік меншіктің іс жүзінде ведомстволық меншікке айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал-жабдықтарынан алыстатуға алып келді. Еңбекақы төлеу жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырылмады. Кәсіпорындардың ешқандай дербестігі болған жоқ. Халық шаруашылығы иесіздіктен, жаңа техника мен технологияны нашар енгізуден үлкен зиян шегіп жатты. Экономикалық ведомстволар түріндегі орталықтың әміріне бағыну республикадағы жағдайды одан әрі қиындата түсті. 80-ші жылдардың ортасында республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.

50-билет

1985 жылғы наурызда К. У. Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М. С. Горбачев сайланды. КОКП Орталық комитетінің сәуір айында болған пленумында әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қарауға әрекет жасалынды. Пленумда әлеуметтік экономикалық дамуды жеделдету бағыты жарияланды. Бұл серпілісті саяси басшылық дамудың экономикалық қарқынының бәсеңдеуіне жол бермеу және негізгі күштерді осы бағытқа жұмылдыру арқылы жүзеге асығуға тырысты.

Ғылыми-техникалық прогресс негізінде экономиканың құрылымдық қайта құру проблемаларын КОКП Орталық Комитетінің ірі мәжілісінде талқылау жаңа басшылықтың алғашқы қадамы болды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП-ның XXVII съезінде бұл бағыт қолдау тауып, дамытылды.

Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардағы түпкілікті өзгерістер социализмді жетілдірудің құралы, социалистік құрылыстың орасан зор артықшылықтары мен мүмкіндіктерін ашудың шарты деп қаралды.

Сәуір (1985 ж.) пленумы, одан кейінгі пленумдар да, КОКП-ның XXVII съезі де КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады және құтқара да алмайтын еді.

Жеделдету бағыты терең ұғынылған ғылыми концепциясыз, айқын да, анық бағдарламасыз жүргізілді. Жеделдету бағытының сәтсіздікке ұшырауының негізгі кінәлілері жекелеген басшы коммунистер болып жариялануы белгілі бір заңдылық тәрізді. Мысалы, Мәскеуде В. В. Гришин, Ленинградта Г. В. Романов, ұлттық республикаларда Д. Қонаев пен Г. Алиев.

Жаңарудағы тежеудің ұшығы әміршіл-әкімшіл жүйенің бұрынғыша сақталуында, оның саяси институттарының тиімсіздігіне, халыққа жаттығында, адамға жақсы еңбек ету негізінен тиімсіз болған, оның экономикалық құрылымдарының өміршең еместігінде жатты. Қоғам дамуының қажеттерінен ғылым да қалып қойды.

Алғашқыда жарияланған мақсаттар мен нақты өмірдің арасындағы күрделі қайшылықтардың нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына жеткізді.

.Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына жылдар бойы қордаланған осындай себептер түрткі болды. Орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар, шовинистік саясат т. б. қалыптасқан жағдайлар наразылықтың негізгі себептері болды.

Наразылық сылтауы. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д. Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комиетінің бірінші хатшысы болған Г. В. Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және халық мүддесін мүлде елемеушілік болды.

Оқиға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында республика басшылығының ауыстырылуына қарсылық ретінде жастар толқуы басталды. Мұндай наразылықтар басқа қалаларда да өтті. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Жастар толқуы бейбіт жағдайда Алматы көшелерінде басталды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан алшақ еді. Тек лениндік ұлт саясатының бұрмаланбауы, әр ұлтқа өз басшысын қою керек деген сөз жазылған тақтайлар ұстап жүрді. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез тарауын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы горнизоны, басқа да әскери күштер жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінің ішкі әскер бөлімдері әкелінді.

Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендердің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Оқу орнынан 271 студент, комсомолдан 787 адам шығарылды.

Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова сияқты жастар жазықсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-сы ақталды. 1987 жылғы КОКП Орталық Комитеті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.

Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КОКП ОК-ның желтоқсандағы жастар шеруін қазақ ұлтшылдығы деп кінәлау қате деген қаулы шығарды. КСРО халық депутаттарының I съезінде ақын, қоғам қайраткері М. Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.

51-билет1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.

Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата талқандауды ұйғарды.

1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 19361938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов, Т.Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды

Қазақстан 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдары бұрын-соңды болмаған әлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда бірінші рет феодализмнен капиталистік қоғамға соқпастан социализмге өту идеясын жүзеге асыру әрекеті жасалды.

30-жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай перспективаларды көздеді:

  • саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;
  • әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;
  • ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін (күш-қуатын) «жақсарту».

Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады (Қарлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар – М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар – А. Байтұрсынов, С. Асфендияров т. б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.

50-жылдардың ортасында лагерьлерде қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды. Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шығарылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау – 1920-1950 жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігін дәлелдеді. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20-40-жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлі күнге шейін белгісіз болып отыр.

 

  1. Бұдан дәл 20 жыл бұрын, 1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматыда бұрынғы кеңестік он бір республиканың басшылары маңызды стратегиялық шешім қабылдады. Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы мүше-мемлекеттерінің Алматы декларациясы өмірге келді. Бұл құжатты жасау үшін себеп болған оқиғалар сол кездегі КСРО-дағы әлеуметтік-саяси және экономикалық үдерістердің келмеске кетуі болды. Кеңес Одағының республикалары арасындағы 80 жылдардың соңында қалыптасқан жаппай және одан әрі ұстап тұруға болмайтын орталықтан сыртқа тепкен саяси  үдерістер көптен күткен «егемендік шеруінің» басталуына жол салды, ол тұтастай алғанда КСРО кеңістігіндегі келе жатқан өзгерістерден жіті хабар берді.   1991 жылғы 20 тамызда жаңа Одақтық шартқа Белоруссия, Қазақстан, РСФСР, Тәжікстан және Өзбекстан қол қоюы, ал күзде оларға басқалары да қосылуы  тиіс еді,. Алайда 18-21 тамыз күндері болған Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің мүшелері КСРО Президенті Михаил Горбачевті күштеп тайдыруды жүзеге асырудың сәтсіз болуы бұл жоспарды бұзып жіберд.Алда тұрған проблемалардың ауқымдылығын сезіне отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда бұрынғы одақтық республикалар көшбасшыларының кездесуін өткізу жөнінде бастама көтерді, онда достық, тату-көршілік және елдер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың тарихи тамырларын тиісті құжатпен қуаттап, бекіту, сондай-ақ бұрынғы кеңестік кеңістікте  басқа да біріктіруші жобаларды дамыту үшін векторларды іздестіру көзделді. Қазақстан басшылығының белсенді жұмыстарының нәтижесінде 1991 жылдың 21 желтоқсаны күні кеңестік 11 республиканың басшылары Алматыда бір үстелдің басына жиналды. Өткізілген келіссөздердің қорытындысында «ТМД-нің Алматы декларациясы» қабылданып, онда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылғандығы жарияланды, оның тең құқылы бірлестікке ұмтылысы айқындалып, мақсаттары мен ұстанымдары нақтыланды.                            Ә)     Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында»атты кітабында:» 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар жүз жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді» ─ деп дәл бағалаған.
  2. Бүгінгі таңда біздің шекарамыз – достық пен тату көршілік шекарасы. Ол бізге ізгі ниетпен келетін барлық елдерге айқара ашық. Бұл ретте біз ендігі жерде ұлан-байтақ Еуразия құрлығының қақ жүрегінде әлем қауымдастығы мойындап, құрмет тұтатын, аумағы жөнінен жер бетінде 9-шы орын иеленетін жаңа мемлекет – Қазақстан бар екенін мақтан тұтамыз.

