«Арқалық қаласы әкімдігінің  білім бөлімінің

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін гимназиясы» ММ

Тақырыбы:

«Ұлы Шоқан  ізі  – ұрпаққа үлгі»

Секция: « Шоқан шежіресі  және Шоқан жүрген жолдар шежіресі»

Мазмұны

І. Кіріспе                                                                                                                         1-2

ІІ.Негізгі бөлім

2.1. Шоқан шежіресі                                                                                                      3- 4

2.2. Шоқанның Ыстықкөл,Құлжа және Қашқар саяхаттары                                     5-9

ІІІ.Қорытынды бөлім                                                                                                     10

Rіріспе бөлім

Көркем ойдың тарихи маңызын терең ұғынып, оны ғылыми зерделеген Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың еңбектерін жан-жақты, жүйелі зерттей түсуді уақыттың өзі талап етіп отыр. Ғалым шығармалары дәуір рухымен үндес, пікірлері күні кеше немесе дәл бүгін айтылғандай тың, құнды. Әдебиетімізді, тарихымызды, мәдениетімізді терең түсіндіруді көздеген ұлы ғалым өзі бас болып, сол әдеби мұрамыздың шынайы мәнін ғылыми негіздеуге арналған зерттеулер жазды. Қазақтың халық поэ­зиясына алғаш теориялық талдау жасады. Ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін қалады.
Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы аз жазылған жоқ. Сырттай қарағанда бәрі де зерттелген сияқты. Әйтсе де, ғалымның төл әдебиеттануға тікелей байла­нысты еңбектерінің әлі де ашыл­маған қырлары жеткілікті. Тап мүддесі дейтінді желеу еткен отаршылдық пиғыл Шоқан шы­ғармаларынан да кемшіндік табуды талап еткен кездер болды. Кеңестік шектеу саясаты ұлттық әдебиеттану ғылымының дамуына, сондай-ақ, шоқантануға да зиянын тигізді. Қазан төң­керісіне дейін жарияланған қазақ басылымдарындағы Шоқан жайлы материалдар кеңестік дәуірде пайдаланылмады, сынға ұшырады. Алаш арыстарының ол туралы жазғандары ескерусіз қалды. Ғалым жоғары бағалаған «Едіге» жырын сөз етуге тыйым салынды. Оның шығармаларының ана тілімізде толық жарық көрмей, түрлі сылтаулармен бүркемеленіп келуі де талай құпия қатпарлардан сыр аңғартса керек. Бүгінде көне жазбалар, пайдалануға тыйым салынған әдебиеттер жарық көре бастады. Оларды Ш.Уәлихановтың әдеби мұрасын талдау барысында кеңінен пайдалануға, сөйтіп, оқымыстының ғылыми еңбектерін тиянақты зерттеуге мүмкіндік туды. Шығыс ойшылының жан-жақты ғалым болғанын замандастары ерте таныды. «Современник» журналы 1864 жылғы 102-нөмірінде «Ш.Уә­лихановтың қабілеттілігі және жігерлілігі сонша, Сібірде тұра­тын бұратана халықтар арасында бұрын-соңды ондай адам болған емес», деп жазды. Қашқар сапарынан алып қайтқан аса мәнді деректерінің 1860-1861 жылдары орыс, неміс баспасөздерінде жариялануы, «Жоңғар очерктерінің» және Қытайдың батыс өңірі жөніндегі шығармаларының 1865 жылы ағылшын тілінде Лондонда басылып шығуы ғалым есімінің кең таралуына септігін тигізді. Батыстың зиялы қауымы қазақ оқымыстысын «Ресей туралы ғылыми танымдар мұрағаты» журналының (ағылшын және неміс) басылымдары арқылы білді. «Абылай» атты мақаласы орыс ғалымдары мен әдебиетшілері құрастырған, 1861 жылы шыққан «Энциклопедиялық сөздікте» басылуының елеулі мәні болды. Француз географы, әлемдік жиһангер Элизе Реклю «Жер және адам» деген он тоғыз томдық ең­­бегінде Шоқанның есімін П.П.Се­меновпен  қатар қойды.

