Т А Қ Ы Р Ы Б Ы:

«Телефонның адам ағзасына тигізетін зияны мен қоғамдағы пайдасы»

М А З М Ұ Н Ы 

Кіріспе————————————————– 

Негізгі бөлім ———————————————-

  • Ұялы телефондардың шығу тарихы
  • Ұялы телефондардың артықшылығы
  • Ұялы телефондардың зияндылығы
  • Ұялы телефонның сіз білмейтін құпиялары 

Практикалық бөлім —————————————

  • Оқушылармен жүргізілген «Телефонның зияндылығы» туралы сауалнаманың нәтижесі.
  • «Телефонның адам денсаулығы үшін зияндылығы» тақырыбындағы медикпен бірге өткізілген дөңглек үстел.
  • Интернет беттеріне жарияланған «Телефонның зияндылығы» жөнінде презентация материалдар

Қортындылау:————————————————-

К І Р І С П Е

Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Мобильді телефондар, смартфондар, қалта компьютерлері кеңседе де, одан да тыс жерлерде де, жәй өмірде де, қысылтаяң күтпеген кезеңде де қолдан түспейді. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін нәрсеге айналды. Қазақстанда ұялы байланыс 1998 жылдан бері қолданыста жүр.

    Ал оның адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы не білеміз? Бізден басқа елдердің талайы ұялы телефонның адам ден­саулығына зияндылығы туралы неше түрлі дабыл қағып жатыр. Бұл мәселе әлемдегі жүздеген ғалымның зерттеу нысанына айналғалы біраз болды.

Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне өте үлкен зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, электромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан.

Ультракүлгін сәулелер көзге ғана емес, ағзадағы басқа да мүше­лерге зиянын тигізеді. Ол енді қалыптасып келе жатқан ағзадағы кейбір процесті өзгертіп жібереді. Оның салдары кейін, уақыт өте келе сезіледі.

Сондай-ақ әр адамда обыр жасу­шалары сияқты басқа да жасу­шалар көп. Бірақ иммунитет төмендемейінше ол клеткалар­ жарыққа шықпайды. Ал ұялы телефоннан бө­лінетін ультракүлгін сәулелер иммунитеттің төмендеуіне әсер етіп, әртүрлі ауруларға, мысалы, қатерлі ісік, эндокринологиялық дерттер сияқты ауыр сырқат­тарға соқтыруы ықтимал.

Мысалы, электромагниттік өріс толқыны­ның үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағ­за­ның ор­та­лық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, кө­ру, есте сақтау қабілетін төмендетумен де теріс ықпалын тигізеді. Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, іс­ті бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пайдаланған дұрыс.

Менің зерттеген тақырыбым: Телефонның адам ағзасына тигізетін

зияны мен  қоғамдағы пайдасы

Менің бұл зертеушілік тақырыбымның мақсаты:

  • Ұялы телефонның адам ағзасына келтіретін зияның жан-жақты зерттеу, насихаттау;
  • Ұялы телефоннан шығатын электромагниттік толқындардың денсаулыққа әсерін түсіндіру;
  • Ұялы телефонды дұрыс пайдалану жолдарын түсіндіру;

Менің бұл зерттеушілік тақырыбының міндеті:

  • Ұялы телефонның адам ағзасына келтіретін зияндылығын теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру;
  • Ғылыми тұрғыдан зерттеу әдістерін қолдана отырып, мәліметтер жинау;
  • Ұялы телефонның келтіретін зияның оқушылар арасына түсіндіру және қауіпсіздік шараларын қолдану жөнінде сауаттылығын кеңейту;

Менің бұл тақырыбымның зерттеушілік болжамым:

  • Кент тұрғындары арасында насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, ұялы телефонның зияны жөнінде сауаттылығы артатының болжамдаймыз.

