Тақырыбы:      Сумоншақпен кестелеу өнері

Бағыты:         Этномәдениеттану

Секциясы:     Еңбекке баулу 

А Б С Т Р А К Т                            

Зерттеудің  мақсаты:   Қолданбалы өнерді, соның ішінде  сумоншақ өнерін үйрету   насихаттау, қолөнерімізді  жандандыруға  үлес қосу,  қазіргі  заман  талабына сай  , өзіндік ерекшеліктері  бар  жаңа  бұйым  жасап  шығару.

Зерттеу  жұмысының  ғылыми  болжамы:   Бүгінгі  таңда  халықтың  дәстүрлі  өнер  түрлерін  жинақтап, зерделеудің, оның  айналасындағы  тәлім-тәрбие  , мол  тәжірибе   негізінде   жасөспірімдерді  тәрбиелеу   қажеттігі  туып  отқаны  баршамызға  мәлім. Сондай  қажеттіліктің  бірі  -халықтың  қолөнері, оның  ішінде  су моншақ  (бисер) өнерінің  тәлім- тәрбиелік  мүмкіндіктерін  қазіргі  ұрпақ   тәрбиесінде  пайдалануға  тигізер  септігі  мол  болмақ.

Зерттеу   жұмысының  әдістемелік  негізі:      Зерттеу  жұмысының  әдістемелік  негізі  ретінде  сумоншақтан жасалатын бұйымдарды кестелеп тігу , суреттермен  жұмыс жасау арқылы, қандайда бір бейнесінің, түсінің танымдық  өзіндік мәні бар екенін анықтау,   зерттеу,жүйелеу,қорыту  әдістері  пайдаланылды.

Зерттеудің    жаңалығы  мен  дербестік  дәрежесі:  Өмір-сүрген  ортасының  тыныс-тіршілігінен  мағлұмат  беретін  , жерінің, табиғатының  байлығын,  дархан  даладай  көңіл- күйінің  кеңдігін  танытатын  асыл  қолөнер бұйымдары  әсемдігі, өрнегі, тұрмыстық сән берумен, заман  талабына  сай  ,өзіндік  ерекшеліктері  бар  жаңа   бұйым  етіп  жасап  шығару.

Жұмыстың  нәтижесі  мен  қорытындысы:      Су моншақ  (бисер)  өнерін  зеріттей  келе, бұл өнердің арнасы мен мүмкіндігі өте кең екендігіне көз жеткізе келе  ғасырдан  ғасырға  асып  жетіп,биіктен  көрініп,жалғасын  таба  берері  сөзсіз.

  1. Кіріспе

Пластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі –түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.

Бисерден жасалған әшекейлер түрлі-түсті шыны моншақтар бірігіп, өрнекті композиция құрайды. Бисердің декоративтік қасиеті баяғы кезден-ақ шеберлерді қызықтырған. Бисер және де стеклярус әйел  әшекейлерін, тұрмыстық және декоративтік ұсақ бұйымдар жасайтын материал ретінде қолданылады. Шыны моншақтарды интерьер үшін де қолданады.  Қазіргі кезде бисерлерден, негізінен, әшекей бұйымдар ретінде қолданады. Мысалға моншақ, алқа, сырға, белдік, кулон, білезік және де тағы басқалары. Бисерлерден декоративті элементтер жасаукең тараған: құмыра, тор сөмке, гүлдер, түйреуіш ретінде тағатын кішкентай жәндіктер және т.б. Сол сияқты бисерлерден жасалған картиналар, панно бұйымдары өте сирек болса да кездеседі. Оларды жасау үшін шыдамдылық, ерекше шеберлік керек. Шеберлік техникасы өте жоғары болуы қажет. Кейінгі кезде бисермен    киімді, сөмкелерді, тіпті аяқ киімдерді жиі әшекейлейді.

Негізгі бөлім 

1.Бисердің шығу тарихы

Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді, Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Деген мен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия әлі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына  араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылайма, әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен. [71;1]

Бисердің Отаны Ежелгі Египет. Бұл жерде түрлі-түсті шыныдан үлкен моншақтар да жасаған. «Бисер» сөзі арабтың «Буера» сөзінен шыққан. Ол «ортасы тесік моншақ» деген мағына береді.Бисерді кейбір халықтар айырбас ақша, яғни монеталар ретінде де пайдаланған. Африкада құл иеленуші дәуірінде бірнеше қатар  бисерге құл сатып алатын болған.Бисерде сиқыр күш бар,ол адамды қорғайды деп сенген. Венецияда бисер өндірісі біршама жетістіктерге жеткен.Мөлдір және түрлі түсті венециан шынысының рецепті өте құпия сақталған. Құпияны жариялаған адам өлім жазасына кесілетін болған. [76;1]

