Тақырыбы: «Жантақ өсімдігінің емдік қасиеті»

Бағыты:   Гуманитарлық

Секциясы:  Медицина.

Аннотация

Зерттеудің мақсаты: Жантақ-қасиетті дәрілік өсімдік екендігіне зерттеу жүргізу, жантақтың өсіп-өнуі, табиғатта таралуын зерттеу.

Цель исследования: исследовать тот факт, что это священное лекарственное растение, рост организма, его распространение в природе.

Objective: to investigate the fact that this is a sacred medicinal plant, the growth of the body, its distribution in nature.

Гипотезасы: Жантақ өсімдігінің емдік қасиеттерін халқымыз ерте заманнан-ақ пайдаланып келген. Біздің Оңтүстік аймақта өсетін жантақ-түйетікен деп те аталады.

Гипотеза: целебные свойства подвоя давно используются нашими людьми с древних времен. Его также называют бампером, выращенным в нашем южном регионе.

Hypothesis: the healing properties of rootstock have long been used by our people since ancient times. It is also called a bumper grown in our southern region.

Кезеңдер, зерттеу рәсімі: аудандық кітапхана, интернет материалдары, аудандық мұражай, емші деректері.

Этапы, методика исследования: районная библиотека, интернет-материалы, районный музей, данные целителя.

Stages, research methodology: district library, online materials, district museum, healer data.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі: Бұл еңбекте жантақ өсімдігінің емдік қасиетін анықтадым.

Новизна исследования и степень независимости: в этой работе я обнаружил целебные свойства растений.

The novelty of the study and the degree of independence: in this work I discovered the healing properties of plants.

Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы: Халық медицинасында жантақты түрлі ауруларды емдеуге кеңінен қолданылады. Жантақ өсімдігінің қасиеттері – табиғат сыйы. Оны орынды пайдалану біздің міндетіміз.

Итоги и результаты работы: Народная медицина широко применяется при лечении различных заболеваний. Свойства подвоя – это дар природы. Наш долг – правильно его использовать.

Results and results: Traditional medicine is widely used in the treatment of various diseases. The properties of the stock are a gift of nature. Our duty is to use it correctly.

Нәтижелерді практикалық қолдану салалары: Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Практическое применение результатов. Степень, в которой рост и процветание страны в цивилизованном мире зависит от ее уровня национального образования, ее развития.

Practical application of the results. The degree to which a country’s growth and prosperity in a civilized world depends on its level of national education, its development.

Мазмұны 

  1. Кіріспе ……………………………………………………………………………..
  2. Негізгі бөлім …………………………………………………………………….

2.1. Жантақ өсімдігінің жалпы сипаты…………………………………….

2.2.  Жантақ өсімдігінің емдік қасиеттері туралы

2.3. Жантақ өсімдігінің мал шаруашылығын өркендетудегі алатын орны

2.4. Жантақ туралы ел аузындағы аңыз………………………………….

2.8.Қорытынды. …………………………………………………………………..

Зерттеу мақсаты:

Жергілікті жердің дәрілік шөптерін танып, ажырата білу, оны күнделікті тұрмыста ересектердің көмегімен қолдана білу жолдарын зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:

Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты.
Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына бұрыннан белгілі, оны пайдалану жолдарын зерттеу аса өзекті тақырып болып табылады.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Ғылыми жұмыстың тақырыбы таңдалып, қажетті материалдар мен зерттеулер ізделіп, олар жүйеленді. Баспасөз материалдары және ғылыми еңбектер мен көркем әдебиет материалдары жинақталып, шолу жасалды. Жергілікті өлкетану мұражайына саяхат жасалып, көне жәдігерлермен таныстым. Жантақ туралы баяндама, және буклеттер дайындалды.

Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары:

Өсімдік–адам ағзасына қажетті дәруменнің қайнар көзі. Дүниежүзіндегі барлық дәрілердің өсімдіктерден алынатыны анықталды. Қазақстан жерінде де көптеп өсетіні белгілі болды. Дәрілік өсімдіктерде пайдалы заттар өте көп. Олардың емдік қасиеттері бар, витаминдер мен минералды заттар да бар. Көп тәжірибенің нәтижесінде өсімдік қасиеті кейбір өсімдіктің жапырағында, ал кейбіреулердің тамырында немесе тұқымдарында болатыны анықталды.
Қорытындылардың практикалық тұрғыдан пайдаланылуы: Зерттелген жұмыс дүниетану сабақтарында, факультативтерде, үйірмелерде, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде қолданылды.

