Мазмұны 

Пікір 

Кіріспе ……………………………………………………………………………………………….. 

Негізгі бөлім

Ағылшын және қазақ тіліндегі мақал мәтелдердің аударылу

мәселелері …………………………………………………………………………………………

Қазақ тіліндегі мақал мәтелдердің зерттелуі ……………………………………….

Ағылшын тіліндегі мақал мәтелдердің зерттелуі …………………………………

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал – мәтелдердің құрылымдық және мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары …………………………………

Қорытынды ……………………………………………………………………………………..

Аннотация

 Зерттеудің мақсаты:  Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің

аударылу мәселесін айқындап, нақты дәлелдемелер жасау.Мақал- мәтелдердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде олардың  құрылымында ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау- жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Мектеп бағдарламасында мақал-мәтелдерді көбірек қолданып, оқушылардың сөздік қорын арттыру.

Зерттеу кезеңдері мен барысы:

 Бірінші кезең: ағылшын және қазақ мақал-мәтелдері туралы қажетті материалдар көздерін іздеу және жинақтап, қағаз бетіне түсіру.

Екінші кезең: жинақталған материалдар көздерімен, арнайы зерттеу нәтижелерін нақтылау, өңдеу.

Үшінші кезең: Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу арқылы тілдегі алатын орнын, тілдік табиғатын, өзге тұрақты тұлғалармен сәйкес тұстарын, өзгешеліктерін анықтау және этнолингвистикалық төркінін зерттеу. Зерттеу жұмыстарының қорытындысымен дәлелдеп , ашып көрсету.

Жұмыстың қорытындысы:

Жалпы айтқанда оқу үдерісінде ағылшын мақал мәтелдерін , оларды терең зерттеу сабақтың сапасын арттырады.  Сондай-ақ оқушылардың белсенділігі мен ой-өрісін дамытуға, сөздік қорын молайтуға септігін тигізеді және олардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Жұмыстың негізгі бөлімінде мақал-мәтелдер туралы  ашып көрсеттік. Ғылыми жұмыстың оқушылардың білім  сапасын арттыру үшін пайдасы болатынына сенімдіміз.

Абстракт

Цель исследования: английские и казахские пословицы и поговорки

определение проблемы перевода и конкретные доказательства. Основная цель работы – определить механизмы, которые формируют содержание национальной идентичности на основе изучения лингвистической природы пословиц.

Гипотеза исследования: Увеличит словарный запас учеников, используя больше пословиц и высказываний в школьной программе.

Этапы исследований и процессы:

Первый этап: поиск, подведение итогов и документация по английским и казахским пословицам и поговоркам.

Второй этап: уточнение результатов исследования, источники накопленных материалов, обработка.

Третий этап: определение места, места языка на языке, совпадение с другими перманентными лицами путем изучения пословиц и высказываний на английском и казахском языках и изучение этнолингвистического генеза. Доказательство и раскрытие результатов исследований.

Результаты работы:

В целом, английские пословицы в процессе обучения повышают качество их углубленного изучения. Это также способствует развитию деятельности и мысли студентов, расширяет их словарный запас и увеличивает их интерес к предмету. В основной части работы мы рассмотрели пословицы и высказывания. Мы уверены, что наши исследования станут хорошим способом улучшить качество нашего образования.

Abstract

Purpose of research: English and Kazakh proverbs and sayings defining the issue of translation and making concrete evidence. The main purpose of the work is to define the mechanisms that shape the content of national identity on the basis of the study of linguistic nature of the proverbs.

Research Prognosis: Increase the vocabulary of pupils by using more proverbs and sayings in the school program.

Research Stages and Processes:

The first stage: searching, summarizing and paperwork on the English and Kazakh proverbs and sayings.

Second stage: specification of the results of research, sources of accumulated materials, processing.

Third stage: Determination of the place, place of language in the language, coincidence with other permanent persons by studying proverbs and sayings in English and Kazakh, and study of ethnolinguistic genesis. Proof and disclosure of research results.