Биыл еліміз тарихында тұңғыш рет жаңа мемлекеттік мейрам – Тұңғыш Президент күнін атап өткелі отырғанда, біз Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын мызғымастай етудегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдессіз тарихи рөлін мақтанышпен атап өтуге тиіспіз!

Кеңестік дәуірде қазақтың қазіргі қалыптағыдай толыққанды мемлекеттік шекарасы болған жоқ. Күллі әлем қауымдастығы мойындаған, мемлекеттік шекаралары халықаралық құқық нормалары бойынша біржола бекіген, көрші мемлекеттердің барлығымен жер дауы шешілген мемлекеттің болуы бірінші рет екенін бәріміз мойындауға тиіспіз. Мұндай мемлекет құру біздің буынның маңдайына, қазақтың заманнан озық туған перзенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пешенесіне жазылған бақ болды.

1991 жылы еліміз тәуелсіздігін жариялаған сәтте Қазақстанның алдында іргелес көршілермен мемлекеттік шекарасын айқындап, бекіту турасындағы аса күрделі, әрі ұзаққа созылар міндет тұрды.

 

  1. Экспо деген не? Бұл – бүкіләлемдік көрме. Бір жарым ғасырлық тарихы бар көрме. «Уикипедияның» тілімен айтсақ, «индустрияландырудың белгісі және техникалық һәм технологиялық жетістіктерді көрсететін мүмкіндік». Ең алғаш 1851 жылы Ұлыбританияда өткен. Содан бері қарай бұл көрме алпыс бес рет өткен. «Уикипедияда» жарияланған соңғы мәліметке сүйенсек: «Экспо-2017 өткізу үшін тендерді ұйымдастырушылар көрме өткізетін елге бұл шараның 2,3 миллиард долларға түсетінін бағалаған». Көрмені өткізуге екі қала таласқан. Олар: біздің Астанамыз және Бельгияның Льеж қаласы. Тендерді ұтуын ұтып алдық, ендігісі соны абыроймен өткізу. Бұл қомақты қаржыны ғана емес, кәсіби біліктілік пен үлкен қажырлылықты да талап ететін шара. Бізбен бәсекелес болған Льежде бүкіләлемдік көрме екі рет – 1905, 1930 жылдары өткізілген.Америка Құрама Штаттарының әр қаласында бұл көрме жиырма рет өтсе, бір ғана Париждің өзі сегіз рет бүкіләлемдік көрме қонақтарына қызмет көрсеткен. Брюссельде төрт рет өткен. Айтпақшы, Парижде 1889 жылы Эйфель мұнарасы, ал 1908 жылы Амурдан өтетін көпір салынған екен. Амбициясы жоғары Астананың да өз мұнарасы салынуы бек мүмкін.                                   Ұтуын ұтып алдық. Ендігі міндет – абыроймен атқару. ЭКСПО деген Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының саммиті немесе Азиада емес. Оның ауқымы да үлкен, жүктейтін міндеті де ауыр. Жасыратыны жоқ, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары арасында біздің бұл жеңісімізді «жас мемлекеттің жеңісі» деп емес, «мұнайдың жеңісі» деп қабылдағандар да болды. Парижде өткен Халықаралық көрме бюросының бас ассамблеясында өткен дауыс беру рәсіміне мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың барып қатысуын сан-саққа жүгірткендер де жетерлік. Біздің міндет – соның барлығын жоққа шығарып, бүкіләлемдік көрмені өз деңгейінде ұйымдастырып, өткізу. Қазақстан үшін дауыс берген 103 елдің үмітін ақтау (Бельгияға 44 мемлекет дауыс берсе, 1 мемлекет қалыс қалған).

Экспо-2017 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекте аяқталады. Астанадағы көрме «Болашақтың энергиясы» деген атпен өтеді. Ұйымдастырушылар әлемнің әр түкпірінен бес миллионға жуық адам келіп қатысады деген болжам жасап отыр.                                   Сіз не дейсіз? ЭКСПО-2017 – біз үшін үлкен мүмкіндік. Ел іші болғаннан кейін түрлі пікірдің айтылуы, соның ішінде сыни пікірлердің болуы заңдылық. Бірақ, менің пікірім мынадай: ақыры қадам жасалған екен, жеңіп алған екенбіз, енді оны «қажет емес, ақша босқа шашылатын болды, оның бізге не керегі бар» деп кері тарта бермей, ел болып жұмыла дайындалып, бұл мүмкіндікті шын мәнінде ұтымды пайдалануға тырысу керек. Себебі, Алла жеткізсе, бұл шара қайткен күнде де болады, шегінерге жол жоқ. Ал, оның қаншалықты пайдалы өтуі, халыққа қаншалықты пайдалы болуы осы бастан халықтың дайындығына байланысты деп сенем.                                                                                                                                                                                                                               Ең әуелі, ЭКСПО-2017 ел бюджеті үшін шығын деп ойламай, инвестиция ретінде қарауымыз керек деп есептеймін. Әлемдік тәжірибе мен болжамдар бойынша, мұндай шараға ондаған миллион турист келетіні айтылады. Үш айдың ішінде жоқ дегенде бір миллион турист келіп, әрқайсысы Қазақстан экономикасына үш мың доллардан тастап кеткен күннің өзінде де, үш миллиард долларлық кіріс деген сөз. Кететін шығынды ақтау үшін, демек, осыдан кем болмауы тиіс. Ал, келетін турист саны мен орташа туристің «тастап кететін» ақша мөлшерін бірнеше есеге арттырсақ, несі жаман болсын? Әрине, айтуға оңай, бұл тек құрғақ есеп. Бірақ, осы есепті еселеп жүзеге асыруға болмайды емес, болады. Ол үшін бұл шараны тек үкіметтік ұйымдар ғана емес, бүкіл халық, кәсіпкерлер дұрыс қабылдап, тиісті түрде дайындалуы керек.                                                                                            Меніңше, бұл ірі халықаралық шараны дұрыс қолданған жағдайда мынадай пайдасы тиеді:                                                                          Шағын және орта кәсіпкерлер келген туристер есебінен пайда табады;                                                                                    Шағын және орта кәсіпкерлер инфрақұрылым дайындау, ғимараттар құрылысы кезінде пайда таба алады;                                            Қала көркейе түседі;                                                                                                                                                                               Ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға болады: біздің тарихымызға, мәдениетімізге, әдебиетімізге қатысты түрлі кітаптарды шет тілдерге аударып, келген туристерге ұсынуға болады, жан-жақты қосымша көрмелер, концерттер ұйымдастыруға болады, т.б.Ол үшін үлкен дайындық жұмысы қажет. Халықтың үлесі қажет. Мысалы, меніңше, әрбір қазақстандық шамасы келгенше осы шараны насихаттап, сырттан қонақтар, туристер шақыруға өз үлесін тигізсе, одан бәріміз ұтамыз. Интернет арқылы, әлеуметтік желілер арқылы айтуға болады. Мысалы, біз шетелмен жұмыс істейтін компания ретінде, шетелдік әріптестерімізге, таныстарымызға сөз ете жүреміз. Уақыт жақындағанда, тіпті барлық корпоративтік хаттарымызға, фирмалық бланктерімізге, визиткаларымызға ЭКСПО-ның логотипін орнатып қоюды жоспарлап отырмыз. Мұндай тәжірибені көптеген елдерден көргеніміз бар. Одан қалса, сол жылға ірі бизнес форумдар, түрлі кәсіби халықаралық жиындарды көбірек жоспарлауға болады. Әйтеуір, жеке тұлға ретінде де, кәсіпорындар ретінде де жан-жақты үлес қоссақ, одан ешкім ұтылмайды, қайта ұтады деп сенем. Тіпті, қаржы саласында істейтін маман ретіндегі ойым, арнайы осы шараға қатысты жобалар мен өндірістерді қаржыландыратын арнайы қаржылық өнімдер мен құралдар жасақтауға да болатын шығар. Сол арқылы сапалы, жақсы бизнес идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік туар.

