Ғылыми  жобаның тақырыбы: Бір түскен сәулесі едің жарық-нұрдың… Исабек Ишан кесенесі

Бағыты: Қазақстаның тарихи ескерткіштері мен болашақ дамуы бар   саяхат маршруттары.

Мазмұны:

Аңдатпа

Аннотация

Annotation

Кіріспе

І бөлім .Әулиелі Ақкөл – қожалар мекені

ІІ бөлім.Ақкөлді әулиелі атандырған – Исабек ишан

ІІІ бөлім.Ұрпағына ұласқан дарқан пейіл

Қорытынды

Аңдатпа

Мақсаты:

  • халық аузынан алынып, жинақталған қазақ ділінің арнасында көрегендігі мен әулиелігін паш еткен, Сарыарқада ислам дінін таратушылардың бірегейі болып, ел ішінде зор беделге ие болған Исабек ишан атамызды ұрпақ санасына сіңіріп, көрсете білу.
  • Исабек ишан әулеттерінің әулиелік қасиеттері мен адами қамқорлық пейілдерінің кеңдігі, танымдық, діни, әдептік ұғымдар өмірде болған айтулы оқиғаларға сүйене отырып зерделеу.
  • ұлттық құндылық пен адамзат құндылықтарын салыстыру арқылы ғасырлар тізбегінде ізгілікті, рақымшылдықты және адамгершілікті зердеден өткізуге бағыт беру.

Болжамы: тарихи деректерді теориялық зерттеу арқылы Исабек ишан атамыз жайлы қазақ тарихындағы деректер базасына толықтыру.

Зерттеу әдістері:

.  Тарихи мәдени этнографиялвқ деректер, жазба деректемелер, ауызша

дәйектерді жинақтау.

.   Зерделеу, тарихи жазбалармен салыстыру, талдау.

.   Исабек ишан атамыз жайлы материалдарын жүйелеу.

.   Оларды дәлелдеу, қорыту.

Зерттеу өзектілігі:

. Ақкөл-Жайылма өңіріндегі мекен еткен Исабек ишан жайлы нақты зерттеу   арқылы қазақ тарихында атамыздың алатын орнын анықтау.

.  Ақкөл- Жайылманы этнотуризм маршрутына енгізу.

Жұмыс нәтижесі:

.  Жұмыстың мақсатымен болжамы анықталды

.  Исабек ишан жайлы ашылмаған тарихи деректері анықталды.

. Зерттеу арқылы тарихи шежірелер, жазба материалдар жинақталып, сарапталды..

Ғылыми жаңашалдығы: Исабек ишан кесенесінде құдықтың шипалы суының емдік қасиеті аудан тұрғындарына аян. Егер құдық суының емдік қасиетін қалың көпшілік назарына ұсына алсақ, Әулиелі Ақкөл туристік тұрғыдан да қызықты болады. Мұның өзі аудан емес облыс экономикасының өсуіне ықпал етері сөзсіз. Осы арқылы туған өлкеміздің қатпары мол тарихында байыта аламыз.

Практикада қолдану: Ақкөл–Жайылма өңірін этнотуристік аймаққа айналдыру.

Аннотация

Цель проекта:

  • Довести и показать потомка о святости, величии, даре ясновидения Исабек ишан аты – являвщийся оплотом распростронения ислама в Сарыарке, пользовавшийся огромным влиянием среди людей собранный из устных народных сказаний.
  • Операясь на знаменательные события жизни раскрыть святость, человеколюбие, познание, религиозность Исабек ишан аты.
  • Сравнивая национальные и человеческие ценности через хронологию дать направление в познании гуманизма, добродетели нравственности.

Гипотеза: теоретический исследуя исторические факты о Исабек ишан ате, пополнить базу данных казахской истории.

Методы исследования:

  • Сбор исторических, культурных, этнографических фактов, писменных данных и устных сказании.
  • Исследование, сравнение исторических данных анализ.
  • Систематизировать материалы о Исабек ишан ате.
  • Доказательство защита данных.

Актуальность исследования:

  • Исследуя факты жизни Исабек ишан аты, проживавшем в регионе Акколь-Жайылма, определить его роль в казахской культуры.
  • Внести Акколь-Жайылму в этнотуристический маршрут.

Новизна работы: собраны материалы очевидцев о целебных свойствах воды из колодца мавзолея Исабек ишан аты, что требует дальнейшей разработки.

Результат работы:

  • Выяснены неопубликованные исторические факты из жизни Исабек ишан аты
  • Входе исследования собраны и анализированы исторические факты.

Практические применение: сделать регион Акколь-Жайылма этнотуристических краем.

