Жантақ өсімдігінің маңызы

Аннотация

Ғылыми жұмыста жантақ өсімдігіне және жантақтың түрлері мен қоршаған ортаға тигізетін пайдасы,жантақты қорғау шаралары талданады.Сонымен бірге жантақ өсімдігінің халық медицинасындағы емдік қасиеттері де айтылады.

Емдік қасиеттері мол жантақ өсімдігі тек қана емдік мақсатта ғана емес,сонымен бірге мал азықтық ресурс есебінде де қолданылады.Ол отын ретінде қызуы мол өсімдік болып табылады.

Ғылыми жобаның мақсаты:Ұланғайыр шөл даласына сән беретін жантақтың қадір-қасиетіне  баса назар аудару.Жантаққа биология тарапынан зерттеу жүргізудің маңыздылығы мен ерекшелігіне ғылыми тұрғыда зерттеу,зерделеу,дамыту.Жантаққа жанашырлықпен қарап оны қорғау,қастерлеп күтуге тәрбиелеу.

Жүргізілетін зерттеулер әдісі:Қажетті дерек көздері мен мағлұматтарды оқу,түсіну,салыстыру,жүйелеу,зерттеу,өзіндік ой-пікір қалыптастыру.

Ғылыми жобаның өзектілігі:Жантақтың өсу жолдары мен түрлерімен таныстыруда аса биік емес,кәдімгі жантақ өсімдігін пайдалану.Жергілікті жердегі жантақты қорғаудың тиімді шешімін табу,тұрмыста және медицинада пайдалану.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы:Теориялық кезеңде және жинақтау барысында жантақ өсімдігі туралы,жантақтың емдік қасиеттері,басқа да пайдасы туралы көптеген мәліметтермен таныстым.Алайда шөл даланың көркіне айналған жантақ өсімдігіне жанашырлық жасау,адамдар санасынан кемшілік көруде.Жантақ өсімдігін медицинада қолдануға ұсыныс жасау және күнделікті тұрмыста пайдалануға кеңес беру.

Емдік қасиеті мол,шөлейт даланың көркіне айналған,мал-азықтық қор ретінде пайдаланылатын жантақтың қадір-қасиетін білмейтін адам аз болар.

Зерттеу нысаны:Экология

Зерттеу әдісі:Ғылыми-теориялық

 Мазмұны

I.Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..3

II.Теориялық  бөлім……………………………………………………………………………………..4-9

II.1.Жантақ өсімдігінің жалпы сипаттамалары…………………………..4-6

II.2.Қазақстан  химиктерінің жантақты зерттеуі………………………….7-8

II.3.Жантақ тұнбасының емдік қасиеті…………………………………………9

III.Тәжірибелік бөлім…………………………………………………………………………………..10-14

III.1.Жантақ өсімдігінің тіршілік формасы бойынша жіктелуі……10-12

III.2.Зерттеу жұмыстарының әдістемелері және нәтижелері ……….13-14

IV.Қорытынды…………………………………………………………………………………………….15

    Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………………….16

I.Кіріспе

Шөлейттік және шөл далалық зоналардың өсімдіктер әлемінің ботаникалық құрамы мен бейімделушілік ерекшеліктері өте ерекше болады. Мұндай қатаң және қолайсыз ареалдарда тек осы зоналарға эволюциялық даму кезеңдерінде сұрыпталы бейімделген өсімдіктер өсе алады. Мыңдаған жылдар ішінде мұндағы өсімдіктердің морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық қасиеттері өзіндік қайталанбас және таңқаларлық құрылымдық үйлесімге ие болған. Осындай өсімдіктердің көптеген түрлері Қазақстанның шөлдік және шөлейттік далаларында көптеп кездеседі. Кең даладағы қатаң климатқа және құмды ыстық климатты далаларда өсімдіктердің санаулы ғана түрлері мекендейді. Солардың ішіндегі аса маңызды өкілдерінің бірі – кәдімгі жантақ өсімдігі. Жантақтың таралу ареалы айтарлықтай кең. Барлық ыстық климатты зоналарда кезедеседі деуге болады. Өте ыстық құмды далалардан бастап қоңыржай зоналардың басталар шегіне дейін жантақ қалыпты өсіп тұқым түзуге бейімді. Бұл жай, жантақтың қалыпты реакциясының кең екенін көрсетеді. Дегенмен, жантақ өсімдігі анық ксерофиттік өсімдік болып саналады.

