ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы:    «Киік – киелі аң»

АННОТАЦИЯ 

Жобаның өзектілігі:

  • Қазақ даласындағы киіктердің санының азаюы,қорғау іс-шараларының жүргізілуі, сақтап қалу үшін қандай да болмасын жүргізіліп жатқан жұмыстарды анықтау.

Зерттеу мақсаты:

киік санының азаю себебін анықтау, киіктер туралы жан-жақты мағлұмат жинау, адам өміріндегі киіктің маңызын анықтап  оларды сақтап қалудың жолдарын қарастыру:

Міндеті:

  • Киіктерді қорғау мен сақтап қалу жолдарын ұсыну.

Зерттеу тәсілдері:

  • газет-журналдардан, кітаптардан деректер алу;
  • ақпараттар талдап, қажетті фактілерді іріктеу;
  • ғаламтор жүйесін қарау;
  • ата –аналардан, таныстардан сұрау;
  • жиналған мәліметтерді саралау,талдау,жинақтау.қорытынды жасау.

Зерттеу объектісі: ақбөкен (киік)

Зерттеу пәні: ақбөкеннің жойылу себептері

Зерттеу болжамы:

  • киіктердің жойылып кету себебі адам болуы мүмкін.

Зерттеудің болжамды нәтижесі:

  • Киіктер туралы мәліметтерді жинақтай отырып, оларды қорғау мақсатында парақшалар жасау және тарату.Биология, география,экология пәндерінде оқушыларға  қосымша білім көзі ретінде ұсынылады.

АННОТАЦИЯ

Актуальность проекта:

  • Уменьшение численности сайгаков в казахской степи,проведение защитных мероприятий, определение работы по сохранению популяции сайгаков.

Цель исследования:

  • выявление причин снижения численности сайгаков, сбор подробных сведений о сайгаках, выявление значения сайгаков в жизни человека и рассмотрение путей их сохранения:

Задача:

  • Предложить способы защиты и сохранения сайгаков.

Методы исследования:

  • получение данных из газет, журналов, книг;
  • анализировать информацию и отбирать необходимые факты;
  • смотреть онлайн;
  • опрос родителей, знакомых;
  • Актуальность проекта:
  • Уменьшение численности сайгаков в казахской степи,проведение защитных мероприятий, определение какой-либо работы по сохранению.

Цель исследования:

  • выявление причин снижения численности сайгаков, сбор подробных сведений о сайгаках, выявление значения сайгаков в жизни человека и рассмотрение путей их сохранения:

Задача:

  • Предложить способы защиты и сохранения сайгаков.

Методы исследования:

  • получение данных из газет, журналов, книг;
  • анализировать информацию и отбирать необходимые факты;
  • смотреть онлайн;
  • опрос родителей, знакомых;
  • анализировать,обобщать собранные данные,подведение итогов.

Объект исследования: сайгак

Предмет исследования: причины исчезновения сайгака

Прогноз исследования:

  • причиной исчезновения сайгаков может быть человек.

Предполагаемый результат исследования:

  • Изготовление альбома про сайгаков с целью распространения собранных сведений о сайгаках. Полученный материал можно будет использовать на уроках биологии, географии,экологии как дополнительный источник знаний для учащихся.

МАЗМҰНЫ

1.Кіріспе…………………………………………………………………………………….5 бет

2.Негізгі бөлім…………………………………………………………………………….5 бет

2.1. Ақбөкендердің систематикасы………………………………………………..6 бет

2.2. Ақбөкендердің сыртқы пішіні…………………………………………………6 бет

2.3. Көбеюі………………………………………………………………………………….7 бет

2.4. Географиялық таралуы………………………………………………………….8 бет

2.5.  Ақбөкеннің жаулары………………………………………………………………..10 бет

2.6. Ақбөкендердің төлдеу орны……………………………………………………….10 бет

2.7. Халық шаруашылығындағы маңызы……………………………………..10 бет

2.8. Келешек ұрпақ үшін киіктерді сақтап қалайық!…………………………..11 бет

  1. 3. Практикалық бөлім……………………………………………………………………12 бет

3.1.Сауалнама қорытындысы……………………………………………………………..12 бет

3.2.  Қорынтыды………………………………………………………………………………..14 бет

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………15 бет

  1. Кіріспе

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,

Өзге аңға жануарды тең көрмедім

Көздері мөлдірген ақбөкенді

Адамның баласынан кем көрмедім

С Сейфуллин

«Қазақ жеріндегі киіктерге сан жетпейді. Оралдың төменгі ағысына келіп, теңізге құлаған ақбөкендерден өзен суы көрінбей қалды» П.Рычков. 1772 жылы киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің «Киік» деп аталуы да бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана қалыпты.