Abstract

The purpose of the project:

  • Bring show and descendants of holiness, majesty, the gift of clairvoyance Isabek Ishan aty – constituted stronghold of Islam in Sary-Arka, who enjoyed great influence among the people assembled from oral folktales.
  • Opera on the momentous events reveal the holiness of life, humanity, knowledge, religious Isabek Ishan aty.
  • Comparing the national and human values through history to give direction to the knowledge of humanity, virtue, morality.

Hypothesis: theoretical exploring historical facts about Isabek Ishan aty replenish database Kazakh history.

Methods of research:

  • Collection of historical, cultural, ethnographical facts, data written and oral tales.
  • Study comparing historical data analysis
  • Organize materials for Isabek Ishan aty
  • Proof of data protection

Relevance of research:

  • Investigating the facts of life Isabek Ishan aty living in the region Akkol Zhaiylma define its role in Kazakh history.
  • Make Akkol Zhaiylma in ethnographical route.

Novelty: collected material witnesses about the healing properties of water from the well mausoleum Isabek Ishan ata that requires further development.

Result of:

  • Defined forecast and objective of the work
  • Find unpublished historical facts of life Isabek Ishan ata
  • Inlet study collected and analyzed historical facts.

Practical application: make the region Akkol – Zhaiylma ethnographical edge.

Кіріспе

Халық аузынан алынып, жинақталған бұл жобада қазақ ділінің арнасында көрегендігі мен әулиелігін паш еткен, Сарыарқада ислам дінін таратушылардың бірегейі болып, ел ішінде зор беделге ие болған Мұрат ишанның баласы Исабек ишан мен ұрпақтарының имандылық, ізгілік және кісілік өнегелері. қожалар ұрпағының қарапайым өмірлері жайында баяндалады. Исабек ишан әулеттерінің әулиелік қасиеттері мен адами қамқорлық пейілдерінің кеңдігі, танымдық, діни, әдептік ұғымдар өмірде болған айтулы оқиғаларға сүйеніп зерделенеді.

Зерттеу өзектілігі:

. Ақкөл-Жайылма өңіріндегі мекен еткен Исабек ишан жайлы нақты зерттеу   арқылы қазақ тарихында атамыздың алатын орнын анықтау.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

  • халық аузынан алынып, жинақталған қазақ ділінің арнасында көрегендігі мен әулиелігін паш еткен, Сарыарқада ислам дінін таратушылардың бірегейі болып, ел ішінде зор беделге ие болған Исабек ишан атамызды ұрпақ санасына сіңіріп, көрсете білу.
  • Исабек ишан әулеттерінің әулиелік қасиеттері мен адами қамқорлық пейілдерінің кеңдігі, танымдық, діни, әдептік ұғымдар өмірде болған айтулы оқиғаларға сүйене отырып зерделеу.
  • ұлттық құндылық пен адамзат құндылықтарын салыстыру арқылы ғасырлар тізбегінде ізгілікті, рақымшылдықты және адамгершілікті зердеден өткізуге бағыт беру.

Зерттеу жұмысының міндеті:

1.Әулеттердің әулиелік қасиеттері мен адами қамқорлық пейілдері жайлы зерттей отырып, әулиелерді көзімен көрген, алдарына келіп бата алып, тәуелсіз ел мүддесін өтеп жүрген белгілі азаматтардың басынан кешкен оқиғалары жайында жазылған естеліктерді сараптау.

2.Исабек ишан әулеттерінің әулиелік қасиеттерінің бар екендігін дәлелдеу.

3.Қазақ ділінің өзегіндегі ой-өрісін паш еткен қожалар ұрпағын зерделей, зерттей отырып, қызығушылығын арттыру.

Болжамы: Тарихи деректерді теориялық зерттеу арқылы Исабек ишан атамыз жайлы қазақ тарихындағы деректер базасына толықтыру.

Зерттеу жұмысының әдістері: тарихи деректерді іздеу, жинақтау, салыстыру, талдау, саралап зерттеу, қорытындылап дәлелдеу.

І  ӘУЛИЕЛІ АҚКӨЛ – ҚОЖАЛАР МЕКЕНІ
Осы күнгі Ақкөл ауылы әлі күнге Әулиелі Ақкөл деп аталып келеді. Ислам дінін уағыздаған Исабек ишан хазірет атамыз дәл осы өңірге табан тіреп, «Түбінде бұл жер маған қоныс болар»,-деп таяғын шанышқан екен. Ол жер Ақкөл ауылының тірескейі, Әулиекөл маңы, Исабек ишан атамның мәңгілік мекені – Атам зираты. Жер-жерден дерті маза бермеген жандар атамыздың көзі тірісінде де, кейін өмірден өткен соң да атам басына түнеп, науқасынан айығып жататын. Арғы бабамыз Аққу ишан, одан Бағдад ишан, Назар ишан, Мұрат ишан, Исабек ишан туады.

