Ғылыми жоба тақырыбы: 

«Сағыр ауылында кездесетін ақ талдың морфологиясы мен анатомиясы»

Morphdogy of wilowis somily in the village Sager

Кіріспе

Жобаның мақсаты:

Сағыр ауылында кездесетін ақталдың морфологиясы мен анатомиялық ерекшелігі мен құрылысын анықтап көрсету.

Жобаның өзкетілігі: Қазіргі нарықтық қатынастардың өз шарықтау шегіне жетіп, адамның табиғатқа үстемдік жасауы қоршаған ортаның экологиялық жағдайына көп көңіл бөлінуді талап етіп отыр. Сондықтан, табиғи байлықтарды тиімді пайдалану, оларды қорғау, оның ішінде өсімдіктер әлемін қорғау және биоалуантүрлікті сақтау ең өзекті меселелердің бірі болып тұрғаны анық. Сондықтан ағаш тектес өсімдіктерге жататын  ақталдың өзіндік екекшеліктерін анықтау және өз ауылымыздың өсімдіктерін білу.

Жобаның жаңалығы:

  1. Сағыр ауылының физикалық және географиялық ерекшеліктерін анықтау;
  2. Ағаш тектес өсімдіктерге фенологиялық бақылау жүргізіп, гербарий жинау және шынықтырғышқа салу;
  3. Жергілікті халық арасында кең таралған ақталды анықтап, анатомиялық және морфологиялық құрылысын зерттеу.

Практикалық маңызы:

Ақ талдың анатомиясы мен морфологиясын білу, өзіндік ерекшелігіне көз жеткізу.

Жалпы оқушылар мен ұстаздар үшін өте қажетті материал, сондықтан, ұсынылып отырған тақырып дүниетану, өлкетану, жаратылыстану, биология сабақтарында, сабақтан тыс шараларда қолдануға болады.

2 Негізгі бөлім

2.1 Сағыр ауылына географиялық орны мен зерттелу тарихы 

Сағыр ауылы – Қалбатау жотасы, Қоржынбай, Айыртас, Сарыжон тауларының етегінде, Сағыр өзенінің жағалауында  орналасқан.

Сағыр  ауылы ерте кезде қола, темір заманы мен кейінгі орта ғасырларға адамдар мекендегенін Зейнолла Қабдешов зерттеген. Қалбатау етегінде ІХ–ХІ ғасырлық араб тарихшысы Әл – Гардизидің жазуы бойынша өзен жағасы орман алқаптары болған деген деректер бар. ІХ ғасырдың өзінде бұл өзен жағасында мал жайылып, шашырап жүрген түркілердің мекені болған.

19 ғасырдың 1-жартысында қазiргi Қазақстан аумағын зерттеушi экспедициялардың саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға дейiнгi аралықта Г.С. Карелин өлкенi картаға түсiрумен бiрге Алатауы тауларның жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнен коллекциялар жинады. Атақты немiс ғалымы А.Гумбольдт өзiнiң Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесiнде «Центральная Азия» («Орталық Азия») деген көлемдi еңбегiн шығарды.

20 ғасырдың басында қазiргi Қазақстан жерiнде топырақтану зерттеулерi етек жайды. Қоныстандыру басқармасы ұйымдастырған экспедицияларға топырақ зерттеушiлер С.С. Неуструев, Л. И. Прасолов, А. И. Безсонов, т.б. басшылық еттi. Қазақстанның өсiмдiгiн зерттеуге ботаник және географ А.Н. Краснов үлкен еңбек сiңiрдi. Оның экспедициясы Алтай тауы мен қалба жоталарын қамтыды. Геоботаникалық зерттеулердiң iшiнде В.В. Сапожников Алтай тауы және Қалба жоталарын зерттеулер жүргiздi. Ол бұл тау жүйелерiндегi өсiмдiктердiң таралуының бiрқатар заңдылықтарын ашты. В.М. Савич Батыс Қазақстанда жүргiзген геоботаникалық зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, шөл және дала белдемiнiң ауыспалы сипатта екендiгi туралы пiкiр айтты. 1908 жылғы Торғай экспедициясынан бастап И. М. Крашенинников 30 жыл бойы Қазақстанды геоботан. тұрғыдан зерттедi. Ол өз еңбектерiнде, әсiресе, өсiмдiк ассоциациясының жер бедерiмен және топырақпен өзара қатынасын терең талдады.