Шоқан Шьңғысұлы Уәлихановтың (1835—1865) есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық-ғылыми ойының тарихында заңды түрде құрметті орын алды. Осынау бір аса көрнекті ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтарының география, тарих, этнография, фольклор салаларында айтарлықтай толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді және сол бір кезде сыры-қыры ашылмаған беймәлім елдерге асқан қауіп-қатерге белді буып, батылдықпен саяхат жасады.[1]

Ш. Ш. Уәлихановтың география саласындағы саяхатшылық, әрі творчестволық қызметіне ерекше түрғыдан қарауымыздың өзіндік себептері бар. Шындығында да, біз басқа зерттеушілердің қызметін сөз еткенде олардың Қазақстан территориясының белгілі бір бөліктерін ғана географиялық жағынан танып білу ісіне қосқан үлесін баяндаумен шектелсек, ал Ш. Ш. Уәлихановқа жалпы мағынасындағы аса зерделі географ-саяхатшы ретінде қараймыз.[4]

Шоқанның туған өлкесін зерттеп білуге деген құмарлығы кадет корпусының қабырғасында пайда болған. Жазғы демалыс кездерінде ол далаға, Көкшетау өлкесінің көрікті жерлерінің бірі — өзінің туған ауылы Сырымбетке барып тұрған. Бұл сапарларынан ол зор қанағат тапқан, қазақ халқының өміріне жітірек зор салып, халық өлендерін, аңыздарын, ертегілерін жазып алған, елдің тұрмыс жағдайы мен табиғатын суретке салған. Табиғатты қаз қалпында суретке түсіруді Шоқан халық өмірін көз алдыңа айна қатесіз елестетудің бірден-бір оңтайлы кұралы деп есептеген. «Демалыс күндерінде ауылда салынған суреттерді» (І847—1852) ол негізінен Құсмұрын мен Сырымбетте жасаған.[1]

Шоқан құс салып, аншылық құрумен де кұмарта айналысқан. «Кадет корпусының ақырғы курстарында,— деп жазды Г. Н. Потанин,— мен казақ даласының географиясы мен этнографиясына қызыға ден қойдым. Сонда Шоқан талай-талай әңгімелерімен менің дәптерлерімді толтыруға жәрдемдесті… біз қазақтардың суңқармен аң аулауы туралы қызықты да мол мағлұматтарды дәптерге түсірдік… ол жалықпай майын тамызып айтып отырды, мен жазып отырдым. Сосын ол менің жазып алғандарымды суреттермен көркемдеп, сұңқардың томағасын, тұғырын, дабылдатқышты, дәрі сауытын, мылтықты және т. б. Салды. Сол бір сәттен бастап екеуіміз айырылмастай дос болдық біздің ғылыми мүдделеріміз де өне-бойы қабысып жатты, екеуіміз де ортақ бір мақсатты — қазақ даласы мен Орта Азияны зерттеуді армандадық».

2.1. Шоқан шежіресі                                                                         

1856 жылы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Ыстықкөл, Құлжа саяхатына, ол кезде бүкіл Алатау алқабын, Жетісу өлкесін билейтін полковник Хоментовскийдің әскери-ғылыми экспедициясынын, құрамында шықты. Хоментовский Ыстықкөлді топографиялық картаға түсіре бастағанда Шоқан одан бөлініп кетіп, қырғыз халқының тарихын, ауыз әдебиетін, ән-күйін, салт-сана, әдет-ғұрыпын беріле зерттеді.
Бұдан кейін ол Россия империясының, оның ішінде сыртқы істер министрлігінің арнайы шығарған жарлығымен осы жылдың август айында Қытай шекарасынан өтіп, Құлжаға елші болып барды.[1]

Шоқанның Ыстықкөл, Құлжа саяхаты зор табыспен  аяқталды. Атап айтқанда ғалым

саяхаты бұрын дүниежүзі ғылымына беймәлім қырғыз халқы туралы бай материал берді.