Ақбөкен-Жұптұяқтылар отряды (Artiodactyla) – өте ертедегі сайғақ түрінің бірегей өкілі. Еуразияның шөл және шөлейт өріс аударып жүретін үйірлі жануар, біздің фаунамыздың ежелгі өкілі, Қазақстан Республикасының керемет әрі бағалы игілігі болып табылады. Өткен ғасырдың 90-жылдары негізгі аңшылық-өндірістік түр болды. Етін және мүйізін өндіру мақсатында қарқынды аңшылық жүргізудің нәтижесінде оның басы тез қысқарып кетті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы № 267 «Жабайы жұп тұяқты жануарлар мен ақбөкендердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін сақтап қалу және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес сайғақтарды өндіруге тыйым салынды, сондай-ақ жыл сайын сайғақты есепке алып отыру және санын сақтау жөніндегі іс-шараларды орындауға қаржы бөлуді ұлғайту көзделуде. Киіктердің популяциясының кері кетуін болдырмау мақсатында сайғақ қорғалатын түрге жатқызылды. Өйткені ол Қазақстан Республикасының аумағында түр ретінде сайғақтардың толық жойылып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Ақбөкен 1995 жылдан бастап (CITES) жойылып кету қаупі бар жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жүргізу туралы ІІ Конвенцияның қосымшасына енгізілді, ал 2002 жылы жойылып кету қаупі бар түр ретінде МСОП Қызыл тізіміне енгізілді.

  1. Негізгі бөлім

Табиғаты бай , жері кең қазақ даласында жануарлардың көптеген өкілдерінің таралуы мен тұрақты тіршілік етуіне қолайлы жағдайлар бар. Ақбөкендер Қазақстанның шөл шөлейт және далалы аймақтарда тіршілік етуге беейімделген сүтқоректі жануарлар. Республикамыздың кең байтақ даласында ақбөкендердің бір бірінен жеке  дара бөлінген үш тобы мекендейді. Бұл топтар кей жылдары бір-бірімен аздап болса да араласып тұрады, Ақбөкендер жұп тұяқты жануарлар ішіндегі ең өсімталы , қыстың суық қарлы болатындығын және көктемнің кеш шығатындығын алдын ала болжай алады. Бұл сүтқоректі жануарлардың ауыл шаруашылығының түрлі саласын дамытуда үлкен маңызы бар. Ақбөкен-еті дәмді, құнды мүйіз тұяғы мен әдемі терісі үшін ауланатын жануар. Адамдар  жылма жыл жануарлардың санына зиян келтірмейтіндей, олардың күзгі санының 10-25 пайыз аулап отырады.

Республикамыздың шөлді және далалы аумағындағы ақбөкендерді ғылыми тұрғыдан зерттеу, жыртқыш аңдардан қорғау мен тиімді пайдалану алдымызда тұрған жауапты міндеттердің бірі.

  • Ақбөкендердің систематикасы:

Ақбөкен немесе киік-Saiqa tatarica linnaeus

Сүтқоректілер класы немесе аңдар-Mammalia linnaeus

Жұп тұяқтылар отряды-Artiodas myla owwen

Қуыс мүізділер тұқымдасы-Bovidae qray

  • Ақбөкендердің сыртқы пішіні

Ақбөкендердің тұлғасы ірі денелі. Ұзын сирақты. Дөңес тұмсықты, қойға ұқсас күйіс қайыратын түз жануары. Текелерінде кейбір ешкілерінде де тармақталимаған маңдай, сүйегенің жалғасы болып болып табылатын тұрақты мүйіздері болады. Текелерінде дене тұрқы 126-150см, салмағы 37-49 кг болса, ешкілерінің дене тұрқы 109-127 см, салмағы 22-37 кг. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Құлағы кішкентай, дөңгеленген, Текесінің мүйізі қайқылау келеді. Ал ешкісінде мүйіз болмайды. Емшектерінің саны бір немесе екі жұп, құлағы кішкентай, дөңгеленген. Жаз айларында арқа түсі біркелкі сарғыш тартады, жезкиік  жеп аталуы осыған байланысты болуы керек. Қоңыр күз бен қыста түсі ақшылданып, текелерінде қара қоңыр түсті самай сақалдары  өсіп ерекшеленеді. Қысқы түктерінің іші қуыс, борпылдақ, жылуды жақыс ұстайтын қасиеті болады, Ақбөкенің басқа тұяқтылардан айырмашылығы басын төмен салбыратып жортуы, Топтың ішіндегі бірен саран ақбөкендер басқа тұяқтылардан жоғары қарай ыршып секіреді. Топыраққа түскен  тұяқтарының бейнесі қарақұйрық ізіне қарағанда жалпақтау, әрі дөңгеленген болып келеді. Ақбөкендер-шөпқоректі жануарлар. Қазақстанда мекендейтін бұл аша тұяқтылар 17 тұқмдасқа жататын өсімдіктердің 81 түрін қорек етеді. Азық құрамындағы өсімдіктердің саны пісіп- жетілуіне, қ ұнарлығына байланысты жыл мауысымдарына байланысты өзгеріп отырады. Тәулігіне 6-9 кг-ға дейін шөп жейді. Торғай  даласында мекендейтін киіктер жыл бойы 1 ға жерден 11-24 ға ғана шөп жесе бұл өсімдіктер шығынының небәрі 1-3 пайыз ,  ал үй жануарлары 77-160 кг  11-24 пайыз жабайы шөппен қоректенетіні белгілі.

Ересек текелерінің 95 пайызына жуығы қыркүйек,қараша айларында қоңдылығы орташа және орташадан жоғары болса күй-ойнақ біткен соң (қаңтар-ақпан) олардың 70-90%-ы арықтайды.

Көктемде етіне шыр бітіп,жазда текелердің 60-70%-ы семіз болады,күзде тері асты майының салмағы шөлін қандырады.Мұндай су көзі болмаған жағдайда біл литрінде 16-18г тұзы бар ащы суы ішуге мәжбір болады.Суатқа бөкендерді ешкі бастап,өте сақ болып келеді.Суды жағада тұрып та,жүзіп бара жатып та ішеді.Ересек текелері соңынан келіп шөлн қандырған соң далаға қарай бірінші боп жортады.Күндіз де, түнде де жайыла береді.

Киіктер қоныстарын аударып, шөл, шөлейт және далалы аймақтарда тіршілік етеді.Қыс айларында қардың қалыңдығы 20 см-ден аспайтын оңтүстік аудандарды қыстаса,көктемде төлдейтін жерлеріне қарай көшіп-қонады.Бұл кезде топтағы киіктердің саны кейде 100мыңнан асады.Төлдеуі жайылымы мол жылы аймақтарда өтеді.Маусымдық өшіп-қонуы ауа райына,суатқа,жайылымға байланысты болады.Көктем мен күзде жайылымдарын басқа жаққа ауыстырса,қыс пен жазда  көп алысқа жорта бермейді.Жыл мезгілдерінде қоныстарын ауыстыру жысалы,жайылым мен суаты мол ерте көктемде олар тәулігіне 5-20,төлеу кезінде 1-10 шақырым жылдамдыөпен қозғалады.Күзде солтүстікпен қайтқанда тәулігіне 10-15,кейде қар түсіп күн суыта бастағагда 1-2 күнде 60-70 шақырым жүріп өтсе,қыс айларында 5-10 шақырым жерге барады.Қоныстарын алмастыру кезінде бөкендер жылына (оңтүстік пен солтүстікке қарай немесе керісінше)2-3 мың шақырымдай жер жүріп,республикамыздың көптеген аудандаын басып өтеді.

  • Көбеюі.

Киіктердің төлдеу кезінде күні бойы қозғалыста болады,жаз айларында күн қыза жатып дем алады.Жылына бір рет төлдейді.131-141 күн буаз болып,сәуірдің аяғында бірен-саран ешкілері төлдей бастаса,мамырдың екінші он күнінде жаппай лақтайды.