The results of the work:

In general, English proverbs in the learning process increase the quality of their in-depth study. It also promotes the development of students’ activities and thoughts, enhances their vocabulary, and increases their interest in the subject. In the main section of the work, we’ve covered the proverbs and sayings. We are confident that our research will be a good way to improve the quality of our education.

Кіріспе

Білім өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі болып табылатындықтан кез- келген мемлекеттің рухани және әлеуметтік дәрежесі білім деңгейіне байланысты бағаланады.

Өзара қарым-қатынастың нығаюы, ағылшын-қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер-фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер.

Осы зерттеудің өзектілігі балалардың шет тіліне бастауыш сыныптан бастап үйрету қажеттілігінен келіп шықты. Баланың тілдік тосқуылын барынша ерте жеңуге көмектесетін және шет тіліне деген қызығушылығын арттыруына ұластыратын, ерте жастан ағылшын тіліне үйретудің тиімділігін ең жоғары деңгейіне жеткізуге ағылшын тілінде оқытудың пайдасы өте үлкен. Қоғамда өмірге дағдылануды кіші ұрпақтан бастап дайындау қажет.

Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің жаму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді.

Мақал-мәтелдер халық шығармашылығының элементтік көрінісі, яғни халық даналығын салт-дәстүрін, мінез-құлқын, тарихын, рухани құндылықтарын қысқа және образды түрде жеткізеді.

Бүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп , кемелденген заманында, мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық қатынастың дамып, жанданған уақытында салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ең өзекті де көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Олай дейтініміз, тілдерді салыстыра, салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшеліктерін, қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады. Салыстырмалы тіл білімі мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.

Шет тілін меңгертуде және оқушылардың сөздік қорын дамытуда алатын орны ерекше фразеологиялық тіркестер тобына жататын мақал-мәтелдер мән-мазмұнның тереңдігімен ерекшеленеді.

Еліміз тәуелсіздік алып заман талабына сай дамуы үшін әрбір азамат ағылшын тілін жақсы меңгергені жөн. Ағылшын тілі де қазақ тілі сияқты көркем де шебер, мағыналы да мазмұнды қанатты сөздерге бай. Сол қанатты сөздердің бірі- мақал- мәтелдер.

Мақал-мәтелдер тұрақты сөз тіркестері, неологизмдер, қанатты сөздер және де тілдік бірліктер адам арасындағы байланысты бейнелі, мазмұнды ете отыра шетел тілін меңгерушілерге танымдық, эстетикалық қызметтерін ынталандырады.

Мақал- мәтелдерді айтылатын оймен орайластырып, орынды қолдансақ, сөзіміз өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мағынаны беретіндіктен, өте ұтымды болады, сөйлеген адамның шешендігін, ой ұшқырлығын, тапқырлығын байқатады.

Ағылшын тілінен қазақшаға аударуда қиыншылықтар кездесетіні де сөзсіз. Аударманы жасаған кезде басқа тілдің көмегі арқылы белгілі бір білдегі мазмұнды мүмкіндігінше дәл жеткізу, ағылшын тіліндегі мақалды немесе мәтелді түсініп, оны өз туған тілінде түсіндіруге және керісінше жасау іскерлігіне ие болу міндеті қойылады. Екі тілдегі мақал-мәтелдердегі немесе нақыл сөздердегі мағыналық реңктің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну ағылшын тілін үйретуіне елеулі көмек көрсетеді.

Ағылшын ғалымдарының бірі Джон Хеуд (John Heywood) мақал-мәтелдерді зерттеп өзінің алғашқы “ The Proverbs of John Heywood: Being the “Proverbs” of that Author Printed 1574 with Notes and Introduction” кітабын шығарған болатын. Осыдан кейін 1678жылдары ДжюРэйдің “English Proverbs”  атты еңбектері жарық көрді.

Мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты-нақыл сөздерді жан-жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі- ол Парамалогия.

Құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:

Бұйрық райлы сөйлемдер Болымсыз түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым салу Шартты райлы сөйлем түрінде Болымсыз жай сөйлем түрінде
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле!

