Ғылыми жоба: «Математика менің өмірімде».

Математикамен бала күннен бастап қоректеніп,

оның бұлтартпайтын дәлелдемелерін бойына

молынан сіңірген адам ешбір алдамышқа

оңайлықпен жол бермейтін шындықты

қабылдауға дайын тұрады.

Гассенди П.

Математика – менің өмірім. Математика ғылымы өмірмен байланысты қиын және өте қызық пән екендігімен ерекше. Әр түрлі әдіс-тәсілдермен әрі өмірмен байланыстыра өтілген әр сабақ оқушы санасына қонымды, әрі кейінгі өміріне азық болары сөзсіз.

Мақсатқа жетудің әрқашан бірнеше жолы болады, бірақ тек бір жолды – ең жақсысын, ең сәттісін, ең оңтайлысын таңдай білген жөн.Бұл жағдайдағы қиындық – «ең жақсы», «жақсы», «сәтті» түсініктер бір мағыналы емес және олар мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттерге байланысты, Мысалға, бір жағдайда «ең жақсы» өлшем процесті жүргізу жылдамдығы болуы мүмкін, екіншісінде – оның бағасы, үшіншісінде – алынатын сенім сапасы, ал жалпы алғанда осы параметрлер тегіс бір уақытта критерий қызметін атқарады. Қайда болмасын сандармен кездесеміз. Мысалы: сабақ кестесінде, асханада, дүкенде, аялдамада….т.б. Дүкенге барғанда мен ойша қанша жұмсағанымды және дүкеншінің маған қайтаратынын есептеп тұрамын. Математика біздің өмірімізді тәртіпке келтіреді.

1.Математика асханада./Мектеп асханасында аспазшымен әңгіме/

Асханада қандай тамақты дайындамас бұрын ең алдымен рецепт дайындап аламыз. Асты дайындау үшін мөлшері бар.Қажетті тағамды өлшеу үшін көлем мен салмағын білу керек.Мысалы,4 кісіден тұратын отбасына жеміс икрасын дайындау үшін 3:4:4 пияз,ащы қияр және сәбіз қажет.15 минут қайнатып, суық күйінде дастарханға қоямыз.Математиканың қажеттілігін күнделікті өмірден көріп жүрген жоқпыз ба?!Әр қадам сайын жатқан математика емес пе?…

2.Математика бизнесте/ саудада/.

Базарға барып сауда жасасақ немесе өмірге қажетті практикалық өлшеулер жүргізгенде математикалық өте терең білім қажет деп ойламаймын. Математикалық терең білім математика бағытындағы мамандықты таңдаған адамға аса қажет және ол адам өз мамандығы бойынша өз саласын дамытады. Барлық адамның қабілеті бірдей емес. Сондықтан математикаға қабілетібар адам ғана математикалық терең білім алып, ал математикаға қабілеті төмен адам күнделікті қажетті математикалық есептеулерді білсе жеткілікті. Бизнес-жоспар – бұл біздің экономикалық лексикамызда біршама жаңа категория. Кез келген жаңа элемент сияқты оны пайдаланудан бұрын оның дұрыс түсінілуі керек.Бизнес-жоспар бұл сіз өз бизнесіңізбен жетуді қалайтын нәрсе мен өзіңіздің мақсаттарыңызға жету үшін қолда бар ресурстардың пайдаланылуын жоспарлайтын тәсілдің қағазға түсірілген моделі болып табылады . Жақсы бизнес-жоспар логикалық түрде жоспарланған іс-әрекеттердің сызбасы болып табылады. Ол келешекте бизнеске мағына беруді жорамалдайды. Сіздің алдыңызға қойған мақсаттардан шыға отырып, ол осы мақсаттарға қатаң белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін сізге есептеу мен дәлдіктер қажет болады.

3.Математика тігін саласында./Мектеп технологымен әңгіме/

Киім тігуде ең қажеттісі , ол адамның өлшемін дұрыс есептеп алу.Ол үшін математиканы білуіміз керек.Сантиметрлік өлшеммен оның иығын, ұзынды- ғын,жеңінің ұзындығын,енін өлшейміз.Сосын фасонын таңдап, өлшеп алынған өлшемдер бойынша қиямыз. Математикалық есеп бойынша қайырғанда матадан қосымша қалдыру керек екенін ұмытпай бәрін дәптерге жазып отырамыз.Содан кейін барып тігуге кірісеміз.Дәл, нақты өлшенген матадан сәнді де,әдемі көйлек тігіледі.  Жеті рет өлшеп, бір рет кес демекші , есеп дәлірек болғаны жөн.

