Бағыты: қоғамдық гуманитарлық

Секциясы:  Тарих, өлкетану 

Ғылыми жоба тақырыбы:     «Шымқаланың көне тарихы»

Мазмұны

Аннотация ………………………………………………………………………………………..

Кіріспе……………………………………………………………………………………………….

Негізгі бөлім………………………………………………. ……….. ……….. ………………

Теориялық бөлім ……………………………………………………………………………..

Қорытынды ……………………………………………………………………………….. …

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………… ………………

Пікір ………………………………………………………………………………………………..

Аннотация

Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, көп жылдан астам жазылмай келген 2200 жылдық тарихы бар қаламыздың, жеріміздің тарихын, естен шыққан тарихи орындардың өмірін, олардың ел арасына тараған мұраларын жинақтауға арналған.

Дүние жүзіне мәлім ұлы бабамыз Әбу – Насыр Әл Фараби «тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» – деген екен. Негізгі тарих дегеніміз халықтың зердесі. Зердесі жоқ, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын білмейтін адамның Шыңғыс Айтматов ағамыздың романындағы мәңгүрттен еш айырмашылығы болмайды.

Сондықтан осы еңбегімізді болашақ жастарымызға, туған елінің тарихы ешкімнен де олқы емес екендігін түсінсін деген сөз.

Бұл зерттеу жұмысында  оқушыларға өз өлкемді танысам, сырын білсем деген құштарлығын арттырып, берері мол болар еді. Отан сүюге тәрбиелейді.

Осындай мақсатпен жұмыс істесек мектеп мұражайы оқушылардың жақсы жұмыстарының арқасында көптеген экспонаттармен, жаңа тың деректермен толықтырылар еді.

Абстракт

Эта исследовательская работа призвана собрать историю нашего города, нашей земли с историей в 2200 лет, о которой не писали многие годы, жизнь забытых исторических мест, их наследие, распространенное по всей стране.

Абу Насир аль-Фараби, наш всемирно известный предок, однажды сказал: «Трудно узнать прошлое, настоящее и будущее, не зная истории». Главная история – это интеллект людей. Человек без ума и не знающий, кто он и откуда пришел, ничем не отличается от мангурта из романа нашего дяди Чингиза Айтматова.
Поэтому мы хотим, чтобы наша будущая молодежь понимала, что история их Родины никому не уступает.

Это исследование поможет студентам лучше узнать свою страну и ее секреты. Воспитывает любовь к Родине.

Если мы будем работать с этой целью, школьный музей пополнится множеством экспонатов и новыми данными за счет хорошей работы учеников.

Abstract

This research work is designed to collect the history of our city, our land with a history of 2200 years, which has not been written about for many years, the life of forgotten historical places, their heritage spread throughout the country.

Abu Nasir al-Farabi, our world famous ancestor, once said: «It is difficult to know the past, present and future without knowing history.» The main story is the intelligence of people. A man crazy and not knowing who he is and where he came from, is no different from the mangurt from the novel of our uncle Chingiz Aitmatov.
Therefore, we want our future youth to understand that the history of their homeland is not inferior to anyone.

This research would help students to get to know their country and learn its secrets. Educates to love the motherland.

If we work for this purpose, the school museum would be replenished with many exhibits and new data due to the good work of students.

Кіріспе

Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні балам өзі шертеді.

Тарих керек – іргетасы қазақтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі.

                              Қадыр Мырза Әлі

Қазақтың қай ауылына, шаһарына  барсаң да, ғасырлардың куәсіндей әр жерде қадау-қадау боп қалып қойған саялы бәйтеректерді кездестіресің. Біздің қаламыздың да сондай тамыры терең болып , жапырағы жайқалған байтеректер бар. Барлығы да бұтақтарын кең жайып , жанға сая самалымен бауырында өскен балапандарын желпи түсіп, адасқанға жол көрсетіп, жөн сілтеп отырады.