Жантақ далалық және шөлдік аймақтардағы климатқа және экологиялық жағдайға айтарлықтай әсер етеді.Біріншіден, жантақ шөлдік далалардағы жануарлардың азығы болып саналады, екіншіден, сол жердегі топырақтың құнарлығы мен эррозияға ұшырау дәрежесі жантақ өсімдігінің жамылғысынан тәуелді.

Қоңыржай климаттық өсімдіктер сияқты жантақ тез уақыт ішінде қалың және тұрақты өсімдік жамылғысын түзе алмайды. Оған көптеген себептер бар. Солардың әрбірі жергілікті климаттың тұқымнан өсіп шыққан жас өсімдіктердің барлығының бірдей ересек өсімдікке дейін дамуына кедергі болса, екіншіден, жантақ тұқымы бірінші жылы бәрі бірдей өне бермейді. Жантақтың тұқымының таралуына түйе себеп болады. Өйткені, тұқым түйенің ас қорыту жүйесінде қорытылмайды. Осылай жергілікті экожүйеде үйлесімді тіршілік орныққан. Шөлдік және шөлейттік зоналардың экожүйесі өте нәзік және қорғауды қажет ететін жүйе болып табылады.

II.Теориялық бөлім.

II.1.Жантақ өсімдігінің жалпы сипаттамалары.

Жантақтың ұзындығы 40-80 см болады. Еуразия мен Солтүстік Африкада, шөл жерлерде 7 түрі кездеседі, ал ТМД елдері аумаңында бес түрі бар. Ең көп тарағаны – кәдімгі жантақ. Оның биіктігі 40- 120 см. Ол далаларда шөл жерлерде, Орталық Азияда және Оңтүстік Еуропада, Астрахан облысында көп кездеседі. Түйелер үшін негізгі азығы болып табылады. Кей аудандарда отын ретінде қолданады. Кавказда, Орталық Азияда, Иранда, Иракта, Ауғанстанда, Кіші Азияда өсетін персиялық жантақ өзінен желім тәрізді қант бөледі. Кейде ол сұйықтық манна түрінде болады. Бұтақтары тікенекті болып келеді. Төменгі тікенектері қысқа, берік, жоғарғысы жіңішке жоғары қарай бағытталған. Тамыры өте тереңге бағытталған ,ұзындығы 10 метр. Жапырақтары ланцетник тәрізді майда, жай, ол тікенектер арасында орналасқан. Тамыры горизанталь бойынша тереңде жатыр. Жапырағындағы тікенектер сүйір бұрышпен жоғары қарай орналасқан ұзындығы 2-3 см. Жапырағы жай ретпен орналасқан доға тәрізді ұзындығы 1-2 см. Жапырақтарының өзінде тікенектері бар. Гүлденуі – маусым, қыркүйек айларына дейін гүлдейді. Гүлдері қызыл және ашық қызыл түсті. 3-8 тікенекке бір гүлден келеді. Гүлдері бір-біріне қарап иіліңкіреген және өткір емес. Бір гүлі күніне 2 мгм-ға дейін таза қант бөледі. Бал жинағыштығы 1 гектарға 150 кг-ға келеді. Оның балы ашық түсті исі нәзік және өзіне тән дәмі болады. Кристалдану кезінде майда бөліктерге бөлінеді. Тұқымы боб немесе ішінде көптеген дәндері болады. Шілде айында тұқымын жинайды. Өсімдіктің төменгі жағы мен кейде тамыры дәрі-дәрмек ретінде қолданады. Өсімдікті күн түсетін алаңда кептіреді. Қапта бір жыл сақтауға болады. Өсімдікте эфир майы стериоидтар, алколоитар, С және К витаминдері, В тобындағы витаминдеркоротин, кумарин, катехиндер, флавоноидтар, органикалық қышқылдар және лейноантоциандар, эфир майы бояғыш заттар, смолалар болады.

Химиялық құрамы – өсімдіктің химиялық құрамы аз зерттелген оның құрамынан санионилар, эфир майлары, срериодтар, органикалық қышқылдар, лейкоантоцандар, кумариндер, С, К, В витаминдері фитоноцидтер табылған. Жас өсімдіктің құрамында С витамині көптеп кездеседі.