Геоботаникалық зерттеулердiң де өзiндiк қолданбалық мақсаты белгiлендi. Бұлардың алдына жайылымды, шабындықты және жыртуға жарамды жердi анықтау әрi оларға сипаттама беру мiндетi қойылды. Алғашқы жылдары геоботаникалық Қазақстанда жүргiзiлдi (И.В.Ларин). КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы құрамындағы топырақ – ботаника отряды бұл өңiрдiң өсiмдiгiн зерттеуге елеулi үлес қосты.

Алтай тауы мен Қалба жоталарындағы өзен – көлдерінің жағалауындағы өсімдіктер зерттелсе де Сағыр өзені мен өсімдіктері зерттеле қоймаған.

Медаево деревнясының бақыт іздеушілері 1896 жылы Алтай тауының етегіндегі Сағыр өзенінің бойына келіп тұрақтайды.

1898 жылы Семипалат обылыстық жер бөлу мекемесі Михаил-Архангельск селосына қараған.

1924 жылы Ленинка селосы болып құрылды.

1929 жылы ленинка селосында «Заря» колхозы ұйымдастырылады да, 1930 жылы «Красный Алтай» колхозы болып аты ауыстырылды.

1941 жылы Аблакет МТС құрылыды.

1961 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруке байланысты қаланды.

1997  жылы Ленинка атынан Сағыр ауылы аты қазақшаланды.

«Сағыр» аталуы жөнінде екі дерек бар.

  1. Ертеде бұл жерде ит тұмсығы өтбейтын ну орман болған екен. Сол орманда суыр өте көп мекендепті, суырдың жоңғар тілде аудармасы «Сағыр» екен. Соған байланысты бұл жерді Сағыр деп атап кеткен.
  2. ХYIII ғасырдың 50-жылдары жоңғар шапқыншылығы кезінде жоңғардың батырының аты Сағыр болған деген дерек бар.

2.2 Зерттеу материалы және әдістемесі

Сағыр ауылынның жағалауында жиналған ақтал өсімдігін кеппе шөп пен шынықтырғышқа жинадық. Зерттеуге алынған ақтал өсімдігі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауланы Сағыр ауылында орналасқан.

2017-2018 жылдары шілде, сәуір, маусым, қыркүйек  айларында өсімдік материалдары жиналды. Зерттеу жұмысын орындау барысында біз Воронцова Е.В., Фомина С.Л., Кузьменко Е.В., әдістемелеріне сүйендік.

Сонымен қатар өскемен қаласындағы А.С.Пушкин кітапханасы мен С.Аманжолов кітапханасында ақтал және Сағыр ауылының тарихы  туралы көптеген материялдар жинадық. Ауылымыздағы кітапхана мен мектеп кітапханасындада болдық.

4-суретте көрсетілгендей 2017 жылы жазда өсімдіктің экологиялық жағдайы мен тіршілік жағдайына фенологиялық бақылау жасалып, анатомиялық және морфологиялық құрылысын зерттеуге, өсімдіктің бір даналары А.К.Скворцов әдісі бойынша кептіріліп, өсімдік қаттамалары жасалды, ал екінші анатомиялық құрылысын зерттеу мақсатында Яковлев шынықтырғышында (60% спирт + глицерин) сақталды.