Тек солармен сырласып өскен үрім – бұтақтар ғана талай сындардан өтіп, адамгершілік пен азаматтықтың, бауырмалдық пен достықтың ұлы мектебінен дәріс алады, дәл солардай еңсесі биіктей түседі. Сөйтеді де , ақырын ғана сылдыр қағып, сандықтың қақпағын ашады, шежіре шомылдырып, тарихқа тоғытып алады.

       «Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы – халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық, елжандылық рухқа елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру»– деп айқын жол көрсеткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

Ел өмірінің тікелей жалғастырушысы, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы осы жас ұрпақтар, болашақ.

Ар – намысты қорғауға, Отанға тіреу болуға, адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу. Ол – елжандылық рухын көтеру. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс – әрекетке тәрбиелейді. Осы мақсатта туған елінің, өзімінің ауылымының, жерінмің қадір – қасиетін ұғындыру, туған жер тұлғаларына деген құрметтерін арттыру.Зерттеу неәтижесінде туған жерімнің тарихы жайлы біраз мағлұматтар жинақтау. Екпініді ауылының  ата тарихы, әріден басталып келетін, қасиетті мекен. Екпініді ауылынды небір тарихи тұлғалармен талантты ұл – қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол. Қазіргі кезде өлке тарихы тарихи орындар мен мұражайларда сақталған жазбаларда ғана кездеседі. Шымқаламыз жайлы жазылған кітаптар мен ғылыми жұмыстар өте көп, дегенмен мен де қаламыздың тарихына аз да болса өз үлесімді қосарлық жаңалықтарды жазсам деймін.

Өзі мекен етіп отырған елі мен жері жайлы тарихи деректерді жастардың көбі біле бермейді. Бүгінгі таңда нарықтың қыспағына ұшырап ауылдар мен елді мекендерін, кіндік кескен туған жерін тастап, жұмыс іздеп қалаларды сағалап көшіп кетуде.

Қала сағалағасын, туған елі жайлы жастар ұмыт қалдыруы мүмкін.

Қазірден бастап олардың санасына «Туған жер» деген ұғымды тереңірек сіңірсе, келешекте олардың арасынан ел жанды тұлғалар қалыптасыуна уақтылы үлес қосамыз.

Жобаның негізгі мақсаты:

     Оқушылардың тарих туралы білімдерін көтеру.

– Қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және зерттеу мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Жобаның міндеттері:

  • Қала тарихын зерттеу
  • Өз жерінің тарихын жетік білу
  • Болашақта өз өлкесінің дамуына үлесін қоу 

Мәселе: өз қаласының тарихын зерттеу арқылы өлкетану саласына деген қызығушылықтарын арттыру.

Зерттелетін объект: қаламыздың шығу тарихын анықтап, осы күнге дейінгі жағдайын зерттеп зерделеу.

Көне Шымқаланың тарихы 

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

                                             М.Мақатаев 

Шымкент 2200 жылдан астам тарихы бар Қазақстанның ең ескі қаласы. Бұл фактіні археологтардың өзі растаған. Бір ерекшелігі, мұнда жылына 300 күнге дейін күншуақты ауа райы сақталады. Қысы жылы, жазы өте ыстық және ұзақ болатын Қазақстанның ең шырайлы өңірі. Шымқала туралы тарихи деректерді ғаламтордан іздеп отырып мынадай тарихи мәліметтерді жинақтадым. Қала туралы өлкеміздің тумасы,  тарих ғылымдарының докторы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры М.Қожа ағамыздың ғылыми жұмыстарынан алынған деректерге сүйене отырып, зерттеу жұмысымды бастадым.

