Жоспар

 Кіріспе 

І  – тарау.  Шоқан Уәлиханов және қазақ қоғамын зерттеуші.

1.1  Шоқанның өмір жолы, өскен ортасы

1.2  ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы

 ІІ – тарау.   Шоқан Уәлиханов – қазақтың алғашқы шығыстанушысы

2.1.  Шоқан –  қазақ деректанушысы

2.2  Шоқан саяхаты және тарихи – жағрапиялық зерттеулері

 Қорытынды

 Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе 

       Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының ұлы ғалымы, жарқын жұлдызы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов отандық шығыстану ғалымы мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Оның қысқа, жарқын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырлық дамуының рухани ізденістерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой санасың биіктей өркендеуіне ықпал етті.

Шоқан Уәлиханов өзінен кейін мол әдеби – тарихи мұра қалдырды. Өзінің тым қысқа ғұмырының барысында Шоқан европалық ғылым үшін “белгісіз”, “жұмбақ” болып келген Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, географиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектері мен қоғамдық саяси тақырыптағы толып жатқан шығармалар жазып үлгерді.    Шоқан Уәлиханов терең энциклопедиялық білімі бар, өз заманындағы бірқатар мәселелерді жаңаша көтере білген кемелді ғалым болды.

Шоқан Уәлихановтың қоғамдық  тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең – қазақ халқының орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы демоктариялық мәдениетімен жақындасу дәуірі, сондай – ақ толық отарлыққа түскен дәуірі еді. Сол кездегі Шоқанның қоғамдық өмірдегі қызметі көп қкрлы. Сондықтан да ол көптеген зерттеу еңбектерінің тақырыптарының негізіне алына алады. Бүгінгі таңда еліміз егемендігін алған уақытта отандық тарихымыз  өзінің тарихи қайраткерлерінің тұлғасын зерттеуге зор көңіл бөліп отыр. Әсіресе ұлтымыздың қазақ екендігін дәлелдеп бағуға тырысқан ғалымымыз – Шоқан Уәлихановтың бай тарихи, ғылыми мұрасын зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Еліміз демократиялық қоғам қуруға ұмтылып келе жатқанда қазақтың ұлы ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың өз халқының тарихын зерттеп, әлемге таныту мен төл мәдениетін өркендетуге ұмтылған қызметі муқият саралап зерттеуді талап етеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Шоқан Уәлиханов өз заманында дүниежүзілік шығыстану ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан әр салалы, терең мазмұнды еңбектер қалдырды. Шоқан Уәлихановтың жеке басы, қоғамдық қызметі тарихтың әр кезеңінде жоғары бағаланды Шоқан Уәлихановтың жолдары жарқын мінезі, кемелді ақылы, көптеген дарынды қабілеттері жайлы замандастары жан тебірентерлік жылы лебіздер қалдырды. Шығысты зерттеуші әйгілі ғалым Е.И.Ковалевский Шоқанды “Асқан данышпан жас жігіт, қазақ халқының ең жақын досы, әрі орыстың мемлекеттік мүддесін қадір тұтушы” деп атады [5.21 б.] Көрнекті саяхатшы және Сібір, Қазақстан, Моңғолия мен Орта Азияны зерттеуші И.Н.Потанин Шоқан Уәлихановтың еңбектерін жоғары бағалай отырып, “Шоқан қазақ ішінен оқырман  қауымын талқан болса, ол өз халқының шын мәнісіндегі асқан данышпаны болар еді” – дейді. [28. 74 б.] Атақты шығыстанушы ғалым Н.И.Веселовский өзінің еңбектерінде Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметтерінің нәтижелерін пайдалана отырып: “Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінің аспанынан құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шықты – орыс ориенталистері бірауыздай оны таңғажайып құбылыс деп қарады, одан түркі халықтарының тағдыры туралы аса маңызды ұлы жаңалықтар ашады деп үміт күтіп еді” – деп жазады. [5. 42 б.]

Шоқанның жақын достарының бірі Ф.М.Достоевский өзінің хаттарында Шоқанға: “Европалық білімге тұнғыш қолы жеткен адамсыз. Сахараның не екенін “оның маңызын және өз халқыңыздың Ресейге қандай қатысты бар екенін Ресей халқына түсіндіру… сізге көп міндеттер жүктейді” – деп жазып, оны алдығақарай шығыстану зерттеу жұмыстарына итермейді. [5. 61 б.]

Шоқан Уәлихановтың шығармалары тұңғыш рет 1904 жылы орыс географиялық қоғамымен басып шығарылды. Бұл басылым құнды мәліметтер бергенімен, патшалық цензураға қатты ұшыраған, қайта өңделген Шоқанның ғылыми еңбектері, саяхат күнделіктерікеңес уақытында да мұқият сараланады. Оның қолжазбаларымен текстологиялық жұмысты ҚазССР Ғылым Академиясының академигі А.Х.Марғұлан, ғылыми қызметшілер А.Б.Никольская, М.С.Тұрсынова, П.Г.Галузо, Л.М.Әуезова жүргізеді. Осы зерттеулердің негізінде 1958 жылы, ал кейіннен толықтырылып, 1970,1985 жылдары Шоқанның шығармалар жинағы басылып шығарыла бастайды.

Шоқан Уәлихановтың шығармаларының негізінде оның саяси, экономикалық, философиялық көзқарастары, тарихи танымдары, этнографиялық мұралары жекелей саралап зерттеліне бастады.

“Сот реформасы  туралы жазбалар”, “Қазақтардың қонысы туралы” және т.б. көптеген шығармаларының негізінде Шоқанның саяси және экономикалық көзқарастарын С.Д.Зиманов, А.Б.Әтішев өздерінің “Шоқан Уәлихановтың саяси көзқарастары” атты еңбегінде қарастырады. Мұнда олар Шоқанның қазақтың билер институтының құрылымын зерттеді, патша реформасының олқылықтарын көрсетуі, қазақ қоғамының өмірінде көшпелі мал шаруашылығының алатын орнына арналған ойлары сараланады (қараңыз 2,13 әдебиет)

Шоқанның 150 жылдық мерейтойына байланысты Бүкілодақтық конференция өткізіледі, осында Шоқанның жеке басы мен мұраларына қатысты бірнеше құнды баяндамалар жасалады. Болашақ зерттеу жұмыстарына негіз қаланады Н.Е.Бекмаханова Валиханов және орыс мәдениеті атты баяндамасында Шоқанның көзқастарының қалыптасуына әсер еткен Омбы қаласында оқыған жылдар, алдыңғы қатарлы орыс демократиялық мәдениет пен оның өкілдерінің ықпалы таразыға салынып талқыланады [37. 105 б.]

Шоқанның ағартушылық ойлары да зерттеу нысанасына айналды. Х.А.Арғынбаев, А.Марғұлан, Ш.Абдрахманова, Н.Ивлев, А.Х.Қасымжанов, С.Көпеков өзінің еңбектерін ғалымның ағартушылық ойларына арнайды. Шоқан тарихтағы экономикалық және саяси факторлардың маңызды рөлін ескерді, әлеуметтік құбылыстарды ағартушылық көзқарас тұрғысынан түсіндіруге тырысты деген қорытынды жасалды. [35. 105 б., 23. 80 б.]

Шоқанның ғылыми мұраларының басым көпшілігі оның саяхаттарының нәтижесінде жиналып жазылғандығы баршамызға белгілі. Шоқанды саяхатшы – зерттеуші ретінде А.С. Бейсенова, Б.А.Литвинский, Н.К.Стрелкова, Т.Бекниязов және т.б. көптеген зерттеушілер зерттеді. “Елдерді сипаттауда Шоқанда географиялық очерк басым болды” деп атай келіп [3. 244 б.]. А.С.Бейсенова Шоқанның барған жерлерін сипаттау тәсілін атап көрсетеді. Б.А.Литвинский Уәлихановтың Ыстықкөл мен Жоңғарияға барған саяхаттарын зерттеп, Шоқан жайлы Орталық Азияны зерттеуші ретінде сөз қозғайды. Шоқан – универсал, оның экспедициялардың есептік материалдарына объектілерді кешенді зерттеу тән. Оны халықтардың – қазақ, қырғыз, ұйғырлардың тарихы, қазіргі жағдайы, көршілермен қарым – қатынастары, тұрмысы мен салттары “қызықтырды”,- деп жазады. [37.105 б.]

Шоқанның тарихи танымдары бүгінгі таңда негізгі зерттеу нысанасына айналып отыр. Д.Дулатова, Р.Б.Сүлейменов, Д.А.Моисеев, Н.Қанафияұлы, И.Шәмшәтұлы Шоқанды шығыстанушы тарихшы ретінде қарастырады “Халықтар тарихын зерттеуде, Шоқан ауыз әдебиеті мен жазба ескерткіштерді кешенді түрде пайдаланды” – деп ескертеді Д.Дулатова. [12.28б.] Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев, Н.Қанафияұлы өздерінің еңбектерінде Шоқанның халық тарихын зерттеудегі ауыз әдебиетінің рөлін мұқият қарастырады. Шоқан тек қазақ ғана емес, қырғыз тарихнамасының да негізін қалаумы деп атап көрсетеді. [20. 96 б]

Шоқан ғылыми әдебиетте этнограф ретінде де жоғары бағаланады. Ол халықтардың рухани және материалдық мәдениетін зерттеуге зор үлес қосты. Осы зерттеулерін В.П.Курылев, З.Еркімбеков, А.Қонысбаева, Ш.Момынова және т.б. өте жоғары бағалайды. “Шоқанның этнографиялық әдеби мұралары орысшығыстануына зор үлес қосты” деп бағаланады. [47.55б.]  Шоқанның ғылыми мұралары әлі де болса, көптеген зерттеу жұмыстарын талап етеді.

        Ғылыми жобалық жұмыстының мақсаты:

Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың дүниежүзілік шығыстану ғылымына қосқан құнды ғылыми, тарихи, әдеби және этнографиялық зерттеулерінің мазмұнын және олардың қоғамдық  – мәдени дамуға тигізген әсерін ғалымның шығармалары мен соңғы жылдары жазылған ғылыми еңбектер негізінде зерделеу.

Ғылыми жобалық жұмыстының міндеттері:

Шоқан Уәлихановтың ғылыми материалдары мен әр түрлі тарихи – әдеби мұраларына талдау жасау негізінде жобалық жұмысына төмендегі міндеттер қойылды:

  • Шоқан Уәлихановтың дүниетанымының, көзқастарының қалыптасуына әсер еткен ортасын, өмір жолын қарастыру;
  • Шоқан Уәлихановтың қазақ халқын әлемге танытуға деген ұмтылыстарын, саяси – экономикалық көзқарастары мен философиялық дүниетанымын саралау;
  • Алғашқы қазақ деректанушысы ретінде Уәлихановтың қазақ халқының шығутегі, хандары, батырлары туралы деректеріне сипаттама беру;
  • Ғалымның атын әлемге әйгілі еткен, зерттеу жұмыстарына негіз болған георафиялық сапарлары мен еңбектері жайлы мәліметтер көрсету;

Ғылыми жобалық жұмыстының практикалық маңызы

Егеменді еліміздің өзінің төл тарихын танып білуге көңілі ерекше ауып тұрған жағдайда Шоқан Уәлихановтың зерттеу еңбетері оның көптеген беттеріне жарық түсіреді, сол уақыттағы тарихи жағдайын терең түсінуге жол ашады. Ғылыми жобада Шоқан Уәлихановтың қоғамдық, ғылыми қызметі халықтың мүддесіне сай жүргізілгені объективті түрде дәлелденеді және тарихи – әдеби шығармалары соңғы кездегі зерттеулерге негіз болғандықтан, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан толданады. Осы материалдарды оқулықтар мен мектеп бағдарламаларына енгізіп, арнайы курстар түрінде де өткізуге болады.

Курс жұмысының құрылымы.

Жұмыс Кіріспеден және екі ірі тараудан тұрады. І тарау өз ішінде екі бөлімшеден тұрса, ІІ тарау өз ішінде тақырыптың мәнін ашу мақсатында екі бөлімнен құралған. Сонымен қатар, қорытнды және пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.