Ақкөл-Жайылманың шұрайлы жазирасы, ерте заманнан бері адам болмысына өте ыңғайлы әрі тартымды болған.Ғасырлар бойы осы өңір жанға, малға малға толы болғанын тарихи деректер растап тұр. Ақкөл-Жайылма ұғымына Өлеңті-Шідертінің ортанғы және төменгі ағысы және осы арада орналасқан көлдер жүйесі жатады. Қарабайдың көші осы арадан өтіп бара жатқанда, бір сабасы жарылып қымыз жайыла төгіліп содан Ақкөл- Жайылма аталды делінеді.

Басқа нұсқа бойынша бұл атау осы жердің географиялық ерекшеліктеріне байланысты пайда болған. Негізінен бұл аймақта  Ақкөл атты көл жоқ. Өлеңтіден келген су Әулие көліне құйылып, әрі қарай Дуана қылы арқылы сегіз көлді(Бәсентин, Қылдыкөл, Сасықкөл, Өмірзақ, Бозайғыр, Ащыкөл, Көктөбе, Тоққылы) бірден соң бірін бірін толтырған. Көктем айларындағы су тасқынының мол болуынан ұсақ көлдер еңдерінен шығып,суы тоғысып, мөлдіреген аппақ бір үлкен көл болып жайылып отырған.Осы себептен халық бұл өңірді Ақкөл-Жайылма деп атаған екен.

Таңғаларлық бір жай, ол Мәшһүр Жүсіптің тарихи жәдігерлерді танып , кезеңдерге сай ажырата білгені . «Қай жерде болмаса да, күйген кірпіштен жасалып , жермен – жер болып кеткен қызыл кірпіштер –ноғайлылардың моласы » деп жазады шежіреші.

Бұл 1734жылы..Сабындыкөл жағасында жас төре Абылай Орта жүздің ханы етіп сайланған. Шомақ бай сол мерекеге арнап 90 ту бие сойған еді. Ақкөл-ЖайылмаХҮІІІ- ХІХ ғасырларда да қазақ елінің қасиет тұтқан жерлерінің бірі болып қала береді. Оның айғағы осы кезеңдердегі ескерткіштердің көптеп шоғырлануы. Мұнда Көлебе батыр зираты, Түйте әулие ескерткіші, Исабек ишан зираты, Әулиетал, Жеміс ата моласы,. Сағынайдың қасында атақты Құлагерді сынаған Күренбай бейіті т.б. ескерткіштер орналасқан. Бұладамдардың біреулері діни- ағартушылық ісімен, әулиелігімен ерекшеленсе,батыр қайсарлығымен, ақыл- парасаттылығымен танылған біртуар тұлғалар     еді.

Осы өңірдің тамаша мәдени- тарихы жәдігерлерінің бірі Түйте әулие ескерткіші Әулиекөлдің  шығыс жағалауында орналасқан бұл ескерткіш- екі салмақты қоңыр тастан тұрады. Тастар қазіргі таңда жалпағынан жерде жатыр, оны жергілікті тұрғындар шарбақпен қоршап қойған. Ақсақалдардың мәліметтері бойынша осыдан көп уақыт бұрын емес бұл тастар тігінен жерден шығып тұратын. Адамдар арнайы бұл жерге келіп, дұға оқып, ақтық байлайды. Жергілікті мәлімет  берушілердің айтуынша Түйте әулие бұл жерде жерленбеген, тек түнеген. Бұл аңыз әңгімелердің мазмұны келесідей:Бірде көлебе батыр мен Түйте әулие кездескен екен. Көлбе батыр Түйтеге сен әулиелігінді дәлелде. Екеуміз бірге түнейік , мен атымды шідерлемей тастайын, таңертен осы жерден табылатын болсын,- деген екен.Көлбе батырдың жауға мінер аты өте ұшқыр, байламаса бір орнында тұрмайтын тұлпар екен. Түйте мен Көлбе қатар жатып ұйықтайды. Таңертен оянған батыр Түйтені табалмайды, аты алыс ұзамай жайылып жүр. Қасына жақындап барып қараса, өрмекшінің өрмегімен шілдерленіп тұр екен.Сөйтіп Көлебе батырдың Түйтенің әулиелігіне көз жетеді.

Қаржар ауылы  -Ақкөлге ең таяу орналасқан ауыл.  Атақты Естай ақының туған ауылы.  Қазақ өнерінің ордасы болған жер.

1947 жылы тамыз айында Екібастұз кеңшарының бөлімшесінде  Нұралы ақсақал  Жақыптегі Жеміс  әулиенің қайтыс болуына 100 жыл толуын ескерткіш ретінде  әулиенің бейітінің басын көтерген.

Жеміс әулие Нұралының бесінші атасы. Нұралының әкесі Кәрімжан да дүниеден өтетін күнін білген. Ал Нұралы ақсақалдың ұрпағы Бахриден қазір облыстық білім департаментінің директоры.

