Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеумет» , «Таным»

Бөлімі: Қоршаған орта, құрастыру сабағы

Тақырыбы: «Қағаздың шығу тарихы»

Мақсаты: Балаларға  қағаз туралы және оның адам өмірінде алатын орны жайлы түсінік беру. Қағазбен жұмыс істеу ерекшеліктерін көрсету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:
Қағаз түрлерінің ерекшеліктерімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, онымен белгілі бір заттар жасауды үйрету;
Дамытушылық: Балалардың  ой-өрісін, білімін дамыту;
Тәрбиелік: Балалардың өнерге деген ынтасын арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ-жауап,орегами,тәжірибе  жасау,слайд  көрсету.                                                                                                Көрнекі-құралдар: Теледидар,слайд,смайлк,көрнекіліктер

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық  Келген қонақтармен үш тілде амандасу:

Сәлеметсіздер ме?

– Здравствуйте !

Шаттық шеңбері.

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлеметпе міне мен ,

Доспын енді сенімен

– Балалар! Енді бәрің менің қолымдағы әдемі күнге қараңдаршы, ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр. Қане, біз де бір-бірімізге күн сияқты әдемі күлкімізді сыйлайықшы. Жарайсыңдар, балалар! Күн біздің бойымызды жылытты. Біздің жылы күлкіміз әрқайсымызды қуанышқа бөледі

Ал енді орнымызға отырайық.

 

Ұйымдастыру-іздестіру -Балалар үстелдерінің үстінен не көріп отырсындар?

Әрине майық қағаз көріп отырсындар.

Майлық қағаз неден жасалған деп ойлайсындар?

-Балалардың жауабы (майлық қағаздан жасалған.)

Дұрыс айтасындар сүлгі қағаздан жасалған.

-Майлықты сипаттап беріндерші.

Қағаздың бірнеше түрлері болады-олар:

-Қағаздың жұқа,қалың,тегіс,бұдыр әр алуан түрлері бар.

Балаларға қағаз түрлерін көрсетемін.
– Картон (Ол қатты тығыз болады.)

– Умаж қағаз (Ұстағанда жұмсақ, түрі умаждалған болады);

– Түрлі-түсті қағаз (олар жай қағаз тәріздес, бірақ түрлі-түске боялған болады).

– Жай қағаз(Ол күделікті өзіміз пайдаланып жүрген беті тегіс, ақ қағаз)

– Пергамент қағазы (Мұндай қағаз шытырлақ, сарғыш түсті болады.) (фальга)

– Майлық қағаз (Ол умаж қағазға ұқсас жұмсақ жеңіл, жұқа болады.)

-Кітап басатын,газет шығаратын,журнал,дәптер жасайтын қағаздардың да түрлері бөлек-бөлек.

Қағаз дегеніміз балалар-Қағаз жазуға, сызуға, сурет салуға және түрлі қажеттіліктерге жарайтын ағаштан жасалған материал.

Қағазды ағаштардың үш түрінен жасайды екен

 

 

 

 

65% үйенкі ағашынан өндіріледі

 

 

25% Қайын ағашынан өндіріледі

 

10% Терек  ағашынан өндіріледі

 

 

 

Бір тонна қағаз жасау үшін екі тонна ағаш сүрегі керек екен.

Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағаштарды кеседі. Бұтақ, жапырақ, тамырынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де, ол ұнтағы шыққанша майдалана береді. Бұдан соң ұлпа әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп – тегіс аппақ қағазға айналады.

Қағаз тұңғыш рет 2-ғасырда Қытайда жасалды, Еуропада 11 – 12-ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендірпайдаланылды. Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:

Баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.
Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.
Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады.
Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді.
Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады.

Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады.

Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады.

Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау

Қазіргі заманда қағазды қарағай немесе емен ағаштарынан жасау көп белең алған. Фабрикаға осы ағаштарды кесіп әкелген соң, оларды сыртқы қабықтарынан тазартып, қырады.

Содан соң, арнайы үгіткіш машина арқылы өңделген діңдерді үгітіп, ұсақтайды. Діңдер керекті деңгейде үгітілген соң, оны електен өткізіп, көлеміне қарай үгінділерді бөледі. Осылайша өңделген шикізатты арнайы қазанға салып, қайнатады. Қайнау үстінде қазанға арнайы қышқыл қосылуы керек.

Пайда болған ақшыл ботқаны арнайы машиналар арқылы лента күйіне түсіреді. Осылайша бірнеше рет өңделіп пайда болған лента таспаларға оралып, оларды қиып, дәптер күйіне түсіру үшін типографияға жібереді.

Қағаздар типографияда арнайы қайшылар арқылы қиылып, бізге жол тартады.

Ал енді балалар қағаздың шығу тарихы жайында Видио ролик көрсек

Балаларға теледидардан видио ролик көрсетемін.

Міне қағаз жайында толық мағұлымат алдындар деп ойлаймын. Ал енді алдысыздағы қағаздардан тәжербие жасап көрсек.  Суға салғанан кейін,суға салған қағаздарысыз қандай күйде болатының тексерсек .

Балалармен Тәжірибе жұмысын жасау.

Тәжірибе жасау арқылы -қатты картон жән майлық  қағаздардың судан кейінгі күйін байқау. Балалардың  ойын білу.

Міне қағазды суға салу арқылы қатты қағазбен,жұмсақ қағаз яғни  майлық қағаздың  күйін байқадық.

Сергіту жаттығуы

Теледидарға қарап  қимыл қозғалысын жасау

Қағазбен жұмыс:

Балалар енді қағаздың көмегімен оригами жасайық. Қазир біз бірігіп отырып күшіктің басын қағаздың көмегімен бүктеу арқылы жасаймыз.

 

Рефлексивті – түзетушілік Қорытындылау

Балалар бүгінгі сабақта  теледидардан не көрдіңдер?

Қағазды неден жасайды екен?

Қағаздардың қандай түрлері бар екен?

Қағаздан қандай тәжірибе жасадық?

Қағазды бүктеу арқылы нені жасадыңдар?

Қағазды тағы не үшін пайдалануға болады?

Балалардан толық жауап алу.

Балалар менің қолымда үш түрлі смайлктің қалташасы тұр,сол қалташаларға бүгінгі сабақта қандай күйде болдыңдар,бүгінгі сабақты игере алдыңдар ма ,маған кері байланыс жіберіңдер.

Балалар бүгінгі сабақта түсінгендерін смайлк арқылы кері байланыс жібереді.

 Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Қағазды қайдан алатынын білу

Нені игереді:

Қағазбен тәжірибе жасауды

Нені біледі:

– қағаздардың түрлерін біледі.

-қойылған сұрақтарға толық жауап беруді.

Тақырыбы: «Қағаздың шығу тарихы»

You May Also Like

Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері, сабақ жоспары

екторлардың коллинеарлығы және компланарлығы. Векторды үш компланар емес вектор бойынша жіктеу. Сфера теңдеуі. ашық сабақ

АШЫҚ САБАҚ  Тақырыбы: Векторлардың коллинеарлығы және компланарлығы. Векторды үш компланар емес вектор…

Негізгі зат есім және туынды зат есім. Күй атасы, сабақ жоспары

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі, сабақ жоспары