І.   Шоқан Уәлиханов және қазақ қоғамын зерттеуші

 1.1  Шоқанның өмір жолы, өскен ортасы

      Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы қараша айының ішінде сол кездері Құсмұрын дуанының аға сұлтаны, майор дәрежесіндегі Шыңғыс Уәлихановтың қара шаңырағында дүниеге келген. Шоқанның кіндік қаны тамған Құсмұрын бекінісінің ескі жұрты қазіргі Қостанай облысы, Жетікөл ауданы Шөптікөл аулынан үш – төрт шақырым жерде орналасқан. Азан шақырылып қойылған есімі Мухамедқанафия болғанына қарамастан, анасының Шоқан деп еркелетіп қойған есімі өмір бойына сақталып кетеді.

Шоқанның анасы Зейнеп – қазақша хат таныған, өз заманының көзі қарақты қыз – келіншектерінің бірі.Оның әкесі – бала жасынан шешендік өнерімен ел ішінде аты аңызға айналған, кейінен Сібір қазақтары арасынан алғаш рет аға сұлтандық әкімдікке қолы жеткен, атақты Шорман би.

Шоқанның балалық шағы негізінен оның сүйікті әжесі Айғанымның аулы – Сырымбетте өтті. Орта жүз ханы Уәлидің кіші әйелі – Айғаным жігерлі әрі көреген әйел болған. Ол шығыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне мейлінше ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің Азиялық департаментімен және Петербургтегі Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. [29. 5 б.] Сырымбетте тұңғыш қазақ мектебін аштырды (екіншісін Құсмұрында оның баласы Шыңғыс салдырды). [17. 12 б.]

Уәлихановтардың отбасында Шоқаннан басқа алты ұлы және төрт қыз болды, оларға қарағанда Шоқан жастайынан өзінің ақылы, өжеттігі, табандылығы және қабілеттілігі мен ерекшеленетін. Шоқанның балалық шағы сахарада, өзінің өткендегі ерлік істері жайлы көптеген аңыздарды есінде сақтап отырған халықтың арасында өтеді, сөйтіп сезімтал бала тарихи аңыздарға жастайынан құлақ қойып, халықтың халық ортасынан шыққан адамдармен араласуға, халқтың өлең – жырлары мен әңгімелерін тыңдауға құштар болып өседі.

Бала Шоқанның сана – сезімі ерте оянып, рухани өсіп жетіле беруіне әжесі Айғаным үлкен  әсер еткен. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға әжесі “халық даналығының сарқылмас білім бұлағы” болған. Халықтың озық дәстурлері мен салтын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесін Шоқан өмірінің аяғына дейін ұмытпай есінде сақтаған.

Шоқан ерте, кейбір мәліметтер бойынша, төрт жасында хат таныған. Әдетте балахат танымай тұрып – ақ сурет салуға құрштарлана береді. Шоқанның әкесі Шыңғыстың үйіне чиновниктер, офицерлер, олардың ішінде топографтар жиі тоқтайтын. Шоқан солардың жұмысымен танысып, еліктей жүріп, алдымен қаламмен, сиямен, ал кейіннен бояумен сурет салуды үйренеді.Сурет салу баланың аңғарымпаздығын ұштап, оның өмір құбылыстарына тереңірек бойлай түсуіне көмектесті.

1840 жылдары Тобылда губернатор, кейіннен Орынбор шекара комиссиясының төрағасы болған М.В.Ладыженский қазақ халқының сот ісіне қатысты ғұрыптары мен ауыз әдебиеті нұсқаларын жинақтауға көп көңіл бөлген. Шыңғыс Ладыженскийдің бірнеше талап – тілектен тұратын өтінішін орындау үшін өз үйіне әйгілі жыршылар мен аңызшы – әңгімелерді, ақын, әнші, күйшілерді шақырғанда, шекаралық басшылықтың тікелей тапсырмасымен Аманқарағай, Құсмұрын төңірегіндегі жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарына араласқанда Шоқанды үнемі ертіп жүрген. Зерделі, зерек Шоқан бес жаста екендігіне қарамастан, А.А.Сотниковтың басшылығымен Күнтимес пен Қараобадағы қазба жұмыстарынан үлкен әсер алады.

Жеті жасынан бастап мектепке барған Шоқан молданың қолынан араб жазуының негіздерін меңгереді. Бұл схоластикалық мектепте тек шағатай тіліндегі ортағасырлық әдебиет мұраларын оқумен, араб және парсы тілдерінде сөйлеп жаттығу және шығыс  ақындарының өлеңдерін тақпақтай жатқа айтумен ғана айналысқан.

Даланың дәстүрі бойынша, сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін үйрену, яғни “жеті жұрттың тілін білу” парыз болған. Сондықтан Шоқан шығыс тілдерін оқуға ден қойып, әуелі араб тілін, кейін ұйғыр тілін де жақсы меңгерген.

Айғаным әжесінің айтқан әңгімелері, елдің атақты от ауыз ақын – жырауларының өлең- жырлары баланың халық поэзиясына деген ынтасын ерте оятты. Халық поэзиясына жастайынан құмартқан Шоқан, оның классикалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата- анасына дауыстап  оқып беріп жүреді. “Еркокше” және “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” атты халық дастандарын ол тіпті бала кезінде – ақ жазып алып, кейін өзінің ұстазы Н.Ф.Костылецкийге берген. [30. 20 б.] Шығыстың басқа халықтарының поэзиясымен де шұғылданған Шоқан, ауылда жүрген кезінің өзінде де ол шығыс әдебиеті классиктерінің өлеңдерін оқудан бас көтерген емес.

Шоқанның ғылымға ден қоюына әкесінің алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясының өкілдерімен тығыз байланыста болуы үлкен әсер етеді. Академик А.И.Шренк, Сібір қазақтарының облыстық басқармасында қызмет істеген декабристер С.М.Семенов, В.И.Штейнгель, Н.В.Басаргин және Қазан университетінің студенттері С.Сотников, Н.Ф.Костылецкий, Т.Сейфулин сияқты көптеген жоғары білімді адамдар Шыңғыстың аулында бірнеше рет болған. [1.22 б.]

Шоқанның білімге деген құштарлығы барған сайын күшейе түседі. Алайда оның үй маңайында алған білімі шындығында да діни, схолостикалық сипатта еді, бұл сол тарихи кезеңнің өзінде тіпті сұлтан баласының өсуінің өзіне аз болатын.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Ресейдің қазақ өлкесін отарлауы күшейе түскен уақытта ескі феодалдық тәртіптің күйрей бастады патша үкіметі мен үстемдік жүргізушібай феодалдар мүдделерінің біте қойнасуынан көрінді. Осы жағдайда билік тізгінін қолдан шығарып алмас үшін орыс мәдениетіне ұмтылудың қажет екенін түсіне бастаған қазақ ақсүйектері өз балаларын орыс мектептері мен училищілеріне, жоғары оқу орындарына бере бастады. Шоқанның әкесі мен әжесі чиновниктік мансапқа жету үшін  оның тек қана европалық білім алуы қажет екенін түсінді. Бұл жерде Шыңғыс Уәлихановтың көптеген орыс ғалымдарымен тығыз байланыс жасағанын да айта кету керек.

1847 жылы күзде Шыңғыс өзінің орыс достарының көмегімен баласын Сібірдегі сол кездегі ең жақсы оқу орны деп саналған Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді.Кадет корпустары әскери негіздегі арнаулы жабық оқу орны саналғандықтан, онда офицерлер мен бай – шонжарлар балаларының ғани түсіп оқу мүмкіндігі болған. Бұл оқу орнының мәдени өмірдегі маңызын дәл бағалау өте қиын еді. Аса көрнекті қоғам және әскер қайраткерлері ғалымдар мен публицистер осында тәрбиеленіп шықты.

Кадет корпусының оқу мерзімі – даярлық класы екі жыл, негізгі кластары бес жыл, арнаулы класы бір жыл, барлығы сегіз жылға созылған.

Арнаулы класта тактика, артиллерия, далалық фортификация секілді әскери ғылымдар жүретін болғандықтан, хан тұқымынан екендігіне қарамастан, патшалық өкіметке сенімсіз бұратана ұлт өкім болып табылатын Шоқан арнайы оқу бағдарламасы – “Офицер етіп шығару үшін қырғыз сұлтандарының балаларына Сібір кадет корпусында өтуге мүмкін депсаналатын пәндердің жалпы бағдарламасы” бойынша білім алған.         [20. 45 б.]

Шоқан Уәлиханов өмірінің кадет корпусында оқыған кезеңі едәуір дәрежеде оның болашақ тағдырына  – орыс армиясы офицерінің ғана емес, сонымен бірге зерттеуші ретінде қалыптасуына әсер етті. Нақ сол кездері оның дүниетаным көзқарасының негіздері қаланып, өмірде алар орны мен қоршаған ортаның шындығына деген қарым- қатынасы қалыптасты.          [13. 21 б.]

Шәкірттердің ішінен оның жалғыз өзіне ғана кітапхана қорларымен танысуға рұқсат берілді, ол орыс және шетел әдебиетін құныға оқыды.      [19. 17 б.]

Корпуста оқыған жылдары Шоқан тек орыс тілін ғана емес, неміс және француз тілдерін де меңгерген, сонымен бірге өзі бұрыннан білетін араб тілі білімін барынша жетілдіре түсті. Осында жүріп Шоқан сол кездегі ең көкейтесті өмірлік мәселелерді қозғап жатқан маңдай алды журналдармен таныса алды, атап айтқанда “Современник” журналын оқыды. [19. 17 б.]

Екінші курстан бастап Шоқан мен оның ұстаздары арасында етене жақындық және достық қатынастар орнайды. Сезімтал шәкіртке корпустың оқытушысы Н.Ф.Костылецкийдің күшті ықпалы тиді, оның айналадағы өмірге сын көзімен қарау сезімін оятты, өзінің қазақ халық эпостарын зерттеу ғылыми жұмысына тартты. Н.Костылецкийді Шоқанның дала өмір салты мен дәстурлерін жақсы білетіні қызықтырды.

Демалыс күндері Шоқан алма кезек алғашқы кезде корпус оқытушыларының, кейіннен Омбы қаласы чиновниктері мен интеллигенциясының үйінде – оның ішінде аса білімді адамдардың бірі – К.К.Гутковскийдің үйінде қонақта болып жүрді. Гутковскийлердің отбасында әрдайым жолаушы жүрген атақты адамдар – әдебиетшілер, саяхатшылар, жер аударылған петрошевийлер, чиновниктер мен әскери адамдар жиналатын. [30. 68 б.] Қаладағы ең таңдаулы, адамгершілігі мол әрі оқыған отбасылармен таныс дамуына елеулі ықпал етті, – деп куәгер болады Г.Н.Потанин. [45. 7 б.]

Сібір кадет корпусы екі бөлімшеге: ротаға және эскадронға бөлінетін. Әдетте ротаға чиновниктер мен офицерлердің балалары қабылданатын. Эскадронда казактардың және “бұратаналардың” балалары оқыды. Жағдайдың әмірімен Шыңғыс сұлтанның баласы эскадронға қабылданды. Нақ осы жағдай даланың ақсүйегі Шоқан бұқарамен жақынырақ танысып, оның мұң – мұқтажы мен тілегін жақсырақ білуге көмектесті, мұның өзі сонымен бірге біршама дәрежеде оның демократиялық сенімінің қалыптасуына ықпал етті. [19. 19 б.]

Шоқан Уәлиханов Омбыға тап болған демократиялық орта, оның көптеген достары мен оқытушыларының ізгі мақсаты мен ынта –ықыласы, ең алдымен олардың ғылым саласындағы адал қызметі Шоқанның сыршыл ой – санасына әсер етпей, оның назарын білімнің мәңгі өшпес мәніне аудармай қойған жоқ. Ол өркениет пен мәдениеттің биік шыңына көтерілгенімен мешеу қалған, езілген халықтың өкілі болған Шоқан туған халқының білім алуға мұқтаж екенін, сондықтан өзінің тікелей парызы оған өз тарихын, әлі ешкім жазбаған тарихын ұғынуға көмектесу екенін, өз халқы мен орыстың білімді қоғамының арасында “дәнекерші” екенін түсінді. [45. 9 б.]

