Бөлімдер

  •  Жылқының емдік қасиеті
  •  Жылқының сезім мүшесі
  •  Жылқы жануары туралы деректер
  •  Жылқыны қолға үйрету
  •  Жылқының қазақ үшін маңыздылығы
  •  Жылқының ерекшелігі
  •  Жылқыны қолға үйрету тарихы
  •  Сақтар кезеңіндегі жылқы
  •  Сәйгүліктердің түрлері
  •  Сәйгүлікті иіскету салты
  •  Сәйгүліктің мінезі
  •  Жылқының өмір мерзімі
  •  Жылқы төлдерінің атаулары
    •  Жылқылардың жасына қарай атаулары

Сараптама

Бұл ғылыми шығармашылық жұмыста оқушылардың тілін, шығармашылығын, дүниетанымдылығын дамытуға өте қолайлы.

Практикалық жұмыс жүргізілген, оқушылар өздігінен сұрақтарға жауап алып тақырыпты кеңінен ашуға көмек берді. «Біз жылқы туралы не білеміз?» Осы сұраққа көптеген қызықты әңгімелер, оқиғалар қарастырылғын.

Бұл жобада оқушылар жылқы туралы толығырақ мәліметермен, жаңа сөздермен танысады. Жылқының түрі, өмірі, қасиеті туралы кеңінен біліп үйренеді. Дүниетану сабақтарында алған білімдерін практикада қолданады. Оқушыларды жануарларға және табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін оятады. Пәнге деген қызығушылығын артады.

Жоба өздігінен ізденіске, жаңа деректер табуға арналған. Оқушылар ізденіс арқылы қарым қатынас, ата -анамен байланысқа түсуге, ұжымдыққа үйренеді.

Қорыта айтқанды оқушылар жан-жануарды қорғауға сүйіспеншіліктері оянады. Іздемпаздық арқылы шеберліктерін шыңдайды. Дүниетанымдылығы артады. Тақырыптарды тереңдетіп оқуға қызығушылықтары оянады.

Ғылыми жобаның жетекшісі:                               Калембекова Т.С.

Мазмұны

І-Кіріспе бөлім

  1. Сараптама———————————————————————————–2-бет
  2. Мазмұны————————————————————————————3-бет

3.Түсініктеме———————————————————————————-4-бет

4.Кіріспе—————————————————————————————-5-бет

                                                           ІІ-Негізгі бөлім

  1. Қолға үйрету тарихы———————————————————————6-бет

2.Қазақстандағы тарихы——————————————————————–6-бет

3.Сақтар кезеңі. Атақты сәйгүліктер—————————————————–6-бет

4.Сәйгүліктердің түрлері. Еңеу. Желқобақ———————————————7-бет

5.Сәйгүліктерді сәндеу. Сәйгүліктерді искету салты———————————8-бет

6.Сәйгүліктердің мінезі. Өмір мерзімі мен кезеңі ————————————9-бет

7.Жылқының түстері. Жылқының сезім мүшесі ————————————10-бет

8.Қазақ халқына жылқының маңызы————————————————–10-бет

  1. Қазақ халқының жылқыны спорт ойын-сауықтанда—————————-10-бет

10.Жылқының емдік қасиеті————————————————————-11-бет

11.Сауалнама ——————————————————————————-12-бет

  1. Бұл қызық——————————————————————————-13 бет

Түсініктеме

   Бұл тақырыпты алудағы басты себебім, маған неге жылқының емдік қасиетібар? Деген сұраққа жауап іздегім келді. Жылқы  туралы дүниетанымдылығымды молайтқым келді. Менің атам жылқы шаруашылығымен айналысады. Атам да жылқы туралы білетін көптеген деректерін айтып үйретіп отырады. Мен мынандай алдыма мақсат қойдым.

Зерттеу мақсаты:

  • Жылқы жануары туралы деректер жинақтау.
  • Жылқыны қолға үйрету тарихы білу.
  • Жылқының қазақ үшін маңыздылығы.
  • Жылқының ерекшелігі.

Зерттеу жұмысымен айналысудың негізін жылқы туралы қызықты оқиғалар, тіркелген қызықты материалдары құрайды.

Жылқының түрлері. Жылқыға байланысты қазақтың дәстүрлері. Киелі жануардың қасиеті туралы деректер. Жылқы туралы кездесетін ырымдар. Жылқы жануарының емдік қасиеті. Жылықға тән мінез бен сезім мүшелері.

