Жоспар

  1. 1. Жүрекқан тамырлар жүйесінің анатомиялық сипаттамасы. Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері
  1. Жүрек циклі, фазалары
  2. 4. Тамыр соғысын анықтау
  3. 5. Жүрек түрткісін табу
  4. 6. Данини – Ашнер тәжірибесі
  5. Гольц рефлексі.

Жүрекқан тамырлар жүйесінің анатомиялық сипаттамасы

Жүрек\сor\ — өзіне құятын вена сабауларынан қанды жинап, және оны артерия жүйесі арқылы айдайтын бұлшықетті-қуыс мүше. Жүрек қуысы 4 камераға бөлінеді: 2 жүрекше, 2 қарынша. Сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша өзіндегі қанның қасиетіне қарай сол жақ неме-се артериялық жүректі құрайды; оң жақ жүрекше мен

оң жақ қарынша оң жақ немесе веналық жүректі құрайды. Жүрек кеуде аралығында ассиметриялы орналасқан. Оның көп бөлігі ортаңғы сызықтан солға қарай жайғасқан, оң жағында тек оң жақ жүрекше, қуыс веналар қалады.

Жүректің ұзын білігі жоғарыдан төмен, оңнан солға, артынан алға қарай

қиғаш орналасып, бүкіл дене білігімен шамамен 40 градус бұрыш түзеді. Сондықтан жүректің оң жақ веналық бөлімі алға таман, сол жақ артериялды

бөлімі артқа таман бұрыла орналасқан сияқты.

Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері

Қозғыштық, қозуды өткізу, жиырылужүрек етінің

негізгі қасиеттері. Бұл қасиеттер қанқа еттеріне де тән. Жүрек етінің  ерекшелігі оның автоматиялық қасиеті. Жүрек автоматиясы

Көлбақаның жүрегін денесінен бөліп алып, физиоло-гиялық ерітіндіге салып қойса, жүрек өзінің табиғи  ырға-ғымен көпке  дейін тоқтамай жиырыла береді. Оның өзінен өзі жиырылуы автоматиялық қасиетіне, яғни өз тканінде туатын қозу процесіне  байланысты.

Жылы  қанды  организмде жүрек автоматиясы миогендік теория тұрғысынан дәлелдеуге  болатынын  көптеген  тәжірибе  көрсетедіСолардың  біріжоғарыда айтылған Кулябко тәжірибесі: 20 сағат ішінде жүрек етіндегі нейрондар толық бұзылады, ал  миоциттер бұзылмайды. Демек, жүрек автоматиясы нейрондарға  емесмиокардка байланысты.

Артериялық пульс (тамыр соғысы) пальпациясы

Артериялық пульс – жүрек систоласы мен диастоласына

сәйкес қысымдық өзгерістер салдарының туатын

артерия қабырғаларының ырғақты қозғалысы.Систола

кезінде қан тамырлары қанға толып,олардың қабырғасы

кеңиді,диастола кезінде-қалпына келеді.Оны зерттеу

әдісі-пальпация.

Жұмыстың мақсаты: Пальпация әдісімен артериялық тамыр соғысын зерттеу.

Жұмыс барысы: Тамыр соғысын білезік артериясынан анықтайды, білезік тәрізді біз тәрізді өсіндісін білезік бұлшық етінің сіңірінің ортасында, теріні басып зерттейді. Білезік артериясының топографиялық ерекшелігін еске ала отырып,қан тамырды сүйекке тақап, оның сипаттамасын анықтайды. Қалыпты жағдайда тамырдың соғуы екі қолда бірдей. Бұл үшін адам қолын білезіктің сырт жағынан қапсыра, бас бармақпен зерттелуші қолының шынтақ жағынан 2, 3, 4саусақтармен білек жағынан ұстап, білек артериясын тауып, сұқ және ортаңғы саусақтармен артерияны сүйекке басып, толқындық өзгерістерді анықтайды. Оған сипаттама беру үшін, қан тамырларының жағдайын саусақпен  тамырдың бойымен және көлденең басып сипап анықтайды. Тамыр соғысы өткенде, қан тамыры қабырғасы бірде кеңіп, бірде бәсеңсіп тұрады. Осы өзгерістер саусаққа білінеді. Бұл толқындар тамырлар соғысы. Оның өзіне тән жиелігі бар. Қалыпты жағдайда тамыр соғысының бір минуттағы саны 60 – 80тең.

Жүрек түрткісін табу

Пальпация әдісінің көмегімен жүрек түрткісінің нақтылы

орнын және оның жиырылуының салыстырмалы күшін

анықтауға болады. Жүрек қарыншалары жиырылған кезде

оның пішіні өзгереді.Жалпы ұзындық қысқарып, көлденеңі

өсіп – шар тәрізденеді. Тығыздығы артып қатайған

қарыншалар жүрек ұшын көтеріп, көкіректің алдыңғы

қабырғасына соғады. Жүрек  ұшы тиген жер жүрек түрткісін көрсетеді.

Жұмысқа қажетті құрал – жабдықтар: Қарындаш. Зерттеу обьектісі – адам.

