Тақырыбы: Күміс – ақ, асыл, адал зат

                                      Абстракт

 Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Ата-бабаларымыз көшіп – қонып, жаз – жайлау, қыс – қыстауда  жүрсе де, денсаулықтарының күшті болудағы басты себеп ол күмістен жасалған бұйымдарды шексіз қолдануында екенін нақты ақпараттық деректермен, тұрмыстық қолданумен, медициналық  жаңалықтармен зерттеу жасап көрсету.

Ғылыми жұмыстың мақсаты:

Күмістің осы заманғы қолданысын және медициналық маңызын нақты зерттеу нәтижесімен көрсету, күміс нанобөлшектерімен яғни күміс бөлшектерімен байтылған сулармен сусындарды пайдалануға кеңес беру.

Ғылыми жұмыстың міндеттері: осы ғылыми жұмыста өзіме төмендегідей бірнеше міндеттерді жүктедім:

  1. Күмістің тұрмыстық қолданысын зерттеу.
  2. Күміс нанобөлшектерінің медициналық, фармацевтикалық қолданысын зерттеу
  3. Күміспен байытылған суды қолдандым. Бірнеше апта бойы суды ішіп және пайда болған жақсаруларды бақылап, зерттеу нәтижелерге қостым.

Зерттеу жаңашылдығы:

Таза күміс қиқымдарын суда жарты сағат қайнату және оны жарты сағат ішінде пайдалану организімнің жұмысын жақсартып, түрлі ауруларға антибактериялдық қарсы тұра алатынын зерттеп, көрсете алдық.

                                                            Пікір

Аружан нақты ғылыми зерттеу нәтижеге жетуге көптеп күш салды. Әр жолғы тапқан ойларымен бөлісті.Күміспен байытылған суларды мен және отбасы  бір ай көлемінде ішіп, көптеген аурулардан айықтық.  Бұл жас  зерттеушінің ғылымға деген ынтасы өте жоғары дейңгейде екенін көрсетеді.  Тақырыптың кең ауқымдылығына  қарамастан жан- жақты ізденіп, әр түрлі  мәліметтер жинады.Ғылыми жұмыстағы жаңалықты дамыту мақсатымен әлі талай іздену керек. Жас зерттеушінің ғылыми жұмысына сәттілік, оқуына табыс тілеймін.

Бастауыш сынып Елеубаева Перийзат Жанузаққызы

мұғалімі

 Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………..  3

  1. Негізгі бөлім………………………………………………………………………………. 4-8

  1.1. Күміс- ақ, асыл зат.

  1.2. Күміс- адал зат.

  1.3. Күміс нанобөлшегін Қазақстандық ғалымдардың зерттеуі

  1. Зерттеу бөлімі……………………………………………………………………………….. 9

  2.1. Күмістің емдік қасиетін анықтау.

  1. Зерттеу нәтижелері ………………………………………………………………….. 10-14

  3.1.  Күмістің бөлшегін зертханада алу

  3.2.  Күміспен байытылған суды емдік мақсатта қолдану нәтижелері

Кіріспе

Менің бұл тақырыпты таңдауға себепкер болған Астанада өткен «ЕХРО-2017» көрмесі. Германия, Япония, АҚШ, Қытай, Корея, Голландия, Рессей т.б. елдері қазіргі таңдағы жарыққа шыққан озық жетістіктерімен мақтанып бізді жастарды  таң қалдырды. Біздің қазақ елі кең байтақ жерімен, жер асты байлығымен, мыңдаған бас малымен және олардан алынған сүт, ет, жүн өнімдерімен мақтана алады. Ғымыми зерттеуді мен күмістің қолданысынан бастадым. Себебі, өзі жеңіл, түсі ақ болсада бағасы қымбат, тат баспайды, әшекей бұйымдар жасайды әрі медициналық инелер яғни күміс, алтын инелер жасайды. Бір сөзбен айтар болсам күмістің қолданыс аумағы кең.

Қазақ халқы күмістің емдік қасиетін ертеден білген. Сол себептен де әшекей бұйым ретінде көптеп пайдаланған. Баланы алғаш жуындырғанда «адал» салады, яғни ол нағыз күмістен жасалған білезік, күміс тыйын, сырғаны салып, тазарған суға жуындырған. Баланың денсаулығы жақсы, берік болады деген таным ұлтымызда таным бар. Болыстар мен патшалар астан уланбау мақсатында арнайы тамақ салатын ыдыстарын, қасықтарын, стақандарды таза  күмістен жасататын. Себебін анықтар болсақ  күмістің ауру тудыратын вирустардан және улы заттардан күресе алатын қабілетін анықтауға болады. Тамақта у  болса күміс қасықтың түсі өзгеретін болған. Бүгінгі таңда күмістің қолдану саласы сан түрлі[1].