XV-XIV ғасырлардың басында бисер өндірісі ерекше қарқынды дамыған. Қазба қалдықтарынан белгілі болғандай сарматтар және де скифтер бисермен өңделген киімдер, аяқкиімдер киген. Осы кішкеньай шыны щариктермен қақпаны , тұтқа шеттерін, көйлектің кеуде тұсын, сол сияқты шалбарларды, белдіктерді, бас киімдерді және де тағы да басқа заттарды әшекейлеген. Бірінші рет бисерлермен көйлектерін басқа да киімдерін IX-XII ғасырларда әшекейлеген деп болжайды. [80;1]

Бисердің жасалуы туралы қолжазба кітабының ең алғашқысы қазіргі кезде Ұлыбритания елінде музейде сақтаулы тұр.

Қазір бисер өру дәстүрі қайтадан сәнге кірді. Өнер саласында бисердің қолдану

аясы үлкею үстінде.

Бисермен тоқымашылық Англияда Викториандық және Эдвардиандық дәуірде кеңінен таралды, сондай-ақ Солтүстік Америка үндістерінің рәсімдеу шараларына киетін киімдерін де бисермен әшекейлейтін болған. Оңтүстік Африкалық зулустар бисер таспасын (мата), мерекелік белдіктер мен жабуларды әшекейлеуге пайдаланған.

Бұйымға қадалған әрбір бисер түсінің өзіндік мағынасы болған, ал олардың үйлесімділігі түстер тілінде сөйлесуге мүмкіндік берген. Бір жерден екінші жерге «Белдік-хаттар» беріп жібергенде, түстер үйлесімділігі мен хат алушы бұл жақсы хабар ма әлде жоқ па бірден білетін болған.

Хрусталь                                                                                      Металл

Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс –аяқтар сонау б.з.д ХІ ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнек массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы Египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де, әсіресе, ақ түсті киімдер мен таққан екен.

Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді.  Ал Константинопольді  түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан –жаққа тарап әлемге бисре атауы әйгілі болар бастады.  Шыныдан жасалған сумоншақтың

Химиялық формуласы:

Сo, Cu, Mn –   шыны    SiO2 * 6H2O

Na2O CaO-2SiO2        химия                  CaO, K2-2SiO2

PbOC0-2SO  лағыл

2.Бисерлердің түрлері

Бисермен жұмыс істеу арқылы біздер оның өте алуан түрлі екенін

біле аламыз.Бисердің іші күміс сызықты, түрлі түсті сызықты, седепті,

құбылмалы, күңгірт және де тағы да басқа түрлері бар. Сыртқы көрінісі

әртүрлі бисерлердің қасиеттері де әртүрлі болып келеді. Кейбір бисерлердің жабындыс қапталуына байланысты ылғалға, күн көзіне төзімді, ал кейбіреулері түсін жоғалтып бұлыңғыр болып қалады. Осы жайтты ескере отырып, бисерлерді қолданардың алдында, әрбір анықталмаған бисер типін тестіден өткізу керек.[ 3;9]

Бисер және стеклярус әйел әшекейлерін,  тұрмыстық және  декоративтік ұсақ бұйымдар жасайтын материал ретінде қолданылады.

       Стеклярустың бисерден айырмашылығы- ол түтікше тәрізде, оны францияда жасап шығарады.Стеклярусты желім жаққан бетке себуге, тігуге болады. Қабырғалық панноның негізі ретінде жайғақты пайдаланады.[4;9]

«Стеклярус» 

Бисердің ең көп таралған түрі- «Акрилді» бисерлер.

«Чех» бисері- сумоншақтың іштері отпен өңделген.Сондықтан да түстері әр түрлі болып өзгеріп тұралы.

 «Чех» (Fire polished) бисері 

   «Сваровский» бисері-неше түрлі формадағы сумоншақ.Үлкендіктері 3мм-4мм түрлері көп пайдаланылады.6 мм және одан да үлкен түрлері де бар.

«Сваровский» бисері 

«Венецияндық» бисер- бұл ең қымбат сумоншақ түрі. Бір данасы 500 тенгеден жоғары келеді.Түстері, формалары әр түрлі. Ең керемет сумоншақ түрі.

«Венецияндық» бисері 

Бисер тоқымасы,негізінен, декоративті сипатта алқа дайындауға (сырға, білезік), картина, панно, әр түрлі сүйкімді заттар жасауға қолданылады. Бисермен тоқымашылық арнайы құрылғысыз (тоқыма белгісіз) мәнсіз. Оны дүкеннен сатып алуға немесе қолдан жасап алуға болады.

