Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.

Мақсаты: Оқушыларға ақкөңілділік туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Білімділік: Оқушыларды адамдарға риясыз қызмет жасауға үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды шынайы болуға тәрбиелеу.

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. №10 – сабақ.Оқулықта берілген 4 – тапсырманы орындау.
  2. Келесі сабақ. №11, «Достар» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1.Жандос пен оның анасының ізгі әрекетінен қандай әсер алдыңдар?

2.Адамға жақсылық жасау үшін онымен жақын туыс немесе дос болу міндетті ме? Неліктен?

3.Ақкөңіл адамдар қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?

4.Өзгелерге көмек қолларыңды соза білгенде қандай сезімде боласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

Сабақтың дәйексөзі.

Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ жүректен шығады.

Ш.Құдайбердіұлы

       Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) –ақын, жазушы,

философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі

Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту.

Сұрақтар:

1.Мейірімділік дегеніміз не?

2.Қайырымдылық жасау дегенді қалай түсінесің?

3.Қандай адамдарды адал  деп айта аламыз?

4.Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Мұғалім сыйы.

«Ағайындылар».

Сұрақтар:

1.Ағайындылардың бір-бірне көрсеткен қамқорлықтарын немен түсіндіруге болады?

2.Ағайындылар бір-біріне неліктен жасырын түрде жақсылық жасады?

3.Жанашыр бауырдың бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болады?

4.Өздерің бауырларыңнан шынайы қамқорлық сезінгенде қандай күйде боласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар бес топқа бөлінеді.

1 – топ: «Мейірімділік»

Жанұялық көмек

2 – топ: «Жанашырлық»

Сыныптастық көмек

3 – топ: «Ізгілік»

Өз-өзіме көмек

4 – топ: «Қамқорлық»

Табиғатқа көмек

Тапсырма: сурет салу арқылы, сахналық көрініс арқылы қорғау.

Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Үй тапсырмасы.

  1. №11 – сабақ. Достық, бауырмалдық туралы мақал – мәтелдер жазу.
  2. Келесі сабақ. №12, «Ғазизаның балалары» мәтінін оқып келу.

Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…

Д е м   а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе   1………………2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!

You May Also Like

Ауа. Ауа құрамы. Зертханалық жұмыс «Балауыз шамның жануы», сабақ жоспары

Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі, сабақ жоспары

Уақыт. Нені үйрендім? сабақ жоспары

Абылай хан, сабақ жоспары