«ЭКСПО-2017»-ні ұттық. Бірақ, оның не екендігін нақты түсіндіріп берген ешкім жоқ. Біреулер Еуропа чемпионаты деп жүр. Бұл, біріншіден, халықаралық көрме. Мұнда тек Қазақстанның мәдениеті мен өнімі ұсынылмайды. ЭКСПО -ға мүше барлық елдер (160 мемлекет) тақырыпқа сай өз өнімдерін тарту етеді.

Көрмені өткізу үшін Қазақстан ғана таласып отырған жоқ. Демек, оның пайдасы да бар. Ешкім беталды шығындалғысы келмейді. Зәулім ғимараттар тұрғызуға, қаланы безендіруге халықаралық комитет қомақты қаржы құяды. Бірақ, Қазақстан да біраз шығындалатынын айта кеткен жөн.

ЭКСПО -ның пайдасы, қаланың имиджін көтеріп, болашақта туристерді тартуға болады. Алайда, Астананың аязы, қатал табиғаты, қаланың ауқымы, көпшілікті таңдай қақтырар орындары ЭКСПО өткізу арқылы туристерді жинайды дей аламыз ба, мәселе сонда.

ЭКСПО-ны өткізу пайдалы, бірақ оны қай қаламызда өткізген жөн, сол турасында ойландық па? Егер Алматыда өткізейік десе, 2017 жылғы Универсиаданы құрбандыққа шалуға тура келеді. Ал шынтуайтында, халықаралық шаралардың ішінен спорттық жарыстар өткізгеннен артық пайда жоқ. Жоқ дегенде, спорт ғимараттары халықтың кәдесіне жарайды. Мысалы, Азиадаға салынған нысандар қазір қаншалықты қажетімізге жарап жатқанын көріп жүрміз. Тіпті, сол нысандар арқылы Олимпиадаға құда түсуге болады.

Ал, ЭКСПО-дан қалған нысандарды қайтпекпіз? Баспасөз мәжілісін өткіземіз бе? Әлде, санаулы қылқалам шеберлерінің полотноларын қойып, суреттерін іліп пайда табамыз ба? Міне, осы жағын да мықтап ойлауымыз керек.

Жалпы, халықаралық көрмені ұйымдастыру үшін мол қаражат емес, үлкен мәдениет керек екенін естен шығармаған жөн.

Тағы бір айта кетерлігі, шараның бет-беделін көтеріміз деп, әйгілі адамдарды, бұрынғы мемлекет басшыларын, әртістерді, сондай-ақ, басқа да ресми қонақ санын көбейтіп, оларға тегін жатын орын, ішіп-жем дайындап шабылудың қажеті жоқ. Ондай арзан атақпен бүкіләлемдік көрменің мәртебесін көтере алмаймыз. ЭКСПО мәртебесі жаңа жобалар, жаңа технологиялар, жаңа өндіріс өнімдері, жаңа іскерлік байланыстардың санымен және сапасымен өлшенеді. Әрине, 16 миллион ғана халқы бар елде, 700 мың ғана адам тұратын қалада, жәрмеңкеге салар жаңа технологиясы мен технология арқылы шығаратын өндіріс пен өнімі аз елде бәрібір Шанхай немесе Париж қалаларындағыдай қызғынды болмауы мүмкін. Алайда, біз өз деңгейімізде сәтті өткізе аламыз деп сенемін.                                                                                                                                                                                                                     EXPO жөнінде алғаш жазған осы Ілекең болатын. Мұны екінің бірі түсіне бермейді ғой негізі. Бұл бес аспап, жан-жақты көрме. Мұнда экономиканың өрлеуі де, мәдениеттің мәуелегіне де, өнердің гүлденуі де көрсетілуі керек. Жалпы әр елдің жеткен жетістігі, елге жайып салар несі бар екенін сол көрмеде көрсетілсе… Ілекеңді еске алып отырған себебім, Монреальда болған көрмеге делегация мүшесі болып, Қазақстанның өнер қайраткерлерін бастап барған. Ол кезде Кеңес өкіметінің бүкіл әлемді аузына қаратып тұрған кезі. Сонда ең үлкен павильон Кеңес одағынікі болған. Сонда Кеңес одағы павильонының көрнекті бетке ұстар филиалы біздің Қазақстанның павильоны болған екен. Қазақстанның сенімнен шықпайтыны жоқ, өндірісі сан-салалы. Кен қазуы да, кенді өңдеуі де, астық өндіруі мен мал шаруашылығы өз алдына, өнер шығармалары, әсіресе қазақтың қол өнерлері көрсетілген. Сонда қазақтың ою-өрнектері, түс киізі, текеметі, тоқыған кілемі, жасаған ер-тұрманы, барлығы қойылған. Сонда бір текеметті 6 мың долларға, бір түскиізді 20 мың долларға сатып алған екен. Сонда Ілекең: «Біздің ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан осы қол өнерімізді өндірістік негізге салып дамытсақ, ұтар едік», – деген. Мен Ілекеңді еске алғанда ертең өзіміздің де павильонымыз болады, сонда ұлтымыздың өзіне ғана тән айшықты дүниелері көрініс таба алар ма? Ол көрініс табу үшін осы бастан ұлттық қол өнерімізді қолға алсақ абырой болар еді деген ойым бар.

