Эссе

Менің білуімше,Жамбыл-ұлы ақындардың бірі.Біздің сөз өнері ғасырлар бойы үш түрде өмір сүрген.Біреуі-халық әдебиеті болса,екіншісі-авторлық әдебиет.Оған Сыпыра жыраудан бастап,бүгінгі Жамбылға дейінгі ақындар жатады.Сосын жазбаша әдебиет.Ол Абайдан басталады.Осы тұрғыдан келгенде Жамбылды авторлық әдебиеттің ең ірі өкілі деп атауға болады.

Жамбыл-патриоттық ақын .Кеңестік билік «жоқты бар жасаймыз,байлықты тежейміз» деп ұрандатты.Осындай ұрандарға сенді.Ол түгіл зиялы,сауатты адамдарда сенді емес пе? Большевизм жолына түскен С .Сейфуллин,О.Жандосов,Т.Рысқұловтар осы жолға саналы түрде барды.Бірақ кейін жағдай өзгерді.Өздері қудаланды.Кеңес өкіметінің ұлт мәселесі жөніндегі саясаты дөрекілеу болды.Сонда да халық сенімін жоғалтпады.Жамбылдың жырлары осы сенімнен туды.

Тумысынан өнерге жақын Жамбыл тіпті молдадан дәріс алуды да қаламаған «Шағым» деген алғашқы өлеңдерінің бірінде.»бала келсе сабаққа,жем аңдыған дорбадан»,»айтқаны ішке қонбаған»,не оқытарын өзі де білмейтін молдадан құтқаруды әкесінен қиыла өтінеді ,енді зорлаудан ештеңе шықпайтынын да ескертеді.Сөйтіп:

Шып- шып етіп молданың

Қолындағы тобылғы,

Қозғалтпайды жон жағым,

Талай дүре соғылды

Тарсылдатып тонымды,-

деп шағынады.Сондай-ақ «Әкеме» өлеңде

Батаңды маған бер ,әке

Тіліме менің ер,әке

«Жапаның ұлы ақын боп,

Жақсы істепті» дер әке.- деп өлеңінің соңына түсуге бата сұрайды.

Жамбылдың өзге ақындардын ерекшелігі ол XIX ғасырды көзбен көрді.Ол жарлы мен байдың арасындағы жағдайды,отарлауды,XX ғасырдағы көтерілістерді көрді.Екі ғасфр арасындағы үлкен айырмашылық бар.XX ғасырда қалалар ,өндірістер,мектептер салынды.Қазақ тұрмысының өзгере бастағанын көрген Жамбыл оны жырға қосты .Сондықтан да Жамбылдың ақын,көркем сөздің шебері ретінде қарастыру керек.Жамбыл-XX ғасыр жырауы.Оның әр сөзі үлкен мағынаға толы.Сарыбас,Құлмамбеттермен айтыстары да керемет.Ленин туралы өлеңінде «Күнсіздерге күн болған» дейді Жамбыл.Мұндай сөзді,теңеуді Жамбылдан басқа ешкім айтқан емес.Ол көркем сөздің шебері ретінде сөзді ойнатып,құбылтып,керемет орамдар жасайды.

Жамбылдың бір артықшылығы ол жарларында афоризмдер мен нақыл сөздерді жиі айтады .Тобыр мен тұлғаны Жамбыл «Таман қарға жиылып,бір сұңқарға жетпейді» деп түйіндейді.Өмірдің өткінші екені туралы «Айхай,дүние серуен,Адам бір көшкен керуен» дейді.Заман,заман дегенде,Заманға қожа адам ғой» деген де Жамбыл.

Біз қазір заман басқа,заң басқа дейміз.Жоқ,олай емес екен.Заманның сипаты-қоғам,адам өзгереді.Жамбылға ауыз екі ақын деп қарауға болмайды.Ол үлкен образдар жасады.Жамбылға жанаша көзбен қарап,оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін бағалауымыз керек.Қазіргі уақыт Жамбылдың өмір шындығын зерттеуді қадет етеді.

Жамбыл атамыздың шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа беріліп,қазақ халқына ешқашан ұмытылмайтын мұра болып қалады.

You May Also Like

I am a child of an independent country, Essay

Essay I am a child of an independent country  Independence… Independence is…

Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазу, эссе

Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік…

Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз. эссе

Қазақ халқының әншілік, ақындық өнерін биікке көтерген ірі тұлғалардың бірі – Біржан…

Ұлы даланың перзенттері, эссе

Эссе Тақырыбы: «Ұлы даланың перзенттері» Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков-1966 жылы 13 наурызда Жамбыл…