Өнерлі болу – арманым.
Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде
тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді.
Мен 2009 жылы 29 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келгенмін.
2015 жылы 6 жасымда Балалар эстрадалық шығармашылығы VIII
облыстық «Ботақан» телефестиваліне белсене қатысып жақсы өнер
көрсеткенім үшін Дипломант атандым.
2017 жылдың қазан айынан бастап корей халқының ұлттық спорты
ретінде мәлім шығыс күрестеріне жататын ұрыстық олимпиядалық спорттың
бір түрі тхэквондомен айналысамын.
Чемпион болуды армандамаған спортшы жоқ шығар. Дәл солай, менің
де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – Мұстафа Өзтүрік
ағамыздай атақты спортшы болу. Әрине Алла қолдап жетістіктерге жетіп
жатсам, әлемді, Олимп шыңын бағындырып Қазақстанның көк байрағын
әлем елдерінің алдында көкке көтерсем деген арманым бар.
Мен кімге еліктеп өсіп келемін. Әрине жоғарыда айтып кеткендей
қазақтың бір туар ұлы Мұстафа Өзтүрік және Олимпиада чемпионы Арман
Шілманов ағаларымызға еліктеймін. Өз жаттықтырушыларым Әкежан және
Гүлмырза, аға жаттықтырушым Нұрлыбек ағайларымның еңбектері өте зор.
Бұлардың барлығының бастауында әрине өз әкем Тәуекелдің еңбегі көп
деп білемін. Бала күндерімнен бастап, ойымдағының бәрін қадағалап өзім
қалаған спорт түрі болсын, басқа да шахмат,мәнерлеп оқу сияқты
үйірмелерге қатыстырып, әдебиетті, тілді, Отанды сүюге баулып тәрбиелеп
келеді.
Нұр-Сұлтан қаласынан Ербол Бейілхан, Алматыдан Мұратхан Шоқан
сияқты ақын достарымен кездестіріп, олардың алдында өлең оқытып менің
жан-дүниемді ашуда. Сол ақын ағаларымның сөйлеу мәнеріне, өлеңдеріне
ғашық болдым.
Армандарым көп ақ. Мен әлі баламын гой, балалық армандардың есейе
келе өзгеретінін де білемін. Кейде осы спорт арқылы актер боп киноға түсуді
армандаймын. Эдкинс Скот, Жан Клод Ван Дамм сияқты Голливудты
бағындырар актер болсам дим. Актерлік шеберлік курсын да тәмамдағам.
Спорт, мәнерлеп өлең оқудан басқа қолым бос кезде анама көмектесіп
ас дайындаймын. Пицца, KFC-дегі сияқты тауық аяқтарынан дәмді ас,
құймақ, картоп пьюресін, котлет, чебурек, пельмен, манты сияқты астарды
өзім дайындап пісіре аламын. Алдағы уақыттарда аспаздық қырымды да
дамытқым келеді.
Есейе келе, бұл армандарым – алға қойған мақсаттарыма айналды.
Әкем қарапайым, өте білімді және өнерлі адам. Әкемнің өмірдегі
негізгі ұстанымы – «Жігітке жеті өнер де аз». Мен де әкем сияқты өнерлі
болып, жоғарғы білім алып, халқыма Отаныма қызмет еткім келеді. Менің
бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым. Бүгінгі қиялымдағы армандарым –
ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым деп білемін. Мен бұл
армандарымды міндетті түрде орындаймын!

You May Also Like

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасына арқау болған тарихи оқиғаларды дәлелдер келтіре талдап жазыңыз. эссе

Қазақ әдебиетнде өзіндік орны бар тұлға Ілияс Жансүгіроатың жазушылық кемелденуінің сапалық бір…

Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға пікір білдіріп, талдап жазу, эссе

Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп,…

Елі сүйген елбасы, эссе

Эссе Тақырыбы: «ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте…

Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазу, эссе

Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз! Заты даңқты, тумысынан текті,…