Эссе

Тақырыбы: «ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ»

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады – ау кісілік!

Осы өлең шумақтарынан бастап өз елімнің көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлына деген сыйластығым байқалады деп ойлаймын. Мен Қазақстан жерінде дүниеге келгеніме өте разымын. Ата –бабамыз осы қасиетті жерде өсіп,  тамырын тереңге бойлатқан әулеттің ұрпағымын. Сол кісілердің және мектептегі ұстаздардың айтуынша Отанымыз басынан небір қиындықтарды өткерген. Өткен заман қиындықтарын жаза берсек қағаз жетпейтін шығар. Кейбір отбасы осы қиындықтарға шыдамай алыс, жақын шет мемлекеттеріне қоныс аударды.Басқа елге көшкенімен өз туған жерлерін ұмыта алмайды. Демалыс айларында осында Қазақстан жеріне келіп тұрғанды ұнатады. Олар осы елді мақтан етеді және осындағы таныс –жақындары да құшақ жая қарсы алады. Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Қазақ халқында «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» деген дана сөз бар. Қазақстан көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет. «Бұтағы көп ағашқа құс қонар» – деген сөз менің еліме арнайы айтылғандай.Менің бүгінгі айтайын дегенім бұл жайында емес, мен осы керемет елдің басын тік көтеріп, әлемнің үлкен елдерінің қатарына енгізген, Елбасымыз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы айтпақпын.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең бір елеулі жетістігі – халқымыздың өз таңдауымен ел Президентін сайлауы. Үлкен сенім артып, міндет жүктеуі. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз.Біздің бағымызға қарай, елі сүйіп сайлаған азаматы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – елге,  әлемге   танылған, өмір мен  еңбек  жолдарының қилы қиындықтарында   шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат. Өткеннің өзі – көпке үлгі болар өмірбаян. Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, еңбек жолын Теміртау  қаласының металургия зауытында бастап  , Қазақстан магниткасында шыңдалған. «Қанат ұшса қатаяды», – деген осы болар.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемге танымал тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімін ақтаған ер тұлға.Елбасы осы жетістіктерін халық  жетістігі деп есептейді, «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде халықты өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды. Ата-бабаларымыз, Батыр халық аттың жалында, найзаның ұшымен, білектің күшімен, ақтық демі біткенше, елін Алтайдан Дунайға, Сібірден Шығысқа дейінгі ұлан – ғайыр даланы небір сұрапыл соғыстардан, замана зұлматтарынан дұшпанға таптатпай аман алып қалып отырған. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдардың тар жол, тайғақ  кешуінде де тәуелсіздік туын құлатқан жоқ. Бабамыздың сол тізгінін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлыда мықтап абыроймен ұстаған. Өйткені, Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. Елдің ата заңы Конституциясы мен рәміздері өмірге келді.  Нұрсұлтан атамыз Қазақстан елі мен азаматтарына жасаған жақсылығы шексіз.Елімізді небір қиын шақтардан аман алып шықты.Көк туымызды желбіретіп    Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуымыз, ардақты  ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ,  төл теңгеміздің шығуы, Семей атом полигонының жабылуы , ел ордасы болып Астананың бой көтеруі ардақты Президентіміздің арқасында. Астана  өзінің әсем сәулет өнері үлгілерімен, сан-алуан тарихи және мәдени ескерткіштерімен,  сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр.  Осының бәріне Елбасымыздың қосқан үлесі орасан зор. Жыл сайынғы елбасының жолдауларының өзі бізге үлкен талпыныстар болашаққа деген жаңа көзқарастар беріп отырады.     1998 жыл «Халық бірлігі мен тарих жылы» атанғаннан кейін біршама тарих беттерінде ашылмаған, анықталмаған тарихи байлықтарымыз ашылды.   1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы», 2000 жыл «Мәдениетті қолдау» болып жарияланған  деп жариялануы тектен-тек емес. Елбасының Н.Ә.Назарбаев сол туралы: «Біз – талантты халықтың өнерлі ұрпағымыз». Ата – дәстүрін, ана – тәрбиесін көріп өскен, содан нәр алып жетілген ұрпақтың өнерді қадірлемеуі  мүмкін емес. Халық өнері – қазына. Біз сол өнерді жалғастырушыларымыз» – деп, барлық елді мәдениетті қолдап, атадан қалған қазынаны ұмытпауға үндеді және оны өркендетуге мүмкіндіктер жасады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ауыл жағдайын да назардан тыс қалдырмаған, ауыл жолдары, ауызсу мәселесі,денсаулық және білім салаларында да елеулі өзгерістер енгізді.

Тәуелсіздік еліміздің қай кезеңі болса да оны Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевсыз елестету мүмкін емес. Елбасы мен Қазақстан бір бүтін деп айтуға  болады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Еліміздің болашағы бүгінгі күннен басталады «Қазақстанның болашағы, жастар, сіздердің қолдарыңызда» деген сөзі бізге, жас ұрпаққа, жас әулетке үлкен жауапкершілік артады. Елбасымыздың қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы бойынша көптеген жастар өз білімін шетелдің  білікті мамандарынан дәріс алып, өз еліне елеулі еңбек етуде.

«Ұрпағы өз тілінде, мемлекеттік тілде сөйлеген ұлттың рухы биік»- деп   айтатын ұстазымның сөзімен  толық келісемін .

«Тарап кеткен бабаларыңды бауырыңа, ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім!» – деп Мағжан атамыз жырлағандай, еліміздің егемендігін танытатын – қазақ тілі болашақта толық күшіне енеді. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, Қазақстанды дүние жүзіне танытады. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» – деп елбасымыз айтқандай, ХХІ ғасыр білімді, қазақ тілінде еркін сөйлейтін азаматтарды қажет етеді.

Тілі бөлек, тілегі бір, жаны бөлек, жүрегі бір сан қилы қан кешуден сабырмен өткен халқымыз қай қиындықта да тату бірлігін, тамаша тірлігін жалғастыра бермек. Ақ пейіл де, ақжарқын халқыма әрқашан Алла жар бола бергей!

Бізге жол сілтеуші жұлдыз елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бейбіт сүйгіш саясаты біздің әрқайсымызға үлгі. Мен өз президентіме сенемін. Отанымның жарқын болашағына сенемін!

Алғашқы президент күнін Аршалы №2 орта мектебі жылда абыроймен қарсы алады.Ұстаздарымыз білікті,бақытты елдің тәрбиелі ұрпағы,осы мектеп түлегі мен Сидаренко Данил елбасымызға бас иіп, ризашылығымды білдіре отырып, Қазақстан елі үшін әрдайым кез келген игі іске дайын екенімді мақтанышпен айтамын.Елімнің Президентімнің абыройын жоғары ұстаймын.Жасай бер елі сүйген халқы қастерлеген Елбасы!

You May Also Like

Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз, эссе

Ақан сері құлагер сипаты Ақан серінің «Құлагер» өлеңі туралы Қазақ халқы әнші…

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз. эссе

Жастар- еліміздің ертеңі мен болашағы,келер күннің айнасы.Бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің…

Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау эссе

Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау (эссе) Мамандық– қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты…

Абай –заман тынысы, эссе

Абай –заман тынысы Заман тынысы адамдардың өткен өмірі мен тұрмыс тіршілігі, заманауи…