Бұл халықтың, XVII ғасырға дейін Енисейден бастап Саян, Алтай таулары арқылы Тянь Ша ньға дейін көшіп жүргенін, онан соң жолды ойраттар басып алып, өткізбеген соң сол тауда мекендеп қалғанын анықтады. Сондай-ақ атақты «Манас» жырын жазып алып, үзінділерін орысшаға аударып жариялады, Шоқан зерттеуіне дейін қырғыз, қазақ халқын ешбір айырмай бәрін де «қырғыз» деп келсе ғалым: «Бұл екі халықтың тіл жағынан да, үрім-бұтақ, әдет-ғұрып жағынан да айырмасы бар» деп атап көрсетті. Ш.Уәлихановтын, Ыстықкөл, Құлжа саяхатының материалдары негізінде жазған «Ыстықкел саяхаты», «Қытай империясының батыс провинциясы Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы», тағы басқа еңбектері бізге қолжазба түрінде жетіп, совет дәуірінде ғана кең жарияланды.               Ш. Уәлихановтың үшінші саяхаты. 1858-1859 жылдары Шоқанның, жасырын түрде барып, европалықтарға қақпасы жабық болған Қытайдың батыс провинциясы «Алты шаһарды»— алты қаланы зерттеп қайтуының дүниежүзілік маңызы болды. Өйткені бұл өңір бұрын ғылымға беймәлім еді.Өйткені сол тұста Ресей дүрбелеңдерге байланысты үзіліп қалған еді.негізгі мақсаты-екі ел арасындағы қарым қатынасты қалпына келтіру. Ендігі жердегі орыс саяхатшыларының экспидициясына да осында биік міндеттер жүктелді. Экспидиция мүшелері мұқият зерттеліп іріктелді. Бұл жөнінд генерал –губернатор Г:Х.Гасфорт Ресей әскери министріне : «Бұл тапсырманы орындау мәселесіне байланысты шенеулікті таңдағанда, мен өзімнің ерекше тапсырмам бойынша поручигім Уәлихановқа тоқтадым. Бұл қазақтың беделді сұлтаны, қазіргі Көкшетау округінің ағасұлтаны Шыңғыс Уәлихановтың ұлы, Сібір Кадет корпусында тәрбиеленген,үкіметке қалтықсыз берілген, өте талантты офицер. Оған толық сенуге болады. Бұған қоса ол ортаазиялық өңірлердегі қазіргі жағдаймен, оның тарихымен терең танысты. Мұсылман ретінде  де орыс шенулігінен бұрын өз діндестерінің сеніміне ене алады»,-деп жазады.

Шоқан аса жауапты әрі қауіпті іске Азияны зерттеуге бел байлады. «Әлімбай» деген лақап атпен  жай саудагер керуенші емес, керуенбасы ретінде барады. Үстіндегі офицер киімін шешіп, азиялықтардың киімін киеді. Сөйтіп, Шоқанның сырт келбеті шығыс елінің саудагерлеріне ұқсап шыға келеді. Сонан Қашқарияға сапарға шығады. Ол жөнінде  Шоқан жол дәптеріне: «Шығыс Түркістан шекарасына жеттік,27 қыркүйек,1958 жыл» деп жазады. Шоқан зерттеу барысында мынандай ерекшеліктерге назар аударды:

Қашқария тарихы, экономикасы,этнографиясы, саяси өміріне қатысты мол деректер жинап, ол туралы зерттеу еңбектер жазды. Бұл сапарда жиналған материалдарды «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қалаасы», «Жоңғария очерктері» атты еңбектерінде  пайдаланылады

Шоқанға дейін онда тек қана кезінде Марко Поло, Иезуит Гассен және неміс ғалымы Шлагинвейттер болған-ды. Бірақ бұлардың бірде-бірі «Алты шаһар» туралы ешбір елеулі ғылыми деректер бере алмады.