Оның қазақ хандығы дәуіріндегі атаулары «Шығыстың шынары» деп әнге қосып айтатын Шымкент қаласының тарихы тым әріде, кем дегенде, 2200 жылды құрайтыны ғылыми негізде анықталды. Археолог Бауыржан Байтанаев жетекшілігімен Шымкентте жүргізілген қазба жұмыстары барысында көнелігіне осындай айғақтар табылды. Бұл біздің археологиямыздың үлкен табысы деп білеміз. Қазба материалдарымен шегенделген бұл қаланың «өмір жасы» әлі де ұзара түсуі мүмкін. Мұндай жорамал айтуға негіз жоқ емес. 1890 жылы «Дала уалаяты» газетінде «Таш­кент қаласы тұрасынан ташкенттік Рақым-қожа Ғали-қожа ұғлының айтқаны» атты мақала жарияланды. Бұл Шымкент қаласы атының қазақ газеті бетінде тұңғыш аталуы болса керек. Онда ерте ықылым заманда Қазақстан мен Орталық Азияда қалалар болмағаны, қала, кенттерді Афрасияб салғызғаны айтылады: «Сол уақыттарда Түркістан жақтарында үлкен-кіші қалалары болмай, ол уақыттағы халықтардың бәрі де шаһар-күрке, жер үйлерде тұрған екен. Осылай қылып Тұран халықтары неше жылдай тұрыпты… Салар-Түркан, яғни Афрасияб дегендер келіп Түркістанды бұлардан тартып алып өздеріне мүлдем қаратып алған соң бек көп халықтар жиылып, арнап арықтар шығарып, қанша қыстаулар, кенттер болмағына себеп болды… Мұнан соң Түркістанда көп кенттер салып, әрқайсысының бас-басына былай деп ат қойыпты: Зәркент, Фаркент, Піскент, Шымкент, Фанакент, одан өзге кенттер». DSC_6827a Міне, осы аңызға қарасақ, Шымкент қаласының негізін сонау атақты қаһарман Афрасиябтың өзі қалаған және қаланың атын тарихи тұлғаның өзі қойған болып шығады. Бұл аңызда Афрасиябтың аталуы Шымкентті сонау атақты тұрлар дәуіріне апарады, яғни қала іргесінің қалануы 2200 жылдан да әріге кетіп қалады. Тұрларды парсы деректері сақтар, грек жазбалары скифтер деп атағаны белгілі. Көптеген көне қалалар ескі деректерде бірнеше атаулармен белгілі болған. Мысалы, Отырар – Фараб, Түркістан – Ясы, Азрет, Хаз­ретті Түркістан, Тараз-Талас – Әулиеата, Таш­кент – Шаш, Самарқанд – Мараканда. Біз әдетте Шымкенттің бір ғана атауын білеміз. Осы атау­ды да бастапқыда кейбір зерттеушілер Таш­кент – «тас қала» үлгісінде пайда болған урбоним, яғни «шымнан салынған қала» деп қате түсін­діріп келді. Шымкент урбонимі «шымнан көтерілген қала» деген мағынаны білдірмейді, оның «жасыл қала», «шым жерде орналасқан қала» екенін кейінгі ғылыми еңбектерде жер атау­ларын зерттейтін бір топ маман дәлелдеді. Шымкенттің ерекше жасыл қала екенін Кеңес өкіметі орнамай тұрып-ақ шыққан жарияланымдарда атап өтіледі. Мысалы, 1915 жылы жарық көрген «Қазақ» газетінде Зәкір Ғайсин деген зиялы азамат Шымкенттің егінге, бау-бақшаға жайлы екенін қызыға жазады: «Шымкент қаласы – ауасының тазалығы, жерінің егіске қолайлылығымен Сырдария облысында бірінші жер. Қаланың оңтүстік жағында үш шақырым шамасында Қошқар ата дейтін әулиенің зираты бар. Соның түбінен аққан күмістей жылтыраған таза бұлақ суы бұралып қаланың тап ортасынан жарып өтеді. Құдайдың адам балалары үшін тегіс пайда көріп, бау бақша өсіріп, қаланы безендіріп көркейткен халық – орыстар, одан кейін сарт бауырларымыз екен. Ал біз мұнда 25 февральда болып едік. Қаланың сырт жағына шығып жүрдік. Жер жүзі түрлі шөптер бәйшешектермен қапталып, масатыдай құлпырған. Аспанға қарасаң түрлі-түрлі әнге басқан құстар. Мұның бәрі бізге май айын еске түсірді».

