Баға жетпес ұлттық құндылығымыздың бірі – қамшы. Бұл бүгінде әр қазақтың шаңырағына сән беретін ұлттық бұйым. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде, салт-дәстүрінде қамшының алатын орны ерекше. Ол бірегей өнер туындысы ғана емес, сый-сыяпаттың төресі, ер жігіттің серігі, шаңырақтың киесі саналған. Сол себепті, әрбір қазақ қамшының қасиетін біліп жүруі керек. Қамшы жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Оның әрқайсысының атқаратын қызметі, мақсаты, мағынасы да бар. Қамшының түрлері туралы айтар болсақ, оның сүндет қамшы, неке қамшысы, баптау қамшы, бәйге қамшы, соп қамшы, аңшы қамшы, көкпар қамшы, үйір қамшы, барымта қамшы, дойыр қамшы, ноғай қамшы, бәсіре қамшы деген түрлері бар. Ал қамшы жасайтын адамдарды өрімші деп атайды. Қамшы өрілетін таспа санына қарай, 3 өрімнен бастап, 40 өрімге дейін барады. Әдетте, қамшыны екі жасар серке, болмаса құнан өгіздің иі қанған терісінен өріп дайындайды. Ал бұрынғылар қамшы сабының өлшемі ретінде төрт, жеті тұтам аралығындағы ұзындықты таңдап алған. Бұл туралы ғалым Шоқан Уәлиханов өз естеліктерінде былай деп жазған: «Қамшының сабының өлшемі шындақ пен жұдырықтай не 7 тұтам, өрімнің ұзындығы бес алақанның көлеміндей, тұтаммен есептегенде өрімі сабынан бір-екі тұтам ұзын болуы керек».
Қазақта қамшыны ұстау мен қолданудың тәрбиелік мәні мен ережелері бар. Яғни, қамшыны әдетте, оң қолға екі бүктеп ұстайды. Қамшы өрімін салбыратып ұстау дұшпандықтың, әдепсіздіктің белгісі деп танылған. Сондай-ақ, жөн, жол көрсеткенде де саусақпен емес, қамшымен нұсқайтын болған.
Бұл бұйымның жасалуы туралы айтар болсақ, былғарыны пішіндеп кесіп, айналдыра өрнектеп тесіп, маржандай жарқыратып өрімін өріп, сәндеп бояу арқылы көз қызығарлықтай етіп қамшы жасауға болады. Ал осындай келіскен қамшыны көргенде қызықпау мүмкін емес. Қамшы жасалу ерекшелігіне, қолданылған материалына, ерекше салынған өрнегіне байланысты тобылғы қамшы, сарыала қамшы, ырғай сапты қамшы, шашақты қамшы деп түр-түрге бөлінеді. Қамшы мынандай бөліктерден тұрады: сабы, өрімі, алақаны, бүлдіргісі, сақинасы, шашағы, өзегі, түйіні, шырмауығы. Осылардың ішінде қамшының сабына ерекше көңіл бөлінеді. Оны тобылғыдан, ырғайдан, еліктің, киіктің сирағынан немесе таутекенің мүйізінен жасайды.
Кейбір деректерге сүйенсек, қамшы – ат қамшы, дырау қамшы, дойыр қамшы, дүре қамшы, ұзын қамшы секілді тағы да басқа бірнеше түрге бөлінеді.
Әрбір қазақ шаңырағы қамшыны әрі қару әрі қастерлі мұра санаған. Қазірде де көп үйдің төрінен ілулі тұрған қамшы көреміз. Бүгінде қамшы жасау өнерінің қыр-сырын меңгеріп, ұлттық өнерді дәріптеп жүрген жандар көп. Қамшыны жасау үшін алдымен теріні илеп, иін қандырып, қайыс дайындап шығару қажет. Оның сабы тобылғыдан, арқардың мүйізінен және еліктің тұяғынан жасалады. Қамшының қасиетін білген ұрпақ ата-дәстүрді аяқ асты етпейтіні анық.
Халқымыз қамшыны ата-тегінің бір бөлшегі әрі қару ретінде қолданған. Ата-бабаларымыз қамшы арқылы өз көзқарасын, ниетін, қарым-қатынасын білдірген. Осыған байланысты мынадай ой-орамдар бар: Қамшысының ұшын да бермеді – болыспады, жәрдемдеспеді, жамандық, опасыздық істеді деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, төбесіне қамшы ойнатты сөзі – қорқытты, сабауға ыңғайланды, қорлық, зорлық көрсетті, басынды деген мағынада. Ал, дау төртбұрышты, қамшы екі ұшты сөзі – даудың себебі әр қилы, бірақ шешімі не «ақ», не «қара» болады деген ойды меңзейді. Сол секілді, қамшысын білемдеді деген сөз бар. Ол қамшының сабы мен өрімін қосып, екі бүктеп ұстауды бейнелейді. Негізгі маңынасы қыр көрсетті, қоқандады, кіжінді деген ұғымды береді.
Қамшының сабы ретінде пайдаланатын тобылғының емдік қасиетін мен жобаны зерттеу барысында таныстым
- Халықтық медицинада тобылғының қабығы мен жапырағын және гүлдерін аяқ-қол ауруына тері және басқа ауру түрлеріне пайдаланады.Сонымен қатар тобылғының бұтағын тіл-көзден сақтасын деген ырыммен үйге де іліп қояды.Тобылғыны дәрі-дәрмек ретінде пайдалану үшін одан алдымен тұнба жасайды. Аталған тұнбны дайындау үшін тобылғының 2 ас қасық кептірілген гүлі мен жапырағына жарты литр қайнаған су құйып,3 сағат қоя тұрады.Содан соң сүзіп алып, стақанның 1/3(үштен бір) бөлігін күніне 2-3 рет ішіп отыру керек. Бұл тұнбаның несеп айдағыш қасиеті бар.Сондай-ақ ауырған жерді басумен қабынуға қарсы әсер етеді.Әсіресе,тобылғы тұнбасы қан қысымы жоғары адамдарға пайдалы.Оны 3 айдан 6 айға дейін үзбей ішсе,қан қысымы қалпына келеді.
Қамшының тарихы ата-дәстүрде жатыр. Қазақ халқы көшпенді ел бола тұра салт-дәстүрді берік ұстанған. Болашақ ұрпақтың мықты болуын көздеп, қан тазалығы үшін жеті атаға дейін қыз алыспаған. Құда түсу әдебімен ұл мен қызды қосып, шаңырақ көтерген. Осындай дәстүрдің бірі – қамшы ілу. Ұлына қалыңдық іздеген жігіт әкесі бойжеткен қызы бар әулеттермен біліседі. Болашақ құдаларының текті болғанын қалап, ыждахаттылықпен сұрастырады.
Қазақтың өмір сүру қалпы малмен байланысты. Атқа мініп, көкпар тартқанда ата-бабамыз қолынан қамшысын тастамаған. Қамшы қазақтың тұрмысы мен мәденитінде үлкен орын алады. Сондықтан қызы ұнап, құдасымен сөз байласқан келушілер қолындағы қамшысын үйдің оң жағындағы керегесіне іліп кетеді. Салт бойынша қыз жақ жауабын беруі тиіс. Егерде қыз әкесі келісімін берсе, қамшы сол орнында ілулі тұрады. Ал, құда болуға келіспесе, қамшы қайтарылатын болған. Дәстүр бойынша құдаласқан қазақ жекжаттығын осындай ата-жолмен жасаған.
Менің жоба бойынша жасаған Практикалық жұмыстарым:
Ғаламтордан ақпарат іздедім, оқыдым ,сараптадым, талдадым.
Тақырыбыма сай ақпаратты жинастырдым.
Ауыл ақсақалдарымен әңгімелестім , сұхбат алдым.
Сыныптастарыммен, достарыммен жасалған жұмысымды таныстырып, олардың көзқарасын білдім, пікірлерін тыңдадым
Қазақтың қамшысы ол тек шаруаға ғана емес екен. Биліктің, төреліктің, дау-дамайды шешудің де маңызды құралы болғанын білдім. ҚАМШЫГЕРЛІК деген спорт ұғымы, жасалу жолы мен түрлері туралы КӨПТЕГЕН МАҒЛҰМАТТАРМЕН ТАНЫСТЫМ
- Мен не істедім?
- Қамшы туралы көптеген ақпарат жинастырдым, сыныптастарыммен, достарыммен бөлістім. Қазақтың киелі қамшысы маған өте қызық болды!
- Зерттеу барысында қамшының жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрі бар екенің, бөліктері және оның мақсаттары туралы білдім.
- МЕНІҢ ҰСЫНАТЫН ГИПОТЕЗАМ: қазақтың ҚАМШЫСЫ туралы деректерді оқулықтарға қосса ӨТЕ КЕРЕМЕТ БОЛАР еді!! Себебі Қазақтың Қамшысы ол-ӘДІЛДІКТІҢ, МЫҚТЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ!!!!
Ғылыми жұмысымның ұсынылатын БОЛЖАМЫ
- 1. Ата- бабаларымыз пір тұтқан қасиетті қамшыны дұрыс қолданса;
- 2. Жасөспірімдер арасында қамшы және оның қасиеті жайлы жарнама жұмыстары жүргізілсе;
- 3. Қазақтың қолөнерін дамыту мақсатында мектеп қабырғасында оқитын ер балаларға қамшы жасаудың әдіс-тәсілдерін үйрететін үйірмелер ашылса;
- 4.Қазіргі таңда қамшы өруді, қамшыгерлікті жас ұрпаққа үйретіп, насихаттап отырса елдік, ерлік дәстүріміз жалғасын таба береді.