Сағыр ауылынан жиналған ақтал  өсімдігін вегетативті мүшелерінің сабағын зерттедік. Зерттеу жұмыстары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің № 4 оқу ғимаратының зертханасында жүргізілді. Өсімдіктің әртүрлі вегетациялық кезеңіндегі мүшелері шынықтырғышқа салынып, өсімдік қаттамалары жиналды және шынықтырғышқа салынған өсімдік даналарынан анатомиялық құрылыс ерекшеліктері зерттелді.

Шынықтырғышқа салынған өсімдік түрлеріне зерттеу жұмыстары С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 4-ші ғимаратында жүргізілді.

Зерттеу нысандар фиксацияланып, жапырақтың көлденең кесіндісінен уақытша препараттар жасалды, сабақтың көлденең кесіндісінен жасалған уақытша препараттар глицеринде сақталынды және жапырақтың астыңғы және үстіңгі үлпек қабаттарынан түссіз лак жақпасы дайындалды. Анатомиялық құрылысы жалпыға бірдей қолданылатын әдіс арқылы зерттелді. Анатомиялық құрылыс ерекшеліктері Биолам, Микмед, ұлғайтқышы (40х10, 40х16, 10х10, 16х10) микроскоптарымен зерттеліп, фотосуретке түсірілді.

2.3  Сағыр ауылында кездесетін ақталдың морфологиясы

Ағаш – сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда өсетін ағаштардың ең биігі 50 метрден аспайды (қарағай, шырша, емен, жөкеағаш, т.б.). Дүние жүзінде ең биік ағаш – Аустралия евкалиптісі (биіктігі 140-150 м), ең жуан ағаш – Баобаб (диаметрі 4-12 м). Ағаш палеозой дәуірінің тас көмір, девон кезеңінен бастап (126 млн жыл бұрын), мезозой дәуірінің бор, юра (96 млн жыл бұрын) кезеңіне дейін ағашты өсімдіктер. кейін бірқатары көп жылдық, одан бір жылдық шөптесін өсімдіктерге айналған. Жер бетінде климаттың өзгеруіне байланысты, ағашты өсімдіктердің даму циклы қысқаруда. Осыған байланысты олар шөптесін өсімдіктерге айналуда. Қазіргі кезде ағаштардың осы эволюциялық бағыты жалғасуда.

Ағаш – адамның күнкөріс қарекеті мен рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Анимистік дүниетанымға байланысты туындаған наным-сенімдер бойынша ағаштарда жаны бар «тіршілік иесі». Әлемнің көптеген халықтары ағашты қастерлеп, табынған.

Саян-Алтайдағы түрік халықтары ағашқа құрбандық шалып, сан түрлі жора-жосындар атқарады. Олардың ағашты ерекше қастерлеуі орманды өлкенің тұрғындары болғандығымен байланысты болса керек. Мысалы, меркіт руы өздерінің «әкесі ырғай, анасы қайық» деп санайды. Ал қазақта қыпшақ руының арғы тегі ағашпен байланысты айтылатыны белгілі. Иенде өскен жалғыз ағашты қасиетті ағаш, шығыс қазақтары сетер ағаш немесе көбіне тал кездесетіндіктен сетер тал деп атайды.

Қазақ наным-сенімі бойынша әулие адамның табаны тиген жерде өскен немесе әулиенің көлеңкесі түскен ағаш қасиетті шашқа айналады екен. Қазақ жапан далада жалғыз өскен ағашты киелі ағаш немесе әулие ағаш деп санап, оны кеспейді, зақым келтірмейді, тіптен саясына барып, ұйықтамайды. Әйтпесе сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың, ал дүниеде жалғыздықтан өткен жамандық жоқ, жанның құлазуынан асқан қорлық жоқ деседі. Жалғыз ағашты жалғыз қалудың нышаны деп қарайды. Топырақ үйілген төбенгіктер, құла түздегі жалғыз ағаш, шөл мекен далада бұтақтары тарбиып өскен бұғалар да қасиетті делінеді. Сол жерлерде түнейді, шүберек байлайды. Әулие жатқан жер деп танып, мал сойып, тілеу тілейді.