Осы деректердің жанына Қошқар ата өзені мен тарихы кешені туралы мәліметтер қосып отырмын:

Тарихи деректерге сүйенсек, Қошқарата XI ғасырда өмір сүрген. Қаратау өңірінде дүниеге келген деседі. Жастайынан зеректігімен көзге түскен оны ата-анасы Бұқараға жеті жасында оқуға жіберіп, сонда оншақты жыл оқиды. Көзі ашық, ілімді Қошқарата осы өңірге қайтып келіп, шәкірт тәрбиелеп, мешіт, медресе ашады. Қошқаратаның шын аты Қылыш болған екен. Төртінші атасы Арқар деген ержүрек, батыр. Сол атасы «Сен Арқардай бола алмассың, қошқардай бол» деп батасын берген. Содан бері Қошқарата атаныпты дейді аңыз. Жерленген жері осында. Кесене 1968 жылы тұрғызылыпты. Оның бой көтеруіне Манап Өтебаев ұйытқы болған екен.

– Өзеннің суы шипалы. Ауаны ылғалдандырып тұрады. Ғалымдар судың қаланың микроклиматтық жағдайын реттеуде де мол әсері бар дейді. Бұрын бұл жерде бұлақ көп болған. Сондықтан да Мыңбұлақ аталған. Қошқарата кезінде соның біразының көзін ашып, халықтың алғысын алыпты. Өзен бастауын Қазығұрт тауының төмен тұсынан алады. Ғайып Ерен Қырық Шілтенге жақын маңайда су сіңіп кетеді де, осы Шымкенттегі қазіргі Қошқарата өзенінің бастауынан шығады. Су мамандары тау басынан тарыдай ұсақ заттарды жіберіп, талай мәрте тексеріп, бақылаған. Сол заттар осы қазіргі Қошқаратаның бастауынан шыққан, – дейді шырақшы Құрмансейіт Зияев тарихына тоқталып.

