Авторы:

Сыныбы:

Жұмыстың тақырыбы: Тұщы судың қасиеттері мен географиялық және экологиялық жағдайына зерттеу жүргізу

Ғылыми бағыты: Таза табиғи орта – «Қазақстан 2050» стратегиясын іске                 асырудың негізі

Секциясы: География

Ғылыми жетекшісі:

Жетекші:

………………………………………………………………………………………….. мектебінің

.. ..      сынып оқушысы ………………..

«Тұщы судың қасиеттері мен

географиялық және экологиялық

жағдайына  зерттеу жүргізу»

                               тақырыбындағы ғылыми

шығармашылық жұмысына

Пікір 

Ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті көптеген адам (негізі балалар)  әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны  кәзіргі кезде көбейіп отыр.

Қазақстан Респуликасында да ауыз су күрделі мәселелердің бірі болып отыр.   Тұщы судың қасиеттері географиялық және экологиялық жағдайлары  ғылыми шығармашылық жұмысын іздену барысында бір қатар ақпарат көздерін, атақты ғалым, зерттеушілердің әдебиеттерін тиімді пайдаланып, табылған материалдарды өңдеп, тұщы судың маңыздылығын және оның сапасын анықтады.

Бұл ғылыми жұмыста  Семей қаласының ауыз суы; (З метр тереңдіктен алынған ауыз су);  Ұлан ауданының ауыз суы;  Қоңыр әулие суы сынамасы алынып зерттеу жүргізілген.

Сулардьң құрамын салыстыру үшін Алматы қаласының ауыз суын  зерттеуге алынған.  Судың pH “И-160 МИ” маркалы рН-метрінде, сыну керсеткіші “ИРФ-454Б” маркалы рефрактометрде, ал тығыздыгы пикнометрлік әдіспен анықталды.

Шығыс Қазақстан облысының  аудандарындағы ауыз су сапасын  жүйелі түрде зерттеп , құпия сырларын өз деңгейінде аша білді.

Өзінің жасаған қорытындылары негізінде жеке жоба қарастырып, Қазақстан Респуликасының ғылыми жаңалықтар тізіміне өз үлесін қосатынына сенім білдіремін.

Ғылыми жетекшісі:

…………………………………… мектебінің

……… сынып оқушысы ………………………………………

«Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайы» тақырыбындағы ғылыми шығармашылық жұмысына

Пікір 

Аружан  өзінің ғылыми шығармашылық жұмысын іздену барысында бірқатар ақпарат көздерін, атақты ғалым, зерттеушілердің әдебиеттерін тиімді пайдаланып, табылған материалдарды өңдеп, тұщы судың маңыздылығын,  ШҚО –ң аудандарындағы ауыз сапасын  жүйелі түрде зерттеп , құпия сырларын өз деңгейінде аша білді.

Өзінің жасаған қорытындылары негізінде жеке жоба қарастырып, Қазақстан Респуликасының ғылыми жаңалықтар тізіміне өз үлесін қосатынына сенім білдіремін.

АННОТАЦИЯ 

Ғылыми жұмыс адам денсаулығы үшін ауыз су сапасының маңыздылығын айта отырып, судың қасиеттерімен химиялық құрамымен, ағзаға әсер ететін факторлардың болу не болмуын сипаттауға арналған. Жер бетінде адамзат баласы өзі ішетін тұнық суды пайдалану, оның емдік қасиеттерімен және тәсілдерімен танысып қолдану. Өзі аясында тіршілік ететін табиғатынан тыныстайтын су қоймаларын ластанбауын қатаң қадағалап отыратын болмақ. Зерттеу жұмысы барысында газет, журнал, кітаптар, интернет арқылы материалдар алынды, зерттеу жүйелеу қорыту әдістері қолданылды. Судың құрамын, сапасын зерттей отырып, таза суды қолдану арқылы денсаулықты нығайтуға болатынын дәрігерлер-ғылымдардың дәлелденуі. Жоғары сапалы суды пайдалану қоғамның салауатты өмір салтының кепілі, демек оның тұрмыс жағдайының жақсартуының кепілі екенін көрсетеді.

Ғылыми-шығармашылық жұмыс Түркістан облысының су көздерінің мониторингісін жасауға бағытталып барлық өзен, көлдер мен жерасты суларына сипаттама жасалды. Қазығұрт, Сарыағаш, Созақ ауданының және Шымкент қаласын қақ жарып өтетін Қошқар ата өзенінің әртүрлі нүктелерінен алынған су сынамалары зерттелді. Анықтау нәтижелеріне сүйене отырып, су көздерін тиімді пайдалануға арналған әдістемелік нұсқау дайындалды.

Ғылыми жаңалығы: Алғаш рет Түркістан облысының су көздерінің ластануы салыстырмалы түрде зерттелді. Алынған нәтижелер сараптаудан өткізілді.

Практикалық маңызы Өңірдің су көздерінің сипаттамасы жасалған соң, белгілі бір мезгілде қайта зерттеулер жүргізе отырып, қадағалау мүмкіндігінің болуы арқылы үнемі су сапасы анықталады.

АННОТАЦИЯ

Цель научной работы описание важности качества питьевой воды для здоровья человека, описывающее наличие или отсутствие факторов, влиящих на химические свойства организма. Использование поверхностных вод в организме человека с изпользованием собственной питьевой воды, ее лечебных свойств и методов. Он будет контролировать загрязнение вожоемов, которые он населяет в своей окружающей среде. В ходе иследования изпользовались газеты, журналы, книги, материалы в Интернете и систематизированные методы пищерварения. Использовались методы синтеза систематизации. Исследователи смогли улучшить здоровье с помощью чистой воды. Использование высококачественной воды является гарантией здорового образа жизни и, следовательно, гарантией лучшей жизни.

Исследование и творчество предназначено, чтобы сделать мониторинг водных источников в южном регионе было описание всех озер, рек и подземных вод. В Казыгуртских регионов, и в сердце города Шымкент, регулярно изучали с радных точек загрязнения речной воды. Основывясь на результаты подготовки методического руководства для эффективного изпользовали водных ресурсов.

Новизна научной работы что впервые на Юге были изучены отностильно загрязнения водных источников. Полученные результаты были исследованы. Практическое значение по полученным результатом мы можем проверить качесвта воды.

ANNOTATION 

Describing the importance of drinking water quality for human health. Describing the presence or absence of factors affecting the bodes chemical properties and the body. The use of surface water in the human body by the use of its own drinking water its medicinal properties and methods. It will control the pollution of water reservoirs which it inhabits in its own environment. In the course of the research were used newspapers magazines books materials on the internet and systematized methods of digestion. Methods of synthesis of the systematization were able to improve the health by using pure water.The use of high quality water is a guarantee of a healthy lifestyle and consequenty a guarantee of a better life. The research and creation are intended to make the monitoring of water surces in the southern region was described of all the lakes rivers and groundwater. Kazygurt regions and in the heart of the city of Shymkent regularly was learnt in different point of dirty water. Based on the preparation of methodological guidance for the effective use of water resourcers.

The novelty of the scientific work for the first time in the South have been studied with respect to the pollution of water sources the results were examined. Practical significance of the results we can check the quality of water.

Мазмұны 

І. Кіріспе……………………………………………………………………………………………………8

ІІ. Негізгі бөлім

  1. 1 Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайы…………………………..9

2.2. Жер асты сулары …………………………………………………………………………….11

2.3 Табиғаттағы су айналымы………………………………………………………………..12

2.4.  Әлемдік су қоры………………………………………………… …………………………17

2.5.  Суды ластағыш заттар………………………………………….. ……………………….26

2.6.   Зерттеу барысы………………………………………….. ………………………………28

Қорытынды…………………………………………………………………………………………31

ІІІ. Пайдаланылған әдебиет………………………………………….. …………………..33

Кіріспе

        Жұмыстың мақсаты: Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және адамзаттық тұрмыс-тіршілігінде үлкен рөл атқарады. Адамзат өмірі мен мәдениеттің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада және т.б. толып жатқан салаларда кеңінен механика және басқа да ғылыми салаларының зерттеу объектісі болғандықтан судың құрамындағы иондарды анықтау.

