Тақырыбы:           Құрма жемісінің адам ағзасына тигізетін әсері

Бағыты:                   Таза табиғи орта – Қазақстан – 2050 стратегиясын іске асыру негізі

Секциясы:             биология секциясы

П І К І Р

« № 26 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ  3 «Ә» сынып оқушысы

Фархатова Нұрайым Қанатқызының   «Құрма жемісі» тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңдағы ең өзекті проблемалардың бірі.

Ол бұл ғылыми жобасында  құрма жемісі жайлы толыққанды мағлұмат берген. Жемістің қай мемлекеттерде өсетіндігінен бастап оның сыртқы көрінісі, құрамы және пайдалы жақтарына ғылыми тұрғыда зерттеу жасаған. Құрманың шариғат жолында да қасиетті жеміс екендігі жақсы айтылған. Құрманың құрамына енетін дәрумендер жайлы және емдік қасиеттерін зерттеу барысында жақсы жұмыс жасаған. Құрма тұқымын өндіру жолдары жақсы жазылған. Құрма пальмасын сәндік өсімдік ретінде мектептерге отырғызуға туралы ойын жеткізе білген. Жұмыста  құрма жемісінің суреттері және құрма пальмасының суреттері жақсы топталған.  Бұл  1 «Ә»сынып оқушысы  Фархатова Нұрайым Қанатқызы «Құрма жемісі» тақырыбында жазған ғылыми жобасын қалалық ғылыми жобалар байқауына  ұсынуға болады.

Аннотация

Зерттеу жұмысында орындаушы  құрма жемісін ғылыми тұрғыда жақсы зерттеген. Құрманың түрлерін фотосуреттерімен жақсы көрсеткен.

Құрманың құрамы дәрумендер мен минералды  заттарға толы екендігін көрсете білген. Құрманың адам денсаулығына пайдалы жақтарын. яғни емдік қасиеттерін жақсы жазған. Құрма пальмасын өсіру туралы өз ойын дұрыс жеткізе білген. Құрма пальмасы мәдени орталықтарда және мектепті жасылдандыру ретінде пайдаланып көбейтуге болатындығын түсіндіре білген. Оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген. 

Аннотация

В ходе научной работы исполнитель фрукт хурму изучил прекрасно. Широко показал виды хурмы на фоторисунках. Сумела показать, что в составе хурмы много целебных и минеральных элементов. Доступно описала полезные, а именно лечебные свойства хурмы. Правильно изложила свою мысль  о вырашивании пальмового дерева хурмы. Сумела разъяснить, что пальмовое дерево можно размножать и применять для озеленения вместах культуры отдыха и украшения пришкольного сада. Ученик в своей исследовательской работе на путях достижения цели показал свои творческие способности.

The summary

During scientific work the executor fruit has studied a persimmon perfectly. Has widely shown persimmon kinds in photodrawings. Has managed to show that as a part of a persimmon many curative and mineral elements. Has well described useful, namely medical properties of a persimmon. Has correctly stated the thought at to raise a palm tree of a persimmon. Has managed to explain that the palm tree can be made multiple copies and applied to gardening in places of culture of rest and an ornament of a school garden. The pupil in the research work on ways of achievement of the purpose has shown the creative abilities.

Зерттеу мақсаты: Құрма жемісі туралы мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргізу. Ел экономикасын көтеруге өз үлесімді қосу.

Гипотеза: Бұл жұмыс кезінде мен іздену, зерттеу, бақылау, тұжырымдау әдістерімен жұмыс жүргіздім. Зерттеу бөлімі 3 бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлімде құрма туралы, негізгі бөлімде құрманың пайдасы, емдік қасиеттері, құрманы  сақтау, қорытынды бөлімде жеткен жетістігім мен ұсыныс-пікірлер қамтылды.
1.Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеті айқындалып, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізілді.
2. Барлық материалдар тақырыпқа сай жинақталып, қорытынды пікір жазылды.

Зерттеу әдістемесі: Жұмысты баяндау, интернет желісі материалдарын пайдалану, жинақтау, саралау әдістері басшылыққа алынды.

Зерттеу жаңалығы: Ғылым жетістіктерін пайдалана отырып, құрманы өсіру және оны пайдалану.

