Ең үздік ғылыми жоба «Компьютерлік ойындардың пайдасы мен зияны» Орындаған: Талғат Мейірхан

 Мазмұны:

Кіріспе

І. Әдебиеттерге шолу

  • Компьтерлік ойындардың қысқаша тарихы

ІІ. Практикалық бөлімі:

2.1. Ақпарат жинау

2.2. Сыныптастар және олардың ата-аналары арасында сауалнама жүргізу

2.3. Акция-эксперимент «Компьютерлік ойынсыз бір күн»

2.4. Мамандардан кеңес алу

2.5. Нәтижелерді өңдеу

ІІІ. Қорытынды

Қосымшалар

Аңдатпа

Балаларға компьютерлік ойындардың пайдасы мен зиянын түсіндіре отырып, компьютердің адам өмірінде алатын орны туралы кең мағлұматтар алу. Оқушыларды ізденпаздыққа, ұйымшылдыққа, ұжымда жұмыс жасай білуге үйрету. Жұмысты тиянақты аяқтай білуге,қорытынды жасай білуге жетелеу.

Аннотация

Дать разъяснения детям о пользе и вреде компьютерных игр, дать полную информациюо том, какое место в жизни человека занимают компьютерные технологии. Научить детей тому как работать в обществес людьми, привить такие качества, как организованность, научить правильно распределять время и расставлять приоритеты, развить в них творчество.

Annotation

Profit and the computer, with clarification of harm of life of the computer and children the place of convergence. Training in collective to create in organization of operation of pupils, and the nobility exact to finish operation, to lead the nobility the inference.

Тақырыптың өзектілігі

Компьютердің алдында отырғанда үнемі ересек адамдардан еститініміз: «Компьютердің алдында көп отырма!», «Тіке отыр!», «Бұл ойындарды саған ойнауға болмайды!». Менде мынандай сұрақ туындайды «Ал неге болмайды, маған қызықты  ғой!!!» Бұл сұраққа алған жауабым: «Компьютер адам ағзасына кері әсерін тигізеді, барлық ойындар пайдалы емес.». Ең  қорқыныштысы -компьютерлік ойындарға тәуелді болу. Сонымен, компьютер дегеніміз не? Денсаулық үшін зиянды нәрсе немесе заманауи дос және көмекші. Қызықты компьютер балаға қалай әсер етеді? Қандай ойындар ойнауға болады? Қайсысы болмайды? Компьютер алдында қалай отыру керек? Ол жау болмау үшін —  зерттеу жүргізуді шештім:барлық компьютерлік ойындар – жау ма, әлде біздің бақытымызға орай достары да бар ма екен? Ойындар сабаққа көмектесе ме ,әлде кесірін тигізе ме?

Құрдастарымның көбісі компьютерлік ойындардың алдында көп уақыттарын өткізеді, сол себептен менің таңдаған тақырыбым маңызды деп есептеймін.

Мен сіздерге екі гипотезаны ұсынып отырмын:

  • Компьютерлік ойындарды ойнаған – зиян,
  • Компьютерлік ойындарды ойнаған пайдалы.

Менің зерттеуімнің мақсаты: кіші мектеп жасындағы балаларға компьютерлік ойындардың жағымды және жағымсыз әсерін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Құрдастарымның қандай ойындар ойнайтынын және ойында қанша уақыт өткізетінін анықтау;
  2. Балалар үшін копьютерлік ойындардың пайдасы мен зиянын анықтау;
  3. Копьютерлік ойындарды ойнағанда қандай ережелер қажет екенін білу;
  4. Өзіңе пайда тигізетін қандай ойындарды таңдауын анықтау;

Зерттеу әдістері:

  • Ақпарат жинау;
  • Сыныптастар және олардың ата-аналары арасында сауалнама жүргізу;
  • Акция-эксперимент «Компьютерлік ойынсыз бір күн»
  • Мамандардан кеңес алу: мектеп медбикесі және информатика пәні мұғалімі;
  • Нәтижелерді сараптау;

Кіріспе

Салеметсіздер ме, мен Талғат Мейірхан. Мен сіздерге өзімнің «Компьютерлік  ойындардың зияны мен пайдасы» тақырыбына жазылған зерттеу жұмысымды ұсынғым келеді.