Шоқан кадет корпусын 1853 жылы он сегіз жасында аяқтап, армиялық  атты әскерлердің көрнекті деген офицерлік шен алып шығады. Ресми түрде Сібірдің казак әскерлерінің алтыншы атты әскер полкының офицері болып тағайындалғанымен, іс жүзінде, Шоқан  Батыс Сібір генерал – губернаторының жанында қалдырылады да, арада бір жыл өткеннен кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік – шығыс аудандарын басқарып отырған генерал Гасфорттың адъютанты болып тағайындалды. Сонымен қатар өлкенің Бас басқармасы Шоқанға төтенше тапсырмаларды орындайтын офицер қызметін жүктеді.

Қызметке орналасысымен – ақ Шоқан Уәлиханов бірден офицерлер мен чиновниктер ортасына, яғни корпустағы өзіне мәлім оқымысты, алдыңғы қатарлы ойшыл адамдарға мүлдем қарама – қарсы ортаға тап болды. Өлкедегі жоғары әкімшілік аппаратта қызмет ететін Дюгамель, Фридрихс,Кройерустар және патша үкіметінің осы сияқты қойған адамдары тонаушы чиновниктер, бір ғана бос пайдасын көздейтін, жеке өзінің олна тауып, баюын ойлайтын қаскүнемдер болды.

1854-1857 жылдары Шоқан Ұлы жүз қазақтарының және қырғыздардан бұғы, Сарыбағыш және солтуруларының Ресейге бейбіт жолмен қосылуы туралы мәселені шешуге жігерлі түрде қатысады. Сонымен бірге ол қазақтар мен қырғыздардың географиясын, тарихын, әдет – ғурпын, халық ауыз әдебиетін күш салып зерттей бастайды.

1855 жылы жазда Шоқан Уәлиханов генерал – губернаторға Батыс Сібір губерниясының құрамында жаңа құрылған Семей облысына тексеруге шыққан сапарында ерекше тапсырмалар орындайтын офицер ретінде еріп жүреді. Г.Х.Гасфорттың экспедициясымен бірге Омбы – Семей –Қапал – Верный арқылы сапар шеккен Шоқан Жетісуда қалып қойып, өлкенің саяси жағдайы туралы мәліметтер жинайды. Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздардың қоныстануын, өлкенің тарихы мен географиясын зерттейді. Осы сапарынан мол мағлумат алып келген Шоқанды Гасфорт мақтау мінездемемн сый беруге ұсынып Шоқан Уәлиханов поручик шенін алады.

Омбыға қайтып келгеннен кейін Шоқан өзінің жинаған материалдарын қорытындылай келіп, сол материалдарының негізінде қазақтардың жерді пайдалану мәселесі жөнінде, олардың рулық және некелік қарым- қатынастары мен ертедегі діні жайлы ресми жазбалар жазады.

1856 жылы Шоқан Уәлиханов М.М.Хоментовскийдің басшылығымен ұйымдастырылған үлкен әскери- ғылыми экспедицияға қатысады. Экспедицияның мақсаты қырғыз халқымен танысу және Ыстықкөл алқабын картаға түсіру еді. Ғылыми тұрғыдан алғандаҚырғыстанға бару Шоқан үшін аса жемісті болды. Оның күнделіктері, салған суреттері, жинаған коллекциялары бүгінгі күніде қырғыз халқының тарихын және тарихи этнографиясын жасауда түрнұсқалар болып табылады, ол Шоқан Уәлихановты тек қазақтың ғана емес, қырғыздың да тарихнамасының негізін салушылардың бірі деп атау лайық. [20. 98 б.]

1856 жылдың жазы мен күзінде Тянь-Шаньның солтүстік өңірін Орыс география қоғамының тожырмасыбойынша, аса көрнекті ғалым – географ П.П.Семенов- Тянь- Шаньский зерттеді. П.П. Семеновпен таныс болу Шоқан Уәлихановтың өмірінен елеулі орыналады, оның бүкіл ғылыми қызметтерінің бағытын белгілі бір арнаға салады. Шоқанмен жақынырақ танысқаннан кейін Семенов оның асқан дарындылығына, терең біліміне ерекше ықылас қойып, жас досының Петербургке барып , университеттік лекциялар курсын тыңдағысы келетін талабын қуаттай түседі. Сонымен қатар, Шоқанның Орта Азия мен Батыс Қытайға сапар шегу мақсатын да қызу қолдайды. Семенов екеуінің әңгімелері Шоқанға ұмтылмастай әсер етіп, жас ғалымды қанаттандыра түседі. Шоқанды Ресейдің сол кездегі ғылымның штабы – орыс география қоғамының толық мүшесі етіп қабылдау туралы ұсынып басқа емес, П.П.Семенов-Тянь –Шанскийдің жасауы кездейсоқ емес еді. [19. 33 б.]

Шоқан қырғыздардың арасындағы рулық жанжалды басумен шұғылданып, бұл халықтың тарихи мен сол кездегі жағдайын зерттеп жүрген кезде алыстағы Петербургке оның білімі мен дарындылығын Цин империясымен арадағы сауда және саяси қатынастағы түсініспеушілікті шешуге, атап айтқанда Ресей мен Қытай арасындағы сауда – экономикалық қатынастарды қалпына келтіруге пайдалану туралы мәселе шешіліп жатты. Шоқан Уәлиханов подполковник Перемышльский басқарған орыс курсатиялық  елшілігінің құрамына енгізіліп, тез арада қытайдың Құлжа қаласына аттандырылады. Ол Қытаймен екі арадағы сауда байланысын жақсартып, екі мемлекеттің достық – қарым қатынастарын орната отырып, Құлжа бірнеше күн болды. А.К.Гейнстың сипаттауы бойынша Уәлихановтың Құлжаға баруы “Тарбағатай келісіміне. Құлжа мен Шәушекте елшілік ашуға” негіз салады. [5. 49 б.]

1856-1857 жылдарды Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың ғылыми өмірбаянындағы бетбұрыс жылдар еді деп айтуға болады. Ол Түрнұсқалар мен әдебиеттерді зерттеу оқу жөніндегі күнделікті жұмыспен бірге, өзі еңбек жазуға кіріседі. Мерзімді баспасөзде оның тұңғыш мақаласы жарияланады. Мәселен, “Русский инвалид” газеті 1857 жылғы 10 наурызда оның “Омбыдан хат” деген мақаласын жариялады. Онда Шоқан Қазақстанның экономикасын дамытудың тамаша перспективасы туралы айтып, жұртшылықтың және үкіметтің назарымен бұл өлкенің мұқтандарына аударуға тырысады.          [19. 37 б.]

Жас Шоқанның географиялық және тарихи зерттеулері П.П.Семенов-Тянь –Шанский арқылы Петербург ғалымдарына белгілі болады. 1857 жылы 27- ақпанда Шоқан Уәлихановты Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылдайды.

1858 – 1859 жылдары Шоқан өзін ержүрек саяхатшы даңқына бөлеген атақты Қашқар саясатына аттанады. Марко Поло мен иезуит Гоестен кейін бұл елге тұңғыш барған адам Шоқан еді. [5. 54 б.] Көптеген бері орнығып қалыптасқан тәртіп бойынша Қашқарияның қақпасы ол кезде Европа ғалымдары үшін жабық еді. Белгілі ғалым географ Адольф Шлагинвейт Қашқарияға Шоқаннан бір жыл бұрын барып, бірақ Уәлихан төренің бұйрығымен басынан айрылады. [6. 85 б.]

Саудагер ретінде Қашқарияға енген Шоқан осы жерді жан – жақты зерттеп, оның саяси және экономиклық құрылысымен жақсы танысып, бұл елді ерте замандардан бері мекендеп келе жатқан автохтондардың тарихы мен этнографиясы жөнінде бай материал жинайды.

Қашқар саяхаты Уәлихановтың денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Ол бірнеше ай бойы науқасынан айыға алмайды. Ал Петербургте, Шоқанды және оның экспедицияның нәтижелері туралы есепті баяндамасын асыға күтеді. Уәлихановтың сапарының ең басты нәтижесі “Алтышаһардың немесе Қытайдың Ман Лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы туралы” деген күрделі еңбегі болды. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихи мен географиясы, әлеуметтік құрылысы жөнінде толық мағлумат беретін алғашқы ғылыми еңбек еді. [5. 61 б]

Саяхатшы – ғалымға сіңірген еңбегі үшін штабс – ротмистер атағы беріліп, орденмен марапатталады және ақшалай  сыйлық беріледі. П.П.Семенов – Тянь- Шанский, Е.Г.Ковалевский және Сыртқы істер министірі А.М.Горчаковтың қолдауымен Шоқан Уәлиханов ғылыми жұмыстармен айналасу үшін Петербургте қалдырылып, Азия департаментінің әскери кавалерия құрамында қалады.

Өзінің қысқа да, жарқын өмірінде Шоқан қазақ қоғамы мен шығыстану ғылымынң саласында өшпес із қалдырады. Европалық білім алған тұңғыш қазақ ғалымы үшін беймәлім шығыс елдерінің құпиялары өзінің есіктерін айқара ашып, алдыға қарай шақыра түседі. Алдыңғы қатарлы орысзиялыларымен таныс болған Шоқан ғылымға одан сайын ынталана түседі. Алайда ғылым жолы үнемі сәтті болмайды, оның тайғанақтары мен соқпақтары да кездеседі. Ғылымның соңынан ілескен жас Шоқан денсаулығын нашарлатып, өзінің даңқты, жемісті өмірін кенеттен күрт үзіп алады. Шоқанның өмірінің жұлдызы сөнгенімен, оның ғылыми еңбектері ешқашан өзінің маңызын жоғалтпас.

 1.2   ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы

     Қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өз халқының даму жолында жарқын із қалдырды. Шоқанның өмір сүрген уақыты патшалық Ресейдің Орта Азияға, Оңтүстік Қазақстанға аранын ашып, жалмап жұтуға ұмтылып кем жатқан дәуірімен тұстас келді. Бұл бір қалыпты, жайбарақат процес болған жоқ. Қазақстың ақсүйектері өзінің құқықтары мен үстемділігіне нұқсан келеді деп қауіптеніп, Ресейге қосылуға кедергі жасап бақты жер жерлерде жанданған ұлт – азаттық көтерілістер мен түрлі қарсылық әрекеттері Қазақстандағы Ресейден айыруға бағытталды. Патша үкіметінің отарлық саясатының нәтижесінде көшпелі қазақ жайылымдыққа қажетшурайлы жерлерінен айрылды. Бұл халықтың дәстүрлі құқықтарына қолсұғушылық болды. Отарлық әкімшілік тек осымен ғана шектелмей, ел ішінде феодалдық бытыранқылықты шиеленістіріп, халықтың дәстүрлі билік формасы – хандық билікті де жойды.Қазақ жері әкімшілік – территориялық бөлініске ұшырап, генерал – губернаторларға бағындырылды.

Ресей Қазақ Даласына ішкерлей енген сайын, көп сөзбастан түрлі әлеуметтік – саяси және әкімшілік – территориялық реформалар жүргізе отырып, олар енді толық отарлауға бағытталды. Қанаттың бір сілтеуімен, былайша айтқанда, ешқандай толқу мен қобалжусыз, 400 мың тұрғыны бар кең байтақ дала екі облысқа бөлініп, болашаққа деген үлкен үмітпен империяның құрамына толығымен берік құйылды! [7.311 б.] Патшалықтың далалық өлкені саяси басқару саласындағы өзгертулерін қорытындылай келе, Шоқан Уәлиханов, осы шаралардың нәтижесінде “Дала мүлдем жаңа келбетке ие болды” [7. 309 б.] деп қорытынды шығарып, бұл қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлеріне мүлдем қайшы болғандығын мойындайды.