Міндеттері:

  • Өмір мерзімі мен кезеңдері туралы деректер;
  • Жылқының түстері;
  • Жылқының сезім мүшесі:
  • Жылқының мінезі;
  • Жылқы тұқымдастар туралы мәлімет;
  • Жүйрік тұлпарлар;
  • Аты тарихта қалған сәйгүліктер;
  • Халқымызда жүйрік аттарды тіл-көзден, келеңсіз жағдайлардан қорғау үшін атқарылатын салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар ;
  • Қазақ халқы жылқыны спорттық ойын-сауықтарда ;
  • Жылқыға байланысты философиялық, мәдени жүйе.

Кіріспе

Мен  2 «А» сынып оқушысы  Амантай Елназ мағана жылқы жануары туралы көбірек білгім келді. Менің атамның мал шаруашылығымен айналысады.Соның ішінде жылқыны жақсы көреді.  Менің кішкене құлыным бар оның атын Керқұла деп атадық . Керқұла өте сүйкімді, ол мені бірден таниды. Жылқы тақырабына дүниетанымдығымды молайтқым келді. Жылқының киелілігі неде? Осы сұраққа жауап алу мақсатында  ғылыми жобаның атын «Жылқы-киелі жануар» деп алдым

Жоба бойынша ата-аналар мен оқушылардан сұрақтарға жауаптар алынды. Осы тақырыпқа презентация жасалды. Суреттер мен фотолар, деректер жинақталды.

Зерттеушілердің болжамы бойынша

Қолға үйрету тарихы                                                                                                          Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқы жабайы жықыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы]]) және қазір жойылып кеткен Тарпан жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен.

 Қазақстандағы тарихы  Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4 – 3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

Арийлер кезеңі  Арийлер жылқыны ерекше құрметтеген. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болғанын анықтады: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат және қазіргі Түрікменстаның ақалтеке жылқысының арғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әсіресе, арийлер арасында ұшқыр тұлпарлар қатты қадірленген. Әлемде алғаш рет екі доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер оған ұшқыр тұлпарларын қос-қостан жегіп алып, сары далада сағымша жүйткіген. Қазақстан аумағында арийлер қалдырған құнды мәдениет ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі – жартастарға салынған суреттер. Суреттерден арийлердің дүниені қалай түсінгені, қандай рәсімдік билерді билегені, қалай аң аулағаны, қандай мал баққаны, екі доңғалақты арбалары, абыздар мен батырлар туралы түсініктері, т.б. туралы толық мағлұмат алуға болады.

 Сақтар кезеңі

Ал сақтар Алтайдан Дунай өзеніне дейінгі кең байтақ аймақта үйір-үйір жылқы өсіріп, ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерген. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу тәсілдерін жас кезінен жетік меңгеріп, көрген жұрттың зәресін ұшырған. Олардың қанқұйлы жорықтарынан соң, Еуропада, Кіші Азияда, Жерорта теңізінің бойында, Мысырда атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тараған. Ежелгі грек мифологиясындағы жауынгер әйелдер – амазонкалар туралы аңыздар да осы сақ әйелдерінің бейнесінен алынған деген пікір бар. Қалай болған да, жылқыға салт мінуді қас өнерге айналдырып, оны әскери әдіс-тәсілдермен шебер ұштастыра білген сақтар өз заманының ең қуатты еліне айналған. Олар өздерінің жаңа жерлерді жаулап алуына, тіршілікке қажетті байлықтарға кенелуіне жағдай жасаған жылқы баласын аса қатты құрметтеп, жан серігі санаған. “Олар аттарына да мыстан кеудені жауып тұратын сауыт кигізеді, – деп жазады ежелгі грек тарихшысы Геродот, – ал жүгендерін, шылбырын алтынмен әшекейлейді” Сақтардың патшалары, қолбасшылары мен батырларының тек

Жылқының сезім мүшесі өте жақсы дамыған.1.2-1,5 м жылқылар шөптің жеуге болатынын болмайтынын сезеді екен. Үйірде жүріп өз құлындарының жағдайын сезеді. Есту мүшесі.116 калеб. 1минутта 120 толқындарды қабылдайды. Көру мүшесі 360 градуста көреді Ол алын артын түгелдей көре алады.Күндіз де түнде де жақсы көреді. Жылқының көздері жанға қарай орналасқандықтан 4м қашықтықта анық көреді. Жылық малы өте сезімтал әр қимылдан барлығын сезіп қояды. Жылқы 212-252 сүйек қаңқасынан құралады.
Ол 50л дейін сүйықтықты іше алады. Жүрегі 4-5 кг жуық салмақты көрсетеді. Жүрек соғысы 30-40 минутына болса , ал шабыс кезінде 120-130 минутына жоғарлайды. Жылқының ағзасындағы қан сұйықтығы 150л болады.Дене қызуы 37,5-38,5 градусты көрсетеді.