Фармонологиялық қасиеті – жантақ өсімдіктері көптеген ауруларға ем, қанды тазартады, тоқтатады, өтті айдайды.

Медицинада қолданылуы – өсімдіктің төменгі жағын кейде ұрығы мен тамырын қолданады. Халық медицинасында несеп жолдарын емдеуге өсімдіктің тұнбасын пайдаланады. Кейде жөтелді басуда және суықтағанда ішеді. Жаңадан істелінген тұнбаны асқазан, ішек ауруларына, созылмалы іш өтуде және дезинтерияда қолданылады. Жантақтың төменгі жағы микробтарға қарсы қолданылады. Тұнбаны ангина кезінде тамақты шаюға көп қолданады. Клиникалық жағдайда колидпен ауырғандарды дезинтерияны жазу үшін сәтті қолданады

Халық медицинасында геморой, эгзема кезінде іріңдеген жараларға және язваға қарсы қолданылады. Ауыз қуысындағы ауруларға, ангинаға және жатыр ауруларына қарсы және бүйрек ауырғанда да қолданылады. Дезинтерия профилактикасында гастридте асқазанның язвалық ауруларында, өт ауруында, суық тигенде, ангинада, жөтелде қолданылады. Іріңдеген жараларда терінің іріңдерінде эгземада кейде құлаққа тамызып та қолданады.

Тұрмыста қолданылуы – жантақты тұрмыста отын ретінде қолданады. Түйенің тамағы ретінде пайдаланады. Басқа жануарлар тікенегі болғандықтан жей алмайды.

Қызықты факторлар – ыстық күндері өсімдіктің жапырақтары мен бұтақтарынан сарғылт түсті тәтті сұйық манна деп аталатын сұйық бөлінеді. Ол түнде қатайып кетеді. Оны жеуге болады. Маннаны таңертең жинап алады.

Жантақтың Қазақстан Республикасы бойынша 4 түрі бар, ең жиі кездесетіні – кәдімгі жантақ (A. pseudalhagі) және қырғыз жантағы (A. kіrghіsorum). Олардың биіктігі 30-100 сантиметр. Тамыры ұзын (10 метрге жетеді), тамыр сабақтары 20-30 сантиметр тереңдікте болады, көбіне осы тамырлары арқылы көбейеді. Сабағы бұтақтанып біткен, тікенді, сырты жылтыр, бүртікті. Жапырағы жұмыртқа пішінді, домалақ, бүтін жиекті. Гүлі – қызыл. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі – бұршақ. Дәні бүйрек пішіндес не төрт бұрышты. Жантақтың кейбір түрлері жылдан жылға құрып кетуіне байланысты қызыл кітапқа енгізілген. Жантақтың құрып кетуін жергілікті елді мекендер байқай бермейді.

Көпшіліктің көзқарасы бойынша жантақ көп, ол қазір жойыла қоймайды деген пікірлер өте көп. Жоқ, олай емес, жантақты зерттеп, білгенде ғана оның құрып  бара жатқанын байқаймыз. Зерттеу нәтижесінде жантақ биылғы берген өнімінен өніп шыға алмайды, оның себебі, біріншіден, жантақтың дәнінің сырты мықты беріктік қабатпен қапталған, ол жер өніп шығуы үшін кем дегенде 3-4 жыл жатуы керек. Екіншіден, жантақтың өнімін, яғни дәндерін жерлілікті халық, медицина дәрігерлерлері жинап, емдікке қолданады. Осындай факторлардың әсерінен жантақтың жер бетіне таралуы азайып бара жатыр. Барлық жер бетіне таралған өсімдікті біз аялап, сақтауға міндеттіміз.

II.2.Қазақстан химиктерінің жантақты зерттеуі.