Шеткі ұлт аймақтарының, соның ішінде, қазақ даласының, саяси және экономикалық дамуына әсер ететін оқиғалар Ресейдің өз ішінде жүріп жатты. ХІХ ғасырдың ортасында крепостниктік дағдарысқа байланысты Ресейде саяси және идеологиялық күрес ишеленісе түсті. Ресейдегі осы үрдіске пітрлік реформалар мен орыс кәсіпкерлігінің дамуы зор ықпалын тигізді. Ресейде осы тарихи кезеңде Европаның алдыңғы қатарлы идеяларының таралуына ғана емес, өзіндік жаратылысты – ғылыми, философиялық, саяси, әлеуметтік ойдың қалыптасуы мен дамуына қолайлы тамаша әлеуметтік – саяси және мәдени негіз қаланды 1816 жылы ақпан реформаларынан кейін түрлі идеялық ағымдар арасында крепостнойлық құқық жойылғаннан кейін ишеленісе түсті. [56. 55 б.].  ресейдегі, сондай – ақ Қазақстандағы саяси жағдайдың ишеленісуі Шоқан Уәлихановтың көзқарастарына әсер етпей қоймады. Шоқанның шығармаларында қазақ халқы өмірінің ең жанды мәселелері сөз болады, халқының таукіметін жеңілдетудің жолын іздейді. Шоқанды өз  халқының тарихы, қоғамдық құрылымы, саяси өмірі, білімі, кәсібі, имандылық қасиеттері әр уақытта толғандырды. Бұлар оның шығармаларының өзекті тақырыптарына айналды “Қазақ барлық  сенім, әдетімен де, ойын – сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар, өлең – жырлар жасауымен де, сауыққа құмарлығымен де, халықтық заңның көптеген кодекстерін сақтауымен де, соттық шешімдерімен де ең ақылдылардың қатарына қосылады”, – деп мақтанышты сезіммен жазады.   [6. 109 б.]

Сахарада болған уақыттарда Шоқан артта қалған ортағасырлық мешеуліктің мұнды көрінісіне, отарлаушы чиновниктердің жүгенсіз озбырлығы мен қазақ сұлтандарының, бай – феодалдарының заңсыз тағылығының зардабын тартып, екі жақтан бірдей езіліп отырған құқықсыз халық буқарасының қайғылы болмысына душар болды. Шоқан сол өз тұсындағы қазақ өмірінің шындығына көне алмайды да, үкімет орындарының өкілдері мен қазақ ақсүйектерінің арасынан шыққан солардың қолшоқпарларына қарсы, езушілікке қарсы күрес бастайды. [5.71 б.]

Бірақ  ол утопиялық идеяларға беріліп, “халықтың бақытын” жоғарыдан, “өкімет билігімен” орнатуға болады деген пікірмен теріс жолға түседі. Атбасар оқиғасы (1862 жыл), яғни, Атбасардың аға сұлтанын сайлаған кезде Уалихановтың осы орынға кандидатурасын ұсынуы, оның осы қатесін дәлелдейді. “Бір кезде менің өз отандастарыма пайда келтірейін, оларды чиновниктер мен қазақ байларының озбырлығынан қорағайын деп, сұлтан болсам ба деген ниетін де болған. Сондағы көбінесе ойлағаным – оқыған правитель – сұлтанның қандай пайдалы болатынын жерлестеріме өз ісіммен көрсету еді”, – дейді Шоқан өзінің Достоевскийге жазған хатында. [3.562 б.]

Шоқанның патша үкіметі тұсында демократиялық бостандық беріледі деп үміттенуі, әрине, бекер еді. Демократиялық бостандық алу үшін патша үкіметін жою керек, олай болмаған күнде езілген халықты ешкім де қанаудан қорғай алмайды. [3.71 б.]

Ресей мен Қазақстанның өзара жақындасуы тарихи қажеттіліктен туындағанын ол терең де, дұрыс түсіне білді және сол процесті өз халқын артта қалушылық пен жоқшылықтан мүмкіндігінше тезірек құтқаруға пайдаланбақ болды. [6.96 б.] Сонымен қатар Шоқан Уәлиханов қазақ жеріне өктемдік пен заңсыздық әкелген пашалық отаршылық үкіметті батыл сынаушы болды. Көптеген шығармаларында, әсіресе, орыс достарына жазған хаттарында қазақ халқының қараңғылығын пайдаланып, ашықтан –ашық тонап жатқан патша чиновниктері туралы өте ашына айтады. Ашықтан –ашық аямай сорады, – деп дала әкімшілігі жайлы ызамен жазады.

Шоқан Уәлихановтың патша үкіметінің Қазақстандағы шектен шығу әрекеті қазақ халқында болашаққа деген сенімсіздік тудыратынын және өткен үкіметтік форманы сақтап қалатынын түсінді: “Орыс басшыларының әрбір әрекетінен, – деп жазады Шоқан – қырғыздар басына қырсық, еркіне тежеу салынады деп түсінеді. Онысы түсініктіде, өйткені жер – жердегі заседательдардың әрекеті орыс басшылары осылай деген ой туғызады.        [8. 204 б.] Осылай дей тұрғанымен, Шоқан Уәлиханов қоғамды түбегейлі қайта құру үшін радикалды шаралардың қажет екенін түсіну деңгейіне көтеріле алмады. [2. 51 б.] Ол қырсықтың бәрі тек отарлық жүйеде ғана емес, патшалық әкімшіліктің жекелеген өкілдерінде екенін жете түсіне алмады. Осыдан келіп ол реакциялық чиновниктерді либералдық көзқарастағы адамдармен алмастыруға әрекет жасады.

Қазақ ауылдарының өміріне жіті көз жібере отырып, Шоқан өз шаруашылығынанайрылған кедейлердің бай туыстарына болмашы ақыға жалданып, ал олардың өзі болса, өз кезегінде, бұларды туыстық дәстүрді бүркеніп, аяусыз қанат отырғанын байқады. Жас ғалым кедей шаруалардың өз үй – ішін аштан өлуден сақтап қалу үшін өз балаларын бір табақ ұнға сатуға дейін баратынын ащы ашу – ызамен жазды. [21. 69 б.]

Езілген тапқа Шоқанның жаны қатты ашыды, олардың мүддесін қорғау үшін ол сын мақалалар жазып, осы арқылы қазақ даласына билік жүргізу жөнінде үкімет пен әкімшіліктің қабылдамақшы болып жатқан реформасының сипатына әсер еткен болады.

Шоқан өзі өмір сүрген дәуірді “Қазір ескі мен жаңаның арасында бірден байқала қоймайтын, бірақ өте қатал күрес жүріп жатыр. Бірі мұсылмандық шығысқа, екіншісі орысқа еліктейді”, – деп жазды. Патша өкіметі жүргізіп отырған түрлі экономикалық, саяси реформалар тек билет – төстеушілер үшін ғана пайдалы екенін жақсы түсінген ойшыл оның көздеген арам мақсатына қарсы шықты.

1802 жылы Шоқан Уәлиханов Сібір қазақтарының облыстық басқармасының қызметкері И.Е. Яценкомен бірге біраз жұмыс істеген. Ал И.Е.Яцеконың өзі 1852 жылы (70 жыл бұрын) қазақтардың заң жинағын жасау үшін шекаралық басқарманың комитет төрағасы болып тағайындалған. Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қоғамды жоғары таптық адамдары мен төменгі тап адамдарының бірталай мәселелерге көзқарастары қарама – қарсы болады. Қарапайым халық көбінесе өз мүддесін толық түсінбейді, саяси өмірге араласуы бояу. Сондықтан халықтық пікірдің қалыптасуы мыңдаған жағдайларға байланысты. Көзі ашық емес адам бала сияқты, өз пайдасын түсіне алмайды, көп жағдайда қателеседі, шындық пен өтірікті айыра алмайды. Қоғамдық мәселелер арасында халық реформаларындай маңызды мәселе жоқ. Барлық заңшылар мен реформаторлар қоғамдық пайданы көздейді, ал әр түрлі ғасырларда қоғамдық пайда әр түрлі түсіндіріледі.

Шоқан Уәлиханов өкімет билігінің бір топ қазақ феодалдарының мүдделеріне емес, халық бұқарасының мүдделеріне сай келетін түрін іздейді. “Султандар мен билердің пікірлері қадір тутуға тіпті де лайық емес, – дейді Шоқан, – өйткені түгел бір ұлттың мүдделері, шын әділдігіне келгенде”, жеке сословиелік топтың көретін пайдасынан анағурлым жоғары тұруы керек.      [9. 497 б.]

Дегенмен Шоқан Уәлиханов қоғамды бай мен кедей деп бөлуден әрі аса алмады. Ол қоғамның тапқа бөліну негізін ғылыми түрде дәлелдей алмады, реформаның ең тиімді жолын мойындай келе, көпшілік қауымның мәдениетін арттыру басты мақсат екенін айта отырып, Шоқан Уәлиханов қазақ халқының қараңғылығы мен көрген қорлығын еске алып қайғырады. Бірақ ол революциялық әрекет етуге бармайды. Шоқан халықтың ауыр халін баяндаумен тынады, еңбекші бұқараның халін жақсартуға оқу- ағарту, бүкіл таратудан басқа да әрекеттер борын көріп – біле алмады.

Шоқан Уәлиханов көшпелі халықтардың оның ішінде қазақтардың халық өмірінде малдың рөлін өте жоғары бағалаған ғалымның мұндай тұжырымдарын патшаның қазақ даласындағы жерді пайдалану жөніндегі саясатына қарсы жазған “Қазақтардың қонысы туралы” деген хатында айқын  аңғартады. “Біздің жерімізді өлкелерге бөлу, қысқы және жазғы жайылымдарды жеке рулар мен балардың қарамағына беру мал шаруашылығына зиянын тигізетін себептердің бірі болып саналуы тиіс”.

Сонымен бірге, Шоқан қазақ халқының кең сахарада өрістетіп мал өсірудегі ғасырлар бойы қолданылып келген шаруашылық әдістеріне тоқталады және олардың жылдың әр мезгілдеріне сәйкес  жерлерінің болуын талап ететінін айтады. Бұл ретте ол мындай қорытындылар жасайды: мал қыстатуға ықтасын орманды, қамысты жерлер керек болса, ал жазда суы мол дала тиімді. Сөйтіп, көшпелі мал шаруашылығына бейімделген халыққа өте кең жердің керектігін Шоқан тарихи – экономикалық  тұрғыдан дәлелдеді. [32. 63 б.] “Айталық, Кіші жүз қазақтары, – деп жазды ол, – жазда Орынбор маңайы мен Мұғалжар тауларын мекендесе, қысты Сыр бойында және Борсық пен Қарақұм далаларында өткізеді. Орта жүздің қазақтары бір жазда Семейден Перойцкіге дейін барып, қайта оралатын”. Бұған қоса, Шоқан бұл кәсіпті халық шаруашылығының басқа салаларымен, әсіресе, егіншілікпен ұштастырса ғана жемісті өркендейтінін көре білді. Ол, “Егеншілік келешекте жалпы халықтық іс болуға тиіс” – деп көрсетті. Өткені, егіншілік көшпелі халықты отырықшылыққа бейімдейді, оларды жемісті еңбекке тәрбиелейді.

Тарихи деректерге көз салсақ, Қазақстанның оңтүстік аудандарында егіншілік ерте заманнан үйреншікті кәсіпке айналғаны мәлі. Алайда елдің орталық, солтүстік аудандарында егіншілікке жете көңіл бөлінбейді. Соның салдарынан жер жырту әдістерінің өзі өте төмен, жабайы сатыда болды.