Менің бұл тақырыбымның  күтілетін нәтижесі:

  • Ұялы телефон туралы мәліметтер жинақтау
  • Ұялы телефонды пайдалану жолдарының тиімділігін анықтау.
  • Ұялы телефоннан шығатын электромагниттік толқындардың әсерін дәлелдеу мақсатында тәжірибелер жасау.
  • Өзіндік пікір, тұжырым жасау.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ұялы телефондардың шығу тарихы

Ұялы телефон – радиожелі арқылы  байланыс жасауға арналған құрал.

     1875 жылдың 2 маусымында Бостон  университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.

Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.

Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:

  1. Жай ұялы телефон
  2. Смартфон
  3. Ұялы бейнетелефон/смартфон

Жай ұялы телефонда қоңырау шалу/қабылдау, SMS, соңғы кездері фото/бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады.

Смартфон (ағылш. Smart – білімді, ақылды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.

Ұялы бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бір- бірін көріп, сөйлесуге болады.

Ұялы телефонның артықшылығы

  1. Әр адам және кез келген уақытында пайдалана алады. Яғни, әр түрлі жағдайда адаммен хабарласа алады;
  2. Ол өте кішігірім болып келгендіктен, күнделікті өмір де өзіңізбен ұстай аласыз;
  3. Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде отырамыз;
  4. Оқыс жагдайға ұшырасақ (көлік апаты , ұрлық , кездесуге уақытылы улгере алмаған жағдайда, өз өміріңе- жақындарыңа қауіп төнген жагдайда, өз қауіп төнген жагдайда) бірінші қолға ұстайынымыз ұялы телефон;
  5. Біреудің өліміне куәгер болсаңыз дәлел сіздің қолыңыздағы ұялы телефонның бейнекамерасы бар;
  6. Адам ұрланған жағдайда оның ұялы телефонының чипы арқылы орналасуын тауып алуға болады;
  7. Оқыс жағдайға өз сөзіңіздің растығын дәлелдейтін бірден-бір айғақ ұялы телефонның камерасы;
  8. Дүкендердегі киім, әшекей бұйымдар,ойыншықтар, үй жиһаздары, кітаптар заттар ұнап жатса ұялы телефонының интернеті арқылы тапсырыс беруга болады;
  9. Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бір- бірін көріп сөйлесуге болады.

Ұялы телефонның зияны.

  1. Ұялы телефонның қосылып тұрғандағы сәулелендіру деңгейі есту, көру, мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді;
  2. Ғалымдар зерттеп, қызықты қорытынды жасады; 10 жылдан астам уақыт ұялы телефонды үзбей пайладанған адамның миына зиянды заттарды енгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Болашақта адамды мидың қатерлі ісігіне шалдықтыруы мүмкін деген;
  3. Шетелдік ғалымдар телефонды көп қолдану адамды Альцгеймер және Паркинсон ауруына шалдықтырады деп шешті;
  4. Шетелдік ғалымдар сәуленің әсері кейінгі ұрпаққа беріледі деген.

1 ай бойы түрлі телефон арқылы атжалмандарды сәулелендіру

тәжірбиесін жасады. Екі аптадан соң олардың иммундық жүйесі

өзгерді.

  1. Еуропаның электронды ғылыми зерттеу институты жүргізген

көрсеткіші, телефон арқылы сәуле қабылдау гемоглобин талшықтары кеңейіп кетті.

  1. Телефонға тым әуес адам бүйрегінде тас байлануына, жүрек қан

тамырлары ауруына әкеледі. Дәлелдеу үшін, қан айналымын зерттеп, 60 сағат аралығында сәулелендіру жұмыстары жүргізілді.

  1. Зерттеу кем дегенде он жыл бойы телефон қолданған адамдарда

ми обырының жиілігі арттыратындығын көрсеткен.

  1. Обыр тудыратын басты себепкер ұялы телефон алғашқы орын

алады. Бөлініп шыққан зиянды сәулелер кішкентай баланың қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келеді. Ұзақ уақыт телефонды ұстатуға болмайды.