Шөлді далалардағы жануарлардың ең дәмді азығы бұл – жантақ. Ол жануарлардың тек қана шөлін қандырып қана қоймай, оның өте дәрілік қасиеттері де бар. Бұл өсімдіктің қасиеттері бұрыннан белгілі. Жантақтан жасалынған дәрілік шөптерді алғаш рет ұлы Ибн Сина ашқан. Жантақтың дәрілік қасиеттерін Қазақстан химиктері бірнеше жылда анықтаған. Осы зерттеулер жақсы нәтиже беріп, жоғары дәрежеде көрсетіле білді, бірақ фармацевтика саласына енгізілмеді. Қазақстанда жантақтың 4 түрі бар екенін жоғарыда айттық. Олардың ішіндегі ең қымбаты – қырғыз жантағы. Ол С витаминіне, ақуызға және полифенолға бай. Жалпы жантақты ежелде дәрігерлер жақсы пайдаланған. Б.з. IV ғасырында Мухаммед Гусейн жантақтың тұнбасын және оның тамырын геморой мен дезинтерияға және денедегі жараларға қарсы пайдаланған деп тарихта айтылған. Халық медицинасында жантақтын тұнбасын көптеген ішік ауруларына пайдаланады және несеп жолдарын, қанның құрамын тазалауға, суыққа және жараларды емдеуге қарсы пайдаланған. «Жантақты неліктен түйелер жақсы көріп жейді? Неге жейді?» деген сұраққа жауап іздеу де көптеген ізденістерге бастайды. Қазақ ұлттық университетінің органикалық химия кафедрасының меңгерушісі Гаухар Бурашова 30 жыл бұрын жантақты зеттеді. 1973 жылы Г. Бурашова жантақты анықтай бастады. Осы тақырыпты зерттеу нәтижесінде 8 жылдан кейін диссертация қорғады. Осы кезде жантақтан биологиялық активті комплекс алынды, яғни алхидин деген атпен (латынша алхани – тікенек). Шымкент қаласындағы «Химфарм» зауытының дәрігерлерімен бірігуі нәтижесінде алхидин дәрілік препараттар алына бастады. Осылайша алхидин таблеткалары, жантақ сиропы, 5 процентік алхидин мазі және Гаухар тұмбасы алына бастады. Дермотология саласындағы жетістіктеріне қарамастан тері аурулары төмендейтін емес. Бірақ онда жоғары дәрежелі қоспалар көп. Ол крем және мазьдармен шектеулі болғанымен соның нәтижесінде басқа аурулар пайда болады. Тері атрофиясы, гипертрихос, пигметтер және тамырдың бұзылуы пайда болады. Нәтижесін 2-3 аптадан соң көруге болады. Бұл жағдайда көбіне өсімдіктен жасалынған препараттарды пайдаланған жөн. Клиникалық ғылыми-зерттеу орталығында алхидин мазінің тиімділігіне баға беру жөнінде дәлелдеме жүргізілді. Ал екінші күні аллергиялық дерматитпен ауырған адамның нейродермитид науқасы қайта бастады. Ал бірнеше күннен кейін мүлдем жойылып кетті. Бұл клиникалық жақсару кезінде 70 процент аурулар тексеруден өтті. Ауру адамның препаратты пайдалануы жақсы нәтиже берді.

II.3.Жантақ тұнбасының емдік қасиеті

Жантақ тұнбасы – жараның жазылуына, күйгенге және асқынды ауруларға қарсы қасиеті бар. Зерттеу жолында жантақ сиропының тиімділігін қызыл май фитопрепаратымен салыстырады. Бұл зерттеу 100 адамға жасалды, олар сірке қышқылын қолданғандар мен уланғандар және алкоголь және сілтімен уланғандарға қарсы пайдаланылып, жақсы нәтиже берді.