Бірақ ауа райына байланысты бұл мезгіл өзгеріп те отырады.Көпжылдық бақылаулар киіктің жаппай төлдеуі маамырдың бірінші жартысында өтетінін көрсетіп отыр.Бұл кезде күн салқындап жауын-шашынды болады.Оны «құралайдың салқыны» деп атайды.Көбіне егізден,кейде 3 лақтан дүниеге әкеледі.Жаңа туған еркек құралайдың дене тұрқы 6-67 см,салмағы 3,5-4,5 кг,ұрғашыларынікі  57-62 см  және 3,5-3,8 кг болады. Аналарын 2-3 ай емеді.Сүті өте құнарлы:Оның құрамындаға майдың үлесі 5-8%,белок-5-8%,лактоза-3,3%, сонымен қатар түрлі амин қышқылдары болады.

Лақтары 3-4 күнде шөп басып шарбыса,ал 15 күннен кейін қарнындағф азықтың 98%-ын шөп басады.Бір айда серкештерінің дене тұрқы 80-92 см салмағы 11-14 кг мүйізінің ұзындығы 1см шыбыштарінікі  тиісінше 75-77см және 6,9-9 кг 6-7 айда мүйіздерінің ұзындығы 9-13 см ге жетеді.1,5 жасар текелерің дене тұрқы 118-145см салмағы 30-41 болса ешкілерінікі -112-125 см және 22-32кг болады.Шыбыштары 6-7 айлығында текелері 18-19 айлығында жыныстық жағынан жетіледі.

Ақбөкенде аусыл, пастереллез ауруларымен ауырып кей жылдары көптеп қырылып қалады.Ішкі органдарында гельмиттердің 43 түрі,құртамыштардың ЕЙМЕРИА туыстарына жататын түрлері табылады,терісінде биттер,7 түрлі кенелер тіршілік ететіні анықталған.

ХІХ ғасырдың аяғына дейін бұл аша тұяқтылар  тері асты бөгелегінің личинкасынан көп зардап шеккен еді.Үстіміздегі ғасырдың 20-шы жылдары ақбөкен санының күрт төмендеуі бұл паразиттің жойылуына әкеп соқты.

  • Географиялық таралуы.

Ақбөкендердің жабайы түрлері Оңтүстік Америка мен Аустралиядан басқа барлық жерде кездеседі.Көптеген түрлерін қолда өсіріп,үй жануарлырының көптеген жаңа түрлері шығарылды.

Ақбөкендердің  қазба қалдықтары плестоцен қабатынан бастыста Англиядан бастап,шығыста Аляскаға дейін аралықта табылған. Бөкендердің көптеген түрлері Африкада тараған. Бұл жанауарлар ауа райының өзгеруіне,халықшаруашылық жұмыстарының өркендеп өсуіне байланысты бұрынға таралған жерлері тарылып,қазіргі кезде қбөкенердің тек Моңғолия, Қалмақ даласында және Қазақстан жерлерін сақталып отыр. Республикамыздың кең байтақ даласында киіктердің бір-бірінен жеке дара бөлінген үш тобы мекендейді.Ола Бетпақдала,Арыс,Үстірт,Еділ,Жайық өзендерінің аралығында мекендейтін жайық топтары. Бұл топтар кей жылдары бір-бірімен аздап та болса раласып тұрады.Ақбөкендер шөл,шөлейт және далалы аймақтарда тіршілік етуге бейімделген.Олардың қоныстарын өзгертуі ауа райына байланысты болады.Қолға үйретілген түрлері жер шарының барлық түпкірлерінде кездеседі.Ақбөкендердің жабайы түрлері орманды, далалы, шөлді және шөлейтті айсақтарда,таулы жерлерде мекендейді. Ақбөкендер қыстау үшін Бетпақдала, Арысқұм,Қарақұм,Үстірт және Еділ-Жайық өзенаралық оңтүстік аймақтарына кетеді.Олар үйір,яғни топ құрып тіршілік етеді. Ақбөкен үшін жұт өте қауіпті, қалың қар мен көк мұздың әсерінен қорексіз қалады.