Қазақ дәстүрінде жаңа шыққан көкті жұлмайды, ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты, көк өркенді сындырмайды. Өйткені жас өркеннің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі деп біледі. Көк жұлсақ көктей соласың деп ырымдалады. Сондай-ақ қазақ дәстүрінде қосарланып өскен, қатар біткен ағашты кеспейді. Себебі қосағыңнан айырыласың, қанатыңнан қырқыласың деп тыйым еткен. Яғни, дүние түгел егізден жаралған, ал егіздің сыңарын құлатқан оңбайды, көңілі қапаланып, зарығып өтеді деп қатты ырымдайды.

Қазақ мифологиясында бәйтерек космос ағашты ретінде рәмізделеді. Бәйтеректің шағын модель-үлгілері бақан, адалбақан, таяқ, асатаяқ ғұрыптық жосындарды атқаратын киелі құрал қызметін атқарады. Байтерек – үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде әспеттелінеді. Қазақ арасында кең тараған адамның жаны киелі теректе сақталады деген ұғым бәлкім осы жайтқа байланысты қалыптасқан сияқты. Ол туралы мынадай миф бар: «Рух адамның тәнін өлерден қырық күн бұрын тастайды. Сөйтіп, құсқа (көгершінге) айналып, ұшып барып бәйтеректің жапырағында өз адамының есімі жазылған бұтаға қонады. Мұнда адамның аты жазылған қисапсыз жапырақтар көктеп-солып, алма-кезек ауысып тұрады. Жал адам өлгенде шыбын бейнесінде денеден шығып, үй ішінде ұшып жүреді. Тек қырық күннен кейін барып, үйді біржолата тастайды. Бәйтеректің діңгегі арқылы әлгі жал жерге түсіп, не жерге шығып жүреді де, мезгілі болғанда әйелдің құрсағына қонады, сөйтіп, жаңа өмір пайда болады. Жануарлар да, өсімдіктер де дәл осылай өмipгe қайта келеді».

Жапырағына жан орналасқан осынау киелі терек туралы миф түркі халықтарына кең таралған. Қазақта басқаша бір нұсқасы тағы бар. Онда «Жер мен көктің кіндігінде жападан жалғыз өскен киелі бәйтерек бар. Бұл теректің басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан. Ол көзге көрінбейтін киелі ағаш. Бұл бәйтеректе жайқалып өскен әрбір жапырақ жер жүзінде жасаған әрбір адамның өмір тіршілігінің нышаны, жер жүзінде тіршілік етіп отырған әрбір адам киелі теректің жапырағы жарылғанда өмірге келеді, жапырағы жайқалып өскенде өсіп, үлкейіп, кемеліне келеді, жапырағы мезгілсіз сарғайса, қайғы-қасіретке тап болады, жапырағы солса, қартаяды, жапырағы үзіліп, жерге түссе, қазаға ұшырайды» дейді. Бұл сюжеттерде әлем ағашты, яғни ғаламның вегетативті моделі көрініс тапқан.

Қазақ халқы өзінің өмір-салтын, тұрмыс-тіршілігін, кейбір әрекетін ағашқа теліп, ағаштарды адам бейнесіне енгізіп,

Бұл мифтік сюжеттер қазақтың байырғы өмір салтының метафоралық образы іспеттес. Расында да, ағаштардың сыртқы түр-түрпаты, өсетін мекенінің ерекшелігі қазақтың ежелгі тіршілігін еске түсіреді. Ұзын қарағай тәкаппар адам, мықшиған сексеуіл жазықсыз жапа шегуші, таста өсетін арша тасбауыр, қызыл тобылғы ұялшақ кейіпкерлер ретінде сомдалып, халқымыздың қалыңмал төлеп неке салтының көріністері айқын бейнеленеді. Осындай мифтік түсініктен туған ағаштардың араздығы мен татулығы, құдаласу сарыны «Ағаш өлең» деп аталатын кейбір халық өлеңдері мен жұмбақ айтысқа да жиі арқау болады.