Гаухар тұнбасымен жасалған тағы бір тәжірибеде оның тиімділігі қарастырылды. Онда гортан ангинасы бар, тонзиллит ауруымен ауырғандарда тәжірибе жүргізілді. Бұл препарат атақты фурацилиннен де жақсы ем болды. Бүгінгі күнде туберкулезге қарсы препараттар белсенді түрде жасалуда. Көптеген дәрілер туберкулезге емдеу қарқынды дамуда екені белгілі. Дәрігерлердің ойы бойынша алхидин организмдегі токсиндердің төмендеуіне қатысады. Қазіргі кезде осы жантақтан жасалынған дәрілерге кардиология институтында да қызығушылық байқалуда. Онда жүрек тамыр ауруларына, қант диабетіне т.б. ауруларға қарсы мүмкіндіктерді қарастыруда. Ісік ауруларын емдеу үшін дәрілік формаларды шығаруға, алхидиннің морфилизир формасы қажет. Алхидин жөнінде көпшілік онша таныс емес. Тамыр тұмбасы – тамырдың 20 грамына 1 стакан қайнаған суды эмальды ыдысқа құяды. Аз отта 25-30 минут қайнатып, 0,5 сағат тұндырады. Онда майда бөлшектер қалмауы үшін сүзеді. Күніне тамақтанар алдында 0,5 сағат бұрын 4-5 ас қасықпен 3 рет ішу керек. Манна (тамыры) несеп ағарда, ыстықты түсіруге және құрғақ жөтелге қарсы қолданылады. Ұнтақ тұнбасы – 1 кішкене қасық ұнтаққа 1 стакан қайнаған су құйып, 20 минут қоямыз. Одан кейін тұнбаны сүзіп, салқын жерге қоямыз. Қатты ыстық күнде шөлді басуға ішеді, тамақ ауырғанда шаяды. Кейде компресс ретінде және ванна ретінде қолданады. Ревматизмге қарсы 1 шелек суға 60 грамм ұнтақты қосып, 1 сағат көлемінде булап қояды. Одан кейін 30-40 минут ауырған жерді буландырамыз. Тамыр тұнбасы мен ұнтақ тұнбасының адам организміне пайдасы өте зор. Жантақтың тұнбасын шай ретінде шөлді басуға және терлеуді төмендетуге қарсы қолданады. Метеорологиялық жағдайларға байланысты оның өнімділігі әрқашан өзгеріп отырады.