І Кіріспе 

Жантақ өсімдігі туралы жалпы сипаттама және оның емдік қасиеттері 

  1. Жантақ өсімдігінің жалпы сипаты

Жантақ (АIhagi) – бұршақ тұқымдасының туысы. Оны бұталы немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер қатарына жатқызуға болады. Сабағының төменгі жағындағы тікендері қысқа әрі мықты, жоғарғы тікендері жіңішке шөп тәрізді, ұштары жоғары қараған. Оның жапырақтары сопақша, шеттері бүтін, сабақтары мен тікендердің түп жағына орналасқан. Гүлдері қызыл түсті, гүл сабақтары ұзын, гүл тостағаншасы қоңырау сияқты әрі тістері бар болып келеді. Жантақтың жапырақ топтамаларының кішкентай және түкті болуы ыстыққа төзімділігін арттырады. Жантақтың тамыр жүйесі кіндік тамыр болғандықтан оның тамырлары өте тереңдеп кетеді. Жантақ тамырының ұзындығы 25-30см-ге дейін жетеді. Жантақ тамыры арқылы көбейіп отыратын көп жылдық өсімдікке жатады. Жантақтың кейбір жапырақтары түрін өзгертіп, тікенге айналады. Жантақ өсімдігі тамыз айында гүлдейді. Қыркүйек, қазан айларында масақ түсіп, дән байлайды.

Оның дәні құрғақ, қоңырқай түсті, бұршақ тәріздес, дәмі қышқылтым

өседі. Жантақтың түрлері көп болады. Америка шөлінде жеті түрі, ТМД-елдерінде 5-түрі,  Қазақстанда 4 түрі кездеседі. Жантақ өсімдігінің биіктігі 40-120см-ге дейін барады. Қазақстанның Каспий, Арал, Ембі, Ертіс, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау,  Мойынқұм, Іле-шу, Балқаш-Алакөл аймақтарында өседі. Қазақстанның Оңтүстік және Орталық аймақтарында қырғыз жантағы, және сирек жапырақты жантақ түрі, ал Республикамыздың батыс бөлігінде парсы жантағы көп кездеседі. [1]

II Негізгі бөлім. 

1.Жантақ өсімдігінің емдік қасиеттері туралы.

Жантақ өсімдігінің емдік қасиеттерін халқымыз ерте заманнан-ақ пайдаланып келген. Біздің Оңтүстік аймақта өсетін жантақ-түйетікен деп те аталады. Оның себебі түйе малының ең сүйіп жейтін шөбі болғандықтан «верблюжая колючка» деп те атап кеткен. Жантақ шөбінің тамыры да оның сабағы мен масақтарының да емдік қасиеттері мол. Жантақ өсімдігінің құрамында С витамині каротин, эфир майлары, гликозидтер, фловоноид сапонин заттары, қант, суда еритін органикалық заттар С және К дәрумендері, бояғыш заттар және шайыр кездеседі. Медицина саласында жантақтың жер бетіндегі бөлігі пайдаланылады. Жантақ сабақтарын құрғатып, ұнтақ күйінде дәрілік препараттар жасайды. Жемісі мен тамырынан дәрі-дәрмек өндіреді. Жантақтың іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін және қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Жантақ өсімдігінің жапырақтары мен бұтақтарынан жасалған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланады. Жантақтың тамырынан жасалған дәрілер геморой түйіндерін, дене сыртындағы жарақаттарды емдеу үшін қолданылады. Жантақтың жаңа гүлдеген кезінде гүлін жинап алып суға қайнатып, асқазан, ішек ауруларына қарсы ішеді. Жантақтың тамырын да суға қайнатып тізе, буын ауруларына, жүрек соғысы нашарланғанда және тамақ ауруларына да ем ретінде пайдаланылады. [2] 