Ертеде дәстүрлі ортада ағаштың тұрмыс пен шаруашылыққа жарамдылығына қарай отындық ағаш және кәделік ағаш деп екі топқа бөлген. Ал, Ағаштардың өсу, даму сатысына байланысты да екі түрге бөледі: жас ағаш және тіршілік циклы аяқталуы жақын кәрі ағаш. Балғын жас ағашты кесуге қазақтар «коктей соласың» деп тыйым салады. Сондықтан жас, толық өсіп жетілмеген ағашты қажетіне қарай ғана кеседі. Өсіп жетілген ағашты шірімей, құрт жемей тұрып қажетке жаратады. Кәрі ағашты жығып, шауып отынға пайдаланған.

Ағашты кескен кезде сүрегіндегі шеңберлердің санына қарап, жасын анықтайды. Ағаштың таудың теріскей беткейіне өскен ағаш діңінің көлеңке (солтүстік) жағындағысын «ұрғашы ағаш» атайды. Ондай ағаштардың бұтағы жоқ, жылдық сақиналары жиі, шайыры аз болғандықтан «шешен», яғни акустикалық сипаты, яғни дыбыс өткізгіштік қасиеті жоғары болады дейді шеберлер. Саз аспаптарының құлағын ырғай, тобылғы т.б. қатты ағаштардан әзірлейді. Ағаш шеберлері тәжірибе жүзінде кез келген ағаштың түп жағы берік болады деп санайды.

Ағаш тектес өсімдіктерге жататын тал тұқымдасына жататын ақ талдың морфологиясын қарасырсақ.

Тал систематикасы

Түр- Ақ тал (Salix.alba L)

Туысы- тал (salix)

Тұқымдас – Талдар тұқымдасы (Salicaceae)

Қатар – Раушангүлдер тектес бір жабынды өсімдіктер(Melophyta sympetalae)

Класс – Қос жарнақтылар(Dicotyledones, Magnoliopsidae)

Бөлімі – Жабық тұқымды немесе гүлді өсімдіктер(Angiospermae, Magnoliopsidae)

Тал – бұтақтары жан – жаққа шашырай, кең жайылып өсетін майысқақ, жуандығы орташа ағаш. Бұтақтары мен жапырақтары сарғыш жасыл, жеңіл, қатты күшке келмей сынып кетеді. Кептірген кездерде көп қысқармайды, жарылмайды, жылдық сақиналары жақсы дамыған ағаштың бірі. Кигіз үй жабдыған жасағанда, шарбақ тоқығанда кең қолданады. Тоқуға, июге төзімді. Иіп уық, кереге жасалады.