III.Тәжірибелік бөлім

III.1.Жантақ өсімдігінің тіршілік формасы бойынша жіктелуі

Өсімдіктердің тіршілік формасы бойынша жіктеуде жантақ жылдың қолайсыз мезгілінде қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тәсілдеріне орай гемикриптофиттер (Н) мен криптофиттік формалардың аралық түріне жатады. Өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасқан каудекстерде және жердің 20 см тереңдіктегі тамырда орналасады. Жер бетіндегі каудекс жойылған кезде, мысалы, қолайсыз жағдайдың әсерінен немесе танаптардағы жер жыртудың әсерінен, негізгі тамырда орналасқан бүршіктер вегетациялық сабақтарды түзе алады. Біздің эксперименттерімізде жер асты бүршіктерінің үлесі барлық бүршіктердің 21,3 пайызын құрайтыны анықталды. Өсімдіктің алғашқы және жақсы дамыған сабақтары жер үстіндегі каудекстік бүршіктерден, кейінгі қосалқы және майда сабақтар жер асты бүршіктерден дамитыны анықталды. Бұл бүршіктердің оянып, сабақ түзуі өсімдіктің өсу ортасындағы факторлардың әсеріне тікелей байланысты екені дәлелденді. Ылғалы аз, дөңес жерлерде орналасқан өсімдіктердің сабақ саны 2,3 арасында болды. Мұндағы сабақтар тек жер үсті бүршіктерден дамитыны көрінді. Ал, ойпаң және ылғал мөлшері көп жерлердегі биік қомақты өсімдіктердің сабақ саны 3,2 -3,4 арасында болды. Олардың 1,1 бөлігі жер асты бүршіктерден дамыған. Ендеше, жантақ өсімдігі өзінің өсу ортасына қарай, вегетациясын жалғастыру үшін түзетін бүршіктерінің мүмкіншіліктерін қоршаған ортаның факторларына қарай белсендіре алады екен. Ылғал мөлшері өте аз кезде жер асты бүршіктері вегетацияны жаңартуға қатыспайды, олар өздерінің қосалқылық рөлінде қалады. Олардың оянуы және вегетациялық үрдісті қамтамасыз етуі жер үсті бүршіктері жойылған кезде іске асады. Біздің эксперименттерімізде күзде жер жыртылған танаптардан көктемде өсіп тұрған өсімдіктердің сабақтарының жер асты бүршіктерден дамитыны дәлелденді. Алғашқы сабақтардың бойында кезекпен орналасқан жапырақтардың 4-5 түссіз болып келеді. Олар фотосинтездік қызмет атқармайды және сабақтың өсуі басталғаннан кейін тез арада қурап кетеді. Жанама сабақтар 4 жапырақтың қолтықшасынан бастап дами бастайды. Өсімдік сабағының құрылысын зерттеу дарысында, басты дарақтарды құрайтын сабақтар болып сол алғашқы 4-5 жапырақтардың қолтықшаларынан дамитын сабақтар болатыны анықталды. Ол сабақтар өсімдіктің негізгі сабағы сияқты келесі 2, 3 және 4 сүрелік сабақтарды түзе алады. Ал, негізгі сабақтың жоғарғы жапырақтарының қолтықшаларынан дамыған жанама сабақтар өзінің 1 немесе 2 сүрелік сабақтарын ғана дамыта алады екен. Бұл деректі алғашқы сабақтардың жақсы дамуына көктемнің қолайлы кезеңдеріндегі ылғал мөлшерінің жеткіліктілігімен түсіндіруге болады. Өйткені, жаздың ортасына қарай топырақтың жоғарғы қабаттарындағы ылғал мөлшері толығымен пайдаланылып біткеннен кейін жантақ тек терең қабаттардағы су мөлшерінен тәуелді болып қалады. Ол ылғал мөлшері жан-жақты дарақты сабақтануға жеткіліксіз болып табылады. Сонымен қатар, жазға қарай ауа температурасыда күрт жоғарылар кетудің салдарынан өсімдіктің транспирациялық    үрдісі артады. Өсімдіктің ылғалдық балансы кеш түзілген сабақтардың тарамданып өсуіне жеткіліксіз. Сондықтан жоғарғы жапырақтардың қолтықшаларынан дамыған сабақтардың сүрелік сабақтары ары қарай сабақтанбайды, керісінше, өсуін тежеп қысқара бастайды. Бұл сабақтар келесі даму кезеңдерде өсу емес даму үрдісін қамтамасыз етеді. Олардың ұштарында гүл шоғырлары пайда бола бастайды. Ал, жаз ортасында немесе соңында өсімдіктің ылғал тапшылығын сезінуі айқындала түседі. Бұл кезде өсімдікке тамыр арқылы түскен су мөлшері жетпейді. Сондықтан, сабақтардағы гүлдердегі даму үрдістерін соңына жеткізу үшін сабақтардың ұштары кеуіп, тікенге айнала бастайды, ондағы су сабақ бойымен кері қарай сырғудың нәтижесінде гүлдерде пайдаланылады. Бұл жантақ өсімдігінің шөл далалық экологиялық жағдайға бейімделу кезіндегі эволюциялық өзгергіштіктерге ие болу ерекшеліктері болып саналады. Эксперименттерден алынған статистикалық деректерді нақтылау мақсатында, жантақ өсімдігінің көктемгі вегетациясын жаңарту кезіндегі алғаш пайда болып келе жатқан бүршіктердің анатомиялық құрылысын өсу динамикасында бақыладық. Ол үшін әр бес күн сайын табиғи жағдайдағы өсімдіктердің тамырын қазып алып, тоңазытқышта ұстап, микроскоп арқылы бүршіктердегі анатомиялық өзгерістерді анықтап, есепке алып отырдық. Сабақтың өсуі төбелік меристеманың қызметі арқылы іске асса, жанамалық мерситеманың жасушалары әр 8-10 күн сайын сапалық өзгерістерге ұшырау арқылы прокамбий мен перицикльді түзеді. Алғашқы жанамалық меристеманың жасушалары ірі, тығыз және әрі ядролы болып жұқа қабатты құрайды. Прокамбий мен перицикльдің жасушалары көп ұзамай екінші жанамалық меристемаларды түзе бастайды. Бұл жасушалар алғашқы жанама меристеманың жасушаларына қарағанда майда, тығыз және қалың қабатты болып орналасады. Көп ұзамай, екінші жанамалық меристемадан феллоген мен камбий қабаттары пайда болады. Сабақтың анатомиялық құрылысының алғашқыдан соңғыға ауысуы (алғашқы және соңғы ксилема мен флоэманың қалыптасуы) сабақтардың жер бетіне өсіп шыққаннан кейінгі 25-35 күн аралығында байқалды. Бұл кезде соңғы анатомиялық құрылым сабақ ұшынан 2-3 см төмендікте орын алды. Одан жоғары бөлігінде алғашқы құрылымдардың қалыптасуы мен жанама мүшелердің қалыптасуы орын алады. Бұл үрдіс алғашқы сабақтардың бойында едәуір ұзақ уақыт жүрсе, жоғарғы жапырақтардың қолтықшасынан дамыған сабақтардың ұшында өте қысқа мерзім ішінде байқалады. Ол сабақтардың өсуінің тежелуі төбелік меристеманың қызметінің тоқталуымен байланысты. Жоғарғы сабақтардың ұзындығы 5-10 см аралығына жеткенде кезде төбелік меристема жасушалары бөлінуін тоқтататындығы анықталды.