2.2. Шоқанның Ыстықкөл,Құлжа және Қашқар саяхаттары                              

Қашқарияда болған кезде Шоқан халық өмірімен танысып, дүние жүзіне беймәлім болып келген алты шаһарды («Кіші Бұхараны»)ашты:

Алты шаһардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Мәселен сол кезде Яркентте еркектерді құлдыққа, әйелдерді күңдікке сататын болған. «Алты шаһар бейне бір ғияван сахарада суалып, тынысы тарылып бара жатқан өмір сияқты. Ондай жағдайға ұшыратушы мұсылман дінінің салдары»,— деп жазды Шоқан.
«Қашқарияда» бір орыс офицері жасырынып жүр-міс» деген лақап алты шаһарға тарап кетеді. Тіпті ол лақап Орта Азия хандығының қол астындағы әкімдердің құлағына да шалынады. Сезік тудырып алған Шоқан елге оралуға асығады. 1859 жылы 11 мартта Мұсабай керуеніндегі әріптестерімен қоштасып, елге қайтады.
Шоқанның бұл сапарынан алып қайтқан өте құнды этнографиялық, экономикалық, географиялық, геологиялық тағы басқа материалдарының маңызы айрықша. Бұл жинаған ұшан-теңіз материалдардын, ішінде, бұрын ешбір европа ғылымына белгісіз сұлтан Сутек Богде ханның «Тазкиран» деп аталатын шежіресі, Тоғақ Темірханның шежіресі, «Хажылар тарихнамасы», «Абумуслим мауризи» аттас қымбатты ескі шежірелер, тағы басқа сирек кездесетін шығыстың мұралары, кітаптары, қисса-хикаялары көп еді. Сондай-ақ тау жыныстарының минералды заттардың, коллекциясы, ескі киім-кешек үлгісі, жергілікті халықтың, этнографиясын танытатын әртүрлі бұйымдар, бағалы заттар да көп болды.[3] Сейтіп, Шоқан 1859 жылы 12 апрельде Верный қаласына қайтып келді. Науқас меңдеткен ол қалада біраз тынығады. Кейін Петарбургке шақырылды. Ғалымдар алдында өз саяхаты туралы есеп берді, астана қауымын қазақ жерімем таныстырды. Петербургте қызу қызмет атқарып, астана өміріне араласты, талантты жас ғалымның, ғылыммен шүғылданып, қоғам жұмысына қатысуын достары қызу қуаттады. Ол көп уақыт орыс интеллигенттерінің арасында болды.
Шоқан Петербургте Генералдық штабтың, әскери ғылым комитетінде, Азия департаментінің география қоғамында қызмет істеді. Ал қызметтен бос кезінде университетке барып, көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдады. Генералдық штабта Шоқан Орта Азия мен Шығыс Түркістанның, Балқаш пен Іле Алатауы аралығының, Ыстықкөлдің, Құлжа қаласының карталарын жасады. География қоғамында атақты неміс географы К. Риттердің, еңбегін баспаға әзірледі. Орта Азия мен қазақ жерінің географиясын, этнографиясын жазды, бұл жайында қоғам мүшелеріне лекция оқыды.
П.П.Семенов Тянь-Шанский, Г.Н. Потанин, Ф. М. Достоевскийлер Шоқанды астанада көптеген ғалымдармен, ақындармен, жазушылармен таныстырды. Олар талантты жас қазақ жігітінің ғылыммен шұғылданғанын көрді. Шоқан география қоғамында А.Н.Бекетовпен, Т.П.Ковалевскиймен, Ф.Р.Остен-Сакенмен, И.И.Захаровпен, тағы басқа көптеген ғалымдармен танысып, олармен бірге қызмет атқарды. Шоқанның Петербургке әкелген әр жақты материалдарын көптеген ғалымдар: А. Ф. Голубев, Д. И. Романовский, П. П. Семенов — Тянь-Шанский, М. И. Венюков, Ф. Р. Остен-Сакен, Е.П.Ковалевский, А.А.Татаринов, П.И.Лерх, тағы басқалар пайдаланды.
Шоқанның жаңашыл, демократиялық көзқараста екенін білген патша Александр II оның еңбегін бағалау былай тұрсын, оны астыртын қуғын-сүргінге ұшыратты. Оның үстіне ауру меңдеген ғалымның, қызу жүріп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын, сүйікті достарын қалдыруына тура келді. Сөйтіп, Шоқан астанада не бары бір жарым жыл тұрып, 1861 жылы қазақ даласына оралды. Туған жердің таза ауасы дертке дауа болар деп ойлаған еді.
Шоқан елге келген соң науқастығына қарамастан біржола ғылыммен шұғылданды,