Тал туысы (ива – Sа1іх L.) Саны жағынан ең көбі. Тек БОР-дың флорасыңда 170-тей түрі және көптеген гибридтік формалары кездеседі, ал Қазақстанда 46 түрі өседі. Талдың гүлдерінде кейбір жағдайларда теректердегі секілді, гүлдің тұп жағынан қоршап тұратын диск болады. Көптеген түрлерінде ол екі шырындықпен (нектарник) алмастырылған. Шырындықтардың біреуі жабындық жапырақшалар жағынан, ал екіншісі сырғаның өсіне қараған жағынан орналасады. Кейбіреулерінде тек бір ғана шырындық сақталған. Аталық сырғасында 1-ден бірнешеуге дейін аталықтары болады. Аналық сырғаларында аналығы (гинецей) 2 мүшелі парокарпты және 2 аузы болады (рыльца пестика). Талдар жапырақтары шықпас бұрын, немесе олармен бірге гүлдейді. Талдар насекомдармен тозаңданады. Оларға насекомдардың оңдаған түрлері келіп қонады, сиректеу желмен тозаңданады. Көптеген түрлері будандасуға бейім, соған байланысты бір түрмен екінші түрдің шекарасы, барлық уақытта айқын бола бермейді. Шыбықтарынан карзеңке, балық аулауға қажетті жабдықтар (снасти) тоқуға болады. Өзен жағасында және кішігірім аралдарда өсетін қадама талдардан киіз үйдің керегелері мен уықтарына қажетті материаддар дайындайды. Қабығында иілік заттар болады. Талдар өте оңай тамыр береді және вегететативтік жолмен көбейеді. Сондықтанда оларды құмды бекіту мақсатында (фитомелиорация) өсіреді. Халық медицинасында қабығын маляриядан емдеуге пайдаланады. Жақсы бал беретін өсімдік. Чозения  туысының  жоғарыда айтылғандай жалғыз ғана түрі бар. Ол Ресейдің Қиыр Шығысында, Жапонияда, Корея түбегінде, Қытайда өседі. Чозения тал туысына өте жақын. Шамасы олар эволюциялық дамудың 2 дербес-анемофильді (туысы) және энтомофильді (оған жанасып тұратын чозениямен бірге) тармақтарын береді. Бұлардың арғы тегі болып табылатын форманың гүлі қос жынысты болса керек. Мұны ешкі тал және теректің Гималайлық түрінің (тополь сизый) гүлдерінде кездесетін, қосжынысты гүлге ұқсас, ауытқу – шылықтың болуы дәлелдей түскеңдей. Талдар тұқымдасының арғы тектерінде гүлсеріктерінің болғаны, не болмағаны дәлелденбеген. өте ертеде пайда болған тұқымдас, олардың қалдықтары бор дәуірінің төмеңгі қабаттарынан белгілі; бор дәуірінің үстіңгі қабаттарыңда өте жиі кездеседі; неогенде олар солтүстік қоңыржай климатты зонасының барлық жерінде дамудың ең шарықтаған биігіне көтерілген. Неогеңцік түрлері қазіргі кезде тропикада кездесетін талдар тұқымдасының өкілдеріне өте үқсас. Палентологиялық мәліметтерге сүйенсек, талдар тұқымдасының ертегі жабық тұқымдастармен, олардың арғы тегі болып табылатын формаларымен генетикалық тұрғыдан тікелей байланысы болған деген пікірді мақұлдауға итермелейді ұшырауының негізінде пайда болған деген көзқарас бар.

Сонымен бірге талдар тұқымдасының гүлдері (яғни талдардың өздері де), жабық тұқымдастардың жоғарғы деңгейде маманданған, формаларының редукцияға Кейбір ботаниктер бұл тұқымдасты жыңғылдар тұқымдасымен жақыңдастырады. Себебі соңғы тұқымдастың өкілдерінің дәндерінде, топтасқан талшықты түктердің болуы (хохолок волосков), тұқым бүрінің, гүл түйінінің түбінде орналасуы және басқа да белгілері талдар тұқымдасымен ұқсас. Ғалымдардың бір бөлігі талдар тұқымдасын шегіргүлдер тұқымдасымен (тұқымдары қабырғаға жанасып орналасқан) жақындастырады. Одан әрі талдар тұқымдасын жыңғылдар тұқымдасымен, екеуіне ортақ бір тектен параллель дамыған деген пікір айтады.

Ақ тал (S.alba L) – Табиғатта 170 түрі бар. Биіктігі – 10-15 м, кейбір түрлері 40 м-ге дейін жетеді. Көгалдандыруда көбінесе бойы аласа, бұтақтары ирек, жайыла өсетін жалғанбалы сұрыптары қолданылады. Сопақтау келген ұзын жапырақтары бар, – суретте көрсетілгін.

2.4 Сағыр ауылында кезедесетін Ақтал анатомиясы 

Ақтал – жас жапырағы ақшыл түсті жаңа жарған гүл секілді көрінеді. Бұтағы ирек, тік немесе жайылып өсетін – ағаш және бұталы түрлері бар. Бірақ оның барлық түрі ерте бүр жарып, бірінші болып жапырақтарын түсіреді. Табиғатта ылғалды жерлерде, өзен-су маңайларында өседі.  Жапырағындағы ақуыздың құрамы 12-18% болғандықтан, ақ талдың жас шыбықтарына мал әуес келеді. Көктемде сырға секілді үлбіреген гүл жарады. Гүлінде аналық пен аталық қатар орналасатындықтан өзара тез будандасып көбейе береді. Сол себепті де ол өзен-су маңайларында тез таралып, тоғайға айналады.