 

 

Ever joking, joke deliberately.

Асатпай жатып, құлдық деме

 

 

Don’t hallo till you are out of the wood.

Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.

 

One jumps with satiety, the other- with severe cold.

Аз сөз алтын

 

 

 

No wisdom like silence.

Мақал-мәтелдер құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшелік байқалады.

АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ .

Осы тақырыпты зерттеуді қолға алған кезде менің алға қойған мақсатым ағылшын тіліндегі мақал- мәтелдерді қазақ тіліне аударудың мүмкіншіліктерін, жолдарын және ерекшеліктерін қарастыру болды.Олардың ішінде нақты еңбекке баулу тақырыбындағы мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу, олардың баламаларын табуға тырысу.

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалға айтатын болсақ, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.

Сонымен бірге мақал-мәтелдердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде олардың құрылымында ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау – жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді:
– мақал мәтелдердің зерттелу жайын сипаттау;
– фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдердің арақатысын қөрсету;
– мақал мен мәтелдің ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтарын көрсету;
– мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің арақатысын айқындау;
– мақал-мәтелдердің жасалуындағы этнолингвистикалык уәждерді, көрсету;
– зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық әдістемелік қағидаларды айқындау   және негіздеу;
– этнолингвистикалық аспектідегі зерттеулерге шолу жасап, оларға қысқаша сипаттама беру;
– мақал-мәтелдерді топтастыру принциптерін айқындау және белгілі бір тақырыптық топтар бойынша жүйелеу;
– қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің семантикасындағы ұқсастықтар мен айырма белгілерді сұрыптап талдау;

                          Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов, Я. Лютш, Ф.Катанов, В.В. Катаринский, П.М. Мелиоранский, Н.Н. Пантусов халық мұрасын жүйеге келтіру, насихаттауда.
Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер Қазан революциясынан бұрын басылып шыққан жинақтарды негізі зерттеу материалы. Тіл-тілдегі паремиологиялық жүйені салыстыра-салғастыра зерттеуге арналған жұмыстар қатарының біртіндеп
А. Донбаеваның жұмысында қаралған.

Мақал-мәтелдерде қандай ой беріледі, тура сол ой әртүрлі сөздермен айтылады. Мақал-мәтелдер – халық шығармашылығының көне жанры. Көне заманнан мақалдарды мәтелдерден айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі

Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық зерттеу барысында, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырып, жүйеге келтіріп, баспадан мақал-мәтелдердің шығу төркіні, тілде қалыптасуы деген ережеге келер болсақ,
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Зерттеу барысында ертегі, аңыз әңгімелер негізінде, тілімізде жұмбақтардан бастау алатын мақал-мәтелдер кездеседі: Сырты бүтін, іші –түтін.Тілі шұрайлы, мән-мазмұны терең.

                   Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі

Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып,күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді.Тарихи деректерге сүйенер болсақ,өте көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын “Book of Proverbs in the Old Testament” атты топтама Vғасырда жарық көрген.Кейінгі жинақтар халық игілгіне айналғагн осы іске етене араласып,зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты.Оның 1500жылы “Collectanea” ,1508жылы Венецияда “Chiliades” деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдар аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.

Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы “A Dialogue Containing the Number in Effect of all Proverbs in the English Tongue”атты еңбегін 1546жылы,кейінгілерін 1550,1555,1556 жылдары жарыққа шығарды.Сондай-ақ.1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары,атап айтқанда,1612жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe “Bibliotecha Scholastica Instructissima or,a Treasurie of Ancient Adagie,and Sententious Proverbs”,1639 жылы пастор Дж.Кларктың( John Clarke) “Paroemiologia Anglo-Latina”,1640жылы Дж, Хербергтің “Outlandish Proverbs” атты және т.б.еңбектер жарық көрді

Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім.Мысалы Л. И. Швыдкояның ғылыми зерттеуінде мақалдар мен афоризмдер «клише» деген атаумен бір топқа біріктіріліп,олардың синонимдік қатары берілген, С.И.Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік,ал Э.Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған.Ағылшын тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А.В.Кунин есімімен тығыз байланысты.Ол өзінің “Курс английского языка”, “Курс фразеологии своременного английского языка” тәрізді көлемді ғылыми еңбектерімен “Англо-русский фразеологический словарь ” сөздігі т.б. арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап,жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді.Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік ерекшеліктерін,күрделілігін,мән-мазмұнының тереңдігін айқын көрсететін тұстардың бірі-аударма жұмысы.Кейбір жалпыхалықтық универсалдық сипатқа ие түрлерін есепке алмағанда,әдетте,мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге тікелей аударылмайды.Бір тілден екінші тілге тәржімелеу барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы сыңарлары дәлме-дәл келетін теңбе-тең баламасы немесе контекстік мағынасы сәйкес эквиваленті қолданылуы мүмкін.Әсіресе,ілеспесе аудармада шапшаңдық,жинақылық қажет.Осы мақсатқа негізделген,практикалық мәні бар жұмыстарының бірі- Т.Баймаханова,Н.Өтешева,Н.Байтөлеевалардың құрастыруымен жарық көрген “Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках” атты еңбек.Жұмыста мақал-мәтелдер он мағыналық топқа бөлініп,олардың орыс және қазақ тілдеріндегі баламалары берілген.Алайда,ағылшын ММ-дердінің қазақ тілінде баламалары бола тұра,тікелей аударылған тұстары да баршылық.

Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды.Мысалы: The customer is always right(Әрқашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі Сэлфриджезді ашқан Г.Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар.Себебеі,оның барлық дүкендерінде The customer is always right(Әрқашан тұтынушынікі дұрыс) деген қатаң қағида қалыптасқан.Көпшілік көңілінен шыққан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып,дістүрлі қолданысқа енген.

Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі айырма мынада:Қазақ мақал-мәтелдерінің негізгі бұлағы діни ағым,қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және Шекспир сынды ұлы тұлғалардың айшықты,мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады.
Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен,көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320жылдардағы Теопрастус жазбаларымен ұштастырады.
«Тһеrе іs а timе оf еvеrуthing (с.с.а.: Әр нәрсенің өз уақыты бар)
Қазақша баламасы: Сабақты ине сәтімен.
Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің “ То еvеrуthing there is a season,and a time to every purpose under the heaven” (Аспан астында әр нәрсенің,әр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет,өнегелерінен ықтималдық,тұрақты қалыпқа енген.
Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі.
Мысалы, “Таке саrе оf реnсе аnd the роunds will take care of themselves”(с.с.а..:Пэнсті үнемдеп ұстасаң,фунт өз-өзінен үнемдейді)Теңге тиыннан өсер,Жылқы құлыннан өсер;Береке тиыннан.

