П І К І Р

“Қаңғыбас иттердің қоршаған ортаға әсері” жобасына пікір

Е. Бекмаханов мектеп-гимназиясының     8 сынып оқушысы Дұтбай Нұралі осы жобамен 2 жыл көлемінде айналысып келеді. Бұл жоба қоршаның ортаның өзгерістерімен түрлі құбылыстарына байланысты үй жануары иттің адамзат үшін пайдасы мен зияндығын оқып үйренуге және жануарды  адам қамқорлығына алуды қажет екенін зерттеп білді.

Осы орайда алға қойған мақсаттары:

-Үй жануары иттің адамзат үшін қажеттілігін анықтау;

-Үй жануары иттің қаңғыбас итке айналу себеп-салдарларын зерттеп білу;

-Үй жануары иттерді қамқорға алып, адамзатқа келтірер зиянын азайту;

-Үй жануар итті белгілі арнаулы орталарда өсіріп, зорлық-зомбылық  келтірмей  санын азайту жолдарын қарастыру.

Жобада көрсетілген  проблема әр аймақты болады. Бұл проблеманы шешу жолдары осы жобада қарастырылған.

Пікірді жазған жоба жетекшісі : Сарсенбаева.А.Т

Зерттеу жұмысының  мақсаты

  • Үй жануары иттің қоршаған ортаға әсерін зерттеу.
  • Үй жануары иттің қаңғыбас иттерге айналу  себептерін анықтау . Олардың қалай  өсіп – өніп көбейетіндігін, адам үшін қаншалықты пайдасы  мен зияны бар екендігін анықтау.

Гипотеза

Адамзатқа үй жануары иттің пайдасы қажет екендігін  түсіне білу.Үй жануары иттің көшедегі қаңғыбас итке айналмауын қарастыру. 

Зерттеу кезеңдері:

  – Үй жануары иттің адамзатқа, қоршаған ортаға әсері ,  оның көшедегі қаңғыбас итке айналуының сырын ашу;

  -Ғылыми зерттеу – барысында  үй жануары  иттің адамзатқа  пайдасы мен оның көшедегі қаңғыбас иттерге айналу  себеп  – салдарын анықтау.

Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі. Қазіргі кезде Ит тұқымына қарай бірнеше топтарға бөлінеді шпицетәрізділер бұған терьерлер мен доберман-пинчерлер жатады; тазы иттер мен овчаркалар; Азия, Америка Австралия құрлығына тән иттер; Оңтүстік жарты шар иттері.

Иттерді күнделікті тұрмыста пайдалануына қарай 3 топқа біріктіреді: аңшы иттер, күзет иті және үйде ұсталатын декоративті (сән үшін) иттер. Қолға үйретілген иттерде болатын әр түрлі жұқпалы аурулар (құтыру, саркоптоза, трихофития, т.б.) адамдарға жұғады. Сондықтан оларды үнемі ветеринарға көрсетіп, жыл сайын үйде ұсталатын иттерді құтыруға карсы, ал күшіктерді обаға қарсы ектіріп отыру қажет.

Аңшы иттерi 

Аңшы иттердің 100-ден астам тұқымы бар, бұлардың 25-ке жуық тұқымы СССР-де өсі-ріледі. Қоян мен түлкі аулайтын әуесқой аңшылар жергілікті жағдайға қарай тазы немесе жүйрік ит тұқымдарын өсіреді. Құсқа салуға сеттерді, пойнтерді, неміс жатағанын немесе спаниелді, інге салуға фокстерьерді немесе таксаны пайдаланады. Сақ итпен орман құсын, қырғауыл, үйрек, ұсақ аң, аю, бұлан аулайды.

Тазы, жүйрік, сақ иттерді, түгі қайратты жатағанды, түгі қайратты фокстерьерлерді салқын қора-жайда, аулада, қалған түрлерін жылы орында, не үйде ұстайды. Бұл иттерді асыраушылар аңшылық ит өсіру клубтарына мүше болады.

Гигиена

Ит түгін күнде щеткамен, ал сабалақ жүнді итті сирек тісті тарақпен тарап тазалайды. Қажет болған жағдайда даладай келген соң иттің бауырын, аяғын дымқыл шүберекпен сүртеді немесе сабынсыз жылы сумен шаяды. Ит көктемде және күзде түлей бастағанда, оны күніне бір рет тарап отырады. Иттік жүнін жуғыш заттармен жарты жылда бір рет жуады. Ол үшін сабынның көбігін немесе шампуньды пайдаланады (сабындауға болмайды, өйткені иттің жүнінде сабын қалады да, ол иттің терісін тітіркендіреді). Ит 8—10 айлығында үйіне толады. Қаншық жылына 2 рет қарығады (ол 20—30 күнге созылады). Сонда ол шамамен 58—65 күн ішінде күшіктейді. Ірі иттер әдетте 5—8 (кейде 12-ге дейін), кәндек ит 2—4 күшікке дейін табады.

Зерттеу әдістері

   Тиісті  әдебиеттермен жұмыс  жасау.

Алынған мәліметтерді практикалық  жұмыстар мен теориялық  мәліметтермен салыстыру.

Алынған мәліметтер бойынша эксперимент жасау. 

