Жоба мақсаты:

  • Еліміздің табиғатын бағалау және барынша қорғау шараларын жасау;
  • Қорықтар жайлы түсінік қалыптастыру;
  • Қазақстанның қорықтарын танып,білу.

Табиғат байлықтарын бастапқы қалпына келтіру мен оны келешек үшін сақтап қалу,табиғат өзгерістеріне бақылау жасау мақсатымен қорықтар ашылған.

Қазақстан аумағында 10 қорық бар.ТМД елдер арасында Қазақстан қорық саны жөнінен 16-шы орында.

Ақсу-Жабағалы қорығы

Ақсу-Жабағалы – Қазақстан жерінде 1926ж ең алғаш ашылған қорық.ОЛ батыс Тянь-Шань тау жоталары,Талас алатуы мен Өгей тауларының табиғатын қорғау мақсатымен құрылған қорық.Мұнда ең ірі Ақсу өзені,одан екі есе кіші Жабағалы өзендері ағады.Бұл қорық-сан алуан өсімдіктер мен түрлі жануарлардың өсіп-дамуына қолайлы мекен.Сонымен қатар оның ауданы 131 934 га құрайды.

Қорықта құстардан дала бүркіті мен қарақұсты,кекілік,шіл,бөденелерді кездестірсек,биік таулы аймақтардан ілбіс,сақалтай,қозықұм,жыланжегіш,ла-шынды көреміз.Ал құстардан көкқұс пен ұлар,жануарлардан барыс,сілеусін,қоңыр аю,ілбіс Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Ілбіс-киелі аң

Ілбіс Ақсу-Жабағалы қорығында ерекше қорғауға алынған жануар.Бұл мысықтұқымдас жануар еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.Мысықтұқымдастар ішіндегі ең қатал жағдайларға төзімді,биік таулы аймақтарда мекендеп,ірі тұяқты аңдармен қоректенеді.Дене тұрқының ұзындығы 130 см-ге,құйрығы 90см-ге,бойының биіктігі 60-ге жетеді.Ілбістің қаруы-оның құйрығы.Ол құйрығымен жануарларды құлатып түсіреді.Ілбіс 13-15 жыл жасайды.

Алматы қорығы 1931ж Іле Алатауының орталық бөлігіндегі биік таулы алқаптардың табиғат байлығын қорғау үшін құрылды.Ал оның ауданы болса 71 000 мың га.Қорықты тамашалауға барғандар таудан-тасқа секірген арқарды, елік пен алтын мүйізді маралды көре алады.Сонымен қатар, үкі,жапалақ,құмай тәрізді жыртқыш құстар да бар.Биік таулы аймағында ұлар,далалы алқабында қырғауыл,кекілік,ормандарында құр мен тоқылдақ жіне шөлді аймағында жылқышы,бұлдыр мекен етеді.

Алатау етегінде аңдардан барыс,сілеусін,ақкіс,тау суырлары көп кездеседі.Олардың ішіндегі ең ірісі – қоңыр аю.

Наурызым қорығы

Наурызым қорығы 1931ж 30 маусымда қарағайлы орман мен Қостанай облысының Наурызым ауданындағы далалы аймақтың шағын көлдерін сақтап қалу мақсатында құрылған.Қорықтың ауданы 191 381га.Бұл жерді табиғи мұражай десе де болады.Наурызым-ителгі,қызыл жемсаулы қаз, дуадақ, аққұр,түлкі, қарсақ, сібір елігі, күзен, зорман, суыр, аққалақ сияқты терісі,еті бағалы және сирек кездесетін жануарлардың мекені. Қорық міндеті – осы өсімдіктер мен жануарларды қорғап, тіршілік ерекшеліктерін бақылау.

Барсакелмес қорығы

Барсакелмес қорығы Арал теңізінің Барсакелмес аралында 1939ж 10 желтоқсанда құрылды.Ауданы 160 826га.Бұл арал сазды,тақырлы,құмды болғандықтан,өсімдік жамылғысы да шөл далалық.Негізі өсімдіктігі-сексеуіл.Қорықта қарақұйрық,ақбөкен мекендейді.Көктем,жаз айларында құстардың саны мен түрлері көбейеді.Жылқышы,шағала,қаз,кішкене бозторғайларды көруге болды.

Арал теңізінің тартылуы,өсімдіктердің азаюы,тұздылығының артуы қорықты мекендейтін ақ бөкен,қарақұйрық құландар үшін өте қауіпті.

Қорғалжың  қорығы

Қорғалжың қорығы 1958ж 16 сәуірде Ақмола облысының бірнеше көлді алқабының табиғат байлығын қорғау,құстарға қамқорлық жасау,қоқиқаз,аққулардың санын көбейту мақсатымен ашылды.Басты байлығы – су құстары.Қорық арқылы Пәкстанда,Үндістанда,Солтүстік Африкада және Каспий теңізінде қыстаған құстардың солтүстікке қарай ұшу жолы өтеді.Көктем,жаз айларында құстарға толы көлдері бар бұл қорықты Құс базары деп атайды.Қамыс арасын шағала,қасқалдақ,сұқсыр үйрек,қоңыр қаздар мекендейді.

