Тақырыбы: «Табиғат, таңғалам тамашаңа!»

Аннотация 

Бұл ғылыми жобада Абайдың тәрбиелік мәні зор лирикаларының бірі – табиғат лирикасы туралы айтылған. Табиғат Абайға оның ақындық шабытына түрткі болған үлкен дүние. Ақын жаны мен табиғаттағы ұқсастық, табиғаттың жаңарып жасаруы, жаралануы ақынның ішкі сезім пернелеріне қозғау салып, сол сезімді ақын қағаз бетіне түсірді. Сылдырап аққан бұлақтан, жаз жайлаудан, тіпті қаһарлы қыстан да сұлулық іздейді. Табиғатты жырламаған, оны өз әніне қоспаған ақын кемде – кем. Бірақ Абай салып кеткен жол, ақын жырлаған табиғат, әрине, өзгеше. Табиғат – адам өмір сүрер, тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс – халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және Абайдан бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан – жақты жырлаған ақын болған емес. Табиғат лирикасы – Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе, жылдың төрт мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас аумалы – төкпелі күй кешкен көшпелі ауылды, сол дәуірдегі қоғамдық қарым – қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар. Табиғатқа жан бітіруді ұлы Абай өзінің орыс классиктерінен үйренген. Бұл өлеңдерін ақын 1886 – 1890 жылдар аралығында жазған. Біз Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз» өлеңдерінжаттай отырып, табиғат көркін әдеби көркем сөздермен сипаттауға, табиғатты қорғауға үйренеміз.

                                   Ғылыми жобаның мақсаты.

  1. Абай өлеңдерін барынша терең меңгеру, жатқа айту.
  2. Теориялық ұғымдарды түсіну, этнографиялық танымдарынды кеңейту.
  3. Шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрену, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
  4. Поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспен-

шіліктерін арттыру.

5.Абай ұлылығын терең сездіру,  табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

  1. Зерттеудің практикалық маңыздылығын ашу.

Аталған мақсатымызға жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойдым.

Ғылыми жобаның міндеттері

  1. Абай өлеңдерін терең меңгеріп және өмірде пайдалана білуге үйренем.
  2. Поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері және көркем өнер дүниесін анықтаймын.
  3. Поэзияның табиғатқа пайдасы.

Зерттеу жұмысының құрылымы.

Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлім, зерттеу жұмысы, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

«Табиғат, таңғалам тамашаңа» атты ғылыми жұмысына

 

ПІКІР

Мектеп бағдарламасында әдебиеттік пәнінен Абай Құнанбаевтің  «Жыл мезгіл-дері» тақырыбын өткенде табиғат лирикасы , білім алушыны толғандырған еді. Дильназды әсіресе ақын жаны мен табиғаттағы ұқсастық, табиғаттың жаңарып жасаруы, жаралануы ақынның ішкі сезім пернелеріне қозғау салып, сол сезімді ақын қағаз бетіне түсіргені қызықтырды.

Сөйтіп ол әдебиеттерге шолу жасап, ғаламтор жүйесінен және қаламыздағы Абай мұражайына барып, өмірбаянынмен терең танысты. Дильназғылыми жұмысында ақын жаны мен табиғаттағы ұқсастық, табиғаттың жаңарып жасаруы, жаралануы  және пайдалы жақтарын ашып көрсетті. Біз Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз» өлеңдерін жаттай отырып, табиғат көркін әдеби көркем сөздермен сипаттауға, табиғатты қорғауға үйренеміз және сыныптас достарына үлгі бола алады.

Алдағы уақытта бұл тақырыпты толығырақ зерттеп, әліде толығырақ   танысады деген ойдамын.

Кіріспе

Мен  «Табиғат, таңғалам тамашаңа!» тақырыбында зерттеу жұмысын жүр-гіздім.Себебі сынып жетекшіміз бастауыш сыныптар апталығында «Абайды оқып, таңырқа!» атты тәрбие сағатын өткізген еді. Күзгі демалыс кезінде ұстазымыз «Абай-дың мемлекеттік тарихи – мәдени және әдеби – мемориалдық қорық – мұражайына» саяхатқа апарған еді. Осындай кезде маған мынадай ой келді: «Абай атамыздың өлеңдерін терең түсініп оқу», «Жыл мезгілдеріне» байланысты өлеңдері, яғни табиғат лирикасы , әсіресе ақын жаны мен табиғаттағы ұқсастық, табиғаттың жаңарып жасаруы, мені қатты қызықтырды.

Осы сұрақтарға жауап іздеп ең алдымен энциклопедияны ақтарып,мынадай анықтама таптым:

Абай. Абай. Ұлы Абай, дана Абай,
Дана Абайым – қасқайған нән қарағай.
Қазағымның бұйырыпты бағына
Ғасырда бір туылатын дарам – ай.

Ұлы Абайым, саңлағым нар тұлға,
Өшпестей ғып із қалдырдың артыңа.
Табиғаттың сан қырынан жүрекке
Орнықтырып ұялатты жыр тұлғаң!

