Ең үздік ғылыми жоба «Еңбегі елге мұра Ақпан ата»  Орындаған: Бертағы Інжу

Мазмұны

  1. Аннотация                              3
  2. Кіріспе                                4

Негізгі бөлім

1.1 Бала – Ақпан                                                                                                5

1.2. Еңбегі елге мұра  Ақпан ата                                                                     6 1.3Ақпан Үкібаев мектебі                                                                                7-8

3.Қорытынды бөлім                                                                                           9

4.Мұғалімнің пікірі                                                                                           10

Аннотация

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмей-ді» деген сөз бар. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында осы ауданды басқарған Ақпан Үкібаевтың есімі өңір тұрғындарына жақсы танымал. Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласында Ақпан Үкібаев атындағы көше және мектеп бар, оған қоса, мектепте мұражай,  мектеп ауласында  ескерткіш-бюст  орнатылған.

Ерейментау ауданында туып-өскен соғыстан кейінгі қалпына келтіру, онан кейінірек қолға алынған тың және тыңайған жерлерді игеру сияқты маңызды науқандарды жүргізуге белсене атсалысқан Ақпан Үкібаев тың жерлерді игеруге байланысты құрылған  Баранкөл қазіргі (Жарқайың) ауданын біраз жыл басқарған. Аудан орталығы Державинск қаласының алғашқы қазығын қағып, елді мекенге айналдырған да Ақпан Үкібаев екен. Ауданның өсіп-өркендеуіне, дамуына зор үлесін қосқан азаматтың есімін есте сақтау үшін өзі алғаш қазығын қаққан қаланың көшелерінің біріне және мектепке есімі беріліпті Мұражайдан ұзақ жылдар ауданды басқарған А.Үкібаев тұтынған жеке заттардан бастап, түрлі құжаттар, фотосуреттер, тіпті, оның жеке кітапханасы да орын алған.
Мектеп ауласында А.Үкібаевтың  ескерткіш-бюст  орнатылған.  Халқына, еліне еңбегі сіңген Ақпан Үкібаев сияқты танымал тұлғаның есімін алған қазақ орта мектебі уақыт талабына бейімделіп, тәуелсіз еліміздің болашақ тізгін ұстар жас буынға саналы тәрбие, сапалы білім беру жолында жемісті жұмыс істеп келеді.

Тақырыптың өзектілігі:

Ғылыми жоба  жазуда таңдап алған «Еңбегі елге мұра Ақпн ата» бүгінгі күнгі  танымдық жағыннан өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз. Олай дейтініміз  өмірі қысқа болса да нардың жүгін көтерген, бар ғұмырын еліне арнаған, халқы үшін көп енбек сіңірген осындай абызал азаматтың өмірімен танысып, үлгі – өнеге алу.

Ғылыми жұмысының мақсаты

Ақпан ата жайы бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, Атамыздың өмірі мен еңбегі бізге үлгі – өнеге. Туғанына 100 жыл болған атамыз мәнгілік бізбен бірге жасайды. Осыға  байланысты зерттеулердің мәнін ашу.

Мақсатқа жету жолдары:

  1. Бала – Ақпан
  2. Атамыздың Державин қаласының іргетасын қалауда қосқан еңбегі.
  3. Ақпан ата есімі берілген мектеп туралы

Зерттеу  мерзімі  1 жыл

Зерттеу  нысаны:  тұлға .

Зерттеу  әдісі:  жинақтау, зерделеу, тарату.

Жұмыс 4 тараудан, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Нәтижені  қолдану  аймағы.  Қазақстандағы  тұлға

Кіріспе

      Ақпан Үкібайұлының  ғұмыры қысқа болса да, туған елі, жері үшін артына  өшпестей із қалдырған,  жұлдыздай жарқырап өткен  өмір иесі, Ақпан ата жайлы ғылыми жоба алып, Атамыздың балалық шағы мен Державин қаласының іргетасын қалаудағы қажырлы еңбектерін аз да болса жинақтап, қорғау мен үшін үлкен Бақыт.

Тақырыптың өзектілігі:

Ғылыми жоба  жазуда таңдап алған «Еңбегі елге мұра Ақпан ата» бүгінгі күнгі  танымдық жағыннан өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз. Олай дейтініміз  өмірі қысқа болса да нардың жүгін көтерген, бар ғұмырын еліне арнаған, халқы үшін көп енбек сіңірген осындай абызал азаматтың өмірімен танысып, үлгі – өнеге алу.

Ғылыми жобаның мақсаты:

Ақпан ата жайы бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, Атамыздың өмірі мен еңбегі бізге үлгі – өнеге. Туғанына 100 жыл болған атамыз мәнгілік бізбен бірге жасайды. Осыға  байланысты зерттеулердің мәнін ашу.