Бисерді негізінен әшекей бұйымдар жасауға қолданады. Яғни, алқа, сақина, сырға белдік тоқу кең таралған.

Сонымен қатар декоративтік элементтер тоқу, яғни, мүсіндік заттар, құмыраларды әсемдеу, қабырға картиналарын тоқып,әсемдеуде де қолданылады.

Және де сумоншақпен киімдерді де сәндеу кеңінен қолданылады.

Бисерден жасалған бұйыдардың ең көп жасалынатындары- құмыра, тор сөмке, түйреуіш ретінде тағатын кішкентай жәндіктер.Ең аз,сирек кездесетіндері- қабырға картиналары және де панно бұйымдары.

Домалақ                                   Сопақ                               Таяқша

3.Бисермен кестелеу жолдары 

Сумоншақпен  кестелеуден бұрын жұмыс орнын ретке келтіріп алу керек. Жұмыс бөлмесі жарық болуы керек. Жұмыс үстелін терезенің жанына қойған дұрыс. Терезеден жарық күндіз сол жағыңнан түсу керек. Ал кешке үстелдік шамды қосу қажет. Әрбір екі-үш сағат сайын үзіліс жасап, көзге арналған жаттығуларды орындау керек.[71;1]

Бисермен жұмыс істегенде оны тарелкаға салып үстелдің үстіне қойған ыңғайлы. Үстелді жылжып кетпейтін жұмсақ матамен жапқан дұрыс, бисер түсіп кетсе де жинап алу оңай болады.

Қабырға картиналарын сумоншақпен кестелеу үшін негізінен №10 бисерлер керек. Бисердің нөмірі белгілі болғаннан кейін матаның керек өлшемін таңдайды. Қабырға картиналарын кестелеу үшін негізінен күңгірт түсті бисерлерді пайдаланады. Өйткені түстері әртүрлі құбылмалы бисерлер картинаны біртегіс қабылдауға кедергі келтіруі мүмкін. Қабырға картиналарын кестелеу үшін бірнеше тігіс әдістерін қолданады. Олар: «Жалғыз моншақты бекіту», «Ине алға тігісі», «Сырып тігу әдісі», «Ине артқа немесе Арка тігісі». [96;3]

Жалғыз моншақты бекіту әдісі- моншақты матаға инешаншымдар арқылы, сол сияқты үстінен өлшемі кішкентай  бір бисерді қойып шағын бағанша жасап қадауға болады. Көлемді кестелерде бағаншаны екі немесе оданда көп бисерлерден жасауға болады.Түстері де әртүрлі өлшемдері де әртүрлі моншақтарды бір-бірден  немесе біріне-бірін жақын қадағанда өте әдемі көрінеді. Оларды металдан жасалған фигуралардың ішіне салып , қарама-қарсы түсті моншақтарды контурдың ішіне немесе  канваға шымшытырық етіп тізіп, кестеде анық із қалдыруға болады.[97;3]

Жалғыз моншақты бекіту әдісі

Ине алға тігісі-бұл тігіс көптеген жерде қолданылады,сондықтанда баршаға таныс тігіс түрі десе де болады. Инені матаның оң жағына шығарып, оған бисер өткізіп, инешаншым жасап инені матаның терістеме жағына өткізіп,мата бетіне қайта шығарып екінші бисер өткізіп, осылай қайталай береді. Инені тартып, моншақтарды нығыздай түсуге болады. [100;3]

Ине алға тігісі 

    Сырып тігу әдісі- орындалу жағына қарай бұл тігіс «ине алға тігісіне» ұқсас. Тігу кезінде моншақтар арасын өзіміз түрлендіре аламыз. Егер кестеге қаттылық бергіміз келсе, сондай-ақ түзу немесе тегіс бұралмалы сызықта моншақтарға айқындылық бергіміз келсе, онда инешаншымдарды аяқтаған соң, қайта кері бағытта тігіп шығу керек, сонда моншақтар тегіс тұрады.[100;3]

Сырып тігу әдісі 

Өсімдік сабағы тәрізді тігіс- бұл тәсілде кесте тігісі қатаңдау болады. Екі бисерді қатар өткізіп инені матаның терістеме жағына екінші бисердің жанынан өткіземіз. Инені бірінші және екінші бисердің арасынан оң жағына шығарып, екінші бисердің тесігінен өткіземіз. Үшінші бисерді алып, тағы инені матаның терістеме жағына, осы бисердің жанынан өткіземіз. Осылай қалаған ұзындықтарымызға дейін жалғастыра береміз.[101;3]

 Өсімдік сабағы тәрізді тігіс 

     «Арка» немесе инені артқа тігісі- орындалуы жағынан алдыңғы тігіске ұқсас, тек инеге екі немесе төрт бисер тізіп алады. Мұндай тігімге бисерлер біраз еркін орналасады, кесте онша қатаң болмайды. Арка тігісі қатаң болуы үшін бір моншаққа емес, бірден екі-үш моншаққа кері бағытта инешаншым жасап отыру керек.