ХІХ г. орта кезінде әр жүздің қазақтары Ресейге әр түрлі салықтар төлеп келді. Мысалы, кіші жүздіктер жыл сайын түндік басына 1 сом 50 тиыннан күміс ақша есебімен үй салығын төлесе, ал орта жүздіктер әр жүз мал басынан бір мал төлеп отырды. Ал кейбір жерлерде көлік беру салығы деген түрлері де болды. Бұл салықтардың түрімен бұға, салмағы да ауырлай түсті. Мысалы, 1822 жылы “Сібір қазақтарының Ережесі” бойынша салық көлемі жоғарылап, әр жылқыдан 18 сом, сиырдан 8 сом, қой ешкіден 1 сом күміс жиналатын болады.

Шоқан өзінің салық туралы мақалаларында мұндай жағдайлардың заңсыз екндігін дәлелдеуге тырысады. Әсіресе, ешбір заңға симайтын “көлік міну салығына” қарсы шыққан. Қазақтардың көлік міну салығында ешқандай тәртіп болмайтын – деп көрсетті ол : “Чиновниктердің көпшілігі қазірдің өзінде бір  сапардың үстінде 40-60 жылқы алады және иелеріне ештеңе төлемейді. Кейбір лауға алған аттарды қайтармай кетуі де жиі кездеседі. Патша чиновниктерінің осындай бассыздық пиғылдарын көрсете келіп, Шоқан өкімет орындарынан олардың жолсыздық істерін қатаң жазалауды талап етеді”.

Шоқан байлар өкіметінің озбырлығы мен зорлығына қарсы күресуге тырысып, өз кандидатурасын Атбасар округінің аға сұлтандық қызметіне ұсынады. Бірақ сайлауда жеңгенімен, оның кандидатурасын генерал – губернатор О.И.Дюгамельбекітпеді, өйткені оны жемқорлар мен бюрократтардың тобыры үшін қауіпті адам деп санады. [20.52 б.]

ІІ.   Шоқан Уәлиханов –  қазақтың алғашқы шығыстанушысы

  1. І Шоқан – қазақ деректанушысы

 

Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын ең алғаш кең зерттеген отандық ғалым. Шоқан – үш жүздің басын қосқан даңқты Абылай ханның шөбересі, Ұлы даланың төл перзенті. Оның бойындағы асыл қасиеттер түркі халықтарының үзілмей келген салт – дәстүрінің, рухани болмысының, өскен ортасының жемісі. Болашақ ғалым дала уіліне, ана уіліне, түркілердің елдіге мен ерлігіне әлдиленіп өсті. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын арқау, аялы өзек болған фольклорды қадір тұтты. Шоқанның өзінен кейінгі европалық оқымыстылардан айырмашылығы қазақ шындығын әркімнен естіген қауесет әңгіменің ізімен емес, өз көзімен көріп, өз санасында қорытып, елдің өз өкілі болып тексеруінде еді. ХІХ ғасырдың ортасында Орта Азия мен Қазақстан халықтарының бұрынғы және кейінгі халін дәл Шоқандай жете танып жазған ғалым сирек.

Шоқан қоғамдық сахнаға шыққан кезде Қазақстан жерінің айтарлықтай бөлігі Ресейдің боданына айналып, ежелден еркін өскен ел өзгеге кіріптар болған тұс еді. Патшалық Орта Азияға, Оңтүстік Қазақстанға аранын ашып, жолмап жұтуға ұмтылып келе жатқанда Шоқан бұл озбырлыққа тосқауыл болар күштің жоқ екенін түсінді. Өйткені дәл осы жылдарда қазақ халқының тәуелсіздігі үшін арыстанша алысқан кемсоры Қасымұлы бастаған қозғалыс патшалық құрған зұлымдық тарына арандап, ақыры трагедиясымен біткені, ендігі жерде Ресейдің самсаған қарулы қолына қарсы тұрар күш қалмағаны белгілі еді. Басқыншылар қазақ – қырғызды жарылқайын деп, жүрегі елжіреп келмегені мәлім. Олар жергілікті жұрттарды өздерінен төмен санады, қалыптасқан мәдениеті, дәстүрі бар елдерді жабайыларға теңеді. Ресейде табанына түскен ұлттар мен ұлыстарға деген евроцентристік көзқарас үстем болды. Мұндай жағдайда қазақ пен қырғыздың өзгелермен терезесі теңел екенін “тарих арқылы” ғана дәлелдеу мүмкін еді. Сондықтан Шоқан фольклордан, шежіреден, аңыздан, мифтерден қазақ – қырғыз халықтарының бір кездегі ар намысты жауынгер бейнесін көргісі келді. Шоқанның ауыз әдебиетін мақсатты дәйекті түрде іздеуінің, ескі ескерткіштерден ұлы мағысна табуының сыры осында деп білеміз. Ол өзінің бір еңбегінде “Егер Гомердің поэтикалық аңыздаулары, Геродоттың естіп алып, жазып қалдырған аңыздары азды – көпті тарихилық мәнге ие десек, егер әрбір шала- пұла қисынсыз аңыз- әңгімелердің өзінің негізінде оқиға мен шындық жатады десек, қазақтардың ұнамды және жүйем аңыздауларында тарихи мән болуы шүбәсіз” [4. 388 б.] – деген еді. Шындығында да, қазақ, қырғыз аңыздары мен әпсаналарында тарихтың хронологиялық ізі болмаса да, сорыны анық сақталған. “Көшпелі халықтардың, – деп жазды Шоқан Уәлиханов өзінің қырғыздар туралы бір еңбегінде, – және жалпы жазуы жоқ тайпалардың тарихы үшін басты түрнұсқа олардың жартылай ойдан шығарылған аңыз – ертегілері және олар тоқайласқан мәдениетті халықтардың, ең алдымен қытайлардың, арабтардың жылнамаларындағы үздік – үздік хабарлар болды және бола береді”. [6. 346 б.]

Шоқан Уәлиханов ерте заманда айбынды мемлекеттік құрылымдары болған елдердің неліктен кейінгі ғасырларда өзгелерге бағынышты халге түскенін ресми құжаттардан да, аңыз – әңгіме, шежірелерден білгісі келеді. Өзінің түр атасы Шыңғыс хан, бергі атасы XVIII ғасырда қазақ жерін жоңғар жаулаушыларынан азат етуге басшылық еткен, көзінің тірісінде Ресейдің де, Қытайдың да ырқына көнбеген Абылай хан болып келетін Шоқанның мұндай мәселені зерттеуге ерекше мүдделі болғандығы түсінікті.

Шоқанға дейін қазақ жұртын ешқашан байсалды ғылыми зерттеудің нысанасы болып көрген емес Ливешеннің “Қазақ ордасы мен даласының сипаттамасы” мен Броневскийдің “Орта жүз қазақтары жайындағы жазбалар” тәрізді еңбектерді айтпағанда, ауызға аларлық этнографиялық, әдет – ғұрыпты сиппатарлық мақалалар жоқ. Шоқанның өзі аталған кңбектердің тәп – тәуір екеніне қарамастан, талап – тұрғысынан келсе, олардың өзі де орта қолдыдан төмен жатыр деп есептеді. [5. 49 б.]

Шынында да, қазақ сияқты көшпелі жазу – сызды жоқ, өткенінен ешқандай ескерткіш қалмаған халықтың түп – тегі қайдан шыққанын айқындау оңай емес. Көшпелі халықтардың тарихы мен шығу – тегі туралы мәселе ешқандай мағлұмат пен деректің боямауынан зерттеуге қиын соғатынын, кейде тіпті әралуан бұлдыр болжамдарға жетелейтінін Шоқан жоққа шығармаған. Дегенмен, халықтың этнографиясын мұқият зерттей отырып, ақиқатын ашпағанымен де, белгізісдіктің қараңғы тұманына сәуле себездейтің саңлау тапты. Бұл қазақ жұртының жырдостан, аңыз – әңгімелері.

Шоқан Уәлиханов өзінің досы, орыстың көрнекті ақыны А.Н.Майковқа жазған хатында: “Бізде (қазақтарда) тарих жоқтығы мәлім” – деп жазады. Бұл тұжырым шындықтан алыс емес еді. Қазақ ұлты өз тарихын негізінен найзаның ұшы, білектің күшімен, елімен жерінің тәуелсіздігі, тұтастығы үшін хандары мен батырларының төккен қанымен жазды. Ол қазақ халқының ауыз әдебиетінде, оның эпос -–дастандарында үлкен пафоспен, патриоттықпен жырланып отырды. Сондықтан да Шоқан қазақтың қажырлы да қайратты, көреген, кемеңгер хандары мен айыбынды батырлары туралы халықтың ауыз әдебиетінде көп көңіл бөлді.

Шоқан Уәлиханов мәліметтерді әртүрлі түпнұсқалардан ала отырып, оларды тексеруге, көрсетілген мәліметтерді салыстырып отыруға тырысты: “Біреуінде айтылғандарды басқа ертегіде айтылғандармен үйлестіру, бұлардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті анықтау аса қиын, дегенмен болжа м жасамайынша, топшылаусыз шешуге болмайтын ауыр жұмыс”.      [6. 496 б.]

Жас зерттеуші фактілерді талдап және салыстыра келіп, әр түрлі этностар мен халықтардың күтпеген жерден жоғалып кетіп, немесе соншалықты күтпеген жерден пайда бола қалып жатқан оқиғалардың қымқиғаш ишеленісінен ол халықтар мен мемлекеттердің “жайылып кетпегенін” , әдетте басқа атпен өмір сүріп жатқанын көре білді. Этностар мен тайпалар, деп жазды ол “өздерінің көшіп – қонстарын үнемі өзгерте отырып, түрлі атпен: өз ұрпақтарының ру атымен, біресе күшті, беделді рулардың ұжымдық атымен аталды. Бір рулар күшейіп, басқаларды өзіне қосып алып, оларға өз атын берді хундар, ойхорлар және моңғолдар тайпаларының одағы осылай жасақталды. Басқаның қысымымен бір ұрпақтың миграциясы жаппай қозғалып, жаппай қоныс аудару түғызды” . [6. 346, 360 б.]

Шоқан Уәлиханов қазақ халқының этногенезі мәселелерімен көп шұғылданды. Өзінің “Қазақтың ру – тегі”, “Қырғыз – қайсақ Үлкен Ордасының аңыз – ертегілері”, “Жоңғар очерктері” деген зерттеулерінде ол бұл қиынды, ол кезде аз зерттелген мәселені шешуге тырысады. Қызмет бабымен ел аралаған сапарларында, демалыста жүргенде ол аңыз – ертегілерді білетін көне – көз адамдарды тауып, оларды жазып алды. Шоқан әсіресе олардың қазақ деген халықтың шығуы туралы мәліметі барларына, белгілі бір рулар мен тайпалар аттарының этимологиясына, тұңғыш дербес қазақ мемлекеттігінің, қазақ халқының құрылу жағдайлары мен себептеріне айрықша көңіл бөледі. Әлі кадет корпусының шәкірті болып жүргенде – ақ, ол Қазан университеті шығыс факультетінің профессоры И.Н.Берізинге жазған хатында қазақ халқы Алтын Орданың соңғы хандарының бірі Бердібек (1357-1359 ж) өлгеннен кейін, ордада басталған өзара қырқыстың кезінде әр түрлі түрік және моңғол тайпаларының одағынан пайда болды, бұл Фердауси жазған көне заманның халқы емес. Батудың әрбір ұрпағы хан болғысы келді, бұл үшін оның халқы болуға тиіс болды. Менің ойымша, осылайша Қырым, Қазан хандықтары, Сарай ордасы, өзбек -–шейбанилар және қазақтар одағы пайда болды. [6. 122 б.]   Шоқан кейінірек бұл идеяны толықтыра түседі. Мәселен, “Қазақтардың ру тегі” деген еңбегінде ол бұл ойын айқынырақ  тұжырымдайды: “Қазан, Қырым және Астраханьхандықтарының құрылар алдындағы аласапыран дәуірде Алтын орда мен Шағатайдың тонаушылық пен шапқыншылықтардан бөлініп, жан – жаққа ыдырап кеткен тайпалары өздерінің көшіп – қонып жүрген жерлеріне өз құқықтарын сақтап қалу үшін одақтар құрды, сөйтіп Шыңғыс руынан бір төрені өздеріне шақырып, оны хан көтерді. Осылайша әр тайпа, рулардан саяси жеке қоғам құрылды… Сарайшықты Ноғай, Ташкентте, Мағұл ұлысы, Сейхун дарияның аржағындағы далада Қазақ ордасы құрылды”.[6. 205 б.]