III.2.Зерттеу жұмыстарының әдістемелері және нәтижелері

Жантақты зерттеуді 2013 жылдары жүргіздік. Ерте көктемнен бастап көпжылдық жантақ өсімдігінің вегетация жалғастыру қарқыны мен мезгілін анықтап отырдық. Бұл бақылауларды жантақтың алғашқы бүршіктерінің пайда болуы мен олардан сабақ пен жапырақтардың және гүлдердің түзілуін фенологиялық бақылау жүргізу арқылы есепке алдық.

Жантақ өсімдігі жазықтықты аудандарының барлығында кездеседі. Әсіресе, далалық жазықтықтардағы флораның   басты құрам бөлігі және жергілікті жануарлардың басты азығы болып саналады. Халық шаруашылығындағы және шөл далалық биоценоздағы маңызы зор. Жантақ систематикалық жіктеу бойнша бұршақ тұқымдастарына жататын ксерофиттік, тұқым арқылы таралатын көпжылдық, жартылай бұтатектес өсімдік. Өте терең дамитын кіндік тамырлы жүйесінің арқасында ылғал тапшылығына шөл далалық жағдайда төтеп бере алады. Суды топырақтың 10-15 метрлік тереңдігіндегі жер асты су көздерінен алады. Қатаң климаттық жағдайға бейімделу барысында көптеген метаморфоздық түрөзгерістерге ұшыраған. Судың артық булануына қарсы тұру бағытында өсімдіктің жапырақтарының көлемі мен жалпы биомассадағы үлесі күрт азайған. Жапырақтары өте майда. Өсімдіктің барлық вегетативтік мүшелері эпидермалық қабатының сыртынан қалың кутикулалық қабатпен қоршалған. Бір өсімдік бойындағы сабақтар саны мен оның вегетация кезіндегі бұтақтануының потенциалдық мүмкіншілігі сыртқы ортаның факторларының әсерінен шектеледі. Орталық сабақтардан таралатын жанама сабақтардың басым көпшілігі тікенге айналып, түр өзгерген. Тұқымдары бұршақтың жемісінде орналасады. Жемісі қақырамайды. Жерге түскен тұқымдарының барлығы келесі жылы өніп шықпайды. Бұл тұқымдастарға тән қасиеттердің бірі – ол тұқымның сыртындағы қалың және қатты, лак сияқты қабаттың болуында. Бұл – белгілі түрлік қасиеттердің бірі. Сондықтан, бір жылғы түзілген тұқымдар бірнеше жылдар бойында жыл сайын біртіндеп өніп шыға алады. Бұл қасиет жантақ тұқымының келесі көктемде қолайсыз жағдай туған жағдайда бірнеше жылдар бойы өнгіштігін жоғалтпай, топырақта сақталуына мүмкіншілік береді. Жантақтың таралуына онымен қоректенетін жануарлар маңызды рөл атқарады. Мысалы, түйенің ағзасында қорытылмай, қайта жерге түскен тұқым өнуге қабілеттігін арттырады. Өйткені, түйенің асқазанындағы сөлдер тұқымның сыртқы қабығындағы қатты қабатты зақымдау арқылы судың енуіне мүмкіншілік береді. Тұрақты термостаттық, табиғи жағдайда өсіп тұрған жантақ өсімдігінің тұқымдарын қыркүйек айының соңында жинап, оны үш ай бойы төменгі темпертатураның әсерімен яровизациялаудан кейін термостаттағы ылғалды камерада, 25 градустық жылулықта өсірдік. Петри тостағаншаларында төрт қайталанымдағы тәжәрибеде 1000 тұқымның өнгіштігін анықтадық. Өнгіштікті сегіз тәуліктен кейін әр үш күн сайын есепке алып отырдық. Эксперименттің нәтижесінде бірінші жылғы түзілген тұқымдардың тек 4,65 пайызы ғана өнетіндігі анықталды. Қалған тұқымдардың сыртқы қабаттары судың енуіне кедергілігін сақтады, қатты күйінде сақталды. Ол тұқымдар ешқандай бұзылу немесе басқа да өзгерістерге ұшырамады. Екі жыл бойында, зертханалық жағдайда сақталған тұқымдардың өнгіштігі 15,7 пайызға дейін артты. Тәжірибеде бақылау және стандарттық нұсқа ретінде сыртқы қабаттары құмдақ қағазбен зақымдалған тұқымдар себілді. Бұл тұқымдар түзілу жылына қарамай, бірдей жоғары дәрежедегі өнгіштікті көрсетті, тиесілі 68,4-65,4 пайыз арасында. Сынақтардан алынған деректер тұқымның әр келесі жылында өнгіштігін арттыратыны туралы тұжырым жасауға негіз болды. Табиғаттағы қысқы суық пен ылғал мөлшерінің үйлесімі және топырақтағы әтүрлі органикалық және минералдық қышқылдардың әсерінен тұқымның сыртқы қабықшасы зақымданып, судың енуіне мүмкіншілік туады деген қорытынды жасуаға болады. Ендеше, жантақтың бір жылда түзген тұқымдары табиғатта 4-5 жыл бойында біртіндеп өніп отырады. Олардың ары қарайғы, ересек өсімдікке дейін дамуы, одан кейінгі ортаның метеорологиялық параметрлеріне байланысты. Ал, жантақтың ареалының кеңеюі, олармен қоректенетін жануарлардың тұқымды тартуына байланысты. Бұл тұжырымды түйе шаруашылығы жақсы дамыған және тағы басқа да жантақпен  қоректенетін жануарлардың көп кездесетін аймақтарындағы ареалдардың кеңдігінен байқауға болады.