Атақты сәйгүліктер  Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп ерекше қастерлейді. Соған сәйкес оларды өзгеше күтімге алады. Өйткені, дәстүрлі қазақ қоғамында сәйгүліктер тек қана иесінің емес, бүкіл әулетінің, руының, елінің мәртебесін асқақтататын түлік төресі. Қазақта атақты тұлпар-лар, сәйгүліктер аз болған жоқ, қазір де бар. Қобыланды батырдың Тайбуырылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбар-дың Қарақасқа аты, Ер Тарғынның Тарланы, Тілеулі батырдың «Кез құлақ» аты, Қабанбайдың қубасы, Шақшақ Жәнібектің қаракөгі, Бармақ батырдың Сандалкөгі, Ақан серінің Құлагері, Оспанның қызыл аты, Исатайдың Ақта-баны, Амангелді батырдың Шалқасқасы, Кейкі мергеннің Кераты, Қарабектің қарасы, Қамыстың шұбары, Ерқосайдың торысы, Сейітбатталдың сарысы, Торғай елінің Көкшағыры мен Ботайшұбары, Алақұсы, Қанжирені – сол тұлпарлардың жұлдызды бір шоғыры ғана. Осы орайда еске алсақ, біз кезінде жазып алған естеліктерде: «Шақшақ Жәнібек, Қаракерей Қабанбай, Тілеулі, Есет батырлар дулығасына (бас киіміне, М.С.), тұлпарларының төбесіне ежелгі сақтардан қалған дәстүрге сәйкес лауазымдық (қолбасшылық, М.С.) белгі – «жыға» таққан. Бұл батыр-лардың бәрі де қазақтың ұрыс тәсілі- «алғадайда» (жекпе-жекте, М.С.) үнемі жеңіске жетіп, бастарын өлімге тігуден қаймықпаған. Сонда олар өздерінің қаруына, шайқасу шеберлігіне ғана емес, астындағы мықты тұлпарлары-ның күш-қуатына, соғыс тәсіліне жетік үйретілгеніне де сенген. Тілеулі батырдың «Кез құлақ» аты алғадайда жау тұлпарын қаймықтырып тастайтын өте айбынды арғымақ болыпты. Ол Торғайдан шыққан Ұзын Қыпшақ батырлары Ерназар, Қосымбет (руы-құттық) туралы әңгімелерде айтылады. Бұлар да Шақшақ Жәнібектің жорықтас серіктестері болған», – деп баяндалады.
Мұның сыртында, кезінде бүкіл Жетісуға мәлім болған Көкбайтал, Оңтүстік Қазақстан мен Қырғызстанның біраз жеріне даңқы жеткен Қараат, XX-ғасырдың алпысыншы жылдарындағы Б.Кітапбаевтың Құланқарасы, Бұланқарасы, Желмаясы қандай жүйрік жылқылар еді-ау, шіркін. Ал, халыққа кеңінен таныс «Кербескер», «Қара жорға», «Бестай», «Бозжорға», «Тепеңкөк», «Маңмаңгер», «Телқоңыр» тәрізді әндер мен күйлерге арқау болған қазақтың атақты аттары да қанша ма?!

Сәйгүліктердің түрлері  Қазақтар аттың ең басты қасиеті – жүйріктігі, жорыққа төзімділігі, иесіне сенімділігі деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жүйрік сәйгүліктерін топқа бөліп, атаған. Олардың осы пайымдауы бойынша, жел жетпес жүйрік аттар – арғымақтар. Сол себепті: «Арғымақты жамандап, кәне, тұлпар тапқаның?», «Арғымақ алдына ат салмас», «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», – деген. Яғни, арғымақтан кейінгі жүйрік – тұлпар. Қазақтың осы түсінігінше, жай жүйріктерден жоғарылары: желқабыз, еңі-реу, дүлдүл, өрен, шаңтимес, желтимес, алдына ат салмас, әндігер жүйрік, күлік және т.б.