Мақсатқа жету жолында төмендегі міндеттерді шешуді алға қойдым:

  • Бала – Ақпан
  • Атамыздың Державин қаласының іргетасын қалауда қосқан еңбегі.
  • Ақпан Үкібайұлының есімі берілген мектеп жайында ақпарат беру.

Мені  өзім оқыған мектебіме  есімі берілген Ақпан ата туралы білгім келді. Ақпан ата туғанына биыл  100 жыл. Сол себептен өзімді қызықтырған деректерді жинақтап, зерттеу жұмысын жазуға бел байладым.  Ақпан ата жайлы білген мәліметтерді  ата-анаммен үнемі бөлісіп отырамын.

Ғылыми жобаның нысаны ретінде газеттер,  қосымша әдебиеттер желісінен алдым.

Тақырыптың теориялық және практикалық маңызы:

       Жобаның негізгі тұжырымдамаларын, арнайы сабақтарда, тәрбие  сағаттарында  тақырыпқа сәйкес пайдалануға болады.

 Жұмыстың құрылымы:

Жазылған еңбек  сынып жетекшілеріне, ата – аналар қауымына, оқушыларды адамгершілік рухында  тәрбиелеуге аз да болса  пайдасын тигізетін жинақталған  материал деп ұғамыз.

Ғылыми жоба 4 тараудан, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданған әдебиеттер  бөлімінен тұрады.

Негізгі бөлім.

Қалың елмен қабат соққан жүрегің,

Басқалардан бөлек едің, ірі едің.

Құламауын ойлап Отан-іргенің,

Еңбекпенен өтті солай күндерің.

Алашыңның батасы ма, бір кезде,

Атқа мініп ел басында жүргенің

Тіршіліктің тереңінен мән ұққан,

Алғыс алған азамат ең халықтан.

«Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің, барыңды, нәріңді, тірлікте  бергейсің.

Ғибрат етер артыңа – іс қалдырсаң, Осыны , ұқ! Сонда сен өлмейсің!»

Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай, Ғұмыры қысқа  болса да нардың  жүгін  көтерген, кіршіксіз  тазалық пен  адамгершіліктің үлгісін ұстанып, бар ғұмырын қаз –қаз басып келе жатқан  Қазақстанына арнаған адал азамат, өлмейтұғын артына із қалдырған Ақпан Үкібайұлына  биыл 100 жыл.

Мен, Бертағы Інжу Дастанқызы Үкібаев  Ақпан Үкібайұлы  атындағы  жанында интернаты бар орта мектептің 2 сынып оқушысымын.  Осы мектепте оқып білім алып жүргенімді мақтан етемін.

Ғылыми жоба  жазуда таңдап алған  «Еңбегі елге мұра Ақпан ата » бүгінгі күнгі  танымдық жағыннан өзекті мәселелердің бірі. Биыл Ақпан атамыздың туғанына 100 жыл.

Ғылыми жұмысының мақсаты:  Ақпан ата туралы менің  сыныптас достарым мен өзім сияқты бастауыш сынып  оқушылары қаншалықты біледі.   Ақпан ата жайлы азғантай болса да мәлімет алса, мен үшін үлкен қуаныш. Олай болса,  Ақпан ата кім? Ақмола облысы, Жарқайың ауданына  қосқан зор  үлесі туралы не білеміз?  Атамыздың еңбектеріне тоқталып, зерттеуіміздің  мәнін ашу.

  • Бала – Ақпан

Ақпан Үкібайұлы 1919  жылы  4 маусым  Ерейментау ауданы Мұқан Қажы  ауылында, қарапайым шаруа отбасында  дүниеге келген.  Әкесі – Үкібай, анасы – Ұрқия.  Үкібай атаның балалық шағы  аумалы-төкпелі қиын кезеңде өтті. Ақпан ата  бала кезінде байсалды,  тыныш бала болдып өсті. Ата- анасына, үлкендерге сыйластықпен қарайтын. Үлкенге ізет, кішіге қамқор бола білген.  Ауылдағы сауатты  адамдардан  білім  алды.   Ереймендегі шопан балалары үшін ашылған бастауыш мектепте білім алды.  Ақпан ата көп оқығанды  ұнатқан. Сондықтан бала кезінен көп  кітап оқуға әуес болды. Бұдан кейін ол осы аудандағы мектеп-интернатта  оқуын жалғастырды. Бала кезінен үлкендерге, достары мен құрбыларына  қайырымды , сыйлы  болып өсті. Жас болса да  үлкендер  бала-  Ақпанның  пікірін тыңдап, құптайтын.