Ағылшын тілі мақал-мәтелдерінің алтын қорынан ауа-райына, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына ұатысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады.
Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын «Маnnеrs takе the man»(с.с.а:Адамды адам ететін оның әдептілігі)тұлғасы ыұшам,алайда мәні зор тілдік орам,орта ғасырда орын алған қағида,дәстүрлерге.заман талабына байланысты қалыптасқан.Әсіресе,XIV Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына,өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып,мүлтіксіз орындалуы талап етілді.Әдептілік,ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады.Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып,кеңінен қолданыс тапты.
Мысалы, Good manness make the a man
(Адамды адам ететін оның әдептілігі);If you sit by worhier man than thyself art one,Suffer him first to touch the meat(Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң,одан үлгі ал,яғни соған қарап ас іш)т.б.
«Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас» деген мақал қазақтың әдет-ғұрпына,өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз.Өзара қарым-қатынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып,күйеу жігіт қайтыс болса,әмеңгерлікпен туған бауырының,болмаса жас ерекшелігіне қарамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын.Балғын жас қыздардың тіпті әкесінен үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері,қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі,не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді.Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұның шаға алмай,тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.
Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдер де кездеседі.Мысалы,ағылшын тіліндегі «God helps those Who help themself»(с.с.а..:Өзіне өзі көмектескендерге Құдай да жәрдемдеседі)тіркесінің шығуы төркінің біздің жыл санауымызға дейінгі 570жылы жазылған «Геракл және күймеші» атты Эзоптың аңыз әңгімесімен байланыстырамыз.Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ,күймесі батпаққа батып тұрып қалған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан,көмекке құдіретті де күшті Гераклды шандырады.Адамның бұл қылығына қатты ашуланған Геракл:»күйменің доңғалағының артына иығынды тіреп итер де,өгізіңді алға айда» дейді және алдағы уақытта еш әрекет қылмастан өзін шақыруға тыйым салды.Осы ой түйіні XVII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр түрлі жолдармен берілген.Мыcалы, Дж.Барэт «An Atyearie»(1580) атты еңбегінде:»God helps those on their anaire,which are industrious»(с.с.а.:Құдай еңбек сүйгіштерге көмектеседі) десе,Дж.Херберт «Jacula Ptudentum» деген шығармасында «Help thyself,and God will help thee»(с.с.а.:Өзіңе өзің көмектес,сонда сондай да жәрдем береді) деп,сәл түрлендіре қолданған.Қазіргі уақытта тұрақты қолданысқа ие «God help those,who help themself» мақалы алғаш рет 1736жылы Б.Франклиннің «Poor Richard’s Almanack» атты еңбегінде қолданылады.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге,оның ішінде, жаратқан ие,Алла тағалаға қатысты мақал-мәтелдерді салғастыра зерттей отырып,олардың семанитикалық жағынан өзара сәйкес келетіндігі анықталады. Мақал-мәтелдер арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп,астасып келу себебін әртектес тілдер өкілдерінің өмір сабағының,ғасырлар бойғы тіршілікте көзі жетіп,көкейіне түйген тәжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз.

Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В.Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады,алайда,аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып,оларды «коммуникативтік фразеологиялық бірліктер» деп атап,жеке қарауды ұсынады.

Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар-Н.Н.Амосова,Ф.М.Бабкин,В.П.Жухов,М.Нагиев,М.А. Филипповская, А.Н. Кожин т.б. Мақал-мәтелдерді фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зертету нысаны қатарына жатқызады.Ал осы бағыттағы көлемді зертеулерімен танымал ғалым Н.Н.Амосова «мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға болмайды,олар мазмұны жағынан да,сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді» деген пікір ұсынады.

Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауға зор еңбек сіңірген ғалым Г.Д.Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да,әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.

Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ,мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы,тіркес тиянақтылығы,мағына тұтастығы,қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмедер қатарына қосып,осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.

Мақал-мәтелдер – ауыз халық шығармашылығының кең таралған жанры.Мақал-мәтелдердің пайда болуының уақыты белгісіз,бірақ дұрыс:мақалдар да,мәтелдер де көне заманда пайда болған,содан бері тарихының бұкіл бойында халыққа ілеседі.Мақал-мәтелдердің тұрақтылығына және еске алушылығына жететін көмегімен құралдарға да көңіл аударылады.Сондай құралдардың бірі-айқын немесе ассонансты ұйқас:

Little strokes tell great oaks

A stitch in time saves nine

Мақал мәтелдердің кәдімгі балансталған формасы ең жиі пайдаланылатын тәсіл, мысалы:
More haste, less speed
Easy come, easy go
Like father, like son. 

Қысқалылық еске алынатын айтулардың маңызды аспектісі болып табылады.

Тек  ең көп емес мақалмәтелдер көпсөзді,олардың көпшілігі бес сөзден тұрады.
Boys will be boys.
Dead men tell no tales.
Better late than never.
Practice makes perfect. 

Тіл туралы ғылымда мақал-мәтелдерге жалпы қабылданған көзқарас құрылған жоқ.

Кейде мақал мәтелдер астында өмірдің әр түрлі құбылыстарын бейнелейтін жәнеаяқталған сөйлемнің формасымен ие болатын мерген бейнелі нақыл сөздертүсіндіріледі.Мақалдар аяқталған пікірді белгілейді.