Шымқаланы зерттеген тарихшылардың деректеріне сүйенсек қалада алғаш болған алдыңғы  автордың негізгі ойына қосыла отырып, бірақ оның Шымкентті жасыл қала еткен орыстар деп жазғаны тарихи деректерге қайшы келетінін айта кеткен жөн. Шымкенттің бау-бақшалы шырайлы мекен екенін Ресейге енді қараған кезде-ақ, яғни ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалада болған орыс саяхатшылары атап өтеді. Мысалы, 1866 жылы Шымкентте болған жазушы А.К. Гейнс қаланы былай сипаттайды: «Шымкенттің сыртқы көрінісі өте қызық… Әрбір үй айналасына ағаштар егілген. Олар шарбақ сыртына шығып көше бойы арнайы отырғызылған аллея сияқты. Кейбір көшелерде биік теректердің, сәмбіталдардан түскен қою көлеңке үнемі болатын сияқты. Шымкентті аралап шығып талы, ағашы жоқ бірде бір ауланы кездестірмедім». Одан бір жыл кейін келген атақты суретші В.В. Верещагин қала туралы мынадай жазба қалдырған: «Шымкент баулардың астында қалған. Алыстан тек ағаш теңізі және жартылай бұзылған қамал басы көрінеді». Шымкенттің орыстар келмей тұрғанда да баулы жасыл қала болғанын осы жазбалар айғақтап тұр. Шымкент қаласының атауы алғаш рет ХV ғасырда «Зафар-наме» атты Шараф ад-Дин Али Йаздидің жазба нұсқаларының беттеріне түскені белгілі. Шығыстанушылардың пікірін­ше, бір қолжазбаларда Чими-Кент, екіншісінде Чаманкент болып жазылыпты. Соңғы үлгідегі «чаман» сөзі тәжік пен парсы тілдерінен аудар­ғанда «шым», «алаң» дегенді білдіреді екен. Қазіргі қазақ тілінде бұл сөзге жақын «шабын, шабынды, шабындық» деген сөздер бар. Яғни, кейбір көне нұсқалардағы Шымкенттің Чаман­кент атауы да шымды, жасыл қала дегенді білдіреді. Шымкент атауының екінші бөлігі – кент сөзі туралы ғылыми әдебиетте аз жазылмаған. Түркі тілінде алғаш кент сөзінің мағынасын түсіндірген Махмұд Қашғари болатын. Ол оғыздарда елдімекен атауы, ал жалпы, түрік үшін бұл ұғым қала дегенді білдіреді деп көрсетеді. Кент сөзінің этимологиясы туралы жазғандардың барлығын қайта тізіп келтіріп жатуды артық көріп отырмыз. Біз тек Құрбанғали Халидидің «Тауарих хамса» атты еңбегіндегі мына пікірге назар аударғымыз келеді: «Қазақтар қоршаулы елді «қорған», базарлы жерді «кент» дейді». Яғни, аймақтың сауда-саттық орталығы болып табылатын елді мекендерді қазақтар осылай атаған. Жалпы, Қазақстан аумағында сонау қола дәуіріне жататын алғашқы қала іспетті (протогород) ескерткіш орны Кент деп аталатыны жәйдан-жәй болмаса керек. Кейбір ғылыми зерттеулерде Шымкент қаласының орыс деректерінде алғаш аталуын әдетте ХІХ ғасырға жатқызады. Бұл – қате көзқарас. Біз осыдан 20 жылдай бұрын көр­­­сеткеніміздей, Шымкент қаласы алғаш 1691 жылы орыс құжатына Чимыгэт үлгісінде қағаз бетіне түскенін жазған болатынбыз (Қожаев М. Шымкент ХVІІ ғасырда // Жібек жолы журналы, 1994, № 13-17). Бүкіл қазақтың мемлекеттік мәселелерін талқылау үшін қазақ элитасы Түркістанда, Шымкент, Сайрамның қасындағы Мәртөбеде жиналып отырған. Н.И. Гродековтың қазақ билерінен жазып алған мәліметтерінде «Үш жүздің үшеуі де жыл сайын кеңесу үшін Мәртөбенің басына жиналатыны» айтылады. Яғни, Шымкент қаласы орыс деректерінде Қазақ хандығы дәуірінде, дәлірек айтсақ, ХVІІ ғасырда, Тәуке хан кезіндегі оқиғаларға байланысты аталған тәрізді. Ш.Уәлиханов Абылайдың Ташкент және Ходжентпен соғысы барысында оның Жеті кентті алғанын жазды: «увенчалась взятием семи городов». ХІХ ғасырдың басында орыс­тар жасаған және «Изображающую степь прилегающую к Российской границе и занимаемую Киргиз-кайсаками большой, средней, и малой орды…» деген картада Арыс пен Бадам өзені ортасында қала белгісі салынып оны «гор. Житы Кент» деп көрсеткен. Жетікент атауын Мұхаммед Хайдар Дулати шығармасынан да кездестірдік. «Тарих-и Рашиди» еңбегінде темірлік билеуші Әбу-Саид Моғолстанда өзін жақтаушы Жүніске 1457-1458 жылдары иелікке Йатикентті бергені айтылады. Ғылыми әдебиетте бұл қала Ферғананың шығысында деп саналады. Ферғанада шынымен аттас қала болған, ол соғдыша Хафт-дех, яғни «Жеті елдімекен» делінген. Расында, Шымкент пен оның айналасында орналасқан ескі қалалар аймағы Талас өзені орналасқан Жамбыл облысымен шекаралас жер. Біздің пікірімізше, Жетікент деп бір қаланы емес, көп қалалар шоғырланған аймақ аталған. Қазақстанда Жетіжар деп нақты жетіден көп жары бар жерді, Жетікөл деп көп көлдер бар жерді белгілеген. Жетісу деген атаудың өзі нақты жеті өзені бар өлкені белгілемейді, ол суы, өзені көп аймақты белгілейді. Арыс пен Бадам арасы көне қалашықтар қалдықтары көп аймақ екені белгілі.

Ал жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енетін 8 нысанның төртеуі қала құрылысы және сәулет ескерткіштері, ал қалған төртеуі археологиялық ескерткіштер қатарына енеді. Бұлардың барлығы да қаланың әр бөлігінде жатыр.