Сандық көрсеткішінің динамикасы (популяция,тығыздығы ,жас ерекшелігі) Қазақстанның далалы аймақтарында тіршілік етуге бейіделген жануарлар. Жүздеген жыл бұрын Қазақстан жерін Қара теңізге дейінгі қуаң далаларды мекендеген.60-70 жылдары ақбөкендердің саны өсіп 1000000–ға жеткен.Дегенмен ХХ ғасырдың басында оның саны мен меекен ететін жері күрт азайып,Каспий маңы мен Қазақстанның қуаң аймақтарында сақталған.Ақбөкендер- 10-12 жыл аралықта өмір сүретін сүтқоректі жануарлар.Бұл жануарларды санау жұмыстары 1954 жылдан бастап АН-2 ұшағынан жүргізіліп келеді.1950-54 жылдары олардың саны 2000000 асқаннан кейін кәсіптік жолмен аулауға рұхсат берілді.Содан кейін ақбөкендердің саны кеми бастады.Көктемгі сандық жұмыстары 1962 жылы олардың саны 650000,1965 жылы480000,1971жылы 1,1 млн.,1976 жылы 600000,1978 жылы 400000,1981 жылы 820000 болғанын көрсетті.(Фадеев 1983).Соңғы сананың біршама тұрақтанып,жылма-жыл 750-850 мың басы мекендейтінін көрсетіп отыр.

Үстіміздегі ғасырдың бас кезінде ақбөкендердің жойылып кету қауіпі туғандықтан Кеңес өкіметі 1919 жылдан бастап оны аулауға толық тыйым салды.Ол кезде қазақ жерінде бұл аңның 150-300-дейі ғана сақталып қалған еді.Міне,дереу қорғауға алынған ақбөкендердің саны жылма-жыл өсіп,қорының тез өсуіне мүмкідік жасалды.Соның нәтижесінде 1914 жылдан оны кәсіптік жолмен сапалы етімен бағалы дәрілік мүйізі үшін аулауға рұқсат етілді.Сол жылы ақбөкен саны 900 мыңдай болса,1973 жылы 1.5 млн.жетті.1982-92 жылдары Қазақстанда 1,4 млн. Ақбөкен қолға ұсталды. Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз. Қазақ елінде ежелден бері аңшылыққа көп көңіл бөлініп келген. Ақсақалдардың айтуынша, ертеректе бір бүркіт үшін аңшылар 5-6 түйеге дейін берген жайттар болған екен. Совет одағы кезінде Қазақстанда әсіресе қасқырға көп аңшылар шығатын, өйткені Қазақстандағы қасқырлар саны әлемдегі ең көбі. Бірақ, қазір олардың да саны азайды.

Мамандардың есебінше, Қазақстан тәуелсіздік алғалы елдегі миллионға жуық бөкендерден тек 30 мың бас қалған. Табиғатта аязды қыстарда және эпидемия кезінде бөкендердің 100 мыңдап қырылып қалатын оқиғаларын еске түсірсек, онда олардың жуық арада мүлде жойылып кету қаупі тұрғандығын байқаймыз, дейді табиғат қорғаушылар.
Браконьерлердің киікті мүйізі үшін аулайтыны белгілі. Олар көбінесе мүйізі шаңырақтай киік текесін нысанаға алады. Даланы қызыл қанға бояған қатыгездер көбіне киіктің басын ғана кесіп алып, денесін лақтырып кетеді. Бейресми деректерге жүгінсек, аңшылар киік мүйізін 35-40 мың теңгеге сатады. Алматыда бұл одан да жоғары бағаланады екен. Онда мүйіздің келісі 200 мың теңгеден асып жығылса, Қытайда 4 мың доллардың төңірегінде. Қытайда дәстүрлі медицина үшін киіктің мүйізіне дәрілік шикізат ретінде сұраныс мықты. Қытай медицина индустриясының мүйізге деген сұранысы жыл сайын 8 тоннаға дейін барады екен. Қазір көрші мемлекеттегі жинақталған қор 80 тонна көрінеді. Қаскөй браконьерлердің бөкендерді не үшін баудай түсіретінін осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Ақшаға құныққандар киіктің киесін ойлап жатқан жоқ.Ауылшаруашылық министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің өкілдері осылай деп отыр. Мұны зертхана қорытындысы көрсетіпті. Естеріңізге сала кетейін, Батыс Қазақстанда ақбөкен басы өсіп келеді деп ауыз жиып үлгермедік. Былтыр ғана саны 26 мыңға жеткен киіктер осы айдың ортасынан бастап түсініксіз себептермен қырылып жатыр. Соңғы есеп бойынша, 3 мың екі жүзден астам өлексе табылған. Қазір қынадай қырылған Ақбөкендердің мәйіттері жиналып, аумақ залалсыздандырылып жатқан көрінеді.