  1. Ұялы телефон ер адамның ұрығына арақ пен темекіден екі есе көп зиян келтіреді деген ой жасады. Себебі ер адамның репродукциялық, яғни бала туғызу қызметіне зиянды.
  • Күнделікті тұрмыста көптеген адамдардың хат, электронды хабарлама, телефон қоңырауы келмесе, тағатсызданатынын байқаған. Әр жарты сағатта шырылдамаса, қарағыштап, қуатын тексеріп, алаңдап отыратынын зерттеген. Хат, қоңырау шалу, ғаламторда ұялы телефонмен ену, жолдаумен әуреге түсетін адамдардың қабілеті төмендейтінін зерттеді. Ғалымдар бұны «Ақпарат Құмарлығы» деп атады.

Ұялы телефонды қауіпті деп санауға болатын 3 себеп:

«Канцерогенді болуы мүмкін»-Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал «мүмкін» сөзі қорқуға себеп береді.

  1. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері

бойынша, адам ұялы телефонды

қолданғанда оның миы басқаша жұмыс

                                     істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме

                                     нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы

мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы

болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда,

мамандар бұл факті адамның денсаулығын

қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас.

Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады.

Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты  қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз.

Заманауи адамға телефоның өте қауіпті десе де, онсыз өмір сүруге келіспес еді. Ұялы телефонды тастауға асықпай, кейбір шараларды қолға алсаңыз, оның жаман әсерінен кішкене болса да, сақтана аласыз.

  • Ұялы телефонға құлақшынжалғап, сол арқылы сөйлесіңіз.
  • Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз.
  • Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз.
  • Желі ұстамайтынжерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады.
  • Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды бергеннің алдында, оны «автономиялық» режимге қойыңыз.
  1. 2. Басыңызды абайлаңыз! Қалталы

телефоннан бөлінетін электромагниттік

толықдарды көп жылдан бері зерттеп келе

жатқан ғалымдар осындай тұжырымға

келіп отыр. Олар телефоннан бөлінетін

электормагниттік толқынның

теледидардың, радиотелефон мен

компьтердің толқындарынан он есе күшті екенін анықтаған. Олардың пайымдауынша телефонмен сөйлескен кезде одан бөлінетін электромагниттік толқындар бас пен жүйке ұлпасына тікелей әсер етеді. Салдарынан ми қызып, жүйке жүесі әлсіреп, адам ағзасындағы жүрек қан тамырларының айналымы нашарлай бастайды.

  1. Иммунитет пен көз жанарына да зияны бар

Ал, ресейлік ғалымдар ұялы телефоннан

бөлінетін электромагниттік толқындардың

көз жанарына кері әсер ететінін анықтап

отыр. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері

нәтижесінде сынақтан өткен тышқандардың

барлығы дерлік көз жанарынан айырылған. Сондай-ақ, зерттеу барысында сынақтан өткен хайуандардың иммундық жүйесі әлсіреп, бұзылғаны анықталды.

Ұялы телефонның сіз білмейтін құпиялары.
Қазіргі таңда қайда барсақ та жанымызда жүретін, жоқ болса іздеп кететін дүние – ұялы телефон. Ал осы пайдаланып жүрген ұялы телефон қарапайым дүние емес екенін білесіз бе?

Егер, сіз ұстап жүрген ұялы телефоныңыздың қыр-сырын толық білемін десеңіз, қателесесіз. Өйткені, телефонның біз білмейтін ішкі құпиялары жетерлік. Сондықтан, мен сіздерге өзім білетін ұялы телефонның құпиялары туралы бірнеше кеңес ұсынамыз

Төтенше жағдайға байланысты көмек

шақыратын 112 нөмірін терсеңіз, ол әлем

бойынша өте жылдам тарайды. Ол нөмір сіз

байланыс аясынан тыс жерде болсаңыз да,

телефоныңыз құлыптанған режимде тұрса да

істей береді. Сондай-ақ, телефоныңыздан

112 нөмірін теріп, тиісті органмен

байланысқан жағдайда олар сіздің тұрған жеріңізді сол мезетте-ақ анықтап шұғыл шараға кіріседі. Мұны өз өміріңіздің қауіпсіздігі үшін біліп жүрген артық болмайды деп ойлаймын.