  1. Жантақ өсімдігінің мал шаруашылығын өркендетудегі алатын орны

Жантақ өсімдігі ыстық климат пен жартылай шөлейт, құмды климатта өсетін болғандықтан қолайсыз климаттың өзінде өзі тұқымын түзуге өте бейімді келеді. Сондықтан бұл өсімдікті ксерофиттік өсімдік деп те атайды. Жантақ шөл және шөлейт далаларда өмір сүретін жануарлардың азығы болып саналады. Далалық жердің топырағының құнарлылығы мен эрозияға ұшырау дәрежесі тікелей жантақ өсімдігінің жамылғысына тәуелді. Сондықтан да жантақ өсімдігінің табиғаттағы орны ерекше. Ара жәндіктері жантақтың гүлдерінен бал жинайды. Оның дәмі кермектеу болады. Адам ағзасы үшін әсіресе жантақ гүлінен жиналған балдың маңызы зор.  Жоғарыда айтып өткендей түйетікен (вервлюжья колючка) яғни жантақ – түйе малының сүйіп жейтін азығы. Түйе түлігінен өндірілетін шұбат пен қымыранның адам өміріндегі ас ретінде қолдануынан бастап, ағзаның имунитетін көтеретінін, кейбір жеңіл науқастардың бойға дарымауына септігі мол екендігін өмір тәжірибесі көрсетіп жүр. Сондай-ақ адам бойындағы күш – қуатын арттырып отыратындығы ерте заманда –ақ белгілі болған. Жантақ өсімдігін ұсақ малдарда (қой, ешкі) сүйіп жейді. Үнемі жантақ өсімдігімен қоректенген ұсақ малдарды қосымша емдеудің қажеті жоқ. Олар жемдеген малдан бетер қоңды болып, еті өте дәмді болады. Сондақтан ауылдық жерлердің тұрғындары мал азығы үшін көбісі жантақ өсімдігін гүлдеп, дән байлаған кезде орып, малға қыстық азық үшін жинап алады. [3]

Жантақ туралы ел аузындағы аңыз.

Сонау ерте заманда қатыгез хан өмір сүріпті. Сол қатігез хан қарауындағы барлық халықты жинап, мынадай бұйрық береді. “Елдегі барлық алпыстан асқан қариялардың көзін жою керек” Бұл бұйрық тыныш жатқан халықты дүрліктіреді. Өзінің туған баласы не оның туған туысы бұл бұйрыққа мойын ұсынбасқа лажы қалмай, орындауға тиіс болды. Қаншама уақыт өтсе де бұл дәстүрге айналады. Жазықсыз 60-қа келген қариялар туған – туыстарымен, бала-шағасымен қоштасып, дүниеден оза береді. Бұл қатыгез ханның бұйрығы болатын.  Мұндай қатыгездік баланы әкеге жау ретінде көрсетті.