Еңіреу. Ол – жүйрік сәйгү-ліктің алысқа шабатыны, майталманы, дүлдүл жүйрігі. Еңіреу сәйгүліктердің шапқан сайын делебесі қозады, адымы ашыла түседі. Денесінен тер шығып, терісі кеңиді де құлаштап, көсіле шабады. Олардың еңіреу деп аталуы қыза шапқанда көзін тер басып, одан тамшылап жерге төгілуінен болса керек. Және де қазақта «еңіреп туған ер еді», – деген сөз бар емес пе? Бұл нағыз қас батырларға айтылатын теңеу ғой. Олай болса, еңіреу сәйгүліктер – нағыз қас тұлпар, арғымақтар.
Желқабыз. Ол – көз ілеспес жүйрік ат. Бәйгеге түсісімен-ақ алдына ат салмайды, бірден оза шауып, бірқалыпты шабысынан жаңылмай, көмбеге бір-ақ жетеді. Мұндай жылқыны «шыға салма жүйріктер» деп те атайды. Желқабыз аталуының сыры: балықтың ішіндегі торсылдағы- желқабыздың желге тез ұшатынындай жылдам шабатындығы. Сондай-ақ, дән қауызы да желмен тез ұшпайды ма. Соған сәйкесте халқымыз мұндай сәйгүліктерді «желге ұшқан қауыздай», «желқауыз жүй-ріктер», – деп, кейін олар жел-қабыз атанып кеткен көрінеді. Әйтеуір, желқабыз – желдей ескен жүйріктер.

Жүйрік сәйгүлікке құрбандық шалу. Біздің ата-бабаларымыз сәй-гүліктерін қатты қастерлеп, оған баға жетпейді деп санаған. Және де жүйрігіне еш нәрсені де аямай, тіпті, құрбандық та шалыпты. Ол былай: тәжірибелі, дәстүрге берік атбегілер жүйрік сәй-гүліктерін жүген, шідерсіз құр жібергенде, сөйтіп, оны ақ жіліктету, ақ сүйектетуге шығарып салғанында оған тағы бір атын қосып, соны әлгі жүйрігіне құрбандық деп атаған. Кейін сәйгүлігі семір-ді-ау дегенде әлгі құрбан атты сойып, жілік майына дейін тексеріп, сол арқылы сәйгүлігінің қоңын пайымдаған. Тіпті, жүйрік болар құлынды күні бұрын білгенде, тағы бір буаз биенің құлынын оған құрбандыққа атап, кейін соятын болыпты. Сәйгүлікті келеңсіз жағдайдан сақтау.

Халқымызда жүйрік аттарды тіл-көзден, келеңсіз жағдайлардан қорғау үшін атқарылатын салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар бар. Оның кейбірі мынандай: 
Сәйгүліктің жабдықтарын аяқ асты тастамайды, оны құрметтеп ұстайды.

  1. 2. Ат әбзелдерін биік жерге іліп қояды, ол орын таза болуға тиісті.
    3. Жүйрік аттың жүгенін ерекше қастерлейді, оны далаға, беталды жерге тастамайды.
    4. Жүйріктің ерін жүкке жиып қояды.
    5. Сәйгүліктерге (бәйгеге түсетін, батырлар, ер адамдар мінетін) әйелдерді мінгізбейді.
    6. Жүйрікті көп арқанда-майды, оған шідер, өре, тұ-самыс салмайды, көбінесе бос қоя береді.
    7. Жүйрік атты мініске бермейді, тектен-текке иесі де мінбейді.
    8. Жүйрік аттан бұрын иесі өлсе, оны тұлдап сояды. Басын тазалап мүжіп, таза төбе басына, биік ағаш басына апарып қояды.
    9. Сақ, ғұн, қыпшақтарда ерте заманда жүйрік атты иесімен де жерлейтін салт болған.
    10. Жүйріктерді көз-сұқтан сақтау үшін дұғалы тұмарлар таққан, оған кебін, кежім кигізген.
    11. Сәйгүлікті киіз үйдің оң жағына жайғастырып, бер жағынан шымылдық құрған немесе шимен көлегейлеп қойған.
    12. Жүйрік аттың мүшел жасы – бесті кезі. Бұл жаста көп қауіп-қатер кездесетіндіктен, бесті жасында сәйгүліктерді бәйгеге қоспайды.Сәйгүлікті сәндеу
    Жүйріктерді былай әсемдейді:
    Жал-құйрығы әсемделіп, жұмырланып өріледі.
    Кекілі буылады.
    Кекіліне, жал-құйрығына ақ-тық байланады. Кейде оларды бірге өріп те қояды.
    Жүйріктің құйрығына, құнды-здығына үкілер тағылып, сән-дейді.
    Сәйгүліктерді оюлы, сұлу кебін-кежімдермен кежімдеп әкеледі.
    Жүйріктерге өрмелі күмісте-
    лген жүген, күміспен күптел-ген, алтынмен апталған жеңіл де сәнді ерлер салады.
    Кейде жүйрік аттардың жалын теп-тегіс етіп қайшымен қиып тастайды.
    Кейбір атбегілер ырымдап, шабандозға өте жіңішке сапты, жеңіл, сары ала қамшы береді.
    Енді біреулер «көз – сұқ тиеді», – деп сәйгүлігін әдейі сәндемейді.

