Пияздың пайдасы

Сараптама

шығармашылық зерттеу жұмысыма пікір білдіре отырып, жұмысымның  сапалы  жазылғандығын  айтуға болады. Зерттеу жұмысымның  берері көп екеніне көзім жетті.

Шығармашылық зерттеу жұмысында пияздың халықтық ем мен медицинадағы қолданысы, оның пайдасы, химиялық, биологиялық құрамы айтылып, жұмыс кызықты мәліметтермен толықтырылған. Мен өз жұмысымды қорыта келе, пияздың  пайдасын дәлелдеуде халықтық ем де жасап көргем.

Жетекшісі: Канагатова К.М.

Мазмұны
І. Кіріспе

Пияздың шығу тарихы ……………………. ……………………………………………….. 4

  1. Негізгі бөлім.

1) Пияздың  құрамы …………………………………………………………………………. 5 – 7

2) Пияздың емдік қасиеттері  …………………………………………………………….8 – 9

3) Пияздың түрлері     …………………………………………………………………………  10

Менің тәжірибем

5) Пияз жайында  қызықты мәліметтер…………………………………………………  11

6) Пайдалы кеңестер ……………………………………………………………………………. 12

ІІІ. Қорытынды  ………………………………………………………………………………. 13

Пайдалы кеңестер ……………………………………………………………………………..14
      І. Кіріспе

Пияздың шығу тарихы

     Пияз (жуа тұқымдасына жататын   көп жылдық өсімдік. Шыққан жері — Орталық Азия және Ауғаныстан                                                                                                                                     Дара жарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын өсімдіктер – даражарнақты өсімдіктер . Бұлар пиязшықты, кейде түйнек-пиязшықты және тамырсабақты, көпжылдық өсімдіктер болып табылады. Таспа тәрізді немесе сопақша жапырақтары жалпақ және түтікшелі болып келеді. Пиязшығы мен жапырақтарында сүтті шырын болады. Гүлдері – ұсақ, жай шатыршагүлге жиналады. Күлтелері қызғылт, ақ, күлгін және қаңқызыл түсті.
Гүлдері жапырақсыз гүлсидамның ұшында дамиды. Гүлдері ашылғанға дейін бүкіл гүлшоғырының сыртын мөлдір қабықша қаптайды. Гүл жарған соң қабықша құрап қалады. Пияз тұқымдастарды бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі – қауашақ. Пияз тұқымдастарды тұқымынан да, өсімді мүшесінен де көбейтуге болады. Ғаламшарымызда пияз тұқымдастардың 650-ге жуық түрі таралған. Қазақстанда олардың 110-ға жуық түрі өседі. Пияз тұқымдастар – азықтық, мал азықтық, дәрілік және сәндік бағалы өсімдіктер.Пияздың өзіне тән иісі болады.                                                                                                                                    Дүниесі : Өсімдіктер
Бөлімі: Жабық тұқымдылар
Класы: Дара жарнақтылар
Тұқымдасы: Лалагүлділер
Туысы: Сарымсақ
Түрі: Пияз

Зерттеудің мақсаты: Пияздың  алуан түрлері мен пайдасы туралы түсінік беріп, насихаттау.
Болжамы: :Егер біз дара жарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын даражарнақты өсімдіктер пияз жайлы оқып білсек, онда пияздың  көптеген сырларын ашып, оның емдік қасиетін, халық шаруашылығындағы маңызын біле отырып, өсімдіктерді қорғау және қола өсіруге жұмыстанар едік.

Зерттеу кезеңдері:

І кезең: Жоба жұмысының тақырыбы таңдалып, қажетті әдебиеттер мен баспасөз материалдары жинақталды.

     ІІ кезең:Жинақталған материалдарға сараптама жасалып, ғылыми мәліметтер салыстырылды.

    ІІІ кезең: Зерттеу жұмысының жобасы жазылып, слайд жасалды.

Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, пияздың  халықтық ем жасауда ғана емес, медицинада да түрлі емдік қасиетінің бар екендігі анықталды.

    Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы: Іздену нәтижесінде пияздың денсаулыққа пайдалы екенін, әртүрлі ауруларға емдік қасиеті бар екенін біледік.Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, сарымсақтың халықтық ем жасауда ғана емес, медицинада да түрлі емдік қасиетінің бар екендігі анықталды.

    Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, суреттер алынды.

    Зерттеу әдіс-тәсілдері: Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, практикада қолдану әдістері пайдаланылады.

ІІ.Негізгі бөлім

 1.Пияздың құрамы
Пияз  иісі жағымсыз болғанымен өте пайдалы. Ол жайлы жоғарыда аз да

болса жаздық. Енді құрамына тоқталайық.

Селен Магний Германий

Фосфор Кальций

Йод  Хлор

Көмірсулар Темір Марганец

Пияздың жыл сайын тамырланып өсе беретін көпжылдық түрлері де бар, олардың жер бетіндегі бөлігі тамаққа пайдаланылады. Тамыры ірі, қалың, шашыраңқы, түйнек түбінен өседі. Түйнегі үлкен, етті, сопақша және шар пішінді. Түйнегінің қабығы сары, қызыл-қоңырқай түсті. Қабығының астында ақ, шырынды, ерекше иісті қабаттар кезектесіп орналасқан. Пияз бір маусымда жеуге жарамды болып өседі. Тұқымын алу үшін пиязды (тамыр сабағын) көктемде қайта егеді. Одан 2-жылы ұзын гүл сидам өсіп шығып, гүлдейді. Күзге қарай тұқымын жинап алады. Пияздың құрамында көмірсулар, гликозид, сапонин, кальций оксалаты және басқа элементтер бар.

Пияз көкөністер жоғары болуы тағамдық құндылығы. Көптеген эфир майлары (тиосульфата аллицин) бар Phytoncidal, С витаминінің қасиеттерін тудыратын көмірсулар, және антибиотик қасиеттері бар protekatehinovuyu қышқылы. Сондай-ақ, ферменттер (инулин phytin), гликозитер, ұшпа, ақуыз, каротин, қамтиды флавоноидтар; кальций, калий, натрий, магний, фосфор және темір бар.

Мамандардың айтуынша, пияздың құрамында азоттық заттар,минералды тұздар, органикалық қышқылдар, глюкозидтер, С,В,А дәрумендері, флавоноидтар бар. Пиязды тураған адамның көзінің ашып, жас шығуы оның құрамындағы эфир майларының әсерінен. Пияз баданасының құрамында (сортына қарай) 2,4 – 14 пайыз қант, 2 – 13,9 миллиграмм пайызда С дәрумені, 18 пайыз құрғақ зат, 2 пайыз шамасында белок, эфир майы, жапырағында 25 – 47,7 миллиграмм пайызда С дәрумені және 1,5, – 5,9, пайызда А провитамині болады. Енді жеке-жеке тоқталсақ, басты пиязда С дәрумені 10 миллиграмм пайызда, ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және қырқұлаққа қарсы қасиеттері де мол. Батун – пияздың сабақтарында С дәрумені 80 миллиграмм пайызда, қаратал пиязында В, В, РР дәрумендері, каротин бай, С дәрумені 35 миллиграмм пайызда, шниит пиязда С дәрумені 7 – 105 миллиграмм пайызда. Шалот  пиязда 13 пайыз қант (сабақтарында) кез-деседі.Дәрілік шикізат ретін-де көбінесе пияздың түбір түйнегін пайдаланып, емдейді.
Жуаның сипаттамасы Қазақстанда жуа туыстастары көп өседі. Бізде оның тараған түрлерінің саны жүзге жуық. Жуа көп жылдық өсімдік. Түбіртегі болады. Жуа Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Талдықорған өңірлеріндегі таулардың етектерінде, қаз жуалар далалы аймақта көп кездеседі. Жайылымдық жерлердегі шөп арасында да қалың өседі. Алтай тауының тасты құздарында өсетін алтай жуасы-ның тағамдық құнары, дәрілік қасиеті өте жоғары. Дәрілік шикізат ретінде жуаның сабақтары көктемнің соңында, жаздың басында, жинап алынып, көлеңкеде кептіріледі, мата дорбада құрғақ жерге қойып сақтайды.

Көктемгі авитаминоз кезінде қабілетті өте пайдалы жасыл пияз болып табылады, С дәруменінің адам денесінің қажеттілігін қанағаттандыру .