Үлкендерден естуім бойынша Жеміс әулие шет елдерден оқып келген. Өте шешен,білгір, діндар адам болған.  Халыққа дін бойынша ем қолданып, қолдан келген көмегін аямаған.  Емшілік кәсібі барысында Жеміс әулие дүниенің бар қызығын ұмытады.  Дәрілік шөптерді анықтап , әуелі өзі жеп,  ішіп тәжірейбе жасайды.  Арнайы медициналық білімі болмаса да   ол кісінің дуалы қолынан жазылатын деседі.  Әулиенің осы қасиетті баласы Оразбайға дамыған. Жеміс әулиенің күштілігі сондай, оқуы арқылы аспанда ұшып бара жатқан құстарды жерге қондырған. Қала берді алда болатын уақиғаларды біліп,айтып отыратын болған. Жұрт сондықтан әулие деп атап кеткен.

Бүгінгі ұрпақтың ұлттық болмысын, рухани келбетін, адамгершілік ажарын қалыптастыратын тарих беттері, аңыз-аңгімелер, материялдық  құндылықтар үндесі тапқанда ғане болашаққа жарқын жол ашылары қақ.

“ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда өмір сүріп, елді имандылыққа ұйытып, әулиелігімен дараланған Түйте әулие Дүйсенейұлының мәңгілік мекені Ерейментаудағы Бесторғай ауылының Байсары елді-мекенінен жоғарыдағы екі шақырымдай жердегі Сілеті өзенінің бойында жатыр. Білетіндердің айтуынша, әулие өз бейітін көзі тірісінде ағаштан қиып жасатыпты. Бір балаға зар болған қаншама жан әулиенің басына түнеп, перзент сүйген көрінеді. Кезінде Түйте әулиеге перзент сұрап келген қаракесектің тоқсан әйелі балалы болыпты. Мұны естіп қатты қапаланған бір әйел: “Құдайдын сүймес құлы мен болғаным ба ?”- деп етегі жасқа толса керек. Сонда Түйте әулие: “Бар, саған да бердім!”- деген екен. Айтса-айтқандай-ақ кейін әлгі әйел бала көтеріп, дүниеге ат ұстар ер бала әкеледі. “Ақтанбердінің Жанысбайы сол бала деседі”,- дейді Мәшһүр Жүсіптің 6-томында Бәзілбай қажының Бөпкен деген баласы.

Әулие Ақкөл мен Өлеңті  ауылшарының арасындағы “Атам зиратын” осы өңірдің тұрғылықтысының білмейтіні некен-саяқ. Әдетте сол арадан әрі-бері өткен жолаушы қожалардың қасиетті мекеніне ат басын бұриай кетпейді. Сүрлеу жол одан әрі сол маңдағы Әулиекөлдің жағасын жанай өтеді. Көздің тамшысындай мөлдіреген көл жағасында  анадайдан қоршаулы тас кездеседі. Сол тас “Түйте әулие тасы” деп аталады. Ол тас Түйте әулие түнеп, намаз оқыған жерден пайда болған.Баянауылдың Қызылтауындағы Жосалы қыстауында отыратын Түйте әулие таң намазын оқыған соң дұғаның күшімен Ақкөлге табан тіреп, бесін намазын осында оқиды екен. Сонда түнеп, ертеңгі бамдат намазын да қаза қылдырмай, бесінді өмір бойы үйіне Жосалыға барып оқып жүрген.

  1. АҚКӨЛДІ ӘУЛИЕЛІ АТАНДЫРҒАН – ИСАБЕК ИШАН.

Мәшһүр – Жүсіп

Көпеев

Исабек ишан

(жоқтау)

Жан еді шарапатты даңқы жеткен,

Кәнеки, кім бар еді онан өткен?!

Түрлі ауру, шерменде де, тіпті науқас,

Жазылып, сау-саламат болып кеткен.

Тон болған тоңдырмай жалаңашқа,

Ас болған таусылмаәйтын қарны ашқа.

Арымас ат, Жаяуға көлік болып,

Әр мұңлыға ем болған басқа-басқа!

Көзсіз келсе алдына, көзді болған,

Тілсіз келсе, сөйлейтін тілді болған.

Не дегенін Құдайым қабыл етіп,

Мұңлы,кәріп алдында бәрі толған.

Саңыраудың себеп болған құлағына,

Ақсақтың дауа болған аяғына.

Жын-шайтаннан құтылып,халас болған,

Өзі түгіл, сүйкенсе таяғына.

Баласы жоқ қатынға бала біткен,

Панасында күн көріп қашқан-жіткен.

Әр мұңлының қажеті рауа болып,

Құдайым дәрежесін артық еткен.