 Ғылыми жұмыс өзектілігі: Қазақстан Республикасында  тұщы су қоры, судың ластану  бұл күрделі мәселе болып отыр. Сол себепті судың құрамындағы затарады, металл катиондарын және сутектік көрсеткішін зерттеу.

Жұмыстың құндылығы: Оңтүстік Қазақстан Облысының аудандарының ауыз суынының Алматы қаласының ауыз суларын салыстырып, олардың құрамын анықтау.

Болжам:  Тұщы судың кермектілігі мен сапасы анықталады.

Зерттеу кезеңдері:

1-кезең – Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;

2-кезең- Талдамаларды  жобалау;

3-кезең- Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;

4-кезең-  Талдау жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау,   жазу.

Зерттеу әдісі: Зерттеуде  іздену,  жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау.

5.Зерттеу нәтижесі:  Тұщы су  туралы  жинақталған тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып,  проблеманы шешу жолы қарастырылады.

  1. 6. Күтілетін нәтиже:

–   Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайын біледі;

–  Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қояды;

–  Оңтүстік өңірінің су қорын салыстырады;

–  Зерттеу нәтижесін қорытындылай біледі:

  1. 1 Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайы

Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.Сонымен бірге сулы ортаның бірқатар жетімсіздіктері де бар, олар тірі ағзаларға қолайсыз әсер етеді. Мәселен, судың қысымының көбірек артуы және оттегімен нашар канығуы мұхит тұңғиығындағы суда тіршілік ететін ағзалар тіршілігіне кедергі келтіреді. Су құрамындағы оттегінің мөлшері атмосферадағы құрамынан шамамен 20 есе төмен болады. Жарық 200 м тереңдікке өтеді, сондықтан теңіздер мен мұхиттарда тіршілік ететін ағзалар жағымсыз ортада өмір сүруге бейімделеді.

Тұщы су — минералдану дәрежесі 1 г/л-ден аспайтын табиғи су атауы, минералдануы 1%-дан кем су. Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Егер де адам саны (қазірдің өзінде 7 миллиард) жылдан-жылға өсе берсе, алдағы 30-40 жылда бір жұтым су табудың өзі жер шарының кейбір аймақтарында қиямет-қайымға айналмақ. БҰҰ зерттеуінде алысқа бармай-ақ 2030 жылдары 5 миллиард халық тұщы судың зардабын тарта бастамақ. Бұл – әлемдегі халықтың 67 пайызы ауызсуға қаталайды деген сөз. Дамушы елдердегі аурулардың 80 пайызы сапасыз суды пайдаланғаннан болуда. Содан жыл сайын 3 миллион адам шейіт болады екен. Шөлді, шөлейтті, жартылай шөлейтті болып келетін Қазақстанда суға қаталап жатқан ел. Бүгінгі күні Қазақстанда жер үстіндегі сулардың көлемі 42 млрд т. м. құрайды. Ал жерасты суларының қоры 19 млрд т. м. 2012 жылы қаңтар соңында Ресей ғалымдарыАнтарктида мұзын 30 жыл бұрғылап, 4000 метр тереңдіктен әлемдегі аса ірі тұщы көлді тапты. Ол көл жалғыз емес екен. Мәңгілік мұзды аймақта ірілі-уақты 80 көл бар болып шықты. Егер де ол суларға қолжетімді болса, жер бетіндегі халықты 150 жыл ауызсумен қамтамасыз етуге болады екен. Бірақ тұщы су мұз астында, тым тереңде жатыр. Теңіз және тұщы су құрамьндағы тұздар мөлшері біркелкі болмайды. Мәселен, теңіз суы натрий хлориды мен магний сульфатының тұздарына бай, ал тұщы су құрамында кальций және карбонат иондары көп мөлшерде болады. Сулы ортаны мекендейтін ағзалар сан алуан, олар бір биологиялық топқа — гидробионттарға бірігеді. Олардың барлығы сулы орта факторларының әр түрлі құбылуына бейімделді. Сулы ортада ауаға қарағанда дыбыс тезірек тарайды. Сондықтан гидробионттарда көру мүшелеріне қарағанда есту мүшелері жақсы дамыған. Кейбір түрлер тіпті өте төмен жиіліктегі (инфрадыбыс) толқындардың ырғақтарының өзгеруін дер кезіңде сезіп, дауыл тұрардың алдында су тереңдігіне қарай төмендейді Кейбір гидробионттардың (кит тәрізділерде) бағыт-бағдар алуы, қорегін іздеп табуы — толқындардың шағылған дыбыстарын қабылдау (эхолокация) арқылы жүзеге асады. Көпшілігі жүзу кезінде әртүрлі жиіліктегі электр зарядтарын тудырып, шағылған электр импульстарын қабылдайды. Электр зарядтарын тудырып, оны өзінің бағыт-бағдар алуында және сигнал үшін пайдаланатьін 300-ге тарта балық түрлері белгілі.Мысалы, тұщы суда тіршілік ететін су пілі балығы (Моrrуtus kannume) секундына 30 импульс жіберіп, су түбіндегі тұнбадан өзі қоректенетін омыртқасыздарды оңай табады. Импульстары секундына 2000-ға дейін жететін теңіз балықтары да бар. Кейбір қорғану көптеген шұңқырлы, ойық жерлерінде өзендердің тасуынынан, қатты нөсер жауыннан соң, қардың еруінен және тағы басқа жағдайларда уақытша көлшіктер, тоғандар пайда болады. Мұндай көлшіктерде де қысқа уақытта тіршілік ететін әр-түрлі гидробионттар кездеседі. Бұлардың ерекшелігі сол, аз ғана уақыт ішінде көбейіп, өзінен соң көптеген ұрпақтарын қалдырып келесі ылғал болатын уақытқа дейін тұнбаға көміліп иабиоз жағдайға түседі (кейбір шаяндар, планариилер, аз қылтанды құрттар моллюскалар, тіпті кейбір балықтар — африка протоптерусы және оңтүстік америка лепидосирені). Көптеген майда организмдер құрғақшылық жағдайда циста түзеді (инфузорилар, тамыраяқтылар, кейбір ескекаяқты шаяндар, турбеллярий және т.б.).Су ортасының өзіндік оттегі режимі де бар. Суда оттегі атмосферамен салыстырғанда 21 есе аз. Судың температурасы, терендігі, тұздылығы артқан сайын ондағы оттегі мөлшері азайып, ал судың ағысы қатты болған сайын оттегі мөлшері көбейеді. Басқа орталармен салыстырғанда судың температуралық режимі біркелкі болуымен ерекшеленеді. Қоңыржай аймақтарда тұщы сулардың температурасы 0,9°С-25°С аралығында (ыстық су көздерін есептемегенде, онда су температурасы 100°С-қа дейін жетеді), тұщы сулардың терең қабатында температура 4°С-5°С-ты құрайды.Су ортасының жарық режимінің әуе-құрылық ортасынан айырмашылықтары көп. Жарықтың су бетінен шағылысуына және су ішінен өтуі кезінде сіңірілетін болғандықтан суда жарықтың мөлшері аз болады. Сондықтан терең суларды үш аймаққа: жарық , алакөлеңке және толық қараңғы бөліктерге бөледі.Мұхиттың қараңғы, терең бөліктерінде гидробионттар көру үшін тірі организмдерден бөлінетін жарықты пайдаланады. Мұндай құбылыс биолюминесценция деп аталады. Мысалы, кейбір балықтардың арқа жүзу қанаттарының алғашқы сәулесі жоғарға жақ сүйегіне жақын майысқан, қармақша тәрізді болып орналасқан. Осы қармақшаның ұшында шырышты жарық беретің бактериялары бар. Оттегімен бактерияларды қамтамасыз етуі арқылы жарық беріп, қорегін өзіне еліктіреді. Үнемі қараңғылықта тіршілік ету немесе жарықтың жетіспеуі гидробионттардың көру мүмкіншіліктерін шектейді.Жердің су қоры теория жүзінде сарқылмайды.Жердің су қоры теория жүзінде сарқылмайды, себебі тиімді пайдаланған жағдайда су ресурстарының әлемдік су айналымы барысында үздіксіз қалпына келіп отырады. Өкінішке орай, соңғы жылдары Әлемдік Мұхиттарға мұнай өнімдерінің төгілуі, биологиялық алуан түрліліктің азаюы ұлғайып, тропикалық жағалауларга антропогендік қысым көп түсуде. Теңіз жағалауларының өсімдіктер жамылғысы тозып (Индонезия, Филиппин, Тайланд), күріш алқаптарын кеңейту және асшаяндар өсіру үшін тоғандар жасалып, мангра тоғайлары жойылуда.