Компьютерлер біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. Ол біздің өміріміздің барлық салаларына кірді және өмірімізді бұл ақылды машинасыз көру мүмкін емес. Балалар  үшін компьютер, теледидар ток көзіндей қарапайым зат ретінде көрінеді. Қазіргі заманның балаларына компьютер үйреншікті қолданатын зат секілді. Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсатында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады. Егер қызықты кино  көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер,тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейне жазбаларды  да көру мақсатында пайдалана аласыз. Компьютер дыбыс пен бейнелерді өңдеудің керемет мүмкіндіктерін береді

І. Әдебиетке шолу

1.1 Компьтерлік ойындардың қысқаша тарихы

1950 жылы Жосеф Кейтс (Josef Kates)жасаған Бертидің миы (Bertie the Brain) тұңғыш дамыған ойын ойнау машинасы есептеледі. Биіктігі 4 метрден асатын бұл ойыншық сол жылы Канаданың ұлттық көрмесінде көргізбеге қойылған болатын.

Дербес компьютердің жалпыласуына ілесіп, алғашқы ойындар жасала бастады. Tic-tac-toe ойынынан өзгертілген EDSAC компьютерінің OXO ойыны 1952 ұсынылды. Массачусетс технологиялық институты (MIT) студенттері 1961 жылы Spacewar! ойынын жасады.

Алғашқы компьютер ойындарында ойыншы пернетақта арқылы компьютерге түрлі бұйрықтар беретін болған. Микрошахмат (Microchess) ойыны микрокомпьютердегіалғашқы коммерциялық ойын болды. 1977 жасалған аталған ойынның 50 000 данасы сатылған болатын. Әйгілі компаниялар Sega және Nintendo 90 жылдардан бастап компьютердің жылдамдығының артуына ілесе 3D моделді оқиғалы ойындар жасай бастады. Әйгілі Super Mario 64 және Tomb Raider ойындары 1996 жылы жасалған. Ал, Windows XP жүйесі және интернет желісінің іске қосылуы ойындардың сапасы мен мүмкіндігіне мүлде тың серпін берді. Half-Life және 2000 жылдары жасалған IGI ойындары оқиғалы-тапсырмалы ойын жүйесіндегі сәтті шыққандар есептеледі

Компьютер ойыны (ағылш. Computer game) – Дербес компьютерлік ойындар (ағылш. PC games) деп те аталады, ақпараттық қоғамдағы көңіл ашу, ойын-сауық саласында айырықша дамыған ойын түрі. Ол 1983 жылдардан бастап құлдырай бастаған  видео ойынның  орнын басты және  компьютер  технологиясының дауына ілесіп сапасы мен мазмұнын барынша арттырып, қызықты да, жанды ойын түріне айналды. Смартфонның  пайда  болуы компьютер ойындары базарына үлкен әсер етті және ойындарға нәзік талаптар мен өлшемдер қойды. Смартфон және планшет базары жылына шамамен 19 пайызбен өсім сақтауда. 2016 әлемдегі 2.2 миллиард ойыншы компьютер ойындары базарына шамамен 101.1 миллиард доллар қаражат құйған екен. 2020 жылы мобилді ойын (mobile game) саласы бүкіл ойын саласының 50 пайыздайын қамтиды деген болжам бар.

Компьютер ойындары IBM компьютерлерін ғана емес, жылжымалы компьютерлер – смартфондар мен планшеттердің Android немесе iOS жүйелерін негіз еткен ойындарын да қаммтиды. Мұнда құрылғылардың ықшамдалу беталысы мен ойындардың барынша жанды, әрі нәзік өлшемдерді қанағаттандыратын көркем деңгейге дамып жатқанын анық байқауға болады.

ІІ. Практикалық бөлімі

2.1.Ақпарат жинау

Қойылған сұрақтарға жауап табу үшін интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, керекті ақпаратты жинадым және оны сараладым.

Менің анықтауым бойынша, ойын бұл – белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге емес, ойын барысынан алатын рахатқа бағытталған іс-әрекет

Ойындар іс-қимылға бағытталған, үстел ойындары, спорттық ойындар, компьютерлік ойындар және т.б. болуы мүмкін.

Мен компьтерлік ойындардың зияны да, пайдасы да бар екенін анықтадым.

Компьютерлік ойындардың пайдасы:

  • реакция жылдамдығы мен зейінін дамытады;
  • логикалық ойындар ми мен есті дамытады;
  • жаңа нәрсе ойлап шығару ниетін, стандартты емес тәсілдерге үйретеді, қиялды дамытады;
  • әр түрлі бағдарламаларда жұмыс істеуді үйренуге болады;
  • бос уақытынды көңілді өткізуге болады;

 

Сонымен қатар компьютерлік ойындар тек пайдасын ғана емес, зиянын да тигізеді.