EXPO жөнінде әртүрлі пікірлер қылаң беріп жатыр. Біреу: «Осының керегі жоқ, шаш етектен шығынға батамыз» дейді. Енді біреу бөркін аспанға атып қуанады. Ал шынында да бұл еліміздің абыройын асқақтататын дүниенің бірі. Әлемдегі 160 мемлекеттің ішінен 120-сы бізге дауыс беріп, Бельгия сияқты дамыған елден озық шығуымыз біздің мәртебеміз, оған әрбір қазақ қуануы керек. Әйткенмен сол қуанышқа әзірлік жасауымыз керек қой.

Көрмені ұйымдастырғаннан ұтылмаймыз ғой деп ойлаймын. Біз тіпті өзімізге еш етенелігі де жоқ Еуропа елдерін жинап алып, саммитті де өткіздік емес пе? Ал мына көрме, тым құрығанда, алпыс ел өзінің павильонын орнатып, қонақ үйін жасап, барлық дүниелерін алып келеді. Солардың бәрін көшіріп әкетпейді ғой. Өзімізде қалады. Менің ойымша, бұған шыққан әрбір теңгеміз, кемінде 3 есе пайда береді. Сондықтан бұдан ат тонымызды ала қашпай, ат салысуымыз керек сияқты. Біздің қаламгерлер қауым әр тараптағы ойда. ЕҚЫҰ саммитін қалай насихаттасақ, мұның да насихаты солай болу керек. Қоғамдық ұйымдарға да, мемлекеттік мекемелерге де атқарар жұмыс көп. Қаржы деген болады, бірақ ол ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей, бір арнаға бағынатындай болып, жанашырлықпен жұмыс жүргізуіміз керек.

  1. 68. 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Бұл жолдау «Қазақстан -2050» стратегиясын ашық түсіндіріп, бірегей кең ауқымды міндеттерін дамытады. Жолдаудың тақырыбынан біз Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы «Қазақстан -2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты баяндамасының саяси сабақтастығын анық байқаймыз.Қазақстан Республикасы Президентінің осы Жолдауы – Қазақстан халқы үшін өте маңызды. Онда қазақ халқының мыңдаған жылдық тарихынан, Тәуелсіздік жылдары бастан өткерген қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы айтылды.                 Бір мақсат – Мәңгілік елді нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту!                                               Бір мүдде – біздің ортақ құндылығымыз, тәуелсіз және гүлденген елде өмір сүруге ұмтылу!                                              Бір болашақ – Мәңгілік елдің, біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі!                            Елбасы өзінің Жолдауында Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіргізу жоспарын ұсынды.Ол үшін Қазақстан экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының стандарттарын енгізуге кірісуі, ішкі жиынтық өнімнің жылдық өсімін 4%-дан асыруы, инвестиция көлемін ішкі жиынтық өнім көлемінің 18%-нан 30%-ына дейін жеткізуі қажет. 2050 жылға қарай экспорттық жалпы құрылымындағы шикізат емес экспорттың үлесі 70%-ға жетуі керек.Ауыл шаруашылығы, геологиялық барлау, мұнай өңдеу салаларындағы инновациялық міндеттерге баса назар аударуымыз қажет, олар әлеуметтік міндеттерді шешудің және қоғамдық келісімнің негізіне айналады. Ғылымды қаржыландыруды ішкі жиынтық өнімнің 3%-ынан кемітпеу және мәдени саясатты дамыту бойынша міндеттер көзделіп отыр.Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа түрін енгізу халықтың әлауқатын арттырудың жаңа кезеңіне айналады. Ал бүкіл әлемде дағдарыс құбылыстарына байланысты әлеуметтік көрсеткіштер төмендеп бара жатқаны баршамызға белгілі.Мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру. Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену үшін жеке меншік бәсекелестігі ахуалы, әділдік, заң мен жоғары құқықтық мәдениет үстемдігі, мемлекеттіктің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен қарым қатынасының жаңа құралдары қажет.Заң алдындағы теңдік құқықтық тәртіптің нақты негізіне айналуы керек. Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қол жетімді болуы керек, құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттырумыз қажет. Үлкен құзырет берілген лауазымды тұлғалар адалдығымен және жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленуі тиіс.Басты міндет – жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын қалыптастыру мен жүзеге асыруды жалғастыру. Әкімшілік реформа қажетсіз қағаз шығармашылығы мен құжат айналымын көбейтуге айналып кетпеуі қажет. Жергілікті басқару органдарына еркіндік бере отырып, олардың түпкі нәтиже үшін жауапкершілігін арттыруымыз  және халықтың алдында есеп беріп отыруын қадағалауымыз керек.Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында еліміз бен қоғамымыздың алдында тұрған нақты міндеттер осындай. Біз олардың заңдылығы мен нақты шешімдерін қамтамасыз етеміз.

69.Еуразиялық экономикалық қауымдастық  2001-2014 бірнеше бұрынғы Кеңес Одағы республикаларында Халықаралық экономикалық ұйым.Кеден Одағы және Біріңғай экономикалық кеңістік қалыптасу үшін,экономикалық және гуманитарлық салаларда0ғы интеграцияны тереңдету,сондай-ақ басқа да мақсаттары мен міндеттері,оның тиімді мүдделі тараптар қалыптастыру үшін құрылды.Еуразиялық экономикалық Одақ құруға байланысты алынып тасталды.Еуразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ-ты құру туралы шартта бұрын Кеден одағы жәнеБіртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы [26 ақпандағы шартта айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тығыз және тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымдамасы негізге алынған. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың ұйымдастыру-құқықтық құралдары және жасалған халықаралық шарттардың бір мезгілде және бірдей орындалуының тетіктері, қабылданған шешімдерді іске асыруды бақылау жүйесін енгізу көзделген. ЕурАзЭҚ-ны құру туралы шартта Кеден одағы шеңберінде бұрын қабылданған шарттар мен шешімдердің сабақтастығы қамтамасыз етілген, олардың ішіндегі айқындаушылары мыналар болып табылады: Кеден одағы туралы келісім; 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кеден одағына қосылуы туралы келісім; 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономкалық және гуманитарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы шарт; 1997 жылғы 22 қарашадағы Кеден одағын қалыптастыру кезінде тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісім; «Қарапайым адамдарға қарай он қарапайым қадам» мәлімдемесі.                                                                                                                                                            Мақсаттары мен міндеттері