2.Пияздың емдік қасиеттері

Қарапайым пияз  халықтық медицинада сан мың ауруға ем. Қытай халық медицинасы пиязды салқын тиюден болған аурулардың барлық түріне, тыныс жолдары ауруына, тіпті туберкулезге қарсы қолдануға кеңес береді. Көзден жас ағызатын пияздың тағам дәмін кіргізумен қатар емдік қасиеті де бар екенін көпшілік біле бермейді.

Ертеде римдіктер мен гректер пиязды жауынгерлерге күш және батылдық беретін әрі жарақатты жазатын шипалы, қасиеті күшті өсімдік деп есептеген. Олар пияздың бір түріне жеңімпаз деп ат берген. Қиыр Шығыс пен Сібір елдерін аралаған жиһанкездер пиязбен қырқұлақ (цинга) ауруын емдеген.

     Пияз құрамында түрлі дәруменге бай минералды тұз, органикалық қышқыл, зиянды микробтарға қарсы төтеп беретін көзді ашытатын ұшпалы фитонцид деген зат бар. Ол ауадағы ауру тарататын микроб-бактерияларды жояды. Пияздың сөлі емге пайдалы. Мәселен, пиязды спиртке қосып жасаған аллачеп деген дәрі асқазан, ішек науқасына, сондай-ақ атеросклерозға да ем.

Біріншіден, ас қорытуға жақсы әсерін тигізеді. Пияздың иісі өте жағымсыз екенін бәріміз жақсы білгілі. Алайда бұл көкөністің бойындағы ең құндысы да осы. Пияздың бойындағы эфир майы ауру қоздыратын – құрт, бактерияларды жояды. Сондықтан оны салатқа, бірінші және екінші тағамға, жалпы сәйкес келеді деген барлық тағам түрлеріне қосып, үнемі пайдаланған жөн.

Атересклероз, ми тамырлары ауруларына пияз сөлі мен балды араластырып , бір ас қасықтан күніне үш рет ауқаттанардан сағат жарым уақыт бұрын немесе содан екі-үш сағат кейін қабылдайды. Пияз сөлі мен кесінділері әр түрлі жараларға, соның ішінде ұзақ уақыттан бері бітіп болмаған жарақатқа, күйген жерге жақса, тиімді әсері тез байқалады.                                                        Сүйелдер мен іріңді жараларға пияздың жылытылған ұсақ кесінділерін кір сабынмен араластырып  жағып, үстінен бинтпен орап тастайды. Бинтті күн сайын ауыстыру қажет.

Қан қысымы жоғары адамдарға (гипертоник) күніне бір-екі пияз жеп тұрған өте пайдалы. Бір ескертер жай, асқазаны ауыратындарға пияздың таза өзінің сөлін пайдалануға болмайды. Бірнеше пиязды ұсақтап турап, оны басыңызға қалың етіп салып, он минут шамасында ұстаңыз. Сосын басыңызды шайып алсаңыз, шаш құрамы жақсарып, шаштың түсуі тоқтайды.

        Пияздың қанның құрамындағы қантты азайтатын қасиеті де бар. Қант диабетімен ауыратындарға пияздан әзірленген сорпалы тамақ пайдалы. Бүйрегінде тасы бар сырқаттарға пияздың 1 ас қасық сөлін күніне екі-үш рет ішкен пайдалы.

         Бәзбіреулер мұрнынан су ағып, тамағы қызарып ауырған кезде пияз сөлін тамызады. Бұл дұрыс емес. Себебі, қызарып, бөртіп тұрған сілекей қабығын пияз сөлі одан әрі асқындырып жібереді. Оның орнына пияз сөлін шәйнектегі ыстық суға қосып, булап емдеген пайдалы. Пияздың емдік қасиеті 15-20 минут сақталатынндықтан тезірек пайдаланған абзал.

Езілген пиязды сүтке қосып, дәкеге орап, аяқтың мүйізденіп кеткен жеріне басса, қатқан тері, нәрленіп, жұмсарады. Іріңдеген жараға, үсіген жерге басуға да болады.