Шоқан Уәлиханов қазақ халқының қалыптасуында миграцияның, сол сияқты бұрынғы Шыңғыс хан империясын астан – кестен жасаған саяси аласапырандардың рөлін дұрыс көрсете отырып, ішкі факторлардың жерін жете бағаламады. [21 64 б.]  Алайда бұл білімнің сол кездегі дәрежесіне сәйкес келді.

Шоқан қазақ ұлтының тегін сонау ежелгі дүниемен сабақтастырады. Өзінің “Қазақ шежіресі” деген еңбегінде “Қазақтардың ру – руға бөлінуі бұрыннан кем жатқан дәстүрден ауытқымайды”, – дей отырып, оны “патриархалдық – рулық тұрмыс – саят” деп бағалайды. Ол қазақ деген ортақ атаудың аясына қаңлы, қыпшақ, манышқылы, керейттер, үйсіндер, жалайыр, найман, керейлерді, қоңыраттарды кіргізе отырып,  қаңлы, қыпшақ сияқты телеурінде түркі руларын шығыс тарихшылары аты аңызға айналған көне, сонау оғыз заманымен байланыстыратын, Әбілғазы ханның шежіресінде қаңлы моңғол шапқыншыларына дейін Ыстықкөл жағасынан Шу, Талас өзендерінің бойына дейін билік құрып тұрғанын, ал қыпшақтар 400 жыл бойы Еділ мен Жайық, Танаис (Дон) өзендері бойын мекендегенін, ол жер Қыпшақ даласы аталғанын талассыз тарихи факт ретінде қарап, оны мақтаныш сезімімен жазады. [5. 109 б.]

Шоқан қазақ тарихына байланысты қытай деректерін де зерттеген. Соған сүйене отырып, ол үйсіндердің Ұлы жүз жеріне біздің жыл санаушымыздан екі ғасыр бұрын келіп қоныстанғанын айтады.

“Қазақ” сөзінің шын төркіні, мағынасы зерттеушінің назарынан тыс қалған жоқ. “Қазақ халық поэзиясының формасы туралы” мақаласының түсініктемесінде ол былай деп жазады. “Көне заманда “қазақ” деген сөз ерікті және еркіндікте деген мағынада кездеседі. Қазақтар Азияда пайда болып, дамып, орыстарға татарлар арқылы тарағандығына күмән жоқ” деп атап көрсетеді. [21.66 б.]

“Қазақ немесе алаш елінің о бастығы шығу-тегі қайдан деген сұраққа халық арасындағы жыр дастандардан қанағаттанарлық тәп-тәуір түсінік алуға болады”,- деп тұжырымдайды да, сол жыр- дастандарға сүйіне отырып, “темірдің Тоқтамыс ханға қарсы жорығы 1392 жылы басталса, сол жылы қазақтардың алғашқы ханы – Алаш пен оның балалары өлтірілсе, шамамен мөлшерлеп, Алаштың XIV ғ . орта шенінде ғұмыр кешкені анықталды” – деп қорытады. [5. 111 б.] Қазақ қоғамы туралы ойларын орбіте келе Шоқан “қазақтардың көшпелі еркін тірлігі” Азияда дүниеге келді. “Шайбанинама” деректеріне қарағанда “қазақ” деген жаңа қауым адамары құрметті, отырықшылардан рухани жоғары деген ұғымда баяндалады, – деп тұжырымдайды. [60. 109 б.] Еркіндіктің символы – қазақ деген атты мақтаныш тұтқан деп қорытады. Шынында да, қазақтар отырықшы қырғыз, өзбек, татар туыстарына қарағанда еркін, аз қаналатын. Шығыс Түркістан ұйғырлары мен өзбектердің әкімдері мен бектерінің халықты аяусыз қанап, шексіз билік жүргізіп отырғанын көрсете келе, оны қазақ қоғамындағы саяси- әлеуметтік жағдайға қарама- қарсы екенін талассыз деректер келтіре отырып жазады. Өзінің көзімен көрген қырғыздар елінің әлеуметтік күйін былай салыстырады: “Манап үкіміне шек жоқ, ол қара бұқараның өктем әміршесі, сатам десе де, асам десем де ерік өзінде. Бұл жағынан алғанда манаптар қазақ сұлтандарына мүлдем қарама-қарсы шығып отыр: халықтың тарихи естеліктеріне қарағанда, сұлтандардың, заң бойынша, әуел бастан- ақ әмір ету құқықтары болса да, олардың үкіміне ру басыларының кеңесі, қара бұқараның уәкілдері әрқашан да шек қойып, тежеп отырған. [5. 215 б.] Шоқанның осы пікірінен қазақтың көшпелі қоғамында демократиялық дәстүрдің елеулі орын алғанын көреміз.

Абылай заманын зерттей отырып, Шоқан XVIII ғ. алғашқы онжылдықтары “Қазақ халқының өмірінде өте бір ауыр кезең болды. Жоңғар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары мен башқұрттар қазақ ұлыстарын жан-жақтан ойрандап, малдарын тонап, қазақтарды үй-іштерімен түгел алдына салып айдап кетіп жатады”, – деп тарихи ақиқатты ағынан ашып береді. Шоқанның осы тарихи деректерінің өзі көп нәрсені аңғартады. Біріншіден, қазақ қоғамының сол тұстағы ауыр халі негізінен сыртқы факторларға, жаугершілікке байланысты болғанын көреміз. Екіншіден, патша өкіметі қазақ хандықтарын өзіне бағындыру үшін тура басып алу саясатын жүргізуден бұрын өзіне тәуелді майда халықтарды қазақ даласына айдап салып отыру саясатын табандылықпен үздіксіз жүргізіп отырған. Үшіншіден, Ресей империясын құруда, басқа елдерді жаулап алуда қазақтардың патша өкіметінің басты қолшоқпары болғаны да аңғарылып тұр.

Шоқан Абылайдың ішкі саясатында патша өкіметінің ұлттар мен майда халықтарды бір-біріне айдап салу амалын қолданғанын да көрсетеді. Ол: “Абылай балаларына қазақ руларының арасындағы даулы мәселелерді ешқашан да толық шешпеуге кеңес береді, өйткені тек келіспеушілік пен араздық қана хан билігінің мызғымас тірегі бола алады деп санайды”,-деп жазды.

Шоқанның айтылған пікірлерінен Абылай заманында қазақтар отарлық бұзауға әлі түсе қоймаған егеменді ел болғанын көреміз.

Шоқан заманында қазақ халқын толық шырмап алған Ресейдің отарлық буғауына Шоқан өзінше наразылық білдірді. Шоқан орыс армиясының офицері, императорлық географиялық қоғамның мүшесі болғанымен, өзінің туған халқының саяси-әлеуметтік күйіне патша өкіметінің отарлық саясатының ауыр зардабын көріп, оны сынайды.

Сол кездегі тарихи жағдайларды зертте, талдай келе және өз халқын жақсы да, жетік білген Шоқан Ресей үкіметінің назарын қазақ еліне аударуға көп күш салады. Сол мақсатпен ол: Ресей империясының қарамағындағы бүкіл бұратана елдердің ішінде сан жағынан, және сірә, болашақта өркендеуі жағынан да бірінші орын алатын біздің қазақтар, біздің халқымыздың орыстардың көпшілігінің ойлағанындай соншалықты тағы және соншалықты дөрекі емес. Дұрысын айтқанда, қазақ халқы орыс патшалығының өте-мөте бейбітшілік сүйгіш, демек тағылығы неғұрлым кем бұратаналарының бірі”,-деп, қазақ еліне өзінің тарихи орнына қарай лайықты, дұрыс қарау қажеттігін айтады. [60. 111 б.]

Сонымен, қазақтың тұңғыш деректанушысы Шоқан, өзінің тарихи танымдарында туған халқының жай- күйін, мүддесін өзекті мәселе етіп қойды. Шоқан халықтың болашағын ойлағанда, оның өткен тарихының асыл қазыналарын жоғалтып аламыз ба деп мазасызданады. Сол асыл  қазыналарға ол халықтың басынан өткен тарихи жайларды көп жасаған  ақсақалдардан ыждаһаттап үйреніп, маңызды оқиғаларға қатысты улағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайтындығын, ол нақыл сөздердің мәні өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнеге, тәлім-тәрбиелік, патриоттық мазмұнда болып келетінін жатқызады. 

2.2.  Шоқан саяхаты және тарихи-жағрапиялық зерттеулері 

Шоқан Уәлихановтың есімі орта Азия мен Қазақстанды географиялық зерттеуде көрнекті орын иеленеді. Ол сол кезде Ресей үшін бейтаныс шығыс елдеріне қауіп-қатер мен қиындықтарға толы бірқатар саяхаттар жасап, шығыс халықтарының географиясы, тарихы, этнографиясы, фольклорын зерттеуде нәтижелі ғылыми еңбектер қалдырды.

Шоқан Уәлихановтың Орта Азияны, Қазақстанды және Шығыс Түркістанды зерттеуші ретіндегі ғылыми жетістіктерін әлемдік ғылым мойындады. Оның еңбектері орыс, ағылшын, неміс пен француз тілдерінде басылды. Оның ғылыми еңбектерінің арасында Жетісу, Ыстықкөл, Тянь-Шань мен Шығыс Түркістанды тарихи- географиялық шолуға арналған зерттеулері зор қызығушылықты тудырады. Орта Азияны зерттеу оның арманы болып, осы іске бүкіл өмірін арнайды.

Шоқан оқыған Сібір кадет корпусы өз заманының ең жақсы оқу мекемелерінің біріне жатты. Мұнда кең жалпы білім беретін профиль болды. Оқу бағдарламасы, басқа пәндермен қатар, жалпы география, Ресей географиясы, жаратылыстану ғылымдарын қамтыды. Географияға пән ретінде сондай-ақ этнография мен антропология, түрлі адам нәсілдерін оқу тілдер классификациясы енді. Ресейдің экономикалық географиясы статистиканы қамтып оқытты. Азия елдерін зерттеуге көп көңіл бөлінді. Қазақстанның географиясы кадет корпусында негізінен әскери- стратегиялық жоспарда оқытылды.

Жүріп өткен жерлерінің қасиеттеріне байланысты Шоқан өз саяхаттарын екі кезеңге бөледі: бірінші кезең оның жоңғарияда өткен жолын қамтиды, яғни Жетісу, Теріскей Алатау өлкелері мен Ыстықкөл маңы. Осы жерлердің физико- географиялық сипаты Шренк, Влангали, Семенов пен Голубевтің зерттеулерінен жақсы таныс деп есептеп, оларды өзінің зерттеулерімен толықтырады.

“Менің саяхатымның екінші кезеңі Сырдария өзенінің басты сағасы Нарын өзенінің жоғары ағысынан басталады, бұл Семенов азаматының осы меридиандағы саяхатының шегі, одан әрі менің алдымда мүлдем. “Terra inkognita”, ешкіммен зерттелмеген жер созылды” – деп жазады Шоқан.         [6. 402 б.]

Саяхаттың осы кезеңі географиялық ашуларға толы болды. Оның жолсапар очерктері аралаған аудандардың қызықты географиялық очерктері болып табылады. Мұнда ландшафтты бақылау, флора мен фаунаның сипаттамасы, өзен торлары мен көлдердің сипаты бар. Олар схемалық карталармен жетеленеді. Сонымен қатар, Шоқан өсімдіктердің, жануарлардың, тау жыныстарының жинақтарын, түрлі реликвияларды жинайды.

Шоқан аралаған елдерін зерттеуде олардың географиясын, тарихын, этнографиясын, әдеби ескерткіштерін, дәстүрлерін, тұрмысы мен адамдарын біртұтас алады. Тек сонда ғана ел туралы толық тұтас түсінік алуға болады деп есептейді. [3. 135 б.]