Компьютерлік ойындардың зияны:

  • компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру;
  • ата-аналарымен кикілжіңге бару;
  • үйге кешігіп келу;
  • сабаққа үлгерімі нашарлау;
  • сабаққа жиі бармай қалу;
  • баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды;
  • өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады;
  • күнделікті ақшаға сұранысы көбейеді;
  • берген уәдесін орындамайды;
  • ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда болады;
  • ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды;
  • көз жанары төмендейді,
  • басы ауырады, омыртқасы бұзылуы басталады.

Егер қатыгездік ойындарды ойнаса, ол агрессия мен зорлыққа әкеледі. Сонымен қатар мамандардың ойынша, бұл озық технологияларды ұзақ пайдаланудың бала психологиясына кері әсерлерін тигізеді екен.  Біріншіден, шамадан тыс ақпараттар тасқыны баланы енжарлыққа душар ететін көрінеді. Интернетті өзінің бірінші серігі, ал компьютерді «досы» етіп таңдаған жан айналасындағы адамдармен еркін араласу қабілетін лезде әлсіретіп алады екен. Адамдармен, тіпті өзінің жақын-жуықтарымен, әке-шеше, бауырларымен араласудан қашқақтайтын ондай бала, абайламаса, шынайы мынау өмірді виртуал, жансыз «өмірге» айырбастап жіберетіндей дәрежеге жетеді екен.  «Компьютерге байлану» ауруы негізінен кімдерде пайда болады?» деген сауалға мамандардың жауабы: «негізінен, шынайы өмірде өз-өздеріне сенімсіз, сондай-ақ тұрмыста кездесетін қиын түйіндерді шеше алмайтын адамдар және әке-шеше қарауынан тыс қалған балалар аталған ауруға бейім болады».

Осы орайда компьютерлік ойындарды ойнауда балаларға қандай ережелерді ұстану керектігін анықтадық. Олар:

  • Жас ерекшелігіне қарай ойындарды таңдау.
  • Ойын кезінде дұрыс отыру: мониторға жақын бүгілмеу, арқанды тік ұстау.
  • Уақытты ескеру: күніне бір сағаттан артық отырмау, әрбір 15 минут сайын үзіліс жасау.
  • Тірек-қимыл апаратына арналған және көзге арналған жаттығулар жасау.
  • Дамытатын компьютерлік ойындарды таңдау.

2.2 Сыныптастар және олардың ата-аналары арасында сауалнама жүргізу

Сыныптастарым және олардың ата-аналары сауалнама сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді. Сауалнамаға барлығы 18 оқушы және 14 олардың ата-аналары қатысты.

Сауалнаманың басты мақсаты балалар қандай ойындарды ойнағанды ұнатады және қанша уақыт ойынға жұмсайтынын анықтау.

Жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша

14 оқушы компьютерлік ойындарды ұнатады, ал қалған 4 оқушы компьютерлік ойындарға қарағанда бос уақытын достарымен өткізгенді ұнатады екен.

Қаншалықты жиі немесе көп ойнайсың? Деген сұраққа оқушылар келесідей жауап берді:

36 %  – «бос уақытымның барлығында»

16 % – күніне бірнеше сағат

12 % – күніне 1 сағат

12 % – аптасына бірнеше рет

24% – сирек.

Сыныптастарымның сауалнамадағы «Қандай ойындарды ұнатасың?» деген сұрақта  көрсеткен ойындарын саралай келе, оларды үш категорияға бөлдік:

  1. кіші мектеп жасындағы балалардың жасерекшелігіне сай келмейтін ойындар;
  2. зияны жоқ, бірақ пайдасы да жоқ ойындар;
  3. дамытатын, интеллектуалды ойындар;

1-категорияға 6 ойын кірді;

2-категорияға 2 ойынды жатқыздым;

3-категорияға 3 ойынды жатқыздым;

Көріп отырғанымыздай құрдастарымның көбісі өзіне пайдалы ойындарды таңдауды білмейді екен.

Ата-аналардың сауалнамасын қорытындылай келе келесідей нәтиже шығардым:

86 % ата-ана балалары компьютерлік ойындарды ойнайды деп есептесе, 14 % ата-ана балаларының компьютерлік ойынын ойнағанда ұнатпайды деп жауап берді. «Балаларыңыз қандай ойындарды ұнатады?» деген сұраққа ата- аналар балалар ойнайтын, жасерекшелігіне сай келмейтін  3 ойынды ғана көрсетті, ал естеріңізде болса балалар ондай ойындардың 6 түрін көрсеткен. Осы жауапқа сүйене отырып, ата-аналар балаларының қандай ойын ойнайтынын жиі білмейді деген тұжырымға келдім. Ата-аналардың 93 % компьютерлік ойындардың зияны зор деп есептейді, алайда пайдасы да бар екенін атап кетті. Ата-аналардың жауабында жиі «көзді ауыртады», «ойыннан кейін балада ашушаңдық пайда болды», «оқу үлгерімі нашарлады» деген сияқты пікірлерін оқуға болады.