Зерттеу нәтижесі: Құрма өсіруді қолға алу, емдік қасиетін пайдалану, асханада қолдану.

Жоспар 

І.  Кіріспе                                  

             Құрма жайлы не білеміз? 

ІІ. Негізгі бөлім 

              1.Құрманың түрлері 

         2.Құрма — сан түрлі дерттің таптырмас шипасы

              3.Құрма пальмасы

     4.Құрма тұқымын зерттеу

Кіріспе

Құрма жайлы не білеміз ?

Құрма латын тілінде Phoenix dactylifera деп аталады. Тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын араб елдеріне негізінен: Сауд Арабстан, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі. Ерекше көрік беріп тұрған төбе жағындағы әдемі шашақты жапырақтарының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді. Отырғызғаннан 4-5 жылдан кейін барып жеміс бере бастайды. Салмағы 8 кг-ға дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80 кг жеміс алуға болады. Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді.

Ежелгі араб ғұламалары оның 350 – ден астам пайдалы қасиеті бар деп есептейді. Шырынынан сергітетін сусын жасалады. Құрмадан жүзден астам тағам дайындалады. Құран, хадистерде құрма – жұмақ жемісі деп аталады. Дәрігерлер оның құрамында көптеген емдік қасиет барын анықтаған.

Құрма — қасиетті Құранда аталған жемістердің бірі. 

1.Құрманың түрлері

Жаңа піскені, кепкені, ірісі, кішісі, емге жарамдысы, дәмі, түр-түсіне қарай құрманың көптеген түрлері бар. Арабтар барни деген құрманың түрін өсіруге арнайы көңіл бөліп, біршама уақыттан кейін біржолата құрманың осы барни түрін өсіруге ғана көшкен . Пайғамбарымыз әсіресе Мәдинада өсетін «Ажуа» деп аталатын құрма сортын жақсы көрген. Тіпті «Ажуа құрмасы – жәннаттағы жемістердің бірі» деген. Осы себепті ажуа құрмасы әлі күнге аса көп сұранысқа ие.

Жалпы арабтардың күнкөрісінде құрма ерекше рөл атқарған. Бірқатар ақындардың шабытына арқау болып, мақал-мәтелдерге қосылған құрма ағашы.

Құрма – көне жеміс-жидек түрі. Оның тәтті, нәзік дәмі көп елдің негізгі ас рационына еніп отыр. Адам аузын құрмамен ашса,  асқазандағы тамақ қорытуға арналған сөлді басып, жақсы қорытуға дайындайды. Бұл жемістің кереметтілігі туралы Құран аяттарында да кездеседі. Құрманың аяғы ауыр әйелдің босануын жеңілдететіндігі, екіқабат кезде ана мен құрсақтағы балаға да пайдасының молдығы туралы ғалымдар дәлелдеген.

Алтын Алма

Құрма каки жемісі, Алтын алма және Шарон аттарымен де белгілі. Ол – сарғылт қызанаққа ұқсас домалақ жеміс. Олардың дәмі алша немесе өрік дәміндей болады. Құрманың жұмсағы өте тәтті және қабығы тегіс, өте жұпарлы және қоймалжың болады.

Танин

Құрманың бір түрі. Көп мөлшерде танинды құрайды – ауыз құрғататын, жеміс піскен кезде дәмі кетеді, ал шала піскен кезде жеміс ащы болады. Жеміс 8 дәннен тұрады. Құрғатқыш заты болғандықтан, бұл жеміс түрі тері илеу кезінде қолданылады.

2.Құрма — сан түрлі дерттің таптырмас шипасы

Ғалымдар құрманың А Е, С, Р дәрумендері, натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат, қант, антиоксиданттар, органикалық қышқылдар, илік заттар, ақуыздар, көмірсулар секілді минералдарға өте бай екендігін әлдеқашан дәлелдеген. Оның құрамындағы бай минералдар түрлі ауруларға ем ретінде ұсынылады. Осы бір қарапайым жемісте алуан түрлі дерттің шипасы жатқандығын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Ал бүгін оның бірнеше ауруға шипалық қасиетін баяндамақпыз. «Алла бір ауруды жаратса, шипасын қоса жаратады» деген Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның хадисі бар, демек әрбір аурудың да бір шипасы табылары анық. Халқымыз «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген. Ендеше, ауырмас бұрын оның алдын алайық.