Елді сипаттауда Шоқанда географиялық очерк жетекшілікке ие болды. Мысалы, “Қырғыздар туралы жазбаларда” территорияның, шекаралардың мұқият сипаттамасы берілген, Тянь-Шань мен Ыстық көл бассейнінің физика- географиялық жағдайлары толығырақ сипатталған. Шығыс Түркістанның өзен- көлдері, жануарлар мен өсімдіктер әлемі жайлы зерттеулер сол заманғы ғылым үшін жаңалық болды.

Шоқан Уәлихановтың зерттеген аудандарының географиялық шекараларын дәл белгілеу ұмтылыстарын атап өту қажет. Ғалым шекараларды орнатуда белгілі бір аймақтың физика- географиялық жағдайларын негізге алады және оның құрамдас бөліктерін – ландшафт, климат, флора мен фаунасын сипаттайды.

Зерттелетін өлкенің географиясын қарастырғанда Шоқан ең алдымен жер бетінің құрылымы мен ауданының жалпы табиғи жағдайларының ерекшеліктерін анықтайды. Семей өлкесінің сортаң сусыз жазықтары, Арқатүстірті, Жоңғар Алатауы мен Солтүстік Тянь- Шаньның жазықтары мен қыраттары жайлы бақылаулары осындай болып келеді.

Шоқанның Ішкі Тянь-Шаньның рельефін бақылауы қызықты осы ауданның морфологиялық типін ол платотәрізді немесе Шоқанның айтуынша, сырт деп анықтайды. Рельефтің осындай типі Қашқар меридианынан шығысқа қарай жатқан жерлерге тәндеп атайды. Тұңғыш рет географиялық әдебиетте Шоқан Тянь-Шань сыртын ашады және оның табиғи мен климаттық ерекшеліктерің, орографиясын дәл сипаттайды.         [3. 136 б.]  Оның ойынша, Тянь-Шань сырты Заукин асуынан Теректі- Даванға дейінгі кеңістікті қамтып, биік, таулы, төбелі елді білдіреді.             [7. 234 б.]  Ол 4000 метр биіктікте орналасып, климатының қатаңдығы осы факторымен анықталады.

Іс жүзінде Шоқан Қашқарға сапарында Орталық Тянь-Шаньның жоталарымен оны меридиан бойынша солтүстіктен оңтүстікке кесіп жүріп өтті. Осы жолында ол ғылым үшін бірқатар белгісіз жерлерді ашып, олардың сипаттамасын берді. Осындай жерлерге Жетім, Шоқы, Чохр-қорым тауларын, Иджеге мүйісін, Нарын, Қарасай, Қаракөл өзен жазықтарын және т.б. жатқызуға болады. Жетім Шоқы сланецті, сазды және кремнийлі жыныстар мен диариттен тұрады, эктас пен құм кездеседі; таңғажайыбы гранит не гранит сынықтары да, тастар жоқ” – деп жазды Шоқан. [7. 180 б.]

Шығыс Түркістанның географиялық шолуын Шоқан жер бетін сипаттаудан бастайды. Кіші Бухара жазық сипатына ие ойпатты білдіреді, ашық және Эргол өзенінің ағысы бойымен біршама шығысқа еңіскен. Елдің ішкі бөлігі құмды шөл, ол Янисар мен Жаркент ортасында тар төбелі жол ретінде басталып, біртіндеп шығысқа қарай кеңейе түсіп, өсімдіктері жоқ, ащы сулы қоры бар. Кең құмды Гоби шөліне айналады, мұндағы құмдардың үйілген төбелерінің биіктігінен, түземдіктер оларды “таг” (тау) деп атайды. Тек сумен қоректенетін жерлер ғана құнарлы жер аралдарын құрайды. Үш ұлы тау тізбектері – Аспан (Тәңір) таулары, Болар мен Кун-Лунь Шығыс Түркістанды зор доғамен қоршайды. Шоқан осы тауларды елдің шегінен тысдеп есептеп, олар туралы жолдар мен асулар туралы әңгімелеуге байланысты ғана айтады. [7. 265-266 б.]

Шоқан Уәлиханов өзінің еңбектерінде Жоңғар Алатауы, Солтүстік және Ішкі Тянь-Шаньның өзен торларына қатысты маңызды мәліметтер хабарлайды. “Ыстықкөл сапарының күнделігінде” ол қазақстандық өзендер Аягөз, Ақсу, Лепсі, Іле, Шілік, Шарын және т.б. туралы қызықты мәліметтер келтіреді. Өзендердің  жалпы сипаттамасымен қатар Шоқан олардың жазықтарының морфологиясын, ағыстарының сипаттамасын береді, климатын, жануарлар мен өсімдіктер жемін сипаттайды. “лепсі Алатау жоталарынан бастау алып, Балқашқа құлды. Оның суы терең, жағасында қалың тоғай өседі. Шынар, көктерек, қызылтал, жиде, шілік сияқты бұталы ағаштар көп. Соғасы қалың нар қамыстан көрінбейді. Бұл өңірдің ауа-райы әрқалай. [7. 113 б.]

Таулы өзендердің бастаулары мен сағаларын ғалым керемет дәлдікпен береді. Оның хабарлауынша: “Шілік өзені Алатаудан бастау алады.Батысқа қарай ағып, содан терітік шығысқа ойысып, Іле өзеніне құяды. Оған құятын салалар көп. Оң жағынан келіп Көгентар, Деле-Қарағай бұлақ, Сүтті бұлақ , Асу-Сарыбұлақ, Саты және Қарыбұлақ, сол жағынан – Үшбұлақ, Текежан, Жіңішке, Асы өзендері құяды. [7. 144 б.]

Алатау өзендерінің бастаулары осындай мұқияттылық пен дәлдікпен Шоқанға дейін, сондай –ақ содан кейінде ұзақ жылдар бойы ешкіммен сипатталмады. Осы тұрғыдан Шоқан алғашқы ашушылар қатарына жатады. [3. 139 б.]    Ол беретін мәліметтер қолда бар мәліметтерді толықтырды және түзетті. Осындай сипаттаманы зерттеуші Сырдария, Шу, Талас және Іле өзендеріне де береді.

Шығыс Түркістанның өзендері туралы құнды мәліметтерді Шоқан Уәлиханов Алтышара туралы еңбегінде келтіреді. Ғалым Кіші Бұқардың өзендері Тарымқол өзен жүйесіне жатады деп көрсетеді. Олардың ең бастылары – Ақсу, Дария, Файзабад- дария, Яркенддария мен Хотандария. Шоқан олардың бастауларын, сағаларын, ағысын сипаттайды. Шығыс Түркістанның барлық өзендері өздерінің жоғары ағысында тау ағыстары сипатына ие, олар терең болмағанымен, тасты түбінде жылдам ағысқа ие. Шілде мен тамызда сулар қар ерігеннен кейін айтарлықтай көбейеді, бірақ өзендер жылдың барлық маусымдарында өтуге қолайлы.

Орта Азия мен Қазақстанның көлдерінің арасынан Шоқанның назарын Алакөл, Балқаш пен Ыстықкөл аударады. “Алакөл мен Балқаш көлдері ертерек уақытта бір-бірімен байланысып жатқан көрінеді, өйткені бүгінде, көктемгі су тасулар кезінде Алакөл, қырғыздардың айтуынша, Балқашпен сортаң өзекпен тікелей жалғасып жатады” – деп жазады ғалым. [6. 396 б.]

Қашғардан қайтар жолда Шоқан биік таулы көл Шатыркөлді ашады. Оның ауданын да Шоқан шамамен кереді: ұзындығы 10 км, ені 20, абсолюттік биіктігі 2100 метр.

Шоқан Уәлихановтың өсімдіктер мен жануарлардың географиялық таралу ерекшеліктерін бақылаулары қызықты. Ыстықкөл сапары кезінде ол орнитологиялық және энтомологиялық жинақ жасайды.

Қазақстан мен Солтүстік Тянь-Шаньдағы сапарларын қорытындылай келе, Шоқан осы аудан өсімдік жамылғысымен ерекшеленбейтіндігін атап өтеді. Жазықтың флорасы қырғыз даласының оңтүстік бөліктеріндегідей, ал таулы бөлігі біраз альпілікке ұқсас деп көрсетеді. Тянь-Шаньның солтүстік беткейінің флорасы әр түрлі. Нарын өзенінің жағалары мойыл, терең, шілік ормандарыга оралған.

Кіші Бұқар жазығына құлайтын Аспан тауларының оңтүстік беткейі Ақсу меридианынан батысқа қарай сазды сланец, конгломераттан тұрады. Осы беткейдің жалаңаш жартастары кей жерлерде шөлтер Шоқтарына ие. Кіші Бұқар жазығының ішкі бөлігі шөл дала. Мұнда сексеул өсімдігі  ғана кездеседі.

Құлжадан Қашқарға сапары кезінде  саяхатшы Верныйдан Құлжаға маршрутының Алтын Емел мен Орталық және Солтүстік Тянь-Шань асулары арқылы бөлігін суретке түсіреді. Ол Құлжаның планын, Зауа өзенінің жоғары ағысының схемасын, Тянь-Шань сыртының схемасын, Қашқар мен оның төңірегінің схемалық пландарын және т.б. салады.

Карталардың бірқатарын Шоқан сапарға дайындық тұсында тарихи деректерді зерттеу негізінде жасайды. Олардың қатарына “Тарихи- Рашиди” кітабының негізінде жасалған.  Моғолстанның схемалық картасы, И.Габдулмажитовтың Ыстықкөлден Қашқарға маршруты жатады.

Петербургте болған кезінде (1859-1861) Шоқан бірқатар карталарды қарастырып, оларға түзетулер енгізіп, Бас Штабтың тапсырмасымен бүкіл Орта Азия мен Шығыс Түркістанның картасын салумен айналысты. Осы карталарды құрастыру жұмыстарында Шоқан көптеген тарихи құжаттарды, өткен жылдардағы түрлі сипаттағы карталарды пайдаланды, сонымен қатар ғылыми әдебиеттер мен өзінің зерттеулеріне сүйенді.

Шоқан Уәлиханов Құлжа қаласының планын, Балқаш көлі мен Алатау тауы арасындағы кеңістік картасын, Іле өзенінің төменгі ағысының картасын, Іле сырты өлкесінің батыс бөлігінің әскери сызба картасын салады. [3. 145 б.]

Түйіндей келе айтатынымыз, өзінің бүкіл ғұмырын Европа елдері үшін беймәлім болып келген Азия елдерін ашуға арналған қазақтың дарынды ұлы Шоқан өзінің саяхат- зерттеулерінде шығыстану ғылымына зор үлес қосады. Аралаған жерлерінің географиясы, этнографиясы, тарихы жөнінен қалдырған мәліметтерінің көпшілігі бүгінгі таңда да өзінің ғылыми құндылығынан айрылған жоқ. Шоқанның сызған  схемалық карталары негізінен оның маршрутының сызбасы болғандықтан, қазіргі ғылымның талаптарына сәйкес емес. Бірақ өз заманы үшін бұл үлкен жаңалық болды. Шоқан Европалық адамның аяғы баспаған Қашқар немесе Алтышаһар туралы, Қытай империясының Батыс өлкесі және Құлжа қаласы туралы ғылыми құнды мәліметтер қалдырып, отандық тарихтан тамаша саяхатшы- зерттеуші ғалым ретінде есімін қалдырады.