Марқакөл қорығы

1976ж 4 тамызда Марқакөл қорығы ашылды.Марқакөл қорығы Оңтүстік Алтай алқабы мен Марқакөл табиғатын қорғау үшін құрылған.Негізгі мақсаты-ормандарды,өзендер мен сұлу көлдерді табиғи қалпында сақтап қалып,онда өмір сүретін терісі бағалы жануарларды,құстарды,өсімдіктерді молайту.Табиғаты көз тартарлық бай көлдері балықтардың уылдырық шашып көбеюіне қолайлы.

Үстірт қорығы

Үстірт қорығы 1984ж 12 шілдеде Қазақ КСР Министерлер Кеңесінің №294 қаулысымен ұйымдастырылған қорық.Үстірт қорығы Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөлді табиғатын қорғау мақсатында құрылған.Оның ауданы 223 342 га құрайды.Қазіргі уақытта қорық аумағында өсімдіктің 336 түрі ал жануарлардың 182 түрі кездеседі.Қызыл кітапқа енген жануарлар:хиуа сораңы,жұмсақ жеміс,майда қатыран,ителгі,бұлдырақ,қарабай,арқар,қарақұйрық.

Тарихи-географиялық ескерткіші

Шақпақ ата жері Үстірт қорығының тарихи мәнісі бар мекені.Ең көп таралған аңыз-осы Шақпақ ата мен жартасты мешіттерге байланысты аңыз. «Бірде Шақпақ ата бір ауыл жанынан өтіп бара жатып,күйеуі әйелін ұрып жатқанына еріксіз куәгер болады.Шақпақ ата сорлы әйелдің сөзін сөйлеп,құтқарып қалады.Аоғыс орнына әйел Шақпақ атаға еріп жүреді.Олар тоқтаған тіршіліксіз жерде жер астынан қайнар бұлақ көздері ашылып,жауын жауа бастаған екен».

Батыс Алтай қорығы

Батыс Алтай қорығы 1992ж 3 шілдесінде ұйымдастырылды.Ауданы 86 122 га.Жер бедерінің шығу тегі жөнінен тектоникалық,мұздықты және сулы-эрозиялы болып келеді.Қорық аумағынан ағатын өзендер:Ақ Уба,Палевая Разливанка,Линейчиха,Үлкен және Кіші Тұрғысын.Юрий Андреевич Котуховтың айтуы бойынша мұнда 800-ден астам өсімдік түрі кездеседі.Ал жануарлардан көбінесе тайгалық жануарлар мекен етеді.

Алакөл қорығы

Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан бұл қорықтың ауданы 65 672га.Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салатынын қазақ орнитологы Е.Әуезов 1968-69ж ғылыми жұмытарның нәтижесінде анықтады.Мұнда балықтың 17,қосмекенділердің 2,бауырмен жорғалаушылардың 14,сүтқоректілердің 33,құстардың 324 түрі кездеседі.Одан бөлек Фламинго құсын көре аласыздар.

Қаратау қорығы

Қаратау қорығы-Кентау қаласынан 17 шақырым дерде яғни, Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан қорық.Географиялық орны Мойынқұм мен Бетпақдала өңірімен шектеседі.Ауа райы мұнда континеттік,құрғақ.Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 400 мм,ал тау бөктерінде 500 мм.Топырағы сұр,тау беткейлерінде қара және қоңыр топырақты болып келеді.Қаратау тауында ерекше қорғауға алынған Берікқара шатқалында ғана өсетін Берікқара терегі өте сирек кездеседі.Қорықта өсетін 1600 өсімдіктің 62-сі эндемик,52-сі ҚР-ның Қызыл кітабына енгізілген.

Қорытынды:

Еліміздің бар байлығы ол біздің жер қойнауымыз.Қорықтар мен саябақтар арқылы біз тек өз мемлекетімізді емес, бүкіл әлемді құтқара аламыз.Әлемнің түкпір-түкпірін шарласақ та өзіміздің тарихи ескерткіштеріміз бен табиғатымызға еш нәрсе жетпейді.Сондықтан да бар байлығымызды бағалап үйренейік. « Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші кейін өкініп қалмаңыз.Отанға,елімізге қосқан үлесіміз қарапайым қоршаған ортаны қорғаудан басталады.Басқа елдердегідей неге Қызыл кітапқа енген жанурлар мен өсімдіктерді көбейпеске? Қазақ елінің патриот азаматы осындай нәрселерді ойлауы тиіс.Қазақстанның қорықтары оның әлемдік деңгейге көтерілуге көмегін тигізе алады.

You May Also Like

Ыбырай Алтынсарин шығармалары-тәрбиенің алтын діңгегі, ғылыми жоба

Ыбырай Алтынсарин шығармалары-тәрбиенің алтын діңгегі Орындаушы:  Емельянова Анастасия, 4 сынып Семей қаласы…

Абай шығармашылығындағы сын

«…Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ,барды ертегіден термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі…

Асылды тот баспайды, ғылыми жоба

Тақырыбы: Асылды тот баспайды Мазмұны Аңдатпа……………………………………………………………………………………………………..3 Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….4 Түркі әлеміне ортақ ұлы тұлға……………………………………………………………….5…

Кемпірқосақ, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Кемпірқосақ» Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім: Кемпірқосақ – ерекше табиғи құбылыс Кемпірқосақ…