Шариғат мағрипатын тама еткен,

Тариқат,хақиқатны жары еткен.

Қол-аяқсыз домалап қалған дертлі,

Сау-саламат жазылып тұрып кеткен.

Бүгінде ғалымдар – археологтар Әулиекөл төңірегінен Алтын Орда заманынан бұрын салынған елді – мекендердің, қалалардың сілемін тауып жатыр. Ол қалалардың Алтын орданың бір шетін ала гүлдеп тұрғаны аңғарылады. Сол секілді Жайылманың өзге тұстарынан да тұрғылықты мекендердің белгілері, ерте заманда пайдаланылған құрал-жабдықтар, ыдыс – аяқтар табылып жатыр. Бұл өңірдегі ел тіршілігінің тамыры терең екендігі аңғартады..

Ал енді Ақкөлдің әулиелі атануы Исабек ишанмен тікелей байланысты. Сонымен бірге, бұл өлкеде Төйте әулие мен Жеміс моллаға байланысты ел аузынан түспей келе жатқан көптеген аңыз, тарихи әңгімелер сақталған. Әулиекөлдің басындағы Төйте әулиенің тасы, Әулиенің талы, Жеміс молланың кереметтердін естідік. Ишан ата мекендеген соң бұл ел мен жер атағының ерекше дүркіреп шығуы замандары жалғасып жатқан қасиетті адамдардың ықпалы болар. Ишан атаны 1792 жылы туды десек, бұл 1922-27 жж сәйкес келеді. Қалай десек те ел мен жердің бағына ишан атамыз Ақкөлге 19-ғасырдың бас кезінде қоныс аударған. Исабек ишан атамның мәңгілік мекені – Атам зираты. Арғы бабамыз Аққу ишан, одан Бағдад ишан, Назар ишан, Мұрат ишан, Исабек ишан туады. Исабек ишан-хазірет атамыздан Нұрмұхаммед туады. Ишан ата жөнінде әңгіме қозағанда, әрине, ол кісінің тегіне соқпай кету ммкін емес. Пайғамбарымыз Мұхаммед (САУ) бастау алатын қожалар тегіне жатады. Әкесі Мұрат ишан Бұхара оқыпты дейтін, өзі де терең оқыған адам болған.

Мәшһүрдің:

«Бір жұрнақ заттан шыққан асыл еді,

Қара түгіл қожадан асып еді.

Әркімнің өз заманында дегендейін,

Тақсыдың шарапаты басым еді»,-

дегенінен артық ештене қоса алмаспыз деп ойлаймын.Бірақ, халық арасында түсіністік таппай жүрген жағдайлар баршылық. Мұнын бірі-кейде ол кісіні емші-тәіп сияқты көрсетіп жатады.Бұл, әрине, олай емес. Ел арасында халыққа ем-дом жасайтын, тәуіп, сынықшы, баксы-балгерлер әр кезде де болған ғой. Бұл кісінің алдына түңілген,шарасыз жағдайда, ақылынан алжасқан, перзент тілеген, зағип т,б, адамдар барып шарапатын көрген деп айтылады. Емшілік – кәсіптік көмек десек те, бұл кісілердікі әулиенің шарапаты деп түсіну керек сияқты.

Екінші, әрине, негізгі мақсаты халықты Ислам нұрымен шуақтандыру болды. Осы кісінің өзі және ұрпақтарының ықпалымен салынған мешіттердің жанында медреселер ашылып, жастар оқып білім алған.

Үшінші, халықтың салт-дәстүрін шариғаттың қағидаларымен шебер ұштастырып халық тәрбиесіне зор ықпал еткен тұлға.

Исабек ишанның осындай елге қамқор, пана болған әулиелігі кейінгі ұрпақтарына тараған.

Баянаула жерінен шыққан атақты әулие адамдар көп болғанымен Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өзінің жоқтау-өлеңінде:

«Қанша ишан, қанша мурид шықса-дағы, бәрі де Исекемнен бір аспады!», – деді. Исабек ишан өмірінің соңғы жылдары Қанжығалы әулеті ұрпақтарының: «Исеке, енді біздің арамызда құтымыз болыңыз»,-деп аталы сөзбен қолқа салғандықтан Ақкөл-Жайылма өңіріне қоныс аударған секілді. Осыны бұлай деп айтуға Мәшһүр-Жүсіп аталмыш жоқтауындағы мынадай өлең жолдары толық дәлел бола алады:

«Ақкөл мен Жайылмада аз жыл тұрдың, Пір болып, мурид бастап, дүкен құрдың». Мәшһүр атаның жоқтау-өлеңінде Исабек ишанның Ақкөл-Жайылмада медресе ашып, мешіт салғаны айтылады.

«Медресе, там қысына, мешіт салған,

Бұйырып топырағы сонда қалған».