 Сәйгүлікті иіскету салты   Қазақтың көне дәстүрінде сәйгүлікті бәйгеге қосарда, оны рухтандыру үшін құлын кезінде туылған, өскен жерінің топырағын, сүтін емген ене-сінің (өліп қалса) қу басын иіскетеді. Бұл рәсім шабандоз мінген аттарды бәйгеге қосар жерге айдар алдында жасалады. Ол сәйгүлікті де туған жерінің, енесінің аруағы қорғайды, озып келуіне көмек-теседі деген наным-сенімнен туған-салт. Қазір де бұл салт сақталған ауылдар баршылық.

Жылқыға байланысты философиялық  мәдени жүйе
Ол: «Адам – жылқы мінезді», «Жылқы – малдың патшасы», «Жылқы – түлік төресі», «Жігіттің сорлысын аттың жолдысы теңейді», «Ат – ердің қанаты», «Жылқы – қазақтың жан серігі», – деген ұғымдар, адамның азамат қатарына қосылуын «Ат жалын тартып мінді», – деп бейнелі түрде атау. Сондай-ақ, жас бала алғаш рет атқа мінгенінде қазақтар «Тоқым қағар» тойын жасайды. Адамдар бір-бірімен араздасса, өзгелер оларды «Ат құйрығын кесісті», – дейді. Егерде біреу екінші бір адамның алдында кінәлі болып қалса, «Ат – шапан айыбын төлейді», сыйлы қонақ келсе, «ат мінгізіп, арқасына шапан жабады», күйеу жігіт қалыңдығының ауылына алғаш рет барғанында «Ат байлар» салтын жасайды. Адамдардың лауазымынан «атқа мінер», «атқосшы», «атшабар» деген сөздермен хабар береді.

Сәйгүліктің мінезі  Жүйрік аттардың мінезі де қыран құстардың мінезіндей. Олар өте кең, жуас болып өседі. Оның астынан өтіп жатса да іш жимай, тұра береді. Сәйгүліктер иесінің ымын түсінеді, қалауын сезеді. Әртүрлі өтініш, жарлықтарға тез үйреніп, «жат», «тұр» десе, оны бұлжытпай орындайды. Жүйрік аттар ақылды келетіндіктен, иесі үйге кіргізуге ниет етсе, үрікпейді, соңынан ереді. Сезімтал жануар болғандықтан, сәйгүліктерді еркін қоя береді, олар ешқайда кетіп қалмайды, иесінен ұзамай-ды. Сәйгүліктер иесін жақсы көретіндіктен қандай жағдайда да оларды далаға тастап кетпейді, ауырып, жараланып, жерге құлап қалса, жанында қорғап тұрады. Қауіп-қатерлерді сезіп, иесін оған жолатпауға тырысады. Соғыс кезінде мина қойылған алқапқа тап болғанында иесі атының басын қоя беріп, оның аман-есен алып шыққаны туралы оқиғалар тарихта болған. Иесі өлгенде, тұлпары сезіп, күйінеді, кісінеп, азаланады да. Бұл да өзіміз куә болған оқиғалардың бірі…

 Өмір мерзімі және кезеңдері

Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды. Кей кезде, кейбір жануарлар жасы 40-тан асады. Жазу деректеріне сай ең көп 19 ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген. Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007 ж. 56 жаста өліп Гинесс кітабына енген.