Кезінде патша шенеуніктері Шоқан Уәлихановтың ғылыми бастамаларына кедергі жасап, Қашқар экспедициясының нәтижелерін төмендетіп көрсетуге тырысты. Сөйтіп, Шоқан Уәлиханов кейінгі кезде патшалық отаршыл саясаттың қатыгез де айуандық әрекеттеріне орай жұмыс жасағысы келмей 1864 жылдың шілде айында М.Г.Чернияевке наразы болып Верный қаласына қайтады. Сонымен сапар барысындағы өзі танып жеткен, аяқ ізін салған жерлердегі ұлт тағдырына қатысты болған мәселелер мен қазақ даласының тұнып тұрған тың байлық көздерін, бағалы тарихи мұраларын қаламынан қағыс қалтырмай, болашақ ұрпақтарға жеткізуге құлшына кірседі

Қашғарияға сапарынан кейін Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің арнайы шақыруымен Петербургте келіп, сонда бір жылдай тұрып ғылыми жұмыстармен айналысады. Алайда туберкулез ауруы меңдегендіктен Петербургтен елге, Сырымбетке оралады. Туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досы Достоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмайды. Шоқан қарсыласынан көп дауыс алып жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның халық арасында ықпалы мен беделі зор болып кетеді деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен бас тартты» деген өтірік сылтаумен аға сұлтандыққа бекітпей қояды. [2]

1864 жылы наурыз айында Шоқан полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеата жорығына қосылады. Орыс империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресей қарамағына бағындыру мақсатын көздеген бұл жорыққа аудармашы, жергілікті халықпен бейбіт мәмілегерлік келісімдер жасау үшін қатысқан ол, полковник Черняевтің Әулиеатаны (қазіргі Таразды) алу кезінде шәһар халқына жасаған жауыздығын көргесін, ренжіп, кейін қайтады. Содан Верный (қазіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылында (бұрынғы Талдықорған облысы, жазда Күреңбел жайлауы, қыс кезінде Алтынемел асуының күнгейі) тұрақтап қалады. Сонда Тезектің немере қарындасы Айсарыға үйленеді. Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады. [4]