Бұл күні кезегі келген жігіт үйінде тұра алмай жатқан әкесін арқасына салып арқалап, жолда келе жатты. Жігіттің сілесі қатып, шаршап, демалуға бір тастың жанына тоқтап, арқасындағы арқалап келе жатқан әкесі салынған сандықты жерге қояды. Сол кезде сандық ішінде жатқан әкесі бар дауысы мен қарқылдап күледі. Түкке түсінбеген баласы, –  “Қымбатты әкешім, өлімге бара жатып, мұнша шаттанып күлгенің не?” – деп сұрайды. Әкесі сонда: Ұлым менің, сенімен қоштасар күн де санаулы қалды. Әрі қорқынышты, әрі аянышты. Сонда да айтайын. Халқымызда “Әкеңе не істесең, алдыңнан сол келеді”, – деген нақыл сөз бекер айтылмаған екен. Сол сөздің шындық екеніне енді көзім жетті. Мен де кезінде әкемді сен сияқты өлімге арқалап келе жатып, осы сен отырған тасқа демалып едім. Соның айнымай өз басыма келгеніне күлдім, – дейді. Халқымыз не деген данышпан еді. Сол кезде баласы:  “Әке, сенің айтқан сөздеріңе қарап, осы қасірет менің де басыма келеріне көзім жетті. Сондықтан сізге құдайдың өзі ажал жібергенше жан баласы көрмейтін жерге сақтайын, соған рұқсат етесіз бе?” – деп сұрайды. Баласының жүрек жарды сөзін қимай, әкесі үнсіз келісімін береді. Түн қараңғысында үйіне қайтып келіп, жер асты үңгір қазып, әкесін сонда жасырады. Сол жылдары елге жау шауып, ел әбден күйзеледі. Ақыл айтып, сабырға шақырар қариялар болмаған соң, ел тоз-тоз болып бөлініп көше бастайды. Көшіп жатқан елге қосылып, әкесін сандыққа салып алып, бала да үй-ішінен көшкен керуенге қосылады. Көшіп келе жатқан керуен ұзақ жүріп, шөлейт жерге кез болады. Айналада құрғақшылық, ішерге су жоқ, ел қырылуға айналады.  Бала әкесіне бар хабарды айтып, әкесін құлақтандырып отырған. Суға шыдамай мал да, адам да, қырыла бастайды. Баласы шыдай алмай, әкесінен ақыл сұрайды. Әкесі мән жайды түсінген соң баласына. “Елдің бәрін тоқтатып, сабырға шақыр, су табылады” – деп айт,- дейді. Сонда баласы әкесін сөзін дегбірлері қашқан елге жеткізеді. Халық көштерін тоқтатып сол жерге аялдауға келісіп, жас баланың ақылын тыңдайды. Бала әкесінің айтуымен екі өгізді босатып жібереді де, олардан көз алмай қадағалап тұрады. Қос өгіз жұлқынған бойдан бір топ тікеннің түбін аяқтарымен шаңғытып теуіп, өкіріп-өкіріп жібереді. Сол кезде бала өгіздердің көрсеткен жерінен құдық қазу керектігін айтады. Халық сеніңкіремей тұрса да баланың айтқанын орындауға келісіп, құдық қазады. Тікеннің тамырын қуалай қазған олар көп кешікпей жер асты суына жетеді. Қарияның берген ақылының арқасында жұрт жұттан аман қалады. Сол жерге көштерін тоқтатып, қоныстанады. Тікен тамырын бойлай қазған құдықтан су шығып халық апаттан аман қалады. Халықтың қырылудан аман қалуына бала әкесінің ақылы себепші болғандығын, жұртқа паш етеді. Бұл сөз патшаға да жетеді. Сол оқиғадан кейін патша жарлығын өзкертіп, жасы 60-тан асқан қарттарды өлім жазасына кесетін жарлығын өзгертіпті. Содан бері бұл тікенді халық «Жансақ» (жан сақтау) деп атап кетіпті. Ал қазіргі кезде бұл тікен жантақ деп аталып жүр. Жантақ шөбі туралы ел аузындағы аңызда былай айтылады. Ерте көктемде қыстаудан жайлауға көшкен ел ұзақ жүріп, бір төбенің баурайына дамылдайды. Төбе баурайында жантақ қалың өскен екен. Қыстауға қайтар кезде шөлдеп қиналмас үшін көшкен ел ішінен бір қарт кісі жантақтың тамырға ұштасқан сабақтарын жарып, ортасына қауын шопағын ендіріп, оларды ауа кірмейтін етіп бекіттіреді. Қарт жұртқа «Үш айдан кейін қыстауға қайтара көшкенде осы араға тоқтап, қауын жейтін боламыз» дейді. Қарт айтқандай дәл үш ай өткен соң елдің көші әлгі төбе баурайына дамылдайды. Жұрт қараса шопақ ендірген жантақ сабақтарынан қауын өркен жайып, пәлектеп, түйін салып, пісіп тұр екен. Ұзақ жолдан шалдығып – шаршап келе жатқан жұрт көкөніске қарық болып қалады. Осы оқиғадан кейін сусыз жердегі өскен жантаққа қауын егіп алу үрдісі қалыптасса керек.[4]

III. Қорытынды.

Халық медицинасында дәрілік шөптерді қолдану кейінгі кезеңде етек алды. Қазірдің өзінде біздің өлкемізде, яғни Қаратау аймағында, дәрілік қасиеті бар өсімдіктердің 200-ден аса түрі белгілі болып отыр. Оның ішінде біздің өңірде дала өсімдіктерінің кеуіл, алтын тамыр, андыз, дермене, итбүлдірген, қызыл долана, шайшөп, шегіргүл, мойыл, таңқурай, жалбыз, теңгежапырақ, түймедақ, сарымсақ, меңдуана, шашыратқы, атқұлақ, бақбақ, бәйшешек, киікоты, бүрген, қырықбуын, балшытыр, жер сабын, қарамық, ермен, зире (тмин), зығыр, итсигек, көкпек, қалампыр, қарақат, қалақай, қырықбуын, маралшөп, мыңжапырақ, бүлдірген, құлқайыр, ошаған, теңге жапырақ, қазтабан, рауғаш, таупісте, тау шие, шырмауық, шытыр т.б. түрлері көп кездеседі. Халық медицинасында оларды түрлі ауруларды емдеуге кеңінен қолданылады. Олардың ішінде халық арасында емдік қасиеті үшін көптеген ауруларға қолданатын жантақ өсімдігіне тоқталдық. Жантақ өсімдігінің тек адам өмірінде ғана емес ауыл шаруашылығының саласын өркендетуге де пайдасы бар екендігін талдадық. Дәрілік өсімдіктердің Қазақстанда таралу картасына қарайтын болсақ, табиғи дәрілік өсімдіктердің көп шоғыры Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Петропавл, Көкшетау жерлерінде көп кездесетіні байқалады.