Ғылыми жұмыстың өзектілігі.

Күмістің – асыл, адал, ақ зат екенін анықтап күміспен байытылған судың емдік қасиетін зерттеу.

Ғылыми жұмыстың мақсаты.

– Күмістің – асыл, адал зат екенін анықтау.

– Күміспен байытылған судың емдік қасиетін зерттеп, дәлелдеу.

 Негізгі бөлім

1.1. Күміс-ақ, асыл зат.

Күміс (лат. Argentum, Ag) – элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 47, атомдық массасы 107,88. Ақ түсті металл, тығыздығы 10,5 г/см3, балқу температурасы 961,9 оС, қайнау температурасы 2170 оС, тотығу дәрежелері +1,+2,+3. Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді. Күмістің активтілігі нашар, коррозияға төзімді. Сондықтанда ұзақ уақыт болсада сапасын өзгертпей сақталады. Күміс майысқақ қасиетіне негізделе электр аспаптарының өте жіңішке түтіктермен, сымдарын жасауға қолданады[2]. Төменде таза күмістің суреті.

Таза күміс- 1-сурет

1.2. Күміс-адал зат.

Ата-бабаларымыз күміс элементінің емдік қасиетін ертеден білген. Сол себептерден де «асыл », «адал» деп ат қойып, баланың бірінші реткі суына немесе шілде суына «ақ» салған. Ол дегеніміз таза күміс теңге не сырға, білезік салып, баланы жуындырған. Малы көп байлар, батырлар, патшалар өзінің амандығы үшін жанына күміс қасық алып жүрген. Кез-келген ортада тамақ ішудің алдында күміс қасықты тамаққа, сусынға, шайға салып улы зат қосылған не қосылмағанын тексеретін. Өздерінің денсаулығын күшейту, сақтау мақсатында күмістен ыдыстар жасатататын. Қазірге дейін қазақ елі күмісті асыл, ауруды тартады деп ырымдап сырға, білезік түрлі әшекей бұйым ретінде пайдалануды әдет еткен[3].

Қазіргі таңда  медицина саласында көптеп қолданыс табуда. Жараны орайтын бинт күмістен жасалынады. Ол жарадағы бактерияларды жойып, тез жазады. Онкологиялық ауруларды емдеуде күміс рак клеткасына енгеннен кейін оны ультракүлгін жарықтың ең төмен жиілігінде басқа клеткаға әсерін тигізбей, күмістің ұсақ бөлшектерін қыздырып, рак клеткасын өлтіріп, ауруды 70-80% емдеуде. Кейбір дамыған елдер 95% -дық нәтижеге ие болдық деп дабыл қағуда. Оның себебі сол онкологиялық аурудың қайда орналасуымен, оның даму қарқыны анықтайтын нанороботтардың көмегімен тамаша нәтижеге жетуде. Тері рактерін тез емдеуге болады. Ал ішкі ағзалардың рак ауруларын емдеуде біршама кедергілер туындайды екен[4].

Күмістен жасалған нанороботтардың 2-10нм өлшемдегісі қан клеткаларынанда кіші болып, жасушаның перделерінен де өте алады. Оларды диагностикада кеңінен қолдануда. жасушаларда өсіп өнген вирустарды өлтіруге, тамырдың бітелуін ашуда тамаша құрал болмақ[5].

Металлдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиеттеріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс сумен әрекеттескенде йондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс йондарының адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс йондарының қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта қалпына келтіріп, ауруға ем болған[6].

1.3. Күміс нанобөлшегін Қазақстандық ғалымдардың зерттеуі

Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Жаман ауруларға яғни Онкологиялық  ауруларды осылай халық арасында атайды. Осы жаман ауруы бар науқас адамдарды  қазақ халық емінде уқорғасын шөппен қоса таза күміс салынып, қайнатылған суды ішкізген. Қазіргі таңда нақты ғылыми деректермен  медицина саласында күмістің антибактериялдық,  жасушаны қалпына келтіру , ағзаны тазарту қасиетін дәлелдеп отыр. Ал, өндірісте оның қолданысы шексіз.