Қорытынды 

Қазақ халқының ұлы Шоқанның өмірі қысқа болса да, жарқын мезгілсіз қаза оған өзі ойлаған жұмыстардың тіпті аздаған бөлігінде оның атқарып үлгеруіне мүмкіндік бермеді. Алайда он жылдың ішінде атқарып үлгерген жұмыстарының өзі бізді. Шоқанның ғажап қабілеттілігі, білімге құштарлығы, ғылыми проблемаларды кеңінен қамтып, терең талдай білуі алдында бас иіп, таңдай қағуға мәжбүр етеді. Оның ғылыми мұрасы әлі де жеткілікті зерттелген жоқ. Бұл үшін Шоқан Уәлихановтың білімнің әр түрлі саласына – археологияға, нумизматикаға, лингвистикаға және т.б. салаларға қосқан үлесі анықтайтын арнаулы нақты зерттеулер қажет. Егер біз қазақ ғалымының отандық және дүниежүзілік шығыстану ғылымына қосқан үлесін қысқаша топтан айтуға тырысатын болсақ, онда бұл баға мен қорытындының толық және түркілікті екеніне елегурін артпай-ақ, мыналарды айтуға болады.

Шоқан Жетісу, Қырғызстан, Шығыс Түркістан сияқты ол кезде ғылымға мәлім емес елдер мен жерлерде болып, тарих, этнография, география, әдебиет, Орталық Азияның бұл аудандарының саяси жағдайы бойынша бірегей әрі жан-жақты материал жинаған тұңғыш европалық білім алған ғалым  болды. Ол жинап әкелген материалдар Орта Азияның, Қазақстанның картасындағы “ақ таңдақтың” көлемін азайтуға мүмкіндік берді.

Шын мәнінде Шоқан Уәлиханов алғашқылардың бірі болып, ғылыми айналымға тарихи түрнұсқалардың ғалымдарға бұрын беймәлім қабатын қазақ және қырғыз эпостарын, аңыз – ертегілерін енгізді, оларды жинап, зерттеуге өз өмірінің едәуір бөлігін арнады.

Сондай-ақ шығысты зерттеуші қазақ ғалымы Азияның түрік халықтары-қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар және басқа халықтар тарихының этногенез, әлеуметтік құрылым, саяси жағдайы, шетелдік басқыншыларға  қарсы ұлт-азаттық қозғалысы сияқты бірсыпыра түйінді мәселелерін, Орта Азия, Шығыс Түркістан және Қазақстан халықтарының өміріндегі ислам дінінің рөлі туралы мәселені бірінші болып байқап зерттеді. Шоқан Уәлиханов бұл проблемаларды көтеріп қана қойған жоқ, сонымен бірге жалпы алғанда тарихи ғылымның сол кездегі даму дәрежесінің,атап айтқанда, Азияның бұл өңіріндегі түрік халықтары туралы білімнің біршама төмендігіне, зерттеу тәсілдерінің жетілмегендігіне қарамастан, ол көптеген ғылыми мәселелер бойынша өз замандастарына қарағанда, жалпы алғанда әлде – қайда дұрыс баға бере алды. Бұған оның сұлтандық білімі мен азиялық рухы да көп септігін тигізді.

Шоқан Уәлиханов қазақ халқының санасы оянып, оның маңдайалды орыс және европалық мәдениетке иек артуына зор қызмет істеді. Баспасөз бетіндегі жарқын да жолында мақалаларында және өзінің омбылық пен петербургтық достары мен таныстарының ортасындағы сөздерінде ол демократиялық бағытта алдыңғы қатарлы орыс жұртшылығының ынта-ықыласын қазақ халқының мұң-мұқтажына аударуға, орыс және қазақ халықтарының достығын нығайтуға тырысты.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

  1. Әбуев Қ. Қазақстан тарихының “ақтаңдақ” беттерінен. А: “Қазақстан” 1994 ж. 143 б.
  2. Әтішев Ә “Ш.Уәлихановтың социологиялық және мемлекеттік – правалық көз қарастары” А: “Ғылым” 1974 ж. 294 б.
  3. Бейсенова А.С., “Исследование природы Казахстана” А: “Қазақстан” 1979ж. 243 б.
  4. Бердібай Р., “Ел боламыз десек: Ұлт тағдыры туралы толғау” А: “Қазақстан” 2000 ж. 398 б.
  5. Валиханов Ч., “Таңдамалы” А: “Жазушы” 1985 ж. 560 б.
  6. Валиханов Ч.Ч., “Собрание сочинений в 5-ти томах” Т.1. А: Каз.Сов.энциклопедия.
  7. Валиханов Ч.Ч., “Собрание сочинений в 5-ти томах” Т.2. А: Каз.Сов.энциклопедия.
  8. Валиханов Ч.Ч., “Собрание сочинений в 5-ти томах” Т.3. А: Каз.Сов.энциклопедия 1985 г.
  9. Валиханов Ч.Ч., “Собрание сочинений в 5-ти томах” Т.4. А: Каз.Сов.энциклопедия.
  10. Валиханов Ч.Ч., “Собрание сочинений в 5-ти томах” Т.5. А: Каз.Сов.энциклопедия 1985 г. 528 б.
  11. Валиханов Ч.Ч., “Записка о судебной реформе” А: “Әділет” 1999 ж. 99 б.
  12. Дулатова Д., “Шоқан – тарихшы” А: “Қазақстан” 1982 ж.
  13. Зиманов С.Д., Атишев А.Б., “Политические взгляды Чокана Валиханова” А: “Наука” 1965 г. 321 б.
  14. История Казахстана: с древнейших времен до наших дней в 5- ти томах Т.3. А: “Атамұра” 2000 ж. 766 б.
  15. Қанафияұлы Н. “Ұлы Дала және Шоқан” А: “Өнер” 1997 ж. 104 б.
  16. Мұқтарұлы С. “Шоқан және өнер” А: “Өнер” 1985 ж. 312 б.
  17. Маргулан А. “Великие ученые средней Азии и Казахстана VIII – XIX вв”
  18. Сатбаева И.К. “Чокан Валиханов – филолог” А: “Ғылым” 1987 ж.
  19. Сегизбаев О.А. “Казахская философия XV начало XX вв” А: “Қазақстан” 1996 ж.
  20. Сүлейменов Р.Б., Моисеев В.В. “Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы” А: “Ғылым” 1985 ж. 112 б.
  21. Стрелкова Н.К. Валиханов (2-е изд. доп) М: “Мол. гвардия” 1990 г. 298 б.
  22. Чокан Валиханов и современность (Сборник материалов Всесоюзной научной конференции)

Мерзімді басылымдар тізімі: 

  1. Абдрахманова Ш. О просвитительстве и демократизме Чокана Валиханова // Мысль 1998 г. №2 80-81 б.
  2. Абдрахманова Ш. “Ұлы ғалымның тағы ой қыры” // Ақиқат 1997 ж. №2 90-91 б.
  3. Әуезов Ә. Шоқанның Қарқаралыға екі сапары // Жас Алаш 2002 ж. 16 ақпан 5- бет
  4. Бекниязов Т. Дала жиһанкезі // Жас Алаш 2002 ж. 9- мамыр 4- бет
  5. Бекниязов Т. Шоқан бастаған жолсапар очеркі // ҚазМУ хабаршысы журналистика сериясы 2000 ж. №9 73-79 б.
  6. Бікебаева И. Ш.Уәлиханов – ғалым – ағартушы // Қазақ тарихы 2001 №5 73-75 б.
  7. Дулатов М. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов // Қазақ тарихы 1994 №6 27 б.
  8. Дгуреп Я.К. Русское окружение Чокана Валиханова: Люди. События. Факты // Вопросы истории№ 2002 №1
  9. Елшынбеков С., Сабденалиева А. Шоқан – табиғат зерттеушісі // Атамекен 2001 ж. 22 маусым 4 б.
  10. Еркімбеков З. Шоқан Уәлиханов шығармалары // Қазақ тілі мен әдебиетьі 1999 ж. № 11-12 44 б.
  11. Жексембин Б. Ұлы Шоқан ірі ұрпаққа үлгі // Қазақстан мектебі 2002 ж. №3 49-52 б.
  12. Ивлев Н. Арабские биографии. Встречи Ч. Валиханова с Семеновым – Тянь – Шанским // Простор 1982 г. №1 139-151 б.
  13. Ивлев Н. Первое издание сочинений Ч.Валиханова // Простор 1983 г. № 7 113-120 б.
  14. Ивлев Н. Я буду говоить откровенно (Ч.Валиханов и Г.А. Колпаковский) // Простор 1995 г. №9-10 141-149 б.
  15. Ивлев Н. Поборник просвещения. Новое о Чокане // Простор 1993 №10
  16. Касымжанов А.Х., Уразбеков А. “Ч. Валиханов – ученый и мыслитель” // Вопр. философии 1984 г. №5 124-130 б.
  17. Касымжанова А.Х., Абрамов М.В. Чокан Валиханов // наука в СССР 1987 г. №6 112 б.
  18. Қарасбаева З “Ш.Уәлиханов – ұлы ғалым” // Қазақ тарихы 1998 №4-5 70-75 б.
  19. Көкенов С. “Қазақ ағартушы ойшылдарының дүниетанымдық мұралары” // Биология. География. Химия 2002 ж. №2 18-23 б.
  20. Көрпебаев Қ. “Ұмытпаңдар мені” // Егемен Қазақстан 2001 ж. 26 қыркүйек 11 б.
  21. Конысбаева А. “Ш. Уәлиханов о духовной и материальной культуре казахов” // Ұлағат 2001 г. №6 57-63 б.
  22. Макунин Ю. Встреча с Валихановым // Слова 1996 г. № 9-10 24-26 б.
  23. Маргулан А. “Русские и западноевропейские ученые о Ч.Валиханове” // Вест. АНКазССР 1985 г. №8 3-12 б.
  24. Мизанбаев Р. Шоқан салған суреттер // Қазақстан мектебі 1999 ж. №3 41-45 б.
  25. Момынова Ш. Вклад Ч.Валиханова в развитие русского востоковедения // Отан тарихы 2001 г. № 2 50-58 б.
  26. Момынова Ш. Шоқан және Ұлық ұлыс // Қазақ тарихы 2000 ж. № 4 29-31 б.
  27. Муканова З.А. Ориентализм в произведениях Ч.Валиханова // Вестн КазГУ сер. филолог 2001 г. № 11 60-67 б.
  28. Муканова З.А. Вкропление из восточных языков в произведениях Ч.Валиханова // Вестн. КазГУ сер. востоковедения 2001 г. № 1 72-74 б.
  29. Мұхамедиұлы М. Ғалымдардың ғажайып достығы // Үш анық 2000 ж. Шілде 3 б.
  30. Мағауин Е. “Едіге” жыры және Шоқан // Жұлдыз 1992 ж. №3 182 б.
  31. Нурышева Г. Ш. Уәлиханов адам және оның өмірінің мәні туралы философиялық көзқарастары // Қазақстан жоғары мектебі 2001 ж. №2  203-208 б.
  32. Өтекнизов С. Шоқан және Шыңғыстау // Ақиқат 1996 ж. № 9 73-75 б.
  33. Сатбаев Е. Ч. Валиханов и античные памятники // ВВШ Казахстана 1998 г. № 2 44-46 б.
  34. Стрелкова И. К 150- летию Ч.Валиханова // Вопросы истории 1986 г. № 1
  35. Сулейменов О. Шоқан // Ақиқат 1996 ж. №4 50 б.
  36. Ударцев С. Ч.Ч. Валиханов во всеобщей георафии // Простор 1985 г. №9 203 б.
  37. Үнсенова Т. Ш. Уәлиханов отбасы және неке хақында // Қазақ тарихы 1996 ж. № 4 19-21 б.
  38. Шәмшәтұлы И. Шоқанның тарихы танымдары жайында // Қазақстан жоғары мектебі 2000 ж. № 6 104-112 б.
You May Also Like

Аскөктің пайдасы, ғылыми жоба слайд

Сабынды қолдан жасау технологиясы, ғылыми жоба

МАЗМҰНЫ І. Кіріспе ІІ.  Негізгі зерттеу бөлімі 2.1 Сабынның шығу тарихы 2.2 …

Періштенің көйлегі – иткөйлек, ғылыми жоба

«Періштенің көйлегі» атты ғылыми зерттеу жұмысына  Пікір -иткөйлек туралы мол мәліметтер,тың ақпараттар…

Қазақ хандығының құрылуы, ғылыми жоба