Жобаның өзектілігі:

  1. Бала денсаулығы деңгейін нығайту және көтеру, тәрбиешілерді, ата –аналарды және олардың балаларын дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына тарту

Жобаның мақсаты:

 Мектепке дейінгі  жастағы баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру

 Ғылыми жобаның міндеттері:

Мектепке дейінгі  жастағы балаларға денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндіктерін анықтау;

– Денсаулық сақтау технологиясына сипаттама бере отырып, мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын пайдалану әдістемесін ұсыну;

– Білім берудің жаңа технологияларын қолдану (денсаулық сақтау, ақпараттық) ғылыми – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмдерін жетілдіру;

– Балалардың денсаулығын сақтау мақсатында инновациялық бағыттағы материалдық –техникалық база қалыптастыру.

    «Бала денсаулығына қамқорлық жасау – тәрбиешінің маңызды міндеті екенін қайталаудан танбаймын. Қуанышты, сергек балалардың рухани өмірі де, дүниетанымы да, ақыл-ой дамуы да, білімнің бекем болуы өз күшіне сенімділігіде жоғары болады».

В. А Сухомлинский

Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологияларының түрлері

Балабақшада оқу тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу

Баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу

Осы мәселені шешу барысында баланың денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру шараларын жүйелі өткізу керек

Денсаулық сақтау технологиясының мақсатына қол жеткізу үшін төмендегідей құралдар тобы қолданылады

  1. Қозғалыс бағыты құралдары
  2. Табиғаттың сауықтыру күші
  3. Гигиеналық факторлар

Күн тәртібі

  1. Толық қанды ұйқы
  2. Ертеңгілік жаттығу
  3. Таза ауада серуен
  4. Уақытылы тамақтану

Дені сау баланы өсіруде бірнеше бағыттар алынады

Балалар ауруларын төмендетуіне мүмкіндіктер жасау үшін педагогтардың кәсіби шеберліктерін өрлету

Ата –аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді ұйымдастыру

  • Баламен шынықтыру шараларын ұйымдастыру алдында төмендегі ережелерді сақтау қажет
  • Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу
  • Теріс эмоция тудырмау (үрей, жылау, мазасыздық)
  • Медбике мен педагогтің қатаң қадағалауы

Мектепке дейінгі жастағы шынықтыру – сауықтырудың негізгі міндеттері

  1. Баланың денсаулығын нығайту және сақтау
  2.   Балалардың қимыл белсенділік талабын жүзеге асыруға жағдайлар тудыру
  3.  Салауатты өмір салтының талаптарына сай тәрбиелеу
  4.   Баланың дене тәрбиесінің сапалық дамуын, тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, оның өміріне қажетті қимыл ептілігін қалыптастыру

Сауықтыру педагогикасы үшін негізге алынатын артықшылықтар

  1.  Индивидуалды – дифферциациялаушы ыңғай – оқушылармен сауықтыру – дамыту жұмыстарының негізгі құралы
  2.   Дені сау бала – бала дамуындағы іс жүзінде қол жетімді норма
  3.  Сауықтыру – балалардың психофизиологиялық мүмкіндіктерінің даму формасы

Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуді қамтамасыз етудегі бағыттар

  1. – Баланың физиологиялық даму және балалардың ауруларын төмендету үшін жағдайлар жасау;
  2. -Балабақшадағы педагогтардың шеберліктерін және іскерлік біліктіліктерін жоғарлату;
  3. – Медициналық қызметкерлермен байланысты шынықтыру – сауықтыру міндеттерін кешенді шешу;
  4. – Балабақша және жанұя жағдайларында бірігіп дені сау баланы тәрбиелеу.

 Құрметті әріптестер, тәриешілер мен педагогтар Қазақстанның болашақ ұрпақтарының денсаулығын нығайту мен сақтау біздің аяулы алақандарымызда!

You May Also Like

Шымқаланың көне тарихы, ғылыми жоба

Бағыты: қоғамдық гуманитарлық Секциясы:  Тарих, өлкетану  Ғылыми жоба тақырыбы:     «Шымқаланың көне тарихы»…

Шеберханада жүннен әшекей бұйым жасау, ғылыми жоба

Мазмұны І.Кіріспе……………………………………………………………………………………………………3 ІІ.Негізгі бөлім………………………………………………………………………………………….5 2.2 Жүн өңдеудің түрлері ………………………………………………………………………….9 2.3 Шеберханада жүннен…

Күн көлігі және баламалы энергия көздерін алу жолдары, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Күн көлігі және баламалы энергия көздерін алу жолдары»…

Ахмет Байтұрсынов–қазақ әліпбиінің жанашыры, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Ахмет Байтұрсынов – қазақ әліпбиінің жанашыры»  Дайындаған: Алмазқызы…