     Пияздың шаштың түсуін тоқтататын да қасиеті бар. Пияз сөлін мақтаға тигізіп, бастың құйқасына жағу керек. Сондай-ақ, пияды үккіштен өткізіп, оны басқа жағып, сыртынан таңып қою керек. 1,5-2 сағаттан соң, жылы сумен шайып жібереді.

Үккіштен өткізілген пиязға сұйық май, жұмыртқаның сары уызы, бал (1 шәй қасық) қосып, құрғақ шашқа жақса, шаш түсуі мен ұштануын тоқтатып, тез өседі.                                                                 Апельсин мен лимонға қарағанда, пияздың құрамында аскорбин қышқылы көбірек. Қазіргі таңда жер жүзінде пияздың төрт жүзден аса түрі белгілі. Пиязды жылдың кез келген маусымында пайдалануға болады.

3.Пияздың түрлері
Жалпы, пияздың аю пиязы немесе жабайы пияз, жеңіс пиязы деген түрлері бар. Аю пиязы бізде кездеспейді, жеңіс пиязы (черемга) Орал, Ақтөбе өңірінде өсіріледі. Дәміне қарай пияз: ащы пияз, жартылай ащы пияз, тәтті пияз деп бөлінеді.                                                                                                                                                                                                                                                                                               Басты пияз. Түйнегінде белок, клетка (талшық) қабығы және минералды тұздар бар. Сорттары: ащы, жартылай ащы, тәтті.
Қаратал пиязы. Оның жапырақтары ұзын, жалпақ, жасыл,сабақтары жуан. Асқа сабағын жаңа жинал-ған бетте, қайнатылған, кептірілген, тұздалған түрлерін және жапырақтарын пайдаланады.                                                                                         Батун-пияз (татарка, дудчатый, қыстық, құмдық). Тамаққа, негізінен, сабақтарын пайдалан ады, олар түрі мен дәмдік қасиеті жағынан басты пияздың сабағына ұқсайды, бірақ олардан біршама ірілеу. Батун-пияздың кейбір түрлері сабақтарында С витаминінің мол (80 мг %-ке дейін) болуымен ерекшеленеді. Таралу аймағы да өте кең (оңтүстіктен Поляр шеңберіне дейін). Ол аязға берік, күй талғамайды, қыста ашық жерде де ұстауға болады және ерте піседі. Батун – пияздың алғашқы көк сабақтарын ортаңғы белдеуле апрельдің аяғы, майлық басында жинайды. Көк сабақтарды жаз бойы бірнеше рет кесіп алады, бірақ тамыздың бірінші жартысынан кейін тоқтатады, өйткені мұның салдары келер жылдың өніміне кері әсер етеді. Порей-пияз негізінен КСРО-нын европалық бөлігінің оңтүстігі мен  Закавказъеде өсіріледі. Асқа бұл пияздың сабағын (жаңа жиналған бетте, қайнатылған, кептірілген, тұздалған) және жас жапырақтарды пайдаланады. Бұл пияз витаминдерге (Ві, Вr, РР,каротин) бай, оның құрамында 35 мг % С витамині бар. Оны күздің аяғына қарай жинайды. Ұзақ сақтау үшін сабақтардың жоғарғы жағын (1/3 бөлігін) кесіп алады да, түбірін сақтайтын орынның суық жағына ылғал құммен көміп тастайды. 0°С температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90% болғанда бұл пиязды 3 айға дейін сақтауға болады.                                                                                                                              Шнитт-пияз (рязанец, сибирьский, скорода, трибулька) жапырақтары майда тікенекті, оларда С витамині (7 —105 мг %) және каротин болады. Жапырақтары жас кезінде жұмсақ , нәрлі. Өсе келе тез іріленіп кетеді. Бұл аязға төзімді және ерте өкім беретін пияз. Оны аз мөлшерде ғана, кейде сәндік және шырын жинайтын өсімдік ретінде өсіреді.                                                                                             Шалот-пияз (шарлот, сорокозубка) оңтүстік аудандарда таралған. Там аңқа жас түйіні мен сабақтарын сол күйінде, кейде маринадтап пайдаланады.                                         Сабақтары кабысқан түтік тәрізді, балауыз түстес болып келеді. Пияздары майда, жұмсақ , дәмі онша ащы емес. Оның құрамында 13% қант (сабақтарына 5,5%) бар. Аязға төзімді, сондықтан оны қысқа қарай егеді, көктемде ол өнімді ерте береді. Бұл пияздың көк сабағы қыста ұзақ уақытқа жақсы сақталатындықтан, оны түйнегінен жұлмайды. Оңтүстікте бұл пияз ды шатырдың астында сақтайды, өйткені 20°С-тық суыққа ұшыраса да дәмі жоғалмайды.

