Түйменің таңғажайып тарихы

І Кіріспе

Менің зерттеу жұмысым «Түйменің таңғажайып тарихы» деп аталады. Менің бұл тақырыпты таңдауыма оның шығу тарихы, түрлері, қолданылуы әсер етті. 

Зерттеудің мақсаты:

Түймелердің шығу тарихына терең талдау жасай отырып, оның бүгінгі уақыттағы түрлері мен жасалу жолдарын айқындау.      

Зерттеудің міндеттері:

  1. Түйменің шығу тарихы жайлы сан алуан деректер келтіру

2.Оның адамзат өміріндегі алатын орнын айқындап, маңыздылығын ашу;

  1. Түйменің бүгінгі заманғы қолданылысына жан-жақты сипаттама беру. 

Түймені кім бірінші және қашан ойлап тапты?
Түйменің таңғажайып тарихы ежелден басталады екен. Ежелгі адамдар түйменің орнына киімнің шетін түйіндеп байлап жүретін болған. Сүйектен, өсімдіктердің тікенектерінен түйреуіш жасап, түйреп жүрген. Ежелгі Египетте киімнің екінші шетінен тесік жасап, сол арқылы баулық өткізіп, байлап жүретін болған.

Түймеге ұқсас ежелгі заттар Үндістанда табылған. Олар ежелгі заманда әшекей ретінде қолданылған. Осыған ұқсас заттар қола дәуірінің естелігі ретінде Қытайда да табылған. Ұлу қабыршақтарынан жасалған түймелер Үнді өркениетінің естеліктері ретінде біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдарда әшекей ретінде қолданылған. Олардың кейбіреуі геометриялық фигураларға ұқсас болып келеді. 

ІІ Негізгі бөлім

  1. Түйменің шығу тарихы
  2. 1 Ежелгі түймелер қандай болды?

Бұрынғы түймелер біз тағынып жүрген түймелерге ұқсай ма?
Ең ежелгі түймелер б. д. д 5000 жыл бұрын жасалған деген де деректер бар. Кәдімгі біз тағынып жүрген түймелерге ұқсас тастардан жасалған түймелер Түркияден б. д. д 1500 ж табылған.

Кәдімгі түймелер Германияда 13 ғасырда пайда болды және кеңінен қолданысқа ие болды. Содан бастап денеге жабысып тұратын киімдер Европада сәнге айналды.

Түйме сондай – ақ сиқырлы бойтұмар ретінде Ресейде де ұзақ уақыт бойы қолданысқа ие болды. Орта ғасырларда ұмыт бола бастаған түймелер 13 ғасырда пішудің, сәнді киімдердің пайда болуымен қатар жаңа бір маңызға ие болды.

Түймелі адам бай адам ба?

Түймесіне қарап, кісінің бай немесе кедей екенін анықтауға болатын еді. Алтын, күміс түймелі киім киген кісілер қоғамда жоғары мәртебеге ие болды. Түймелер піл сүйегінен, тасбақаның жабынынан, сондай – ақ қымбат бағалы тастардан жасалған.

Тарихи тұлғалар түйме тақты ма?

XVI ғ Франция королінің кафтанында 13600 майда алтын түймелер болған және ол корона бейнелі болған. Даңқты Наполеон заманында солдаттарда ауыз – мұрнын жеңімен сүрте салатын жаман әдет бар еді. Әскери мундирдің жеңіне қаз – қатар түйме тағу дәстүрі осылай пайда болған.

  1. Түйменің бүгінгі заманғы қолданылысына жан-жақты сипаттама беру.
  2. 2 Түймені қай елде көп жасады және неден жасады?

Франция түйме өндіруден алдына жан салмаған. Олар түймені фарфордан жасады. 18 ғасырда Богемияда әйнек түймелер жасап шығарған. 19 ғасырдың басында Европада папье – машьеден жасалған түймелер тек сәндік киімдерге ғана тағылды. Ал күнделікті киетін киімдерге пластмасса түймелер қолданылды. Сондай – ақ киімнің матасымен қапталған түймелер де ерекше сәнге айналды. Түймені ағаштан, теріден, әйнектен, перламутрдан, металдан да жасады. Металл түймелер ұзақ уақыт бойы тіпті ақша орнына да қолданылды. Алтын, күміс, мыс, мырыштан да түймелер жасалды.
Кімдер түйме жинайды?