Қазақстандық ғалымдар да қарап жатқан жоқ. Сонау 1965 жылдан бастан  зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда Қазақстанның ғылыми еңбек сіңірген, химия ғылымдарының докторлары  Кудайбергенов С.Е., Бектуров Е.А. т.б. ғалымдар күмістің нанобөлшектерінің  химиялық, физикалық қасиеттерін Қ.Сатбаев атындағы ұлттық технологиялық университетінің зертханасында зерттеп зор табыстарға жеткен.х.ғ.д. профессор Бектуров А.Е. «Күмістің нанобөлшектерінің физикалық қасиеттерімен қолданысы» атты кітап жазып шығарған[7].
Ел президентінің арнайы қолдауымен Алматы, Астана қалаларындағы медициналық зертханада күміс және темір нанобөлшектерімен байытылған арнайы дәрі-дәрмектермен онкологиялық және басқада СПИД, т.б. ауруларды емдеуде.

  1. Зерттеу бөлімі

2.1. Күмістің емдік қасиетін анықтау.

Күміс сумен әрекеттескенде йондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Олай болса йон дегеніміз қандай мағына береді? Йон- атомдар немесе химиялық байланысқан атомдар тобы электрондарын жоғалтып немесе сырттан электрондар қосып алғанда пайда болатын электірлік зарядталған бөлшектер. Күміс оң зарядталған. Яғни оң йон. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады.

  1. Зерттеу нәтижелері

3.1.  Күмістің бөлшегін зертханада алу

-Ең қарапайым әдіс.

Таза 10 г күмісті электронды таразының көмегімен өлшеп аламыз.

100 мл дистилденген суда 100 ОС температурада үздіксіз жарты сағат қайнату. Бұл кезде жүретін химиялық реакция арқасында күміс йонын аламыз.

Бұл процесте  Ag  толықтай сумен реакцияға  түспейді. Себебі сол ол сумен нашар әрекеттеседі.  Күміс гидроксиді AgOH  нашар йонданады. Жарты сағат үздіксіз қайнату әсерінен не бары  0,3-1% йонға ыдырайды. Бұл күміспен байытылған суды кәдімгі минералды су ретінде, емдік мақсаттада пайдалануға болады. Жарақаттанған жерді жууға, бет терісін тазарту, жасартуға, ас қорту жолдарын тазартуға т.б. пайдалануға  болады[8].         

3.2. Күміспен байытылған суды емдік мақсатта қолдану нәтижесі.

Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Күміс сумен әрекеттескенде йондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Бұл мақсатта біз тұмауратқан  екі адамды яғни Ермек Салидат-4 жас пен Баяхметов Рауан-7 жас және қалыпты бір адамды Баяхметов Мұрат-  61 жас. Зерттеу жүргізген адамдарға күміспен байытылған суды күніне екі реттен, 250мл көлемде екі апта ішуге кеңес бердік. Әрі бұл зерттеуге өзімде қатыстым. Нәтижесі төмендегідей.

Кесте -1

апта Ермек Салидат-4 жас Баяхметов Рауан 7 жас Баяхметов Мұрат 61 жас. Баяхметов Султан
1-апта

сында

Имунитет күші артты. Тұмау біршама азайды. Имунитет күші артты. Тұмау қайтпады. Ұйқысы қалыпқа түсті. Өмірге деген сенімім күшейді. Күш бергендей.
2-апта

сында

Тұмаудан айықты. Тұмау біршама азайды, асқа тәбеті артты      Бас ауру сақинасы жоғалды, өзін жеңілдегендей сезінді. Буын ауруы орташа жазылды. Сабаққа қызығушылы

ғым артты

Қорытынды Күнделікті тамақты, суды жақсы, уақытында қабылдағандықтан, тұмаудан тез айықты Ұзақ уақыт дұрыс тамақтанбау себебінен денсаулық қатты нашарланған. Күміспен байытылған судың емдік әсері баяу болды. Орта жаста болу себебінен түрлі аурулардың ортақ белең беруі көрніс тауып, байытылған суды ұзақ уақытқа пайдалануға кеңес бердік Орта буын жастар біздердің организіміміз үздіксіз жасаруы мен өсуі үшін осындай пайдалы суды жылына бір екі ай ішу  қажет деп білдім.

Зерттеу нәтижесінен тұмау және жұқпалы аурулар мен буын аурулары сынды көптеген аурулардан ағзасының төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарды. Мен күміспен байытылған суды екі апта ішу нәтижесінде оқуға деген қабілетім артып,  әлде бір күш пайда болғандай сезімге бөлендім. Осы уақыт аралығында тұмау не басқа ауруларды бойыма жұқтырмадым.