Осы өлең жолдарын тереңірек түсіну үшін,сұраққа нақты жауап алу үшін  мен осы тақырыпта ғылыми жоба жазуға бекіндім.

Біздің   жобамыздың басты мақсаты-Абай өлеңдерінің мазмұны мен идеясын меңгеру арқылы сөздік қорымызды молайту, өлеңнің тіл ерекшелігіне достарымның назарын аудару,көркемдігін түсіну және зерттеу. Әдеби теориялық түсініктермен кеңірек танысу.

Міндеттері:
§Абайдың ақындығы мен өмір жолы.

  • Табиғат лирикасы – Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын жақтары туралы білу;
  • Лирикалық өлеңдердегі табиғат пен адам көрінісі.

Зерттеу нысаны- адам

Зерттеу заты- Абай Құнанбаевтің «Жыл мезгілдері» өлеңі;

Зерттеудің өзектілігі- Абайдың ұлылығын терең сезіну, адамгершілік қасиет-терді үйрену, Абай мұрасына достарымның қызығушылықты арттыру, оқып-білуге, тани түсуге ұмтылдыру.

Зерттеу әдістері

– ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

– бақылау;

-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.

 Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.                                                                                                 Н.Ә.Назарбаев

Кіріспе

Табиғат – тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат –  адамзаттың өмір нәрі,  қажеттінің табылар содан бәрі» – деп бекер айтпаған.

Ана құрсағынан шыр еткен сәби жарық әлемге келісіҚазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді.

Ұлы ақынымыз  Абайдың  өлеңдерінің  бір алуаны- табиғат лирикасы.Осы деректерді   зерттеу барысында  ғылыми  жобаның   ойлау, зерттеу, білімді арттыруға  тигізетін  әсері  іс жүзінде  оқу  процесінде  деген  ынтаны  жоғарлатуға  жол ашады.

Абай шығармаларын жинау, шығарма мәтінін түсіну – оқушылар үшін бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.

Тақырыпты  таңдап алудағы мақсатым – достарыма ұлы ақын шығармаларын таныту, онда суреттелген әсем табиғатты таныту, қазақ халқына тән тұрмысты  табиғатпен шебер астастыра суреттеуіне көздерін жеткізу.

Осы мақсатты орындау жолында Абай шығармаларын зерттеу, шығармаларындағы табиғатты суреттейтін жерлерін тауып, талдау жасау міндеттерін орындадым.

“Абай өлеңдері -табиғат лирикасы ” тақырыбы мектепте зерттеліп, талданып, орындалды.

Кемеңгер ақын поэзия, проза салаларында елеулі із қалдырды. Бүгінгі ұрпақ өлеңдерін жаттап, әндерін шырқап, қара сөздері мен хаттары, өсиет сөздерінен үлгі-өнеге алып, поэмаларын тамсана оқиды.

Абай өлеңдерінің бір алуаны – табиғат лирикасы. Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп, табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін тартты. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды.

Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Күз», «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.

Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та, сол кездің суреті көз алдыңда тұрады. «Қылышын сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған жаз» өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің мына жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді.

Ақын өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қойған жоқ, оны адам өмірімен нық байланыстыра білді. Мал бағумен күн көріп, көшіп-қонып жүрген қазақ елінің өмір шындығын дәлме-дәл көрсетіп, жылдың әрбір мезгілінің мал баққан елге қандай әсер ететіндігін баяндады:

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып, –  деп, Абай күн көрісі табиғатпен нық байланысты болған елдің алты ай қыста бүрсең қаққан, қалт-құлт еткен кейпі жаз келе жадырап, басқа түрге енгенін, мал баққан ел қандай қуанышпен жазды қарсы алатындығын, оның өзі өмір тіршілігімен байланысты екендігін көрсетеді.

Ақын қазақ даласындағы жазғытұрғы кездің барлық суретін толық берумен бірге, бұл кезді қазақ халқын еңбекке жұмылдыратын, тіршілік үшін күресінің қайнар көзі деп таниды.

Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,

Өз заманының суретшісі ақын – Абай өмірдегі сәл нәрселерді де көріп отырған. Сондықтан да ақын шығармалары өмірдің шындық бейнесі болып отырған.

Абай табиғатқа жан бітіреді, қимылдатады, сөйлетеді, сезіндіреді. Табиғат құбылыстарын адамның қимыл-қозғалысы  арқылы суреттеп, суреттеген нәрсесін оқушылардың көз алдына жанды түрде елестетеді.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, азамат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі… –

( Абай, І том, 160-161 бет, “Жазғытұры”, Алматы, 1995)

деп, көктемде табиғат оянып, адамға ең жақын, жанашыр жандар, ата-                                       ана, секілді болатындығын суреттейді.

Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,

Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,

Таң атқан соң шығарын күннің біліп,

Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай.

Күн – күйеу,жер – қалыңдық,сағынышты,

Құмары екеуінің сондай күшті.