Зерттеу нәтижесі:

   Мен үй жануары иттің адамзатқа пайдасы мен оның қаңғыбас  ит болғандығы  қоршаған ортаға әсері сандық эксперименті арқылы  дәлелдедім, олардың себеп-салдарын түсіндім . «Ит қаппас деме, ат теппес деме» дегендей олардың тісі денеңізге жазатайым батып кетсе  ауру жұқтыруыңыз да мүмкін . «Жеті қазынанның» бірі саналатын  осы мақұлықтан құтырма дерті жұғады.  Аса қауіпті  жұқпалы ауру  қоздырғышына тікелей әсер ететін  дәрі жоқ, сондықтан  соңы қайғылы жағдаймен аяқталады. Құтырыған иттер  тістегенде инфекция денеге  түсіп ары қарай  аса жылдамдықпен  орталық жүйке жүйесіне әсерін береді.  Қалалық- санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау  басқармасының мәліметі бойынша  облысымызда өткен жылы 3 иттен  құтырма дерті  анықталса,  биылғы жылдың қаңтар айының  өзінде осындай 4 оқиға  тіркеліпті.Құтырған иттің көзі қылиланып, аузынан сілекейі  ағып тұрады.   Оның ауру екенін  иттің басын шауып, миына сараптама  жүргізгенде ғана білуге болады.

  

  Өз үйімнен  оқитын мектебіме дейін  төрт нысана  жасап  сол  орталықтағы  иесіз иттер саны  25,  ал қамқордағы, яғни үйдегі  иттер саны  75  болды.  Бұл тек мен  алған аумақтағы  иттер саны.  Ал енді  қала бойынша  есептесек  әрине бұл сандар  өте көп болар еді.  Біздегі  Шу қаласында  бүгінде  жүрген егесіз  иттердің есебі жоқ. Олардың көпшілігі ұрғашы екенін  және жылына үш төрт рет күшіктейтінін ескерсек , өте жылдам  көбейіп  жатыр деуге  болады.  Шу   қаласындағы қаңғыбас иттерді «Таза қала»  мекемесін аулаумен айналысады. Облыс бойынша  «Жасыл Тараз» мекемесі  айналысады.  Өткен жылы  аталмыш  мекеме жергілікті бюджеттен  бөлінген он миллионға  жуық қаржыны  игеріп, 5806 ит аулапты. Жуырдағы бір аптаның  өзіндегі мұндағы арнайы бригада 59 итті  тірідей ұстап, 81 итті өлексесін  жинаған. Ауланған иттер  «Ветеренария заңы» бойынша  питомникте үш күн  тұрған соң,  дәрі  егіліп мәңгі ұйқыға кетеді. Сосын қала сыртындағы  «Беккери» шұңқырына  тасталып залалсыздандырылады.  Алайда, бір ғана  бригада барлық  жерге барып үлгермейді. Кемінде 3-4 бригада керек.

       Үй жануары ит жеті қазынаның бірі екенін ескере отырып, келешекте үй жануары итті қамқорға алу іс-шараларын ұйымдастыру қажет екендігіне көз жеткіздім.Менің бұл жұмысымды әлі де арқарай жалғастырып, үй жануары иттің адамзатқа қажеттілігін анықтағым келеді.

  Шу ауданы  бойынша  иттерді залалсыздандыру  санымен кеткен шығындар

жылы  үйдегі иттер

саны

иесіз иттер

 саны

Залалсыздандырылған иттер кеткен шығын
2015 92 43 2300 4 млн
2016 90 50 2653 4,5млн
2017 40 20 1004 3,5 млн

Шу ауданы бойынша иесіз атылған иттер саны

Жылы Иттер саны Бөлінген ақша  Зардап шеккен адамдар Құтырған иттер саны
2015 1862 2 млн. 248 1+1түлкі
2016 2530 3 млн 318 2

Көршілес Ресейде  иесіз жануарларды күтіп баптайтын арнайы орталықтар бар, ұрғашыларын  стерильдеп , дәрі арқылы  тумайтындай  қылып ұстайды екен.

  Ұсыныс:

 Біздің елде   ондай  орталықтар ұйымдастырылмаған. Көрсетілген сандардағы  бөлінген қаржыны дұрыс ұйымдастырып, келешекте  жануарларды  күтіп баптайтын  арнайы орталықтар  ұйымдастыру (питомниктер). 

 

You May Also Like

Қазақ-ағылшын мақал-мәтелдері, ғылыми жоба

 Мазмұны  Пікір  Кіріспе ………………………………………………………………………………………………..  Негізгі бөлім Ағылшын және қазақ тіліндегі мақал мәтелдердің…

Қазақстан мен Түркия: бауырластықтың жаңа көкжиегі, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақстан мен Түркия: бауырластықтың жаңа көкжиегі  Жоспар:  Кіріспе………………………………………………………………………………………….. І.…

Ең үздік ғылыми жоба «Жер тынысы тарылып барады»

Ең үздік ғылыми жоба «Жер тынысы тарылып барады» Дайындаған: Кадирова Г.А Менің…

Информационное общество. Главные особенности и характеристики информационного общества.

Информационное общество. Главные особенности и характеристики информационного общества. Специалисты, предложившие этот термин,…