Жылқы төлдерін былай бөледі:

  • құлын (биенің жас төлі),
  • жабағы (6 айдан асқан құлын),
  • тай (1 жастан асқаны) деп атайды.

Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:

  • құнажын байтал (2 жастан асқаны),
  • дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
  • дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
  • бесті бие (4 жастан асқаны),
  • қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),
  • кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),
  • жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.

Еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:

  • құнан айғыр (2 жастан асқаны),
  • дөнен айғыр (3 жастағысы),
  • сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),
  • бесті айғыр (5 жастағысы),
  • сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.

Сипаттамасы

Жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталатын ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады; 1-ші және 5-ші саусағы мүлдем болмайды, 2-ші және 4-ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан; тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы соған келеді). Асқазаны қарапайым болады, өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Миі біршама кішкентай, және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады. Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 – 185 см, салмағы 60 – 1500 кг болады.

Жылқылар әдетте бір айғыр бастайтын бірнеше биеден тұратын үйірге жиналады. Көбінесе жазық далада тұрады; ерекше сипаттары – үлкен жылдамдық пен сақтылық.

Жылқының түсі

  Жылқы түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді.

  • Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл, т.б. жылқылар;
  • баранға торы, қара, қаракөк, қарасұр, қоңыр, жирен, күрең, т.б. жылқылар жатады;
  • алаға сарыала, сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т.б. жылқылар жатады.

Алыстан қарағанда жылқының денесіндегі бозғыл түктер басым болса, ол қылаң жылқы деп аталады. Қошқыл түстер көбірек болса, баранға жатады. Ерекше кездесетін түстер болады. Мысалы, шұбар, бозшұбар, көкшұбар, қарашұбар, т.б. жылқылар. Будандары қашыр, қарта қашыр (лошак), құланоид (құлан мен жылқы буданы), зеброид (зебр мен жылқы буданы) деп аталады.

Түрлері                                                                                                                    Жылқы жүк жылқысы (Владимир жылқысы, Першерон жылқысы, т.б.), мініс жылқысы (араб жылқысы, ақалтеке, т.б.), жазық дала жылқысы (Дон жылқысы, Буденный жылқысы, Қостанай жылқысы, моңғол жылқысы, қазақ жылқысы, т.б.), тау жылқысы (кабардин, қарабақ, қырғыз, алтай жылқылары, т.б.), солтүстік дала жылқысы (витский, эстон, якут жылқылары, т.б.) болып ажыратылады. Дүние жүзінде жылқының 250-дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі (қ. Жылқы өсіру).

Қазақ халқындағы жылқы маңызы                                                                        Қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. Қазақтар адам мен оның жан серігі атына біртұтас әлем ретінде қарағанын. Адамның азамат қатарына қосылуының өзін “ат жалын тартып мінді” деп бейнелейді қазақ халқы. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі – тоқым қағар тойынан бастап, адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік тіршілікті жылқымен байланыстырған. Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық алуына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т.б. дәстүрлер жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді.

Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Ұлттық мифологиядағы иесі қысылғанда тіл бітіп, ақыл айтатын тұлпарлар (мысалы, “Ер Төстік”, “Алтын сақа”, т.б. ертегілерде), батырлық жырлардағы Қобыландының Тайбуырылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқа аты, бергі заман батырлары Исатайдың Ақтабаны, Амангелдінің Шалқасқасы иелерімен бірге жыр-аңызға айналып, ел құрметіне бөленген. Қазақ халқының әскери жорыққа төзімді жылқы тұқымдарын көптеп өсіретіні туралы деректер Ресей және Еуропа зерттеушілері Н. Бахметьевтің (1870), С. Вогактың (1873), А. Гердердің (1875), А. Вилькинстің, т.б. еңбектерінде жазылып қалған. Қазақ даласында өсірілген жықлылар 1-ші, және 2-ші дүниежүзілік соғыс майдандарына көп алынған.