Исабек ишан өмірінің соңғы кезінде бәйіт айтыпты екен. Төмендегі бәйіт Ақкөл –  Жайылма өңірінің тумасы, 103 жасқа толып бақилық болған Жылқыбай Мұқат баласының аузынан алынған .

Ишан атамыздың үлкен мәжілісінде ел қариялары біреуді жаман, біреуді жақсы деп кері әңгімеге көше бергенін жақтырмай, сұқ саусағын шошайтып, елді тоқтатып тастап, айтқан екен:

«Ақлимат біреулерге Тәңірім берген,

Қарға – құзғын шулайды бүркіт көрген.

Бақыты сқан ерлердің дұшпаны көп,

Арыстан итке билік қашан берген….»

III. ҰРПАҒЫНА ҰЛАСҚАН ДАРХАН ПЕЙІЛ.

Осы күнгі Ақкөл ауылы әлі күнге Әулиелі Ақкөл деп аталып келеді. Ислам дінін уағыздаған Исабек ишан хазірет атамыз дәл осы өңірге табан тіреп, «Түбінде бұл жер маған қоныс болар»,-деп таяғын шанышқан екен. Ол жер Ақкөл ауылының тірескейі, Әулиекөл маңы, Исабек ишан атамның мәңгілік мекені – Атам зираты. Жер – жерден дерті  маза бермеген жандар атамыздың көзі тірісінде де, кейін өмірден өткен соң да атам басына түнеп, науқасынан айығып жтатын. Арғы бабамыз Аққу ишан, одан Бағдад ишан, Назар ишан, Мұрат ишан, Исабек ишан туады. Исабек ишан-хазірет атамыздан Нұрмұхаммед туады. 45 жасында қасиет қонған Нұрмұхаммед кейін Қырықбес аталып кетеді. Нұрмұхаммедтен Қожахмет, Шұхмет, Жақып, Махмет – Қасым, Әбсағит, Солтан (шын есімі Мұхамедсолтан), Сағит, Әшім туады. Қожахметтен Жандарбек пен Айдарбек  аталарымыз туған

Арқаға келген қожаларға келетін болсақ, олар әке-шеше, ағайын-туысқанын тастап, қысы үскірік, жазы ыстық, сары даласында, сол кездерде «ақ қойдың терісі, қара қойдың терісі, мен құдайдың пендесі» деп жүре басып, өз білгенінше намаз оқитын, мал соңында жүрген көшпелі Түрік тайпаларына ислм дінінін тарату үшін өз еріктерімен құдайы жолына өмірлерін сарп етіп, келгендер еді. Солардың ішінде, өзіміздің Арқаға келген арғы аталары Хазіреті Әліден тараған имам Раббани әулетінен шықққан Назар, Мұрат және Исбек ишандар бар. Рулары Имам раббани, бергі бабасы Саид қожа улетінен: Аққу ишан – Бағдад ишан – Назар ишан – Мұрат ишан болып тарайды. Арқа еліне келген бабамыз Мұрат ишан, Малдыбай қызы Маржан анамыздан Исабек пен Мұхамеднияз туған.

Адам бойындағы парасаттың айналасына ақыл-кеңес ұсынар, өмір бағдарының, өміртанудың көкжиегі болып көрінетін шағы кандай екен? – деген жұмбақ ойдың жауабын дүниетанымға құштарлар ес білген шақтан іздейтін болар. Мұндай жұмбақтың сұлбасын ғана біреу ілгері, біреу кейін аңғарып, нақтылыққа жетуді ұдайы іздеуден заттың, құбылыстың, тұтас дүниенің бүгінгі көрінгені ертен өзіне басқаша бейеленуін танумен пайымдала ма екен? Әйтеуір, білгір, алғыр, зерек деген адамдардың өздері бүгінгі ойдан туған түйін сөзін ертеңінде қайта жүйелеп, тізбектейді. Бұлай ой қорыту кезінде адам өзінің әрекеттеріндегі асығыстықты өзгешелеп, соңғы пайымына қарап бағамдаудың амалдарын аңдайды. Алайда, бүгінгі қажеттілікке жарамдыны ертең тауып аламын деген ойды қайталай берсең, ол жосықсыз дағдыға айналып, сенің танымдық ісіңде осалдыққа соқтырады.

Бірақ, дананың да шаланың да ой серігі бар екендігі – өмір ақиқаты. Айырмашылығы дана дүние құбылысын барынша мұқият аңғарады, дөп түйін жасайды. Шала ойлаушы дананың сөзін жете зерделеуге бірде шамасы келіп, енді бірде шарасыз қалып даналық дәмін татқанға дейін бірталай кедергілерге душар болады. Мұның себебін іздеу кезінде шым-шытырық құбылыстардың арасында адасып та қалады. Сонымен қамшының сабындай қысқа өмірінің қалай өтіп кеткенін білмейді. Демек, ізденіске әркім – ақ жүгінеді.