1863-64 жылдары Шоқан Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысып, бұл реформаның елге тиімді, пайдалы болу жағынан қарастырады. Осы кезде Шоқан «Сот реформасы туралы жазбалар» атты өзінің атақты еңбегін жазды. Оның: Біздің заманымыз халықтың нағыз мұң-мұқтажына тікелей қатысы бар, халыққа ең маңызды, ең керекті реформа – экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформа сол экономикалық реформаларды жүзеге асырудың құралы есебінде жүргізілмек, өйткені әрбір адам және бүкіл адам баласы өзінің өрлеу жолында түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол мақсат – өзінің тұрмысын жақсарту.
Прогресс дегеніміздің негізінің өзі – біз осы тұрғыдан алып қарасақ, адамның тұрмысын жақсартуға жағдай туғызатын реформалар ғана керекті де, ал осы мақсатқа қандай болса да кедергі келтіретін реформалар болса, ондайлар халыққа зиянды, керексіз реформа болып табылады» – деп жазды. Бұл пікірдің біздің заманымыздың бүгіні мен ертеңі үшінде қашанда құнды, бағалы болып қала беретініне дау жоқ. Сол кездің өзінде Шоқанның миллиондаған халық тағдырына ерекше жанашырлықпен қарап, мәселенің дұрыс шешілуін армандағанын көрсетеді. «Бізге, қазақтарға, облыстық бастықтар үстірт қарауды әдетке айналдырған», – деп көрсете келіп, Шоқан реформа мәселесіне аса зор жауапкершілікпен қарап, бұған қарапайым (дәулетсіз) қазақтарды қеңінен қатыстырып, олардың пікірлерімен санасу керек екендігін, реформаны ақсүйектер емес, қалың бұқараның тілек-мүддесіне сай жүргізу керектігін талап етеді. Бұл еңбегінде Шоқанның қазақ қоғамының экономикалық, саяси, рухани жағдайлары және қазақ халқының болашақ даму негіздері мен жолдарына терең талдаулар бере отырып, ең бастысы өз халқының болашағына үлкен сеніммен қарағанын көреміз. 1864 жылы наурыз айында Ш.Уәлиханов Оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу жөніндегі полковник М.Т.Черняевтің әскери экспедициясына шақырылады. Бірақ, жергілікті халықтарға Черняевтің, оның әскери қызметкерлерінің көрсеткен озбырлығы мен қаталдығына наразы болып, бөлініп кетеді.
Шоқан қырғыз елінде 1857 жылы, Қашқария сапарының алдында болып, 1856-1857 жылдар аралығындағы сапарларының негізінде «Қырғыздар жайындағы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының Батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Ыстықкөлге бару сапары» атты ел назарын өзіне бірден аударған әйгілі еңбектерін жазған. Шоқанның бізге тікелей қолжазба ретінде жеткен бұл шығармаларында сия, тұш, қарындашпен салған тартымды суреттері де бар. Суреттер әсіресе «Ыстықкөл сапарының күнделігінде» мейлінше мол ұшырасады әрі онда қырғыз бен қазақ халқының сәулет өнері үлгілері салыстырмалы түрде кеңінен қамтылады. Сонымен қатар осы сапар барысында 1856 жылы 18 сәуірде Семейден шығып, таң ата келе Қозы Көрпеш – Баян Сұлу кешенін сырттай көзбен шолып өткен Шоқан жолай Жетісу, Жоңғар Алатауы алабында көп кезігетін ескілікті обалардың Лепсіге дейін тапшы екендігіне көңіл бөледі. Лепсіге келгенде, оның төңірегіндегі молаларға қарап, көптеген тайпалар мен рулар қабат қоныстанатын құтты мекен екендігін жазады. Шелек төңірегіне келгенде, Абылай ығыстырған қалмақтардан қалған қорғанның қираған орнына назар аударады. «Ыстықкөл сапарының күнделігіндегі» алғашқы суреттің қағазға таңбалануын Шоқанның өзі былай түсіндіреді: «Майдың 17-сінде… Біз Торайғыр тауының солтүстік бауырына аялдадық. Қонған жерімізде күздің ызғарындай салқын жел соғып, кеш өте суық болды. Түн бойы қардың төгіліп жауғаны соншалық, Алатау мен Іле атырабы аралығындағы кеңістік құдды бір қыс мезгіліндегідей аппақ түске еніп кетті. Торыайғыр тауының басынан қарағанда, жоғарыда аталған төңірек пен тау шоқыларының көрінісі, міне, мына тәрізді». Автор бұл суретін «Торайғыр тауы шоқысынан қарағандағы көрініс» деп шартты түрде атаған. Шоқан қолжазбасында сиямен немесе қарындашпен салынған суреттеме мен сөзбен бейнеленген суреттеме қатар беріліп, бірін-бірі жандандырып, толықтырып отырады. Тұтас алғанда, қолжазбадағы әрбір жекелеген беттердің композициялық үйлесімі көз тояттарлық әдемі. Мұнан Шоқанның неге болмасын суретшілік көзбен қарағандығын аңғарамыз. Сапар үстінде жұлып-жарып кесімді пікір айтып, ғылыми тұжырым білдірмегенімен, Түптен Сарыбұлаққа қарай жүргенде кезігіп отыратын кемпір тастарға айрықша көңіл бөлген. «Көлге қарай Қарабатқақ маңы батпақты жерлер» , – деп жалғастырады. Шоқан Ыстықкөл сапарының күнделігінде «Қарабатқақ пен Саты маңындағы біздің соңғы аялдаған жерімізден шамалы әрменірек Сарыбұлақ атты екі өзен ағады. Мен осы жерден жартысы жерге сіңіп кеткен кемпір тастарды (адам пішіні мүсінделген тастарды) таптым. Бір таңқаларлығы, бұлар жатқан жерде Сібір мен Кіші Ресейде кезігетін қорғандар болған жоқ» , – деп жазады. Шоқан мұнда тас мүсіннің жанында тас қоршаудың болмағандығына таңырқап отыр. Әдетте тас мүсіндердің жанында қақпа тастар, сын тастар қатар кезігеді. Шоқан дәуірінде кемпір тастар бүгінгі таңдағыдай балбал және тас мүсін деп екіге жіктелмеген. Сондықтан Шоқан жазбаларындағы кемпір тас ұғымын балбал мен тас мүсіннің біріккен атауы деп түсіну керек. Шоқан сипаттағандай, жердің Қарабатқақ (Қарабатпақ) аталуының өзінен-ақ ол төңіректің мұнан 130 жылдай бұрын бүгінгіден басқаша болғандығын байқаймыз. Аңыздар мен деректерге қарағанда, Ыстықкөл деңгейі арагідік өзгеріп отырған. Қазір ол жерлердің ылғалдылығы азайып, бұрынғы батпақ орны егін алабына айналып кеткен. Шоқан Уәлихановтың «Ыстықкөл күнделігі» атты зерттеу еңбегі оның нағыз сыршыл, сезімтал нәзік жанды суреткер екендігін көрсететін бірден-бір туынды. 1856 жылы Омбыда Гутковскийдің пәтерінде П.П.Семенов Тянь Шанскиймен танысқан Шоқан Ыстықкөл экспедициясында бірнеше маршрутта онымен бірге болып, қосылып ғылыми жұмыстар жүргізеді. Оған Шоқан «Жоңғария очерктері» атты еңбегінде: «Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипатына қарай екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең менің Жоңғарияға, Жетісу мен Іле өлкесіне және Ыстықкөлге сапарымды қамтиды… Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым, онда Хаментовский бастаған алғашқы Ыстықкөл экспедициясына қатыстым. Сонан соң Құлжада үш ай тұрдым. Жоңғарияда бас-аяғы бес ай болып, бұл өлкенің Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі аралығын түгел көріп үлгердім», – деген жолдарды келтіреді. Мейлінше қызықты, мейлінше пайдалы еңбек деп танылған «Ыстықкөл сапарының күнделігі» бірер айдың жемісі. Тумысынан ақыл-парасаты асқақ, сезімі сергек Шоқан туған жерінің табиғатына тартқан болса керек..
Қортынды