Ал, жұқпалы аурудың жаппай таралуы мен одан келген зиянды анықтап, дертті жоюмен министрлік жанынан құрылған арнайы комиссия айналысатын болады.Ол үшін біздің жағдайдағы ең қолайлы шара – киіктер келгенше олар жейтін қауіпті аймақтағы шөпті орып тастау керек.

  • Ақбөкеннің жаулары
Мамологиялық жаулары Энтомологиялық жаулары Антропогендік жаулары Орнитологиялық жаулары
Қасқыр

Шибөрі

Қарсақ

Түлкі

Сілеусін

Т.б.

Далалық кене

Жайылым кене

Тайгалық кене

Адамдар

Броконьерлер

Табиғатты бұзушылар

Өндіріс ошақтарының көп салынуы

Қаршыға

Бүркіт

Лашын

Құмай

Сұңқар

  • Ақбөкендердің төлдеу орны.

Ақбөкендердің төлдеу орны Орталық Қазақстан аймақтары, бұл кезде топтағы киіктер саны 100 мыңнан асады.Дегенмен, ақбөкен санының күрт төмендеуіне адамның әсері өте көп.Бұл жануардың жас төлдеріне жыртқыш құстардан бүркіт,дала қыраны мен қарақұстар шабуыл жасайды.Қасқыр сияқты жыртқыштардың аңшылық шаруашылығына келтіретін зияны ерекше.1924-25 жылдарда Қазақстанда бұл жыртқаштардан 193 мың мал басы шығын болған.Табиғи жағдайда бір жыртқыштың жылына 80-90 ақбөкенді құртуы оның аңшылық шаруашылығына да үлкен әсерін тигізетінін дәлелдейді.

  • Халық шаруашылығындағы маңызы.

Халық шаруашылығында ақбөкендердің алатын орын ерекше.Дәмді етіп,құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы үлкен аша тұяқты жануарлар.Қазақстанда кәсіптік жолмен жоспарлы түрде аулау 1955 жылдан бері жүргізіліп келеді.Қазіргі уақытта аулау жұмыстарымен Бетпақдала,Ақтөбе,Орал және Атырау  аң аулау шаруашылық топтары айналысады.Бұлар Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зоология институты қызметкерлерінің ұсынысы бойынша жылма-жыл киіктер санына зиян келмейтіндей мөлшерде,яғни олардың күзгі санының 10-25%-ын аулап отырады.Мүйізінен жоғары сапалы дәрі сантонин алу жолға қойылуда. Ал орылған шөпті киіктер жемейді. Олар шабылған шөпке қарағанда, өсіп тұрған шүйгін шөпті іздейді. Қауіптің алдын алудың тағы бір тәсілі – шөпті гербицидтермен залалсыздандырып, басқа шөп егу. Бұл әрине мемлекетке қымбаттау түсуі мүмкін. Ал жануарларды қауіпті аймаққа жолатпау, оларды өзге өңірлерге айдау сияқты шараларды жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін емес»,деп ойлаймын

Ақбөкендердің санын қалыпты ұстап,оны тиімді пайдалану үшін қорғау жұмыстарын күшейту керек.Ол үшін арнайы құрылған топтарды жүрдек машиналармен,тікұшақтармен,байланыс және түнде бақылау жүргізетін құралдармен қамтамасыз еткен жөн.Мамырдың бірінші жұлдызынан маусымның ортасына дейін ақбөкендер төлдейті аудандарда шаруашылық жұмыстарын жүргізбей,қасқыр мен бұралқы иттердің санын азайтуды естен шығармау керек.Газ,мұнай,су құбырларын тартқанда қазылған арықтарды қайта көміп немесе киіктер жүретін және су ішетін орындар қалдыру әр уақытта есте болатын жайт.

1982-92 жылдары Қазақстанда 1,4млн.ақбөкен ұсталып,одан 19,5 мың тонна ет,165 тонна шипалық мүйіз дайындалды.

Ақбөкендердің мүйізінен пантокрин емдік дәрісі алынады,олардың тұяғын күйдіріп,одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады,сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін де пайдаланады.Осы қасиеттерін дәріптеп,қазақтар киікті  киелі,қаситтті аң деп бағалайды.

2.8. Келешек ұрпақ үшін киіктерді сақтап қалайық!