Менің тәжірбием:

4.Пияз жайында қызықты мәліметтер

Көне Египеттегі папирустардағы жазуларда пияз жайлы мәліметтер болған. Мысалы, әйгілі пирамиданы салушылар пиязды  тамақ ретінде пайдаланған. Пияз жетіспей қалған кезде олар шу көтерген. Ал ертедегі Римдік император Нерон сарбаздардың батылдығын арттыру үшін оларға пияз жеуді бұйырған. Ертеде римдіктер мен гректер сарымсақ жеген әскер батыл әрі өжет болады деп сенген.

Пирамидаларды салып жатқан жұмысшыларды түрлі аурудан қорғау үшін оларға пияз бен сарымсақ қосылған тағамдарды көп жегізген.Пияз  жеу олардың жұмысқа деген қабілеттерін арттырған көрінеді.

Ал шаш түскен кезде басты күн сайын ұстарамен тақырлап алып, бір апта сарымсақтың, бір апта пияздың сөлімен сүртеді. Сонда шаштың түсуі тоқтап, керісінше жақсы өседі.
Пияздың  пайдалы да шипалы екенін барша жұрт біледі. Сөйте тұра ешкімде оның иісін жақсы көрмейді. Дегенмен, дәрігерлер әр адамға күнделікті тамақпен қоса бір пиязды  жеуге кеңес береді.
Пияз ежелден белгілі қасиеттері: тәбетті ашады, бас ауруын басады және салқын тигенге ем.

Пиязды  негізі шикідей жеген пайдалы. Пияз  өткір иісін артынан  алманы, жалбыз жапырақтарын, немесе балдыркөкті шайнау арқылы немесе сүт ішумен кетіруге болатындығы айтылады.

Пияз  тек науқас адамдарға ғана емес, дені сау адамдарға да керек. Ол ағзадан сынапты, қорғасынды, кадмийді және басқа да уытты металдарды шығарады. Эритроциттердің бұзылуына жол бермейді, темекінің түтінінде, қақталған етте және ластанған ауада болатын химиялық канцерогендерден бауырдың зақымдануын болдырмайды.

Пияз құрамында  аллицин химиялық қосылысының арқасында адам бойындағы ауру туғызатын зиянды микробтарды өз бойына жұтып алуға бейім екен

Пайдалы кеңестер

Қатты суықтап қалған кезде пиязды ұсақтап турап, үстіне ыстық су құйып, сосын соның буымен дем алу керек.

Тіс ауырған кезде пияздың қабығынан аршып алып, сонымен тістің қызыл етін сүреді.

Гипертониялық аурулар кезінде қатарынан екі күн, 2-3 түйір пиязды ұсақтап турап алып, түнге қарай жейді. Сосын екі апта үзіліс жасап барып, осы процедураны тағы бірнеше рет қайталайды.

Тұмаудың алдын алу немесе ауыра қалған жағдайда емдеу үшін де күніне 2-3 рет мұрынға пияздың  суын тамызған жақсы.

Маса шаққан жерге пияздың шырынын жақса, ол жерде зиянды заттар қалмайды.

Мамандар күн сайынғы тамақта 10-15 гр. пиязды  жеп тұрудың денсаулыққа пайдалы екендігін айтады.

Пияздың іші түгіл, сыртқы қабығы да өте пайдалы. оны кептіріп,үгітіп, қайнаған суға салып, астына баяу от жағып, қыздырған соң, бөлме температурасында 3-4 сағат суытсаңыз, қоңыр түсті сусын болып шығады. кәдімгі үйде ішетін қара шайымызға ұқсайды. Қорықпаңыздар  пияздың дәмі мүлде шықпайды, бул сусынды су сиякты дәмсіз десек болады, бірақ пайдасы шаш етектен, рактың алдын алады, аллергиялық ауруларды  емдейді, бетке әжім түсірмейді, т.с.с

 ІІІ. Қорытынды.