Гидрология

Су — бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.

2.2 Жер асты сулары

Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін.Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді.Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады.Төменгі қабатта судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында — су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады — жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады. Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.

Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі белгілі.

Бірінші түрі жетекші деп аталады.

Бұл — жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.

Екінші атауы — артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты.

Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады. 

2.3  Табиғаттағы су айналымы

Атмосфера үнемі су буымен байып отырады, себебі жер бетіндегі өзендер мен көлдер, мұхиттар мен теңіздер, мұздақтар үнемі буланады. Бірақ атмосферадағы су буының мөлшері тым көбейіп кеткенде, ол асқын қанығуға жетіп конденсацияланып, қайтадан жерге жаңбыр мен кар күйінде қайтып отырады.Табиғаттағы су айналымының өзгеруі жер бетінін, әр жерінде әр түрлі табиғи апаттарға әкеліп соғады.Суды тазарту жолдары.Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты ластануына қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру немесе сүзу арқылы тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген қоспалардан суды айдау арқылы тазартады.Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау өдістері колданылады. Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі.Мұнан басқа ірі өндіріс орындарының өндірісте қолданған суларын да тазартпай ағын суға жіберуге болмайды, сол үшін қатаң экологиялық шектеу қойылып, үнемі тексеру жүргізіледі. Соңғы кездері суды тазарту үшін ион алмастырғыш шайырлар да кеңінен қолданыла бастады.Дистильденген су — айдау арқылы тазартылған су, ол кұрамы бойынша жаңбыр суына жақын болады. Дистильденген су арнайы зерттеу жұмыстарында, дәрі-дәрмек өндірісінде және автокөліктердің аккумуляторларына электролиттер дайындауда қолданылады.Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп аталды.Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда қоспалардың, тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар. Дегенмен тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ деп айтуға болмайды.Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу қасиеті бар. Ал бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдаратомы ең кішкентай мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың таза болуына кедергі келтірмейді. Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз болуы үшін суды деиондайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ өте таза суды дистиллятордан бірнеше рет өткізу арқылы да алуға болады. Солайша бидистиллят алынады.Әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай электрөткізу қабілетінің арқасында дистиденген су өндірісте таптырмайтын зат. Дистелденген суды адам үшін тұрақты түрде қолдануға қатысты әр жақты пікірлер бар.Көптеген адамдар дистилденген су адам ағзасы үшін пайдалы емес, өйткені ол пайдалы құрауыштардан толық тазартылған деген пікірде. Дистилденген су ағзадан минералдық құрауыштар мен витаминдерді алып шыққандықтан денсаулыққа зиян келтіретіндігін куәландыру да жүргізілген.Дегенмен бұл ұйғарымдары даулауға және дистилденген суды қорғауға дайын адамдар да бар. Өйткені дистилденген судың зияндылығы туралы еш жерде ғылыми дәлелденген жоқ. Шындығында да ол өз құрамы бойынша ерекшеленеді, бірақ қарапайым сумен де минерал тапшылығын толықтыру қиын. Ал дистилденген су ең болмағанда ауру қоздырғыш бактериялардан сақтай алады.Судың физикалық қасиеті.Таза су — түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді.Қалыпты қысымда 100°С-та қайнайды да, 0°С-да мұзға (р=0,92 г/см3) айналады, сондықтан мұз су бетінде қалқып жүреді. Сонда оның көлемі 9 %-ға артады. Судың беткі қабатының мұзбен қапталып жатуы ондағы тіршілік иелерінің қыс мезгілінде де өмір сүруіне жағдай жасайды.Температурасы 4°С болғанда, тығыздығы 1г/см3 (судың ерекшелігі). Судың жылу сыйымдылығы өте жоғары, оны мына мысалмен түсіндірейік. Жаздың аптап ыстық күндерінде су жылуды сіңіріп, өзеннің маңайын салқындатып тұрады, сондықтан адамдар оның жағалауына дем алуға көптеп барады.Осылайша жиналған жылуды су қыс мезгілінде біртіндеп ауаға береді, сондықтан қатты аязды күндерде өзеннің беті тұманданып тұратынын сендер сан дүркін кердіңдер. Су жер бетінен тараған жылудың 60%-ын ұстап қалып, оны суынудан сақтап тұрады. Табиғи сулар әдетте таза болмайды, онда еритін және ерімейтін заттардың қоспалары болады. Теңіз суында еріген тұздар кептеп кездессе, (3,5 %) ағын және жер асты суларында кальций мен магний тұздары болады, ал жауын мен еріген қар суларында көбінесе шаң мен еріген күйдегі газдар (02, N2, С02, S02, т. б) кездеседі.Су — сутек оксиді, Н2О — қалыпты жағдайда сутек пен оттек 1:8 көлемдік қатынаста болатын тұрақты қарапайым химия қосылыс. Табиғатта ең көп таралған, бүкілгидросфера Судан тұрады, Судың тіршілік үшін маңызы өте зор. Аристотель өз еңбектерінде (біздің заманымыздан IV ғасыр) Суды төрт құбылыстың (от, ауа, топырақ, су) біріне жатқызса, ғалымдар XVIII ғасырдың аяғына дейін Суды жеке элемент ретінде қарастырды. Суды алғаш ағылшын ғалымы.  Г.Кавендиш (1731—1810) зерттеді (1781—1782), ал цфранцуз ғалымы  А.Лавуазье (1743—1794) сутек жанғанда Су түзілетінін дәлелдеп (1783), Ж.Млньемен бірге сандық құрамын анықтады (1785). Судың құрамында массасы бойынша 11,19 % сутек, 88,81 % оттек болады; молекуласы 2 атом сутек пен 1 атом оттектен тұрады, молек. м. 18,0160, иіссіз, дәмсіз, түссіз(терең жері көгілдір) сұйықтық. Құрамында 2Н (дейтрий) бар Су — ауыр су (D2O) деп аталады. Ауыр Судың физиқалық қасиеттері өзгешелеу болады. Су 0°С-та қатып, 100°С-та қайнайды.

20 °С-тағы тығыздығы 0,99823 г/см3,

0 °С-тағы тығыздығы 0,9168 г/см3 (мұзда).

Судың физиқалық қасиеттерінде, балқу жылуында, меншікті жылу сыйымдылығында, тұтқырлығында, жылу өткізгіштігінде ерекшеліктер бар. Мысалы:, мұз жеңіл болғандықтан Суда қалқып өзендер мен көлдердің түбіндегі тіршілік сақталады. Су қалыпты температурада көптеген заттармен әрекеттеседі. Сілтілік және сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде гидроксид пен сутек түзеді (2Na+2H2O=2NaOH+H2↑). Су әр түрлі жағдайда бейметалдармен (фтор, хлор, бром, фосфор, көміртек) әрекеттесіп, қышқылдар (HCl, HClO, HPO3, HF, HBr) және оксид (СО) түзеді.Атмосферада Су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде кездеседі. Су оттек, сутек, азотқышқылын, спирт, альдегидтер, сілтілер, т.б. асамаңыздыхимиялықөнімдердіөндірудеқолданылатынхимиялықреагентер. Оның катализатор ретіндемаңызызор.

       Химиялық  қасиеті.

Сутек пен оттектің химиялық қосылысы.Массалық құрамы: Н —11,19 %, О — 88,81 %.Молекулалық массасы 18,0153. Су планетамыздағы ең көп тараған заттардың бірі; ол үш түрде — бу, су және мұз күйінде ұшырасады; күшті еріткіш.