Сұлтанмахмұт Торайғырұлы «Қараңғы қазақ кегіне өрмелеп  шығып күн болам…»  дегендей, ол 1937 жылы оқу іздеп  Алматыға келеді. Жолы болып Қаржы техникумына  оқуға түседі.

1939 жылдан 1946 жылдың аяғына дейін  әскери қызметте  болады.  Ел қорғап,  жаумен  бетпе-бет  айқасқан  қайсар   жауынгерлерінің   бірі болады.1945  жылдың  мамырына дейін 3-ші  Украин фронтында аэродром  полкінің батареи  командирі болды.  Капитан дәрежесінде бірнеше орден-медальдармен елге оралды.

1947-1948 жылдары Ақмола облыстық  атқару комитетінің нұсқаушысы, бөлім  бастығы қызметін атқарды.

1948-1950 жылдары Алматы  қаласында  партия  мектебі мен  мұғалімдер институтына түсіп,  бір  мезгілде  оқып  бітірді.

  • Атамыздың Державин қаласының іргетасын қалауда қосқан  еңбегі.

1955 жылы жаңа аудандар ашыла бастағанда Баранкөл ауданының (қазіргі Жарқайың ауданы) аудандық партия  комитетінің бірінші хатшысы болып А.Үкібаев тағайындалады. Ақпан атаның ұсынысымен аудан орталығы Есілге жақын,  темір жолдың  бойындағы  Державинге 1956 жылдың аяғында көшірілді.                                                                                                                 6

1957 жылы екі жүзге жуық уй салынып, 960 адам  баспаналы болды. Ал, 10 қыркйекте 8 жылдық мектептің  табалдырығын 36 оқушы аттайды.

Үш жылдың ішінде  жазық далаға  бұрын картада болмаған Державин қаласынын  орнатудың ұйтқысы бола білді. Осы Державин  қаласының  іргетасын қалған  Ақпан ата.

1966жылы  13тамызда   Державин кентіне қала статусы берілді. Биыл Жарқайың ауданына 64 жыл.

1950-1952 жылдар аралығында  Шортанды  аудандық  атқару комитетінің  төрағасының  орынбасары қызметінде істейді.

1961-1963 жылдары  Петропавл қаласының  II хатшысы.

1963 жылы Облыстық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

  • Ақпан ата мектебі

Ақпан Үкібаев арқаның ардақты ері. Ел оның еліне жаған еңбегін елеусіз қалдырмады. Державинде 1963 жылы тұрғылықты жердің балаларына арналған мектеп-интернаты ашылды.  Бұл 8 жылдық мектеп болатын.

1965 жылы 8 жылдық бұл мектепке ауданның құрылуына ерен еңбегі сіңген А.Үкібаев атамыздың аты беріліп,  А.Үкібаев атындағы санаториялық мектеп –интернаты болып ашылады.

Осы мектеп 1979 жылдан бастап орта білім беретін  мектеп болады.

2005 жылы Ақпан Үкібаев атындағы мемлекеттік тілде білім беретін  мектеп болып қайта ашылды

2005жылы  мектеп ауласында атамызға арналған ескерткіш –бюст ашылды. Оны Ақпан атаның балалары, бауырлары, немерелері  мектеп  күрделі жөндеуден өтіп, қайта ашылған жылы орнатты.

Мектепте  2008 жылы Ақпан атамызға арналған мұражай ашылды. Мұражайда атамыздың  тұтынған заттары мен құжаттары, бірнеше орден-медальдары,  фото-суреттері  бар.

Сонымен қатар, Державин қаласының Трудовой көшесінің атауын А.Үкібаев есімімен аталды. Қазіргі таңда осы көшеде асем үйлер, дүкендер бой көтерген.

Ақпан Үкібаев мектебінің    әнұраны бар.  Авторы,  Осы мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі Нұрпейісова Гүшат Қабиболлақызы.

Ақпан атаның ұрпақтары жалғасты. Осы күні балалары Алматы қаласында тұрады. Үш ұл, екі қызы бар. А.Үкібаев жары  Балкен Ормашқызы Сәулебекова.  Балалары – Рахмет, Сәуле,  Махмет, Марат және Роза.  Ұлдары Рахмет,  Марат,  Махмет құрылысшы болған.  Қызы Сәуле банкте жұмыс жасаса, Роза тіс дәрігері. Жұбайы Балкен Ормашқызы мамандығы бойынша қаржыгер.

Уақыт –сыншы, халық таразы дейміз. Ол – шындық. Аз жасап, көп  іс тындырған  халықтың  құрметіне  ие болған Ақпан ата 1963 жылы қазан  айында кенеттен жол апатынан қаза болды. Біраө оның есімі, іс – әрекеті, бауырмалдығы, кіші пейілділігі, еңбекқорлығын халқы құрметпен еке алып, елі барда ер жігіттің оның ішінде Ақпан атамыздың  аты ұмытылмасы ақиқат.