Мен тек күміспен байытылған суды ішу мақсатында ғана емес бет терісін тазарту, жақсарту, бет әжіміне әсерін байқау мақсатында зерттеу жүргіздім. Өзім, мамам, інілерім және дос қызым Бозжанова Д., жетекшім  Елеубаева П.Ж. барлығымыз бір ай көлемінде осы сумен күніне екі рет бетке маска ретінде пайдаландық. Медициналық мақсаттағы мақтаны күміспен байытылған суға малып, бет терісін, бөрткен шыққан жерлерді сүрттік.

Нәтижесі төмендегі 2- кестеде.

Апта Баяхметов Султан Баяхметова Индира Бозжанова Дайана  Елеубаева Перийзат
1-апта Бет терім жұмсарған Бет терісі жұмсарған Беттегі безеулер саны азайды. ағарды Бет терісі жұмсарған
2-апта Бет терісі ылғалданған. Беттің май құрамы аздап қалпына түскен. Бет терісі жұмсарды. Беттегі әжімдердің орны азайған.
3-апта Бет терім ағарды. Бет терісі ылғалданды, қара дақтар азайды. Бет терісі ағарды. Беттегі қан тамырлар көрінбеді, бет терісі ылғалды.
4-апта Бетім жасарды. Бет терісі біршама жасарды. Бет терісі жасарды. Бет терісі қалыпқа түсті.
қорытынды Жас өспірімдерге тез әсер етеді. Бет терісін жақсартты. Орта жастағылардың ұзақ уақыт пайдаланса оң әсерін береді. Бұзылған бет терісін тез қалпына келтірді. Безеуді емдеді. Бет терісіндегі вена қан тамырларын қалпына келтіріп, әжімдерді азайтады.

Қорытынды

Күміс-асыл, сәндік, адал металл, оның асылдығы сол кез-келген ауруға ем, сәндік мақсатта сырға, сақина, білезік т.б. әшекей бұйым ретінде қолданса, адалдығы сол организмге еш зиянсыз. Бұл қазақ халқының күміске берген бағасы. Қазіргі таңдағы наномедицина күмістің антибактериялдық, жасушаны қалпына келтіру қасиеттерін толық зерттеп,  күміс нанороботтарды жасап шығаруда. Нанобороттар ауруға дәлдікпен әсер етіп, ауруды толықтай емдеуде. Күміспен байытылған бинттер,маскалар т.б. өндіруде.

Біз дистилденген суға күміс салып, үздіксіз қайтану арқасында күміс йонына бай  суды алдық. Біз құрамында күміс йонның бар жоғын Қ.Сатбаев атындағы  ұлттық техникалық университетінің  физика факультетінің зертханасындағы жарықты жұту аппаратымен (УФ)  күмістің бөлшегінің 540 nm (нанометр) көлемін магистрант ағаларымыздың көмегімен анықтадық. Яғни күміс бөлшегін алдық деген сөз. Адамға зерттеу жұмыстарын  жүргіздік. Жоғары нәтижеге қол жеткіздік. Күмісті қайнаған суға жарты күн салып қойыпта ішуге бола беретінін де қарт кісілер айтуда.

Емдік нәтижесі. Балалардың денсаулығын қалпына келтіре отырып, олардың имунитетін арттырды. Орта жастағы адамдардың буын ауруына, ұйқысыздық, шаршаңқы көңіл-күйлерін жақсартады. Теріні қайта қалпына келтіреді. Бет терісінің зат алмасуын қалпына келтіреді. Біз  сияқты жастардың оқуға деген құлшынысын арттырады.

You May Also Like

Жантақ өсімдігінің маңызы, ғылыми жоба

Жантақ өсімдігінің маңызы Аннотация Ғылыми жұмыста жантақ өсімдігіне және жантақтың түрлері мен…

Асқабақ, ғылыми жоба

МАЗМҰНЫ Кіріспе ……………………………………………………………………………. ……..  3 Негізгі бөлім.Асқабақ шөптесін өсімдік……………………………………..5 1.1 Асқабақтың құрамы……………………………………………………………….7…

“Тұлға” ретінде – өзін-өзі бағалау, ғылыми жоба

Түйменің таңғажайып тарихы, ғылыми жоба

Түйменің таңғажайып тарихы І Кіріспе Менің зерттеу жұмысым «Түйменің таңғажайып тарихы» деп…