 Қазақ халқы жылқыны спорттық ойын-сауықтарда                                                              (қ. Аламан бәйге, Бәйге, Құнан бәйге, Жорға жарыс, Көкпар, Аударыспақ, Ат омырауластыру, Ат үстінен тартыс, Қыз қуу, Салма ілу, Күміс ілу, т.б.) азаматтың мерейін асыратын, сал-серілік пен сәнділіктің шырайын келтіретін текті жануар деп есептеген. “Жылқы сәндік үшін, түйе байлық үшін” деген мақалдың мәні осыны мегзейді. Қазақ халқының алыс қашықтыққа шабатын аламан бәйгелер ұйымдастыратыны туралы орыс саяхатшылары тамсана жазады. Мысалы, А. Вилькинистің 1885 ж. “Журнал коневодства и коннозаводства” басылымында жарық көрген “Заметки о лошадях Туркестана” деп аталатын мақаласында мынадай пікір айтылады: “Орта Азия халықтарының ішінде атты алысқа шабуға машықтыратын қазақтар мен түрікмендер 25-тен 40 верстке (1 верст – 800 м) дейін ат шабысын ұйымдастырған. Ал Әулиеата қазақтары қашықтығы 100 версттік бәйге ұйымдастырып отырған”. Осы мақалада тағы бір қызғылықты пікір бар: “…Ташкент пен Орынбор арасына қосарға бір ат алып, 18 күнде барып қайтқан. Дәстүрлі қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесінің ғана емес, бүкіл рудың, аймақтың мәртебесін өсірген. Олар туралы әндер мен күйлер шығарылып, есімдері халық жадында ұзақ сақталған. Жылқы тұқымын асылдандырудың, сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ажырата білудің, ат баптаудың қыры мен сырын жетік білетін мамандарды халық арасында атбегілер немесе атбаздар деп атаған (қ. Атбегілік).

Үшіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамында байлық мөлшері тек жылқымен ғана өлшенген. Жылқысының саны 5000-нан асатындар ғана бай санатына жатқызылған. Халықтың жылқы малына қатысты ерекше ықыласы, кең байтақ жайылымдардың болуы, жылқының қыста тебініп өзі жайыла алатындығы, т.б. факторлар қазақ даласында бұл түліктің көп өсірілуіне себеп болған. 1880 ж. Австрия-Венгрияда 3,5 млн., Германияда 3,3 млн., Францияда 3,0 млн. Ж. болса, 1879 ж. Қазақстанның бір ғана Орынбор облысында 1,8 млн. жылқы болған. 20 ғ-дың басындағы нәубеттерден кейін 1920 ж. Қазақстанда 8 млн-нан астам Ж. қалғандығы туралы ресми дерек бар. Шын мәнінде, ұлттық байлық саналған осыншама Ж. Кеңес үкіметінің солақай саясаты салдарынан 20 ғ-дың 30-жылдары қырғынға ұшыраған (қ. Ашаршылық).

Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы деп аталған.

Сауалнама

  1. Жылқының түстерін, жасын ажырата аласың ба?
  2. Жылқыға мініп көрдің бе?
  3. Ат жарысын көрдің бе?
  4. Жылқының киелігі неде?

Саулнамаға 1 «А» сынып оқушылары жауап берді. Сауалнамаға қатысқан саны -18 оқушы. Олардың жауаптары төменде көрсетілген.

Жылқының емдік қасиеті

Жылқы – балама медицинаның зоотерапия саласындағы бірден-бір «ақ халатты» абзал жануар. Мың да бір ауруға ем сүтін айтпағанның өзінде, жылқы үстіндегі серуен – әлемнің көптеген елдерінде балалардың церебалды салдығы (ДЦП) ауруына ең тиімді емдік тәсіл ретінде қолданылады. Жылқыға салт міну арқылы науқас екі жақты ем алады екен. Біріншіден, жылқы малының дене қызуы адамдікінен 1,5-2 градусқа жоғары. Әлемдік тәжірибеде жылыту массаждарын жасағанда, дәл осы температурадағы қызуды қолданатынын ескерсек, аттың табиғи жылылығы – табиғи, қоспасыз ем болып табылады. Оның үстіне, атпен баяу серуендегенде, адам денесіне минутына 100 шайқау импульсі беріледі.
– Ол – массаж, ат үстінде отырған адамның барлық бұлшықеті жұмыс жасайды. Тепе-теңдікті сақтау үшін салт мінген адам бойын жинауға, өзінің әрбір дене қимылын игеруге жаттығады. Жылқының әрбір адым алшақтығы адамдікімен бірдей, бұл арқылы ол өзінің адымын да есептеп үйренеді. Ал БЦС-ға шалдыққан балаға ең керегі де осы – жаттығу. Жылқы дегенің – табиғи тренажер, – дейді

Бұл қызық!