Су айдауыш мұнара- елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі су өтімі (шығыны) мен қысымын реттеп отыруға арналған құрылыс. Ол цилиндр тәрізді етіп арнайы болаттан немесе темір-бетоннан жасалған шаннан және оны көтеріп тұратын тіреуіш құрылымнан тұрады. Мұнараның биіктігі 25—30 м-ге, шанының сыйымдылығы ондаған текшелерге жетеді. Тіреуіш кірпіш не ағаштан жасалады. Шан ішіндегі судың қыста катып қалмауы және ластанбауы үшін ол жылу өткізгіштігі төмен жеңіл материалдармен қапталып, үсті шатырмен жабылады

        Судың сапалық құрамы сутек пен оттектен тұратыны, ал сандық құрамы екі сутек атомы мен бір оттек атомынан тұратындығы мәлім.

Судың айырылуы электр тогының әсерінен жүреді, бұл реакциямен сендер сутекті алу әдісі бойынша таныссыңдар:2H2O→2H2↑+O2↑Күрделізаттыңқұрамдасбөліктерінеайырылуы — анализ деп аталады.

Жай заттармен әрекеттесуі:

  1. Судың металдармен әрекеттесу реакцияларын сутегін ал әдістерінде қарастырған болатынбыз:2Na + 2НОН = 2NaOH + Н2↑.Са + 2НОН = Са(ОН)2+ Н2↑.Белсенділігітымжоғарыемесметаллсуменәрекеттескенде оның оксиді түзіледі:Mg + НОН = MgO + H2Белсенділігі төмен металдар сумен әрекеттеспейді.
  2. Бейметалдармен әрекеттесуі: Су кейбір бейметалдармен де әрекеттесе алады. Қыздырға көмірге су қоссақ екі түрлі газ қоспасы түзіледі — ол «су газы»деп аталады:С + НОН=СО↑+Н2↑.Көмірдіжағардаоғансуқосыпшылайтынынбілесіңдер, сондатүзілгенекігаздажанғыш екен. Хлорды суға жібергенде екі қышқылдың қоспасы түзіледі.Сl2 + НОН = НСlO + HCl

Күрделі заттармен әрекеттесуі:

  1. Активті металдардың оксидтерімен әрекеттесіп гидроксидтер(негіздер) түзеді.Na20 + Н20 = 2NaOHӘктасқа су қосқанда оның қайнай бастағанын көреміз, реакция жылу бөле жүреді: СаО + Н20 Са (ОН)2+ Q{| Металл оксидтері + су = негіз |}
  2. Кейбір бейметалдардың оксидтері сумен әрекеттескенде қышқыл түзеді. Күкірттің бір түйірін алып жақсак оның оксиді түзіледі:S + O2=SO2Жану өнімін суға жіберсек: S02+ Н20 = H2S03 күкіртті қышқыл түзіледі, көк лакмус қызарады. Дәл осындай реакциялар басқа бейметалдардың да оксидтерімен жүреді. Сl20 + H20 = 2HCl0 N2O3 + H20 = 2HN02.style=»border:1pxsolid #ddd; text-align: center; margin: auto» cellspacing=»15″Бейметалл оксидтері + су = қышқыл |} III. Белсенділігі жоғары металдардың гидридтері де сумен әрекеттесіп гидроксидтер береді.NaH + НОН = NaOH + Н2
  3. Кейбір тұздар сумен химиялық әрекеттесіп кристаллогидраттар түзеді:CuS04+ 5H20 = CuS04 * 5H20 мыс купоросы;FeS04 * 7H20 темір купоросы;Na2S04 * 10H20 глаубер тұзы.Кристаллогидраттардың молекулалық массасын — тұздың молекулалық массасына су молекулаларының массаларын қосып табамыз.Mr(Na2C03*10H20) =106+180=286.Су — біршама инертті биологиялық еріткіш сүйықтық, онда кептеген органикалық жөне бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе суды қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі заттардың еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат болмайды екен.Заттардың суда еруі тек физикалық құбылыс қана емес, күрделі физико-химиялық үдеріс, еру барысында еріген заттың молекулалары еріткіштің молекулаларында біркелкі таралып қана қоймайды, олармен химиялық әрекеттесе де алады. Оны күкірт қышқылын еріткенде жылу бөлінетіндіктен, сол сияқты құрғатылған мыс сульфатының ақ түсті кристалдарын еріткенде кегілдір түсті ерітінді түзілгенінен байқауға болады. Кез келген табиғи су ерітінді болып теңіз суында — 260 г /л тұз бар, сондықтан онда тіршілік жоқ, яғни атына сай.

Ерігіштік — берілген температурада еріткіштің (су) 100 немесе 1000 грамында ери алатын зат массасымен және көлемімен анықталатын шама (г/100 г, г/1000 г Н20, моль/л).Ерігіштік заттың табиғатына тәуелді, мысалы: қант ерімтал болса, бор, әк нашар еритін заттар. Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым мен температураға байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын артады, ал температураны арттырғанда кемиді. Қатты заттардың көпшілігі үшін температураны арттырғанда ерігіштігі де артады.Сұйық күйіндегі заттардың ерігіштігі олардың табиғатына байланысты, мысалы, спирт суда жақсы ерісе, ал бензин нашар ериді. табылады. Мысалы, Каспий тендзінде 13 г / л , Қара теңізде 19 г/л, Өлі Ерітінді деп еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті (гомогенді) жүйені айтады.Берілген зат еріткіштің белгілі бір мөлшерінде осы температурада әлі де ери алатын болса, ерітінді қанықпаған, ал ери алмаса — қаныққан деп аталады.Адам ағзасындағы судың үлесі 60% — ге жуық, бірақ жекелеген мүшелер мен ұлпаларда ол 1% — 96% — ға дейін ауытқиды

Заттар, ұлплар Дене немесе ұлпа салмағына қатысты судың  %
Ағзада 60%
Соның ішінде ұлпаларда
Май 20%
Сүйек 25%
Бауыр 70%
Бұлшық ет 75%
Қан 79%
Ми 85%
Лимфа 95%

2.4 Әлемдік су қоры

Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985мың км³. Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп жер бетіне жайсақ, оның қалыңдығы шамамен2,5 кмболар еді. Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км, ал ең терең максималды тереңдік11022 м(Мариан шұңғымасы).Жердегі судың басым бөлігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы қордың 97, 5% үлесін құрайды, бірақ түщы судың көлемі де өте көп. Оның мөлшері 35 млн. км³ — ге тең.

Әлемдік мұхиттың деңгейінің өзгермелі жағдайында жердің су балансы төмендегідей болады. Планетеға түсетін жауын – шашын буланумен теңеседі. Екі шама да 577000 км³ /жылына жуық. Мұхиттың булануы жауын – шашыннан  47000 км³/ жылына артық. Құрлықта кері заңдылық байқалады – булану жауын – шашыннан 47000 км³ /жылына кем. Осы су өзен ағыстарымен мұхитқа қайтарылады.Қазіргі кезде әлемдік су балансы мұхит жағына қарай ығысқан. Соңғысы судың буланған мөлшерінен жыл сайын 430 – 550 км³ артық алады. Осының нәтижесінде мұхит деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді (соңғы жүз жылда 15см). Қосымша ылғалдың 75% мұхиттар мұздықтардың еруі, 18, 5%  — жер асты қорының пайдалануы, 7% — көлдердің есебінен алады.

Құрылықтағы жауын – шашынның толық буланбауы, (47000 км³) жылудың жетіспеуінен емес, экожүйенің реттеушілік роліне байланысты болатын атап өту қажет.Көл (түркі тілді басқа халықтарда кель, гель, куль)- тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербесойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері).[1] Жершарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2.Өзендерде тұздылық көбінесе 3-5 г/л-ден аспайды, ал көлдерде бұл көрсеткіш 14-тен 300 г/л дейін жетеді. Тұздылығы өте жоғары көлдер қатарына АҚШ жеріндегі Үлкен Тұзды көл, Оңтүстік-Батыс Азиядағы Өлі теңіз жатады.