Ақ талдың анатомиялық ерекшелігі:

1). Сабағы сүйыр болуы немесе бүйрінің шығынқы болуы.

2). Қабығында түктердің болуы.

3). түктерінде хлоропластардың болуы.

Ақ тал басқа талдардан қабығында қалың түктердің болуымен ерекешелінеді және кейбір түктерінде хлоропластар бар. Түктердің қалыңдығынан өсімдік ақ түсті болып көрінеді.  Түктер тірі, бір және көп жасушалы. Кейбір түктерде жиналған заттар көзге шалынады. суретте көрсетілгендей сабақтың бір жағы дөңес болып келеді.

Ақ талдың тағы бір ерекшелігі – жас сабақтың кейбір түктерінде хлорапластардың болуы. Түктерде хлорапластар кездесуі жөнінде дерек көздерінде жоқ болғандықтан мұндай ерекшелік әлі де зерттеуді қажет етеді және өсімдіктер анатомиясы саласында тың жаңалық болуы мүмкін

Қабық бөлімінде ірі жасуша аралық қуыстары бар жасушалары тізіліп орналасқан аймақтар кездеседі. Ол ерекшелікті суреттен көреміз.

Ал жапырағының көлдерең кесіндісін қарау барысында оныда түктерді тағыда байқадық.

Қорытынды 

Сағыр ауылының географиялық ерекшелігіне қарай, сол ауылдың жағалауында Сағыр өзенінің жағасындағы кейбір ағаш тектес өсімдіктердің  түрлерін анықтап, анатомиялық және морфологиялық құрылысын ерекшелігіне тоқтала отырып, жергілікті халық аталмыш түрлерді тұрмыс-тіршілігінде  ерекшелігі мен қасиетіне қарай қолданып білген, Демек ерте кезден бастап ағаш тектес өсімдіктер қасиеттері мен ерекшелігін зерттей білеген.

  1. Фенологиялық бақылау барысында ақ талдың ерте көктемде гүлдеп, мамыр айының ортасында тұқым түзетіні байқалды, яғни жел арқылы тозаңдануға бейімделген.
  2. Зерттеген өсімдіктер қос жарнақтылар класының өкілдері болғандықтан үлпекқабат жасушалары ирек пішінді болып келеді, бірақ жасуша жиегінің тереңдігі әр түрлі, лептесіктерінің пішіні бөлек және түктердің түрі мен саны ерекше. Өсімдіктердің анатомиялық құрылысын зерттей келіп, ақ тал (s.alba L.) бездеут түктердің көп мөлшерде болатыны анықталды. сабағында беріктік және серпімділік қасиет беретін механикалық ұлпаның түрлері колленхима және склеренхима қабық бөлімінде ерекше орналасқандығы байқалады.
You May Also Like

Түймедақ гүлі, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: «Түймедақ гүлінің емдік қасиеттері»   МАЗМҰНЫ І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім…

Математика менің өмірімде, ғылыми жоба

Ғылыми жоба: «Математика менің өмірімде». Математикамен бала күннен бастап қоректеніп, оның бұлтартпайтын дәлелдемелерін…

Табиғат, таңғалам тамашаңа. Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Табиғат, таңғалам тамашаңа!» Аннотация  Бұл ғылыми жобада Абайдың тәрбиелік мәні зор…

Шағын орталықта қолданылатын денсаулық сақтау технологиясы, ғылыми жоба

Жобаның өзектілігі: Бала денсаулығы деңгейін нығайту және көтеру, тәрбиешілерді, ата –аналарды және…