  • Толық еркін сауда режимін, ортақ кедендік тариф қалыптастыру және тарифтік емес реттеудің бірыңғай жүйесін тіркеуді аяқтау
  • Капитал қозғалысының еркіндігін қамтамасыз ету
  • Жалпы қаржы нарығын жасау
  • ЕурАзЭҚ шеңберінде бірыңғай валютаға көшу үшін принциптері мен шарттарын үйлестіру
  • Тауарлар мен қызметтерді сауда үшін ортақ ережелер құру және олардың ішкі нарыққа қол жеткізу
  • Кедендік реттеудің бірыңғайланған ортақ жүйесін құру
  • Мемлекетаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру
  • Өндірістік және кәсіпкерлік қызмет үшін тең жағдай жасау
  • Көліктік қызмет және кешенді көлік жүйесін ортақ рыногын жасау
  • Ортақ энергетикалық нарығын қалыптастыру
  • Тараптардың нарығына шетелдік инвестицияларды қол жеткізу үшін тең жағдайлар жасау
  • Қоғамдастық аясында ЕурАзЭҚ елдерінің азаматтарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету
  • Жалпы еңбек нарығын қамтамасыз ететін бірыңғай білім беру кеңістігін, денсаулық сақтау мәселелері, көші-қон және басқа да келісілген тәсілдерді әл-ауқатын мемлекеттердің қоғамдастық құру мақсатында әлеуметтік саясаттың үйлестіру.
  • Ұлттық заңнаманы жақындастыру мен үйлестіру
  • Қоғамдастық шеңберінде ортақ құқықтық кеңістік құру ЕурАзЭҚ елдерінің құқықтық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету
  • БҰҰ-мен өзара іс-қимыл[2]
  • Еркін сауда режимін толық көлемде ресімдеуді аяқтау, біртұтас кеден тарифін және тарифтік емес реттеудің біртұтас шаралары жүйесін қалыптастыру; мүше мемлекеттердіңДСҰ-мен және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара қарым-қатынасындағы келісілген ұстанымын тұжырымдау;
  • Қоғамдастықтың сыртқы шекараларында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандамен және кедендік құқық бұзушылықтың өзге де түрлерімен күрес; экономикалардың келісілген құрылымдық қайта құруын жүргізу; бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық даму; көліктік қызмет көрсетулердің ортақ рыногын және біртұтас көлік жүйесін қалыптастыру; ортақ энергетика рыногын қалыптастыру; білімнің ұлттық жүйелерін үйлесімдендіру, ғылым мен мәдениетті дамыту;

70.Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ)— саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады.

ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29—30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік  және ынтымақтастық  ұйымына –Еуропада ,орталық Азияда және солтүстік америкада орналасқан 56елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды.

Қазақстан бұрынғы кеңестік елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет.Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын және Ванкуверден Владивастокке дейінгі ортақ кеңістік доктринасының пәрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалуының айғағына айналды. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні-ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999жылы Ыстамбулда өткен болатын.

Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы,жоғары лауазымды шенеуніктер,сонымен қатар басқа да халықаралық ұйымның өкілдері қатысты. Кездесу соңында аса жоғарғы деңгейде астана декларациясы қабылданды.Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында,ұцымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін,қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады.Сонымен қатар қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға,ұйымның жауапкершілік аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді арттыруға,адам құқықтарын қорғауға,заңның үстемдігін қамтамасыз етуге,жаңа қатерлерге лайықты түрде қарсы тұру мүддесі жолында ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді.

Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды.Мәселен,Ұйымның бас хатшысы Қазақстан елордасында қабылданған шешімдер ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасауға ықпал ететінін атап өтті.БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады.Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ саммиты Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиты Еуропалық ортақ үй салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді.                               71. Астана-егеменді Қазақстанның астанасы. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.Астана Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді.  Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты.Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Ел астанасын ауыстыру.  Астананың елге тартылған инвестициялардың республикалық көлеміндегі үлесі 10 пайызға, ал республика экономикасындағы өңірлік жалпы өнімінің үлесі 10,2 пайызға тең.Қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары.Шаһардың өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Астана Қазақстанда құрылыс металл бұйымдарын, пайдалануға дайын бетон және бетоннан жасалған құрылыс заттарын шығару жөнінен алдыңғы орынды иеленеді.Қаланың ірі кәсіпорындары қатарында Целиноград вагон жөндеу зауытын, «Цесна-Астық» концернін,  «Тұлпар-Тальго» ЖШС жолаушылар вагонын құрастыру зауытын, «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС тікұшақ құрастыру зауытын айтуға болады.Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келеді – Астанада 128 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді. Астаналық тұрғындардың орташа номиналды айлық жалақысы 154 мың теңге шамасында.Елорда құрылыс ауқымы жөнінен елде көш бастап тұр. Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды.  Астана құрылысына жүздеген отандық және шетелдік құрылыс компаниялары қатысты.Астананың сәулеткерлік тұжырымдамасын жасау барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың елордада Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлері  үйлесім тапқан ерекше еуразиялық стиль қалыптастыру идеясы негізге алынды. Астаналық бас жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава болды.                                                                                                                                                                 «Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды. Өзге де бірегей сәулеткерлік ғимараттар қатарында белгілі британдық архитектор Норман Фостердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум –  «Думан» орталығын, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрын, Орталық Азиядағы ірі мешіт – «Әзірет Сұлтан» мешітін, , «Қазақстан» орталық концерт залын, «Қазақ Елі» монументін, Қазіргі заманғы өнер музейі мен Президенттік мәдени орталық ғимараттарын атауға болады.  2016 жылы Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат – 88 қабатты  «Әбу-Даби Плаза» кешенін іске қосу жоспарланған.Жаңа спорттық нысандар арасында 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионы, 2011 жылы әлемде үздік деп танылған, 10 мың орынға арналған «Сарыарқа» бірегей велотрегі бар. Тағы бір маңызды спорттық кешен – ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін «Алау» мұз айдыны.       Қазақстанның елордасы елдің барлық өңірлеріндегі талапкерлер үшін тартымды орталыққа айналды. Мұнда отандық білім беру ісінің жетекшілері – Назарбаев Университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы, Астана медициналық университеті орналасқан.Астананың айналасында бірегей «жасыл белдеу» жасалып, қала ұланғайын далалық өлкенің ортасындағы шұратқа (оазис) айналып келеді.Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Енді 2017 жылы Астанада «Expo-2017» халықаралық көрмесі өтеді.                                                                                                                                                                                  Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған өзінің бағдарламалық сөзінде жаңа елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап берді:                «Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар».

72.Қазақстан халқы Ассамблеясы —қазақстандықтарды бір шаңырақтың астына ұйыстырған  Қазақстан халқы Ассамблеясының  маңыздылығына да тоқталды.«Қазақстанның егеменді ел атанып, тәуелсіздігін алғанына бір қуансақ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанда бұл қуанышымыз тіпті еселене түсті. Осылайша елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға үлес қосатынымызға мақтаныш білдіргеніміз әлі есімде. Президентіміздің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығы Тәуелсіздік жылдарында еліміздің достық пен бірлікті нығайтуда жасаған аршынды қадамы деп білемін.                                                                    Келер жылы Ассамблея жылы деп аталуының өзінде көп мән жатыр. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктеп, еліміздегі түрлі ұлттардың достығы мен бірлігін одан әрі нығайта түсуге мүмкін береді. Осының бәрі, Елбасымыздың, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүздеген ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақтың астына біріктіріп, бір атаның балаларындай береке-бірлікте ғұмыр кешкізіп жатқан сарабдал саясатының,  данагөйлігінің арқасында деп білемін».

1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады.

ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.

2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.

Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.

Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.

Сессиялар аралығындағы кезеңде ҚХА басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді.

Ассамблея Төрағасының этномәдени бiрлестiктерден тағайындалатын екі орынбасары алмастыру тәртiбiмен Кеңес ұсынымы негiзiнде Президенттің өкiмiмен тағайындалады.

Ассамблеяның жұмыс органы – Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осылайша ҚХА-ның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастарға қатысуының тиімділігі қамтамасыз етіледі.

Ассамблеяның өңірлердегі құрылымдарын облыс әкімдері басқарады. Ассамблеясының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда ассамблеяларының құрамы этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінен, мемлекеттік органдар өкілдері мен қоғамдағы  абырой-беделі бар тұлғалардан құралады.

Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты елдегі барлық этностардың мүддесіне қорғайды. Сонымен қатар қазақстандық этникалық қоғамдастықтардың Парламентте өкілдік етуі олардың саяси партиялар арқылы өкілді органдарға тікелей қатысуы негізінде де жүзеге асырылады.

2015 жылы ҚХА-ның құрылғанына 20 жыл толады. Соған орай 2015 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.

2015 жылғы 23 сәуірде Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен ҚХА ХХІІ сесиясы өтті. Нұрсұлтан Назарбаев 7 жаңа міндет қойды, оны жүзеге асыру ісіне Ассамблея тікелей қатысуы тиіс. Бұлар – бүкілқазақстандық мәдениетті дамыту, халық бірлігін ортақ рухани-моральдық құндылықтар негізінде нығайту, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу,  мемлекеттік тілді және үштілді білім беруді одан әрі дамыту, транспарентті мемлекеттегі қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, этносаралық қатынастарды саясиландыруға жол бермеу, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестермен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жұмыстары.

ҚХА өзінің 20 жылдық белсенді жұмысында орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті.

Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.

Республикада еліміздің барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатын мекеме.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.

Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.

2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.

2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.

Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясаты әзірлеуге және жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал жасайды.

Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті  және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.

Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.

Ассамблея құрылымдық жағынан Ассамблея сессияларынан, Ассамблея кеңесі мен Хатшылығынан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларынан тұрады.

Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.

Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді.

Ассамблея Төрағасының этномәдени бiрлестiктерден тағайындалатын орынбасарлары алмастыру тәртiбiмен Кеңестiң ұсынымының негiзiнде ҚР Президентiнiң өкiмiмен тағайындалады.

Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі.

Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын – этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды.

Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында – Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.

Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады.

Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.

73.Халық тарих толқынында.

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген алқа отырысында сөз сөйледі. «Ұлттық тарих мәселесіне бұрыннан жіті көңіл бөліп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды», – деді Марат Тәжин. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты: Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме арқылы сапалы секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау; қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту; ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл бастамасының кездейсоқ пайда болған жоқ. Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр. Жер шарында мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы. Мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 5 жылдығында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «кейде қайғылы, кейде мейірбан… бірақ та қашанда Тәуелсіздікке ұмтылысымен суарылған біздің халқымыздың тарихына өз көзқарасын айтты. Мемлекет басшысы ұлттық тарихымызға өзіндік стратегиялық көзқарасын 1999 жылы «Тарих толқынында» кітабында баяндады. 2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев теңдесі жоқ «Мәдени мұра» бағдарламасының басталғанын жариялады. Бағдарламаны жүзеге асырудың жеті жылында – 2004 жылдан 2011 жылға дейін – Қазақстан тарихы, археологиясы және этнографиясы бойынша 26 арнайы зерттеулер жүргізілді. Бірақ та мұның бәрі тарихи жадымыз бен тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған біздің үлкен жұмысымыздың бастауы болатын. Бүгінде қалыптасқан мемлекет кезеңінде біз заманауи ғылым биігінен өз тарихымызды електен өткізіп, тұтастай ұлттық тарихи картинаны жасауымыз қажет», – деп атап өтті ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын көтерген тамаша тарихи құжат, Елбасы мен ел тынысының қосылуын паш еткен саяси памфлет болды. Қайта құру жылдарының «жариялылық» кезеңінен бері зерттеле бастаған ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттері арқылы ұрпаққа жарық сыйлаған ТАРИХИ САНАНЫҢ қалыптасуы жаңа кезеңге жол ашты. Қазақ азаттық қозғалысы мен «Тұтас Түркістан» идеясының тарихы арқылы тамырымызды таныдық. Бұл жолда, 1931 жылы Түрік тарих қоғамын құрып, «Түрік тарихының басты бағыттары» деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазған Ататүрік сынды, қазақ тарихымен тікелей айналысуға мәжбүр болған Елбасының «Тарих толқынында» атты еңбегі де үлкен мәнге ие болды. Тарихымызбен табысу арқылы «Тұтас түрік елі» идеясынан «Біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың ЕЛ АЗАТТЫҒЫ жолындағы ұлы күресінің мазмұнын ұғындық.Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті.

Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты – ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей – болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады. Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру жұмыстары мен Н.Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды. ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында Теміртау қаласы мен Қарағанды облысында болған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді жан-жақты әрі шынайы баяндау, сондай-ақ осы жетістіктерде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты үлесін мойындау «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қалыптастыруда негізгі бағыттардың бірі болуы тиіс»,-деп атап өтілген мақалада. Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысының қызметін баяндау бойынша кешенді шараларды әзірленуде. «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы» және «Қарағанды облысында Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы туралы материалдар» атты екі кітап басылымға дайындалды, деп жазады Ж. Көлбаева. Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени-экономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді.