Тұзды көлдерде ас тұзының, калий тұздарының, сода, йод, бром және т.б. минералды шикізаттың мол қоры шоғырланған. Каспийдің қайраңында мұнайдың мол қоры шоғырланған. Көлдерде балық шаруашылығы дамыған, ал ірі көлдер көлік қатынасына пайдаланылады.

Тұщы көлдер елді мекендер мен кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етеді, тұзды көлдерді емдік мақсатта пайдаланады. Көлдер айналасының климатына да қолайлы әсер етеді; климаттың континенттілігін азайтады, ауаның ылғалдылығын арттырады. Адамның шаруашылық әрекетінен көлдерде су өсімдіктерінің шамадан тыс көбеюі, судағы газ құрамының өзгеруі әсерінен судың сапасы нашарлайды, судағы оттектің мөлшері азаяды.

Жер бетіндегі әр түрлі мақсаттарға пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда, ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі су ресурсын адамзат баласы қалай пайдаланса да аздық етпейді, бұл жердегі проблема – ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе – тұщы судың мол қорында емес, оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында. Судың адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға болады. Таза су ішпеген адамнан дені сау ұрпақ тарамайды. Сусыз ас болмайды, сусыз күн көру мүмкін емес, оны бәріміз білеміз.
Адамзатқа алдағы бес-он жылдың ішінде бір амалын таппаса, судың сұрауы қымбатқа түсейін деп тұр. Ішуге жарамды таза су жер қойнауынан шығатын басқа да пайдалы қазбалар сияқты бағалы және шектеулі ресурс, оны жөнсіз ысырап қылмай, жүйелі түрде пайдаланған дұрыс. Жер асты су қорын мен “нәзік ресурс” деп айтар едім. Олай дейтінім, қазіргі техниканың, ғылымның өркендеген заманында таза суды оңай құртып немесе бүлдіріп алуға болады. Қазіргі кезде қоршаған ортаға, соның ішінде жер асты суының бүлінуіне, құрып кетуіне табиғи және техногендік процестер зор ықпал етеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы жер асты сулары уран өндірудің технологиясына байланысты бүлініп, жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізуде. Өскемен қаласындағы зауыттардың бірінен кезінде далаға ағып, жерге сіңіп кеткен жүздеген тонна сынап қазір жылжып, Ертіс өзенінің арнасына жақындап қалды. Егер бұның алдын алып, шара қолданбаса, сынап өзеннің суына қосылады да, төменгі ағыстағы елді мекендерге орасан зиян келтіріп, шығынға батырады. Бұл жерде адамдар өз қолдарымен табиғи таза суды жарамсыз етіп отыр.

ХХІ ғасырда басты стратегиялық ресурс мұнай емес, тұщы су болмақ. Парсы шығанағындағы әміршіліктерінің тұрғындары қазірдің өзінде шикі мұнайды литрлеп, басқа-бас ауыстыратын болса, ұтымды сауда жасадым деп қуанады. БҰҰ-ның болжамдары бойынша, жер бетіндегі тұщы судың жетіспеушілігі, атмосфераның глобалды жылуынан да көп проблема туғызуы мүмкін. Бүгінгі күннің өзінде 1,1 млрд жуық адам тұщы суды емін-еркін пайдалануға қолы жетпей жүрсе, 2030 жылдарға таман жер бетінің 2,7 млрд тұрғыны ауыз су тапшылығынан қатты қиналатын болады. Осы күннің өзінде кейбір қыс болмайтын, экватордың маңайындағы елдерді су тапшылығы экономикалық жағынан титықтатып, кедейшілікке, саяси тұрақсыздыққа итермелеп отыр. Осындай себептерден келіп, бұрыннан тату отырған көршілес мемлекеттердің бір-біріне көз алартулары шығады.

Созақ жерінде сонау жетпісінші жылдардан бері уран өндіріледі. Уранды жер қойнауынан алу үшін алдымен, қышқылды сумен араластырып ерітіп барып, уранды жоғарыға сорып шығарады, Отыз жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп жатқан уран өндірісінде талай апаттар болды. Жұмыс барысында техникалар істен шығады немесе уранды тасымалдау кезінде әр түрлі ақаулар шығуы мүмкін. Кейде уран қосылған сұйық ерітінділер жер асты суларына қосылады да, ауыз судың құрамы уранмен уланады.

Аудан аумағында малмен күндерін көріп отырған қазақтар радиоактивті су ішіп отыр. Салыстырып қарасақ, олардың жағдайы Семей полигоны маңайында тұратындардан да жаман. Мемлекеттің бірінші байлығы – халық, не істелсе де, не нәрсе өндірілсе де, адамның, халықтың игілігі үшін істелуге тиіс. Сондықтан, алдымен Созақтағы 5 мың халықты экологиясы бүлінбеген басқа аймаққа көшіріп барып, уран байытуды әрі қарай жалғастыру керек деп ойлаймын.

Қазақстанның жер асты су қоры мол. Біз елдегі ауыз су проблемасын өзіміз жасап отырмыз. Гидрогеологтарымыз республика бойынша, тәулігіне 17 мың текше метр су беруге мүмкіндігі бар, 494 жер асты су көздерін баяғыда тауып қойған. Мәселе сол суды жер бетіне шығарып, халыққа жеткізуде. Мысалы, Қызылорда облысында су тапшы дейміз, қате пікір. Жер асты суын 120-150 метржерден шығаруға болады. Суы да жақсы, жері де жұмсақ, Алматының тас араласқан жерін бұрғылаудан Қызылорданың құмын бұрғылау 5 есеге оңайға түседі. Тек қаржы керек.

Дүние жүзінде жыл сайын шамамен 5 миллион адам ауыз сумен тарайтын әр түрлі аурулардан көз жұмады екен. Бұл әлемнің шартарабында болып жатқан соғыстар мен қақтығыстарда қаза болғандардың санынан 10 есе көп, сондықтан ауыз су мәселесіне ат үсті қарауға болмайды. Республикамызға гидрологиямен тікелей айналысатын, оның жұмыстарын үйлестіріп, жүйелі түрде жұмыс істейтін мемлекеттік құрылым керек.

Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбіҚазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Жайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр (таблицаны қара).

Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында ерекшеліктер бар. Оның бірінші ерекшелігі көлдер Қазақстанның табиғат зоналарында біркелкі таралмаған. Әсіресе республиканың солтүстік бөлігінде көлдер көп. Мысалы, солтүстікте ормандыдала және дала зоналарында 25 287 көл бар, ал шөлейт және шөл зоналарында 20 000 жуық көлдер кездеседі.

Көлдер табиғат зоналарының бәрінде де бар, бірақ жылу мен ылғал тепе-теңдігіне байланысты олардың орналасуы, саны және суының сапасы зонаға тікелей байланысты. Ылғалы мол аудандарда көл көбірек және суы тұщырақ болады. Құрғақ климатты аудандарда көлдер аз, су деңгейі төмен әрі ағынсыз, көбісі біразы тартылып қалады, тұзды. Жалғыз ғана ағынды көл – Жайсан көлі Қазақстанның шығыс белігіндегі қазаншұңқырда орналасқан. Мысалы, орманды дала зонасында көлемі 1 шаршы км-ден астам 740 көл бар, олардың ішінде тұщы көлдер тұзды көлдерден 6 есе көп. Оңтүстікке қарай тұщы көлдер азайып, тұзды көлдер көбейе түседі. Дала зонасының сондай 1875 көлінің тұщылары тұзды көлдерден 4 есе, шөлейт зонасының 216 көлінің тұщылары 1,3 есе көп болады. Шөл зонасындағы 142 көлдің көпшілігі тұзды болып келеді.

Жазықтағы көлдердің көпшілігі теңіз деңгейінен 100- 350 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан. Көлдердің орналасуында байқалатын тағы бір ерекшелік — олардың топ-топ болып шоғырлануы. Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты және Батыс Сібір жазықтарында, сондай-ақ аласа таулыСарыарқада және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда да көп.