Таным өзгерісіне дұрыс ұғым жасау барысында адам аласапыран ойларға кезігеді. Әулиелердің, даналардың айтқандарын, олардың көріпкелдігі сезу жан дүниеңді рухани сезімге бөлейді. Иасбек ишан әулеттерінен дарыған пайымдауға түрткі күштерді жан-тәнімен сезетін дарынды тұлғалар болған. Біздің өңірдің ірі тұлғалары да, қалың қауымы да олардың әулиелік қасиеттерінің адамзат құндылықтарымен пара-пар болғандығының куәсі болып келеді. Дарындылықтың мәңгілікке бастау болатыны да осындай рухани байлықтың нәтижесі болар. Исабек ишанның да, Солтан, Әшім, Жандарбек қожалардың да тұла бойларында әл-Фараби айтқандай сезімтал күш пен ойлаушы күштің арасындағы қиялдағыш күштің дәнекерлігі басым болғандығы аңғарылады.

Исабек ишанның осындай елге қамқор, пана болған әулиелігі кейінгі ұрпақтарына тараған.

Солардың бірі – Солтан қожа. Бетінен нұры тамған қызыл шырайлы адам болған. Ел арасында дау-дамай туғызып, берекесін кетіретін кикілжіңдерді өзі шешкен. Халық та сол төрелікке әділ қазылыққа ден қойған. Қай даудың болмасын түйінді тұсын таба алмаған сәтте қожа атаны іздеп келетін болған.

Тоғай бойы болсын, қыр болсын, осы бір кең байтақ өлкеде қадір-қасиеті-мен танылған әулиелердің ұрпағының белді де, белесті, тағылымы мен тақуалығы қатар өрілген ислам дінінің ақ адал жолына халықты баураған – Жандарбек қожа. Қашанда халықтың бел ортасынан табылатын ол өз ғұмырындағы тарихи кезеңдерді, тіршіліктің бел-белесін елмен бірге кешті.

Енді бірі –  Әшім қожа. Ол кісінің бір қасиеті – шамалы көзін жұмып, қалғып кетіп отыратын. Ондайда отырған жұрттың бәрі тым-тырыс болатын.

Жандарбек қожада дарындылықтың осындай даму кезеңдері болды. Атаның кездескен адамының дүниетанымдық көзқрасын бірден аңғаратын қабілеті бар еді. ой ұтқырлығына, ішкі дүниесінен шығатын сөз түйінінің дәлдігіне, өткірлігіне зер салғанда қасында отырған тыңдаушысы оның ойын түсінуге ынта ықыласы артып, қажетсіну мотивациялық компоненті құрылады.

Жұмасейіт Бейжан, Қазақстанның құрметті журналисті С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры айтқанындай, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында облыстық теледидардан елдік, теңдік, ынтымақтық тақырыптары бойынша «көзқарас» айдарында менің жасаған саяси-экономикалық шолуларымды Жандарбек ата үзбей тыңдап жүретіндігіне козим жетті. Бірде туған ауылым Шұғаға бара жатып, алдымен Жандарбек атаға сәлем беруге барғанымда, ол қуана қарсы алып амандықтан соң: «Жұмасейіт, сен жөн сөйлейсің»,- деген де, мен оған таңырқай көз тоқтатып қараған едім. Сонда атамыз: «сенің эфирге дайындаған хабарларыңның бәрін көз жазбай көріп отырамын ел мен жердің тәуелсіздігіне не жетсін, айтқаның орынды»,- деген еді. Мұны ұлағатты ұғым деп түсіндім. Ой тереңінен, мөлдір сезімнен туған ұлағат шығар деп ұдайы жадымда сақтап жүрмін. Атаның менін жұмысыма берген бағасы деңгейінен төмен демеуге белді бекем буып келемін. Осыдан 5 жыл бұрын, 2009 жылы жаз айында Жандарбек қожа тірі кезіндегідей: жайдары, кісіге қарағанда әдемі жымиысымен адамды баурап алатын киіпінде түсіме кірді. Менен алыс та, жақын да емес, өңі, жүзі айқын көрінетін қашықтықта тұрып, менің бойымдағы әулиелік таяуда немерелерінің біріне қонады,- деді. Мен Пвлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №10 лицей-мектепке немерем Шырайды апарып жүргенде осы мектепке Гүләйім атты қызын әкеліп жүретін Сағидолла Жандарбекұлын жиі көремін. Осы түсті көргеннен бері 3 аптадай уақыт өткенімен оған ештене айтпадым. Бір күні амандық-саулық сұрасқан соң аянды баяндадым. Сағидолланың адамды тыңдап, зейін қою дағдысы Жандарбек қожа бейнесін көз алдыма алып келді. Сәл үнсіздіктен соң сабырлы қалпында: «сіздің ойлаған ойларыңыз, алдыңызға қойған мақсаттарыңыз орындалады»,- деді. Түсімнің бірден осылай жорылуына іштей таңдансам да сабырлы қалыпта рахметімді айттым. Жорылған түстің арғы бағытын зерделеу, оны түсіну және түсіндірудің бірнеше баламалардың ой елегінен өткізілді. Көп ойдың бір түйіні – Сағидолланың бойында Исабек ишанның, Жандарбек қожаның тұла бойларындағы ата-тетктерінен дарыған қадір-қасиеттерінің киелігін сезіну, бағалау және пайымдау сияқты құдіреттілікті жүйелеу қабілеті бар болар деп топшыладым.