75.Мәңгілік ел.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңінде жасаған Жолдауы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – жаңа Қазақстанның мүмкіндіктері» деп аталады.
Нұрсұлтан Әбішұлының 2010 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан халқына жасаған Жолдауы кезінде «Менің басты мақсатым – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бүгінгі Жолдауым осыған арналған. «Қазақстан-2030» Стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдыққа бағдарлама жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат – осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау», – деп атап өткен болатын. Бұл Жолдау осынысымен ерекшеленеді. «Қазақстан-2030» Стратегиясын еңсеріп, дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан Қазақстан үшін бұл Жолдау маңызды болды. Жолдау Қазақстанның алдағы он жылдағы дамуын екшелеп көрсетіп берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда халықтың әлеуметтік дамуын одан әрі арттыруды және мемлекеттің экономикасын әртараптандыруды қолға алуды ұсынды. Экономиканы әртараптандыруды табыс кілті ретінде атап өткен Нұрсұлтан Әбішұлы дамыған 50 елдің қатарынан көріну үшін Үкіметке сауатты сауда ісін қолға алып, инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті қолдау мен өңірлердің дамуын жеделдетуді тапсырды. Жолдаудың нәтижесінде 2010 жылы ішкі жалпы өнім өсімі 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады. Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты. Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді. Зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, біз 2010 жылдары дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық. Алдымызға ұлан-ғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік. Өткенге сәл көз жүгіртсек, Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды. Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарына ілікті. Білімге бөлінетін қаражат (2000-2010 жылдары) 10 есеге көбейді. Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды. Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды.
Қазақстандықтар үшін маңызды рөлге ие болған Жолдаудың қатарында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына қадам басқан сәттегі «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауы экономиканы жаңғыртуды қолға алды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдау кезінде «1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асатын. 2011 жылдың 1 қарашасына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түсті. Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп есептеп едік. Әлемдік тәжірибе тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетеді» деп атау көрсетуі экономикамыздың қарқынды дамып келе жатқанының дәлелі. Бұл Жолдау денсаулық сақтау мен білім беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің күшейтілуі, тіл мәселесін реттеуді одан әрі дамыту, сондай-ақ тұрғын үй кешенін жаңғыртуды қолға алуымен есте қалды. Өз кезегінде мұны отандастырымыз Мемлекет басшысының сарабдал саясатының жемісі ретінде бағалады. Жолдаудың нәтижесінде 2011 жылы ел экономикасы 7,5 процентке өсті. Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты. Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Стратегиялық маңызы бар «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRС, «Қазақмыс» компаниялары басым активтері мемлекет иелігіне өтті.
Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан халқына жолдаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы қазақстандықтарды жұмыспен қамту, қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді қолға алу, өңірлерді дамыту мен мемлекеттік қызмет сапасын арттыру тәрізді бірқатар мәселелерді міндет етіп қойды. Жолдауда адам капиталының дамуы, инновациялық көрсеткіштің артуы маңызды тақырыпқа айналды. Ауылшаруашылығы мен инфарқұрылымдардың дамуы да бұл Жолдаудың маңызды мәселесінің бірі еді. Бұл Жолдау Тәуелсіздіміздің үшінші он жылдығына қадам басқан отандастарымыздың табысының 16 есе өсуімен және жұмыссыздар санының 2 есе азайып, күнкөріс деңгейі төмен жандардың 7 есе азайюымен қорытындыланды. Білім алуға деген қаржының да 9,5 есе өсіп, демографияның қарқын ала бастаған тұсы да осы кез еді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдау болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат етті. Президент өз сөзінде: «Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!», – деп атап өтті.

«Нұрсұлтан Әбішұлы «Тәуелсіздік толғауында» тұғырына бекем орныққан тәуелсіздікке ел азаматтарының ортақ үлесі тірек болғанын, ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттер еңбегі, еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі екенін еске салады. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі де елеулі роль атқарады», – дейді Елбасы. Біздің Мәңгілік Ел мұратымыз тәуелсіздіктің өмірлік философиясы болып алыс болашаққа бағдарымызды айқындай түспек. Қазақ елінің жаңа биіктерді бағындырып, отанымыздың көк байрағын замана көшінің жеңісті белестерінде асқақтата желбірете беретінімізді нық сеніммен жария етті. Сондай-ақ, Елбасы бүгінгі тұғырлы тәуелсіздігіміздің баянды жолын, жемісті тарихын, қарқынды даму үрдісін жас буынның әрі қарай жалғастыратынын, қазіргі жасалып жатқан игілікті істеріміз болашақ ұрпақтың жайлы өмірін қамтамасыз етуге негіз болатындығын алға тартады. Елбасының «Тәуелсіздік толғауында» айтылған ойлары мен идеяларын мектеп оқушылары мен ЖОО студенттерінің оқу бағдарламаларына қосу қажет деп санаймын», –  деп атап өтті.

ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай салтанатты жиында жариялаған «Тәуелсіздік толғауында» егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру маңыздылығын атап өтуі көңіліме қуаныш ұялатты. «Тәуелсіздік еліміз үшін ең қымбат, баға жетпес қазына болып табылады. Тәуелсіздіктің елімізге берген ең басты сыйы береке-бірлік деп білемін. Қазақ халқында: «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген даналық сөз де бар. Міне, ынтымаққа, татулыққа шақыратын осы ұлағатты сөзді Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге көпұлтты еліміздегі ұлттар мен ұлыстар жіті ұғына біліп, мемлекетімізді әлемге достық елі ретінде үлгі етті. Әсіресе, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай салтанатты жиында жариялаған «Тәуелсіздік толғауында» егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру маңыздылығын атап өтуі көңіліме қуаныш ұялатты».Сонымен қатар, ол қазақстандықтарды бір шаңырақтың астына ұйыстырған  Қазақстан халқы Ассамблеясының  маңыздылығына да тоқталды.«Қазақстанның егеменді ел атанып, тәуелсіздігін алғанына бір қуансақ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанда бұл қуанышымыз тіпті еселене түсті. Осылайша елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға үлес қосатынымызға мақтаныш білдіргеніміз әлі есімде. Президентіміздің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығы Тәуелсіздік жылдарында еліміздің достық пен бірлікті нығайтуда жасаған аршынды қадамы деп білемін.

Келер жылы Ассамблея жылы деп аталуының өзінде көп мән жатыр. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктеп, еліміздегі түрлі ұлттардың достығы мен бірлігін одан әрі нығайта түсуге мүмкін береді. Осының бәрі, Елбасымыздың, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүздеген ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақтың астына біріктіріп, бір атаның балаларындай береке-бірлікте ғұмыр кешкізіп жатқан сарабдал саясатының,  данагөйлігінің арқасында деп білемін», – дейді Фарук Богапов.

 

 

74.«Жастарды патриоттық тәрбиелеу ең алдымен Қазақстанның одан әрі ұлттық өркендеуі үшін жағдай жасауға бағытталуы тиіс және оның мақсаты мынандай болуы керек: жастар арасында жоғары әлеуметтік белсенділікті, азаматтық жауапкершілікті, жоғары руханилықты, жағымды құндылықтары бар азаматтардың қалыптасуын дамыту», – деді Аманжол Ахметбеков.

Оның айтуынша, қазақстандық жастарды патриоттық тәрбиелеудің негізгі қағидалары мыналар: республикадағы барлық жастар бірлестіктерінің патриоттық тәрбие бойынша бір-бірімен жүргізілетін үйлестірілген, мақсатты жұмысын бағамдайтын жүйелі-ұйымдастырылған әдіс қағидасы; қандай да бір жастар тобы жұмысының ерекшелігі есебімен патриоттық жұмыстардың арнайы түрлері мен әістерін қолдануды бағамдайтын патриоттық қалыптастырудағы мекен-жайлық әдіс қағидасы; өз ата-бабасын мақтан тұту сезімін, тұрмыста және ішкіжанұялық қарым-қатынастағы ұлттық салт-дәстүрді, жасампаз еңбекке арналған оқу мен әдістерді дамытатын өткен ұрпақтың тарихи тәжірибесі есебінің қағидасы; патриоттық идеялар мен құндылықтарды насихаттауда аймақтық жағдайлар есебінің қағидасы.