Күн қырындап жүргенде, көк қожаңдап,

Күйеу келді, ай, жұлдыз көтін қысты.

Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,

Жан-жануар қуанар тойға еліріп,

Азалы, ақ көрпесін сілке тастап,

Жер күлімдер өзіне шырай беріп,

Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай,

Біреуіне біреуі қосылыспай,

Көңілі күн лебіне тойғаннан соң,

Жер толықсып түрленер тоты құстай… –

( Абай, І том, 160-161 бет, “Жазғытұры”, Алматы, 1995)

деп, табиғатқа адамның көңіл-күйі мен әрекетін бере суреттейді. Күн шықпаған кезде жұлдыз бен ай кеуде керіп, өздерін әлемге жарық беріп тұрғандай сезінеді. Бірақ таң атар кезде күн өз жарығымен оларды жеңетінін “өңі қашып” тіркесі арқылы әсерлі суреттейді. Құлпырған жасыл жер жүзі, –  деп, жазғы түннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезінің желсіз тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы тұтас бір картина ретінде көз алдыңа келеді.

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай  шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда:

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғынан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап.

Жоғары-төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап.

Қыз-келіншек үй тігер,

Бұрала басып былқылдап,

Ақ білегін сыбанып,

Әзілдесіп сыңқылдап…

( Абай, І том, 97 бет, “Жаз” ,Алматы,1961)

Өлеңде табиғатты суреттеуде ашық-жарқын мінез, көтеріңкі көңіл-күй бар. Тіршілік қуанышқа толы, шөп шүйгін, мал тойған, “ел көркі” болып өскен қыздар алдағы өмірдің уайымсыз екендігін білдіргендей. Жапырағынан айрылған ағаш, қурай, –  деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, ағаштардың сидиып, жапырағынан айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың, асыр салып ойнаған балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш,қурай.

Біреу малма сапсиды салып иін,

Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.

Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін… –

( Абай, І том, 119 бет, “Күз” ,Алматы, 1961)

деп, күздігүнгі кедей өмірін табиғатпен байланыстыра суреттей отырып, олардың іс әрекет, тұрмыстарының әр түрлерін көрсетуі Абайдың  шыншыл ақын екендігін дәлелдейді. Үстірт қараған адамдарға “иін илеу, шекпен тоқу”, балалардың ойындарын суреттеу сияқты мәселелер сәл ғана нәрсе  тәрізді болып көріне тұрса да, шынында, бұл сияқты жайттарды көре білу – ұлы   суреткерге ғана тән қасиет.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды,

Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды …

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сілксе, қар жауып мазаңды алды.

Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды …

( Абай, І том, 123 бет, “Қыс”, Алматы, 1961 )

“Қыс” өлеңінде табиғат мезгілінің өзіндік ерекшелігін шебер тілмен жеткізген. Қысты ақ киімді, алып денелі, ақ сақалды, бет-әлпеті суық, ызғарлы, басқан жерін сықырлататын, дем алғанда үскірік , аяз, қар шығаратын адам ретінде бейнелейді. Қысты қазақ ұғымындағы “Кәрі құдаға” теңейді. Бурадай ашуланғанда , боран соғып, алты қанат киіз үй де төтеп бере алмайтындығын жеткізеді. Абай қыстың кескінін де аса шеберлікпен суреттейді. Үскірік бораны бұрқырап тұрған қысты рақымсыз адам бейнесіне ұқсатады. Қыстың малға да жағдайсыз соқыр, мылқау күш екендігін аңғартады.

Қорытынды

Бұл жобамда Абай шығармашылығының бір-ақ жағы, яғни Абай шығармаларындағы табиғат суреті ғана алып отырмын .

Абай Құнанбайұлы табиғатты суреттеуде әдебиетімізге не жаңалық, қандай жол, қандай әдістер қолданғанын әдебиет зерттеушілеріміз зерттеуде.

Мен өз түсінігім бойынша “бас ақын” шығармаларындағы кейбір табиғат суреттерін көрсеттім. Табиғат суреті – мәңгі өлмес тақырып, өйткені адам табиғатпен біте қайнасқан, бірге өмір сүреді.

Абай шығармашылығына үңілсек жылдың төрт мезгілінен бастап, табиғаттың қилы құбылыстарын көз алдымызға келтіріп, тұшына оқи аламыз. Әсем де әсерлі әлемде жүргендей боламыз.

You May Also Like

Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы, ғылыми жоба

Жоспар  Кіріспе  І  – тарау.  Шоқан Уәлиханов және қазақ қоғамын зерттеуші. 1.1 …

Қар қайдан пайда болады? ғылыми жоба

Секция:                жаратылыстану – физика Тақырыбы:         Қар қайдан пайда болады? Мазмұны Кіріспе Қар…

Опасный и безопасный интернет, научный проект слайд

Жантақ өсімдігінің емдік қасиеті, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Жантақ өсімдігінің емдік қасиеті» Бағыты:   Гуманитарлық Секциясы:  Медицина. Аннотация Зерттеудің мақсаты:…