IV.Қорытынды

Сонымен, зерттеулердің нәтижелерін қорытындылай келе, келесі қағидаларды бөліп айтуға болады:

1) жантақтың сабақтануы дәрежесі оның өсіп тұрған жеріндегі ылғал мөлшерінен тәуелді. Көктемгі ылғалдың мөлшері жоғары болған жағдайда жер асты бүршіктерде сабақ түзуге қатысады. Өсімдіктің сабағының дарақтығын ең алғашқы жапырақтардың қолтықшасынан дамитын сабақтар атқарады. Соңғы жапырақтардың қолтықшаларынан түзілген сабақтарда өсімдіктің генеративтік мүшелері түзіледі.

2) жантақ өсімдігінің тұқымнан көбеюін тежейтін факторлар ретінде оның тұқымының физиологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін атауға болады. Жантақ тұқымы сыртқы қабатын бұзған жағдайда бірінші жылда жоғары дәрежелі өнгіштік көрсетеді.

3) тұқымның бұл қасиетін өсімдікті қолдан көбейту үрдісінде тиімді пайдалануға болады;

4) ересек жантақ өсімдігінің жыл сайын вегетация жаңартуы кезінде оның гемикриптофиттік бүршіктері басты рөл атқарады. Тереңдіктегі тамыр бүршіктері қосалқылық қызмет атқарады. Жер бетіндегі каудекстік бүршіктер жойылған жағдайда тереңдіктегі тамыр бүршіктер олардың орнын басады.

You May Also Like

Адам өміріндегі проценттің қолданылуы, ғылыми жоба

Адам өміріндегі проценттің қолданылуы 1 Бөлім . Мектеп математика курсындағы процент 1.1.…

Телефонның адам ағзасына тигізетін зияны мен қоғамдағы пайдасы, ғылыми жоба

Т А Қ Ы Р Ы Б Ы: «Телефонның адам ағзасына тигізетін…

ТҮСТЕРДІҢ АДАМ ПСИХОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ, ғылыми жоба слайд

Шайдың пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Шайдың пайдасы мен зияны» Орындаған: Қуанышбек Қарақат «Шайдың…