Дәлірегі,

  1. Оба (патшалық) Д. Қонаев және Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысында (І-ІҮ ғғ);
  2. Металлургтар саябағы 1 Мамыр көшесі, 10 үй (1950-ші жж ортасы):
  3. Облыстық өлкетану мұражайы ХХғ басында;
  4. Мектеп Қалдаяқов көшесі, 12үй (1950-ші ж ортасы);
  5. Шымкент қалашығы қаланың оңтүстік бөлігінде (б.з.д ІІІ-ІІ ғғ. б.з.-ХІХ ғғ);
  6. Оба қорымы Бадам өзенінің сол жағасы, Шымкент қаласынан Ташкентке шығар жолда (б.з.д. І мыңжылдық);
  7. Жеке оба Бадам өзенінің сол жағасы, майкомбинатына қарсы бетте (б.з.д І мыңжылдық) орналасқан.

Оба (патшалық) қаланың ең биік нүктесі Тұрар Рысқұлов және Д. Қонаев атындағы даңғылдары қиылысқан жерінде орналасқан, оның биіктігі 580,6 м. Жер бедері пішіндерінің қалыптасуында төрттік кезеңінде қалыптасқан аллювиальдық шөгіділердің су эрозиялық процестері басты рольді атқарды. Басқа деректерге сүйенсен б.з.б І-IV ғғ ол жерде сақ қорғаны болғандығын және оның әр түрлі жаугершілік замандарда тоналып кеткені туралы мәліметтер бұл күнде сақталып отыр. Өкініштісі, ол жерлер жеке меншікке беріліп, қазіргі заманауи құрылыс нысандарына айналып кетуі тарихымыздың бір ошағын зерттелмеген күйде қалдырып кеткені.

Металлургтер саябағы сәулет өнерінің бірегей ескерткіштерін сақтап қалған қаладағы қызықты тарихи орындардың бірі болып саналады. Саябақ 30-шы жылдары Қорғасын зауытының қызметкерлері үшін салынған Қорғасын қалашығының ауданында орналасқан. Саябақ жанына металургтер сарайы салынып, кеңестік дәуір кезінде қала халқының мәдени ошағына айналған еді. Қазіргі уақытта ғимарат жеке меншік иесінің нысанына беріліп, тойханаға айналып кеткен.

1920 жылы 27 маусымда қаламызда облыстық өлкетану мұражайы ашылды. Оның жалпы зкспозициясының көлемі 1234 шаршы метр. Мұражайда қаланың жалпы өлкенің барлық этнографиялық тарихи жәдігерлерінен экспонаттар бар. Қазіргі Қазыбек би көшесінде орналасқа мұражай ғимараты 2016 жылы бәйдібек даңғылы бойына көшірілді.   Шымкент қалашығы қаланың оңтүстік бөлігінде (б.з.д ІІІ-ІІ ғғ. б.з.-ХІХ ғғ) орналасқан көне цитадельдің орыны. Бұл жер ұзақ жылдар бойы қала картасында сұр нүкте болып келді. Егер сіз жергілікті тұрғындардан «базардың үстінде орналасқан бұл төбе не?» Деп сұрасаңыз, сіз нақты жауап ала алмайтын шығарсыз. Шынында да, «ескі қала» деп аталатын аймақта – Шымкенттің жиі баратын аймағында, онда әр түрлі тауарлар белсенді сатылады және сатып алынады (негізінен құрылыс материалдары) – ондаған метрлік жер төбесі болды. Суретте ХVIII –XIX ғасырлардағы Шымқала цитадель түсірілген. Шымкент қаласының бұл орталығы түрлі құрылыс нысандарын салу барысында үнемі қирап отырды. Шымкент – Қазақстандағы ең көне қала. Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бауыржан Байтанаев осылай дейді. Оның пікірінше, 700-800 жыл емес Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы бар.

