Қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар бар. Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет пен қоғам қайраткері, жаңа заманның жаңа әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Мұхтар Әуезов. Оның өмір жолына зер салғанда, мен жалпы өткен кезге көз жүгіртіп, бұрын байқалмаған қажетті жәйттерді тереңірек көруге мүмкіндік алдым. Мұндай тағдыр халықтың зердесіне нұр құйып, әділеттілік сезімін, ұлттың өзіндік санасын ұштайды. Әуезов мұраға заманнан заманға, ғасырдан ғасырға ұласатаны сөзсіз.

Адамның көркем шығармаларын санайтын болсақ санына жетпейміз. Олардың әрқайсысының мағынасы тереңде жатыр. Қазақстаның мәдениеті мен дәстүрін ашық айқын көрсететін әдеби мұраларының бірі
«Еңлік-Кебек»  драмасы . Бұл жазушының Қазақ әдебиетіне жаңа сарын, жаңа мазмұн әкелген шоқтығы биік туындысы.
«Еңлік-Кебек»  – екі жастың махаббатын жар ететін шығармасы. Ақын поэмасы адам баласының
қыр-сырымен сыр шегуден басталып, кісі бойындағы достық, махаббат, ақыл- парасат жайлы толғайды. Шығарманың басты кейіпкерлері ер жүрек Кебек батыр мен сезімдерінің топталуы, шарасыздықтары, екі ортасыңдағы алауыздық баяндалады. Ескі әдет ғұрыптың қоспағына түскен екі жастың өлімі туралы сөз қозғалуы “Жан қимақ бар, Жар қимақ жоқ” демекші егіз жүрек бірге жан тапсырады.
Осы керемет драманы оқыған әрбір азаматтың көкегінде сұрақ туындайды “ Қос ғашықтардың жан түрайгерліс өлеміне ой шонжарлар кінәлі ме?” Менің ойымша билердің шешімі әділетсіз. Олай дейтін себебім бірін-бірі шынайы сүйген жандар әрқашан бірге болып, бақытты ғұмыр кешуі тиісті. Ал бұл драмада билердің қатыгезімен, солардың жауыздығымен бір шаңырақ жоқ болуы туралы жазылады. Осыңда мен сол замандағы әдет-ғұрыптың, өмірдің екінші жағын аңғардым. “Әдеттен аттаған оңбас” деп бекер айтылмаса керек.
Қорыта айтқанда, Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» драмасын оқыған әрбір қазақтың қара домалақ баласы өзінің арғы ата-бабаларының салт-дәстүрімен танысады. Осындай керемет туындылармыз ұрпақтан- ұрпаққа таралып, болашақ ұрпаққа жете берсе дегім келеді

You May Also Like

Махамбет поэзиясында арман, тілек,аңсау сарындары бар екенін дәлелдеп жаз. эссе

Махамбеттей отты ақынның шоқтай түсіретін поэзиясы ұлтына ұран болған, рухы биік поэзия.…

С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз. эссе

«Заманай мен Аманай» шығармасы бізге Сәукеленің байырғы тарихынан сыр шертеді.Мұнда жетпіс үшке…

My learning way of English, essay

My learning way of English My name is Kulkaev Dias. I am…

Өнерді үйрен де, жирен… Қазіргі таңда қандай өнерді үйренбек керек? эссе

Шешен сөйлеудің өнер екені – даусыз шындық! Ол жан-жақты білімді қажет етеді.…