Біз сөз етіп отырған жантақ өсімдігі әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында, жартылай шөлейт алқаптарда атап айтқанда Түркістан, Ордабасы, Бәйдібек, Созақ аудандарының далалы алқаптарында қалың болып өседі. Осы жерлердің экологиялық жүйесін қорғауда да жантақ өсімдігінің маңызы зор. Қорыта айтқанда жантақ өсімдігінің қасиеттері – табиғат сыйы. Оны орынды пайдалану біздің міндетіміз.

«Туған жердің тасы да ыстық» демекші өлкемізде өсетін жантақ өсімдігінің пайдасын игілігімізге орынды пайдалану – өскелең ұрпақ борышы. 

Ұсыныс:

Жантақ өсімдігі туралы зерделей келіп, мен мынадай ойларды түйіп, төмендегідей ұсыныстар айтқым келеді.

1.Қазіргі медицинада жантақтың емдік қасиеттерін қолдану енгізілсе.

2.Жантақ туралы әлі де тереңірек зерттегім келеді.

3.Дәрілік өсімдіктер жайында, оның ішінде жантақ туралы газет, журналдарға арнайы мақалалар  жарияланып тұрса екен деймін.

Пікір

«—-дің «Жантақ өсімдігінің емдік қасиеті» тақырыбында жазған ғылыми жоба жұмысына оқушының алып отырған тақырыбы бойынша көп еңбектеніп, зерттеу жұмыстарын жүргізгені көрініп тұр. Оқушы ғылыми зерттеу жұмысында өзінің бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жүргізген. Оқушы ғылыми жұмыста жантақ өсімдігі туралы толық түсінік берген. Жантақ өсімдігінің пайдасы, емдік қасиетін зерттеп, ерекшеліктерін атап өткен. Сонымен бірге жантақ өсімдігінің адам ағзасына пайдасы жазылған. Жантақ өсімдігінің  маңыздылығы жөнінде жобада көп тоқталған. Жантақтың қасиетті дәрілік өсімдік екендігіне зерттеу жүргізіп, жантақтың өсіп-өнуі, табиғатта таралуын зерттеген.

Қазіргі ерекше болып отырған мәселелерді, әсіресе жантақ өсімдігіне байланысты жас жетекшілерді, жастарды тәрбиелеу, бүгінгі күннің басты міндеті халыққа жантақ өсімдігі туралы, олардың пайдасы жайында үгіт насихат жүргізілуі қажет деген қорытындыға келеді.

Мектептің 4 сынып оқушысы Жансүгірова Інжудің «Жантақ өсімдігінің емдік қасиеті» тақырыбында жазған ғылыми жобасы аудандық ғылыми жобалар байқауына ұсынылуына болады деп есептеймін.

You May Also Like

Таңғажайып слаймдар: пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Таңғажайып слаймдар: пайдасы мен зияны                                                        Мазмұны  Кіріспе………………………………………………………………………………………………  І Теориялық бөлім 1.1…

Қазақстан 2020 стратегиялық жоспарының басымдықтары, ғылыми жоба

Қазақстан 2020 стратегиялық жоспарының басымдықтары Астана 2017 Жоспар: I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 1.Стратегиялық…

Қазақ тіліндегі сыпайылық концептісі, ғылыми жоба

Тақырыбы:  Қазақ тіліндегі сыпайылық концептісі   Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашық дамуы…

ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРМЕН БАЙЛАНЫС ЖҰМЫСЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ, ғылыми жоба