Жұмыс барысы: Пальпация арқылы жүрек ұшының түрткісін анықтауға болады. Жүрек түрткісін анықтау үшін оң қолдың алақаннын кеуденің жүрек орналасқан тұсына қоямыз, саусақтар қолтыққа бағытталып үшінші,төртінші қабырғалар артында жатуы тиіс. Алақан жүрек ұшын басып жатуы шарт. Пальпация жасағанда жүрек ұшының ұрған жерін оның аумағын, жүрек жиырылу күшін, амплитудасын, серпінділігін зерттей білуге болады. Жүректің бұл механикалық көрсеткіші қалыпты жағдайда сол жақ бесінші және алтыншы қабырға аралық кеңестікте бұғана ортасынан жүргізілген сызықтың бесінші қабырғамен түйіскен жерінен 1 см оңға қарай орналасқан.

Данини – Ашнер тәжірибесі

Адамның көз алмасына басатын болса, жүрек соғу жиілігі

әдетте баяулайды. Бұл құбылыс кезбе жүйке ядроларының  реф-лексті қозуымен түсіндіріледі. Рефлекстің доғасы көз қозғалтқыш жүйкенің афференттік талшықтарынан, сопақша ми нейрондары мен кезбе жүйкеден құралған, қозған кезде жүрекке тежегіш әсер тудырады.

Жұмыстың мақсаты: Жүректің жанама рефлексін бақылау.

Жұмысқа қажетті құрал – жабдықтар: Секундомер,стерильді сүлгілер. Зерттеу обьектісі-адам.

Жұмыс барысы: Зерттелушінің жүрегінің соғу жиілігі (пульс бойынша) анықтайды. Эксперимент жүргізуші қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарымен стерильді дәкелі сүлгі арқылы 10 секунд бойы көз алмасын ақырындап басады. Көз алмасын басқаннан кейін, тез арада жүрек соғуын қайтадан санайды. Әдетте бұл жағдайда пульстің соғуы шамамен 10 – ға азаяды.

Жұмыс нәтижесі және оны өңдеуге нұсқау: Зерттелушінің көз алмасын басқанға дейінгі және басқаннан кейінгі пульстік жиілікті хаттамаға тіркеңіздер. Рефлексті доғаның схемасын салыңыздар.

Гольц тәжірибесі

Кез келген сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіру арқылы жүрек

соғысы жиілігін рефлексті түрде өзгертуге, ал ішек рецепторларын

қоздыру арқылы жүректі тоқтатуға болады. Бұл рефлекс – Гольц
рефлексі.Оның практикалық мәні бар, себебі кейде іштен тиген

соққыдан жүрек тоқтап, өлім қаупі туады.

Жұмыстың мақсаты: Бақа жүрегін Гольц рефлексін бақылау.

Жұмысқа қажетті құрал – жабдықтар: Препарат жасайтын

құралдар жиынтығы, металдан жасалған шпатель немесе пинцет.

Зерттеу обьектісі – бақа.

Жұмыс барысы: Бақаның бас миының көзден жоғары орналасқан бөліктерін алып тастайды да, шалқасынан препараттаушы тақтайшаға жатқызып бекітеді. Әдеттегі әдіспен жүрегін жалаңаштайды, жүректің жиырылуын санайды. Бақаның ішегін шығарады да оған сәл дегдуге мүмкіндік береді. Одан кейін шпательмен немесе пинцетпен бақаның ішегінің қабырғасына 2 – 3  рет ұрады, және қайтадан жүректің жиырлу жиілігін санайды. Бұл жағдайда жүрек баяу жиырыла бастайды немесе тоқтап қалады. Тәжірибені бірнеше рет қайталау керек.

Жұмыс нәтижесі және оны өңдеуге нұсқау: Дене мүшелерін тітіркендірге дейінгі және тітіркендіргеннен кейінгі жүректің жиырылуын бағалаңыздар. Байқалған рефлекстің рефлекстік доғасының схемасын хаттамаға тіркеңіздер.

Жаңа сабақты бекіту

  1. «Қос шеңбер» әдісі арқылы «Гольц» тәжірибесін жүргізеді. Ой түйеді. Студенттің өзіне деген сенімі қалыптасады. Бақа союға арналған үстелді қос шеңбер жасап тұрады.

 Ішкі шеңбердегі студенттер \атқарушы топ\ бақаға тәжірибе жасайды, ал сыртқы шеңбердегілер \бақылаушы топ\ тәжірибені бақылап тұрады.

  1. 2. «Гормошка» әдісі. Қағаз гормошкаға студенттер есімдерін жазып, астына сұрағын жазады. Жауап жазу үшін орын қалдырады да, келесі топқа береді. Жауап жазған студенттер де есімдерін көрсетуі тиіс. Жауап жазылып болған соң, сұрақ иелері гормошкаларын алып, жауаптарын тексереді. Дұрыс емес жауап болса түзетіледі.

 

You May Also Like

Ақпаратқа қол жеткізу үшін мобильді технологияларды пайдалану, реферат

Ақпаратқа қол жеткізу үшін мобильді технологияларды пайдалану, GPS навигаторлары, GSM сигнализациясы.  Жоспар:…

Бизнес жоспар, реферат

Мазмұны Кіріспе 1.1Маркетингтік  зерттеулердің  мәні Кіріспе Адамзаттың  бүкіл  тарихында  әрбір  қоғам  ресурстары …

Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы, реферат

Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы…

Реферат Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы, реферат

Реферат Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы 1, КІРІСПЕ  Зерттеудің…