Жылқығы арналған ескерткіштер

 Қабанбай батыр ескерткіші.2004 жылы 14 желтоқсанда  Семей қаласында темір жол вокзалының алдында батыр, Қаракерек Қабанбайға арналған. Сәйгүлігі «Елік жирен» деп аталған

“Ер қанаты ат” демекші Ақан серінің Құлагері Астана – Көкшетау тас жолының бойында Құлагердің ескерткіші тұр

Ұлы Отан соғысы кезінде майданда ауыр жарақаттанған аттарға ота жасаған.

2 миллионға жуық аттардың 83 пайызы емделіп қайта майданға аттандырылған. Емделуге жарамсыздарды бірден жойыпотырған. Майдан кезіндегі аттарды емделген жерге мынадай ескеткіш қойылған

  Бұл ескерткіш Қытайдың Ордос қаласында қойылған, нағыз көшпенділердің жылқысы

Әлемдегі ең кіші жылқы 2006 жылы тіркелген. Тамбелина Сен-Луес қаласы АҚШ тұрады. Оның бойының ұзындығы 44,5 см ,ал салмағы бар болғаны 26 кг

     Қала күні қарсаңында Елорданың үлкен жолдарының бұрыш-бұрыштарында қоладан құйылған, гипстен иленген неше түрлі сәнді пырақ, сәйгүліктердің, боталы түйе, құлынды биелердің бейнелері пайда болды. Бұған әуелі балалар қуанды. Себебі, қазір бұрынғыдай байлығы көл-көсір шалқыған, жазғы үш ай каникулда немерелері мен жиендерін құшақ жая күтіп алатын жылқылы ауылдар жоқтың қасы. Балақандар зоопарктерден ғана көретін түйенің қомында, жылқының жалында ойнап, неше түрлі

Жақында майдан кезіндегі аттарға ескеткіш Мәскеу қаласындағы орталық саябағында тағы да мынадай ескерткіш орын алған.

Ырымдар

Адамдар кездейсоқ тауып алған тағаны байлық келсе тоқтатып қалады деп екі ұшын жоғары қаратып ырымдап іліп жатады

Қорытынды

Сұлу да, текті жануар – жылқылардың басқа төрт түліктен бітімі өзгеше. Оның туған жеріне шексіз берілгендігіне, иесіне адалдығына, жершілдігіне байланысты аңыздар көп. Жолаушы боранды күні жолда қалып адасқанда атының басын жібере салса болғаны ол тұратын жерін айна-қатесіз тауып барғанына өмірде дәлелдер аз емес. Үйірін шашау шығармай, қасқырға бермей таң атқанша алысқан айғырлар жайлы да кітаптардан оқып өстік. Бір қызығы жылқы жануары қай нәрсеге де жылдам үйренгіш. Атыс-шабысқа толы фильмдерді қарасаң каскадерлермен бірге құлап, тіпті өтірік өлген болып жата қалғанын да байқап жүрген шығарсыздар. Мұндай трюктерді басқа бірде-бір жануар жылқыдай әсерлі етіп орындай алмайды. Жылқылар қыста да иелеріне салмақ салмай тебінде жүреді. Адамдардың кейде жұмысқа жақсы адамдарға “Жылқы сияқты шаршамай жүре береді” деп баға беретіні бар. Сондықтан жылқы жылы туғанымды да мақтан тұтамын.
“Қазақ – жылқы мінезді халық” дегенді бір жерден естігенмін. Өткен ғасырларда көшпелі өмір сүрген алаш жұртының әр баласы ат құлағында ойнап өскенін білеміз.

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тақырыбы: Жылқының емдік қасиеті

Секция: Валеология

Карима Асылбекова

1 сынып оқушысы №25 ЖОББМ

Семей қаласы

Жетекшісі: Калембекова Толкын Сейілқызы,

Бастауыш сынып мұғалімі

Семей, 2018 ж

You May Also Like

Эти чудные загадки, научный проект

Мектеп сөмкесінің оқушы денсаулығына тигізер әсері, ғылыми жоба слайд

Құмырсқа қышқылының адам ағзасына пайдасын анықтау тақырыбында ғылыми жоба

Тақырыбы:        Құмырсқа қышқылының адам ағзасына пайдасын анықтау                                               АННОТАЦИЯ Ұсынып отырған  жобамыз …

Обскура камерасы, ғылыми жоба