Ғалымның әдеби зерттеу еңбектенін үшке бөлеміз. Ауыз әдебиетін жинауы: «Абылаймен оның батырлары туралы аңыз», «Ұлы жүз қазақтарының ертедегі аңыздары». Жанақ, Түбек, Орынбай, Бұхар, Шал, Шөже ақындар туралы және ақындық өнер, өлең жөніндегі пікірлері үлкен мәселе.

Шоқан Уәлиханов көне дә­уір әдебиетін жетік білді. Ұл­­тымыздың рухани бай қазы­насын, әдеби асыл мұрасын жинап, зерттеуде уақытын да, білімін де, қажет болған жағ­дайда денсаулығын да аямай жұмсады. Ол – көшпелілер өмірі бірде шалқып-тасыған, бірде бәсеңдеп-шөккен толқынды өзге­рістерге толы екенін анық­та­ған, мұндай өзгерістер хал­қымыздың жадында әдеби туындылар арқылы өшпестей берік сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жет­­кенін ғылыми дәлелдеген білім­паз, біртуар ұлы тұлға. ұлы тұлға әдебиет – халықтың жаны, құлақ-күйі, ар-ожданы, зор байлығы, елдігінің белгісі, одан «халықтық рух, ұғым, әдет, өмірлік кейіп» көрінеді, деп білді ойшыл. Тұтас алғанда, Шоқанның шы­ғармашылық мұрасы – бү­тіндей бір дәуірдің шежіресі. [4]

You May Also Like

Аскөктің пайдасы, ғылыми жоба слайд

Махамбет Өтемісұлы өлеңдеріндегі сын есімдер, ғылыми жоба

Аннотация  1.Кіріспе.Сын есім туралы түсінік  Махамбет Өтемісұлының өмірі  3.Зерттеу бөлімі  3.1.М.Өтемісұлы өлеңдеріндегі…

Күміс – ақ, асыл, адал зат, ғылыми жоба

Тақырыбы: Күміс – ақ, асыл, адал зат                                       Абстракт  Ғылыми жұмыстың өзектілігі:…

Слова-ловушки переводчика, научный проект

Секция: ағылшын тілі Жобаның тақырыбы: «Слова-ловушки переводчика» Оглавление Абстракт Введение– Исследовательская часть…