Алайда, ол кезде пияздың  ауруға қарсы қалай күресетіндігі белгісіз болатын. Пияздың сырын Израильдік Давид Мирельман есімді дәрігер ашты.

Қорыта айтсам, пияз

  • Иммунитет жүйесін қуаттандырады.
    ● Қатерлі ісік ауруына себеп болатын заттарды денеден алыстатады.
    ● Микроп өлтіруші болып табылады.
    ● Жүрек және тамыр ауруларының алдын алады.
    ● Өте жақсы табиғи антибиотик.
    ● Тұмау және бронхитке қарсы әсерлі.
    ● Жасушалардың қалыптасуын жеңілдетеді.
    ● Бүйрек және қуық жолдарында тас пайда болуының алдын алады.
    ● Ас қорытуды жеңілдетеді.
    ● Қорғасыннан улануға қарсы жақсы әсер етеді.
    ● Әлсіздікке, қалжырауға және шаршауға қарсы жақсы әсері бар.
    ● Сіңір түйілулерінің алдын алады.
    ● Қызу көтерілуіне қарсы пайдасы бар.
    ● Дененің жас және қуатты болуын қамтамасыз етеді.
    ● Шаш төгілуінің алдын алады.
    ● Жылан уына қарсы жақсы пайдасы бар.
    ● Пикникке шыққанда және палаткада сарымсақ болатын болса, зиянды жануарлармен жәндіктерді жақындатпайды.
    ● Артериосклероз ауруына шалдыққан адамдарда зиянды холестеринді түсіріп, пайдалы холестеринді көтереді.
    ● Құяң (тұз байлану ауруы), демікпе, безеу және қант диабетіне қарсы жан-жақты әсер етеді.
    ● Созылмалы жұқпалы ауруларға шалдыққандар (Дабыл қуысының қабынуы және көз қабынулары сияқты науқастар) жүйелі түрде сарымсақ жейтін болса өте көп пайдаларын көреді.
    ●Ол ағзаның түрлі микробтарға қарсы әсерін күшейтіп, оның ауруға оңай берілмеуін қамтамасыз етеді.
  • Пияз тек науқас адамдарға ғана емес, дені сау адамдарға да керек. Ол ағзадан сынапты, қорғасынды, кадмийді және басқа да уытты металдарды шығарады. Эритроциттердің бұзылуына жол бермейді, темекінің түтінінде, қақталған етте және ластанған ауада болатын химиялық канцерогендерден бауырдың зақымдануын болдырмайды.

аллицин химиялық қосылысының арқасында адам бойындағы ауру туғызатын зиянды микробтарды өз бойына жұтып алуға бейім екен.

     Ұсыныс.

1.Әз Елшінің «Пиязды  емге жаратыңыздар, онда жетпіс түрлі ем бар» деуі бүгінгі күні толықтай дәлелденіп, тек ақиқатты ғана айтқанын ұғыңыздар.

  1. Пияз өмір салтын қалыптастыруда денсаулыққа пайдасының көптігін біле отырып, күнделікті тұрмыста жиі қолдануыңызға кеңес беремін, әсіресе көктем кезінде авитоминоздың алдын алу үшін жасыл пиязды жеу керек.
You May Also Like

Қазақ-ағылшын мақал-мәтелдері, ғылыми жоба

 Мазмұны  Пікір  Кіріспе ………………………………………………………………………………………………..  Негізгі бөлім Ағылшын және қазақ тіліндегі мақал мәтелдердің…

Мінез бен ақыл жарасса, ғылыми жоба слайд

Физика тұрғысынан 3D форматының құпиясы, ғылыми жоба

ФИЗИКА ТҰРҒЫСЫНАН  3D – ФОРМАТЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ  Бағыты: Ғылыми –техникалық  прогресс –экономикалық  өсудің …

Киік – киелі аң, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы:    «Киік – киелі аң» АННОТАЦИЯ  Жобаның өзектілігі: Қазақ даласындағы…