Мәтелмен мақалдан ақыл қорытындысының бітімсіздігімен айырылатын қысқабейнелі нақыл сөздерді атайды.

Ұқсас анықтама барлық түсіндірме сөздіктерінде де, көптеген арнайы баптардада,зерттеулерде де кездесуі мүмкін.

Фразеология бойынша бөлек жұмыстарда мақалдың мәтелден басты айырмашылығы:мақал жалпы пікіоді түсіндіреді,мәтел-пікірді жиілік мінезінде.Осы лингвистердіңпікірі бойынша тек қана мақалдар емес,және де мәтелдер аяқталған сөйлемформасынмен ие бола алады.
Мәтел сондай құрылыстың тұрақты сөйлемі болып саналады,мақал сияқты,бірақдидактикалық мазмұнынан айырылған.
Көбінесе мәтелдер ретінде мынандай сөйлемшелер келтіріледі:
When pigs can fly.  When two Sundays come together.
When hell freezes over.  the Dutch have taken Holland.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал – мәтелдердің құрылымдық және мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары

Паремиология мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты-нақыл сөздерді жан-жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі.Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы ен құнарлысы болып саналатын мақал-мәтелдер тіл атаулының баршасына тән,өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін универсалдық құбылыс.Қазақ тіл білімінде барлық тілдердің екі түрлі қызметін атап көрсетеді:оның біріншісі қоғам мүшелерінің өзара түсінуіне;пікір алмасуына қажетті қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі де,екіншісі-өмір шындығын,барлық болмысты өзінде бейнелеп көрсету қызметі .Мақал-мәтелдердің табиғатына тән қасиет тілдің осы екінші қызметіне байланысты,өйткені олар белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен барлық болмысының куәгері іспеттес,оның дүниетанымы мен, даналығын бойында сақтап атадан балаға,ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра,рухани қазына болып табылады.

Мақал-мәтелдердің ең бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақтылық байқалады.онда басы артық бір сөз болмайды,барлығы өз орнында екшелген,сұрыпталған,жымдаса біріккен,ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді.В.Виноградов мақал мәтелдердің тұрақты сөз тіркестерімен бірге зерттелуі қажет дейді.Өйткені олардың мағыналық бірліктері тұрақты тіркестеріндегідей дәстүрлі,сазды және дайын түрде қолданылады.

Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі тұрақты сөз тіркестеріне жатады,яғни олар тұлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып,белгілі бір формада тұрақталған,мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері:құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:
1. Бұйрық райлы сөйлемдер:
Make hay while the sun shines-
Темірді қызғанда соқ.
2)Let sleeping dogs lie –
Жатқан жыланның құйрығын баспа.
3)Cut your coat according to your cloth –
Көрпеңе қарай көсіл.
4)Catch the bear before you sell his skin –
Қашпаған сиырдың ұзынан дәметпе.
5)First think, then speak –
Ойнасаңда ойлап сөйле.
2. Болымсыз түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым салу;
1)Never say die – Салық сұрап кетпесін.
2)Don’t count your chickens before they are hatced –
Тігілмеген етігіңді мақтама,
Орылмаған етігіңді ақтама.
1)Don’t cross a bridge before you cote it- Байыбына бармай бал ашпа.
2)Don’t hallo until you are out the wood –Асатпай жатып,құлдық деме.
3)Don’t look a gift horse in the mouth- Алғанды білген-анайы,бергенді білген сыпайы.
4)Don’t trouble until trouble troubles you – Жатқан жыланның құйрығын баспа.
3. Шартты райлы сөйлем түрінде:
1)When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа құласа,құрбақа құлағында ойнар.
2)If it were not for hope, the heart will break-Үмітсіз шайтан.
4. Болымсыз жай сөйлемдер түрінде:
1)All are not friends that speak us fair –Жалған дос көзіңе мақтар,сырт айналып сойылын сатар.
2)All are not hunters that blow the horn –Мылтық ұстағанның бәрі аңшы емес.
3)All are not thieves that dogs bark at –Ит үргеннің бәрі ұры емес.

Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданады. Тіпті кейде сөз тастап кетіп отырады.Мысалы: «No sweet with out sweat» деген мақалда бастауыш та,баяндауыш та,ал «Ақын-жастан,асыл-тастан» дегенде «Шығады» сөзі қалып қойған.
Мақал-мәтел құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен, олардың мазмұнды түйіндеуінде,ойды шешуінде өзіндік ерекшелігі байқалады.

Қорытынды

«Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің лингвистикалық және этнолингвистикалық сипаты»деп аталған тарауында мақал мен мәтелге анықтама беріліп,өзара ортақ тұстары және айырмашылық айқындалды.Сондай-ақ,зерттеу нысаны болып отырған тұрақта тұлғалардың коммуникативтік, кумулятивтік қызметіне әлеуметтік мәні мен қайнар көздеріне сипаттама берілді. Қазақ және ағылшын тілдері бойынша мақал-мәтелдер зерттеуге арналған ғылыми еңбектерге жалпылама шолу жасалып,аталмыш тілдік бірліктерді топтастыру ұстанымдары айқындалды.Этнолингвистика ғылымының бастау алуы,қалыптасу кезеңдері,қазақ және ағылшын тіл білімінде зерттелуі де осы тарауда баяндалады.
Мақал-мәтелдер — халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан ой дәлдігімен,ықшамдығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер болып табылады.
– мақал көп жағдайда үлгі, өнеге, өсиет айтуға құрылады.Ал мәтел,сөз тіркесі,қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түріне келіп,көңілдегі ойды емеурін арқылы жеткізеді және нақты тұжырым,қорытында пікір жасалмайды;
– ағылшын тіл білімінде мақалмен мәтелдің ара жігі нақты ажыратылмай,біртұтас тұрақты тіркес ретінде қарастырылады.
– мақал-мәтелдер өзге тұрақты сөз орамдарына (қанатты сөз, нақыл сөз,т.б.) қарағанда,тұлға жағынан ықшам,мазмұны жағынан тұтас,әмбебап болады;
– мақал-мәтелдердің тұлғасының тұрақтылығы мен тілде бұрыннан «дайын» материал ретінде қолданылатын сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып,осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді;
– бірқатар қазақ және ағылшын макал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестіктері байқалды,абсолютті эквивалент,яғни теңбе-тең балама түрлері де кездеседі;
– ағылшын мақалдары көбіне бір сөйлемнен ғана құралса, қазақ мақалдарының басым көпшілігін екі,не бірнеше тармақты болып келеді.Қазақ мақал-мәтелдеріндегі айтылар ойдың басқа бір жағдай,не құбылыспен салыстырыла жеткізуін тілдік ерекшеліктер санатына жатқызуына болады;
– туыс емес тілдердегі бірқатармақал-мәтелдердің өзара мағыналас болып келу қазақ және ағылшын халықтарының өмір тәжірибесінің,көзі етіп,көкейіне түйген ой-тұжырымдарыны қазақ және ағылшын халықтарының өмір тәжірибесінің,көзі етіп,көкейіне түйген ой-тұжырымдарының ұқсастығымен,астастығымен байланысты;
– әртектес тілдердің мақал-мәтелдерін салғастырмалы түрде зерттеу жұмыстары жалпы тіл білмін теориялық тұрғыдан соны тұжырымдармен толықтыра түседі және кейбір практикалық мәселелрдің шешімін табуына септігін тигізеді.

You May Also Like

Ақша тарихы және оның қазіргі қалпы, ғылыми жоба

Бағыты:  Экономика Жоспары: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Ақша тарихы 2.2.…

ТҮСТЕРДІҢ АДАМ ПСИХОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ, ғылыми жоба слайд

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі, ғылыми жоба

Тақырыбы: Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі Мазмұны  Кіріспе Дарындылықты дамыту білім саласына…

Қазақстанның қорықтары, ғылыми жоба

Жоба мақсаты: Еліміздің табиғатын бағалау және барынша қорғау шараларын жасау; Қорықтар жайлы…