Келешек ұрпақ үшін киіктерді сақтап қалу амалдары.

Иә, мен осы бір ғажайып аң – киіктер туралы көп мағлұмат алдым. Олардың шығу тарихын, ағзаларының ерекшеліктерін, өмір сүру ерекшеліктерін білдім. Осы бір жануардың түрінен түсетін экономикалық табысты қарастыра отырып, оны сақтап қалу қажеттілігін түсіндім. Менің ең негізгі мақсатым – киіктердің табынын көбейтіп, сақтап қалу, оларды тірідей көру мүмкіндігінен айырылып қалмау және олар туралы әлі де ақпарат жинау.

Бұдан мынадай сұрақ туындап отыр: «Жануардың бұл түрін әлі де сақтап қалуға мүмкіндік болып тұрғанда біз не істеуіміз керек?»

Дүниежүзінде не жасалып жатыр?

Халықаралық табиғатты қорғау ұйымдары киіктің жоғалып кетуі жайында 1-ші болып дабыл қаға бастады.

1995 жылы СИТЕС 2-ші Конвенциясының (сирек жануарлардың сатылуын реттейтін халықаралық келісім – шарт) қосымшасына киік енгізілді. 2001 жылы СИТЕС ел – қатысушылары (Қазақстан- 2000 жылдан бері СИТЕС-ке қатысады) киіктің жоғалып кетуі қаупі бар болғандықтан Ресей мен Қазақстаннан киіктердің мүйізін импорттауға тыйым салуды ұсынды.

1996 жылы бұл түр Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының «Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер тізіміне» енгізілді.

2004 жылы ХТҚО Жердегі биологиялық сан алуандылықты сақтап қалу мәселесі ішіндегілердің ең маңыздысы осы киік мәселесі деп жарияланды.

Киіктерді қорғау мәселелерімен айналысатын бүкіл әлем бойынша  45 –тен астам ұйымдар институттар және табиғат қорғау қорлар жиналып келесі жылдары киіктерді жоғалып кетуден сақтауға не істеу керегін талқылады.

Қазақстанда киік зерттеу мен қорғау саласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы, Білім және ғылым министірлігінің Қазақ зоологиялық институты, Сеймар әлеуметтік қоры тәрізді мемлекетттік және мемлекеттік емес ұйымдар,институттар мен қорлар қызмет етуде.

  1. Практикалық бөлім.
    • Сауалнама нәтижесін талдау.

Сауалнамадан барлығы 5-10 сынып оқушыларының арасынан 56 оқушы өтті.

Сауалнама         Тақырыбы: «Киік – қазақ даласының символы»

1. Ақбөкен деген кім?
2. Ақбөкен мекендейтін жер қандай?
3. Неге акбөкенді «Жердің ежелгі көшпендісі» деп атайды?
4. Мұз дәуірінде өмір сүру үшін ақбөкен қандай қасиеттерге ие болуы керек еді?
5. Ақбөкеннің негізгі жауы кім?
6. Киіктердің санын азайтуға адамдардың қандай қызметі ықпал етеді?
7.  Ақбөкенге суық, ұзақ қыста аман қалуға қалай көмектесуге болады?
8.  Қазақстанда табиғатты қорғау, киіктердің санын арттыру бойынша қажетті шараларды көрсету керек пе?

Сауалнаманың сандық талдауы.

Ақбөкеннің ежелгі жануар екенін Ақбөкеннің қасиеттерін көрсет Ақбөкеннің негізгі жауы
Біледі 12 35 50
Білмейді 42 12 3
Жауап бере алмады 2 9 3

Сауалнаманың сапалық талдауы.

  1. Киіктердің санын азайтуға адамдардың қандай қызметі ықпал етеді?
  2. Ақбөкенге суық, ұзақ қыста аман қалуға қалай көмектесуге болады?
  3. Қазақстанда табиғатты қорғау, киіктердің санын арттыру бойынша қажетті шараларды көрсету керек пе?

Барлық пікірлер талданып, мына ұсыныстар топталды.

Жергілікті деңгейде қандай жұмыстар атқаруға болады?

Броконьерлермен күресуді жүргізу ғана емес, сонымен қатар осындай кәсіппен айналысуға мәжбүр ететін жергілікті тұрғындардың нашар экономикалық жағдайын жақсарту жолдарын қарастыруымыз керек.