Даладағы қолайсыз ауа райында

телефоныңызды қолданбаңыз. Себебі, ұялы

телефоныңызды қолайсыз ауа райында

қолдану қуат күшінің жұмысын

айтарлықтай әлсіретеді. Ондай ауа райында

ұялы телефонды тек қатты қажет кезінде

ғана қолданған дұрыс.

Сондай-ақ, телефонды түні бойы қуат

көзіне қоюға болмайды. Мамандардың

айтуынша, телефонды 100%-ға дейін қуат

көзіне қою аккумуляторы үшін зиянды.

Ұялы телефоның маңызды қуат көзі 0%-ға

дейін біткенін немесе 100%-ға дейін

толғанын күтпеңіз. Өйткені, көптеген ұялы

телефондарға орнатылған литий-ионды батареяларды 50-80%-ға дейін ғана қуаттандырса, өз жұмысын жоғары деңгейде атқарады екен.
Қуаттағыш құралдың түпнұсқасын

қолданғаныңыз жөн. Өкінішке орай, қазір

қуаттағыштың қолданыстағы түрі өте көп.

Әсіресе, IPhone маркалы ұялы

телефондарға арналғаны. Себебі, олардың

қуаттағыш сымдары өте әлсіз келеді де,

бұзылса жаңасын алуға тура келеді және

«оригинал» қуаттағыш алу арзанға түспейді.

Сіз түпнұсқа емес қуаттағыш құралды қолдану арқылы ұялы телефоныңыздың аккумуляторын біртіндеп зақым келтіре бересіз. Сондай-ақ, ұялы телефондардың тоқ көзінде тұрып, сол түпнұсқа емес қуаттағыштың кесірінен жарылып кеткені жайлы тіркелген оқиғалардың да бар екенін айтқым келеді.
Wi-Fi, Bluetooth және т.б. функцияларын

өшіріп қойыңыз. Пайдаланбайтын кезде,

керексіз функцияларды өшіріп жүргеніңіз

дұрыс. Өйткені, бұл функциялар

телефондардың қуат көзін тез жұмсайды.

Сонымен қатар, телефонның ішінде

сақтаулы тұратын қосымша қуаты болады.

Оны былай пайдаланасыз. Мысалы сіз қоңырау күтіп тұрсыз. Сосын телефонның заряды өшіп қалады. Ондайда телефонның қосымша акумляторын қосуға болады. Ол үшін *3370# белгілерін теру керек. Сол сәтте телефоныңызда сақталған қосымша қуат іске қосылып, бірнеше пайыздық «заряд» береді. Сосын қалауыңызша пайдалана бересіз. Ал кейін сіз телефоныңызды қуаттағанда қосымша аккумлятор қайта толады. Бірақ бұл барлық телефонда бола бермейді.

Ұялы телефонды аптасына тым болмаса

бір рет өшіріп тұру керектігін біріміз білсек,

біріміз білмейміз. Мамандардың айтуы

бойынша, бұл телефон аккумуляторының

жұмыс істеу мерзімін ұзартады.

Ұялы телефоныңызға әрдайым құпия сөз

ендіріп қойыңыз. Көшедегі ұрлықтардың

40%-ы телефон ұрлығы екенін ескерсек,

оны әрдайым құпия сөзбен қорғап

жүргеніміз жөн болады. Егерде

телефоныңызды ұрлап кетсе, ұры

телефоныңыздың құпия сөзін аштырып, ішіндегі сіз жайлы мәліметтер немесе сіздің сақтап жүрген құпияларыңызды өшіріп тастайды.
Телефоныңызды ұрлап кеткен жағдайда

оны «жабық» режимге қоюға болады.

Телефон өзіңізде жүргенде оның сериялық

нөмірін білу үшін *#06# белгілерін тересіз.

Содан кейін экранға 15 саннан тұратын код

шығады. Ол әр телефонда болатын жеке

коды. Соны көшіріп алып, сақтап қойыңыз.