4.Математика құрылыста. /құрылыста бақылау жүргізу, арнайы кітаптар оқу/

Құрылыс… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға әрине кірпіш, цемент, құм, қиыршық тас, саз, әк т.с.с. құрылыс материалдары елестейді. Дұрыс, себебі құрылыс материалдарынсыз құрылыс жүрмейді. Тіпті, кез-келген елдің экономикасын құрылысына қарап-ақ білуге болады. Құрылыс жүріп жатса, онда айналым, ақша, жұмыс бар деген сөзҚұрылысшылар – елді-мекендерді көріктендіріп, көз тартарлық әртүрлі зәулім ғимараттарды салып, оларды қала тұрғындарының игілігіне пайдалануға берумен халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсартуға елеулі қызмет істеп келеді.
Құрылыс пен сәулет өнері адамның алғаш пайда болуынан басталған көне кәсіп. Ғасырлар ауысса да ол бізбен бірге дамып, жетілуде. Құрылыс саласының өзіне тән ережесі, тәртібі және нормативтік құжаттары болады. Соған сәйкес әрбір құрылысшы кірпішті қалай қалау керек, оның нормасы қандай болады деген сияқты құрылыс технологиясын меңгеруі қажет. Сондай-ақ жобаны оқи білуі керек. Бір нысан мен екінші бір нысанның ерекшелігін білу, технологияны, адамды орнымен пайдалану, алған білімді тиімді жұмсай білу, дәл,нақты есептей білу керек.Яғни математикадағы масштабты жақсы түсініп, оны практикада қолдана білуіміз қажет. Қорыта айтқанда, құрылыс саласы қазіргі таңда өте жақсы дамуда, сонымен қатар білікті, мықты мамандарға зәру. Егер де сурет салуға, түрлі сызба бағдарламалары- мен жұмыс жасауға икеміңіз болса, қала көркін келтіретін әсем де биік, мықты ғимараттар салғыңыз келсе, кірпіш қалап, арманыңыздағы үйіңізді өз қолыңызбен тұрғызғыңыз келсе, өз қажеттілігін ешқашан жоймайтын, қызықты һәм қиынды математика ғылымын жақсы меңгер.

Математика интернет дүкенде.

Интернет-дүкен дегеніміз – өзіңіздің немесе өзгелердің өнімдерінің суретін интернетке енгізу, қажетті затыңды алу және сату. Интернет-дүкенде қажетті заттарды сатып алу үшінде математикалық білім керек. Бұл үшін компьютер, интернет, туған тіліңізді жоғары деңгейде меңгергендігіңіз қажет. Ол үшін компьютер, интернет, сайттардың тізімі қажет. Тауарды көп мөлшерде сатып алу әлдеқайда арзанға түсетінін барлығымыз білеміз. Сол себепті фирмалармен келісіп, көп тауарды арзанырақ бағаға аламыз. Яғни интернет-дүкендер адамдардың уақытын үнемдейді.Қажетті койлек алу үшін сайтқа кіріп таңдайсыз.Ол үшін өлшеміңді дұрыс есептей білу керек.

Қорытындылай келе, осы айтылған мысалдардан “Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика” дей келе, сыныптастарым мен достарым өздері дұрыс қорытынды шығарып, яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтынын , математика пәні қандай қиын болса да , өздерінің математика пәніне деген көзқарастарын өзгертсе, әйтсе де математиканы жақсы білген адам көп болса, нұр үстіне нұр болар еді. Яғни Қазақстанның болашағы нұрлы, жоспарлы жан-жақты білімді болар еді деген сенімдемін.

Өйткені қандай мақал-мәтелдің мән-мағынасын алып қарасақта, математикасыз өмір жоқ , “Математика менің өмірім” деген қорытындыға келдім.

Ғылымдардың патшасы атанғансың

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессін сен қаталдансың.

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанған

You May Also Like

Заманауи киім үлгілері, ғылыми жоба

«АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН КИІМ». Ақтөбе, 2019 МАЗМҰНЫ БІРІНШІ БӨЛІМ. Кіріспе ……………………………………………………………3-4 бет…

Бордың адам ағзасына зияны мен пайдасы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Бордың адам ағзасына зияны мен пайдасы» Орындаған: Едіге…

Әлем назарындағы Барсакелмес қорығының құпиясы, ғылыми жоба слайд

Имена в жизни человека, научный проект

Тақырыбы:                «Имена в жизни человека» Жұмыстың бағыты: орыс тілі мен әдебиеті Аннотация……………………………………………………………………………..…