Махамбеттей отты ақынның шоқтай түсіретін поэзиясы ұлтына ұран болған, рухы биік поэзия. Ол – өз дәуірінің үні.

Ақын жырлары халқын табандылыққа, жауға мейірімсіз болумен қатар қиыншылықты жеңетін қайсарлыққа тәрбиелейді. Оны асыл сөздің кені, көркем тілдің ұстасы, ерлікке үндейтін жалынды үгітшінің ойынан туындаған мұра дер едім. Сонымен қатар, өмір шындығын терең бейнелей алған ақын жырларында арман мен тілек, аңсау сарындары қалай берілген? Оның мәнісі қандай? Сол үшін де жорық ақынының мұны қалай жеткізгенін бірге талдап көрейік.

Негізінен, ақын жырларын  алып қарасақ, бұның бәрі де елі мен жері үшін көтерілген ұлт азаттық қозғалысқа байланысты еді. Ата қоныс жер үшін, елінің бостандығы, халық тәуелсіздігі оның аңсары ауған арманы болса, ал сол елдік пен ерлікке қол жеткізу оның мақсатына айналды. Сөзімнің дәлеліндей, ақынның халыққа бостандық әперу жолы оңай емес екенін, ең қиямнет қайым іс болатынын ашық айтқан Ереуіл атқа ер салмай деген өлеңінде анық байқаймыз, Сары бала қара қазан қамы үшін қолға егеулі найза алып, беркініп садақ асынып жалпы қазақ ұлтын біріктірудіі мақсат ету жолында күрескенін, арман сарынын көруге болады.

Ағайынның басы еді, Алтын ердің қасы еді,-

деп дәріптеп өткен Исатайды Махамбет көтеріліс басшысы ретінде көреді. Екеуі елдік жолында күрескен шынайы халық батырлары болатын. Алайда Махамбет алдыға қойған мақсат пен борышты жүзеге асыра алмады. Себебі, Исатайдай туған ер жанқиярлық ерлік кезінде қапияда көз жұмады.

Менің ойымша, міне, осы кезеңде Махамбет жырлары енді аңсау сарынына түседі. Аға орнына аға болған Исатайы мен Жәңгір ханнығ тепкісін көріп, кіндік қаны тамған жер туған жері Еділ Жайығын, Нарынын сағына бастайды, Көтеріліс туы жығылып, ақынның тауы шағылады. Өмірден түңіліп, жалғыздыққа  сәл бой алдырады.

Мұнар да мұнар, мұнар күн,

Бұлттан шыққан шұбар күн,-

деп өзінің бүкіл жан дүниесіндегі алапат сезімдерді өлеңмен сыртқа шығарады. Айналаны қараңғы тартқан түнекке балап, өткен күнді жарық сәулеге теңейді. Алайда, қаншалықты сағыныштан сарғайғанымен де өткенді қайтара алмайды.

Қорыта келе, Махамбет жырларында үміт пен алдамшы сезім, өлім мен өмір, арман мен мақсат қатар жүріп, ақынның өмірін бізге таныта түседі.

You May Also Like

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз! эссе

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген…

Архимед заңы, шығарма, эссе, баяндама

Архимед заңы Архимед біздің заманымыздан бұрын 287  жылы Сицилия аралында орналасқан  Сиракуз…

Өнерлі болу – арманым, эссе

Өнерлі болу – арманым. Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның…

Жамбыл Жабаевтың шығармаларының маңыздылығы, эссе

Эссе Менің білуімше,Жамбыл-ұлы ақындардың бірі.Біздің сөз өнері ғасырлар бойы үш түрде өмір…