Қазақстан көлдерінің тағы бір ерекшелігі – жасының әр түрлі болуы. Көлдер әр кезеңде пайда болған. Орманды дала, дала зоналарының көлдері біртіндеп шөгінді жыныстарға толып, оларда өсімдіктер қаптап өсуде. Шөлейт, шөл зоналарының көлдері тұз тез байланатын көлдерге айналады. Мұнан әрі ол көлдер сорға айналады. Сөйтіп, олардың көпшілігі жойылудың әр түрлі дәрежесіне жеткен. Қазақстанның биік таулы аймақтарының көлдері шығу тегіне қарай жас көлдерге жатады. Олардың өздері де біркелкі таралмаған, негізінен 1400- 2800 м биіктік аралығында орналасқан. Олардың саны жоғары және төмен қарай кеми түседі. 1400 м-ден төменде су эрозиясының қарқынды болуы көлдердің пайда болуына мүмкіндік бермейді.

Көлдеріндегі су деңгейі судың кірісі мен шығысының арақатынасына байланысты. Оларда су балансы жыл ішінде айтарлықтай өзгеріп тұратындықтан, деңгейі жиі ауытқуға ұшырайды Қазақстан көлдерінің көпшілігінің деңгейі көктемгі қар еріген кезде көтеріледі. Жаз бойы олардың деңгейі баяу төмендейді, бірақ нөсер жаңбырлар әсерінен аз уақыт қайта көтеріледі. Кейде су деңгейінің шұғыл өзгеретіні соншалық, тіпті кейбір тайыз көлдер мезгіл-мезгіл кеуіп қалады. XX ғасырда Қазақстанда ең аз сулы кезең 1936-1940 жылдары болды. Сол жылдары Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі көлдердің 70%-ы құрғап қалды.

Атауы Ауданы, мың км² Теңіз деңгейінен биік жатқан жері
м
Ең терең жері,
м
Орналасқан жері
Каспий теңізі 376 −28 1025 Еуразия
Жоғарғы көл 82 183 393 Солтүстік Америка
Виктория 68 1134 80 Африка
Гурон 60 177 208 Солтүстік Америка
Мичиган 58 177 281 Солтүстік Америка (АҚШ)
Танганьика 34 773 1470 Африка
Байкал 32 456 1637 Азия (Ресей)
Малави 31 472 706 Африка
Үлкен Аюлы көл 30 157 137 Солтүстік Америка (Канада)
Үлкен Еріксіздер көлі 29 156 150 Солтүстік Америка (Канада)
Эри 26 174 64 Солтүстік Америка
Чад 26 281 11 Африка
Виннипег 24 217 28 Солтүстік Америка (Канада)
Балқаш 22 342 26 Азия (Қазақстан)
Онтарио 20 75 236 Солтүстік Америка
Арал теңізі 18,24 3,5 54,5 Азия
Ладож көлі 18 5 230 Европа (Ресей)
Маракайбо 16 0 250 Оңтүстік Америка
Бангвеулу 15 067 5 Африка
Дунтин 12 11 8 Азия
Онеж көлі 10 33 127 Европа (Ресей)
Тонлесап 10 12 14 Азия
Туркана 8,5 375 73 Африка
Никарагуа 8.4 32 70 Солтүстік Америка
Титикака 8,3 3812 304 Оңтүстік Америка
Атабаска 7,9 213 60 Солтүстік Америка (Канада)

 

 КАСПИЙ ТЕҢІЗІ

Каспий теңізі (түрікм. Hazar deňzi, парсыша: دریای خزر‎— Daryâ-ye Xazar, әз. Xəzər dənizi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осытеңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.

Каспий жағалауындағы мемлекеттер

Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізденбөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері – 435 км, ал енсіз жері – 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің нсағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне – 29% (2340 км), Ресейге – 9%, Әзірбайжанға – 20%,Түрікменстанға – 21%, Иран Ислам Республикасы – 14% тиеді.

Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар Құнды. Олардың теңізге қүятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзені- нің, 5%-ы – Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ.

Әлемдік су қоры

Судың түрі Көлемі

мм³

Әлемдік қордағы үлесі %
Жалпы

қордан

Тұщы су

қорынан

1.Жалпы қоры оның ішінде:

2.Тұзды мұхит оның ішінде:

Әлемдік мұхит

Жер асты

Көл

3.Тұщы оның ішінде: мұздықтар, мәңгі қар

Жер асты

Жер асты мұздары

Көл

Топырақ

Атмосферадағы су

Ағзалардағы су

Батпақтағы су

Өзен суы

1353985

 

1350955

 

1338000

12870

85

350029

 

24064

 

10530

300

91

17

13

1

12

2

100

 

97, 5

 

96, 5

1,0

0,006

2,5

 

1, 74

 

0, 76

0, 022

0, 007

0, 001

0, 001

0, 0001

0,0009

0,0002

 

 

 

100

 

68, 7

 

30,1

0, 86

0, 26

0, 05

0, 04

0, 003

0, 003

0,006

Қазір адам әр түрлі су көздерінен алып, тұщы судың табиғи қорының 0, 1 – 0, 15%  — ын пайдаланады. Судың болмашы мөлшерінің алынуы сырт көзге судың жетіспеуін туғызбау керек сияқты. Оның үстіне ол сарқылмайтын ресурс ретінде зат алмасуға қатысып, қайтадан су көздеріне қайтып келеді. Бүкіл гидросфера аумағында судың таусылуы мүмкін емес, бірақ бұл мәселе аймақтық тұрғыда болуы мүмкін.

35 млн. км³ тұщы судың шамамен 70% — ы мәңгі мұздықтар мен мәңгі қар түрінде болады. Бұл суды адам іс жүзінде пайдаланбайды. Олар «өлі» су қорын түзеді. Сонымен қатар топырақтағы су, атмосфералық су мен тірі ағзалардағы су пайдаланылмайды. Батпақтардың суын пайдалану шектелген.Жердің терең қабаттарындағы суды игеру қиын. Тұтас алғанда адамзат шамамен 3 млн. км³  суды пайдалана алады. Бұл қоғамның техникалық мүмкіндеріне байланысты.Табиғи су көздерін пайдаланғанда су ресурстарының қайта қалпына келу жылдамдығын есепке алу қажет.Гидросфераның әр түрлі категориялы суларының қалпына келуі жылдамдығы

Сулардың категориясы Қалпына келу жылдамдығы
Өзен 16 күн немесе 11 – 12 күн
Атмосфера 8 күн
Топырақ грунты 1 жыл
Батпақ 5 жыл
Көл 17 жыл
Әр түрлі горизонттардың жер асты сулары 1400 жыл
Әлемдік мұхит 2500 жыл (араласу 63 жыл )

Техникалық және экологиялық жағынан ең тиімдісі жылдам қайта келуі, жеңіл алынуы, территорияда салыстырмалы бірқалыпты дәрежеде өздігінен тазаруға қабілетіне байланысты өзен сулары болып табылады. Қазіргі кездегі суды пайдалану негізінен өзен көлдерінен алынады.

Қазіргі дүние жүзі бойынша пайдаланылатын судың жалпы мөлшері 4000 км³ (4 трлн. м³) жақын. Судың негізгі бөлігі өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда қолданылады.

Судың жетіспеуі өзен ағыстарының біртекті болмауы нәтижесінде де орын алады. Оның негізгі көлемі су тасу кезінде байқалады (қоңыржай белдеудің жазық аудандарында көктемде, тауда – мұздықтардың еруі кезінде, жазда, экватор маңында – жауын кеғзеңде)

Табиғи суларды ластаудың негізгі көздері.Судың ластану мәселесі.Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жер асты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.

Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасыеың төме н болуы себепті 5 млн. адам (негізі балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн – нан 1 млрд – қа дейін жетеді.

Барлық сулардыңқұрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор калий жатады.Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар (ЗЖЖК) қолданылады.Ауыз судың сапасын бағалауда химиялық критерийлермен қатар бактериологиялық және оргонолептік қолданылады.

Судың бактериялық жағдайы төмендегідей анықталады: 1) судағы бактериялардың жалпы саны, ал судың 1 миллиметріне 100 – ден аспауы керек; 2) ішек таяқшасы тобының бактерияларының саны арқылы. Ол коли – индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы (үштен коп болмауы керек) немесе коли – ттрмен анықталады: Бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрмен мөлшері (300 мл – ден кем болмауы керек) анықталады. Оргонептикалық көрсеткіштерге судың судың иісі, түсі, дәмі, мөлдірлігі жатады.