  • Жеміс құрамындағы қанттар, әсіресе глюкоза, фруктоза, калий жүрек-тамыр жүйесін қамтамасыз етеді. Жүрек бұлшықетін қатайтады;
  • Ал темірге бай болғандықтан қан аздыққа пайдалы;
  • Глюкоза қан құрамын реттейді. С, Р дәрумендері көктамырдың әлсіздігін азайтады. Бұл микроэлементтер жүрекке өте пайдалы. Оған қоса артериялық қан қысымын реттейді және қан қысымы артқанда қалпына келтіру үшін қолданылады;
  • Жеміс бета-каротинге бай болғандықтан, көру қабілетін жақсартады.
  • Бета-каротин тыныс алу жүйесін қамтамасыз етеді;
  • Бронх пен өкпенің қабынуын сауықтырады;
  • Жүйке жүйесін тыныштандырады, жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Ол сергіткіш әсер береді. Миға салмақ түсіретін, қарбаласта жұмыс істейтіндерге жемісті үзбей жеп тұру керек; Ол мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді;
  • Құрамында йод көп, ол адамдардың қалқанша безі ауруына шипа болады.
  • Көп уақыттан бері қуық пен бүйрек ауруын емдеуге қолданылады.
  • Ұмытшақтық ауруын емдеуде зор жетістікке жетті.
  • Құрамында А, С дәрумендері көп болғандықтан, салқын тигенде сауықтырады. Салқын тиіп, жөтел пайда болса, 1 құрма жемісі шырынын 3,5 ас қасық жылы сумен қосып тамақты шаю қажет.
  • Адам күйзеліске ұшырағанда жанға тыныштық сыйлайды.
  • Күніне 1 құрма жеу ағзаны магниймен байытады, ұйқының ты-ныштығын қамтамасыз етеді. Ал фруктоза мен глюкоза көңіл күйді көтереді.
  • Каротиннің көптігі теріге де пайдалы. Бетке безеу шыққанда, бетте ұсақ тесіктер пайда болғанда олармен бірден-бір күресуші құрма жемісі болып табылады. Бұл жемістен бетке маска жасаған да, денеге арналған гель қолданған да пайдалы. Ол денені ылғалдандырады және жасартады.
  • Қан айналымын реттейді. Жара шыққанда, дене күйген кезде күйікті тез жазуға көмектеседі.
  • Дәрумендері мен микроэлементтер мерзімдік авитоминозға таптырмас ем.
  • B1, B2 дәрумендерінің қатар кездесуі бауыр қызметін жақсартады;
  • Қатерлі ісіктен (рак) сақтайды. А дәрумені ағзада қатерлі ісік жасушаларының қалыптасуына тосқауыл қояды.
  • Фосфор мен калцийдің көптігі сүйек ауруларынан қорғайды;
  • Ас қорытуға пайдалы;
  • Жаңа піскен құрма адам терісіне пайдалы. Жүктілік кезінде және күнге күюден түскен дақтарды кетіреді;
  • Жаңа піскен құрмада қант көп болғанымен, адамды семіздікке шалдықтырмайды.
  • Жеңіл босануға септігін тигізеді. Босанған әйелдердің әлсіреген денесін тыңайтып, сергектігін арттырады. Ана сүтінің молаюына жәрдем етеді.
  • Магний жеткілікті болғандықтан бүйрек жұмысын жеңілдетеді, тас жиналуды тежейді.

Қарсы көрсетілімі:

Қант диабетімен ауыратын және семіруге бейім жандар құрма жемісін көп пайдаланбағаны жөн.

3.Құрма пальмасы

Әсемдік өсімдік Құрма пальмасын өсіріп көбейту.

Құрма пальмасы өздігінен өспейді оны арнайы әдіспен тұқымды қыздыру буландыру әдісін пайдалану арқылы тұқымын шығарады. 