2.3. Акция-эксперимент «Компьютерлік ойынсыз бір күн»

Сауалнаманы нәтижелерін өңдей келе, біз сыныпта «Компьютерлік ойынсыз бір күн» деген акция-эксперимент ұйымдастырдық.  Акцияға 18 оқушы қатысты.  Акция барысында келесідей нәтижеге қол жеткіздік:

Экспериментті толық орындап, компьтерлік ойыннан бас тартқан 11 оқушы компьютерлік ойындардың орнын далада серуендеу, жақындарымен уақыт өткізу, үй шаруасына көмектесу сияқты істермен алмастырған.

Балалардың екінші бөлігі (5 оқушы) ұзақ шыдап, ақыр соңында компьютерлік ойындарын ойнауға кіріскен. Ал үшінші топтағы оқушылар (2 оқушы) компьютерлік ойындардан мүлдем бас тарта алмаған. Олар үшін бұл өте қиын кенін айтып кетті.

Осы орайда менің  сыныптастарымның бір бөлігінде ойынға тәуелділігі бар екенін анықтадым.

2.4.Мамандардан кеңес алу

Осы сұрақ бойынша мектеп медбикесі Құдайбергенова Жұлдыз татейден кеңес алдым. Мектеп медбикесі Жұлдыз татейдің айтуы бойынша компьютерлік ойындардың пайдасынан денсаулыққа зияны көбірек:

  • көру қабілетінің төмендеуі;
  • омыртқаға ауырпашылық түсуі;
  • тұрақсыз психикаға кері әсерін тигізу;
  • балалар таза ауада уақыттарын аз өткізу;

сонымен қатар Жұлдыз татей компьютермен жұмыс жасау барысындағы гигиенаға да тоқталып кетті:

  • әр 15 минут сайын демалу;
  • көзге арналаған жаттығулар жасау;
  • барлық ағзаға арналаған жаттығулар жасау;
  • бөлмені тазарту;
  • бастағы қан айналымды жақсарту үшін мойынға массаж жасау;
  • компьютердің алдында күніне 1 сағаттан артық отырмау;
  • ұйықтар алдында ойнамау;

Мені қызықтырған сұрақпен информатика пәні мұғалімі Мамырбаева Зауреш татейден кеңес алдым. Ол кісінің ойынша  компьютерлік ойындар зиян, әсіресе ол «компьютерлік ойындарына тәуелділік» мәселесін айтып кетті. Осылайша мамандар көбіне компьютерлік ойындардың зияны туралы айтқанын байқаймыз.

2.5. Нәтижелерді өңдеу

Келген ғасыр — ақпараттық технологиялар заманы. Біздерді, балаларды компьютерден алыстату қолдан келмейді. Ғалымдардың айтуынша, компьютермен жұмыс істеген баланың қабілеті дамиды, шапшаң шешім қабылдауға және экранда керек емес нәрселер шығып жатқанда, компьютер өшіп қалғанда сасқалақтамай, абдырамай қиын есептерді шығарады, қиындықтан оңай шығады. Баланың денсаулығын компьютерлік зияндардан қорғауға болады, егер де оны қадағалап отырса, үлкендердің  істейтін қателіктерін қайталамау керек. Біздің зерттеулердің нәтижелері көрсетеді: компьютердің зиянымен қоса пайдасы бар. Соңғы кезде біз әрдайым компьютердің адам  ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы естиміз. Соңғы зерттеулер  бойынша: тек компьютерден ағзаға зиянды ықпал ететіні,  адамның қате орналасуы, демалуы мен жұмысындағы ережелерді сақтамауы. Компьютер мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Компьютерлік программалармен мен жұмыс істеу  өте қызықты.

Жоғарыда айта кеткендей, әртүрлі әрекеттер көмегімен кез-келген құжаттар жасауға болады.      Компьютермен жұмыс істеу пайдалы, біздің ақпарат іздеу жұмысына зор көмегі бар деген шешімге келдім. Бірақ ол қатаң ережелерді сақтауын талап етеді және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау керек. Баланың ағзасына әсер етпеу- бұл сәтте маңызды. Біздің мектепте барлық компьютер бөлмелерінде компьютердің қауіпсіздігі туралы ақпараттар бар.