2.5 Суды ластаушы заттар

Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б. заттар жатады (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қолдық, мұнай және мұнай өнімдері).Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын – шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен ластану үлесі де жоғары.Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушысы болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады.Судың жылулық ластануын  да атап өтпеуге болмайды. Жылынған сулардың негізгі көзі жылу және атомдық электростанциялар болып табылады. Осы және басқа объектілерде суды салқындатқыш ретінде қолданады. Жылу электростанцияларында әрбір миллион киловатт энергияны алу

1, 5 – 2 км² суды жылыту арқылы жүреді. Жылытылған сулар арнайы салқындатқыштарда салқындатылып, қайтадан өндірістік процестерде пайдалануы керек. Бірақ, жылы сулардың айтарлықтай мөлшері су қоймаларына төгіліп, олардың жылулық ластануын туғызады.

Сулардың негізгі ластануы көбінесе олардың су объектілерінен тыс су жинағыш бассейндерде, айналымның бұзылуы нәтижесінде орын алады. Мұндай құбылыстар табиғи экожүйелердің (әсіресе орманды және батпақты) қайта құрылуы немесе бұзылуына байланысты.Судың эвтрофикациясы деп – судың биогенді элементтермен, әсіресе азотпен, фосформен немесе құрамында осы элементтер бар заттармен баюын атаймыз. Эвтрофикация (гр. Тілінен аударғанда эу – жақсы, трофе – қоректену) – судың бай қоректенуі.

Эвтрофикация мысалында экологияның маңызды құбылыстары, тізбекті табиғи реакциялар, шектеулі факторлардың әсері, су және басқа жүйелік қағидаларды көруге болады.

Эвтрофикацияның нәтижесі – болдырлар мен басқа өсімдіктердің қарқынды өсуі, су қоймасында органикалық заттар мен басқа да ағзалардың шіру өнімдерінің жиналуы болып табылады. Бұл өлген органикалық затпен қоректенетін, оны бастапқы минералдық элементтер мен көмірқышқыл газына дейін ыдырататын редуцент – ағзалардың санының артуына әкеледі.Эвтрофикацияны табиғи және антропогенді факторлар туғызады.

Табиғи эвтрофикация баяу жүреді және су қоймасының маңызды грунт пен тау жыныстарының минералогиялық құрамына және химизміне  байланысты болады. Су қоры мол және кристалдық жыныстардың арасында орналасқан су қоймалары эвтрофикацияға сирек ұшырайды. Олар мыңдаған жылдар бойы олиготрофты жағдайда, олай болса таза күйінде қалады. Мысалы: Байкал көлі.Антропогенді эвтрофикацияға қазір барлық ішкі су қоймалары мен кейбір теңіздер ұшырайды. Оны туғызатын негізгі факторларға минералдық тыңайтқыштар, кейде жуғыш заттар жатады.

Эвтрофикацияны тұрмыстық және өнеркәсіптік шайынды сулар, мал шаруашылық кешендері, жылытылған сулар, рекреациялық әсерлер, ағын суларды ағынсыз суға айналдыру және т.б. адам қызметі туғызады.

Су қорының сандық сарқылуының алдын алуға бағытталған іс – шаралар:

Суды аз пайдаланылатын технологияларды қолдану:

Өндірістік жағдайда суды бірнеше рет пайдалануға өту;

Өндірістік процестерде ауыз суға арналып берілетін суды пайдаланбау. Бұл ең алдымен сапасы жоғары жер асты суларына қатысты;

Ауыз су, тамақ дайындау және санитарлық – тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын суды бөлек беру;

Судың ысырап болмауын және суды өлшеп беруді қамтамасыз ететін тартушы қондырғыларды пайдалану;

Тұтынушыларға жеткізу кезінде және жетуде судың ысырап болуына жол бермеу;

Суға экономикалық тұрғыдан дәлелденген бағаны тағайындау. Ол суды үнемдеуге және қайтадан пайдалануға әкелетіндей блуы қажет. Іс жүзіндегі бағаны қою суды үнемдеуі 1, 5 – 2 есе арттырады;

Су қоймаларын жасау және оның бетінен булануды кеміту. Мұнай шығынды болдырмаудың негізгі жолы – су қоймаларының ауданын жағалаіуларда көтеру мен таяз жерлеріне бөліп тастау. Ірі су қоймаларын жазық өзендерде салу тиімсіз;

Қайтымсыз шығын болатын суды кеміту;

Суармалы егіншілікте суды тиімді пайдалануда жетілдірілген технологиялар мен жаңа суару әдістерін қолданудың мүмкіндіктері зор.

Зерттеу барысы 

Зерттеудін мақсаты: Қазақстанның Оңтүстік өңірлерінің ауыз суларының сапасын анықтау.

Зерттеу нысанына алылған ауыз сулар 2019 жылдың наурыз айында жиналды.

Зерттеу нысаны:1) ОҚО Бәйдібек ауданың ауыз суы; (Зметр тереңдіктен алынған ауыз су); 2) ОҚО Арыс қаласыньң ауыз су; 3) ОҚО Қошқар атаның бұлақ суы; 4) Алматы қаласыньң ауыз суы.

Сулардьң құрамын салыстыру үшін Алматы ауыз суын зерттеуге алдық. Судьң pH “И-160 МИ” маркалы рН-метрінде, сыну керсеткіші “ИРФ-454Б” маркалы рефрактометрде, ал тығыздығы пикнометрлік әдіспен анықталды.

Зерттеу нәтижелердің мәліметтері 1-2 кестелерде көрсетілген.

Кесте-1. Судың физикалық  көрсеткіштері

Шикізат алынған жердіңатауы pH п Р з

г/см

1 ОҚОБА 8.305 1,3450 0,9950
 2 ОҚОАҚАС 8.331 1,3250 0,9860
3 ОҚОҚАБС 8.539 1,3260 0,9690
4 АҚАС 6,760 1,3300 0,9820

1-кестенің маліметтеріне  сүйенсек, Алматы қаласыньң ауыз суыньң pH бейтарап ортаны керсетсе, ал зерттеуге алынған судардың pH әлсіз сілтілік ортадан күштісілтілік ортаға дейін артады. Демек, зерттеуге алынған сулардың құрамында минералды тұздардьң мөлшері көп. Сыну керсеткіштердің мәндері 1,3250-1,3450 аралығында өзгерді. Сулардың тығыздығы бірге  жуык.

Судың жалпы кермектілігі, уақытша кермектілігі, кальций, магний, хлор иондары  С02 газы титриметриялық әдіспен анықталды [3].

Зерттеу нәтижелерінің мәліметтері 2-кестеде көрсетілген. 

Кесте-2. Судың химиялық құрамы

Шикпат

алынған жердің атауы

Кермектілігіоль/л Са2+

мг/л

Mg2+

мг/л

Cl-

мг/л

со2

мг/л

Жалпы Уақытша
1 ОҚОБА 5 4,1 200 145,86 28,4 22
2 ОҚОАҚАС 6,5 3 200 182,325 42,6 13,2
3 ОҚОҚАБС 7,5 4,5 160 194,48 21,3 17,6
4 АҚАС 1,5 1,6 180 165,05 5,68 4,4

Кесте мәліметтері көрсеткендей сулардың жалпы кермектілігін Алматы қаласының ауыз суымен салыстырғанда №1 ОКО Бәйдебек ауданының ауыз суы 3,3 есе, №2 ОКО Арыс қаласының суы 5,7 есе, №3 ОҚО Қошкқар атаның бұлақ суы 5 есе жоғары екені анықталды. Ішуге жарамды ауыз судың көрмектілігі 1,5-3 мол/л болуы керек. Олай болса, жоғарыда анализге алынған сулардың кермектілігі жоғары, себебі сулардың құрамында еритін тұздардың мөлшері көп.

Ауыз судың құрамындағы кальций ионыньң ШШК, 100мг/л болуы керек. №1 ОҚО Бәйдебек ауданының ауыз суы 2 есе, №2 ОҚО Арыс қаласының суы 2 есе, №3 ОҚО Қошқар атаның бұлақ суы 1,8 есе жоғары екені анықталды.