Көбінесе құрма пальмалары жеке жарамды болу үшін, құрғақ және ыстық обылыстарда өсіріледі.  Солтүстік Африка мен Арап елдері құрма пальмасының отаны деп есептеледі. Бұл отанда олар 4 мың жылдай өсіп келеді. Ежелгі Египет ескерткіштерінде құрма пальмасының суреті бейнеленген. Атақты Геродот Теофраст, Страбон және Плиний құрма пальмасының вавилоннан Канар жайығына дейін өсірілетінін жазған. Бұл талдың ұзындығы 12-30 метр, өзі түзу болып келеді, әрі шашақ-шашақ болып өседі. Талдың жапырақтарының ұзындығы 45см, жапырақ өсетін жерден ұзын шашақты гүл шоғыры шығады. Оған қоса 1 талда бір түрлі ғана шашақты гүл шоғыры өседі, яғни олар аталық немесе аналық болады. Құрма пальмасы тәп-тәтті құрма жемісін береді.

Ең жақсы өскен құрма пальмасы жылдық 45-90 кг-дық тұқым болып келеді. Құрма пальмасы 10-15 жыл тіпті 100-200 жылдай өсе алады. Кейбір облыстарда мысалға Солтүстік Африкада және Азияда құрма ең басты тағам ретінде қаралады. Ал құрманың сатылуы ең басты табыс ретінде есептелінеді.     Қазір құрма пальмасы тек қана өз жерінде сатылмай Испанияда АҚШ-та және Оңтүстік батыста да қаралып жатыр. Оңт. Иранда, Ауғаныстанда, Пәкістанда қолданылады.

1939 жылы Түркіменстанда құрма пальмасы өсіріледі, қыста 14°С аязда шыдай алады.

Құрмада тәтті қантты шырын алынады, кейін ол шырыннан шарап әзірлейді. Көбінесе осы талды әдемі өсімдік ретінде өсіреді. Әсіресе субтропикті бақшаларда және парк алаңдарында және «Черноморский» жағалауындағы Кавказда және Үнді Қытай жерінде өсіріледі.

4.Құрма тұқымын зерттеу

Құрма тұқымы қатты болады. Тұқымды жарып зерттеу барысында ортасында ақ зат ол да қатты болады ол зат тұқымының негізгі өзегі өсімдік сол өзектен өсу арқылы бойына қорек алады.

Құрма тұқымын әр түрлі бағытта зерттеу жүргізіп көру арқылы әр түрлі әдістер қолданылады. 1-сі тұқымды топырақ салынған ыдысқа себу арқылы;   2-сі тұқымды сулы топырақ салынған ыдысқа себу арқылы; 3-сі тұқымды құмға салу арқылы; 4-сі тұқымды әртүрлі тыңайтқыштар қосылған ыдысқа себу арқылы зерттеулер жүргізілді. Бірақ бұл зерттеулерде ешқайсысында өнім болмады, бірақ сулы топырақта себілген тұқымда өнім болады бірақ екі ай мерзім топырақ астында болады да содан кейін шығады. Себебі тұқым қатты. Басқада әдістер бар ол әдіс тұқымды екіге бөлу әдісі арқылы топыраққа себіледі. Құрма сүйегін алып апилка немесе ағаш үгіндісі салынған арнайы ыдысқа салуға болады. Тұқымды осы ыдысқа сегіз-сегізден екі қатар етіп тұқымның араларын  5мм-дей  етіп егуге болады. Пакетпен орап жабу керек. Бұл пакетпен орау әдісі булану, қыздыру әдісі деп аталады.

Құрма пальмасының тұқымы қатты болғандықтан осылай жасаған тиімді. Тұқым тез өнуі үшін.

Құрма пальмасының өсу барысы жалғыз жапырақтанып көтеріледі. Одан кейін екі қос жапырағы, одан кейін бір жапырақтан бірнеше жапырақтар шыға бастайды.

Қорытынды

Зерттеу барысында бірнеше әдістерді қолданғанда тұқым өніп шықпады, яғни тұқымның сырты қатты болғаннан кейін. Тұқым өніп шығуы үшін алдымен тұқым ісініп тұқымның ішіндегі негізі ашылуы керек. Сондықтан осы әдісті пайдаландым себебі тұқым қыздыру салдарынан жұмсарып өнді. Тұқымның өну барысы және жапырағының ұзарып өсуі зерттелінді.