Тұрғындарды қазіргі киіктердің шын мәніндегі жағдайлары жайында олардың жоғалып кеткен жағдайда не болатыны туралы ақпараттандыру керек. Киіктердің тағдыры біздің өзіміздің қолымызда – міне осының мәнін халықтың жете түсінуі қажет. Браконьерлерді тек айыппұлмен ғана қорқытпай, оларға өздерін қоршаған адамдардың, яғни туыстарының, достарының оларға кінә артуы айыппұлдан көбірек әсер етеді. Бірақ, осы жерде ескере кететін жәйт – егер жергілікті тұрғындардың бұдан басқа кәсібі, өмір сүруге қаражаты болмаса, бұдан түсетін пайдамыз аз- ақ, жағдайды ауқымды түрде өзгерте аламыз деп айта алмаймын. Сондықтан бүгінгі күннің осындай мәселесін шешу үшін аумақтардың экономикалық даму бағдарламаларын жасау керек.

Зерттеу жұмысымды мына сөздермен аяқтағым келіп тұр.

Сен де табиғатты қорғауға атсалыса  аласың және киіктерді сақтап қалу үшін      күресе   аласың.

Келешек ұрпақ үшін киіктерді сақтап қалайық!

Ұлы даланы мекен еткен

Киік аңы, не деген көркем!

Табиғатқа бейім,жүйрік, төзімді

Оларды қорғау Елімнің парызы! 

  • . Қорытынды.

Жабайы жауарларды кәсіп ету халқымыздың шаруашылық ісінің маңызды саласы болып есептеледі.Осы жолмен өнеркәсіптің әртүрлі саласында пайдалатын тамақ, бағалы тері, тоқыма өнеркәсібінің т.б. өнімдерін алады.Әсіресе жануарар дүниесіне өте бай біздің елімізде табиғаттың байлығын тиімді пайдаланудың маңызы зор.     Ақбөкеннің негізгі жауы – қасқыр,  ал жас төлдеріне бүркіт,  дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ол аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен дәмді еті,құнды мүйізі мен тұяғы,  әдемі терісі үшін ауланады. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады. Ақбөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына  шалдыққандарды емдеу үшін де пайдаланады. Осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ киікті «Киелі», «Қасиетті аң» деп бағалайтынын естен шығармайық 

Қорғау шаралары:

1.Ақбөкенді атып еті мен мүйізін сататын қарақшыларға  қатаң жазалаудың түрін қолдану.

  1. Жануарды қорғау мекемесі жұмысшыларына еркін жүре алатын көліктер мотоцикл бөлу

3.Ақбөкенді  қорғау туралы плакаттарды көптеп шығару

Зерттеу нәтижесінде киіктің басқа тілдерде аталуымен, олардың мекендейтін ортасымен, дене құрылысымен, адам өміріндегі маңыздылығын білдім.

Киіктер туралы жаңылтпаш, мақал – мәтелдер, өлеңдер, аңыздар жинақтап, альбом жасадым.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Бекенов А.,Есжанов Б.,Махмұтов С. Қазақстан сүтқоректілері .-Алматы: «Ғылым»,1995.

2.Наумов С.П.Омыртқалылар зоологиясы

3.Қазақстан ұлттық энцклопедиясы.-Алматы,1998

4.Балмағамбет Т.Б.Омыртқалылар зоологиясының практикумы.-Қарағанды 2006.

5.Қазақстандағы жануарлар әлемі.Алматыкітап,2005.

You May Also Like

Оқушылардың-шығармашылық-қабілетін дамыту, ғылыми жоба

Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Эксперимент физиканы оқыту процесінде әртүрлі функцияларды атқарады. Демонстрациялық…

Анализ собственных наименований продовольственных товаров, научная работа

Тема:    «Анализ наименований продовольственных товаров на примере  магазина «Роза» Рецензия На конкурсную…

Тұщы судың қасиеттері мен географиялық және экологиялық жағдайына зерттеу жүргізу, ғылыми жоба

Авторы: Сыныбы: Жұмыстың тақырыбы: Тұщы судың қасиеттері мен географиялық және экологиялық жағдайына…

С. Нұржанов кен орны, ғылыми жоба

№№ Мазмұны Бет 1 2 3 Кіріспе 6 1 Геологиялық бөлім 1.1…