     «Арка» немесе инені артқа тігісі 

Вприкреп тігісі- бұл тігісте алдымен бисерлерді жіпке тізіп алып, содан кейін матаға қысқа инешаншымдарымен әрбір бисер арасын қосып тігеді. Бұл тігіс бисерден тез бұйым дайындауға мүмкіндік береді.Солтүстік Америкалық үндістер тігістің бұл тәсіліне «жалқау әйел» деген атты бекер бермеген.Бисер тізілген жіпті матаның үстіне қойып, басқа жіппен әрбір бисердің арасын инешаншым жасап матаға жабыстыра тігеді.

 Вприкреп тігісі

Өсімдік сабағы тәрізді тігімді екі жақты тігіс- бұл  тігіс  өсімдік сабағы тәрізді тігімнен және тігім тігісінен тұрады. Бұл тәсілмен тіккенде кесте қатаң болады. Суретте жұмыс тәртібі көрсетілген:

Өсімдік сабағы тәрізді тігімді екі жақты тігіс

Бұйымның өзіндік құны

Атауы саны Бағасы суммасы

 

   1 «бөз» матасы 2шт 300тг 600тг
   2  Сумоншақ

көк түсті

15шт 30тг 450тг
   3 Қанық көк

түсті сумоншақ

10 шт 30тг 300 тг
   4 Қызыл түсті

түсті сумоншақ

8 шт 30тг 240 тг
   5 Ақ

түсті сумоншақ

17 шт 30тг 510 тг
   6 Қара түсті

түсті сумоншақ

2 шт 30тг 60 тг
   7 Сары

түсті сумоншақ

1 шт 30тг 30 тг
   8 Жасыл

түсті сумоншақ

3 шт 30тг 90 тг
   9  Қоңыр

түсті сумоншақ

5 шт 30тг 150 тг
  10 Қызғыш

түсті сумоншақ

1 шт 30тг 30 тг
  11 Жақтау(рамка) 2 шт 700 тг 1400 тг
  12 Альбом 1 шт 500 тг 500 тг
  13 Ақ түсті

жіп

8 шт 20 тг 160тг
  14 Сумоншақ инесі 2 шт 10 тг 20 тг
  15 Мата кергіш 1 шт 200 тг 200 тг

Кеткен шығыны: 4740 тг.

III.   Қорытынды 

Сумоншақпен кестелеу өнері- қолданбалы өнердің ішіндегі ең ежелгі және де ең көркем түрі болып табылады.Қазіргі кезде көп қолданысқа түспей кеткен сумоншақпен тоқу өнерін одан әрі жандандыруымыз керек. Өмір-сүрген  ортасының  тыныс-тіршілігінен  мағлұмат  беретін  , жерінің, табиғатының  байлығын,  дархан  даладай  көңіл- күйінің  кеңдігін  танытатын  асыл  қолөнер бұйымдары  әсемдігі, өрнегі, тұрмыстық сән берумен, заман  талабына  сай  ,өзіндік  ерекшеліктері  бар  жаңа   бұйым  етіп  жасап  шығаруымыз қажет. Алқа, сақина, білезік, белдік, қабырға картиналары, мүсіндік заттар сияқты көптеген бұйымдарды дайын күйінде сатып алғаннан көрі, өз қолымызбен тоқып, кестелеп шыққанымыз әлде қайда тиімді, әрі көркем болып шығады. Сол арқылы ертеден бері келе жатқан бұл қолөнер түрін әрі қарай дамыта түсеміз.

You May Also Like

Үй кептерлері, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Үй кептерлері» Бағыты: Өлкетану Мазмұны Аңдатпа Кіріспе……………………………………………………………………………………………….. Адамның қанатты…

Ежелгі Мысыр математикасының тәсілдері, ғылыми жоба

Секция: Математика, информатика Тақырыбы: Ежелгі Мысыр математикасының тәсілдері Т Ү Й І…

Мектеп сөмкесінің оқушы денсаулығына тигізер әсері, ғылыми жоба слайд

Ең үздік ғылыми жоба «Гастрономиялық Алматы»

Ең үздік ғылыми жоба «Гастрономиялық Алматы» Орындаған: Арын Ақбота, Имашева Дильназ Мазмұны Кіріспе………………………………………………………………………………………………………………………………