Қорытынды

       Осы жобаны қолға алып, ақпарат көздерін іздену  кезінде  Ақпан  ата жайлы көптеген деректермен таныстым.   Ғұмыры қысқа болса да нардың жүгін көтерген,  кіршіксіз тазалық пен  адамгершілік үлгісін ұстанып, бар ғұмырын қаз-қаз басып келе жатқан  Қазақстанына арнаған адал азамат  Ақпан ата  өткен ғасырдың 50-ші жылдарында осы ауданды басқарған Ақпан Үкібаевтың есімі өңір тұрғындарына жақсы танымал. Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласында Ақпан Үкібаев атындағы көше және мектеп бар, оған қоса, мектеп жанында ескерткіш- бюст  орнатылған.

Ерейментау ауданында туып-өскен соғыстан кейінгі қалпына келтіру, онан кейінірек қолға алынған тың және тыңайған жерлерді игеру сияқты маңызды науқандарды жүргізуге белсене атсалысқан Ақпан Үкібаев тың жерлерді игеруге байланысты құрылған Жарқайың ауданын біраз жыл басқарған. Аудан орталығы Державинск қаласының алғашқы қазығын қағып, елді мекенге айналдырған да Ақпан Үкібаев екен. 1967 жылы салынған Ақпан Үкібаев атындағы мектеп-интернаты аудандағы іргелі оқу орындарының бірі. Бүгінде қазақ мектебіне айналған білім ошағынан шыққан түлектердің арасында елімізге аты танымал азаматтар аз емес. 2005 жылы күрделі жөндеуден өткен мектеп өмірге екінші қайта жолдама алды. Заман талабына сай жабдықталған мектеп-интернатта бүгінде төрт  жүзден астам бала оқып, білім алуда.
Мектепте есімі берілген тарихи тұлға Ақпан Үкібаевқа арналған мұражай бар. «Мұражайды ашуға оның балалары мен немерелері көп көмектесті, қазір де көмектесіп тұрады», – дейді тарих пәнінің мұғалімі – Динара апай..
Мектеп ауласында А.Үкібаевтың еңселі бюст- ескерткіші орнатылған.
70 орындық интернатта бүгінде 30 бала тұрып, оқып жатыр. Бүгінгідей нарық заманында мұның өзі жас ұрпаққа жасалған үлкен игілік десе болады.
Халқына, еліне еңбегі сіңген Ақпан Үкібаев атамыз  сияқты танымал тұлғаның есімін алған қазақ орта мектебі уақыт талабына бейімделіп,  саналы тәрбие, сапалы білім беру жолында жемісті жұмыс істеп келеді.

Осы  сәуір айында мектепте Ақпан атамыздың 100 жылдығына орай айлық өтіп жатыр. Тәрбиелік мәні зор түрлі іс-шаралар,  тәрбие сағаттар, байқаулар, көрмелер ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптар арасында «Оқушылар шығармашылығы» көрмесіне қатысып, мақтау қағаз алдым. «Ұлы дала ұланы» атты мәнерлеп оқу байқауында менің досым Ерік Еркеназ 1орын иеленді. Сонымен қатар мектеп ауласына 100 қарағай отырғызылып, Ақпан ата аллеясы ашылды. Алдағы уақытта да мектебіміздің болашағы үшің еңбек етуге әзірмін. Аз жасап, көп іс тындырған Ақпан атамыздың ерен еңбегін мәңгі естен шығармаймыз.

№8 қосымша

 Сыныптар  пайыз
1 2 «А» сынып 43,7%
2 2 «Ә» сынып 50%
3 2 «Б» сынып 37,5%
Барлығы: 43,7

№9 қосымша

 Сыныптар  көрсеткіш
1 2 «А» сынып 50%
2 2 «Ә» сынып 43%
3 2 «Б» сынып 56%
Барлығы: 50%
You May Also Like

Қобызшы Молықбай және оның ұрпағы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Қобызшы Молықбай және оның ұрпағы» Орындаған: Омирзакова А.…

Халық даналығына баулудағы мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні, ғылыми жоба

«ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫНА БАУЛУДАҒЫ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ» Зерттеу  жұмысының  мазмұны: Абстракт …

Қалампыр гүлін өсіру технологиясы және органикалық минералды тыңайтқыштардың әсері, ғылыми жоба

Жұмыстың атауы: «Қалампыр гүлін өсіру технологиясы және органикалық минералды тыңайтқыштардың әсері». Ғылыми…

Диалект сөздер, ғылыми жоба

Ғылыми Конкурс : «Диалект сөздер» Секция: Қазақ тілі Кіріспе Еліміздің әрбір азаматы,…