Ауыз судың құрамындағы магний ионыньң ШШК, 50мг/л болуы керек. №1 ОҚО Бәйдебек ауданының ауыз суы 2,9172 есе, №2 ОҚО Арыс қаласының суы 3,8896 есе, №3 ОҚО Қошқар атаның бұлақ суы 3,301 есе жоғары екені анықталды.

Зерттеуге алынған сулардың хлор ионы ШШК- дан аспайды.

3-кесте. Судың химиялық құрамы

1 2 3
Li

мг/л

ШШК 0,03 0,03 0,03
Тәж 0,005 0,08 0,007
K

мг/л

ШШК 12,0 12,0 12,0
Тәж 2,3 3,0 3,1
Na

мг/л

ШШК 200 200 200
Тәж 51 53 47
Ca

мг/л

ШШК 100 100 100
Тәж 190 191 158
Sr

мг/л

ШШК 7,0 7,0 7,0
Тәж 0,13 0,23 0,14
Mg

мг/л

ШШК 50 50 50
Тәж 92,00 85,00 95,02
Fe

мг/л

ШШК 0,3 0,3 0,3
Тәж 0,9 0,5 0,7
Mn

мг/л

ШШК 0,5 0,5 0,5
Тәж 0,21 0,06 0,05
Cu

мг/л

ШШК 2 2 2
Тәж 0,08 0,05 0,07
Al

мг/л

ШШК 0,2 0,2 0,2
Тәж 1,3 1,5 1,4
B

мг/л

ШШК 0,3 0,3 0,3
Тәж 0,21 0,18 0,17
Ba

мг/л

ШШК 0,07 0,07 0,07
Тәж 0,002 0,006 0,004
Zn

мг/л

ШШК 3,0 3,0 3,0
Тәж 0,28 0,18 0,15
P

мг/л

ШШК 0,001 0,001 0,001
Тәж 0,13 0,70 0,80
S

мг/л

ШШК 22,4 22,4 22,4
Тәж 17 20 21
Si

мг/л

ШШК 10 10 10
Тәж 5,7 9,6 9,7
Ci

мг/л

ШШК 350 350 350
Тәж 30,9 45,8 23,7
Br

мг/л

ШШК 0,5 0,5 0,5
Тәж 0,02 0,01 0,06
O2

мг/л

ШШК 6 6 6
Тәж 5,27 5,52 5,88
OO2

мг/л

ШШК 0,04 0,04 0,04
Тәж 13,6 9,1 12,1

3-кесте мәліметтеріне сүйенетін болсақ, темірдің мөлшері №1 сынамада ШШК-дан 3 есе жоғары, №2 сынамада 1,66 есе №3 сынамада 2,3 есе жоғары.

Алюминийдің мөлшері №1 ШШК- дан 6,5 есе жоғары, №2 сынамада 7,5 есе №3 сынамада 7,5 есе жоғары.

Фосфордың мөлшері №1 сынамада ШШК- дан 130 есе, №2 сынамада 700 есе, №3 сынамада 800 есе жоғары.

СО2 газының мөлшері №1 сынамада ШШК-дан 340 есе, №2 сынамада 227,5 есе, №3 сынамада 302,5 есе жоғары екені анықталды. Демек, зеттеуге алынған сулардың сапасы мемлекеттік стандарттан ауытқитына анықталды. 

Қорытынды 

Жалпы мемлекеттік тұрғыдан алып қарағанда, еліміздің су шаруашылығы мәселелері көп жағдайда әлем қауымдастығымен бірлесіп, ауқымды әрі кешенді тұрғыдан шешім қабылдауды талап етеді.  Бүгінгідей су ресурстарының тапшылығы өсіп отырған және әлемдегі климаттың жаппай өзгеруі жағдайында елді сумен қамтамасыз етуді арттыру ісіне бассейн аралық және бассейн ішілік ағысты қайта бөлу және соған сәйкес оларды тиімді пайдалану жолымен ғана жетуге болады. Осыған орай, экономика саласының одан әрі дамуы елдің су ресурстарын реттеу және басқару стратегиясының дұрыс таңдалуына тікелей байланысты.

Зерттеу нәтижесі ойынша Алматы қаласыньң ауыз суыньң pH бейтарап ортаны керсетсе, ал зерттеуге алынған судардың pH әлсіз сілтілік ортадан күшті сілтілік ортаға дейін артады. Демек, зерттеуге алынған сулардың құрамында минералды тұздардьң мөлшері көп. Сыну керсеткіштердің мәндері 1,3250-1,3450 аралығында өзгерді. Сулардың тығыздығы бірге  жуык.

Сулардың жалпы кермектілігін тексеру нәтижесінде Қошқар ата суының кермектілігі басқа суларға қарағанда едәуір жоғары екендігі анықталды. Ал Алматы қаласының тұщы су қоры кермектілігі жағынан ең төменгі көрсеткішті көрсетті. Судағы кальций және магний иондарының  жоғары болу деңгейі бойынша тағыда Қошқар ата суы көш бастап тұр. Зертеу қорытындысы бойынша Оңтүстік аймақтың су қоры басқа өңірлерге қарағанда таза әрі сапалы жағын көрсетті.

Судың сарқылуы мәселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

1) суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану;

2) өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану;

3) ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестерде пайдаланбау.

Бұл әсіресе, жоғары сапалы жер асты суларына қатысты;

4) ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек

құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болуына жол бермеу;

5) суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау

нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.

Судың ластануын кеміту шаралары ең алдымен суды пайдалану, тазалау

әдістері мен технологиялық процестерін жетілдірумен байланысты суды тазарту әдістерінің ішінде биологиялық әдістер өте тиімді және жақсы нәтиже береді. Сырдария өзені және Шардара су қоймаларының суларының ластануы әр түрлі

улы химикаттардың әсерінен екендігі баяғыдан белгілі. Сол сияқты Балқаш

көлінің суы «Балшахмед» өндірісінің улы химикаттарының ағынды суларының әсерінен ластануда. Химиялық заттарды ауыл шаруашылығына шамадан артық пайдалану және өндірістік ағынды, коллекторлы-дренажды суларды жаппай жіберудің салдарынан өзендерге тұзды концентрация көбейді. Өзендер мен көлдердің жер асты суларының ластануы негізінен оларға ағынды лас суларды жіберуден болып отыр.

Қоршаған ортаны қорғаудың тиімділігін жоғарылаудың ең басты жолы –

өндіріске ауа, топырақ және су құбырларының ластануын кемітетін қор сақтау, аз қалдықты және қалдықсыз жаңа технологиялық процестерді кеңінен енгізу.

     Ұсыныс:

Қазір ауыз суға деген сұраныс күн санап өсуде. Судың, біріншіден, санитарлық жағынан сапасы жоғары болуы қажетті, екіншіден, суды үнемдеп пайдалану керек. Ауыл шаруашылығында егісті суарудың тиімді әдістерін қолдану қажет.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толықт. 2-бас/Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, Н.Бекбасар-Алматы: «Мектеп» баспасы, 2009-240бет.

2.Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық/ С.Түлеңбаев, Ш.Насохова, Б.Кронгарт, т.б.-Алматы: «Мектеп» баспасы-384 бет ISBN9965-36-055-3

3.Химия. 9-сынып. Жалпы білім беретін оқу орындарына арналған оқулық-Алматы: «Кітап» баспасы, 2008-248-бет,б-суреті.

4.http\google.kz\himik. Bastau\сайты актинойдтар тарауы.

You May Also Like

Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процесстерді…

Құрма жемісінің адам ағзасына тигізетін әсері, ғылыми жоба

Тақырыбы:           Құрма жемісінің адам ағзасына тигізетін әсері Бағыты:                   Таза табиғи орта –…

Сумоншақпен кестелеу өнері, ғылыми жоба

Тақырыбы:      Сумоншақпен кестелеу өнері Бағыты:         Этномәдениеттану Секциясы:     Еңбекке баулу  А Б С…

Тырнағымды неге жеймін? ғылыми жоба