Қазіргі кезде түйме киімді қапсыруға арналған бұйым ретінде қолданылады. Ол әр түрлі пішінге ие. Оны тесіктері немесе құлақшасы арқылы киімге қадайды. Көбінесе екі немесе төрт саңылаулы түймелер кеңінен қолданылады. Түйме жинаумен айналысуды филобутонистер клубы бар. Клубтың 5000 мүшесі бар. Италияда да 20 мүшесі бар филобутонистер клубы 1995 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
Түйме әлемінде 1930 жылдан бастап әлі ешкім жаңалық ашқан жоқ. Олай дейтін себебі, АҚШ – та тұңғыш рет сол жылдары пластмассадан түйме жасалды. Пластмасса түймелер қазірге дейін қолданысқа ие. Көп жағдайда түйменің орнын кнопка мен замок басса да, түйме өз маңызын жойған жоқ деп ойлаймын.

Түймені анам неге оң қолымен, әкем сол қолымен тағады?
Сондай – ақ ерлерде түйме киімнің оң жағына, ал әйелдерде сол жағына қадалады. Мұның да өзіндік сыры бар.
Біріншіден, бұл әйелдер мен ерлер киімін ажыратудың ең оңай жолы. Екіншіден, тарихқа сүйенсек, ертеде әйелдер оң қолымен баланы көтеріп жүріп, сол қолымен түрлі шаруаларды атқара беретін болған. Сол себепті әйелдерде түйме сол жақта орналасқан деген болжам бар.
Ал ерлер болса ат үстінде жүргенде үнемі сол қолымен аттың тізгінін ұстаған. Ал оң қолымен қару – жарағын ұстап жауға шапқан. Ал жайшылықта қаруын қынабына салып жүрген. Сол қолы ат тізгінінен босамаған. Сондықтан ерлердің түймесі оң жақта орналасқан деген жорамал да шындыққа жанасады. 

ІІІ Қорытынды

Түйме – өркениеттің бір бөлшегі. Бірақ түйме кішкентай болғанмен оның тарихы тереңде жатыр. Түйме біздің өміріміздің ажырамас бір бөлшегіне айналды. Себебі, сіз кім болсаңыз да, көшеде кетіп бара жатсаңыз, ешкім сізді елемейді. Ал егер де сіздің бір түймеңіз жоқ болса, бәрі сізге назар аударып қарайды. Тіпті кейбіреуі сіздің бір түймеңіз үзіліп қалыпты деуі әбден мүмкін танымаса да…

Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

  1. Түйме кішкентай болғанмен, ол үлкен маңызға ие.
    2. Түйменің тарихы тереңде жатыр.
    3. Түйменің түгел болуы адамның ұқыптылығын білдіреді.
    4. Бейтаныс адам сізге емес, сіздің түймеңізге назар аударады.
    5. Түймелер – адамзат өркениетінің ажырамас бір бөлігі.

Кіп – кішкентай түйменің
Қыр – сырына қанықтым
Жетсем деймін түбіне
Ақиқат пен анықтың!

Ұсыныстар:

  1. Түймелер тарихы өте қызық болғандықтан, оған әлі терең зерттеулер жасалынса
  1. Еңбек сабақтарында түймелерді қолдана отырып, көптеген қызықты дүниелер жасасақ.
You May Also Like

Оқушылардың-шығармашылық-қабілетін дамыту, ғылыми жоба

Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Эксперимент физиканы оқыту процесінде әртүрлі функцияларды атқарады. Демонстрациялық…

Мультфильмдердің бала тәрбиесіне әсері, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Мультфильмдердің бала тәрбиесіне әсері» Дайындаған. Тлеужан Гүлім АБСТРАКТ…

Қазақ халқының көне зергерлік өнері, ғылыми жоба

Қазақ халқының көне зергерлік өнері Орындаған:  Әубәкір Аяулым Сүйіндікқызы Зерттеу жұмысының  өзектілігі:  …

Абайдың шығармашылық өмір жолы, ғылыми жоба

МАЗМҰНЫ  КІРІСПЕ ………………………………………………………………………,……………………. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.1 Абайдың шығармашылық өмір жолы ……………………………………………….. 2.…