Менің ұсынысым бұл өсімдікті құрма пальмасы мәдени орталықтарда және мектепті жасылдандыру ретінде пайдаланып көбейтуге мақсат қойдым.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қазақстанның ірі астықты өңірлерін аралады. Қостанайға барған сапарында Нұрсұлтан Әбішұлы бақ ішіне Араб әмірлігінен арнайы әкелінген жас құрма ағашын егіп, Тұңғыш Президенттен тірі ескерткіш қалдырды. Мұның өзі құрма ағашының  қаншалықты бағаға ие екендігін көрсетеді.

Құрма — қасиетті Құранда аталған жемістердің бірі. Бұл өсімдікті мектеп ішіне әсемдік өсімдік ретінде өсіріп мектеп ішін жасылдандырудың бірінші қатарына жататын өсімдік.

Қасиетті Рамазан айында дастарханға құрма қоюды халқымыз  игі дәстүрге айналдырған. Тіпті құрманы ауызашардың сәні деп те айтуға болғандай. Құрамындағы қант мөлшерінің көптігі ораза ұстаған адамның күні бойғы денесінің әлсірегенін кетіретіндігін айтқан мамандар құрманы жай уақытта да жиі жеп жүруге кеңес беруде.

Бір сөзбен айтқанда, түрлі витаминге бай, тойымды әрі емдік қасиеті мол құрма – ғажап жеміс. Ендеше, осы ғажап жемістен дәм татқан сайын, жомарттығы шексіз Жаратушыны еске алып, шүкіршілік білдіргенге не жетсін?!

Мазмұны

 

1 Пікір

 

2 бет
2 Аннотация

 

3-4беттер
3 Жоспар

 

5 бет
4 Құрма жайлы не білеміз?

 

6 бет
5 Құрманың түрлері

 

7 бет
6 Құрма — сан түрлі дерттің таптырмас шипасы

 

8-9 беттер
7 Құрма пальмасы

 

10 бет
8 Құрма тұқымын зерттеу

 

11бет
9 Қорытынды

 

12 бет
 

 

 

 

қ/с

 

Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері

 

 

Жұмыс істеу дәрежесі

1 Оқушының зерттеу әрекеті, зерттеу тәртібін түсіндіру жолдары әр аптада
2 Таңдалған тақырып төңірегінде түсіндіру жұмыстары әр аптада
3 Ізденіс иіріміне ғылыми тұрғыда бағыт бағдар беру әр аптада
4 Жаңашылдық  ғылым мен техниканың жетістіктерін тиімді пайдалану жолдары әр аптада
5 Кітапханамен байланыс жұмыстары. Еріктілік принціпін тиімді пайдалану әр аптада
6 Айналысу принципін  жүзеге асыруға мүмкіндік жасау әр аптада
7 Тақырып бойынша ізденістерін ғылыми тұрғыда жүйелеу жолдарын қолға алу әр аптада
8 Өзара пікір алмасу дидактикалық шығармашылық әрекетін жандандыру(яғни  оқу материалдарын, оны оқушыларға беру мен меңгеруге байланысты әртүрлі амалдарды іріктеу және құрылымдау жөніндегі оқыту әрекетін қолға алу). әр аптада
9 Жеке бас ерекшеліктерін ескеру, жоспарлау. Өз бетімен демалуына мүмкіндік жасау, тәжірибені игеру. әр аптада
10 Көсемпаздық педагогиканы жандандыру, білім берудің тиімділігі, яғни идеялар мен жаңалықтар жасалынып тексеруден өткізуді жүзеге асыру. әр аптада
11 Интернетпен жұмыс Аптасына 2 рет

 

You May Also Like

Құлаққаптың біз ескермейтін қауіптері, ғылыми жоба

Мазмұны  Пікір             …………………………………………………………………………………….3 Аннотация   …………………………………………………………………………………….4 Кіріспе   …………………………………………………………………………………………..7 ІІ Негізгі бөлім 2.1Құлақ-адам өмірінде…

Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процесстерді…

Қазақ-ағылшын мақал-мәтелдері, ғылыми жоба

 Мазмұны  Пікір  Кіріспе ………………………………………………………………………………………………..  Негізгі бөлім Ағылшын және қазақ тіліндегі мақал мәтелдердің…

Квадраттық функция құрылыста, ғылыми жоба

Зерттеу жұмысы  Бағыты: Жаратылыстану-математика бағыты Секция:  математика Тақырыбы: Квадраттық функция құрылыста Мазмұны:…