Телефон ұрланған жағдайда әлгі кодты тиісті операторға хабарласаңыз, сіздің қолды болған ұялыңызды жабық режимге салып қояды. Содан кейін оның sim картасын ауыстырған күннің өзінде пайдалану мүмкін болмайды. Әрине, телефоныңызды қайтара алмасаңыз да, ұрлықшы пайдалана алмайды.

П Р А К Т И К А Л Ы Қ   Б Ө Л І М

Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қортындысы.

Мектебімізде 1-9 сынып оқушы бойынша төмендегі сұрақтар бойынша сауалнама алынған.

Мектепте «Телефонның адам денсаулығына зияны мен пайдасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Оған бастауыш және жоғарғы  класс оқушылары қатыстырылды. Дөңгелек үстел барысында телефонның адам үшін пайдасы мен зияны туралы айтылды. Сонымен қатар телефонды пайдаланғандағы туындайтын аурулар, олардың алдын алу жолдарымен таныстырылды.

Тәрбие сағатына ауыл дәрігері Айнаш  Зейноллақызы  қатысты. 

Қ О Р Т Ы Н Д Ы Л А У    Б Ө Л І М І

Ұялы телефонды қолдану қағидасы

  1. Қоңырауға 4 секунсыз жауап бермеңіз, өйткені бұл сәтте электромагниттік толқындар әсері өте күшті болады және денеге тез тарайды.
  2. Сөйлесіп болған соң телефонды құлақтың түбінде ұстап тұрып өшірмеңіз, себебі өшірген кезде толқындар лезде құлаққа тарайды.
  3. Найзағай соғу қаупі жоғары болғандықтан, мүмкін болса жаңбырлы күні ұялы телефонды қоспаңыз, магниттік күші көп болады және көбейеді.
  4. Телефонмен ең ұзақ дегенде 15 минуттан артық сөйлеспеңіз.
  5. Ұйықтар алдында телефонды 1,5 немесе 2 м алыс жерге қою керек.
  6. Сөйлесер кезде міндетті түрде құлаққаппен сөйлесіңіз.
  7. Телефон төсегіңізде жатпауы керек. Ол жүйке жүйенізге әсер етіп, ұйқыны бұзады. Таңертең бастың ауыратыны және белдің ауыратыны сондықтан толқындар әсер етеді.
  8. Телефонды белде, кеудедеұстауға әсіресе шалбалдың қалтасына салып жүруге болмайды. Толқындар ағзаның ішкі мүшелеріне зиян тигізеді.
  9. Жүкті әйелдер телефонды қолданбауы керек. Себебі оларғаа толқындар өте көп тарайды.
  • Мүмкіндігінша балаларға телефонды қалдырмаған жөн.

Ойымды қорыта келе, телефонның  зияның біле тұра біз немқұрайлық танытпауымыз керек. Ол үшін мен төменгі ұсыныстарды жасаймын:

  1. Бұл телефонның проблемасы мемлекет тарапынан қолдау табу қажет, ол үшін бірқатар заңнамалар қабылдану керек.
  2. Жалпы халық, жастар арасында семинар, дөңгелек үстелдерді өткізуді дәстүрге айналдыру.
  3. Дүниежүзілік «Ұялы телефондардың зияндылығын насихаттайтын күн» жариялау керек.
  4. Теледидар, газет-журнал беттерінде зияндылығы жөнінде антижарнамалар, бейнеклиптер көбірек көрсету керек.
You May Also Like

М.Мақатаев поэтикасындағы метафораның қолданыстық сипаты, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ Жұмыстың тақырыбы: «М.Мақатаев поэтикасындағы метафораның қолданыстық…

ҚҰРАҚ ҚҰРАУ ӨНЕРІ, ғылыми жоба

Аскөктің пайдасы, ғылыми жоба слайд

Неліктен шай ыстық суда қайнатылады, ғылыми жоба

Тақырыбы: « Неліктен шай ыстық суда қайнатылады«  Секция: Бағыты:  «Неліктен шай ыстық…