Бұл – оның санасындағы Исабек ишан, Жандарбек қожа сияқты даралар өздері өмір сүрген ортаның кемелді болуы үшін жақсылықты баршаға бірдей арнаған екен деген ұғымның – айқын көрінісі. Біртуар дарындардың қарапайымдылығында оп-оңай көріне қоймайтын зерделесең де дүние танымдық деңгеймен ғана сезілетін ақыл – парасаттың белгілері болатындығына көз жеткіздім. Мұны ұрпағына ұласқан дархан пейіл деп бағаладым.

Қорытынды

Исабек ишан – мұсылман еліне, қазақ жеріне шырақ жағып, имандылықтың, сауаттылықтың жарығын таратуға келген жанкешті адамдардың ұрпағы. Исабек ишанның ата-тегіне қатысты деректердің біразы Мәшһүр-Жүсіптің «Исабек ишан» жоқтауында орын алған.Шығарманың бас жағында: «Өзі – ишан жұрт бастаған, заты – қожа, Сейітзада – нәсілі сондай таза», деп берілген. Бұдан біздің білетініміз: «Исабектің арғы аталарының бірі – Сейітзада да, одан бергі бір елеулісі – Назар ишан. Ал бергі белгілерінен Мұрат қожадан бастап, алдымен алдымен әкесін, соңынан баласын беру ретімен келтірсек, былай болып шығады: Мұратқожадан – Исабек ишан – Нұрмұхаммед – Қожахмет – Жандарбек – Қанат – Сағидолла – Ахметолла, Исабек ишаннан тұяқ ретінде Нұрмұхаммед, үлкендердің барлығы Мәшһүр-Жүсіп жоқтауында да аталып кеткен.

Қорыта айтқанда, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының «Исабек ишан жоқтауы» – XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ өлеңдерінің саф алтын үлгісінің бірі. Шығармада ел ұйытқысы болған ірі тұлға – Исабек бейнесі мүсінделуімен қатар қазақ тархына, тұрмысына қатысты көп құнды материалдар жинақталған.»

  • 2000 жылы қараша йының 3 жұлдызында, қасиетті жұма күні, сағат 11.00-де, Ақкөл ауылында «Исабек ишан» мешіті ашылды.
  • 2010 жылғы 13 тамыз күні сағат 17..00-де Исабек ишан атындағы қайырымдылық қоры құрылды.
  • ел азаматтарының қажырлы да іскерлік еңбектерінің арқасында және көпшілік халықтың ыстық ықыласы мен шын пейілінің нәтижесінде «Исабек ишан» тарихи-мәдени кешені 2011 жылдың 7 қарашасында құрбан айт күндері ашылды.
  • 2012 жылы 7 шілдеде «Исабек ишан Хазірет» мұражайы Ақкөл ауылында ашылды.

Менің ұсынысым:

.   Исабек ишан ата Хазіретін этнотуристік жерге айналдыру.

. Әулиелі Ақкөл маңындағы елдің ежелгі дәстүрлері мен салт-ғұрпына, тұрмыстық және материалдық ескерткіштеріне көңіл бөліп тамаша зерттеу жұмысын жасап, оны жергілікті азаматтар қолдап және  ұйымдастырып кітап шығарса.

.   Болашақ ұрпаққа адмгершілік тәрбие , имандылықты жүрегіне сіңіру.

You May Also Like

Ұялы телефон – қоғам дерті, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Ұялы телефон – қоғам дерті» Орындаған: Серікбайева Айгерім…

Бала логикасының құпиясы, ғылыми жоба

«Бала логикасының құпиясы» Мазмұны: Кіріспе……………………………………………………………………………………….8 I тарау Негізгі бөлім Ұғым қалыптастырудың логикалық…

Ағылшын тілін қалай тез үйренуге болады? ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Секциясы: этномәдениеттану Тақырыбы:Ағылшын  тілін қалай тез үйренуге болады ? Мазмұны…

ШУДЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯНЫ, ғылыми жоба слайд