Майталман археолог өзінің бұл тұжырымын «История Шымкента» атты ғылыми еңбегінде дәлелдеп шығады. Ондағы деректер бiздiң заманымызға дейiнгi екiншi ғасыр мен Оңтүстiк Қазақстанның Ресей империясының құрамына кiргенге дейiнгi кезеңдi қамтыған. Кiтапта археологиялық және мәдени ескерткiштер, осыдан 200 жыл бұрын түсiрiлген суреттер мен Шымкенттiң көне сызбасы бар. Әрбiр көне жәдiгер зерттелiп, оған терең түсiнiк берiлген. Автор бұл деректердi Өзбекстан мен АҚШ-тың және елiмiздiң жетекшi кiтапханалары мен мұрағаттарынан жинапты. Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану мұражайының материалдары да кәдеге жараған. Тарихшы – деректанушы 629 жылы Орта Азия елдерi арқылы өткен қытай монахы Сыма Цяннiң жазбаларын зерттей отырып, Шымкенттiң ортағасырлардағы атауы Неджикет (араб тiлiнен аударғанда «жаңа қала» деген мағынаны бередi) болуы мүмкiн дегендi айтады. Мұны өзге де тарихи деректер қуаттай түседi. Мәселен, сол кездегi Ұлы жiбек жолының бойындағы гүлденген қалалардың бiрi Испиджаб (Сайрам) қақпаларының бiрi Неджикет деп аталған. Кейiннен ол «Шымкент қақпасы» деп аталған.

Осылайша Шымкент туралы көне деректер мен тарихи орындары туралы мәліметтер жинақтадым. Алдағы уақытта ғылыми жобаны ары қарай жалғастырып, тың деректермен толықтырамын деп сенемін. 

Қорытынды

Міне , менің аулым – нұр мекенім,

Әлдилеп, бесгімді тербеткенің

Сезбеппін – ау сезімнің менде екенін,

Білмеппін – ау , бақыттың сенде екенін.

Би билеуді үйреткен тал – тірегің,

Бір өзіңмен сезіндім – дерегін,

Жер бетінің жұмағы сен екенсің,

Сенен артық мекенім бар ма менің! 

Туған қаламның бұл тарихи шежіресі «Шырайлы Шымкентім жер ұйығым, бесігім» дей келе егеменді ел болғалы еңсемізді ерекше көтерілді, ана тіліміз, салт-дәстүріміз қайта жаңғырды , атамекен  атаулары байырғы атауларына қайта ие болып өшкеніміз де , өлгеніміз де қайта тірілуде. Ел жаңарды, жер жасарды, дәуір өзгерді. Еліміз ойлап , жылдап емес күндер көркеюде. Өркениетті , өрісі кең ел қатарына теңелеміз деген қарышты қадам, дүркіреген дәулет, бақ қонған ынтымақ көрші елдерге таңданарлық таңсыққа айналуда. Оған біз тауба деудеміз. 2030 жылға жеткізсін. Оны ұзағынан сүйсіндірсін, ол ең қомақты тарих , нағыз шежіре.

Соның ішінде мақтауға да, тұрарлық ауданымыз жылдан жылға жақындап , экономикасы өсіп , халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып , жан сүйсіндіруде…

«Бұл тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің  арғы бергі тарихи жолын ой елегіне өткізіп,  кеше  кім едік? Бүгін кімбіз? Ертен кім боламыз демек. Бұл әрбір азамат туған елімнің , туған халқымның тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарихы қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз»  Елбасы Н.Назарбаеватың даналықпен айтқан сөзімен аяқтағым келеді.

You May Also Like

Қазақстан мен Түркия: бауырластықтың жаңа көкжиегі, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Қазақстан мен Түркия: бауырластықтың жаңа көкжиегі» Жоба авторы: Енбаева…

«Кеплер»- 11 жаңа планета жүйесі, ғылыми жоба

Ғылыми Конкурс DARYN.ASIA : «Кеплер»- 11 жаңа планета жүйесі. Бағыты: Жаратылыстану-Физика Ғылыми…

Теңдеу- математиканың іргетасы, ғылыми жоба слайд

Менің отбасымның энергияны үнемдеуге қосқан үлесі, ғылыми жоба

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Менің отбасымның энергияны үнемдеуге қосқан үлесі» Аңдатпа Аталған ғылыми жобада…