ІІІ. Қорытынды

Менің ойымша менің жасаған жұмысым  сыныбым үшін пайдалы болды. Жақын арадағы сынып сағатында мен алған ақпаратыммен сыныптастарыммен бөлісем. Енді біз ойындарды таңдайтын кезде міндетті түрде ойынның мазмұны мен жасерекшелігіне сай келуін ескереміз.

Компьютерлік ойындарды пайдалану бізге көп мүмкіндіктер береді: есте сақтауды тез әрі оңай дамыту, зейінді, қиялды дамыту, заңдылықтарды анықтау. Сонымен қатар осындай ойындардың адамға кері әсері туралы да білдік.  Ғалымдардың соңғы зерттеуі бойынша адам ағзасына кері әсер ететін  компьютер емес, компьютердің дұрыс орналаспауы, уақытты дұрыс пайдаландау, санитарлы-гигиеналық нормаларды сақтамау және т.б. әрекеттер кері әсерін тигізеді. Балалармен дене шынықтырумен, спортпен айналысудың, салауатты өмір салтын пайдаланудың пайдасы туралы көбірек сөйлесу керек. Осы шарттарды ұстанса компьютер досың және сенімді көмекшіңе айналады.

 

Назарларыңызға рахмет!

Қосымшалар

Қосымша 1.

Балаларға арналған сауалнама «Компьютерлік ойындар және мен»

  1. Сенде бар:
  • компьютер ( немесе ноутбук)
  • планшет
  • ойын приставкасы
  • компьютерлік ойындары бар телефон
  1. Компьютерлік  ойындарды ойнағанды ұнатасыз ба?    

Иә          жоқ

  1. Қаншалықты жиі немесе көп ойнайсың:
  • Бос уақытымның барлығында
  • Күніне 1 сағат
  • Күніне бірнеше сағат
  • Аптасына бірнеше рет
  • сирек
  1. Қандай ойындарды ұнатасың:  _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауаптарың үшін рахмет

Құрметті ата-аналар сіздерді «Компьютерлік ойындардың пайдасы мен зияны» атты сауалнамаға қатысуыңызды сұраймын.

  1. Сіздің балаңыз компьютерлік ойындар ойнайды ма?      Иә        жоқ
  2. Қаншалықты жиі немесе көп ойнайды ? ___________________________________
  3. Балаңыз қандай құрылғыларда ойнайды?
  • компьютер ( немесе ноутбук)
  • планшет
  • ойын приставкасы
  • компьютерлік ойындары бар телефон
  • бірнеше құрылғыда
  1. Балаңыз қандай ойындарды ұнатады? __________________________________________________________________________________________________________________________________________
  2. Сіз қалай ойлайсыз компьютерлік ойындар балаңызға зиян ба, әлде пайдалы ма? (жауабыңызды түсіндіріп беріңізші) __________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауаптарыңыз үшін рахмет

Компьютермен жұмыс істеуге арналған жадынама

  1. Копьютер алдында бір сағаттан артық отырмау;
  2. Үзіліс жасап, көзге арналған жаттығуларды орындау;
  3. Әр сағат сайын көзге арналған жаттығулар жасап, әрекет түрін өзгертіп отырыңыз, орныңыздан тұрып, шай, су ішіп келуге болады
  4. Үзіліс жасаған кезде бөлмеңізді желдетіп алыңыз.
  5. Көзге арналған жаттығу: терезеге қараңыз. Арқаңызбен мойыныңызды бос ұстап, көз көрер қашықтықтағы ең бір алыс нүктеге қараңыз. Терең тыныс алып, назарыңызды мұрыныңыздың ұшына аударыңыз. Тыныс алып, тағы да алыс нүктеге көз қадаңыз. Тағы да тыныс алып, қайтадан қабағыңыздың арасына қараңыз
You May Also Like

Қазақ тіліндегі сыпайылық концептісі, ғылыми жоба

Таңғажайып «жеті», ғылыми жоба

Таңғажайып «жеті» (математика, информатика) Кіріспе Сандардың пайда болуы “Жеті” санына байланысты логикалық…

Бір түскен сәулесі едің жарық-нұрдың… Исабек Ишан кесенесі, ғылыми жоба

Ғылыми  жобаның тақырыбы: Бір түскен сәулесі едің жарық-нұрдың… Исабек Ишан кесенесі Бағыты:…

Сумоншақпен кестелеу өнері, ғылыми жоба

Тақырыбы:      Сумоншақпен кестелеу өнері Бағыты:         Этномәдениеттану Секциясы:     Еңбекке баулу  А Б С…