«Патриоттық тәрбиелеудің негізгі нысаны – арасында жеке тұлғаны өнегелі, рухани, мәдени, физикалық және өзге де дамытудың негізі қаланатын Қазақстан жастары боп табылады. Патриоттық тәрбиелеудің жүйесіне енгізілген жастардың өзі де сол патриоттық тәрбиелеудің субъектісі де болады. Жастарды патриоттық тәрбиелеу жоспарлы, жүйелі, тұрақты және мақсатты болуы тиіс», – деді сарапшы.

Патриоттық тәрбиелеу жастардың бойында өмірлік белсенді ұстанымды қалыптастыруды, оларды жалпымемлекеттік мәселелерді шешуге енгізуге дайын болуға ықпал етуді, мемлекеттік ойлау мен әдістерді қалыптастыруға жағдай жасауды, елдің жалпыұлттық мүдделеріне сәйкес әрекет ету қабілетін мен дағдысын әзірлеуді қамтамасыз етуге бағытталғаны сөзсіз.

Ә) Жастар — келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның — дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет.

Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа,интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «кез-келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады »,-деген болатын.Сондықтан жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының Президентінің  2009 жылдың 28-ші тамызында «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жастар саясаты» туралы концепциясы бекітіліп бүгінгі күнге дейін жастар мәселесін шешетін негізгі құжат болып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен осы концепцияны жүзеге асыруда 2010-2012 жылдарға «Қазақстан жастары» атты нақты бағдарлама қабылданды. Басым бағыттарға ең бірінші азаматтылық пен патриотизмді дамытуға, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін жоғарылатуға көп орын берілген.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» акциясын жүзеге асыру аясында «Әрбір студент – туған ауылына» атты акция өткізді.  Акцияға 145 жоғары оқу орнының 30 500 студенті қатысты. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларда «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске-асыру мақсатымен үлкен жұмыс жасалады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы  29 мамырдағы №76 өкімімен ауыл жастарының дамуына жағдай жасау және қолдау мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасының іске асуына бағытталған қаржының жалпы көлемі  – 10 млрд. 738 млн. теңге, соның ішінде 2009 жылға – 2 млрд. 806 млн. теңге, 2010 жылға – 3 млрд. 379 млн. теңге, 2011 жылға – 4 млрд. 552 млн. теңге.

Ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақысын беру қарастырылған.2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын және ауылға жас мамандарды тарту мақсатымен «Дипломмен – ауылға!» жоба бойынша кең іс-шаралар жүргізіледі.[1]

Бүгінгі таңда Елбасының қолдауымен мемлекеттік жастар саясаты концепциясы бекітіліп, барлық облыстарда жастар саясаты бағдарламасы қабылданып, үкіметте және жергілікті басқару органдарының ішінен жастар ісі бөлімі ашылып, жұмыс істеуде. Мәселен, осындай бағытта бекітілген «Қазақстан жастары –2009» бағдарламасы жеті бағытты қамтыған:

–   жастардың еркіндігі мен құқығын қорғау;

–   жас азаматтардың жан-жақты білімі мен тәрбиесі;

–   әлеуметтік-экономикалық қолдау мен қамтамасыз ету;

–   жастардың денсаулығын қорғау;

–   жастардың адамгершілік-мәдени және рухани қалыптасуы;

–   жас отбасыларды қолдау;

–   жастар саясатының инфраструктурасын дамыту

 

 

  1. 75. 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
    Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!

Ә) «Нұрсұлтан Әбішұлы «Тәуелсіздік толғауында» тұғырына бекем орныққан тәуелсіздікке ел азаматтарының ортақ үлесі тірек болғанын, ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттер еңбегі, еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі екенін еске салады. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі де елеулі роль атқарады», – дейді Елбасы. Біздің Мәңгілік Ел мұратымыз тәуелсіздіктің өмірлік философиясы болып алыс болашаққа бағдарымызды айқындай түспек. Қазақ елінің жаңа биіктерді бағындырып, отанымыздың көк байрағын замана көшінің жеңісті белестерінде асқақтата желбірете беретінімізді нық сеніммен жария етті. Сондай-ақ, Елбасы бүгінгі тұғырлы тәуелсіздігіміздің баянды жолын, жемісті тарихын, қарқынды даму үрдісін жас буынның әрі қарай жалғастыратынын, қазіргі жасалып жатқан игілікті істеріміз болашақ ұрпақтың жайлы өмірін қамтамасыз етуге негіз болатындығын алға тартады – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай салтанатты жиында жариялаған «Тәуелсіздік толғауында» егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру маңыздылығын атап өтуі көңіліме қуаныш ұялатты. «Тәуелсіздік еліміз үшін ең қымбат, баға жетпес қазына болып табылады. Тәуелсіздіктің елімізге берген ең басты сыйы береке-бірлік деп білемін. Қазақ халқында: «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген даналық сөз де бар. Міне, ынтымаққа, татулыққа шақыратын осы ұлағатты сөзді Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге көпұлтты еліміздегі ұлттар мен ұлыстар жіті ұғына біліп, мемлекетімізді әлемге достық елі ретінде үлгі етті. Әсіресе, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай салтанатты жиында жариялаған «Тәуелсіздік толғауында» егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру маңыздылығын атап өтуі көңіліме қуаныш ұялатты».

Сонымен қатар, ол қазақстандықтарды бір шаңырақтың астына ұйыстырған  Қазақстан халқы Ассамблеясының  маңыздылығына да тоқталды.«Қазақстанның егеменді ел атанып, тәуелсіздігін алғанына бір қуансақ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанда бұл қуанышымыз тіпті еселене түсті. Осылайша елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға үлес қосатынымызға мақтаныш білдіргеніміз әлі есімде. Президентіміздің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығы Тәуелсіздік жылдарында еліміздің достық пен бірлікті нығайтуда жасаған аршынды қадамы деп білемін.

Келер жылы Ассамблея жылы деп аталуының өзінде көп мән жатыр. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктеп, еліміздегі түрлі ұлттардың достығы мен бірлігін одан әрі нығайта түсуге мүмкін береді. Осының бәрі, Елбасымыздың, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүздеген ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақтың астына біріктіріп, бір атаның балаларындай береке-бірлікте ғұмыр кешкізіп жатқан сарабдал саясатының,  данагөйлігінің арқасында деп білемін».

You May Also Like

Экономикалық талдау негіздері, реферат

РЕФЕРАТ Тақырыбы: Экономикалық талдау негіздері Жоспар Кіріспе………………………………………………………………………3 Экономикалық талдаудың обьектілері………………………………….4 Экономикалық  талдаудың…

Тарихи көзқарас типтері, негізгі ерекшеліктері, реферат

Тарихи көзқарас типтері, негізгі ерекшеліктері Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Мифология, оның негізгі…

Заң шығару процессінің сатысы және түсінігі, реферат

Реферат  Тақырыбы: «Заң шығару процессінің сатысы және түсінігі» Жоспар Кіріспе Негізігі бөлім…

Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері. Жүрек циклі, фазалары, реферат

Жоспар 1. Жүрек – қан тамырлар жүйесінің анатомиялық сипаттамасы. Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері…